Қаржы | ВАЛЮТА ЖҮЙЕ МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ

 Қаржы | ВАЛЮТА ЖҮЙЕ МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Мазмұны

КIРIСПЕ

I-ТАРАУ. ВАЛЮТА ЖҮЙЕ: МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1.1 Валюта жүйе: экономикалық мәні мен түрлері
1.2 Валюталық жүйенің негізгі элементтері: маңызы мен қажеттігі

II-ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ

2.1 Валюталық бағам және оның экономикадағы маңыздылығы
2.2 Төлем балансы валюталық жүйедегі елдер қатынастарының сауда жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіш


III-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


I-ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ: МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Валюта жүйесі: экономикалық мәні мен түрлері

Валюта ( италиян сөзi , сөзбе - сөз – құн ) – елдiң ақша бiрлiгi , оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы. Осы халықаралық немесе ұлттық валюта қатынастарының негізінде валюталық жүйе ұғымы пайда болады.
Ваюталық жүйе - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi .
Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығы бiлдiреді.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Римде вексель түрінде пайда болды. Яғни, оларда алғаш рет вексель жәрменкелері пайда болып, аудармалы вексель бойынша есеп айырысулар жүргізілді.
Шаруашылықтың интернационалдануы және әлемдiк еңбек бөлiнiсiн интенсивтендiрілуі халықаралық нарықтың құрылуына себепшi болды. Өндiрiс күштерiнiң дамуымен iшкi рыноктағы өркендеген салалардың өнiмiн сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетiлдiру – мiне осылардың бәрi әлемдiк сауда саттық байланыстардың кеңесiне әсер еттi. Яғни, сыртқы сауда жағдайларын, әр елдің валютасының құнын анықтау қажеттігі туындады. Алғашында мұндай айналыстарға елдер немесе аумақтар бойынша алтын қолданылса, ал осы заманғы күрделенген төлем жүйелерінің және төлем тәртіптерінің пайда болуына байланысты бұл валюталық қатынастар одан сайын күрделене түсті.
Әлемдегi елдердiң қарым – қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие жылдан – жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдағы ұдайы өндiрiс процесiнде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдiк нарыққа ұласады және де әрбiр егемен мемлекеттiң заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Елдердiң әлемдiк шаруашылыққа интеграциялауына ақша капиталының бiр бөлiгiнiң ұлттық ақшадан шетел валютасына және керiсiнше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта есеп айырылысу және несие – қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың ұлттық және әсемдiк экономиксының дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арсындағы күштердiң шектi қатынастарына тәуелдi болып келедi. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның iшiнде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломация мен комерция, өнер кәсiптiк сауда мен өндiрiс бiр – бiрiмен өзара бетеме байланысуы валюталық қарыс – қатынастардың ұлттық және әлемдiк шаруашылықтағы орны ерекшелiгiн көрсетедi.
Капиталдың шеңбер айналысы процесiнде ұлттық нарықтан әсемдiк нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық ақшалардың iшiндегi ақшалай капиталының бiр бөлiгi шетел валютасына айналады немесе керiсiнше . Ол көрiнiстi халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелiк және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндiрiстiң сыртқы факторларға: әлемдiк өндiрiс динамикасы; шетелдiк ғылым деңгейiне, халық аралық сауданың дамуына, шетел капиталы ағымына арта түседi. Сондықтан да бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндiрiстiң арасында тiкелей және керi байланыстың болатынын көрсетедi. Халықаралық сауданың дамуына, валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндiрiс процентiне керi әсерiн тигiзедi.
Дүниежүзілiк валюталық жүйелердiң арсындағы дағдарыс тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:
1. Ұлттық валюталық жүйе;
2. Дүниежүзілiк валюталық жүйе;
3. Аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе.
Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бiрiншi қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурсты сұрайтын және оны пайдалануға қөмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтық бiлдiредi.
Ұлттық валюта елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қолсыз формада (банктік шоттағы ақша қалдығы) бола алады. Оның эмитенттері Орталық және коммерциялық банктер.
Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Ұлттық валюта дүниежүзлiк валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілiк валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына қарай құрылған .
Дүниежүзілік валюталық жүйе – бұл халықаралық несие қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз ететiн халықаралық келiсiм шарттары мен мемлекет аралық құқұқтардың нормалар кешенiн құрайды . Бұл ереже шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.
Ұлттық және дүниежүзлiк валюталық жүйелер арасындағы байланыстар мен айырмашылықтары олардың негiзгi элементтерiнен көрiнедi. Оны келесi 1-ші суреттен көре аламы
Ұлттық валюталық жүйе
Дүниежүзілiк валюталық жүйе
1.Ұлттық валюта.

Резервтік валюталар, халықаралық есептесу валюталық бiрлiктері
2. Ұлттық валютаның алмастырылу шарты
Валюталардың өзара алмастырылуы
3. Ұлттық валюта паритетi.
Валюталық паритеттiң ортақ режимi
4. Ұлттық валюта бағамының режимi Валюталық бағамдар режимiнiң регламентациясы.

5. Валюталық шектеудiң, валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы Валюталық шектеудi мемлекет аралық реттеу

6. Елдiң халықаралық валюталық өтiмдiлiгiн реттеу. Халықаралық валюталық өтiмдiлiктi мемлекет аралық реттеу.

7. Халықаралық несиелiк айналыс құралдарын пайдалануды регламенттеу. Халықаралық несилiк айналыс құрылыстарды пайдаланудың ережелерiнiң бiртұтастығы

8. Елдiң халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу. Халықаралық есеп айырысудың негiзгi формаларының бiр тұтастығы

9. Ұлттық валюталық рынок пен алтын рыногiнiң режимi. Дүниежүзілiк валюталық рыноктар мен алтын рыноктарының режимi.

10. Елдiң валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтiн үлттық ұйымдар. Мемлекет аралық валюталық реттеудi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар.


Сурет-1 - Ұлттық және дүниежүзілiк валюталық жүйенiң
негiзгi элементтерi
Жаңа дүниежүзілiк валюталық жүйенi құру үш басты кезеңнен жүргiзiледi:
1-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың түзiлуiн, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.
2-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, бiртiндеп iске қосылады.
3-шi кезең, толық қызмет ететiн жаңа дүниежүзлiк жүйе құрылады.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес рөл атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептеу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюталық жүйе мен ұлттық валюталық жүйе арасындағы тығыз байланыс, сыртқы экономикалық қызмет көрсететін Орталық банктер арқылы жүзеге асырылады.
Аймақтық валюталық жүйе өнеркәсiбi дамыған елдердiң әлемдiк валюталық жүйе тереңдiгiне құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе – бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердiң қоғамдастық валюта аймағында ұйымдастырылуы – экономикалық формасындағы катынастырды бiлдiредi.
Валюталық жүйелердiң даму заңдылықтары ұдайы өндiрiс белгiлерiне байланысты анықталып отырып, ұлттық және әлемдiк шаруашылықтың негiзгi даму кезеңдерiн көрсетедi.
Дүниежүзілiк валюталық жүйелердiң арасындағы дағдарыс тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.
Жаңа дүниежүзілiк валюталық жүйенi құру үш басты кезеңнен жүргiзiледi:
1-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың түзiлуiн, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланысы сақталады.
2-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, бiртiндеп iске қосылады.
3-шi кезең, толық қызмет ететiн жаңа дүниежүзлiк жүйе құрылады.
Дүниежүзілiк ваюталардың жүйенiң мынандай эваолюциялары белгiлi:
1. Жаңа валюталық жүйенiң құрылуының алғы шарттары.
2. Париждiң валюталық жүйесi.
3. Генуэз валюталық жүйесi.
4. Бреттон – Вудс валюталық жүйесi.
5. Ямайка валюталық жүйесi.
6. Еуропалық валюталық жүйесi.
1929-1936 жылдарда дүниежүзілiк валюталық дағдарыстың басты ерекшелiктерi келесiдей:
– циклдiк сипат: валюталық дағдарыс дүние жүзлiк экономикалық және ақша несиесiмен байланысты болды;
– құрылымдық сипат: дүниежүзлiк валюталық жүйенiң алтын девиздiк стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;
– ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзiне дейiн болуы.
БҰҰ–ның Бретон–Вудстағы 1944 жылы болған валюталық қаржылық конференциясында дүниежүзлiк сауданың ұйымдастырудың, валюталық, несиелiк және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелерi бекiтiлiп үшiншi валюталық жұйе дүниеге келдi.
60 жылдардың аяғынан бастап, Бреттон – Вудс валюталық жүйенiң дағдарысқа ұшырауы. 1976 жылғы қаңтардағы ХВК - ға мүше елдердiң ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!