Психология | ЖАНҰЯ ТӘРБИЕСІ

 Психология | ЖАНҰЯ  ТӘРБИЕСІ

Мазмұны
КІРІСПЕ ..............................................................................................................................3-4
І ТАРАУ ЖАНҰЯ ТӘРБИЕСІНДЕ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Жанұя мәселесінің психологиялық –педагогикалық негіздері................................................................................................................5-7
1.2 Жанұядағы тұлғааралық қарым-қатынастың
қалыптасу ерекшеліктері ........................................................................................8-10
1.3 Жанұя қарым-қатынасындағы негізгі бағыттары …………...…….11-14
ІІ ТАРАУ ЖАНҰЯ ТӘРБИЕСІНДЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТӘЖІРИБЕЛІК СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ
2.1 Жанұяда қарым-қатынастың қалыптасуын
анықтау .............................................................................................................................15-17
2.2 Жанұяда қарым-қатынасты түзету жаттығулар
ын жүйелеу және қолдану ...........................................................................................17-27
2.3 Жанұяда қарым-қатынас нәтижесін
жинақтау ..........................................................................................................................28-30
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................31-32
IV.ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................................................33-34
V. ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................35-36

КІРІСПЕ
Жанұя баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Жанұя психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Зерттеу мақсаты: жанұяда тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерін теориядлық жағынан негіздеп және қарым-қатынаста орын алатын қақтығыс жағдайлардың теріс әсерін төмендету жолдарын анықтау.
Зерттеу обьектісі: жанұяға психологиялық қызмет көрсету.
Зерттеу пәні: жанұяға тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерінің ерекшелігін зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер де, отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың демократиялық стилі үлкендер жағынан дұрыс бағытта қолданылса, қарым-қатынастың әлеуметтік-моральдық деңгейінің ерекше түрі - құрбы-құрдастық және достық қатынас маңызды роль атқаратындығын ескеріліп, оған қолдау көрсетілсе, онда отбасында тұлғааралық қатынасты дұрыс қабылдау орын алады.
Зерттеу міндеттері
1. жанұяда тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктер жанұяда тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау.
3. жанұяда тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың ерекшеліктерін айқындау экспериментін жүргізу.
4. жанұяда тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық көрсеткіштерін коррекциялау жаттығуларын пайдалану.
5. жанұяда тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері бойынша жүргізілген зерттеулерді қорытындылау, психологиялық ұсыныстар жасау.
Зерттеу әдістері: 1. Теориялық, әдістемелік әдебиеттерді және құжаттарды талдау әдісі. 2. Айқындау және қайта құру эксперименті. 3. Психодиагностикалық әдістемелер: «Отбасылық қобалжуды анықтау» сұрақна масы. “Ата-ана мен бала өзара қатынасы”, “Рене Жиль” әдістемесі, “Қажеттілік базасы” әдістемесі, «Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау», ПЭА (түсіністік, эмоционалдылық және беделдік) сауалнамасы.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері - жанұяда тұлғааралық қарым-қатынас қалыптасуына берілген теориялар, пікірлер мен тұжырымдар (А.Г. Харчев, Б.Г. Ананьев, В.В. Драгунова, И.С. Кон, Э.Берн және т.б.), психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғааралық қатынас қалыптасуы жайлы Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, З.Г. Ананьев, Д.Б. Эльконин т.б. ғалымдардың еңбектерінде қалыптасқан психикалық даму теориялары, жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген В.В Драгунова, И.С. Кон, В.В. Столин қағидалары, Э.Берннің трансактілік талдауы, С.М.Жақыповтың, Қ.Б.Жарықбаевтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет тұжырымдары, жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық зерттеулердің теориялық негізі мен мәнділігін (С.М. Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев, В.К.Шабельников, Ж.Ы.Намазбаева) құрайды.
