Курстық жұмыс: Экономика | Кеден ісін бақылаудың заңдылықтары мен принциптері

Курстық жұмыс: Экономика | Кеден ісін бақылаудың  заңдылықтары мен принциптері казакша Курстық жұмыс: Экономика | Кеден ісін бақылаудың  заңдылықтары мен принциптері на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе

1. Кеден ісін бақылаудың мәні мен мазмұны

2. Кеден ісін бақылаудың заңдылықтары мен принциптері

3. Кеден органдарындағы бақылаудың функциялары мен әдістері

4. Кеден ісін бақылаудың құқықтық негіздері

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер


1. Кеден ісін бақылаудың мәні мен мазмұны.

“Басқару” түсінігі айтарлықтай кең ұғым береді және адамзат қызметінің түрлі салаларында қолданылады. Кеден қызметінің қатысы бар түрлі әлеуметтік - экономикалық жүйелерде “Басқару” ұғымы әр-түрлі мағыналарда түсіндіріледі. Айталық, классикалық менеджмент “Басқаруды” - ұйымның қалыптасуы мен мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, жоспарлау, ұйымдастырудың және бақылаудың барысы деп таниды. Ал, басқару саласының, келесі топ ғалымдары мен мамандары “Басқару” дегеніміз – кәсіби дайындықтан өткен мамандардың ұйымдарды қалыптастырып, мақсаттарды қою арқылы оған қол жеткізудің интеграциялық процессі деп есептейді. Дегенмен, кеден қызметінің теориясы мен тәжірибесіндегі “Басқару” терминінің түсінігі “ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгермелі кезінде қойылған мақсаттарды орындауды қамтамассыз ететін, белгіленген тәртіпте құрылған ұжым адамдарының басқарушылық шешім қабылдауларының ақпараттық процессі” болып табылады.
Сонымен, басқару - дегеніміз жүйенің қойылған мақсаттарды шешім қабылдау арқылы жүзеге асыру үшін, өзінің құрылымын сақтауға, оның ішкі және сыртқы қатынастарын тәртіпке келтіруге бағытталған, әсер ету процессінің ашырамас қасиеті.
Кеден жүйесін басқару, онымен қатынасқа түсу, оның ішкі тетіктерін ұғыну мен оларды қолдана білу қабілеттілігі болып табылады. Кеден жүйесіндегі басқарудың мәнін, тек жүйенің барлық қатыстарының қимыл-қозғалысы, элементтері мен бөліктерінің байланысы терең зерттеудің объектісі болған кезде ғана ұғынуға болады.
Біртұтастық қағидасы жүйенің қызметтік иерархиялығына алып келеді, яғни жүйенің төменнен жоғарыға дейінгі бағыныштылығы жағынан сатылығын көрсетеді. Дәлірек айтқанда бір жүйелер басқа жүйелердің элементтері болуы мүмкін, яғни жүйелер өзінің жеке жүйелерінен құралып басқа жүйе құрамына кіреді. Мысалы, кеден жүйесі сыртқы экономикалық қызметті реттейтін мемлекеттік жүйенің құрамына кіреді.
Осы қағида, кеден ісінің қасиетін ашық және анық түрде көрсетеді. Кеден ісі жүйесінің мәні - бұл кеден ісінің түрлі формаларда жүзеге асырылатын үдерістер бірлігінің ішкі мазмұны. Өз кезегінде, Кеден ісінің ішкі мазмұны оның ішкі қасиеті - негізгі қызметінен көрініс табады. Сондықтан, жүйеде қалыптасатын қасиет жүйенің қызметі деп аталады, ал ішкі құрылым – жүйенің құрылымы. Кеден жүйесінің негізін қалайтын қызмет – бұл халықаралық алмасу процессін тәртіпке келтіру және үйлесімді реттеу қабілеттілігіне ие болу қызметі. Кеден ісінің қолданылуының өзі осыған келіп саяды.
Жоғарыда аталғандай, күрделі кеден жүйесі белгілі-бір жүйелердің санынан тұрады. Оның құрамындағы әрбір жүйе өзінің жеке жүйесінен құралған. Мысалы, кеден бекеті белгіленген кеденнің жүйесіне кіреді, өз кезегінде ол аймақтық не облыстық кеден басқармасы жүйесіне, ал облыстық кеден басқармасы өз кезегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеден комитеті жүйесінің негізін құрайды.
Кез-келген жүйенің өзіне тиесілі шектелген құзіреттілігі, мақсаттары, қызметтері, құқықтары және т.б. бар. Мысалы, кеден бекетінің жүйесі қызметкерлер ұжымынан, кеден технологияларынан, аумағынан және т.б. құралады. Бірақ, осы элементтердің әр–біреуін жеке мини-жүйе ретінде қарастыруға болады.
Жүйенің құрылымының түсінігі аталған жүйенің құрамдас бөліктерге, элементтерге бөлу мүмкіндігіне меңзейді.
Кеден ісін тануда және оның мәндік, тәжірибелік қызметін ұғынуда “объект” және “субъект” түсініктері үлкен маңызға ие. Бұл ұғымдар алғашқыда фәлсафада, кейінірек нақты-пәндік ілімдерде пайда болды.
Фәлсафалық көзқарас бойынша объект (латын тіліндегі objecto – алға тастаймын, қарсы тұрамын) субъектінің қызметінде қарама-қарсы тұратын ұғым береді. Қазіргі заманғы объект түсінігін Р. Декарта берді, яғни объектінің субъектіге тікелей қарсы қойылуы немесе білімнің тұпнұсқалық жағынан нақтылығын айқындау.
Субъект ұғымы (латын тіліндегі subjectus – төменде жатқан, негізін қалаушы, sub – астында, jacio – негізін қалау) фәлсафалық тұрғыдан жеке тұлға қызметінің танымдық мәнін көрсетуші, белсенділік көзі, объектіге қарсы бағытталған.
Ілімнің түрлі салаларында объект және субъект түсінігі әр-түрлі мағыналарда түсіндіріліп, өзіндік ерекшеліктер мен ғылыми түсіндірмелерге ие болады.
Кеден ісіндегі басқарудың объектісі – кеден органдары тарапынан басқару субъектісі ретіндегі басқарушылық әсер ету бағыты. Кеден органдарының басқарудың субъектісі ретіндегі қызметтері алдын ала құрылған бағдарламалар мен көзделген мақсаттарға жетуге бағытталған белгіленген кедендік процесстерге басшылық жасаумен түсіндіріледі. Осыған байланысты басқарудың объекті және субъекті ұғымдарын бөліп қарастырыуымыз қажет.
Басқарудың субъектісі дегеніміз – басқару органдары жиынтығының басқарушылық жүйесі болып табылады.
Кеден ісіндегі басқарудың объектілері мен субъектілерінің жиынтығының құрамы төмендегілерден тұратын басқару жүйесін құрайды:
• басқарудың механизмі (мақсаттары, қызметтері, қағидалары мен әдістері);
• басқарудың ұйымдастыру құрылымының жиынтығы (кеден органдарының түрлері, басқарудың ұйымдастыру құрылымының түрлері, басқару деңгейлері, жеке қызметкерлер құрамы және т.б.) ;
• кеден процесстері механизмдер элементтері және басқару құрылымының әрекеттері мен олардың өзара қатынасы ретінде (кеден бағдарламалары көмегі, технологоиялық схемалар, жағдайларға байланысты, туындайтын мәселелер бойынша арнайы шешімдер, жедел-құқықтық әрекеттер және т.б.) ;
Кеден ісіндегі құқықтың объектісі – дегеніміз кеден қызметін жүзеге асыру кезінде туындайтын, реттеуші орган (ҚР МКК) мемлекет тарапынан құқықтық реттелуге, бекітілуге немесе қорғалуға тиісті қатынас. СЭҚ –ке қатысушылардың немесе кеден шекарасынан өтуші тұлғалардың құқыққа сәйкес және міндетті әрекеттерін, кеден органдарының құқықтары мен міндеттерін нормативті-құқықтық актілерді көрсете отырып, мемлекет туындайтын қатынастарда тараптарды мемлекеттің мүддесіне жауап беретін қоғамдық қатынас түрлерін таңдауға итермелейді.
