Психология | Когнитивті психология

 Психология | Когнитивті психология

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 бөлім Когнитивті психологияның даму мәселелері........................................5
1.1. Шет елдердегі когнитивті психологияның даму тарихы.................................5
1.2. Когнитивті қабілеттің дамуы.............................................................................15
2 бөлім. Шет елдердегі когнитивті психологияның даму мәселелері...........22
2.1. Когнитивті психология бағыттарының дамуы................................................22
2.2. Америкада когнитивті психологияның дамуы................................................27
Қорытынды................................................................................................... ..........37
Падаланылған әдебиеттер....................................................................................38
Қосымша...................................................................................................................39


1 бөлім Когнитивті психологияның даму мәселелері.
1.1. Шет елдердегі когнитивті психологияның даму тарихы

«Когнитивті» термині қазақ тіліне аударғанда «таным» дегенді білдіреді.
«Когнитивті психология» психологиялық сөздікте ішкі ойлағыштық процестеріне басым бағыт беретін психологияның жалпы амалы десе, Рессей психологі В.П. Зинченко – түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау сияқты танымдық процес деп қарастырады. В.П. Зинченканың анықтамасы бойынша психологияның қарастыратын танымдық процестер бөлігі когнитивті психология ретінде аталадыма? Деген сұрақ еріксіз туындайды.
Американ психологі Р.Л. Селсонның «Когнитивті психология» кітабының алғы сөзін жазған В.П. Зинченка мен А.И. Назарова «Когнитивті психология» деген атауды қалдыру себебін де көрсетеді. Біріншіден белгіленіп алынған ерекше топтағы танымдық процестердің дидактикалық тәсілдері теориялық догмаға айналуына байланысты танымдық мазмұн және т.б. психикалық актілердің көруге кедергі келтіреді.
Екіншіден, Американдық психологияда «когнитивті» термині Европалықтарға қарағанда қосымша түсініктермен беріледі. Американдық когнитивті психология бірнеше он жылдықтарда үстемдік құрған бихевиоризмге альтернатива ретінде беріледі. Жануарларға эмпериялық бақалау мен эксперимент негізделіп үстемдігі басым болған бихевиоризмге, психикалық өмірде мінез-құлық пен рефлекстік трактовтіге «когнитивті» термині қарсы вакцина ретінде болады. Бихевиоризмен келіспейтіндіктері білдірген ғалым У. Найссер 1967 жылы «Когнитивная психология» атты кітабын шығарды. Бұл когнитивті психологияға жаңа бағыттағы психологиялық оймен беріледі.
Когнитивтік психологияның қарастыратын мәселелеріне тоқталып көрейік.
Когнитвті психологияның бір шама бөлігі – білімнің адам санасында қалай жасалатынын қарастырады. Ең өзекті мәселесі – білім репрезентациясы. Көптеген психологгтар білім репрезентациясын – «ішкі репрезентация» немесе «кодтар» деп белгілейді. Олар білімнің қалай құралатынын, сақталынатынын, берілетінін, оны қалай пайдаланады деген сұрақтарға жауап іздейді. Ойлау деген не? Қабылдау мен еске сақтаудың табиғаты қалай? Осы қабілеттердің барлығы қалай дамиды. Осы көрсетілген сұрақтарда білім репрезенетациясының мәні: идеялардың, объектілердің адам санасында қалай сақталыну мен жүйеленуімен бейнеленеді.
Бірнеше ғасырлар бойы когнитивті психология шұғылданған негізгі тақырыбы білімнің құрылымы және пайда болуы немесе «өңделуі» болды.
Білімнің жасалуы жөнінде екі түрлі тұрғынның болғанын сонау ерте кезден – ақ бастау және білім репрезентациясы үш кезеңде де №1 кестеде қарастырылады.

Кесте №1

Когнитивті психологиядағы білім репрезентациясы
Ежелгі кезеңдегі білім репрезентациясы:
Көне египеттердің иероглифтік жазбаларынан мынаны байқауға болады. Грек философы Аристотель білім – жүректе десе, ал Платон білім – мида деп есептеген.
Көне ойшылдардың ес пен ойлаудың қайда орналасқанын анықтауға тырысты. Египттіктердің иероглифтік жазбаларына қарағанда грек философы Аристотель білім адам жүрегінде деп қарастырса, ал Платон ойлауды ми тудырады деп қарастырады.
