Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Психология | Темперамент

Курстық жұмыс: Психология | Темперамент

Курстық жұмыс: Психология | Темперамент казакша Курстық жұмыс: Психология | Темперамент на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе
І – бөлім. Психикалық қасиеттер қатарындағы темперамент тақырыбының түсінік мазмұны.
1.1. Темперамент туралы жалпы теориялары.
1.2. Темпераменттің табиғи негізі – жоғары жүйке қызметі.
ІІ – бөлім. Темперамент сипаттамасы.
2.1. Жүйке қызметі қасиеттерінің тұрақсыздығы (ауытқушылығы)
2.2. Темпераменттің типтері, олардың психологиялық сипаттамалары.
2.3. Темперамент жеке тұлға қалпы және емпераменттің бала шақтағы көріністері.
2.4. Жеке тұлғаның басқа психикалық қасиеттері мен темпераменттің өзара байланысы.
ІІІ – Қорытынды бөлім. Темперамент және қоғам, темперамент және тәрбие.
3.1.Темперамент туралы ілімнің дамуы және типтерінің өзгеруі.
3.2. Темпераменттерді тәрбиелеу мәселесі.
Пайдаланылған әдебиеттер:

Кіріспе.
Зерттеу өзектілігі. Еш уақытта бір адам екінші адамға ұқсамайтыны белгілі, әйтеуір бір өзгешелігімен ажыратылып тұрады. Себебі, генетикалық, әлеуметтік және интеллектуалдық негіздерінің қоспасы ғана әрбір жеке тұлғаның толық бейнесін жасап береді. Сондықтан кез-келген азамат өз психикалық қасиеттерінің, оның ішінде темпераментінің жақсы жақтарын дамытып, ал әлсіз жақтарын жұмсартуға, яғни басқа адамдармен қарым қатынасында барынша «көркем» көрінуі ғанибет емес пе?! Осының өзі осы тақырыпта игерудің өзектілігін көрсетіп отыр деуіміз орынды.
Курстық жұмыстың мақсаты. Жастардың осы бағыттағы теориялық білімін жетілдіруге ынталандыру.
Курстық жұмыстың міндеттері.
Психикалық қасиеттердің, темпераменттің теориялық та, практикалық та маңыздылығын көрсету.
Зерттеу пәні. Адамдар арасындағы неше түрлі қарым-қатынас мәселелері.
Зерттеу объектісі. Өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірге деген құлшынысын білім арқылы дамытып, қалыптастырғысы келетін жеке тұлғаның іс-әрекетіне жол көрсету.
Зерттеудің теориялық мәні. Осы бағытта жинақталған, жүйеленген, және қолданысқа енгізілген теориялық білімдермен танысу, ой-пікір түйіндеу, өзін-өзі тәрбиелеу.
І – бөлім. Психикалық қасиеттер қатарындағы темперамент тақырыбының түсінік мазмұны.
1.1. Темперамент туралы жалпы теориялары.
Белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-кұлықтың табиғи ерекшеліктерін - темперамент деп ұғынуымыз керек.
Мінез-құлық тек әлеуметтік жағдайларда ғана емес жеке адамның табиғи құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін қасиеттің бірі болып табылатын темперамент жас балалардың ойыны үстінде, түрлі қарым-қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалады.
Темперамент — жүйке жұйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент — организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.
Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды.
Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д, 460—356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сүйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын — қан, салқындататын — шырын (слизь), құрғататын — бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың, араласуының пропорциясын грекше "красис" деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
Гиппократтың пікірінше, адамның тэнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса - адамның дені сау, дұрыс араласпаса - сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамнын темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылған темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді. Мәселен, холериктік темперамент - сһоlе(өт), сангвинигтік темперамент -sаnguis (қан), флегмативтік темперамент - рһ1еgmа (шырын), меланхоликтік темперамент - melanos сһоlе (қара өт) деген сөздерден алынған. Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда - өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.
Рим дәрігері Гален (129—199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бүл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау — сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т. б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724—1804) өзінің "Антропология" деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.
Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алады. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тону-сына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд Н. Л.(1833—1902)97 ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837— 1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдар-дын дене қүрылымы және физиологиялық қызметінін ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай тем-пераменттің коп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардын ішіңде назар саларлықтай тип - адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген - конституциялык типология (Э.Кречмер). Бұл теорияның мөні: әр адам өз дене қүры-лымына орай өзіңдік рсихикалық ерекшслікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (крл, аяқ, бас, кеуде ж.т.б.) сырт-тай өлшемдерінс байланысты төрт конституционалды пси-хикалық тип белгіленген:
1. Лептосоматик - бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы
хайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
2. Пикник - мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.
3. Атлетик - бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
4. Диспластик - дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар -
әрқилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай
ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер).
Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик. иксотомик, иуіктттпмир Ши-зотомик -дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған (асте-нический), тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, та-лаптар мен козқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын. Иксотомик - денесі мығым (атлстический), мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ымишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик - семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.
Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми түрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И. П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.
Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады.
Жүйке процестерінің күшіне — ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі, яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың, төзімділігі жатады. Жуйке процестерінің тепе-теңдігі деп қозумен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Жүйке процестерінің қозғалғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады.
1.2. Темпераменттің табиғи негізі – жоғары жүйке қызметі.
И.П.Павлов шартты рефлекстер әдісі арқылы жоғары жүйке қызметінің және жүйке үрдісінің негізгі қасиеттері - қозу мен тежелудің заңдылықтарын ашты. Жүйке үрдістерінің негізгі қасиеттері: 1) күші, 2) тепе-теңдігі, 3) қозғалғыштығы.
Жүйке үрдістерінің күші - бұл жүйке жүйесі мен жүйке жасушаларының жұмыс қабілеттілігінің көрсеткіші. Күшті жүйке жүйесі түрлі тітіркендіргіштерге төзімді келсе, әлсізі мұндайға шамасы келмей, "морт сынып" жатады.
Жүйке үрдістерінің тепе-теңдігі бұл қозу мен тежелудің өзара сайма-сайлығын көрсетеді. Бұл үрдістер кейде бір-бірімен тепе-тең болып, кейде тең келмей, біреуі екіншісінен күшті болып отырады.
Жүйке үрдістерінің қозғалғыштығы - бір үрдістің екінші үрдіспен алмасу шапшаңдығы. Бұл мидың кездейсоқ және қолайсыз өзгерістерге бейімделуіне мүмкіндік береді.
Осы қасиеттердің түрліше араласып, қосылуы жоғары жүйке қызметінің түрлі типтерін сипаттайды.
Осылардьщ ішінде төрт тип жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін И.П. Павлов күшті типке, біреуін - әлсіз типке жатқызады. Күшті тип - тепе-тең және тең емес типтерге, ал тепе-тең - қозғалғыш жэәне тыныш типтерге бөлінеді.
Жоғары жүйке қызметінің типтері:
Күшті Әлсіз
Тепе-тең Тең емес (ұстамсыз)
Ширақ Тыныш
Сөйтіп, И. П. Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі — устамсыз тип. Үстамсыз тип — жұмыс істеу қабілеті күшті, козу, тежелу процестері бір-бірімен сөйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі — ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі — қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозгалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу корініп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт "сынып" кететін болады. Павлов ашқан жүйке жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді — ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді—ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді — жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.
И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің езінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз және қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса козуы басымдау тұратын), сонымен қатар, қозу мен тежелудің күші ...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 8 | 8.02.2019



Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Темперамент курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Темперамент курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар, Курстық жұмыс: Психология | Темперамент дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін