Экономика | ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА

 Экономика | ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА

Мазмұны
КІРІСПЕ
ОСЫ ДӘУІРДЕГІ ӘЛЕМДІК САУДА ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЭКОНОМИКАСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ПРОБЛЕМАЛАР
Сауда капталы мен сауда пайдасының мәні
Капиталистік сауда үлгілері
Дүниежүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы
2. ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
2.1. Халықаралык экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
2.2. Дүниежүзілік сауданың қарқынды дамуы
2.3. Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы
2.4. Еңбекақы, оның әлем саудасымен байланыстылығы
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ РОЛІ
3.1 Қазақстанның халықаралық сауда
3.2. Халықаралық сауданың дамуының басты бағыттары мен келешегі
3.3. Халықаралық саудадағы кедергілер
3.4 Сауда және валюта
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Сауда капиталы өндірісте шығарылған құнның бір бөлігін иемденеді. Қосымша кұн тек қана материалдық өндірісте шығарылады. Басқа салалар қосымша кұн ендірмейді. Сауда иайдасы қосымша құнның турін өзгерткен үлгісі мен бір болігі. Сонымен, сауда пайдасының қайнар бұлағы, өнеркәсіп капиталистерінің пайдаларының кайнар көзі. Өндіріс саласында өндірілген қосымша кұн, сауда саласында жалпы кұн және қосымша құн да болуы ықтимал. Сауда капиталы осы қатарда тек жалдамалы еңбекті қанауға қатысады.
Тауарды сатып өткізу, айналыс процесінде жүзеге асады. Оған арнайы шығын кетеді. Осындай шығын түрлерін айналыс шығымдары деп атайды. Ол екіге бөлінеді: қосымша шығын және таза айналыс шығындары.
Тауарды сатып алу және сатып өткізу кезінде жарнама істерін және т.б. ұйымдастыруға кеткен шығындар таза айналыс шығыны түсінігін береді.
Тауарды толық тұтынушыларға жеткізуге кететін көптеген шығын түрлерінің жиынтығын айналыстағы өндірістің қосымша шығындары дейміз. Капитализмде сауданың 3 түрі бар: көтерме, бөлшек және сыртқы сауда. Сауда капиталистері тауарларды тікелей тұтынушыларға, халыққа сатады. Бөлшек сауда дегеніміз осы. Бір капиталистердің, басқа капиталистерге тауарларды қол көлемде сатып өткізуін көтерме сауда деп айтамыз.
Капитализмде сыртқы сауда ерекше ролін атқарады. Келешекте бұл тенденция үдей түседі. Шет елдерге шығарылған тауарлар экспорт, әкелінген тауарлар импорт деп аталынады. Экспорт көлемі импорттан асып түссе сауда балансы активті, ал импорт экспорттан басым болса сауда балансы пассивті болғаны. Қазір, әсіресе келешекте ел тағдырын шешетін күштердің бірі - әлемдік рынок.
Төлем балансына сырткы саудадан, тасымал кұралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциядан және т.б түскен табыстар кіргізіледі. Толем балансының маңызды құрамдас бөлігі сауда балансы. Онда елдің экспорт, импорт және экспорт бойынша кірістері мен шығындары анықталады.
1. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДІК САУДА ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЭКОНОМИКАСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ПРОБЛЕМАЛАР.
1.1.Сауда капиталы мен сауда пайдасының мәні.
Капиталистік қоғамда сауда капиталы, капиталистердің ерекше тобы тек қана айналыс саласында қолданатын өнеркәсіп капиталының оқшауланған бір бөлігі болып табылады. Сауда капиталының айналымы (Д-Т-Д) тауарды өткізу процесінде саудагерлер авансыланған капиталдың орнын толтырып қана қоймай, сонымен бірге осы капиталдан пайда түсіруді де көздейді.
Шын мәнінде сауда пайдасы дегеніміз - материалдық өндіріс саласында жалдамалы жұмысшылар жасаған қосымша құнның өзгерген формасы. Бұл өнеркәсіп капиталистері тауарларды өткізуді жүзеге асырғаны ушін, сауда капиталистеріне беретін қосымша құнның бір бөлігі. Өнеркәсіп және сауда капиталистері жұмысшы табын бірлесіп қанайды, ал жұмысшы табы өндірген қосымша құнды өзара бірдей көлемді пайданы, бірдей көлемді капитал жұмсау принципі бойынша бөліп алады.
Айналыс процесі тауарды сатып алу үшін капиталды авансылауды ғана емес, сонымен бірге тауарларды өткізу ісін ұйымдастыруға шығын жұмсауды да керек етеді. Бұл шығандар айналыс шығындары деп аталады. Айналыстағы өндірістің қосымша шығындары тауарды толық ұксатуға, орауға, буып-түюге, сақтауға, оларды тұтынушыға жеткізуге жұмсаған шығындардан құралады. Таза айналыс шығындары тауарларды сатып алу сату операцияларына, жарнама ісін ұйымдастыруға т.б балансты шығындар.
Сауда қызметкерінің жұмыс күні де қажетті және қосымша жұмыс уақытына бөлінеді. Бірақ тауарларды тікелей сатумен және сатып алумен айналысатын сауда қызметкерлерін қанаудың айрықша өзгешеліктері бар. Қажетті жұмыс уакыты ішінде, сауда кызметкерлері саудада істейтін жұмыс күшінің құнына ақы төлеуге жұмсалатын қосымша құннын бір бөлігі болатын тауарлар массасын өткізеді. Қосымша жұмыс уақытында олар сауда капиталистерінің пайдасын құрайтын қосымша құнның бір бөлігі, сіңірілген тауарларды өткізеді. Сауда капиталистері ұсақ тауар өндірушілерді (шаруалар мен қол өнершілерді) де қанайды. Олар эквивалентсіз айырбас жасау аркылы ұсақ өндірушілердің еңбегімен жасалған құнның бір бөлігін иемденіп алады.
1.2. Капиталистік сауда үлгілері
Көтерме сауда дегеніміз - бір капиталистің басқа капиталискс тауарларды ірі көлемде сатуы. Сауда өнеркәсіп және сауда капиталистерінің арасында және капиталистерінің осы ерекше топтарының ішінде жүргізіледі. Сауда әдетте котерме сауда орталықтарында - тауар биржаларында, жәрмеңкелер мен аукциондарда жүзеге асырылады. Котерме сауда процесінде тауарлардың едәуір белігі айналыс саласынан тұтыну саласына көшпейді. Мұндай көшу бөлшек саудада аякталады.
Бөлшек сауда дегеніміз - сауда каииталистерінің тауар¬ларды тікелей тұтынушыларга сату. Капитализм тұсында бөлшек сауданы дамытудың негізгі бағытты тұтыну сұранымы мен бәсеке күресінің универсал сипаты итермелейтін сауданы, ірі универсал магазиндеріне шогырландыру болып табылады. Сонымен бірге тауарлардың белгілі бір түрлерін сататын арнаулы магазиндер мен ірі сауда фирмалары.
Капитализм тусында сыртқы сауданың қажеттігі және оның өсуі мынадай факторларға байланысты болып отыр.
1. қоғамдык еңбек бөлінісінің және ұлттық мемлекеттердің шекарасынан шығып кеткен тауар өндірісінің дамуы;
2. капиталиста: экономика дамуының әркелкілігі, осының салдарынан жедел дамып отырған салалар мен кәсіпорындардың өнімдерін өткізу үшін зат өткізетін қосымша рыноктар қажет болады.;
3. неғұрлым көп тауар массаларын едәуір қашықтыққа тасымалдауды экономикалық жағынан тиімді еткен транспорттағы техникалық прогресс т.б.
Сыртқы сауда, тауарларды баска елдерге шығарудан экспорттан және тауарды басқа елдерден әкелуден импорттан құралады. Белгілі кезенде тауарлар экспортының құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда балансы деп аталады. Егер экспортталатын тауарлардың құны импортталатын тауарлардың құнынан асып кетсе, ел активті сауда балансына ие болады. Ал импорт экспорттан асып кетсе пассивті сауда балансының жайкүйі сол елдің дүніежүзілік рыноктағы бәсекелестік қабілеттілігінің белгілі мағынада сол ел экономикасы жай-күйінің маңызды көрсеткіші.
1.3. Дүниежүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы.
Халықаралык сауда - мемлекеттер және ұлттык шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда калыптасып, бірақ тек XX ғасырда ғана дүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатысады. Халықаралық сауда дүниежүзілік еңбек бөлінісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи - жағрафиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өңдіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.
Дүниежүзілік сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің кұрылымына тәуелді. Егер XIX ғасырда айырбаста кебінесе шикізат, азық-түлік жеңіл өнеркәсіп өлімдері гана болса, қазіргі кезде онеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машина мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейілгі уақытта шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 3/5-тен 1/3-ке дейін кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі 2/3-ке өсті. Құрастырмалы бұйымдар Μβΐϊ қосымша бөлшектер айырбасы артты, экспорт тез қаркынмен дамыды, мысалға, машиналардың түйіндерін құрастыру және басқа да кұрал жабдықтар мен халық тұтынатын техниканы жасау жұмыстарын айтуга болады.
Қазіргі уақытта халықаралық айырбас орісіне ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасы қосылады (лицензиялар және наухау мен сауда жасау), олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы айналымының 10%-ін құрайды. Технологиялық күрделі өнімдермен, лицензиялармен сауда-саттық жедел осіп отыр. Егер 1970 жылы болса, 80 жылдардың екінші жартысында бұл сан жылына 17 млрд доллардан асты.
Халықаралық сауда объектілерінің катарына қазіргі уақытта жобалау жұмыстары, лизинг (жабдықтарды ұзақ мерзімте жалға алу) инжиниринг (инженерлік құрылыс жұмыстарын атқару үшін жасалынған келісімдер) жатады.
Халықаралык саудада "жаңа индустриялды елдер" (Гонконг, Онтүстік Корея, Сингапур, Тайвань) үлкен роль атқара бастады. Бұл елдердің экспортында өнеркосілтік тауарлардың алатын орны елеулі және олардың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 1960-1985 жылдары екі еседен асып түсті. Тарихи тұрғыдан алғанда дүниежүзілік рыноктагы бәсекелік күресте ұлттық мүддені қорғаудың әр түрлі мемлекеттік формалары бар. XV-XII1 гасырларда негізгі экономикалық теория ретінде меркантилизм устем болтан кезде мемлекеттер экспортың ынталандыру және импорт тауарларын шектеу шараларын, яғни қатаң протекционизмді қоаданды. Ұлттық өнеркәсіп өніндерінде тиімді жогары кеден бажын енгізу арқылы белгілі бір тауар түрлерін сатуға, мемлекеттік монополия ақшалай байлықты арттыруга ұмтылды.
Бірақ қатаң протекционизм сыртқы сауданы қысқартып, ұлттық экономикалардың оқшаулануына әкеп соқтырды. Сондықтан Ұлыбританиядағы өнеркәсіптік төңкеріс елді еркін сауда (фритретерство) саясатына өтуге мәжбұр етті. "Еркін сауда" саясатының негізін Р.Рикардоның салыстырмалы шығындар теориясы қалады. Осы баытты ұстанған Ұлыбритания жаңа рыноктарды жаулап алып, дүниежүзілік экономикада жетекші орындарға ие болды. Кейінірек басқа елдер біртіндеп "еркін сауда" саясатына көше бастады.
Дүнисжүзілік саудадағы тұрақсыздық экономикалық дағдарыстар XX ғасырдың басында бірқатар елдерді сауда протекционизм саясатын қайта өршітуге жетеледі, яғни дүниежүзілік рыноктың еркін дамуына бас тартуға итермелейді. Мұның өзі бұрыннан қалыптаскан мемлекетаралық сауда қатынастарының бұзылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде протекционизм ішкі рынокта ұлттық компанияларға қолайлы жағдайлар жасауға және оларды шетелдік өндірушілер бәсекесінен корғауға ұмтылады. Шеттен әкелінетін тауарлар бағасына кеден салынған арттыру арқылы олардың ұсынысы шектеледі, сөйтіп ішкі рыноктағы бәсекенің әлсіреуі нәтижесінде импорттың, тауарлардың да, отандық өндіріс өнімдерінің де бағалары шарықтап кетеді.
Халықаралық сауда - экономикалық қатынастарды реттеу үшін халықаралық ұйымдар құрылды. Олардың қатарына ГАТТ, ΕACT, ЮНКТАД т.б. жатады.
ГАТТ-тың тарифтер мен сауда туралы басты келісім. Оған қатысушылардың сауда қатынастары қабылданған нормалар мен ережелер негізінде айқындалады. ГАТТ 1948 жылдан бастап әрекет етеді. Бұл ірі халықаралық ұйымның шеңберінде сыртқы саудаға қатысты барлық проблемаларды талқылау үшін мүше елдер арасында келіссөздер, консультациялар, ксздесулер өткізіледі. ГАТТ-тың толық құқылы мүшелерінің саны 1990 жылы 90-ға жетті.
ЕАСТ- Еуропалық еркін сауда ассоцияциясы 1960 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл ассоцияцияға 6 Батыс Еуропалық елдер кіреді. ЕАСТ-тың негізгі мақсаты өзара еркін сауда жағдайын қалыптастыру.
ЮНКТАД- БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы. Бұған 170-ке жуық мемлекет, соңдай-ақ көптеген халықаралық ұйымдар кіреді. ЮНКТАД халыкаралық экономикалық қатынастардың дамуына және реттелуіне қолдау жасайды.
2. ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
2.1. Халықаралык экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дж.Скастың пікірінше "қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан окшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ".
Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен эконо¬микада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның озі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.
Сыртқы сауда да "фритретерствоны" (еркін сауда), немесе "протекционизмді" (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырсыздық өткен уакыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.
Фритретерство саясатының ең алғаш А.Смит өзінің "Салыстырмалы артықшылықтар теориясында" анықтаған. Ол: "айырбас қандай елге болса да қолайлы, әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады", - деп жазған.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.
Халыкаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етеді:
1. халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;
2. экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға иті әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;
3. дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;
4. тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;
5. коптеген елдердің импортына кедергілердің жиылып, кеден бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
6. сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;
7. сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар "жаңа индустриалды елдердің" пайда болуы т.б.
Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкіге біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдығынан айырыла бастады.
Егер 1950 жылы АҚШ-тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, 1990 жылы ол тек қана 8/1 тең болды. Өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ-тың деңгейіне жақындады.
Сөйтіп 90 жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауданың орталығына айналды. 80 жылдары халықаралық сауда-саттықта Жапония едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтар экспорттауда Жапония дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезең өз тауарларының бәсекелік мүмкіңдіктері бойынша Жапонияға Азияның "жаңа индустриалды елдері" - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.
Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы төрт жүзге жуық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда тепе-тендігі жатады Классификацияда, аталғандардан басқа қазба байлыктар, инфрақұрылым, байланыс құрал-жабдықтар т.б факторлар ескеріледі.
Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік рынокқа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.
Мамандардың болжауы бойынша XXI ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болды. 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Қытай, Жапония болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол.
Дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары, өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер, ең алдымен "жаңа индустриялды елдер" өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспортында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының соның ішіңде машиналар мен жабдықтар үлесі артты. Женевадағы дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1894 жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді.
XX ғасырдың соңғы ширегінде халықаралык экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының ролі күшейді Дүниежүзілік банктің есептеуі бойнша 2000 жылға қарай дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады.
Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің теңдеуі олардың өзара сауда қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі