» » » Курстық жұмыс: Құқық | ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ

Курстық жұмыс: Құқық | ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ

Курстық жұмыс: Құқық | ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН  ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ казакша Курстық жұмыс: Құқық | ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН  ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ на казахском языке
Мазмұны

КІРІСПЕ............................................................................................................4

1. ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
1.1. Парақорлықтың объектісі мен заты..................................................5

2. ПАРА АЛУДЫҢ ОБЬЕКТИВТІ ЖӘНЕ СУБЪКТИВТІ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАУ
1.2. Пара алудың объективтік жағы.........................................................16
1.3. Пара алудың субъектісі......................................................................50
1.4. Пара алудың субъективтік жағы.......................................................62

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................66

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ.................................................................68


1 ТАРАУ ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ

2.1.Парақорлықтың объектісі мен заты

Қылмыс объектісін дұрыс анықтаудың теориялық және практикалық мәні өте зор. (1) Демек, объектіні анықтау қылмыстың мәнін анықтауға қылмыстық-құқықтық нормалардың жұмыс істеу шекарасын табуға, әрекетті дұрыс сипаттауға көмегін тигізеді, сонымен қатар оларды ұқсас құрамдардан ажырартуға көмектеседі. Қылмыс объектісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің жүйелерін құрастыру негізiне алынған.
Осыған орай, қылмыстық құқық ғылымында объект мәселесі әрдайым көңілден тыс қалған емес. Бірақ осыған қарамастан көптеген мәселелер бойынша қарама-қайшы қорытындылар мен ұғымдар бар. Біз қылмыс объектісінің күрделі теориялық мәселесіне тереңдеуді, мұның бізге белгілі бір қиындық келтіретінін ескере отырып, және соған байланысты жеке зерттеу тақырыбы болуы мүмкіндігін ескере отырып олай жасамай отырмыз. Біріншіден, қылмыс объектісінің кейбір мәселелері бойынша өзіміздің көзқарасымызды белгілеп алумыз өте маңызды болып табылады.
Кеңестік одан кейін Қазақстан қылмыстық құқық теориясы өзінің өмір сүрген кезінен бастап қылмыс объектісі әрқашан да белгілі бір қоғамдық қатнастар болып табылады деген ұғымды ұстанып келді
Көптеген авторлар қылмыс объектісі жайлы осындай ұғымның принципиальды маңыздылығының астын сызып, олардың кез келген қылмыстық қол сұғудың әлеуметтік мәнімен қоғамдық қауіптілігін дұрыс түсінуі үшін ерекшелігін атап көрсетеді. Бұның маңызы өте зор, себебі қазіргі кезде қылмыс объектісінің басқа анықтамасын беруге тырысушылық орын алып отыр. Атап айтқанда, Г.П.Новоселов қылмыс объектісі деп бір немесе көп адамға қарсы жасалған қылмыс деп түсіндіреді. В.В.Наумов кейбір жағдайларда қоғамдық қатынас қылмыс объект теориясы ретінде жұмыс істемейді. Бірақ бұл мәселе жөнінде біз пікір талас жасамай қылмыс объектісі анықтамасын қоғамдық қатнас ретінде қараған жалпы қабыдданған көзқарасқа қосыламыз.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісін үш сатылы жүйелеу кең таралды. Бұл жүйені ең бірінші 1938 жылы В.Д. Меньшагин ұсынды және көптеген жылдар бойы ешқандай күдік тудырмады. Бірінші рет оны Б.С.Никифоров сынады, ал кейінірек басқа да кейбір ғалымдар осы сынға қосылды.
Қазақстан Республикасындағы ҚК құрылымы бойынша парақорлықтың топтың объектісіне мемлекеттік биліктің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жиынтығы деген анықтама беруге болады. Қазақстан Республикасы ҚК бұрыңғы 13 бөлімінен шығатын бұл анықтама, біздің пікіріміз бойынша толық емес, себебі онда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыпты қызметі қамтылмаған.
Бұл жерде мәселе мемлекеттік билік пен жергілікті өзін басқару органдарының арақатынасы жайлы, нақты айтқанда – жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық табиғатын анықтауда болып отыр.
1997 жылғы Қазақстан Республикасында ҚК қабылдаудан көп бұрын лауазымдық қылмыстардың топтық объектілері болып, сонымен бірге қоғамдық аппаратының дұрыс жұмысы да есептелінетін еді. Қазіргі қолданыстағы қылмыстың заң бойынша қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың, сонымен коммерциялық ұйымдардың заңды, қалыпты қызметі коммерциялық және басқа да ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс объектісі болып табылады.
Парақорлықтың топтық объектісі болып, мемлекеттік аппарат пен жергілікті өзін-өзі басқару аппаратының қалыпты қызметін қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастар болып табылады.
Осыған байланысты мемлекеттік аппаратпен жергілікті өзін-өзі басқару аппараты ұғымын анықтау ерекше теориялық және практикалық маңызға ие болады. Бұл біріншіден мемлекетпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өздеріне жүктелген функцияларын орындау бойынша қызметінің шегі мен көлемін анықтауға мүмкіндік беретіндігінен мағызды болып табылады, себебі қылмыстық реформа мемлекетпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экономикалық қатынастарға ықпал ету механизмін өзгертіп және оның шегін қысқартып, жеке меншіктің және еркін сауда үшін жағдай жасады. Мемлекеттік аппарат және өзін-өзі басқару аппараты анықтамаларын белгілеу аппарат қызметкерлерінің, лауазым иелерінің, лауазым иелері болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің практикалық қызметінің саласын айқын анықтап алуға да мүмкіндік береді.
Парақорлықтың топтық объектісін анықтау барысында біз мемлекеттік аппаратты кең мағынада түсінуді басшылыққа аламыз. Осылайша мемлекеттік аппаратта:
а) мемлекеттік билік органдары;
б) мемлекеттік мекемелер;
в) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қазақстан Республикасындағы басқа да әскерлері мен әскери бөлімшелері бар.
Жергілікті өзін-өзі басқару аппарпаты ұғымы да дәл осылайша анықталады. Мұнда жергілікті өзін-өзі басқару аппараты ұғымына Қазақстан Республикасы Қарулы күштері кіргізілмеген және басқа да әскерлер әскери бөлімшелер кіргізілмегендігі ерекшелік болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында парақорлықтың тікелей объектісіне әр түрлі сипаттамалар берілді. Кейбір авторлар мұнда топтық және тікелей объектілері өзара сәйкес келеді деп ойлайды. Бірақ көптеген авторлар бұл қылмыстың топтық және тікелей объектілерін бөлшектеп дұрыс анықтайды. Бұл объектінің жалпы қабылданған сипаттамасына және олардың ара қатынасына сәйкес келеді. Тікелей объект әрқашанда топтық объектінің тек бір бөлігін құрайтын қоғамдық қатынас болады.
Осы көзқарас бойынша парақорлыққа делдалдықтың тікелей объектісі болып мемлекеттік апараттың немесе жергілікті өзін-өзі басқару аппараттарының мемлекеттік органдарының, мемлекеттік мекемелердің, қарулы күштердегі басқару аппараттарының Қазақстан Республикасындағы басқа да әскерлер мен әскери бөлімшелердің жеке бөлімдерінің бір қалыпты заңды қызметінің мазмұнын құрайтын осындай нақты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Парақорлықтың заты. ''Пара'' белгісі мазмұнын анықтамас бұрын, ең біріншіден, пара тұсінігін парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелерімен айналысып жұрген ғалымдармен немесе қылмыс объектісі жайлы жалпы зерттеулер жүргізушілер арасындағы түсінік бірдей емес екенін есте ұстау керек. Кейбіреулер параны қылмыс заты, ал басқалары қылмыс құралы деп есептейді. Ғалымдардың көпшілігі ''пара заты'' жайлы айтады, шын мәнінде, оны қылмыс заты ретінде түсінеді. Пара табиғатын екі түрлі түсіну де орын алып отыр: пара беруші үшін материалдық байлық мақсатқа жету құралы болып табылса, ал пара алушыға – пара заты болып табылады.
Біз бұл мәселені жан-жақты талдауды алдымызға мақсат етіп қоймаймыз, себебі біздің пікіріміз бойынша бұл дау біз үшін принципті емес және мұның практикалық мәні жоқ. Осы мәселе бойынша тек өз көзқарастарымызды білдіреміз. Паралық заңдық табиғатына қатысты қарама-қайшы көзқарас, біздің ойымызша, қылмысты әртүрлі түсіну нәтижесі, сонымен қатар ''қылмыс заты'' деген ұғымымен ''пара заты'' деген терминнің сәйкес келуінен туындайтын болып табылады.
Егер қылмыс заты деп тікелей қылмыстық ықпал жасалатын және ең бірінші кезекте зиян шегетін заңмен қорғалатын қоғамдық қатынас элементтерін түсінетін болсақ, онда пара даусыз түрде қылмыс заты болып табылмайды, себебі ол қоғамдық қатынастар құрамына кірмейтіндіктен қылмыс объектісінің материалдық көрінісі болып таныла алмайды.
Бұл мәселені дұрыс шешуге қылмыс заты мен объектісі жайлы қолданыстағы теориялық зерттеулер негізге алынуы тиіс. Қылмыс затымен объектісінің мәні және олардың ара қатынасын біздің ойымызша, толық және дәйекті түрде В.Я.Таций зерттеген. Ол негізделген түрде заттың үш түрлі сипатын бөледі: қорғалатын қоғамдық қатынас заты, қылмыс заты және қылмыстық ықпал заты. Бұл кезде, қылмыс заты деп автор белгілі бір қасиеті бар материалдық дүниенің кез келген затын түсінеді, ал ол заттарды қылмыстық заң адамның нақты қылмыс құрамындағы әрекеттерімен байланыстырады.
Осы позицияға қарап, параны қылмыс затына қосуға болады. ''Пара'' объектінің өмір сүруінің индексаторы болып табылады, себебі бұл жағдайда қоғамдық қатынас лауазым иесін паралап сатып алу жолымен бұзылады, яғни пара алу жолымен бұзылады. Тек параға байланысты,кінәлі өзінің қызметтік өкілеттілігін пара беруші ұшін жұмсайды.
''Пара заты' терминініне келетін болсақ, оның қолданылуы онша дұрыс емес. Егер біз параны қылмыс заты ретінде қарайтын болсақ, ал қылмыс заңда пара алу ретінде аталады. Осы кезде оны пара алу мәселесі немесе ''парақорлық мәселесі'' деген терминді қолдану логикалық тұрғыдан дүрыс болған болар еді. ''Пара тәсілі'' деген терминді тек қана , егер ''пара'' сөзі арқылы тек белгілі материалдық игіліктерді ғана емес, ол сонымен қатар лауазым иесіне оның қызмет бабы бойынша жасаған қандай да бір әрекеті үшін берілетін материалдық игіліктерді тұсінген жағдайда қолдануға болады. И.Я.Козаченконың ''пара'' термині бір адамның екінші бір адамға не бергеніне бағдарланбайды, ал ол не үшін беріледі және ол қалай орындалады дегенге бағдарланған деген пікірі дұрыс.
Парақорлық заты мазмұнының теориялық және практикалық маңызы зор. Қылмыстық заңда ақша, бағалы қағаздар, өзгеде мүлік, мүлікке құқығы, мүлік сипатындағы пара алуы жайлы айтылған. Осылайша, заңда бұл қылмыстың заты біршама нақтыланған. Мұның, бұрынғы қолданыстағы қылмыстық заңнан айырмашылығы,парақорлық затының мүліктік сипатының асты айқын сызылып көрсетілгендігінде. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі қылмыстық құқық теориясымен сот практикасындағы параны мүліктік сипаттағы пайда түрінде көрінеді дейтін позицияны ұстанды. Бұл жағдайда тек ақша, бағалы заттар, құнды қағаздар және материалдық байлықтарды түсінбеу керек, сонымен қатар материалдық сипаттағы қызмет пен құқықтарда түсінілуі тиіс. Мұнда, лауазым иесінің алған заттары, ең соңында өзінің мүліктік сипатын жоймауының маңызы зор. Мұнымен қатар пара заты болып мүліктік емес сипаттағы игіліктер танылуы мүмкін дейтін тағы бір көзқарас бар. Ең бастысы пара алушының көзіне бұл заттардың құнды болып көрінуі керек және сол үшін де сол өзінің қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалануға дайын болуы керек.
1884 жылы өзінің ''Паралап сатып алу жайлы'' атты еңбегінде неміс ғалымы А.Фейербах пара затына ''жалпы сезімді қанағаттандыруға және өз пайдасына қызмет ететін, ерекше атап айтатын болсақ, орден берем деп уәде беру, қызметі үшін төлем ретінде сұраушының өз денесін беруі сияқтылардың бәрі жатуы мүмкін'' - деп пікі

2. ПАРА АЛУДЫҢ ОБЬЕКТИВТІ ЖӘНЕ СУБЪКТИВТІ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАУ
1.2. Пара алудың объективтік жағы

Пара алудың объективтік жағының мазмұнын анықтаудың теориялық және практикалық маңызы зор. Атап айтқанда бұл келесі жағдайда көрінеді:
а) қылмыстың объективтік жағы осы қылмыс пен оның белгілері ұғымын анықтау үшін қызмет етеді;
б) объективтік жақ қарастырылып отырылған қылмыстың ерекшелігін береді және оны басқада ұқсас қылмыстардан ажырату белгілерін айқындайды;
в) көптеген жағдайларда қарастырылып отырылған қылмыс тәртіптік құқық бұзушылықтан объективтік жағының белгісі бойынша ерекшеленеді;
г) кейбір жағдайларда объективтік жақ іс-әрекетті саралауға ықпал етеді және сонымен қатар іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі дәрежесін бағалауға да ықпал етеді.
Объективтік жағы қылмыстың сырт жағын сипаттайтын белгілерін құрайды. ''Қылмыстық объективті жағы дегеніміз сырт жағынан уақиға мен құбылыстардың даму дәйектілігі тұрғысынан қаралатын заңмен қорғалған мүддеге қоғамдық қауіпті және заңсыз қол сұғу процесі болып табылады және бұл субъектінің қылмыстық әрекетінен басталып, қылмыстық нәтижеге жетумен аяқталады''. Демек, қылмыстың объективтік жағы келесі белгілерді қамтиды: іс-әрекет, қылмыстық салдар және қылмыс пен салдар арасындағы себепті байланыс. Парақорлық құрамының объективті жағының міндетті белгісі оның қоғамдық қауіпті іс-әрекетiнiң болуы.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311 бабында мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, егер мұндай іс-әрекет мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттілігіне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылық немесе қызметі бойынша жол берсе пара алу болады делінген.
Пара алудың заңдық құрамы бұрынғы заңдарға қарағанда едәуір жетілген, бірақта оның кейбір мәселелері қылмыстық құқық теориясында, сот тәжірибесінде әлі күнге даулы болып табылады. Пара алу құрамынан объективтік жағынан бірнеше белгілерi бір жүйеге келтірілген онша дау туғызбайды, соның бірі –параны адамның осы делдал арқылы алу. Соның бірі парақор адамның өзі неемсе делдал арқылы алу. Бұл екі жағдайда да “іс-әрекетте қылмыс құрамы орын алады. Сондай-ақ пара субъектісі болатын адамның пара үшін жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігі деген ұғымда онша даулы емес, сот тәжірибелерінде бұл мәселеде көп қиындығы жоқ, яғни әрекет немесе әрекетсіздік деген ұғым лауазымды адамның пара алуға байланысты белсенді немесе енжарлық қимылын бейнелейтінін түсінеміз. Параны алудың ашық немесе көмескі түрлерді де онша қиындық туғызбайды. Параны ашық алу деген бір қолдан екінші қолға пара затын тікелей өткізу, ал параның көмескі түріне сырттай қарағанда заңды болып көрінетін, бірақ пара алу субъектісінің көрсетілген қызметі үшін істеліп отырылған заңсыз іс-әрекеттер (мысалы, картадан өтірік ұтылу, жақсы демалыс ұйымдастыру, қайтарымсыз қарыз беру және т.б.)
Заңның лауазымды мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның параны ''пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті '' ережесі де онша дау туғызбайды. Мұндай пара берушінің тікелей өз мүддесі, туыстары, таныстықтарын мүддесі сондай-ақ заңды тұлғалардың мүддесі туралы сөз болып отыр.
Пара алудың объективтік жағынан басқа белгілері туралы теорияда да, сот тәжірибесінде де біркелкі түсінік жоқ. Оның бәрі пара үшін жасалатын іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің мәні мен мазмұнына байланысты болып отыр.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 бабының 1 бөлігінің диспозициясында көрсетілгендей мемлекеттік қызметкер атқаруға уәкілетті адам немесе соған теңестірілген адам (пара алу субъектісі) параны өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып төмендегі жағдайларға байланысты алады:
а) пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына өзінің қызметтік өкілдігіне кіретін іс-ірекеттерді жасау;
б) пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына өзінен қызметтік өкілеттігіне кірмейтін іс-әрекеттерді өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып жүзеге асыру;
в)жалпы қамқоршылығы мен қызметі бойынша жол беру.

2.3. Пара алудың субъектісі.

Мемлекеттік қызметпен мемлекеттік жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметі мүддесіне қарсы қылмыстың ерекше белгісі болып оларды арнайы субъектілердің жасауы, яғни жалпы субъектімен салыстырғанда белгілі ерекшеліктерімен сипатталатын адамдардың жасауы болып табылады. Арнайы субъект белгісінің ерекшелігі төмендегі мәселелерден көрінеді:
Олар қылмыс құрамының негізгі белгісі болып көрінеді, бұларсыз осы құрам болмайды;
Қылмысты саралау немесе ауырлату жағдайында қылмыс құрамын құрайтын саралау белгісі болып көрінеді.
Пара алу құрамын талдау осы қылмысчтық субъектілері болып қызметкерлердің төрт санаты болуы мүмкін деген қорытындыға келуге негіз бар. Олар:
Мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдар;
Мемелекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдарға теңестірілгендер;
Лауазымды адамдар;
Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар;
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегі заңымен Қылмыстық кодекстің 13 тарауында елеулі өзгерістер, толықтырулар енгізілді. Осыған байланысты тараудың аты мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар деп аталады. Осы тараудағы көптеген қылмыстық баптардың диспозициясы өзгеріске ұшырады. Соның ішінде парақорлықтың ұғымының белгілері, оның субъектісіне байланысты тың жаңалықтар орын алды. Бұрыңғы осыған дейінгі уақытта пара алу субъектісі тек лауазымды тұлға болса, жаңа өзгерістерге сәйкес пара алу субъектісінің қатары өсті, енді парақорлық субъектісіне мемлекеттік қызмет атқарға өкілетті адамдар не оған теңестірілген адамдар келіп қосылды. Қылмыстық заңда мұндай тұлғалардың түсінігіне заңдылық анықтама ҚР Қылмыстық кодексінің 307 бабынан ескертуінде берілген. Осыған орай мемлекеттік қызметті атқаруға өкілетті адамдарға лауазымды адамдарды, Парламент мәслихаттарының депутаттары, судьялар және Қазақстан Республикасының мемлекет қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.
Мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдарға: жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Респуликасының Президентінің, Республика Парламенті мен мәслихаттарының депуттатығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдардың мүшелігіне кандидаттар ретінде тіркелген азаматтар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбегіне ақы мемлекеттік бюджеттік қаражатынан төленетін қызметшілер, мемлекеттік органдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйымдарды басқару қызметін атқаратын адамдар теңестіріледі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне енгізілген осы жаңалыққа сәйкес бұдан былай барлық мемлекеттік қызметшілер, басқа да қызметшілер парақорлық субъектісі болып табылады. Демек, парақорлық субъектісінің саны бұрынғы заңға қарағанда едәуір ұлғайды. Лауазымды адамдар ендігі жерде парақорлықтың ауырлататын белгісінің субъектісі болды. Бұрынғы заңда парақорлық субъектісі тек лауазымды тұлға болса, енді пара алудың негізгі құрамының субъектісі болып мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті және соған теңестірілген адамдар табылады. Осы заңға енгізілген толықтырулар мен өзгертулердің түсініксіз жақтары да бар. Біріншіден бұл қылмыстық заңға енгізілген өзгеріс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңда көрсетілген субъектілер тізімін өзгертпестен енгізген Мемлекеттік қызметші мен лауазымды тұлға деген түсініктердің арасы жойылып кеткен. Екіншіден осы заңда мемлекеттік қызмет атқаруға өкіллетті адамдарға – лауазымды адамдар жатады деп тікелей айтылған. Сонда осы ҚК-тің 307-бабының ескертуінің бірінші бөлігінде көрсетілген лауазымды адамдардың, осы ескертудің үшінші бөлігінде айтылған лауазымды адамдардан қандай ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Полную версию материала можете скачать через 50 !!!!

Автор: nurgul95 | 381 |


Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Кукык курстық жұмыстар, ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ, курстык ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Кукык ку, Курстық жұмыс: Құқық | ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін