Экономика | Қазақстанның 2030-ға дейінгі кезең даму стратегиясы

 Экономика | Қазақстанның 2030-ға дейінгі кезең даму стратегиясы

Мазмұны
Кіріспе ......................................................................3
1.1. Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз даму парадигмасы, оның қалптасуы және жүзеге асуы .......4-13
1.2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәдени дамуы тұжырымдамасының қалыптасуы ................13-18
1.3. Қоғамды демократияландыру жаңартудың тұжырымдамасы және оның негіз қалаушы элементтері .........18-28
1.4. Қазақстанның 2030-ға дейінгі кезең даму стратегиясы ...................................28-29
Қорытынды .......................................................................................................................30-31
Пайдаланылан әдебиеттер ...................................................................................................32

Кіріспе
Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1990 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге дейін қол жеткізген бұл мекенде талай мемлекеттер шаңырақ көтеріп, өркендегеннен, кейін тарих сахнасынан біржола өшкенін білеміз. Бұл мемлекеттік бірлестіктер халқының басым бөлігі ежелгі түрік халықтары болды. Түрлі тарихи жағдайларға байланысты мемлекеттер пайда болып, жойылып отырды, ал халықжаңа жағдайға бейімделіп келді.
1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия құрлығының жүрек тұсындағы ежелден ұлы дала атанған ұлан – ғайыр өлкеде жаңа мемлекеттің дүниеге келгенн паш етті. Санаулы сағаттардан кейін әлемнің әр тарапындағы алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттық аңсаған қаһарман халықтың тәуелсіздігін таныған қуанышты хабарлар әлемдік ақпарат құралдары арқылы дүниенің төрт бұрышына түгел тарап жатты.
Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы тек патша отаршылдары мен кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы 200-ден астам ұлт азаттық көтерілістерге шыққан екен. Соның ең соңғысы тоталитарлық жүйенің темір құрсауын талқандауға арналған қазақ жастарының желтоқсан қозғалысына да 20 жыл толды. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады.
Тәуелсіздік – біздің халқымыздың сан ғасырлық қаһармандық тарихының ажрамас бөлігі.
1.1. Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз даму парадигмасы, оның қалыптасуы және жүзеге асуы.
Кайта құрудың соңына қарай Кеңес Одағының орталық органдарының билігі әлсіреп, керісінше одақтас республикалардың құқықтары күшейе түсті. Алдымен Ресей Федерациясы, Украина КСР-ы өздерінің сгемендік-терін жариялады. Одақғы реформалауга бағытталған жаңа Одақтық шарттың жобасы жасалыгі жатты. Осындай жағдайда 1990 жылы 25 қазанда республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі туралы Декларация кабылдады1. КазКСР Жоғарғы Кеңесі К^зақстан халқының еркін білдіре отырып, ұлттардың езін-езі еркін билеу құқығын тани отырып, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, демократиялық., құқықтьгқ мемлекет құруды негізге алыл, Казақ КСР-нің мемлекеттік егемендігін жариялады және осы Декларацияны кабылдады.
Декларация 17 баптан тұрды Қазақ КСР-і егемен мемлекет, ол басқа республикалар мен егеменді Республикалар Одағына ерікті түрде бірігеді және өзара қатыпастарып шарттық негізде құрады. Одақтан еркін шығу құқығын сақтайды. Декларацияда алғаш рет КазКСР-і ұлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады деп жазылды. Бұрын бұл қызметтер Одақтық органдарға тиесілі еді.
ҚазКСР-нің территориясының өзгсрмейтіндігі бекітілді.
Республиканың барлық ұлт азаматтары Қазақстан халқын құрайды, әрі КазКСР егемендігінің бірден-бір иесі жәнс мемлекеттік өкімет билігінің негізі болып табылады дсп керсстілді. Республика халқы атынан ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің іс-қимыл жасауға құқығы бар.
Қоғамдық, саяси, діни ұйымдарға мемлекет пен қоғам өміріне катысуы үшін кепілдіктер берілді. Мұндай нормалар ол кезең үшін демократиялық өзгерістер қатарына жатты.
Мемлекеттік өкімет билігі заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу принципі бойынша жүзеге асырылды.
Заң шығару Жоғарғы Кеңеске берілді. Президент республиканың басшысы болды және ең жоғары әкімшілік — атқарушы билік болып есептелді. Сот билігін Жоғарғы сот жүргізді. ҚазКСР Бас прокурорының кандидатурасын Республика Президенті КСРО Бас прокурорымен келісе отырып ұсынады жоне оны ҚазКСР Жоғарғы Ксңесі бекітеді.
Алғаш рет ҚазКСР территориясында, оның өз еркі-мен одаққа берген мәселелерін қоспағанда, ҚазКСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігі орнатылады деп жазылды. Бүл егемендіктің езекті қағидаларының бірі сді. Осыған орай ҚазКСР-і өз егемендігіне қайшы келетін одақ зандарын тоқтата алды.
Меншіктің алуан түрлілігі және олардың теңдігі қамтамасыз етілді. Республика өз бюджетін дсрбес калыптастырады.
Республикада ядролық каруды сынауға, ол үшін полигондар салуға тиып салынды.
ҚазКСР-нің өз ішкі әскерлерін, мемлекет кауіпсіздігі және ішкі істер органдарын ұстауға құқылы болды.
ҚазКСР-і халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына дсйінгі ұйымдарға қатысуға құқылы болды.
Қазақстанның егемсндік құқықтарын ҚазКСР-і мен Одақ жүзеге асырды. Бірақ оның ажырағысыз егемендігін ешкім бұза алмады.
Декларация Одақтық шарт жасау, ҚазКСР-нің жаңа Конституциясын, егемендік мәртебесін жүзеге асыратып заң актілерін жасауға негіз болып табылды.
Егемендік Дскларациясын қабылдау шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болып, тәуелсіздікке жету жолындағы соңғы саты болып табылды. Сондықтан да кейінірек егемендік Декларация қабылданған 25 қазан Рсспублика күні мерекесі болып бекітілді.
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-інің атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.
Қазақ халқының ғасырлар бойы тынымсыз тәуелсіздік жолындағы жүргізген құресі жүзеге асты. Осы 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституішялық заңы кабылданып, онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды. 7-тарау, 18-баптан тұрған бұл заң Қазақстанның мемлекеттік-құкықтық тарихының жаңа тәуелсіздік бетін ашты. Заңның 1-бабы былай жазылды. Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді. Қазақстан Республикасы территориясында тек өз заңдары және ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. Конституциялық заңның 2 тарауы (6-8 баптар) Қазақстан Республикасы ұлттарының азаматтары біртұтас Казақстан халкын құрайды, бұл халық егемендіктің бірден-бір иесі, мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады, азаматтар барлық жағынан тең құқықка ие екендігі көрсетілді. Қазақ халқы мен Казақстан Республикасында тұратын басқа ұлт өкілдерінің тілі, мәдениеті мен дәстүріне ерекше мән беріліп, олар мемлекет қамқорлығына алынды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік өкімет органдарына арналған 3-тарауда биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бөлінуі бекітілді. Қазақстан Республикасы халқы атынан сөйлеу құқығы Қазақстан Республикасы Жогарғы Кеңесі мен Президентіне берілді. Мұндай құқык, егемендік Декларациясыңда тек Жоғарғы Кеңеске берілгсн еді. Енді Президештің билігі өсіп, ол Республика халқы атынан сөйлеуге құқықты болып, Қазақстан Республикасының басшысы және атқарушы өкіметі болып табылды. Атқару билігі толығымен Президент қолына шоғырланды.
Сот билігін Қазақстан Республикасыпың Жоғарғы соты мен Жоғарғы Арбитраждық соты атқарды. Конституциялық сот туралы норма кіргізіліп, ол Конституцияны сот арқылы қорғайтын Жоғарғы орган болып табылды.
Осы заң бойынша мемлекеттік өкімет органдарының құрылымына елеулі өзгерістер енді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздеріне арналтан 4-тарауда жер, су, әуе кеңістігі, табиги ресурстар, экономикалық, және ғылыми-тсхникалық потенциал Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің негізін құрай отырып тек қана соның меншігінде болады деп көрсетідді. Меншіктің көп түрлілігі және олардың теңдігі қамтамасыз етілді.
Заңда тәуелсіздікті қорғау үшін Қазақстан Республикасы-ның өз қарулы күштерін құратыны, өз территориясында әскерлер, қару-жарақ пен техника құру мәселелерін шешетіні айтылды. Қазақстан Республикасы территориясына қол сұғылмайды.
Осылай Қазақстан Республикасының тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданып, оны қорғау мен дамытудың да негіздері қаланды.
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Рспубликасы І-Конституциясы қабылданды. Конституция Жобасы бүкіл халықтық талқылаудан өтті.
Конституция преамбуладан, «Конституциялық құрылыс негіздері» деген арнайы бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрады.
Ата Заң жеке кәсіпкерлікті де қамқорға алған. Оның еркіндігіне кепілдік беріледі. Қорғау мен қолдау қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ конституцияда заңды бәсскелестікті шек-теуге немесс жоюға, негізсіз артыкшылық алуға, тұтынушылардың мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған монополистік және өзге де кез келген қызметке жол берілмейді. Бұл ереже де нарықтық қатынастарды кеңінен дамытуға арналған.
Қорғамдық бірлестіктердің, құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға мемлекет кепілдік береді.
Мемлекет пен қоғамдық бірлестіктердің қызметі бір-бірінен болінген. Мемлекет қоғамдық бірлестіктердің жұмыстарына заңсыз араласа алмайды.
Саяси мақсат кездейтін бірлестіктердің негізгілері саяси партиялар. Ата Заңда олардың қызмет аумағы былай анықталған: "Партиялар азаматтардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруіне жәрдемдеседі". Басқа мемлекеттердің саяси партияларының және діни негіз-дегі саяси партиялардын, біздің елімізде қызмет етуіне жол берілмейді.
Қоғамдық бірлестіктердің ауқымды тобы діни бірлестіктер. Олар мемлекеттен бөлінген әрі діни насихат пен атеизмнің ешқайсысына артықшылық берілмейді. Оларға мемлекет тең карайды.
Кез-келген қоғамдық бірлестік белгілі мемлекеттік органдарда тіркелген соң ғана қызметке кіріс алады.
Ата Заңдағы ең ірі және өзекті бөлім "Мемлекет, оның органдары және институттары" мемлекеттік билікті болу мен біріктіруге арналады. Бөлім "Жалпы ереже", "Жоғарғы Кеңес", "Президент", "Министрлер кабинсті", "Мемлекеттің аймақтық ұйымдастырылуы және жергілікті басқару, "Сот", "Прокуратура", "Қаржы", "Қорғаныс және қауіпсіздік деген тараулардан тұрады.
Мемлекеттік билік біртұтас. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері мемлекеттік биліктің үш тармағы болып табылады.
Билікті дербес тармақтарға бөлу терең демократияға негізделген. Жоғарғы Кеңесті де, Прсзидентті де халық тікелей сайлап қояды.Ал жоғарғы сот органдары болса Жоғарғы Кеңесте Прсзиденттің тікелей араласуымен сайланады.
Бұрынғы конституцияларда Жоғарғы Кеңес мемлекеттік биліктің жалғыз жоғарғы органы болып табылатын және республиканың ішкі-сыртқы саясатының барлық мәселелерін шеше алатын. Бірақ бұл шешімдерді ол тек Компартияның басшылығы, нұсқауы немесе келісімі арқылы ғана шеше алатын. Мұның өзі оның қызметінің шектеулі болғаның көрсетеді.
Жаңа Конституцияда Жоғарғы Кеңестің сипаты өзгерді. Ол бірден-бір заң шығарушы және ең жоғарғы өкілді орган болып табылады. Бірақ бұрынғыдай мемлекеттік биліктің жалғыз жоғарғы органы емес, биліктің бір тармағы ғана.
Ата Заңда Жоғарғы Кеңеске көптеген өкілдіктер берілген. Оның қызметінің негізгі бағыттары 12-тарауда көрсетілген. Жоғарғы Кеңес кәсіптік парламент ретінде тұрақты қызмет етеді, сондықтан оның депутаттары басқа жерде қызмет істей алмайды, басқгі өкілді органға депутат та бола алмайды. Конституция Жоғарғы Кеңес депутатының беделін арттырып, әр депутатты бүкіл республика халқының өкілі деп жариялады.
Тұрақты парламент бес жылға сайланады. Жоғарғы Кеңес төменгі өкілді органдарга тікелей басшылық жасамайды. Өкілді биліктің жоғарыдан төменге дейінгі біртұтас жүйесі қарастырылмаған, олардың әрқайсысы өз алдына дербес.
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы Негізгі Заң болды. Ол ұлкен тарихи, саяси-құқықтық роль атқарды. Дегенмен Конституцияны Кеңес дәуірінде сайланған Жоғарғы Кеңестің кабылдауы өз таңбасын қалдырды. Ұзамай ол қайшылықтар өсіп, жаңа Конституция қабылдауға негіз болды.
1993 жылғы Конституция қайшылықты, өтпелі кезеңде кабылданды. Әлі де көп мәселелер шешімін таба алмады. Бірнеше ауқымды мәселелер бойынша елде ұзақ пікірталас, даулар болды. Олардың ішінде: қос азаматтық; тіл мәселесі ұлттық мемлекет пен азаматтық қоғам құру ма?; окімшіліктер мен кеңестер арасындағы қайшылықтар; Жоғарғы Кеңес пен Үкімет арасындағы кайшылықтар болды. Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен бұл мәселелер шиеленіске жіберілмей кезең-кезеңімен саяси және құқықтық тұрғыдан шешіледі.
Н.Ә.Назарбаевтың 1992 жылы жарық көрген "Казақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" және "Қазақстанның болашағы оның идеялық бірлігінде" (1993 ж.) атты кітаптарының ролі ерекше болды. Бұл кітаптарда көп ұлтты тәуелсіз Қазақстан халқының жаңа демоқоатиялық нарықтық негізде топтасуы мен еңбек етуінің теориялық негіздері қалыптасты. Кездескен қайшылықтарды шешіп, демоқратия, нарық, құқыктық мемлекетке аяқ басудың жолдары анықталды.
Казақстан Республикасының "Азаматтық туралы" заңы қабылданып (1991 жылы желтоқсан), елде қос азаматтықка жол берілмеді. ТМД елдерімен тарихи байланыстарды ескеріп, азаматтық алудың өзара жеңілдетілтен жолдары кіргізілді. Тіл және азаматтық мәселесін желеу етіп Қазақстан Республикалары құрамында ұлттық автономиялы бірліктер құруға әрекет етушілерді халық қолдамады. Тіл мәселесі 1993 жылғы Конституцияда толық шешімін таба алмағанымен 1995 жылғы Конституцияда және Қазақстан Республикасының жаңа "Тіл жөніндегі заңында" жаңаша шешімін тапты. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде тең қолданылатын болды. Мемлекет барлық халықтар тілдерін үйрену мен дамытуға жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
1993 жылы жергілікті кеңестер мен әкімдер, Үкімет пен Жоғарғы Кеңес арасындағы қайшылық шегіне жетті. Бірақ Қазақстанда Президент Н.Ә.Назарбасвтың салмақты да
салиқалы саясаты арқасында Ресейдегідей қақтығыстарға жол берілмеді. Кеңестер Қазақстанда тарих сахнасынан жаңа құқықтық жүйеге үйлесе алмай, біртіндеп өз еркімен кетті. Дегенмен әкімшілік жүйеге қарсы жергілікті және Жоғарғы Кеңес тарапынан да қатты қарсылықтар болды. 1993 жылғы Консгитуция бойынша, әсіресе жергілікті жерде қос өкіметке кеңестер мен әкімдерге заңды база жасалған еді. Мұның өзі болашақта біртіндеп биліктің ажырауына алып келе жатты. Кеңестер мен әкімдер арасындағы
кайшылық жергілікті кеңестердің өзін-өзі таратуына алып келді. Мұның соңы XII сайланған Жоғарғы Кеңестің 1993 жылы 13 желтоқсанда өзін-өзі таратуына апарып соқты. Осылай 1990 жылы сәуірде сайланған Жоғарғы Кеңес мерзімінен бір жарым жылдай бұрын өзін-өзі таратты. Бұл Жоғарғы Кеңес тұсында ҚазКСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы (1990.25.10.) Қазақстан Республлкасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңы (1991.16.12.), Қазақстан Республикасының Конституциясы (1993.18.01.), барлығы 265 жаңа заңдар кабылданды.
Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыруда 2015 жылға дейінгі мерзімге есептелген нақты бағдарлама әзірленіп, қабылданды.
Жалпы құны 84 миллиард теңгеге бағаланатын 54 жобаны іске асырып жатқан ұлттық инновациялық қор құрылды. Капиталдануының жалпы көлемі шамамен 700 миллион долларлық отандық және шетелдік венчурлық қорлардың жүйесі қалыптасты.
Қазақстанның болашағы біздің геосаяси транзиттік артықшылықтарымызды тиімді пайдалануға тәуелді болмақ.
Біз бұл жерде жүйелі жұмыстар үшін еліміздің 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын қабылдадық.
Біз Еуропадан Қытайға, Жапонияға және Оңтүстік –Шығыс Азияға қысқа телекоминикациялық бағытқа айналатын Ұлттық ақпараттық супермагистраль құру жобасын табысты іске асыруға тиіспіз.
"Электрондық үкіметті" кұруды аяқтауға, біздің казақстандық тұңғыш жерсерігінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға тиіспіз. Біз еліміздің аумағы мен жер қойнауларының мониторингін камтамасыз ететін екінші жерсерігін ұшыруға тиіспіз.
Қазақстанның өркендеуі экономиканың орасан әлеуетке ие энергетикалық саласын жаңарту мен тиімді пайдалануға көп тәуелді болмақ.
Қазіргі уақытта біздің еліміз табылған мұнай қоры бойынша әлемдегі алғашқы ондыкқа кіреді. ОПЕК-ке кірмейтін елдер ішінде Қазақстан мұнай қоры жөнінен екінші орынды иеленеді. Кемірсутегінің жалпы болжамдык ресурсы шамамен 12-17 миллиард тоннаға бағалануда.
Бұл таяу болашаққа көмірсутегін өндіру жөнінен өлемде жетекші орынға шығатынын білдіреді. Әлбетте, мұндай ресурстар Қазақстанның әлемдегі мұнай державаларының бірі ретінде карастыруға мүмкіндік туғызады. Бұл әлемдік энергетикалық рынокта біздің жаңа геостратегиялық рөлімізді сезінуімізді және алдағы 10-15 жылдағы энергетикалық саясаты дамытуды талап етеді.
Барлық межелерге кол жеткізуде,соның ішінде одан әрі экономикалық өсу және ұлттың әл-ауқатын арттыру көп жағдайда біз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қаншалықты камтамасыз етуімізге катысты болмақ.
Ал бұл белең алып келе жатқан тұрақсыздығы бізді алаңдататын Азиядағы қауіпсіздікке тікелей қатысты. Таяу Шығыстағы және Ауғанстандағы ұзаққа созылған қақтығыстар тұрақтылықтың елеулі қатері ретінде қалуда. Барынша күш-жігер жұмсауға карамастан жаппай қырып жоятын каруды тарату үдерісі жалғасуда.
Азия үшін есірткі трафигі, адам және қару саудасы, заңсыз көші-қонның күш алып бара жатуы күрделі проблемалар күйінде қалуда.
Мүндай жағдайда біз Азиядағы өзара ықпалдастық жөне сенім шаралары жөніндегі кеңес шеңберінде стратегиялық үнқатысуды белсенді дамытуға тиіспіз.
Барша орталықазиялық өңірінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мейлінше қолдау көрсету біздің ұлттық мүдделерімізге сай келеді, бұл біздің стратегиялық мақсаттарымызға қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызбақ.
Әлбетте, инновациялық экономиканы құру жөне елдің технологиялық секірістің басты шарты адам дамуы болып табылады. Экономиканың өркендеуімен бірге мәдениет пен өнердің, қазақ тілінің, халкымыздың дәстүрлері мен өмірлік философиясының гүлденуі тең қатар жүруі тиіс. Өкінішке орай, қазіргі өркениеттің күйреуі біздің уақытымыздың сипаттарының біріне айналуда.
Қазақстан Еуразия жүрегінде, ислам, христиандық жөке буддизм сиякты өлемдік үш діңнің түйіскек түсында орналаскан және біздің коғам дүние жүзіне түрлі мәдениет-тер мен өркениеттердің бейбіт қатар өмір сүруінін бірегей өнегесін көрсетуде.
Оны үш әлемге бөлуді жалғастыруда: либералдық демократиялы елдерді атайтын дамыған, өтпелі кезендегі елдер енгізілген "екінші" және көнерген саяси режімдердің "үшінші" әлемі.
Біріншісі: бәсекелес, иннова-циялық, технологиялық, ақпарат-тық әлем.
Екіншісі: бөсекелесе алмайтын, тоқыраған, технологиясы төмен, артта калған әлем.
Табиғи ресуретарға иек арта отырып, өз "игілік аралын" сақтауға деген әрекет бұған дейін орнықты экономикалық өсу мен халықтың өмір сапасын арттыруға бірде-бір рет қол жеткізе алған жоқ жөне қол жеткізе де алмайды.
1.2 Қазақстан республикасының әлеуметтік-мәдени дамуы тұжырымдамасының қалыптасуы......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!