І бөлім. ЖАНҰЯ ПСИХОЛОГИЯСЫНДА ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. ЖАНҰЯ МӘСЕЛЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жанұя - адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасынымен байланысты емес, ол - ерекше феномен. Жанұя феноменінің бір жолы оның құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклын логикалық түсіндірілуі. С.И.Голод (1998) пікірінше отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата – ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Жанұя –неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990). Жанұя балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А.И өз зерттеу жұмысында [2,21].
Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э.Фромм және ресейлік ғалым М.И Лисина ол өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С.М.Жақыповтардың қойылған мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік берілді.
Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелнрі арасындағы бірлескен әрекет пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді [4,10].
А.Б.Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып табылады: «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады.
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
Э.К.Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады:шаруашылық-экономикалық, генеративті тәрбиелік, мәдени, репродукциялық. С.Д.Лаптеноктың пікірінше, (1967) отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық –тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады.
70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев. Ол әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді» деген тақырыптарда С.Голод, З.Янкова т.б. зерттеді.
З.И.Файнбург «отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы,отбасының тұрақтылық жағдайы туралы Ю.Г.Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және А.М.Уматинов және т.б. зерттеді.
70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған Ю.Е.Алешина, «қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп беруді», З.И.Янкова және т.б. қарастырды. Жанұя ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды,зерттегендер мысалға А.А.Бодалев, Н.Н.Обозов және т.б.
Соның қарым-қатынасындағы маңызды обьект бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең жеткіншектік кезең.Жеткіншектік кезеңді қазіргі зерттеулер оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген ғалымдар Фельдштейн Д.Л,Кондратьев және т.б. тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон И.С. Дубровина зерттеді,ол жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Гаврилова Г.П., Драгунова Т.В. және т.б, ал танымдық эмоциялық –еріктік және мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский,жеткіншектегі өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы Баруалкина В.В.тұлғаның анамальды даму механизмдері туралы Дозорцева Е.Г сияқты ғалымдар зерттеді. [7,5]
Жеткіншектерді зерттеуге психология ғылымындағы базалық теориялар мен концепциялар негізге алынады. Психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғаның қалыптасуы жайлы Л.С Выготский мен А.Н. Леонтьевтің ғылыми мектебінде қалыптасқан психикалық даму теориялары жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген негізгі жұмыстар және жеткіншектердегі тұлғаның дамудағы өзіндік сана сезімдерді зерттеген концепциялары Э.Берннің транактілік талдауы, С.М. Жақыповтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет концепциясы зерттеудің методологиялық-теориялық негізін құрады.
Жеткіншектердің агрессиялық мінез-құлқын зерттеген жұмыстар зерттеудің теориялық мәнділігін негіздеді. Оларға Н.Д.Левитов, Л.И.Божович және т.б.
Жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық жұмыстар зерттеудің теориялық негізі мен мәнділігін құрады. Жеткіншектер жайлы қазақстандық мына ғалымдар зерттеді:С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев т.б. [8,5]
Ал басқа да қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне үңілсек, Елубаева С.Б. «қазіргі қазақ жеткіншектердің өзіндік бағалаулары мен этностық сәйкестік пен өзіндік бағалауларының психологиялық ерекшеліктері зерттелінген. Бұл зерттеу нәтижесінде қазіргі замандағы жеткіншектердің өзіндік бағалау құрылымын ересек алдыңғы толқын жеткіншектердің өзіндік бағалауымен салыстырғанда этностық сәйкестіктің компоненттері мәнді түрде азаяатыны анықталды,өзіндік бағалаудың жалпы құрылымында түсінуі «өзін білу» және «ұйымдасқандық» сияқты сапалар бірінші орынға шықты.
Күнсләмова Т.К. өз зерттеу жұмысында жеткіншектердегі агрессиялық мінез-құлықты өзіндік сана сезімдерді құрайтын негізгі компоненттері өзіндік бағалау және өзіндік реттелу мен өзара байланыста қарастырған. Педагогикалық-психологиялық көп қолданылатын психокорекциялық жұмыстарға негізделген топтық оқыту әдісі,яғни психологиялық-педагогикалық тренингтер арқылы жеткіншектердегі агрессиялық мінез-құлықты азайту мен оның өзіндік бағалау мен өзара байланыс ерекшеліктері жан-жақты зерттелген. Зерттеу жұмысында белгілі ғалым Э.Берннің трасактілік талдау концепциясы арқылы жеткіншектердегі эго күйлердің белсендірудің негізінде олардағы агрессиялық мінез-құлықты өзгертудің психологиялық ерекшеліктері қарастырылады.Жұмыста экспериментік топтың сыналушылары «полигон балалары» деп аталатын әлеуметтік статусы бар жеткіншектер болды,яғни «радиациялық былғанған» аймақтардағы балалардың агрессиялық мінез-құлық ерекшеліктері теориялық-эксперименттік зерттеу барысында зерттеледі. Зерттеуде жеткіншектердің өзіндік бағалау, өзіндік реттелу эго күйдің белсендендірілуі мен агрессиялықтың өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг арқылы зерттеу және агрессиялықты азайту үшін психокорекциялық жұмыстардың мүмкін жолдарын көрсетті [10,3].
Айдарбеков Қ.А. (Развитие диалогической структуры самосознания у подростков во внутрисемейных взаймодествиях) зерттеу жұмысында жеткіншек жастағы тұлғалық жекелік-вариациялық даму механизмдерін анықтауға бағытталған. Осы мақсатта жеткіншектің өмірлік әрекетін неғұрлым байланыстырып отыратын жаңа тұлғалық құрылымдардың кезекті психологиялық талдауы жүргізілген. Осы байланыстағы негізгі мәнділік жеткіншек жастағы тұлғалық жаңа құрылымдардың психологиялық мазмұнының іздестіру мен үлгісін жасау болып табылады,ал жеткіншектерді жаңа әлеуметтік қатынастарының жаңа деңгейге өтуін қамтамасыз етеді.
1.2. АТА-АНА МЕН ЖЕТКІНШЕУ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Жанұя әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.
Жанұя сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық. [23,17]
Жанұя -нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі,мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.
Жанұя әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.
Жанұя сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық. [23,17]
Жанұя -нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі,мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.
Шындықтың бейнелннуінің әлеуметтік психологиялық заңдылықтары адам мінез-құлқына ғылыми негізделген түрде етудің жаңа мүмкіндіктеріне қоғам алдында аша алады. Отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеу тұлғаның әлеуметтену процесінің негізінде жатқан дәне де отбасылық бірлестіктің мүшелеріне күшті әсер ететін заңдылықтарды білуге мүмкіндік береді [24,63].
Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас.
Қарым-қатынас – адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлға аралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.
Жанұя қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсінстік, бірінің екіншісіне бойсынуы, бірінің екіншісін құптауы сенімді қарым-қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі әр тұлғаның мейлі балалары, мейлі ересектері болсын,иағлұмат байлығы (информационное богатство)болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығыуы ықтимал. Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе, мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелеріне қарым-қатынас арқылы біріктіретін, өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды сфера мақсаты. Отбасын материалдық қамсыздандыру мақсатындағы бірлесіп еңбек ету,нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарым-қатынас алдымен, отбасы иелері әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса, соның өзі балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл анасы мен қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын ас маңызды қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар тарапынан дәлелденген.
Қарым-қатынас барысындағы біреудің екінші бір адамға әсерін, не болмаса өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі сипатта болғанымен, ішкі тетіктері (механизмдері)адамның психикалық ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық жорығы, жүріс-тұрысына тікелей, жанама, сөз арқылы әсер ету болып саналады [25,9].
Жоғарыда айтылып кеткендей отбасындағы, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас түрін қарастырамыз. Яғни жас ерекшелік жағынан жеткіншек пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас.
Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасыуында маңызды кезең болып табылады. Дәстүрлі түрде бұл кезең тәрбиелік қатынасқа қиындықтар тудырытын кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесінде жеткіншектерді зерттеумен байланысты мәселелер кешеніне көп көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі деңгейде және мазмұнда болады. Осы жас ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?