Педагогика | Педагогиканың әдіснамалық негіздерін зерттеу

 Педагогика | Педагогиканың әдіснамалық негіздерін зерттеу

Мазмұны

І. Кіріспе..........................................................................................................2-3

ІІ. Негізгі бөлім
І ТАРАУ. Педагогиканың әдіснамалық негіздері
1.1.Педагогика әдіснамасы жөнінде түсінік................................................5-6
1.2. Педагогиканың философиялық негіздемесі.........................................6-10
1.3. Педагогиканың жалпы ғылымдық әдіснамасы..................................11-13

ІІ ТАРАУ. Педагогиканың әдіснамалық негіздерін зерттеу принциптері
2.1. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері.................14-16
2.2. Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру.....................................16-19
2.3. Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі.....................19-24

ІІІ. Қорытынды...............................................................................................25

IV. Пайдаланылған әдебиеттет тізімі..........................................................26


1.1.Педагогика әдіснамасы жөнінде түсінік

Ғылым дамуының басты шарты-жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу әдістеріне тәуелді келеді әдістер өз кезегінде, ғылым аймағында әдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми-танымдық іс-әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Әрқандай әдіснама қалыпты көрсетпе - нұсқау және реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптивтік.
Дескриптивтік әдіснама - ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді, ал прескриптивтік әдіснама -зерттеу іс-әрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дәстүрлі әдіснамалық талдауда ғылыми іс-әрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары және ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.
Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейді келеді (Э.Г.Юдин): философиялық, жалпы білімдік нақты ғылымдық және технологиялық.
Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады. Екінші - жалпы ғылымдық -әдіснама денгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей - нақты ғылым әдіснамасы қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциитерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым әдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тән болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген әдіснамалық деңгейлерге
байланысты алға тартылатын мәселелерді де қамтиды, мысалы; педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей - технологиялық әдіснама –зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп. деректі эмпирикалык материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі әдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Әдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзараса сабақтастықпен байланысты келеді. Ал әрқандай әдіснамалық деп танылған білімнің, мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі. себебі таным процесі
мен болмысты қайта жасау әрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.

1.2. Педагогиканың философиялық негіздемесі

Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты әрқилы ғылымда әдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағыт-бағдарлар, теориялық көзқарастар бір қатар жасауда. Солардың, ішінен бүгінгі педагогикада өз орнын тапқан келесі философиялық білімдерді ажыратуға болады: экзистенциализм, прагматизм, неотизм, неопозитивизм, диалектикалық материализм ж.т.б.
Экзистенциализм немесе адамның тіршілік, болмыс толғаныстары философиясы. Бұл бағытты дәрігітеуші көрнекті өкілдер: Н.А. Бердяев, Л.И. Шестов (Ресей), М. Хайдеттер, Г. Ясперс (Германия), Ж. Сатр, А. Камю (Франция), Э. Брейзах, П. Тиллих (АҚШ) т.б. Экзистенциалнзмнің негізгі ұғымы- тіршілік - өз «меніне» шомған жекеленген адам болмысы. Экзистенциалистер түсінігінде шынайы дүниенің мәні оның субъектті сипатта болуына тәуелді. Олар тікелей объектив білімдер мен объектив шындықты мойындамайды.
Сырттай дүние әр адамның, ішкі «мені» тарапынан қалай қабылданса, солай танылуы тиіс.
Экзистенциалистер қазіргі коғамның жеке адамды күйреуге соқтыратын, оның өзіндік ерекшелігін жойып, қауымнан аласталуына және т.б. себепші келеңсіздіктерін алғатартады. Мұндай қиыншылықтан құтылудың жолын олар әр адамның өзін-өзі кемелдендіру әрекетімен байланыстырады. Осыдан, мектептің мақсаты, экзистенциалистердің пікірінше, оқушыларды өзін-өзі қалыптастыруға үйретіп, өз «менін» жасауға қажет тәрбие, білім беру.
Шынайы білімдерге қарсы тұруымен аталған бағыт теоретиктері мектеп бағдарламалары мен оқулықтарына қарсылық білдіреді. Білім құндылығы мен қажеттілігі әр нақты тұлға үшін өзіндік маңызға ие болуынан мұғалімнің міндеті оқу, тәрбие материалын игеруде оқушыға толық еркіндік беріп, оның ынта-ықыласы мен қызығуларына жол ашу. Заттар мен құбылыстар мәнін ұғыну оқушы еркінде. Ал ұғу процесі санаға негізделмей, бала сезімдері, арманы мен сеніміне орай іске асырылады. Экзистенциализм жекелеп оқытудың философиялық негіздемесі ретінде танылып отыр.
Неотомизм - орта ғасырлық діни философ Фома Аквинскийден бастауын алған әдіснамалық бағыт. Бұл ағымның ерекшелігі – сана объективтігін мойынданды. Бірақ мұның астарында сыр бар: сана неотомистер үшін діни доғмаларды дәлелдеу мен шіркеудің адамдарға болған ықпалын күшейте түсу құралы ретінде ғана қажет.
Ғылыми білімдердің адамдар өміріне жан-жақты, берік енуін мойындаудан, неотомистер ортағасырлық Ф.Аквинский идеяларын осы заман жағдайлары мен талаптарына сәйкестендіре қолдануға мәжбүр болып отыр, Алайда олар танымында дүние екі талай: заттасқан және рухани. Заттасқан болмыс- ең төмен деңгейлі, өлі, мақсаты мен мәні жоқ дүние - оны зерттейтін ғылым. Эмпирикалық деректерді жинауға бағдарланған ғылым дүние мәнін ашуда қауқарсыз, себебі ол мән Алланың қолында. Сондықтанда анайы шындық, неотомистердің пікірінше, Жаратқан ақылымен ғана танылады, оның аяны арқасында ғана пенде санасына қонады.
Адам - екі тарапты, қосарланып жүретін заттасқан және рухани дүниеден тұрады. Соңғысы жоғары құндылық ретінде танылып, тқлғаның адамгершілік сипатын көрсетеді. Бұл адамға мәңгі өмір Берген Алла тартуы.
Неотомистер мектептің шектен тыс ақыл-ойға тәуелділігін (рационалдығын) сынап, оны баланың санаға дейін тума берілген астарын қалайтын табиғи мүмкіндіктерін (сүйіспеншілік, бақыт, еркіндік пен өмір мәнінің негізі) жақтан шығарғандығымен айыптайды. Сондықтан барша оқу және тәрбие жүйесі баладағы Алладан дарыған санаға дейінгі ұмтылысты дамытуға бағытталуы қажет.
ХІХ-ХХ ғ.ғ. тоғысында химия, биология және т.б. жаратылыстану ғылымдарының ерістей дамуымен философия сахнасында жаңа- позитивистік бағыт пайда болды. Бұл бағыт өкілдері табиғаттану пәндері мен оларда қолданылатын әдістерді әсіре дәріптеп, сандық зерттелген дәйектерді ғана дұрыс та дәлелді деп таниды. Таптық күрес, қоғам дамуы, әлеуметтік қайшылықтармен байланысты проблемаларды тіпті де жалған, ғылыми деректеуге келмейді деп жариялады. Позитивистер үшін бірден бір мәнді ғылымдар - бұл математика мен табиғаттану, ал қоғамдық ғылымдар- шындыққа сиыспайтын ертегі.
Неопозитивизм мәндік тұрғыдан өз негізі позитивизмді қолдай отырып, қазіргі заман ұғымдары мен терминдерін пайдалануымен осы дәуір философиясында елеулі орын иеледі. Педагогика әлсіздігін, неопозитивистер, оның шынайы деректермен іс-әрекеттерге орынды мән бермей, пайдасыз идеялар мен абстракцияға бой ұрғандығынан көреді. Олар білім беру жолында мазмұнға емес, әдістерге елеулі мән беріп, оқу мен тәрбиеде негізгі нәрсе «білім емес, ал оны ұғу мен игеру әдістері –деген тұжырымды алға тартты. Неопозитивизмнің көрнекті өкілі- ірі атомшы ғалым, АҚШ-тың саяси қайраткері - Дж. Конант. Оның «Бүгінгі Америка орта мектебі», «Американ мұғалімдерін дайындау» атты еңбектері АҚШ педагогикасының өркендеуіне зор үлесін қосты.
Прагматизм философиялық ағым ретінде ХІХ-ХХ ғ.ғ. шектерінде пайда болды. Ғылым, техника және өндірістің қарқынды дамуы материалистік философияның тұғырын бекіте түсіп, абсолюттік идеализмнің негіздеріне ақау салды. Прагматистік бағытты қалаушылар идеализм мен материализмнен бөлектенген жаңа философияны ұстанатынын жария етті. Прагматизмдегі басты ұғым- «тәжірибе», «іс»(грекше «прагма»), осыдан олар болмыс танудың негізі жеке адамның іс-тәжірибесінде деп біледі де объектив білімдерді мойьтндаудан бастартады. Олардың пікірінше, адамның практикалық іс-әрекетінің нәтижесінде алынған, ол үшін құндылықты болған білімдер ғана шынайы сипатта болуы мүмкін.
Прагматизмнің аса көрнекті өкілі- американдық ғалым-Дж.Дьюи. Оның шығармашылығымен жүзеге келген прагматикалық педагогика көптеғен елдердің, әсіресе АҚШ-тың мектептік білім жүйесінің қалыпқа түсіп, өркендеуіне зор ықпал жасады, әлі де ықпал жасауда. Өзінің көптеген педагогикалық еңбектерінде Дж.Дъюи ескі, схоластикалық мектепті сынай отырып, оқу мен тәрбиеге орай аса маңызды болған бірқатар принциптерді алға тартты. Олардың, ішіндегі бала белсенділігін дамыту, бала оқуының ықпалды мотиві- қызығуға дем беру принциптерінің орындалуын білім игертудегі басты міндет деп есептеді.
Прагматизмнің тірек ұғымы «тәжірибеге» сүйене отырып, Дж.Дьюи оқу процесінің негізі баланың жекеленген іс-әрекеттік тәжірибесінде болатынын уағыздады. Оның ойынша, оқу-білім мақсаты балағатумадан берілген инстинкттер мен қабілеттердің өзіндік көрінуіне ықпал жасау. Дж.Дьюи және оның ізбасарлары (Т.Брамельд, А.Маслоу, Э.Келли жэне т.б.) инабаттылық тәрбиесі мәселелерін де осы жекеленген тәжірибе тұрғысынан қарастыруды дәріптейді. Адам өз әрекет-қылығын басқаруда алдын ала жоспарланған принциптермен ережелерге тәуелді болмай, нақты жағдай мен көзделген мақсатқа орай белгілі әрекетке кірісуі қажет екендігін мақұлдайды. Жеке табысқа жету жолында жәрдем бергеннің бәрін прагматистер ізгілік нышаны
ретінде таниды.
Диалектикалық материализм табиғат, қоғам және ойлау процестерінің жалпы қозғалыс және даму зақдылықтары жөніндегі философиялық білім ретінде ХІХ ғ. 40-жылдарында туындады. Ол ХХғ., әсіресе социализм елдерінде кең өріс тапты. Бұл бағыттың көрнекті әкілдері - К.Маркс және Ф.Энгельс қоғам тарихын танудың құралы материализмлі жариялай отырып, теориялық таным үшін қоғамдық тәжірибенің рөлін негіздеді, материализм мен диалектиканы табиғи ұштастыққа келтірді.
Диалектикалық материализмнің негізгі тұжырымдары келесідей: материя - бірінші, ал сана - одан туындаушы, материяның (адам миының) дамуы нәтижесінде пайда болатын өнім (материалистік монизм принципі); объектив дүние мен сана құбылыстары себепті шарттасқан, өзара байланысты және тәуелді (детерминизм принципі); барша заттар мен құбылыстар қозғалыс жағдайында болып, дамиды және өзгеріске келеді.
Диалектикалық материализм философиясында аса маңызды орын диалектика заңдарына берілген: саңдық өзгерістердің салалық ауысуы,
қарама-қарсылық бірлігі мен күресі, жоқты жоққа шығару.
Диалектикалық материализм педагогикасының негізгі идеялық ұстанымы- тұлға қоғамдық қатынастардың объекті де, субъекті де. Адамның тұлғалық дамуы мен кемелденуі сыртқы жағдайлармен себепті тәуелдідікте (детерминирован), сонымен бірге сол нақты адамның табиғи болмысына байланысты. Тұлға дамуында жетекшілік рөл - тәжірибеде. Ал тәрбие тарихи және таптық сипатқа ие болған күрделі әлеуметтік процесс. Тұлға және адам іс-әрекеті ажырамас тұтастық құрайды, яғни тұлға іс-әрекетте, еңбекте көрінеді және қалыптасады.
Жаңаланған дәуір педагогикасы философиялық деңгейлі әрқилы әдіснаманы өз ғылыми зерттеулерінің бас қаруы ретінде міндетті түрде
қолданып, пайдалануы қажет.

1.3. Педагогиканың жалпы ғылымдық әдіснамасы

Жалпы ғылымдық әдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің жалпыланған байланысы және өзара шарттастығына
негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол әрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай-ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жұйесіне бағдарлайды.
Жүйелілік мәніне орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осыдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қасиеттері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан және тарихи қырлары келесідей зерттеу припциптерін бірлікте іске асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты байланыстар мен дамуды ескеру.
Жүйелілікті білуден педагогикалық теория, эксперимент пен практика тұтастығы орындалады.
Теориялық негізде жобаланған экспериментте біршама тексерілген ғылыми білімдер мен тұжырымдардың шынайылылығы практика міндеті мен талаптарына орай өлшестіріледі. Практикадан білімнің жаңа іргелі проблемалары туындайды. Сонымен, теория практикалық шешімдердің, дұрыстығына арқау болады. ал білім тәжірибесіне байланысты ұланғайыр проблемалар мен міндеттер іргелі дәстурлерді қажет ететін жаңа сұрақтардың туындауына жол ашады.
Педагогикалық технологиялар жөнінде алдағы дәріс баяндарда сөз болады.
Егер адам сана және өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттік дәреже даму барысында қалыптасады. "Адам" ұғымынан өзгеше ''тұлға'' түсінігі - адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан әлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіреді. Тұлға ретінде әрбір адам әлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы және ойластырылған тәрбие барысында қалыптасады. Әрбір тұлға, бір жағынан. қоғамдық тәжірибені игеру деңгейімен екінші жағынан, материалдық және
рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады.
Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген және өмір
мен тәрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі шарт.
Адам дамуы - бұл өте күрделі, ұзақ мерзімді және қарама-қайшылықты процесс. Біздің ағзамызда болып жатқан өзгерістер қмір бойына ұласады. Ал адамның тән-дене болмысы мен рухани дүниесі әсіресе балалық және жас өспірімдік шақта қарқынды ауысуларга кезігеді. Адамның дамуы сандық өзгерістердің қарапайым жиынтығы немесе төменнен жоғарыға бағытталған ілгерілі қозғалыс тобы емес бұл процестің, өзіне тән ерекшелігі –сандық өзгерістердің тұлғаның физикалық, психикалық және рухани сапалық қасиеттеріне диалектикалық түрде өтіп, жаңалануы. Бұл құбылыстарды түсіндіруде әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Мамандардың бір бөлігі адамдардың дамуын кездейсок, басқарымға келмейтін өзінше жүрісі бар, даму өмір шарттарьша тәуелсіз. сондықтан, тумадан берілген күштерге байланысты; адамның дамуын ешкім, еш уақытта өзгертуі мүмкін емес, тағдыр белгілейді. Ал басқа бір зерттеушілер тобының пайымдауынша: даму - бұл әуел бастан қозғалысқа қабілетті тірі материя. Даму жолында көне жойылып. жаңатуындап ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?