Экономика | Кәсіпкерліктің мәні және түрлері

 Экономика | Кәсіпкерліктің мәні және түрлері

Мазмұны

Кіріспе

Ι-Тарау. Кәсіпкерліктің мәні, және түрлері

1.1. Кәсіпкерліктің түсінігі және маңызы

1.2 Кәсіпкерліктің түрлері


II-Тарау. ҚР-ғы кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру формалары

2.1 ҚР-ғы кәсіпкерліктің дамуының құқықты негізі және

жолдары (бағыттары)

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .....


Ι-Тарау. Кәсіпкерліктің мәні, және түрлері

1.1 Кәсіпкерліктің түсінігі және маңызы

Кәсіпкерлік - меншік иесінің өзіндік және қарыз қүралдарын пайдалана отырып табыс табуға бағытталған тәуекелді инициативалы қызметі.
Шет елде де, біздің елде де кәсіпкерліктің жалпы қабылданган экономикалық теориясы әлі де жасалынбаған. Кәсіпкерлік функциясының даму теориясы "үшке бөлінеді".
Біріншісі- 18 ғасырда пайда болған, бүл кәсіпкердің тәуекелдікке баруына аса мән берумен байланысты.
Екіншісі- ғылыми негізінде кәсіпкерліктің негізгі ерекше қасиеті ретінде инновацияны қолданумен байланысты.
Үшіншісі- кәсіпкердің жекеленген ерекше сапалық қасиеттеріне (қоғамдық және экономикалық жағдайлардың өзгерісін сезу, шешім қабылдаудағы және таңдаудағы еріктілігі, басқа да басқарушылық қабілеттері) және бір қалыпты экономикалық жүйені реттеуші кәсіпорындағы рөліне ерекше көңіл бөледі.
Қазіргі уақытта теориялық зерттеулер тәуелсіз негізде, ерікті қызмет жүргізу әдісі ретіндегі кәсіпкерлікке ғана емес, соньщен қатар фирма ішілік кәсіпкерлікке немесе интрапренерствоға көңіл бөлуде. "Интрапренер" термині кейінірек "интеркапитал" терминін енгізген американдық зерттеуші ең алғаш қолданған.
Интрапренерствоның пайда болуы көптеген ірі өндірістік қүрылымдардың өндірісті үйымдастыру кәсіпкерлігіне көшумен байланысты. Кәсіпкерлік міндетті творчестволық еріктің болуын жорамалдаса, онда өндірістік қүрылымның толық мәнді болімшесі интеркапиталдың, яғни фирма ішілік кәсіпкерлік негізінде жатқан идеяларды іске асыруға қажетті капиталдың болуын білдіреді.
Кәсіпкерлік экономикалық көрініс ретінде нарықтың экономикалық
( сұраныс пен ұсыныс , бәсекелестік ,құн , т/б) экономикалық заңдар мен тауарлы өндірістің айналымның барлау құралдары ретінде кәсіпкердің басқа шаруашылық субъектілері мен қатыстардың тауарлы мінездемесі .
Кәсіпкерлік- инновациялы кәсіпкерлік идеяға, жауапкершілікке, ерікті инициативаға негізделген экономикалық белсенділіктің ерекше түрі. экономикалық белсенділік индивидтің қоғамдық өндіріске қатысу түрін және өзі мен жанүясының өмірін қамтамасыз етуге қаражат алу тәсілін білдіреді. Индивидтің бүндай қоғамдық өндіріске қатысуы қоғамдық функционалдық міндет немесе оның комбинациясы болып табылады. Бүл кезде ол өзіне үнемі табыс әкелетін кез келген объектінің, мүмкіндіктің иесі болса, өзінің еңбегін
сатушы жалдамалы жүмысшы болса, индивидуалды өндіруші, мемлекеттік немесе жергілікті қызметкер болып табылса.
Кәсіпкерлік белсенділіктің негізгі субъектісі кәсіпкер болып табылады. Бірақ кәсіпкер негізгі контрагент ретінде түтынушымен, сонымен қатар түрлі жағдайларда көмекші немесе қарсылас ретінде болатын мемлекетпен байланыста болуы керек. Тұтынушы да мемлекет те жалдамалы жұмысшы мен бизнестегі серігі сияқты кәсіпкерлік белсенділіктің субъектілері категориясына жатады.
Алдыменен батыс елдерінің кәсіпкерліктің маңызын анықтау жолдары туралы айтайық. Мысалы, американ ғалымдарының түсінігінше кәсіпкерлікол- батыл, қиын да мәнді жобаларды іске асыру қызхметінің түрі Кәсіпкерлік- азаматтардың өз тәуекелділіктерімен және өз жауапкершілігімен атқаратын тәуекелді істері. Кәсіпкерлік- жаңа бір нәрсе ойлап табу және қолда барды жақсартуға үмтылысымен дәріптеледі. Ол " динализм", "инициатива", "батылдық" сияқты түсініктермен өте тығыз байланысты қоғамда көптеген қызықты идеяларды шындыққа айналдыратын Іюгенциалға жол ашады.
Батыс елдерінде осы заманғы кәсіпкерлік ерекше, новаторлық, антибюрократиялық шаруашылық ету стилі ретінде сипатталады, өйткені ол әрқашан жаңа мүмкіндіктердііздестіру, инновацияларға үйрену, қызықтыра және алға қойған мақсаттарды шешуде түрлі ресурс көздерін пайдалана білу негізінде жасалады. Біздіңше мұндай шешім біздің еліміздегі кәсіпкерліктің дамуында маңызды орын алады. Бірақ, кәсіпкер өз ісін ашып, оны дамытуда ресурс көздерін іздестіруі заңды түрде болуын айта кеткен жөн.
Американ ғалымы Р.С. Ронстадтың пайымдауынша, кәсіпкерлік- ол байлықты өсірудің дамымалы үрдісі. Байлық өз қаражатымен, мүлкімен, карьерасымен тәуекелдікке баратын, өз ісін ашуда уақыт аямайтын, түтынушыларға жаңа қызмет пен тауар үсынатын адамдармен жасалады. Бұл тауар немесе қызмет міндетті түрде жаңа, бастысы кәсіпкер керегінше күш-жігер, қаражат жүмсап, ол тауарға жаңа сапа беріп оның қүндылығын көтеруі керек . Өз кезектерінде американ ғалымдары Р.Хизрич пен М.Питерс кәсіпкерліктің бар типін қамтитын ең кең анықтама береді: Кәсіпкерлік- ол бағалы қасиеті бар жаңа бір нәрсені жасау процесі: ол өзіне қаржылық, моралдік және әлеуметтік жауапкершілікті алып, күш пен уақыт сиымды
процесс, көздеген мақсат орындалған жағдайда өзіндік қанағаттандырушылық пен ақшалай табыс әкелетінпроцесс. Авторлар ары былай жалғастырады: " Өз ісін бастауды шешкен адам өмірі, үміт пен реніш, қажымас қайрат пен еңбексүйгіштік қасиеті бар".
Бүдан былай көптеген экономист ғалымдар көптеген әдебиеттерде түрлі анықтамалар беріп, оның қүрылыстары мен қасиеттерін зерттеуде.
Біздіңше "кәсіпкерлік"- ол шаруашылық етуші субъектілердің бюджеттер алдында қаржылық міндеттерді өтеу мен жекеменшік істің өзіндік дамуын қанағаттандыру үшін түрлі қызмет аясында еркін экономикалық шаруашылық егу, нарықтық қатынас субъектілерімен қоғамның нақты тұтынушыларының сүраныстарын тауармен қанағаттандыру және пайда алу мақсатындағы іс-әрекеттер.
Кәсіпкерлік- ол кәсіпорын иеленушілердің инновациялық мінез-қүлқына негізделген, жаңа идеяларды табу және қолдану, оларды нақты кәсіпкерлік жобаларға сіңіруге шаруашылық етудің принциптерінің жаңа түрі, Бүл негізінен тәуекелдік іс, бірақ тәуекел етпеген адам ірі жетістіктерге жете алмайды ғой. Кәсіпкер өз ісін ашпай түрып, өзинтуициясына беріліп, бәсеке нарығын өте жақсы игеріп, нақты есептеулер жүргізуі керек.
1.2.Кәсіпкерліктің түрлері

Кәсіпкерлік қызметті әр түрлі міндеттемелері мен белгілері бойынша сыныптауға болады, бірақ теория мен практикада келесі белгілері бойынша классификациясы қалыптасқан: меншік формасы бойынша, заңдылығы, аймақ көлемі, түрлі аймақтарға таралуы, құрушылар қүрамы, айналым көлемі, персонал саны, табыстылық деңгейі мен осу қарқыны, жаңалықтарды пайдалану деңгейі және т.б.
Меншік формасына келетін болсақ нарықтық экономикада кәсіпкерлік негізінен 2 формада:
-мемлекеттік;
-жеке меншік формаларында дамып келеді. Жеке меншік:
-индивидуалды;
-коллективті формаларда көрініс табады.
Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік:
-заңды;
-заңсыз;
-алдамшы кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Алғашқы түрлері бойынша біздің түсінігіміз бар, ал алдамшы кәсіпкерлікке анықтама беріп кетейік. Бүл кәсіпкерлік түрі азаматтарға, үйымдарға, мемлекетке залалын тигізетін, кәсіпкерлік және банктік қызметпен айналысу мақсаты жоқ, мақсаты: несие алу, салықтан босатылу, басқа да мүліктік пайда алуды және заңсыз қызмет түрін жасыру үшін қүрылған коммерциялық үйым.
Қызметінің түрлі аймақтарға таралуы бойынша:
-жергілікті;
-үлттық;
-халықаралық;
-әлемдік;
-аймақтық болып бөлінеді.
Қүрылтайшылар қүрамы бойынша:
-әйелдер;
-жасөспірімдер кәсіпкерлігі болып бөлінеді.
Көптеген елдерде әйелдер және жасөспірімдер кәсіпкерлігінің дамуына қолдау көрсетумен айналысатын ассоциациялар қызмет етуде. Мысалы, Ресейде Ресей кәсіпкер әйелдер ассоциациясы құрылған.
Даму қарқыны мен табыстылық деңгейі және түсімділігі бойынша кәсіпкерлік ұйымдарды:
-қарқынды өспелі;
-даму қарқыны бәсең;
-жоғары табысты;
-рентабелділігі төмен үйьшдар деп жіктейміз.
Өзінің қызметінде инновацияларды, жаңалықтарды, жаңа технологияларды, жаңа тауарларды өндіру мүмкіншіліктерін әрдайым іздестіру, жүмыстарды атқару, қызмет көрсету, жаңа өткізу нарықтарын жаулау, өндіріс факторларын жаңадан комбинирлеу негізінде жаңа сүраныс пен үсыныстың қалыптасуы прогрессивті маркетингтің инновациялық менеджментін қолдануда кәсіпкерлік қызмет шығармашылық-іздестірушілік, өнімді белгілі әдістер мен белгілі еңбек өнімдерін ұдайы өндіруге бағытталған және т.б. болады.
Өз ісінің құрылтайшылар көлеміне байланысты
-жеке кәсіпкерлік .
-колективті кәсіпкер болып бөлінеді .
Жалпы персоналдық тізімі, жарғылық капиталдағы басқа да субъектілер үлесі бойынша: шағын кәсіпкерлік. Егер кәсіпкерлер ұйымды құруда Қазақстандық құрылтайшылармен бірге шетелдік құрылтайшылар болса, ондай кәсіпкерлік "біріккен" деп аталадыі
Құру механизміне, құрылтайшылар санына, қызмет ету және басқару процесіне байланысты: жай және күрделі кәсіпкерлік үйымдар деп аталады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің қызмет алаңы болып тауарлы биржалар және сауда үйымдар деп аталады .
Тауарлы биржа-бүл сатып алушымен үлгілермен ертеректе жасалған тауардың минималды партияларын алдын ала тексермейтін көтерме тауарлы нарықтың көп түрлілігі. Тауарлы биржада коммерциялық делдалдар мен олардың қызметкерлері бірлесіп келісілген ережелер бойынша сауда операцияларын жүргізу үшін өз еріктерімен бірлеседі.
Бүл биржаның мақсаты- еркін бәсекелестіктің басқару механизмін қүру және оның көмегімен сүраныс пен үсыныстың өзгеруі есебінен нақты нарықтық бағаларды анықтау. Тауарлы биржа- стандарттармен сатылатын
жалпы алмастырушы тауарлардың түрақты қызмет атқарып отыратын көтерме нарықтың едәуір жетілген формасы.
Тауарлы биржалар келесі функцияларды орындайды:
-сауда келісімдерін жасауға делдалдық қызмет көрсету;
-тауарлы сауданы, сауда операцияларын реттеу және сауда дауларын шешу;
-бағаға әсер ететін факторлар, бағалар жағдайы туралы мәліметтер жинау;
Тауарлы биржалар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық биржадағы саудаға тек брокерлер- сатушы мен сатып алушы ортасына түсетін биржалық делдалдар қатыса алады, ал ашық биржадағы саудаға барлық азаматтар қатыса алады.
Кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі болып қаржылық кәсіпкерлік табылады. Оның қызмет аясы- айналым, баға алмасулар. Қаржылық қызмет өндірістік және коммерциялық, сонымен қатар жеке де болуы мүмкін .
Қаржылық кәсіпкерліктің негізгі қызмет алаңы болып коммерциялық банктер мен қор биржалары табылады.
Коммерциялық банктер- бүл коммерциялық үйымдарды төлемді негізде несиелейтін, ақшалай салымдарды қабылдаған және де басқа есепті операцияларды клиенттер тапсырмасымен орындайтын акционерлік типтегі қүрылым. Коммерциялық банктің табыс көзіне депозиттік және қарыз қүралдарының пайыздық ставкаларының айырмасынан түскен түсім жатады.
Коммерциялық банк операциялары 3 топқа бөлінеді:
-пассивті;
-активті;
-коммиссиялы-делдалдық;
Қор биржасы- капитал мобилділігінің жоғарлауына әсер етіп, активтердің нақты қүнын шығаруға септесетін ылғи қызмет атқарып тұратын, үйымдасқан-әрленген бағалы қағаздар нарығы түсіндіріледі. Қор .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі