Курстық жұмыс: Педагогика | Класс жетекшісінің оқу тәрбие процесіндегі басты қызметі

Курстық жұмыс: Педагогика | Класс жетекшісінің оқу тәрбие процесіндегі басты қызметі казакша Курстық жұмыс: Педагогика | Класс жетекшісінің оқу тәрбие процесіндегі басты қызметі на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе:.......................................................................................................5-6


1 Класс жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі
1.1. Класс жетекші жұмысының мазмұны және сынып жетекшінің қызметі.........................................................................................................7-9
1.2. Біздің елімізде класс жетекшісінің оқу - тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесінің қалыптасуы...............10-13

2 Класс жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі басты қызметі
2.1. Класс жетекшісінің тәрбие жоспары......................................14-18
2.2. Класс жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы....................................................................................................19-26
2.3. Класс жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмысы...................................................................................................27--31

ІІІ.Қорытынды..........................................................................................32
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................33
V. Қосымшалар......................................................................................34-35


1 Класс жетекшінің оқу-тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі

1.1 Класс жетекші жұмысының мазмұны және оның қызметі.
Мектеп өмірінде мұғалім-басты тұлға.Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды,сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысы ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс.Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса,ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады.Дегенмен,сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де,әрине ол балаларға өте қажет.Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол-сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып,олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады.Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардының демалысына қатысты мәселелері,алғашқыұжым болып қалыптасу дәрежесі,соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.
Олай болса,сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі.Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады.
Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.
Класс жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Класс жетекшісінің міндеті – сан алуан.Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Класс жетекші жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1.сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделеріне және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз етү.
5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланыстыпедагогикалық оқу,насихат жұмыстарын жүргізу.
6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағыттатәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8.Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9.Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретіеде қарастыру т.б.

Класс жетекшісінің қызметі.Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.
1. Педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір суре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқада мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани – адамгершілік және рухани – эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру.Балалардың орынды талап – тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру.Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым – қатынасын ұйымдастыру.Сыныптағы өзін - өзін басқаруды дамыту.
3. Оқушылардың жалпы әрекетін асқару. Оған: диагностикалық,мақсат қоюшылық (целеполагания), жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау (проектировать), бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
Диагностикалық қызметі сыныпта оқу – тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін , оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді;сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.
Класс жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, диагностика, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды.Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.
Тәрбие жұмысының баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды.Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және ұжымының оқу – тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, пндагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тимділігін қамтамасыз етуді көздейді.Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден – бір негізгі жолы.
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін,болашағын болжау,оны жобалаудың да маңызы ерекше.А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған.Сол секілді В.А.Сухомлинский де ‘‘тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші – сауатсыз күтушіге, педагогка – балгерлікке айналар еді’’ – дейді. Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады.Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмаған болар еді.
Класс жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді.Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың іс - әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады.Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады.
Класс жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық әрекетінің мазмұнын анықтайды.
Бүгінде класс жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады.

