Экономика | Халықаралық сауда

 Экономика | Халықаралық сауда

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Халықаралық сауда теориясының маңызы
1.1Халықаралық сауда теориясының мәні және ерекшеліктері
1.2Халықаралық сауда формалары және субъектілері
1.3Халықаралық сауда стандартты моделі
II. Халықаралық сауда классикалық теориясы
2.1Меркантаушы және сауда теориясы
2.2Абсолюттік артықшылықтар теориясы
2.3Салыстмалы артықшылықтар қағидасы
2.4В.Леонтьев теориясы
2.5М.Поттер теориясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Халықаралық экономикалық қатынастың негізгі түрінің бірі әлемдегі барлық елдердің сыртқы саудасының жиынтығын көрсететін халықаралық сауда болып табылады.
Халықаралық сауданы зерттеудегі манызды мәселелер мыналар:
1. Халықаралық сауда қалай қалыптасқан?
2. Оның қалай қалыптасып, орныққаны дұрыс?
Бастапқыда халықаралық сауда анық қалай қалыптасқан? - деген сұраққа жауап беру айдан анық сияқты көрінуі мүмкін: сауда қандай жолмен журсе де, пайдалы болса болды. Бірақ ақыр соңында сыртқы саудадан түсетін пайданы немесе ұтысты кім алады? Барлығы ма? Ал егер барлығы болмаса және бұл сауда біреуге зиян әкелсе, онда біреудің ұтысы басқалардың шығынынан басым түскенін қалай анықтауға болады? Егер әлдебір ел ұтыс тапса, онда онымен саудаласушы елдер бұдан шығын шеге ме? Осы аталған се-бептердің қайсыбіріне байланысты сауда шектерін кіргізу керек пе? Осы сұрақтардың өзі ғана біздің екі мәселенің бір-бірімен қаншалықгы тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
Бұл мәселелерді нақты бір жерде қарастырайық - американ-жапон саудасындағы сақталып қалған сәтсіздіктер. Бұл жерде екі жетекші ел арасындағы сауданың қысқаруы салдарынан кім ұтады, кім шығынданады деген сұраққа жауап беру үшін неліктен Жапония АҚШ-қа ұшақ, астйқ және тағы басқаларға айырбас ретінде болат, автомобильдер және басқа да тауарлар сататынын талдап түсіну қажет. Тек сонда ғана сыртқы сауда неліктен пайдалы және кімдердің кірістері оған тәуелді екендігін түсінеміз және сауда шектерін кіргізу кімнің мүддесіне қайшы келетінін анықтай аламыз.
Өз көлемі жағынан елдер арасындағы сауда айырбасы алдыңғы позицияларын сақтауда, сонымен қатар соңғы жылдары технологиялар мен қызмет көрсету саудасы қарқынды дамуда.
Сыртқы сауда айналым механизмі мен халықаралық сауданы реттеуді жақсы түсіну үшін, қазіргі сауда саясатының негіздері берілетін, ең маңызды халықаралық сауда теорияларымен танысу қажет.
Одан кейін біз мемлекеттік сауда саясатанының құралдары (инструменттері) – кдеендік реттеу тәсілдері мен тарифтік емес кедергілерімен танысамыз. Өйткені олар мемлекеттің сауда және бүкіл сыртқы экономикалық іс-әрекетінің бағытын анықтап, ГАТТ - Әлемдік сауда ұйымының сыртқы сауданың халықаралық реттелуін қарастыру қажет. Әлемдік сауда ұйымы Уругвай келіссөздер раундынан кейін, ГАТТ негізінде 1994 жылы құрылды.
1.1 Халықаралық сауда теориясының мәні және ерекшеліктері
Дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық сауда ерекше орын алады. Осы уақьггқа дейін тауарларды шетке шығару халықаралық экономикалық катынастардың негізгі формасы болып есептелген еді, ал қазіргі кезде шетелдік инвестициялау (атап айтқанда: бірлескен өндірістік қызмет, технологиялардың халықаралық трансферті) халықаралық экономикалық қатынастардың жетекші формасы болып саналады.
Осыған қарамастан, халықаралық сауда өзінің масштабы мен функцияшары бойынша халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы комплексінде маңызды орынға ие болып отыр, яғни баскаша айтқанда, есептеулер бойынша халықаралық сауда халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы көлемінің 80% үлесін алып отыр.
Халықаралық сауда - әр түрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы байланыс формасы болып табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді.
Ғылыми - техникалық революциянын, өнеркәсіптік өндіріс специализациясы мен корпорациясы әсерінен елдер экономикасында болып жатқан құрылымдық өзгерістер ұлттық экономикалардың өзара өсерлесуін күшейтеді.
Ұлттық экономикадағы ұлттық нарықтардың жиынтығы -дүниежүзілік нарықты құрайды.
Дүниежүзілік нарық әлемдегі тауар-ақша қатынастарының даму процесі кезінде қалытаса бастады, яғни XVI ғасырдан бастап дүниежүзілік нарық деген түсінік пайда бола бастады.
Жалпы алғанда, дүниежүзілік нарық күрделі түсінік болып табылады.
Бұл түсінікті терең зерттеу үшін оны екі аспектіде қарастыру керек:
• біріншіден, дүниежүзілік нарық абстрактылық түсінік болып табылады, яғни ол кеңістік аспектіде қарастырылады;
• екіншіден дүниежүзілік нарық заттық аспектіде қарастырылады.
Осыған сәйкес дүниежүзілік нарықтың қарастырылу аспектілеріне жеке-жеке тоқталып өтейік.
Дүние жүзінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне қатыспаған елдер жоқтың қасы деген тұжырым жасауға болады.
Сыртқы сауда дегеніміз – белгілі бір елдің басқа елдермен сауда жасауы.
Сонда барлық елдердің сауда операциясын жүзеге асыратын сфера – халықаралық нарық деп аталады.
Сыртқы сауда операцияларының төрт негізгі түрі бар:
• экспорттық операция – шетке шығару арқылы шет елдік контрагентке тауарды сату;
• импорттық операция – шеттен әкелу арқылы шет елдік контрагенттен тауарды сатып алу;
• реэкспорттық операция – бұрын импортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату;
• реимпорттық операция – бұрын экспортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу.
Халықаралық сауда формалары және субъектілері
Халықаралық сауда – бұл халықаралық тауар-ақша қатынастарының сферасы, дүние жүзіндегі барлық елдердің сыртқы саудасының жиынтығы.
Халықаралық сауданың формалары төмендегідей жіктеледі:
1) аукциондар және аукциондық сауда;
2) биржалық сауда;
3) халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер;
4) машиналар мен құрал-жабдықтардың арендасы;
5) қарама-қарсы сауда;
6) шекаралық сауда.
Аукцион дегеніміз алдын ала көруге қойылған тауарларды белгілі бір уақытта, белгіленген орында сату формасы.
Аукциондық сауда – нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда табу мақсатында аукционға қатықан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың тікелей бәсекесін пайдаланады.
Тауарлық нарықтың тауарлық-салалық классификациясы
Аукциоңдық сауда айналым шығындарын қысқарта отырып әлемдік бағаларға жақын бағалармен сатуды қамтамасыз ете алады.
Тауар өндірісінің дамуы халықаралық айырбасқа көптеген тауар массаларын қатыстырды, осының нәтижесінде шикізатті жекелеген түрлері бойынша тұрақты нарықтар стихиялы түр пайда бола бастады.
Өндіріс пен нарықтың монополизациялануына байланысты еркін бәсеке кезінде шырқау шегіне жеткей биржалар өз мәнін жоғалта бастады. Биржалардың гүлденуі кезінде оларда тауарлардың 200 түрі айналыста жүрді, ал қазіргі кезде 60 түрі ғана айналыста жур. Биржаларда астық, қант, кофе, какао сияқты ауыл шаруашылық тауарларынық саудасы жүргізіледі, соным бірге оларда шикізат саудасының 20%-ке жуығы іске асырылды. Биржалық емес саудадағы бағалар биржалық бағалары сәйкес түрде бейнеленеді.
Биржалық сауда - биржалардың катысуымен тауарлар мен бағалы кағаздардың сатылуы.
Ңегізінен биржалар коммерциялық делдалдар болып табылады, олар келісімдерге қатыспайды, бірақ олардың бекітілу ықпал етеді.
Биржалардың бірнеше түрі бар:
• тауар биржасы;
• қор биржасы;
• еңбек биржасы,
• валюта биржасы.
Тауар биржасы - сапасы жағьшан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату ұйымдасқан нарықты қамтамасыз ететін сауда.
Қор биржасы - таза іскерлік принципінде жұмыс істейді.
Еңбек биржасы - жұмыс қүшін жалдау кезінде кәсіпкер
қызметкерлер арасындағы делдалдықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме. Валюта биржасы – бұл валюта нарығы.
Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер - тауар үлгілерін
көрсеу нарығы, бұл жерде іскерлік келіссөздер жүргізіліп контрактыларға қол қойылады.
Халықаралық тәжірибеде ұзақ мерзімдік аренда, яғни лизинг өте көп қолданылады. Лизинг құралдарына жататындар: кеңселік, құрылыс-монтаждық, технологиялық құрал-жабдықтар.
Хайринг құралдарына транспорттық құралдар, жол-құрылыс машиналары, монтаждық құрал-жабдықтар, ауыл шаруашылығы машиналары жатады.
Рейтинг контрактылары халықаралық тәжірибеде сирек бекітіледі.
Рейтинг құралдарына транспорттық құралдар, туристік және қысқа мерзімдік пайдаланудағы тауарлар жатады.
Қарама -қарсы, сауда дегеніміз экспортталған тауардың жартылай немесе толық құнына экспортердің импортерден тауар сатып алатындығы жөніндегі карсы міндеттемесі.
Қарама-карсы сауданың бірнеше түрлері бар:
1) бартерлік келісімдер;
2) қарама-қарсы сатып алу келісімдері;
3) клирингтік келісімдер;
4) лицензиялық келісімдер;
5) компенсациялық келісімдер.
Бартерлік келісім - валютасыз, бірақ тұтас келісім негізінде бағаланған және балансталған тауар айырбасы.
Клирингтік келісімдер - саудада пайда болатын талаптар мен қарыздарды өзара өтеу жөнінде мемлекеттердің орталық банктері арасындағы қолма-қол ақшаның есеп айырысу түрі.
Лицензиялық келісім — бөтен сауда маркасын пайдалану келісімі.
Компенсациялық келісімдер - алынған несиені өтеу үшін ақшалай есеп айырысудың орнына тауар ұсыну келісімі.
Шекаралық сауда - сауда, төлем және жыл сайынғы қарар туралы келісімнің негізінде көрші мемлекеттердің шекаралас аудандарының сауда ұйымдары мен фирмалары жүзеге асыратын халықаралық тауар алмасу түрі.
Мысалы, Қазақстанның Қытаймен шекаралас тұрған Жаркент қаласында осындай сауда жүзеге асырылады, яғни қазастандық және қытайлық саудагерлер осы жерде экспорт-импорт операцияларын жүзеге асырады.

Халықаралық сауда субъектілері
Саудада негізгі операцияларды бірнеше субьекттер камтамасыз етеді. Соның ішінде брокерлік сауданы атауға балады.
Брокер - сауда делдалы, ол сату-сатып алу келісімдеріне белгілі бір жақ ретінде қатыспайды, тек қана қызығушы екі жақ сатушы мен сатып алушы алушы арасындағы байланыс қамтамасыз етеді.
Брокер бір реттік тапсырма негізіңде және өз клиентгерінің инструкциялары шегінде әрекет жасайды.
Брокердің негізгі артықшылығы - келіссөз жүргізу барысында брокер өз клиентінің атын жасыруына, яғни конфедциалдықты сақтауына болады.
Сондықтан кейбір клиенттердің брокерді делдал етіп алу себебі - олар өз операцияларының кең таралмауын, яғни жасырын болуын қамтамасыз етеді.
Диллер - өз атынан және өа есебінен тауарларды қайта сатумен айналысатын жеке тұлға немесе фирма.
Комвояжер - бұл сауда өкілетілігін жүзеге асыратын сауда кәсіпорының қызметкері.
Комвояжер кәсіпорынмен жедел немесе жедел емес еңбек өнімдері негізінде әрекет етеді Коммивояжердің функциясы - белгілі бір аумақта кәсіпорын тауарларының өткізілуін қамтамасыз ету. Коммивояжер өнімге деген тапсырысты жинап, сатып алушылар шеңберін құрады, бұл кезде келісім жасауға өкілетті емес. Өз қызметі үшін коммивояжер не тұрақты еңбекақы алады, немесе орыңдалған тапсырыстар сомасынан процент мөлшерінде сыйақы алады.
Комисионер – сауда келісіміндегі делдал, белгілі мөлшердегі сыйлық үшін, комитет пайдасы үшін соның есебінен, бірақ өз атынан делдалдық жасайтын адам.
Бонус - бұл көрсетілген комиссиялық қызметтер үшін комиссиялық, сыйақы. Бонус мөлшері сатылған айырбасталған немесе сатып алынған тауарлардың құнына проценттпен - анықталады жәңе мыналарға катысты өзгеріп отыруы мүмкін:
• тауардың күйіне қатысты;
• оған деген сұранысқа;
• сату каналдарына (дүкен немесе; тікелей сату арқылы);
• комиссиялық келісімдерге деген сұраныс пен ұсыныстың ара- қатынасына;
• комиссионерлер арасындағы бәсеке деңгейіне.
Консорциум — бірнеше банк немесе өнеркөсіп кәсіпорындарының арасындағы бірлесіп заемдарды, акцияларды, облигацияларды орналастыру, кең ауқымдағы қаржылық немесе коммерциялық операцияларды жүргізу, ірі....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?