Біздің қазіргі кездегі белгілеп жүрген құрылым және процестерді грек философтары ойлау репрезентация сауалын мәселе құрамында талқыланады. Құрылым және процес жөніндегі талас ХVІІ ғ. басым болды және жылдар өткен сайын бірінен екіншісіне ауысып отырды. Қазіргі кездегі психологтар біреуінің немесе екіншісінің ролін көрсеткісі келмегенде ақырында олардың психологиялық ойлауы бірінің және екіншісінің бірлескен жұмысын қамтуымен шектеледі. Ол екеуінің айырмашылығы және өзара әрекеттестігін түсіну үшін сіз көз алдыңызға «құрылымды – араның ұясына, ал процесті – сол ұяның ішінде болып жатқан құбылысы» деп түсінуің керек. Ұя құрылымын немесе архитектурасын ара қалыптастырады. (ойда көлемі, формасы, орналасуы және сиымдылығы) ал процестер немесе іс - әрекеттер болды. Жинақтау, сақтау және өңдеу құрылымына сай үнемі өзгеріп отырады. Когнитивті психологиядағы үлкен жандану ол процеске қатысты жаңа құрылымды ашумен байланысты, сондай – ақ сол құрылым мен процестер біздің түсінігіміздегі адамның саналы танымды табиғатына үлесін қосады деп ұғады.
Осы терминдердің маңыздылығы біздің қарастырып отырған тарихи шолуымызда ауытқуымауды және оны толық анқытап алуға итермелейді. Құрылым – бұл когнитивті жүйені құрастыру немесе ұйымдастыруда пайдаланатын метафаралық деңгейлік мәніндегі термин, яғни ойдағы элементтердің ұйымдасуы сияқты шартты түсінік. Мысалы еске сақтаудың қысқа ұзақ мерзімді түсініктің теориялық тұжырымдамасында мәліметтің екі түрлі «қоймасы» бар деген метафарасы сияқты. Сондай–ақ бұдан басқада «мидағы бөлік», «ағаш», «кітапхана», «өңдеу деңгейі», «абстракция» және «схема» сияқты сипаттайтын метафоралар мен де пайдаланылады.
«Процесс» термині – ойдағы құбылыстарды талдау, өзгерту немесе қайта жасау сияқты операциялар мен функциялар жиынтығына жатады. «Процесс» «құрылымға» қарағанда белсенді болып келеді. Біз процестен ойлау, есті кодтау, түсінікті қалыптастыру және т.б. қарастыру кезінде кезігеміз.
Мәліметті қайта өңдеу кезінде құрылым мен процесс бірлесе жұмыс істейді және әрқайсысының бір – біріне деген әсері болады. Кейбір құрылымдар мәліметті өңдеуге қатысты пайда болады, ал процестер құрылымның басталуында пайда болады. Себебі құрылымда процесте бірлесе жұмыс істейді. Сондықтан когнитивті психологиялық талдау олардың физикасын бөле жара қарастырмайды, ал ақтық талдауда процесс пен құрылым тұтас когнивті жүйенін бірлігінде болады.
Платонның пікірінше, ойлау әртүрлі сезімдік ынталануға негізделеді. Әрбір сезім бегілі бір ерекше функцияны орындайды. Мысалы: жарық энергиясын немесе дыбыс және т.б. мәлім болуы. Платонның білім құрылуы жөніндегі көзқарасымен келіспегендердің бірі – Аристотель болды. Аристотельдің пікірінше, адам парасаты объектіні қабылдауға әсер етеді. Объектіні жіті түсіну ол ойлау қабілетіне негізделеді. Сондай - ақ, Аристотель дәстүрлі психологияға әсер ететін 2 түрлі идеяны әкеледі.
1. ассоцианизм принципі;
2. логика (қисын заңы).
Аристотелдің идеясын Платон идеясымен салыстырғанда біздің түсінігіміздегі «процесті» түсінігіндей болып көрінеді де, ал Платонның түсінігі «құрылым» сияқты болып көрінеді.
Орта ғасырлық кезеңіндегі репрезентациясы:
Қайта өркендеу дәуірінің (Ренессанс) философтары мен теологтарының пікірінше, білім адамының бас миында болады деп есептелінеді және олар осыған қатысты олардың құрылымын мен орналасу жайында өздерінің схемасын ұсынады. Оны мыны №1 суреттен көруге болады. Бұл суретте адам білімді -тәндік сезім органдары арқылы,яғни кәзіргіші экстрорецепторлық қабылдаулар арқылы алатындығының көрінісін береді (мысалы – дәм, көру, есіту, иіс, тері); сонымен қоса құдайдың көздері арқылы алады деп есептейді.
18 ғасырда Британ эмпериктері Беркли, Юм, Джеймес Милль, Джон Стюарт Милльдердің ұйғарымы бойынша ішкі репрезентацияның үш түрлі типі бар:
1) тікелей сипаты қабылданған сенсорлық құбылыстың барлығын қабылдау;
2) салғын перцептердің көшірмесі – яғни, есте сақталғанның барлығы;.
3) осы салғын көшірмелердің қайта жасалануы – яғни ассоциативті ойлауын көрсетеді.
Юм 1748 ж. ішкі репрезентацияның мүмкіндігі жөнінде: «Монстрларды тудыру және оларды біріктіруге болмайтын форма мен құбылыстарды қиялында біріктіру табиғи және таныс заттарды танудан қиын емес» деп атайды. Осы түсініктен байқайтындығымыз ішкі репрезентация белгілі бір ережеге сай қалыптасады немесе қалыптасу мен қайта жасақталу уақыт пен күшті қажет етеді дегенін байқаймыз. Міне, мұның барлығы қазіргі когнитивті психологияның қарастырып жатқан мәселелері.
ХІХ ғасырда психология философиядан бөлініп өздігінше пән болып қалыптасуға талпынады, мұнда олар эмперикалық мәліметке негізделуді қарастырады. Осы орайда Фехнер, Брентано, Вунд, Мюллер, Кюльпе, Эббингауз, Гальтон, Титченер және Джеймс үлкен роль ойнайды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында білім туралы түсінік екіге жарылады:
Бірінші топ өкілдеріне – неміс психологіі В.Вунд пен американдық психолог Э.Титчер жатады.
Екінші топ өкілдеріне – Ф. Брентано басшылығындағы өкілдер жатады.
Брентано ішкі репрезентацияны психологтарға үлкен құндылық бола қоймайтын статистикалық элемент ретінде қарастырады. Оның айтуынша психологияның шынайы пәні – когнитивті әрекеттер: салыстыру; пікір; сезінуді зерттеу деп есептейді.
Ал олардың қарсыластары Аристотель мен Платон қарастырған көптеген сұрақтарда талқылайды. Дегенмен бұл екеуінде де бұрынғы философиялық ойлаумен емес, енді нақты экспериментальдық тексерулермен шұғылданады.
Дәл осы кезеңде Америкада Вильям Джеймс Германияда дамып жатқан жаңа психологияны сынға алады. Сөйтіп, 1889 Америкада алғащ рет психологиялық лаборатория ашылады. Сөйтіп өзінің психологиядан ең көрнекті еңбегі «Психология принципі» және адам ақыл- парасатының барынша негізделген моделін жасайды. Джеймстің пікірінше, «психология пәні- сыртқы заттар туралы түсінік болу керек»,- деп есептейді.
Джеймс когнитивті психология мен тікелей байланысты болуы еске қатысты тұрғысы, яғни құрылым мен процестің ең маңызды роль ойнайтындығымен түсіндіреді. Джеймстің замандастары Дондерс пен Кеттел қабылдауға қатысты эксперимент жасайды, олар ойлау операциясын орындауға кететін уақытты анықтауға талпынады. Олардың мақалаларында жасалынған эксперименттерінің сипаты когнитивті психологияның мәселелеріне қатысты болды, қарастырған зерттеулері, процедуралары және интерпретациялау нәтижелері жарты ғасыр өткен соң осы пәннің пайда болуына негіз болады.
ХХ ғасыр басындағы білім репрезентациясы -ХХ ғасыр басында бихевиоризм мен гештальт психологияның пайда болуына байланысты білімді репрезентациялау туралы түсінік өзгеріске ұшырайды.
Бихеовиоризм ішкі репрезентация туралы көзқарасы психологиялық формула «стимул - реакция» (S – R) беріледі, ал гештальт ішкі репрезентацияны репрезентация мен шынайлық арасында өзара бір мәндегі лайықтылық контекісінде құрайды. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында американдық экспериментальды психологиясында бихеовиоризмнің үстемдігі жүреді және осы кезеңдерде едәуір жаңалықтар жасалып, жаңа әдістер дүниеге келеді, олардың көбі қазіргі когнитивті психологияға әсер етеді. ХІХ ғасырдың аяғында когнитивті психология модадан қалады, сөйтіп оның орнын бихеоворизм алмастыра бастауымен айқындалады.
Ішкі ойлау операциялары мен құрылымдары – қабылдау, еске сақтау, және ойлау зерттеулерін әдейі қарамай ол елу жылдай жабылып қалады. Ал бихеовористер барлық ішкі жағдайды болжамның ұйымдасуымен белгіленетін «құбылмалы аралыққа» жатқызады. Мұндай позицияны ұстанғандар Вудвортс, Халл және Толмэн болды және ол сол ғасырдың алғашқы жартысында кең қолданыста болды.
Психолгияның когнитивті революциялық толқында Эдвард Толмэн (1932) – үйретумен шұғылданды және «лабиринтегі егеуқұйрықтықты неге үйренгендігін - тек бағдарламалыққа жатқызады және ол S – R байланысының бірізділігі емес», - деп көрсетеді.
Бірнеше жасалған эксперименттік серияларынан, егеуқұйрықты тағамына айналмалы жолмен жетуге үйретеді және оны тағыда тағамға тікелей бағдарланып бара жатқан жолында оның тағамын алып қойып отырады Міне, бұдан тіке және айналмалы жол арқылыда тамағын табуға үйретілгенін көруге болады. Толмэнның анықтауы бойынша жануарлар өздерінің айналасындағылардың «картинасына» біртіндеп төселдендіреді және сосын мақсатын табуға оны пайдаландырады. Бұл «картинаны» кейін когнетивті карта деп атайды. Толмэннің егеуқұйрықтарға жүргізген экспериментінен байқалатыны оның мақсатын табуда (яғни тамағын) когнитивті картаның болушылығынан айналадағы қоршаған дүние туралы мәліметті туралы ұғымның барлығы байқалады. Толмэннің бұл эксперименттерін тікелей қазіргі когнитивті психологияға әсер етті деп есептеуге болмайды. Дегенмен, оның жануарлардағы когнитивті картасы білімінің когнитивті құрылымы туралы түсінігіне байланысты қызығушылығынан туған әрекет еді.
ХХ ғасырдың 50 – ші жылдарынан бастап ғалымдар өздерінің назарларын қайтадан еске сақтау, зейін, образды тану, образ, семантикалық ұйымдасу, тілдік процестер, ойлау және басқа да «когнитивтік» тақырыптарға аудара бастады.
Сонау көне ежелгі тұжырымнан жаңа зерттеулерге дейін білім репрезентациясы сенсорлық кіріс сигналдарға сүйенеді деп келді. Бұл тақырып бізге грек философтары мен ренессанс (қайта өркендеу) дәуірінің ғалымдары арқылы қазіргі когнитивті психологияға дейін жетті.
Ішкі репрезетация әлемі өзінің тәндік қасиеттеріне пара – пар ма? Ішкі репрезентация шынайлығы сыртқы шынайлық дегенде білдірмейді. Яғни олар изоморфты (ұқсас емес). Толмэннің жануарларға жасаған лаораториялық жұмысынан байқайтынымыз сезім органдары арқылы алынған мәлімет абстрактілі репрезентация түрінде сақталынады деп түсінуге әкелді.
Когнитивті карта мен ішкі репрезентацияға барынша талдағыштық тұрғыдан келген Норман мен Румельхарт (1975) болды. Олар эксперименттерінің бірінде жатахана тұрғындарына өздерінің тұратын жатақханасын «жоғары жақтан қарағандап» тұрған кескінінде салуды ұсынады. Студенттер сол өздері тұрып жатқан жатақханасының архитектуралық бөлшектерін – бөлмелердің орналасуы, бейімделген бөлмелер және жасалған жағдайларын кескін ұқсастыру керек еді. Мұнда қарапайым қателер жіберіледі. Мысалы, студенттің көбі ғимарат балконын ғимараттың сыртынан көрсетудің орынына, оны керісінше ішкі жағына көрсетеді. Ғимаратқа қатысты суреттерін өздеріне қайта көрсеткенде жіберілген кемшіліктеріне өздері таң қалады. Мұнан біз адамның мәлімет жөніндегі ішкі репрезентациясын білумізіге болады.
Норман мен Румельхар өз қорытындыларында былай дейді: «естегі мәліметті репрезентациялау шынайы өмірді нақты еске түсіре алмайды, шындығында бұл ғимарат және жалпы әлем туралы мәліметті үлестіру, ой қорытындылау және реконструкция қайта құру ғана». Бұл келітірілген мысалдардан психология негізгі принциптерімен танысамыз. Біздің әлем туралы түсінігіміз нақты мәнімен ұқсас келе бермейді. Мәлімет репрезентациясы біздің сенсорлық аппаратымыз арқылы алынған стимулмен байланысты және онда барынша өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгерістер немесе модификациялар біздің өткен тәжірибемізден (яғни универсальды және тума байланысты) байланысты болуы мүмкін. Олай болса, келіп түсетін мәліметтер абстракцияланады және сосын барып адам есінде сақталынады. Мұндай көзқарас кейбір сенсорлық құбылыстар өзінің ішкі репрезентациясымен тікелей сәйкестенеді дегенді жоққа шығармайды, сенсорлық стимулдар сақтау кезінде абстрактілі модификацияға ұшырауы болжанады.
Адамның ақыл-парасатында білімнің жалпылануы когнитивті психологияның ең негізгі мәселелері болып есептелінеді. Когнитивті психологиялық айрықша мәндеруіне, ғылымның да техникаға да кибернетикалық революцияға формальды және математикалық логика дамуымен байланысты болды. Дж. С. Милль және Дж. Бульдардың пікірінше логика жүйесі ойлау заңын сипаттайды дейді.
Н. Винердің «Кибернетика» деген еңбегінің 1948 жылы жарыққа шығуы ғылыми және техникалық революция болды. А. И. Берг пен Б.В. Бирюковтардың пікірінше кибернетика табиғаттың түрлі объектілеріне - техникалық, биологиялық, әлеуметтік формалистік тұғыны жүзеге асырады.
Мұндай тұрғыдан келу, мәліметті қайта өңдеу мен басқаруға қатысты оның сол жағын белгілеп көрсету... Көптеген себептеріне байланысты кибернетиканы, философияны және т.б. ауыстыра алмайды – дейді.
Мәліметті қайта өңдеу мәселесі психология ғылыми түсінігіндегі негізгі кейінгі елу жыл ішіндегі феноменге айналғанмен, когнитивті психология адам табиғатында оның жасалуын зерттеу ертерек басталып, оның басымдығын көрседеті. Үш жүз жыл барысында психология философиядан бөлінгені мен психология жаратылыстану пәні, анығырақ айтқанда физика мен химияға қалыбында құрылуы әрекетін тоқтатқан жоқ. Оған орынды негіздері де болды (203; 229). Қысқа мерзім ішінде толық қанды материалдық денелердің қозғалыс заңы ен кіші жазықтықтағы шардан күн жүйесі планетасына дейін зеттелінді. Атомдық түсініктің жандануына байланысты судың, ауаның және т.б заттардың химиялық құрамын анықтауға мүмкіндік болды. Темірдің магниттік қасиеті немесе найзағайдың жарқылы сияқты мистикалық құбылыс деп саналып келген түсініктерді түсіндіретін дұрыс түзілген математикалық теориялар пайда болды.Өз қаржысына психологиялық лаборатория Вундтың жасаған кезінде, Г.Ф. Гельмгольцтың бұрынғы ассистенті Г. Герц сол кезде эксперимент арқылы электромагниттік толқындардың болуын дәлелдеп берді. Электро – динамикалық симметриялық форманың теңдеуге мән беру арқылы ол электрлі магниттік және жарықтық құбылыстардың толық өзара байланысын көрсетеді және бұл радио байланысында, телевидениеде және радиолокацияда үлкен ролге ие болады. Міне, осының барлығын қосып алғанда биологиялық және қоғамдық ғылымдардың жаңадан жасалуында революцияның бастамасы болды (47, 79).
Космыстық тәртіптің таралуына қатысты шексіз мүмкіндіктерге сенім туады, сөйтіп адамның жанының қозғалысын қайта қарастыру мүмкіндігі туындайды.
Психология «Механикалық түсінікте» (И. Гербарт, Р. Лотце), «Интеллектуалды физикада» (Дж. Милль) немесе «Ментальді химия» ( Дж.С. Милль) болуы керек делінеді. Бірақ ол біріншісінде, екіншісінде, үшіншісінде болмай қазіргі когнитивті психология дәрежесіне дейін көтерілді. 60 жылдар ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!