1.2 Біздің елімізде класс жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесінің қалыптасуы.
Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық.Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастырытын басты тұлға – мектептегі сынып жетекшісі.
Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады.Ол тек XIX ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.
Дегенмен тәрбие мәселесімен кәсіби айналысушы адамдар ертерек пайда болды.Олар ақсүйек және ауқатты отбасыларында бастапқы кезде ‘‘күтушілер’’/няньки/, кейіннен ”гувернанткалар” ретінде қызмет етті.Ал оқу мекемелерінде, 1804 жылғы ”Университеттік мекеме Жарғысына” сәйкес оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларында) өз оқушыларын бақылап , олардың тәртібіне жауап беру міндеті жүктелген.
1828 жылғы гимназия және училище туралы Жарғыда, оқушыларды таңдау мақсатында олардың жеке басын танып білу қажеттігі де баса көрсетілген.
Дегенмен, орта оқу мекемелерінде балалармен тәрбиелеу ісін ұйымдастыру мәселесі оқытушылармен қатар, оқушыларды қадағалаушылар да (“надзиратели”) жүктелген.Олардың негізгі міндеттері тәрбиеленушілердің тәртібін қатаң бақылау; оқушылардың жетістіктерін, теріс қылықтарын, не нәрсеге бейімділігін, мінез – құлықтарын белгілеу үшінкүнделік жүргізу тапсырылады. Сонымен бірге, олар тәрбиеленушілердің қолы бос уақытында кітап оқуын қадағалауға да міндетті болды.
Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы “Гимназиядағы сынып тәрбиешісі ” Жарғысында ресми түрде бекітілді.Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім берумен де айналысты.
Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің ауқымы кең болады: сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп іс – қағаздарын жүргізу;оқушылардың дамуын,таным қабілеттерін бақылап зерттеу;сол сыныпта сабақ жүргізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен қатар сынып тәрбиешілері тәрбиеленушілердің мемлекеттік заңдарды және оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды. Мұнда діни сезімге көптеген көңіл аударылды.
Бірақта, іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумен ғана шектелді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады.Әрі онда негізінен оқуға көптеп көңіл бөлінді. Сондықтан, сынып тәрбиешілерінің тәрбие жұмысымен айналысуға уақыттары аз болды.
XIX ғасыр аяғы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде қоғамдағы кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көзқарас өзгеріп, оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды.Олардың маңызды міндеті – оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта тәртіп орнату; сабаққа қатысу; қосымша сабақ ұйымдастыру; үй тапсырмасын орындату т.с.с.
XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын, әртүрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қыймылы үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде көңіл бөліне басталды.
Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде де сынып жетекші деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мұғалімдардің бәріне бірдей жүктелді.Оларды топ жетекшілері дап атады.негізгі міндет – коммунистик идеология аясында оқушылардың саяси тәрбиесіне көптеп көңіл бөлу.Оқушылардың бастауыш ұжымдарында жалпы мектептік өзін - өзі басқаруды ұйымдастыруды мақсат етіп қойды. Іс жүзінде тәрбие жұмысына онша көңіл бөлінбеді.Мұғалімдердің қызметі оқушылар және олардың ата – аналары жайында мәліметтер жинастыру, сабаққа қатысуын қадағалау т.с.с. болды.
1928 жылы сынып тәрбиешісі қызметі ресми түрде жойылып, оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымына басымдылық берілді.Дегенмен де бұл бағытта да оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады.
20 жылдардың ортасында оқушылар ұйымы дағдарыс жағдайында болды.Ондағы себеп, балаларды ұйымдастыру жұмыстарына қатысты тәжрибенің жетіспеушілігі, олардың мүмкіндігін артық бағалау және өзін - өзі басқару ұйымдарына жетекшілік ету, оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушылардың жеке басын және өмір жағдайын зерттеу, ата – аналарымен жұмыс істеу болды.
1930 жылдары отандық мектепте өте маңызды өзгеріс болды: оқу процесіне сыныптық сабақ жүйесін енгізу, оқушылардың жеке – дара білімдерін жүйелі түрде есепке алу, тұрақты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасау т.б. Осыған байланысты топ жетекшілерінің де жағдайы өзгерді.
1934 жылы “Жалпы еңбек мектебінің ” Жарғысы мен Ережесінің қабылдануы, мектептердегі оқу – тәрбие процесін топтап оқыту тәртібіне көшіруі , сныптық сабақ жүйесіне өтуге байланысты, топ жетекшісі, класс жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиешілік қызметтерінің міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері жаңа сипатқа ие болды.Соған сәйкес сынып жетекшісі туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті.Осы Ережемен сынып жетекшісінің қызметі де бекітілді.
1947 жылы сынып жетекшісі туралы жаңа ереже қабылданды. Онда сынып жетекшілерін тағайындаудың жаңа тәтібі белгіленіп, олардың қызметі нақтыланды. Сонымен бірге тәрбие жұмысын жоспарлау және есеп беру формалары туралы нұсқау берілді.Бастауыш сынып ұжымын ұйымдастыру және оны қалыптастыруға, ондағы тәрбие жұмысының негізі оқушылардың идеялық – саяси тәрбиесіне аса мән берілді. Пионер және комсомол ұйымдарымен жұмыс істеу, оқушылардың “Оқушылар ережесін” үйренуі міндеттелді.
Осыдан 1971 жылғы жаңа “Сынып жетекшісінің ережесіне” дейінгі мерзімде сынып жетекшілерінің міндеттеріне айрықша өзгеріс болмады.
Соңғы жылдары кейбір мектептерде “Сынып жетекшісінің” орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес “Сынып тәрбиешісі” деген қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауға оған мүмкіндік береді.Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденімпаздықты талап етеді.Соған орай тек білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасында қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске ендіру қажеттігі басымдылық танытуда.Олардың негізінде ынтымақтастық және тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр.
Екіншіден,білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т.с.с. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:
-пән мұғалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;
-сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;
-сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;
-сынып тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болған жаңа қызмет).
Осындай жүктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің қызметі, құқығы мен міндеттері өзгеріссіз қалуда. Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның Жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген.
Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады.Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін - өздері тани білуіне, сынып және мектеп ұжымына өз орындарын таба білуіне көмектесе отырып, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.
Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуда. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытта сыныптағы оқушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондоғы әрбір тұлғаның дамуына қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмектеседі.
70-80 жылдардағы мектептің өзгншелігі, тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны.Бүгінде көптеген сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша.Яғни, тәрбиені баланың ішкі жан дүни дамытуға жағдай жасау деп түсінеді.Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді.Мұндай көзқараста баламен жеке жұмыс жасау мүмкіншілігі күшейеді.Ол әрбір баланың дене және психикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады.Мүндай жағдайда, бірінші кезекте, негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтеруге, онда жағымды психологиялық жағдай туғызуға, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, дамытуға, әрбір жеке баланың өзін - өзі танып, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай туғызуға, оқушылардың шынайы әлеуметтік өмірімен қарым – қатынас жасауға аса ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Класс жетекшісінің оқу тәрбие процесіндегі басты қызметі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Педагогика курстық жұмыстар, Класс жетекшісінің оқу тәрбие процесіндегі басты қызметі, курстык Класс жетекшісінің оқу тәрбие процесіндегі басты қызметі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыста, Курстық жұмыс: Педагогика | Класс жетекшісінің оқу тәрбие процесіндегі басты қызметі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін