Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Тауар жеткізілім шарты

Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Тауар жеткізілім шарты

Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Тауар жеткізілім шарты казакша Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Тауар жеткізілім шарты на казахском языке
Мазмұны
1) КІРІСПЕ
2) НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
а) Тауар жеткізілім шартының ұғымы
б) Тауар жеткізілім шартының элементтері
в) Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3) ҚОРЫТЫНДЫ

ТАУАР ЖЕТКІЗІЛІМ ШАРТЫ
Тауар жеткізілім шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді.
Тауар жеткізілім шартының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарынан және қарапайым саттық сатып алу-сату шарттарынан түбегейлі айырмашылығы бар. Тауар жеткізілім шарты тауарлы – материалдық құндылықтарды экономиканың кез-келген салаларында үлестіруге мүмкіншілік береді. Бұрын бұл шартқа жасанды түрде әкімшілік-жоспарлау мінез берілетін. Жеке заңнамалық шешімдер оны сатып алу-сату шартының бөлек түрі ретінде қарстыруға әкелді. Осының нәтижесінде тауар жеткізілім шарты әкімшілік жоспарлы болып танылмайды.
Алайда, оның функциялары сол күйінде қалады. Өндірістің жекелеген салаларын орталықтандыру күшеюіне байланысты оның басқа сатып алу-сату шарттарынан айырмашылығы өсе түседі. Тауар жеткізілім шарты нарық субъектілеріне өндірілген, импортталған, экспортталған өнімдерді кез-келген бағытта тарату мүмкіндігіне ие қылады.
Тауар жеткізілім шартының елеулі айырмашылықтарының бірі одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келеді. Осыған байланысты ұзақ мерзімдер бойы шарт тараптары өнімді тиеп жіберіп, алып тұрады, тауар жеткізілімін жүзеге асыру үшін қажетті көптеген ұйымдық құқықтық шараларды қолданады.
Тауар жеткізілімі шартын құқықтық реттеудің қайнар көздеріне тікелей Азаматтық кодекс нормалары жатады. Олармен қатар маусымындағы №536-қаулысы, Қазақстан Республикасының министрлер кабинетінің 1993 жылғы 8-шілдедегі №481-түзету және қосымша енгізген қаулысы жұмыс істейді.
Тауар жеткізілімі шартының жасау тәртібі өзгешелігі болып табылады. Шарттың жобасын алған тарап 20 күннің ішінде оны қарап, шарттың бір данасын екінші тарапқа береді.Тараптар арасында шарттың жекелеген жағдайлары бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасауды ұсынған және басқа тараптан осы жағдайлар бойынша келісу туралы ұсыныс алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн ішінде, егер өзге мерзім тараптарме келісілмеген болса, шарттың тиісті талаптарын келісу жөнінде шаралар қолданіға не басқа тарапты оны жасаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиіс.
Акцентантпен қойылған ұсыныстарға жауап беру мерзімі көбеюі жағынан қарастырылады. Өнім тапсыру туралы ереже бойынша 10 күнді құрайды. Алғашқы оферентті шарт жасауға еріксіз көндіруге жол берілмейді, өнім тапсыру туралы ереже бойынша сатушының шарт жасаудан басын тартқан немесе келіспеген жағдайларға байланысты сұрақтарды және келіспеушіліктерді шешу үшін сот тәртібі қарастырылған еді. Заңнамадағы осы шешім де азаматтық құқықтағы шарттың еркіндігі қағидатының күшеюіне мүмкіншілік береді деп айиа алмыз.
Тауар жеткізілімі шартының нысаны – жазбаша. Шартты жасау, өзгерту,бұзу немесе оның мерзімін ұзарту тараптары қол қойған немесе келісім хаттар, факстер, телеграммалар, телетайпрограммалар, радиограммалар арқылы жасалады.
Тауар жеткізілімі шартында шарттың затымен берілетін тауарлардың санын анықтайтын жағдайларынан басқа, жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын, бағасын анықтайтын, жекткізілетін өнімнің спасының жағдайлары да бекітілуі керек. Егер шартта осындай жағдайлар к-зделмесе, екі тараптың біреуінің талабы бойынша шарт жасалмаған деп есептелінуі мүмкін. Осыған байланысты осы айтылған барлық жағдайлар тауар жеткізілімі шартының міндетті жағдайларына жатқызылған.
Тауар жеткізілімі шарты әрбір мерзімге жасалады: ай, тоқсан, және басқа да ұзақ мерзімге. Егер шартта оның қолданылу мерзімі белгіленбесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, шарт бір жылға жасалған деп танылады. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарт ұзақ мерзімді деп аталады. Үзіліссіз екі жыл көлемінде және одан да көп жылдарда күші бар шаруашылық байланыстар ұзақты мерзімді деп аталады. Оны тауар беруші бір жақты тәртіппен бұзуға құқығы жоқ. Шарттың жағдайларының бәрін оның жүргізу кезеңдерінде келісіп алуға болады. Кейбір жағдайларда, ұзақ мерзімді шарттарда олар күнтізбелік жылға немесе одан да ұзақ, бірақ шарттар жасалған жалпы мерзімнен аз мерзімге келісіледі. Егер ұзақ мерзімді шартта берілуге тиіс тауардың саны немесе өзге де шарт талаптары бір жылға немесе барынша ұзақ мерзімге белгіленсе, шарттың қолданылу мерзімі біткенге дейін кейінгі кезеңдерге жағдайлар бойынша тараптардың келісу тәртібі белгіленуге тиіс. Шартта келісу тәртібі болмаған жағдайда шарт тиісінше бір жылға немесе шарт тараптары келісілген ұзақ мерзімге жасалған болып табылады.
Тауар жеткізілімі шартының таратары болып кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын субъектілер табылады. Азаматтық айналымнан алынбаған заттар тауар жеткізілімі шартының пәні болады. Тауар жеткізілімі шарты кейбір жағдайларда азаматтық айналымда шектелген мүлікті өтеулі түрде өткізуді көздейді. Қару-жарақ және айналымнан алынған басқа мүліктердің жеткізілуі азаматтық-құқықтық нормаларымен емес, басқа құқықтық тетігімен реттеледі. Тауар жеткізілімінің пәні болып табылатын заттар тектік белгілерімен айқындалуы мүмкін, бірақ шарт орындалған кезінде олар басқа тауарлық массадан бөлініп жеке сипаттар арқылы анықталатын мүлікке теңестіріледі. Шарт пәні заты алғашқы шарт жасасқан кезде де жеке сипаттарымен айқындалатын зат бола алады.
Азаматтық құқықтық нормалары тауар жеткізілімін қатынастардың белгіленген кезінде, жалпы емес, ал арнайы сипаттарына жатады, тауар жеткізілімін мәнігне қарай айтуға болады, тауар жеткізілімі шартының пәні заттан басқа, мүліктік құқық және азаматтық құқықтың объектілері бола алмайды.
Сатушы тауардв берумен бірге сатып алушыға оның керек-жарақтарын, сондай-ақ соған қатысты құжаттарды, келісілген көлемінде, түр-түрі және жиынтықтылығына сәйкес, бекітілген сапасына, үшінші тұлғалардың кез-келген құқықтарынан тыс ыдысқа салып және буып-түйіп беруге міндетті.
Сатушы шартта бекітілген өнімнің санын беруге міндетті, яғни, тауар жеткізілімі шартында тауар санының жалпы ережелері толық қолданылады.
Сатушы шартпен белгіленген өнім көлемін беруге байланыстыміндетін қаншалықты мөлшерде орындағанын бағалағанда, табиғи азаюының, құрғап кетуінің және ұқсас жоғалуларын есепке алу үшін бағытталған түзету коэффиценттерін қолданады. Жеткізілгег тауардың көлеміндегі мүмкін болатын өзгерістер шарттың өзінде қарастырылуына болады.
Тауар жеткізілімінің жекелеген кезеңінде тауардың жетіспеуіне жол берген тауар беруші жетіспейтін тауарлар санының, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу мерзімі шегіндегі келесі кезеңде орнын толтыруға міндетті.
Тауар беруші шартта немесе сатып алушының тиеп жөнелтуге рұқсат қағазында аталған бірнеше алушыға тауарларды тиеп жөнелткен жағдайларда алушының біреуіне шартта немесе тиеп жөнелтуге рұқсат қағазында көзделген санынан артық жіберілген тауарлар, егер шартта өзгеше көзделмесе, ол қалған басқа алушылардағы жетіспеушіліктерді өтеуге есептелмейді және тауар беруші оның орнын толтыруға тиіс.
Жеткізілген өнімнің сапасы стандарттарға, техникалық жағдайларға, үлгілерге, техникалық бейнелеуге немесе шарттың жағдайына сәйкес болуы керек. Тараптар шартта жеткізілетін өнімнің сапасына қойылатын талаптарды анықтауға тиіс. Егер стандарттарда немесе техникалық жағдайларда кепілдік мерзім белкітілмесе, олар шартта анықталуы мүмкін.
Өнім тапсыру туралы Ереженің 13-тармағына сәйкес, сатып алушы шарттағы жағдайларға сәйкес келмейтін өнімді алудан бас тартуға құқылы. Шарт жағдайларының бұзылғаны жөнінде қарсылық болмаса және сатып алушы шарт жағдайлары бұзылып тапсырылған өнімді қабылдап оны тікелей мақсатында пайдаланса, қабылдаған өнім міндеттемені орындаудың есебіне кірістіріледі. Егер сатып алушы мұндай өнімді қабылдап, сатушыға бір тәулік мезгілде оны қабылдауға келіспегенін хабарласа, онда мұндай есеп жүргізілмейді. Осы орын алса, сатушы сол мезгілде есепке жатпайтын өнімді қайтаруды талап етуге құқылы. Мысалы, өндіруші өз өнімін жеткізуге бірқатар шарт жасады, бірнеше кредиторлардың алдында міндеттеменің орындалуына кедергі қаупі бар. Бірақ сапаға байланысты үлкен талаптарға сай емес өнімді қайтарып, ол басқа сатып алушының алдында жеткізілімге байланысты міндетін өз уақытында орындауына болады, сөйтіп ол бір жағдайда болсын өзін жауапкершілік шарасы қодануынан құтқара алады.
Тауар беруші сатып алушыдан талаптарды алған күннен бастап кемістіктерді жиырма күн ішінде жою немесе осы мерзім ішінде сапасы бар өнімге ауыстыруға міндетті. Егер кемістіктер тауар берушунің кінәсі бойынша пайда болса, сатып алушы өнімнің жойылым кемістіктерінен бас тартуға құқылы. Егер сатып алушы кемістіктерді өзі жойса, тауар беруші кемістіктерді жоюға кеткен шығынды өтейді. Сатып алушымен немесе тауар берушімен кемістіктер жойылған кезінен бастап, өнім жеткізілген болып есептелінеді. Жарамсыз өнім төленбейді, туар жеткізілімі міндеттерін орындау есебіне жатқызылмайды.
Шартқа, стандарттың талабына немесе жағдайларына сәйкес жеткізілетін өнімнің таңбалануы қажет. Өнімде немесе тауардың буып-түюінде тауарлық белгісі болуы керек. Егер стандартта кзделсе, өнім тауарлық белгісіз де жеткізіледі. Туарларға тауарлық белгілер жазылуы тиіс.
Жиынтықталмаған тауарлар жеткізілген жағдайда, сатып алушы оны толымды жиынтықтауға міндетті. Сатып алушыдан талаптарды алған күннен бастап тауарды толымды жиынтықтауды немесе тауарды жиынтық тиісті тауарға ауыстыру жиырма күн ішінде жасалу керек. Өнімді жиынтықтың жеке бөлімдермен жеткізілуі шартта көрсетілуі мүмкін. Әдетте, тауар жеткізілім шарттарында шарттың қолданылу мерзімі ішінде тауарлардың жекелеген топтармен жеткізілуі көзделуі мүмкін. Сонымен сатушы тауарды бірден емес, мезгіл-мезгіл беруге міндетті. Осыған байланысты кезеңдердің өзінің белгілері жоғары..............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 18 | 8.02.2019



Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сауда саттықты  реттеу
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сауда саттықты реттеу
Курстық жұмыс: Экономика | Банктiк қызмет көрсету (төлем айналымына жәрдемдесетiн шарттар)
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Банктiк қызмет көрсету (төлем айналымына жәрдемдесетiн шарттар)
Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Жалгерлік
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Жалгерлік
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру
Дипломдық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстандағы лизингтік несиелеудің жүргізілу барысы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстандағы лизингтік несиелеудің жүргізілу барысы
Дипломдық жұмыс: Қаржы  |  Лизинг қатынастарының даму мәселелері және лизинг мәмелесін жасауды ұйымдастыру
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Қаржы | Лизинг қатынастарының даму мәселелері және лизинг мәмелесін жасауды ұйымдастыру
Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық лизинг инвестиция қызметін қаржыландыру нысаны
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық лизинг инвестиция қызметін қаржыландыру нысаны

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Тауар жеткізілім шарты курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар азаматтық кодекс жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Тауар жеткізілім шарты курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар азаматтық кодекс жобалар курстық, Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Тауар жеткізілім шарты дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін