Экономика | Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы

 Экономика | Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы

Мазмұны
Кіріспе
1.1 Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы
1.2 Жұмыссыздық және оның түрлері
1.3 Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметтері
1.4 Еңбек қарым-қатынасы
1.5 Еңбек ресурстарын басқарудың маңызы мен механизмі
1.6 Еңбек ресурсын басқарудың әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1.1 Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек – бұл тиімді экономиканың негізі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір суру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санынан асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Және де, бұл қардарлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын талтыруға тиіс еді.
Оның есесіне жұмыскерге белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраным еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың елдерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгілеген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.
Кадрларды тұрақтандыруда «жас маман» институты, белгілі бір кезеңге мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде ету, бір кәсіпорында істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылды. Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы – қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның нәтижесінде еңбекті ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды. Оның мәні – адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеуі керек, ал ол, үнемі өзін-өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі бойына екбек ету нысанын ауыстырып отырады.
Мысалы, американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет жұмысын ауыстырады. Жапонияда, бір бөлегі өмірлік жалдаумен қамтылған жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады екен. Батыс Европада бұл көрсеткіш Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ АҚШ-тағыдан төмен. Бұл процесс, нарықтық принциптерге көшіп жатқан экономикаға тән көрініс. Мысалы Финляидияда өндірісте және басқа салаларда жұмыс істейтіндердің үштен бірі мамандықтарын ауыстырады немесе басқа жұмысқа ауысады.
Қазірде жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі – кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейін созылады. Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар да ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді.
Бұл жағдайлар, қазірде нарықты экономикаға өту кезеңін басынан кешіріп жатқан біздің елімізге де тән бола бастады. Атап өту керек – бұл процесс өте шиеленісті жағдайда өтуде. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде көп укладты экономика орнығуда, ал ол, өз кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің және басқа да шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы, жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуі, соның салдарынан шикізаттың және жабдықтардың қарларлығы өндіріс қуатының толық пайдаланылмауына, көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына әкеліп соқтыруда. Қорыта айтқанда жұмыссыздық нарықты экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып немесе кеміп кетсе нарықты экономикаға залалын келтіреді. Ал қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Біздің елде еңбек ресурстары 1992 жылы 9,4 миллион адамға жетті, немесе халықтың жалпы санының (17 млн. адам) 55 процентін құрады. Халық шаруашылығы қызметінің барлық салаларында 7,4 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяуы немесе 81 проценті экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі де басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар қазіргі еңбекпен қамту қатынастары, әкімшілдік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарының терең дағдарысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшілдік басқару жүйесі жағдайында халықты толық, әсіресе тиімді еңбекпен қамту мәселесін шеше алмады. Бұл ұғымдар туралы біз нені түсінеміз.
Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол халық шаруашылығы көлемінде еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз – қоғамдық қажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру.
Өндірісі дамыған батыс елдерінің тәжірибесі, тиімді еңбекпен қамту тек еңбек нарығы өмір сүрген жағдайда ғана болатындығын көрсетті.
Осы уақытқа дейін, біздің елде жұмыссыздық жоқ және бұның өзі ұлы жетістік деп есептелді. 1991 жылы еңбекпен қамту қызметіне жұмыс іздеп жүрген 185 мың адам өтініш білдірді, оның 75 мыңы еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты. Сол жылы бірінші 4 мың адам жұмыссыз деп тіркелді, оның 75 проценті әйелдер болды. Ал 1992 жылы ресми түрде, 70,5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді. Олардың 54 проценті жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алды. Жұмыссыздардың 80 процентіне дейінгісі әйелдер, ал олардың жартысына жуығы 29 жасқа дейінгі жастар. Әрбір жұмыссыздың бесеуі – жоғары білімді, әрбір екеуі – орта кәсіпті маман, әрбір үшеуі – жалпыға бірдей орта білімді.
Болжаммен үстіміздегі жылдың аяғына қарай, Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 250-500 мың адам болуы мүмкін деп күтілуде. Сондықтан мемлекет, дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып бұл процесті реттеуді үйренуі қажет. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін соңғы 30 жыл бойына нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем берудің әртүрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизмі оның хұқтық негізін жасауды, әртүрлі мамандандырылған мекемелердің экономикалық тұтқалардың кең жүйесін қолдануды қажет етеді. Осылармен бірге мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыруы қажет.
Жұмыссыздыққа берілетін жәрдем ақшаның мөлшері мен оны төлеу мерзімі: АҚШ-та 26-34 апта бойына жалақының 50 процентін, кейбір штаттарда 47 аптаға дейін; (Жапонияда жұмыссыздық жасына және басқа көрсеткіштеріне қарай 3-12 ай бойына жалақының 60-80 процентін; Францияда – 1-2,5 жыл бойына жалақының 42 процентін, оған қосымша күніне 40 франк жәрдемақша; Ұлыбританияда – 52 апта бойына 28,5 фунт стерлинг құрады. Жұмыс істейтіндердің еңбек ақысынан ұстап қалу есебінен арнаулы қорлар құру арқылы да жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақша беріледі.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, жұмыстан босап қалып жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға, бұрынғы жұмыс орнындағы негізгі жалақысының 50 проценттен кем емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өмір сүру минимумінен төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі.
Осылармен бірге мемлекет жұмыс күшінің ұсынымын азайту үшін иммиграцияны (шетел азаматтарының келуі) шектеу, шетел жұмысшыларының репатриясын (отанына қайту) ынталандыру, жұмыс аптасының ұзақтығын қысқарту, жұмыс орнын бөлу және мерзімінен бұрын құрметті демалысқа шығару сияқты жұмыспен қамту саясатын жүргізеді. Мемлекет қосымша жұмыс орындарын жасау үшін қаржы бөлу бағдарламасын жүзеге асырады, сөйтіп жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен, бірінші кезекте жастар мен үнемі жұмыссыз болатындарға жәрдем көрсетеді.
Нарық қатынастары дамыған көп елдерде енбек нарығы әр түрлі топтағы адамдарды, әсіресе жастарды жұмыспен қамтудың жеке шараларын жүзеге асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске асырылады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді, және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемелкет толық өз мойнына алады.
Еңбек нарығы барынша күрделі және жетілмеген нарық түрі болып табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатындар, әдетте олардың еңбегіне деген сұранымнан хабардар бола бермейді, олар тіпті өздерінің тұратын қала шеңберіндегі бос жұмыс орны туралы да білмеуі мүмкін. Ал басқа аймақтардағы жұмыс орны туралы одан да аз біледі.
Еңбек нарығы да басқа нарықтар сияқты сұранымның, ұсынымның және тепе-теңдік жағдайымен сипатталады. Психологиялық тұрғыдан алғанда еңбекке сұраным қисық сызығы жалдаушының тілегін, ал еңбекті ұсыным қисығы қызметкердің (жұмысшының) тілегін көрсетеді. Жекелеген енбек нарығы, әдетте, бізге бұрыннан белгілі графикпен бейнеленеді.
Сурет 1. Жекеленген еңбек нарығы.
1-ші суретте еңбекке сұраным мен ұсыным және жалақының тепе-теңдік деңгейінің графигі көрсетілген. Сұраным мен ұсыным шарттарының ауытқуы SS және ДД қисық сызықтарының жылжуына және жалақының тепе-теңдік мөлшерінің өзгеруіне әкеліп соқтырады.
Еңбекті ұсыным жалақы динамикасына кері пропорционалды тәуелділікпен әсер етеді. Басқаша айтқанда, егер жұмыс күшін ұсыну басқа өндіріс факторларын ұсынумен салыстырғанда шектеулі болатын болса, онда жалақынын өсуі орын алады. Еңбекті ұсыну мынадай факторлармен анықталады:
- халықтың мөлшерімен;
- тұрғындардың жалпы санындағы еңбек етуге қабілеті бар халықтың үлесімен;
- жұмысшының бір жыл ішінде атқарған жұмыс сағатының орташа санымен;
- жұмсалатын еңбектің саны және сапасымен, жұмысшының мамандық деңгейімен /квалификациясымен/.
Жалақының тепе-теңдік деңгейін орнықтырудың автоматты тенденциясы болады деген жорамал бар. Тепе-теңдікке жету механизмі болып, жұмыссыздық көлемінің өзгеруінің ықпалымен және тауарлардың нарыққа әсер етуімен болатын жалақының ақшалай мөлшерінің ауытқуы қызмет етеді: ақшалай жалақы өскен жағдайда бағаның жалпы деңгейі өседі, төмендеген жағдайда азаяды.
Еңбек нарығын біз жеткілікті дәрежеде ашып көрсете алдық па? Жоқ. Себебі, біріншіден, біздің моделімізде жұмыссыздық жоқ, екіншіден, әртүрлі мамандық иелерінің жалақы айырмашылығы көрсетілмеген.
Барлық экономика үшін біртұтас еңбек нарығы болмайды. Нақты өмірде, біз көптеген, жеткілікті дәрежеде оқшауланған егменттермен кездесеміз. Еңбек нарығы мамандықтар, салалар және территориялар бойынша бөлінді. Бір сегментген басқа сегментке өту үлкен шығынмен байланысты. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік жағдайы көбінесе мемлекеттің араласуымен анықталады. Жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдем ақша еңбекті ұсыну жағдайына әсер етеді. Жалақының ең төменгі мөлшері нарықтың сұраным мен ұсыным қозғалысына автоматты түрде бейімделу әрекстіне шек қояды....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!