Кеден ісіндегі құқықтың субъектісі – бұл заң бойынша құқықтар мен заңды міндеттерді жүзеге асыруға қабілетті (құқықтық субъектілікке ие) тұлғалар (жеке және заңды), яғни жеке немесе ұжымдық субъектілер. Жекелеген юристердің пайымдауынша құқық субъектісінен құқықтық қатынас субъектісін бөліп қарау қажет.
Осы, дипломдық жұмыста негізінен басқарудың объектілері мен субъектілері қарастырылады.
Басқарудың объектілерін зерттеудің бірнеше тәсілдері белгілі. Белгілі жағдайларда “зерттеу объектісі” мен “басқару объектісі” біртұтас түрде қарастыралады, ал қалған жағдайларда “зерттеу объектісі” мен “басқару объектісі” жеке зерттеледі. Менің ойымша, зерттеу объектісі кеден жүйесіне қатысты болғандықтан кең ұғымға ие болады. Өз кезегінде басқару объектісі зерттеу объектісінің бөлігі ретінде оның құрамына кіреді және оның негізінде жүйенің маңызды қызметі қалыптасады.
Кеден және басқа да экономикалық әдебиеттерінде “кеденді басқару”, “сыртқы сауда кәсіпорындарын басқару” және т.б. терминдері жиі қолданылады. Менің көзқарасым бойынша, аталған терминдер дұрыс қолданылмайтын сияқты, өйткені жылжымайтын мүлікті, ғимараттарды, жолдарды және т.б. басқаруды қалай түсінуге болады. Кеден ісінің түсінігі бойынша, аталғандарды кеңістікпенен уақыт кеңістігінде басқарумен түсіндірілген болар еді. Сондықтан бұл жерде “кедендегі басқару” немесе “кеден ісін басқару” дәлірек болады.
Кеден қызметінің ақпараттық-электронды ұйымдастыру және басқару формасына көшуі басқарудың екі бағытын бірінші кезекте “басқарудың объектісін” анықтауда синтездеуге алып келді. Бірінші бағыт дәстүрлі қалыптасқан басқаруды жалғастырумен байланысты, ал екінші бағыт дәстүрлі қалыптасқан басқаруды қайта талғап, басқарудың объектісін кибернетикалық жаңалықтармен толықтыруды көздейді.
Кеден тәжірибесі көрсетіп отырғандай кеден жүйесіндегі басқарудың негізгі объектісіне тауарлар, көлік құралдары, және Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтуші тұлғалар жатады.
Тауарлар. Тауар ұғымы – басқарудың теориясы мен тәжірибесіндегі ең күрделі және көп мағыналы түсініктердің бірі.
Кеден ісінің экономикалық қызметі тұтынушылық құн мен тауардың құны арасында реттеу рөлін жүзеге асыру. Мұндай реттеу кеден тарифі негізінде, кедендік құнды анықтау және басқа да әдістер арқылы халықаралық тауар алмасу барысында жүзеге асырылады.

№1. Схема. Кеден жүйесідегі басқарудың объектілері құрылымы.

Кеден ісінің ұйымдастыру-құқықтық қызметінің ұстанымы бойынша тауарлар дегеніміз кез-келген жылжыйтын мүлік болып табылады, соның ішінде валюта, валюталық құндылықтар, электр және басқа да түрдегі энергиялар. Тауарларды кеден шекарасынан алып өтудің негізгі талабы, олардың СЭҚ ТН сәйкес кодтың берілуінде.
Сонымен қатар тауарларды кеден ісінің басқа ұстанымдары жағынан қарастыруға болады (экономикалық-құқықтық, ұйымдастырылу-психологиялық және т.б.). Айталық төмендегідей тауарлардың кеден ісіндегі негізгі белгілеріне сәйкес жіктеулерге:
1. Ұлттық белгісіне сай:
• қазақстандық;
• шетелдік;
2. Кеден кеңістегіндегі қозғалысының бағыты бойынша:
• импорттық;
• экспорттық;
• транзиттік;
3. Уақытша мінездемесіне сай:
• мерзімдік;
• тез бұзылатын;
• маусымдық;
• уақытша әкелінетін және шығарылатын;
4. Сауда-айналымдық мақсатына сай:
• сыртқы сауда айналымында сату және сатып алуға арналған, коммерциялық мақсаттағы тауарлар;
• сауда айналымына арналмаған, коммерциялық емес тауарлар;
5. Фискальды белгісі:
• кедендік салық салуға жататын тауарлар;
• салықтардан босатылған тауарлар;
6. Тұтынушылық мінезіне сай:
• жеке пайдалану мақсатындағы тауарлар;
• өндірістік тұтынушылық мақсатындағы тауарлар;
7. Тиым салу-шектеу шаралары:
• ҚР кеден аумағына әкелуге немесе ҚР кеден аумағынан әкетуге тиым салынған тауарлар;
• енгізілуіне немесе шығарылуына тиым салынған тауарлар;
• тек арнайы рұқсатпен ғана өткізілетін тауралар;
• экономикалық саясат шаралары қолданылатын тауарлар;
8. Шығарылатын еліне сай:
• шығарылған елі анықталған тауарлар;
• шығарылған елі анықталмаған тауарлар;
9. Тауарларды өткізу шешімдерінің нәтижесіне сай:
• ҚР кеден шекарасынан өткізілген тауарлар;
• ҚР кеден шекарасынан өткізілмеген тауарлар;
10. Арнайы бақылау белгілеріне сай:
• СЭҚ ТН сәйкес берілген кодтарына сай бақыланатын тауарлар;
• пошта – халықаралық пошта жіберілімдері;
• кеден бақылауына жатпайтын (дипломатиялық тұлғалардың, мемлекетттік қызметкерлердің қол багаждары,) тауарлар;
• қол жүктері – жеке тұлғалардың өздерімен бірге алып өтетін тауарлары;
11. Қауіпті деңгейіне сай:
• 1 класс – түрлі қасиеттерге ие жарылғыш материалдар;
• 2 класс – улы не улы емес газдар;
• 3 класс – тез тұтанатын сұйықтар;
• 4 класс – тез тұтанатын қатты заттар, өздігінен тұтанатын заттар, сумен қатынасқа түскен жағдайда өздігінен тұтанатын газ бөлетін заттар;
• 5 класс – қышқылданатын заттар, органикалық пероксидтер;
• 6 класс – улы және инфляциялық заттар;
• 7 класс – радиоактивті материалдар;
• 8 класс – коррозиялық заттар;
• 9 класс – 1-8 класстағы заттарға жатпайтын жүктер, яғни оларды ашық немесе су көлік құралымен тасымалдағанда қауіпті қасиеттері көрініс алатын.
Көлік құралдары. Көлік құралдарына жолаушылармен тауарларды халықаралық тасымалдау үшін қолданылатын кез-келген құралдар жатады, соның ішінде контейнерлер мен басқа да көліктік құрылымдар.
Олар төмендігідей құрмнан тұрады:
а) өндірістік және коммерциялық жүктерді тасымалдаумен айналысатын көлік құралдары:
• теміржол;
• авиациялық;
• ғарыштық;
• теңіз;
• өзен;
• автомобиль;
• құбыр;
• электро линиялар;
б) жеке мақсаттарға арналған және коммерциялық мақсаттарға арналған жүктерді тасымалдаумен айналыспайтын көлік құралдары.
Тұлғалар. “Тұлғалар” термині кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, басқа да заңды және жеке тұлғалар ұғымын білдіреді. Қазіргі таңда бұл термин мынандай белгілерге сәйкес жіктеледі:
1. Құқықтық статус:
• жеке тұлғалар – Қазақстан заңдарына сәйкес толық көлемде құқықтық қабілеттілік пен іс-әрекет қабілеттілігіне ие азаматтар;
• заңды тұлғалар – жеке меншігінде, жедел және шаруашылық басқаруында мүлкі бар және өз міндеттеріне өзінің мүлкімен жауап беретін ұйым;
2. Азаматтық елі:
• қазақстандық тұлғалар;
• шетел тұлғалары;
3. Мекен – жайы:
• резидент – ҚР тұрғылықты тұратын мекен жайы бар тұлғалар және оларға жататындар:
- ҚР тұрғылықты тұратын мекен-жайы бар жеке тұлғалар, соның ішінде уақытша оның аумағынан тыс жердегілер;
- ҚР заңдарына сәйкес құрылған және ҚР орналасқан заңды тұлғалар;
- ҚР аумағынан тыс жерлерді орналасқан оның дипломатиялық және ресми өкілеттіліктері;
- ҚР аумағынан тыс жерлердегі резиденттердің филиалдары мен өкілеттіліктері;
Резидент еместер – шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ ҚР аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғалармен орналасқан заңды тұлғалар.
Резидент еместерге жататындар:
• ҚР аумағынан тыс жерлерде тұрғылықты тұратын жеке тұлғалар, соның ішінде ҚР уақытша тұратын;
• шетел мемлекеттерінің заңдарына сәйкес құрылған, ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан заңды тұлғалар;
• ҚР аумағындағы шетел мемлекеттерінің дипломатиялық және ресми өкілеттіліктері;
4. Кедендік ресімдеуге мүдделлі тұлғалар:
• декларант – кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын мәлімдеуші;
• кеден тасымалдаушысы – тауарларды тасымалдаушы тұлға;
• кеден брокері немесе делдалы – делдал ретінде тауарлар мен көлік құралдарын мәлімдеуші;
• кеден қоймасының иесі – кеден органының лицензиясы негізінде қойма жөнінде қызмет көрсетуші тұлға;
• кедендік ресімдеу жөніндегі маман – кедендік ресімдеу жөнінде қызметтер көрсетуге құқылы тұлға;
5. Арнайы құқықтық белгілер:
• кедендік бақылау жөнінде жеңілдіктері бар дипломаттар, мемлекеттік қызметкерлер;
• басқа да құқыққорғау органдарының қызметкерлері;
• кедендік бақылауға көмеке көрсетуші тұлғалар (мамандар, медициналық қызметкерлер, сарапшылар, куәлер);
• басқа да тұлғалар;
Қызметтер. Қызметтер дегеніміз адамдарға пайдалы нәтижелер ұсынушы әрекеттер. Кейінгі уақытта халықаралық саудада қызметтерге үлкен мән беріліп жүр. Көптеген елдерде қызметтер көрсету саудасы халықаралық саудада үлкен көлемге ие болады. Халықаралық валюта қоры жөніндегі БҰҰ Статистикалық Коммисиясы, Европалық Одақ және басқа халықаралық ұйымдар аясында, қызметтер көрсету саласында әдістемелік сұрақтарды шешу ұйымдастырылып жүр. Осы жұмыстардағы негізгі проблема:
• халықаралық саудада “қызметтер” ұғымын анықтау;
• қызметтердің классификаторын қалыптастыру;
Өнімнің бірыңғай классификаторына сәйкес қазіргі таңда қызметтердің 160 түрі белгіленген:
• іскерлік қызметтер – 46 қызметтің салалық түрі;
• көліктік қызметтер – 33 түрі;
• байланыс қызметтері – 25 түрі;
• қаржылық қызметтер – 17 түрі;
• жалпы кәсіби қызметтер – 5 түрі;
• басқа да қызметтер – 34 түрі;
Санаткерлік меншік. Бүкіләлемдік сауда ұйымының Уругвайдағы келіссөздері тауарлардағы санаткерлік меншікті қорғау проблемасын анықтап берді. Келісімнің мақсаты санаткерлік меншікті қорғау арқылы оның заңды сауда жасауға кедергі болмауына қол жеткізу.
Келісімнің қатысушылары кедендік қорғалуғы тиісті санаткерлік меншікке мыналарды жатқызды:
• авторлық және аралас құқықтар;
• тауар белгілері;
• географиялық нұсқауларды пайдалану;
• өндірістік дизайн;
• патенттер;
• интегралды микросхемалардың технологиялары;
• жасырын ақпараттарды қорғау;
Келісімнің жаңалықтарының бірі - қатысушы мемлекеттерге санаткерлік меншік құқығын қорғаудың ұлттық механизмдерін құру міндеттілігі болды. Қазіргі кезде ҚР МКК БСҰ санаткерлік меншікті реттеу бойынша ұсынған заңның жобасын зерттеу үстінде.
1.2. Кеден ісін бақылаудың заңдылықтары мен принциптері.
Басқару заңдылықтары басқару жүйесінің элементтері мен жүйелерінің арасындағы ортақ, негізгі және қажетті байланыстарды көрсетеді. Заңдылықтар объктивті және адамдардың санасы мен еріктеріне тәуелді болмайды. Басқарудың заңдарын білу басқару жйесін құру және олардың қызметтерін ұйымдастыру кезінде олардың талаптарын есепке алуға мүмкіндік береді.
Басқарудың жүйесіне мыналар жатады: басқару жүйесі бірлігінің заңы, кәсіби қызмет және басқарудың үйлесімділік заңы, басқару қызметін оңтайлы орталықтандырудың заңы, басқарудың қызметі, басқарушы және басқарылатын жүйелердің салыстырмалылығы заңы және басқалар.
Басқару жүйесі бірлігі заңының әрекеті мыналардан көрініс табады: басқару қатынасының үзіліссіз тізбегі мемлекеттік басқарудың жоғарғы органдар жүйесінен бастап оның ең төменгі құрамдас бөлігіне дейін жалғасатындығы; басқару процессінің барлық сатылары, операциялары мен кезеңдерінің үзіліссіздігі мен келісімділігінен; адамдардың ғаламдық мақсаттар мен мүдделерінің барлық қосалқы бөліктерін басқарудың бірлігінен; басқарудың қызметтері мен әдістерінің бірлігінен; басқару аппараты қызметкерлеріне қойылатын талаптардың бірлігінен.
Кәсіби қызмет және басқарудың үйлесімділік заңы басқарудың маңызды мақсаттарын анықтайды, басқарушы және басқарылатын жүйелердің ұтымды түрде үйлесімді қызмет жасауын қамтамассыз етеді. Үйлесімділік жүйенің негізгі қызметін басқару қаншалықты дәлме-дәл және толық қамтамассыз етілгіндігімен өлшенеді, яғни кедендік ресімдеу және кедендік бақылаудың минималды шығындар шығару арқылы қажетті әсер беруі.
Басқару қызметін оңтайлы орталықтандырудың заңы кеден органдары жүйесінің әрбір төменгі құрамдас бөлімнің орталық басқару органдарына тұрақты түрде қажетті бағыныштылығын орнату арқылы бақару жүйесінің қызмет етуін қамтамассыз етеді. Орталықтандырылған басқару жүйенің барлық құрамдас бөлігінің қызметін қатаң түрде белгілеуді білдірмейді.
Басқарушы және басқарылатын жүйелердің салыстырмалылығы заңы басқарылатын жүйенің сәйкестілігін қамтамасыз етуді талап етуді көздейді. Осы салыстырмалықтың өзгеруіне түрлі факторлар әсер етеді, бірінші кезекте ұйымдастыру және экономикалық. Бәрінен де бұрын, басқарушы жүйенің даму және қызмет ету деңгейі басқарылатын жүйенің жедел-қызметтік қызметі деңгейіне сәйкес болу шарт.
Кеден органдарындағы басқару, объективті заңдармен олардың негізінде қалыптасатын принциптердің біркелкі жүйесіне де иек артады.
Басқару принциптері дегеніміз – басқарушы жүйе басшылыққа алып отыратын басқарушылық идеялар, тәртіптер, негізгі ережелер мен тәртіп нормалары. Кеден органдарын басқару тәжірибесінде жалпы, жеке және ұйымдастыру-технологиялық принциптері қолданылады.
Жалпы басқару принциптері – дегеніміз басқарудың басым нормалары және олар кеден органдарының барлық салаларымен жүйелерінде қолданылады. Басқарудың жалпы мынандай принциптері бар:
Жүйелілік – басқарудың жетекші принципі. Кеден органдарын басқарудағы жүйелілік жүйенің құрылымдылық және қызметтік бірлігін қамтамассыз етеді және жетілдіреді.
Кеден органдарының алдында тұрған мақсаттар күрделенген сайын, соғұрлым жүйенің кері байланыс принципі үлкен маңызға ие болады. Ақпарат басқару объектісіне нақты сәттерде жүйенің жағдайы, көзделген мақсатқа қол жеткізгендік .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Кеден ісін бақылаудың заңдылықтары мен принциптері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Кеден ісін бақылаудың заңдылықтары мен принциптері, курстык Кеден ісін бақылаудың заңдылықтары мен принциптері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар ж, Курстық жұмыс: Экономика | Кеден ісін бақылаудың заңдылықтары мен принциптері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін