Экономика | Қазақстан Республикасының және халықаралық валюталық рет
Мазмұны
І Кіріспе …………………………………………………………………………………………....5
1. Валюта бағамымен валюта нарығының түсінігі
1.1 Валюта, валюта қатнастары және валюталық операциялардың түрлері ….6
1.2 Халықаралық валюта жүиесінің даму эвалюциясы ……………………….12
1.3 Валюта нарығының түсінігі мен мәні ………………………………………15
2 Қазақстан Республикасының валюта нарығымен валюталық саясат
2.1 Қазақстан Республикасының валюта жүиесі ………………………………22
2.2 Қазақстан Республикасының валюталық реттеулер және нормативті құқық базасы……………………………………………………………………………..……25
2.3 Халықаралық валюта – қаржы және несие қатынастары жүйесінің перспиктивалары………………………………………………………………………29
Қорытынды …………………………………………………………………...…..39
Пайдаланылған әдебиеттер ………………………………………………….…..40
Кіріспе
Қазақстан Республикасы экономиканы тұрақтандыру, оны терең құрылымдық, валюталық және әлеуметтік дағдарыстан шығару бойынша бірқатар реформаларды қолға алды, бірақ бұл шаралар ойдағыдай нәтижелер бермеді. Қазақстанда ашық экономика принципі жарияланған еді. Бұл принцип оның әлемдік шаруашылық байланыстар мен халықаралық еңбек бөлінісіне біртіндеп кіруінің қажетті шарты болып есептеледі.
20 ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражатжәне валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды, дамытуды, жаңа валюта нарықтарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық –қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Халықаралық валюта жүйесінде дүниежүзілік шаруашылық валюталық қатынастарды қамтиды. Жалпы валюта итальян сөзінен сөзбе-сөз аударғанда құн деген мағынаны білдіреді. Яғни ол елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекшк формасы болып табылады. Валюта қандай да бір ұлттық ақша бірлігінде көрсетілген және халықаралық есеп айырысуларда қолданылатын кез келген төлем құжаты немесе ақшалай міндеттеме. Ол шетелдік, яғни шетел мемлекеттерінде айналыста жүрген және оның заңды төлем құралы болып табылады.
Бірақ та мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқысында ол жанама түрде кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы маңыздылығы ескере отырып тікелей араласа бастады.
Валюта нарығы – ол қаржы нарығының құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін, оның анағұрлым маңызды бөлігі болып табылады. Бұл валютаны тұтынушылар мен сатушылар арасында өзара құқықтық және экономикалық қатынастарды орнатуға көмектесетін механизм, түрлі негізгі келісімдерді жасауға мүмкіндік береді. Жалпы мұндай қатынастар ел экономикасының даму деңгейі және шарттары мен, сонымен қоса оның сыртқы экономикалық байланыстарымен анықталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу 2 түрде жүзеге асырылады:
1. Нарықтық реттеу
2. Мемлекет тарапынан реттеу;
1Валюта бағамы мен валюта нарығының түсінігі.
1.1 Валюта, валюта қатнастары және валюталық операциялардың түрлері
Халықаралық валюталық қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель бойынша есеп айырысулар жүргізілген.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішінде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен. Сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орны ерекшелігін көрсетеді.
Капиталдың шеңбер айналысы процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді. Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс процесіне кері әсерін тигізеді.
Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.
Кез келген елдің валюта саясаты ағымдағы немесе ұзақ мерзімдік мақсаттарға сәйкес екі түрге бөлінеді:
- құрылымдық;
- ағымдық.
Құрылымдық валюта саясаты – барлық елдердің өзара әсерлесу принциптерін жетілдіруге бағытталған валюталық реформалар формасында жүргізіледі. Ол жекелеген валюталардың жағдайын күшейту және артықшылыққа қол жеткізу үшін жүргізілетін күреспен байланысты болады. Сонымен бірге құрылымдық валюталық саясат тенденциясының қалыптасуына ықпал етеді.
Ағымдық валюта саясаты дегеніміз – валюталық бағамдарды, валюталық жағдайларды және бағалы металдар нарықтарының қызметін реттейтін қысқа мерзімдік шаралар кешені.
Валюта саясаттың элементтері мен формалары өз ретінде мынандай факторлардың пайда болуына әсер етеді:
- әлемдік шаруашылықтың дамуы;
- елдің экономикалық жағдайы;
- әлемдік аренада күштерді орналастыру.
Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшартпен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
Ұлттық валюталық жүйе.
Дүниежүзілік валюталық жүйе.
Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе – елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты.
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
- Ұлттық валюта бірлігі;
- Ресми алтын-валюта қорының құрылымы;
- Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын механизмі;
- Валютаның айырбасталу мүмкіндігі;
- Валюталық шектеулердің деңгейі;
- Мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі.
Дүниежүзілік валюталық жүйе – бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды.
Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық қағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтарды олардың негізгі элементтерінен көрінеді.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері
Ұлттық валюталық жүйе Дүниежүзілік валюталық жүйе
1) Ұлттық валюта 1) Резервтік валюталар
2) Ұлттық валютаның алмастырылу шарты 2) Валюталардың өзара алмастырылу шарты
3) Ұлттық валюта паритеті 3) Валюталық паритеттерінің ортақ режимі
4) Ұлттық валюта бағамының режимі 4) Валюталық бағамдар режимінің регламентациясы
5) ) Валюталық шектеудің, валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы 5) Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу
6) Елдің халықаралық валюталық өтімділігін ұлттық реттеу 6) Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетарлық реттеу
7) Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдалануды регламенттеу 7) Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдаланудың ережелерінің біртұтастығы
8) Елдің халықаралық есеп айыысуларын регламенттеу 8) Халықаралық есеп айырысудың негізгі формаларының біртұтастығы
9) Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының режимі 9) Дүниежүзілік валюталық нарықтар мен алтын нарықтарының режимі
10) Елдің валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтін ұлттық ұйымдары 10) Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар
Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) – бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу – экономикалық формасындағы қатынастарды білдіреді.
Мұндағы, валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.
ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.
Егер де ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Валютаның курсы дегеніміз – жекелеген елдердің валюталарының ара қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының «бағасы».
Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пе валюталық бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық иетервенция жүргізуде пайдаланатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.
Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы.
Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнелейтін бағасы.
Валюталық бағамның қажеттігі:
1) тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
2) Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндық көрсеткіштерін салыстыруға;
3) Фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз
қайта бағалап отыруға.
Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:
Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса, ол елдің валютасының төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.
Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы акивті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсіп, ұлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышқорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын төмендетеді.
Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады: а) Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен, қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мәнінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына жол береді; ә) пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және ссудының капиталдар нарығына әсер етеді, яғни шетелден арзан несие алып, оны ішкі нарыққа орналастырады.
Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар. Егер қандай да бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.
Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60-70% операцияларын АҚШ ($) долларымен жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.
Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар бағамына әсер етеді.
Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі.
Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның динамикасына әсер етеді.
Валюталық нарық – бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланатын санына қарай валюталық нарықтар үшке бөлінеді: халықаралық, аумақтық және ұлттық (жергілікті).
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында орналасқан. Оның ішінде, Хондайдағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на- Майнедегі, Париждегі, Цюрихтегі, Токиодағы, Сингапурдағы, Гонкконгтағы ірі валюталық нарықтарда халықаралық төлем айналымында кеңінен пайдаланатын валюталар ұлттық валюталық нарықтарда белгілі бір еркін аумастырылады, мысалы: Сингапур – доллары, Сауд – риалы, Кувейт – динары т.б. орналасқан банктер өз клиенттеріне валюталық қызметін түсіндіреді.
Валюталық нарықтағы операцияларға банктік функциональдық көзқараспен қарасақ, валюталық нарық – халықаралық есеп айырысу, валюталық интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететін валюталық операциялардың жиынтығы.
Институтционалдық жағынан қарасақ, валюталық нарық – Үкіметтің, банктердің, инвестициялық компаниялардың, биржалардың, брокерлік конторлардың және шетелдік банктердің жиынтығы.
Ұйымдастырылу техникалық жағынан алсақ, валюталық нарық – банктерді халықаралық есеп айырысу және валюталық операцияларды жүзеге асыру барысында өзара байланыстыратын коммуникациялық жүйелердің жиынтыңғын білдіреді.
Валюталық нарық белгілеріне қарай мынадай түрде жіктеледі:
1. Орналасу аумағына қарай:
халықаралық;
ішкі;
аумақтық;
2. Валюталық шектеуге қатысты:
еркін нарық;
еркін емес;
Валюталық шектеу қойылған валюталық нарықты – еркін емес нарық деп, ал валюталық шектеу қойылмаған жағдайда оларды еркін валюталық нарық деп атауға болады.
3. Валюталық бағамның қолданылу түріне қарай:
бір ғана режимді;
қос режимді;
Бір ғана режимді валюталық нарық – бұл еркін валюталық бағамға негізделген, яғни валюталардың өзгермелі бағамы биржадағы саудада белгіленеді.
Қазақстан Республикасында теңгенің арнайы валюталық бағамы 1999 жылы 5 сәуірден бастап, өзгермелі бағам режиміне өтті. Ал оған тіркемелі бағам қолданылып келді.
Тіркемелі бағам – Ұлттық банктің ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты айырбас бағамын анықтауда валюталық нарықтвғы сұраныс пен ұсынысқа араласуы нәтижесігде анықталатын бағам.
Еркін өзгермелі бағам – бұл валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде белгіленетін нарықтық бағамды білдіреді.
Еркін өзгермелі бағам арқылы Қазақстанның қор биржасында АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы анықталады. Осы биржада Рейтер агенттігінің кросс- бағамдары туралы теңгенің басқа валюталарға қатысты бағамы анықтайды.
Кросс-бағам – бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шекті қатынасы.
Кросс-бағамының (Кб) есебін мынадай формуламен беруге болады. Мысалға, теңгенің кросс-бағамын есептеу:
Шетел валютасының долларға қатысты бағамы
Кб (теңге) =
Теңгенің долларға қатысты бағамы
Валюталық бағамының бағалануына қарай : тікелей бағам және жанама бағам болып бөлінеді. Мұндағы тікелей бағам – шетел валютасына ұлттық валютаға қатысты бағамы. Мысалы, 1 АҚШ доллары = 147,50 теңге. Ал жанама бағам – бұл ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамы. Бірақ мұндай бағам түрі біз сияқты мемлекеттерде қолданылмайды....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?