Курстық жұмыс: Информатика | Интернет-Internet

Курстық жұмыс: Информатика | Интернет-Internet казакша Курстық жұмыс: Информатика | Интернет-Internet на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………... 2
Негізгі бөлім…………………………………………………
1.BDE Administrator……………………………………………
2.Database desktop…………………………………………………………….. 4
3.Компоненттер палитрасы……………………. 5
2.2. FTP хаттамасы……………………………………………………… 6
2.3. РРР хаттамасы……………………………………………………… 6
3. Инетернеттегі қызмет түрлері, оның ресурстарына қатынас құру.. 8
3.1. Электронды почта қызметі………………………………………… 9
3.2. Телеконференциялар………………………………………………. 12

4. Web парақ құру, оны интернетте Web –side түрінде көрсету……… 13

5 World Wide Web ……………………………………………………….. 18
5.1Web жүйесімен қатынас құру және World Wide Web- те ақпаратты іздеу………………………………….................18
6. Интернетте ақпаратты берудің қауіпсіздік шаралары………………. 22
6.1.Клиент қауіпсіздігі. ………………………………………………….. 22
6.2. Сервер және брандмауэр қауіпсіздігі. ……………………………… 24

7. Internet Explorer дегеніміз не?…………………………………………. 25
7.1. Internet Explorer дегі қауіпсіздік……………………………………. 26

Қорытынды …………………………………………………………….. 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………… 30
Қосымшалар………………………………………………………………... 31
А. Web параққа кестені және графиканы қосу........................................... 31


НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1.ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛУ
Сіз өзіңіздің қаржылық жағдайыңызға байланысты Internet-ке қосылудың бірнеше тәсілін таңдауыңызға болады. Белгілі бір уақыт шамасында берілуі мүмкін болатын мәліметтр көлемі сіздің таңдаған қосылу тәсіліңізге байланысты болады. Мәліметтердің берілуі мүмкіндігін қосылудың өткізгіштік қасиеті десек те болады ( band width).
Internet-ке қосылудың екі түрі бар: cеансты (dial-up) және тікелей (direct) қосылу арқылы жүзеге асады. Сеанстық қосылу модемнің көмегімен болады. Мұнда қосылу сервис-провайдердің модемінің кәдімгі коммутирленген телефон желісі арқылы жүзеге асады, одан әрі байланыс орнатылады және TCP/IP хаттамасын пайдалану арқылы мәліметтердің берілуі басталады. Internet-ке тікелей қосылу кезінде сервис-провайдердің түйінімен бірге ажыратылған байланыс желісі пайдаланылады.
Сеанстық қосылу. Сервис- провайдермен келісім шартқа отырып және сеанстық қосылу режиміне мүмкіндік алып (dial-up Internet account),модемнің көмегімен сервис-провайдер телефон нөмірімен байланысасыз.Модеммен байланысқаннан кейін сіздің компьютер жүйеге кірудің әрекетін орындайды, содан кейін TCP/IP хаттамасы бойынша компьютерлер арасында ақпарат алмасу басталады.
Тіркелу кезіндегі және жүйеге кіру кезіндегі әрекеткрді сервис- провайдер анықтайды. Әдетте бұл әрекеттер файл- сценарияның көмегімен (script file) автоматизацияланады.
РРР (Point to Point Protocol) хаттамасы және SLIP (Serial Line Internet Protocol, Internet хаттамасы жүйелі желілер үшін) хаттамасы TCP/IP- ді сеннтық қосылуда пайдалануға мүмкіндіе береді, тексттік режимнің эмуляциясында емес. Хаттаманың екеуіде бір опрерацияны орындағандайды, РРР хаттамасы жетілдірілген және қосымша мүмкіндіктерге ие. Сервис- провайдердің көпшілігі осы хаттамаменжұмыс істегенді қалайды
Тікелей қосылу. Internet-ке қосылудың тағы бір маңызды әдісі тікелей қосылу болып табылады (direct Internet connection). Тікелей қосылуды әдетте Ірі фистер мен компаниялар пайдаланады. Олар өздерінің ішкі жүйелерін Internet-ке қосуды көздейді. Дегенмен бұл өте қымбат тұрады.
Тікелей қосылу ажыратылған телефон желісінің кепілдендірілген мәліметтерді беруді жүзеге асыратын , сіздің офисіңізді байланыстыратын сервис-провайдердің түйіні негізінде жұмыс істейді. Желінің өткізгіштік қабілетіне байланысты компания телефонының абрненттік төлемі айына жүзден бастап мыңдаған долларға жетеді. Сонымен қатарай сайын сервис провайдердің қызметін де төлеп тұру керек. Бұл аз ақша емес. Бұған тағы байланыс үшін жүйелік аппараттық қамтамасыз етудің құнын қоссақ, кіші грім компаниялар және жеке тұлғалар бұл қосылудың түрін пайдалана алмайды.
Тікелей қосылудың артықшылықтарын ай татын болсақ, біріншіден Internet-пен байланыстың тұрақты каналын қамтамасыз етеді, бұл жоғары жылдамдықта мәліметтерді көшіріп алуға мүмкіндік береді , сонымен қатар компьютерлер жүйесінің толық IP- адресін алуға мүмкідік береді.

2.ХАТТАМАЛАР

Желі өміршең болуы үшін оның компьютерлер арасындағы мәлімет алмасу ісі қабылданған жалпы стандарттар негізінде жүргізілуі керек.
Әр түрлі құрылғылар мен программалар арасында мәлімет алмасу қалай және қандай түрде атқарылатыны жайлы ережелер жифны хаттама деп аталады. Түрлі-түрлі компьютермен операциялық жүйелер үшін әр түрлі авторлар жазған программалардың өзара сәйкес түрде дұрыс жұмыс істеуін осы хаттамалар жүзеге асырады.
Хаттамалар мынадай топтарға жіктеледі.
Базалық хаттамалар (TCP мен IP) Интернет компьютерлері арасында кез келген типтегі электрондық хабарламаларды физикалық түрде тасымалдауға жауап береді. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланыста жұмыс істейтін болғандықтан, олар көбінесе бірге жазылатын TCP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol-тасымалдауды басқару хаттамасы/желі аралық хаттама) терминімен белгілейді
Интернет TCP/IP хаттамасын пайдаланады. Бұл хаттама тасымалданатын мәліметтерді қалай пәкеттерге бөлу керектігін, олардың қалай құрылатынын, қажетті компьютерге сол пакеттердің жеткенін қалай бақылауға болатынын, мәліметті тасымалдау кезінде қате кетсе, оны қалай дұрыстайтынын және де басқа шараларды қалай жүргізу қажет екендігін анықтайды. Негізінде TCP/IP хаттамасы мен біртұтас IP-адрестер кеңістігін пайдаланатын мыңдаған жеке желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрады. Мұндағы желілердің барлығы да тең құқықты, басқару мен қаржы жағынан тәуелсіз болып саналады;
Қолданбалы хаттамалар жоғарғы деңгейде болып саналады, бұлар Интернеттің арнайы қызмет баптарының HTTP (Hyper Text Transfer Protocol-гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, FTP (File Transfer Protocol-файлдарды тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, TELNET (алыстан қатынасу) хаттамасының, электрондық поштаның SMTP және POP3 тәрізді хаттамалар, т.б. жұмысын қамтамасыз етеді
FTP компьютерлер арасында екілік және мәтіндік файлдарды тасымалдау мүмкіндігін береді. Ол ең “ежелгі” қолданбалы хаттамаға жатады, өйткені ДК тұтынушылардың ең алғашқы талаптарының бірі-осындай қызықты программалар мен құжаттар алмасу болатын.
Осы әрекетті FTP хаттамасы атқарады.

2.1. TCP/IP хаттамасы, оның қолданылу мақсаты.

70- ші жылдардың ортасында АҚШ-тың қорғаныс Департаменті (U.S. Departament of Defense) ведосмтвалық ұйымдарда электрондық коммуникац-иямен байланысты меселелер туындағаны жөніндегі шешімге келді. Департамент,ізденістік лабороториялар, университеттердің қызметкерлері арасында хабарлардың үлкен ағымын алмасу кезінде қиындықтар туындады. Әр түрлі мекемелер әр түрлі өндірушілердің әр түрлі операциялық жүйелерді орындайтын компьютерлерін пайдаланды. Бұдан келе сұрақ туды :бұлар арсында ақпарат алмасуды қалайша мүмкін етуге болады?
Перспективалық ізденістерді дамыту Агенствасы ARPA ( Advanced Research Projects Agency)- ға әр түрлі топологиялар мен құрылғыларды пайдаланатын жүйелер байланысы мәселесін шешу тапсырылды. ARPA университеттер жәнекомпьютер өндірушілер арасындағы қарым- қатынасқа коммуникация стандарттарын жасап шығарды. Бұның нәтижесінде төрт мықты түйіннен тұратын жүйе құрылды. 70-ші жжылдары бұл жүйеде TCP/IP-ге негіз болатын жаңа базалық хаттама пайдаланылды.
Internet-те сіз жұмысыңызға браузердің қандай версиясын пайдаланудан тәуелсіз, олардың барлығы TCP/IP хаттамасын қолдайтын программалық қамтамасыз етуді қажет етеді. Осылайша TCP/IP хаттамалар тобы –бұл Internet-тегі компьютерлердің арасыдағы “ қатынас тілі” болып табылады.

2.2.FTP хаттамасы.

FTP – бұл file transfer protocol дегеннің қысқартылған, файлдарды беру хаттамасы- бұл тексттік және екілік файлдарды қабылдайтын және жіберетін Internet хаттамасы. FTP хаттамасы – бұл әдетте файлдарды файлдардың архивінен алу үшін пайдаланылады. Өткен бірнеше жылда Internet-те көптеген FTP түйіндері пайда болды.
Аппараттық құрылғыларды өндірушілер және программалық қамтамасыз ету үшін FTP-түйіндерінұйымдастыру жолға қойылған. Бұл ҒТР- түйіндерінде клиенттер тегін енгізе алатын программалық қамтамасыз етудің, аппаттық құралдарды қолдауи драйверлерінің соңғы нұсқалары сақталады.
ҒТР түйіндері аппараттық және программалық құралдарды сатып алушыларды қолдауға арналған және олар кең көлемде жарнамаланады. Сондықтан пайдаланушылар бұл туйінде сақталатын ақпаратты Internet-тен тауып алуына болады.1990 жылы Питер Дйеч, Билл Хилан және Элан Эмтидж Archie деп аталатын программа ойлап тапты. Бұл ҒТР түйіндеріндегі файлдарды іздеуге арналған.

2.3 РРР хаттамасы (Point to Point Protocol)

PPP-SLIP-тен кейін шыққан, әлдеқайда жас хаттама. Бірақ олардың қызметтері бірдей-ерекшеленген немесе коммутацияланған байланыс жүйелері арқылы берілетін мәліметтерді басқару. RFC-1661-ге сәйкес, тораптағы екі түйіннің стандартты қатынасын қамтамасыз етеді. Бір уақыттың өзінде екі бағытта мәлімет беру ұйымдастырылады деп саналады. SLIP-тегідей, мәліметтер пакеттер деп аталатын фрагменттерге бөлінеді. Пакеттер бір түйіннен екінші түйінге ретпен беріледі. SLIP-тан айырмашылығы РРР бір уақыттың өзінде байланыс жүйесі арқылы әр-түрлі хаттамалардың пакеттерін жібере алады. Бұдан бөлек, PPP байланысқан екі жақтың да автоконфигурация процессін жорамалдайды. PPP негізінен үш бөліктен тұрады: инкапсуляция механизмі (encapsulation), байланысты басқаратын хаттама (link control protocol), және жүйені басқаратын хаттамалар тобы (network control protocol).
Шет тілдер сөздігіне сүйенсек, ”инкапсуляция” термині “құрылымы жергілікті емес дененің айналасында қабықтың (капсуланың) пайда болуы” деген мағынаны білдіреді. Жүйеаралық мәлімет алмасу туралы айтқанда, бұл термин жиі қолданылады. Мысалы: ІР-ді Х.25-ке инкапсуляциялау. Инкапсуляция түрлі жүйелік (жүйеаралық алмасу хаттамалары,мысалы ІР) хаттамалардың бір мәліметтер каналы арқылы мультиплекстенуін қамтамасыз етеді. PPP инкапсуляциясы өте тиімді құрастырылған, HDLS фреймінің өткізілуі үшін бар-жоғы 8 қосымша байт керек(PPP терминалогиясына сәйкес, 8 октет). Информацияны фреймдерге бөлудің басқа тәсілдарі қолданылғанда, қосымша байттардың саны 4 немесе 2-ге дейін де қысқаруы мүмкін. Мәліметтерді тез өңдеуді қамтамасыз ету үшін РРР пакеттерінің шекарасы 32 битке еселік болуы қажет. Қажетті жағдайда, пакеттің соңына 32-биттік шекараға теңестіру үшін “балласт” қосылады. Негізінде, PPP терминдерінде инкапсуляция термині – транспонирленіп жатқан мәліметке жұмысқа байланысты мәліметтә қосу ғана емес,керек жағдайда, осы мәліметті кішірек фрагменттерге бөлу.
РРР-де датаграмма деп ІР-ге қолданылатын ІР пакет, жүйе деңгейінің мәлімет бірлігі түсіндіріледі. Фрейм деп- каналдық деңгейдің (OSI моделіне сәйкес) мәлімет бірлігі түсіндіріледі. Фрейм аралығында мәлімет сақталатын пен құйрықтан тұрады. Датаграмма бір немесе бірнеше фреймға инкапсуляциялануы мүмкін. Пакет деп- жүйелік деңгей мен каналдық деңгей арасындағы мәлімет алмасу бірлігін айтамыз. Негізгі бір пакетке сійкес бір фрейм қолданылады. Бірақ ерекшк үш жағдай болуы мүмкін:каналдық деңгей мәліметтердің көбірек фрагментациялануын талап етеді, немесе керісінше, пакеттерді тиімдірек өткізілуі үшін біріктіреді. Фрагментацияның бұл жағдайында АТР жүйесін алуымыз мүмкін. PPP фреймінің жай көрінісі келесі:

Хаттама бит
ақпарат құйрық

Хатама қатарында инкапсуляцияланған датаграмманыі типі көрсетіледі. Бұл қатарда хаттамаларды кодтайтын арнайы қағидалар бар (ISO-3309 және RFS-1661).“Мәлімет“ қатарында мәліметтер пакеті жазылады.”Құйрық“ қатарына 32-биттік шекараға теңстіру үшін “бостық”(пустышка) қосылады. Тиісілмеген жағдайда(по умолчанию) РРР фрейміне 1500 байт қолданылады. Бұл санға “хаттама“ қатары кірмейді.
Байланысты басқаратын хаттама тораптың түйіндері арасындағы инкапсуляция параметрлері (мысалы, фрейм көлемі) туралы келісімді орнатуға арналған. Бұдан бөлек, хаттама түйіндерінің идентификациясын жүргізуге мүмкіндік береді. Байланысты орнатудың бірінші фазасы, ол мәләметті өткізудің физикалық дайындығын тексеру. Оның үстіне бұндай тексеру, модеммен коммуникациялық линия арқылы жұмыс істегендегідей, физикалық қосылудың автоматты қайта орнатылу механизмін орнатуға мүмкіндік бере отырып, периодты түрде іске асырылуы мүмкін. Егер физикалық қосылу орнатылса , сессия параметрлерін дұрыстай (настрайвая) отырып, түйіндер байланысты басқару хаттамсы пакеттерімен айырбасты бастайды. Байланысты басқару хаттамасы пакетінен басқа кез-келген пакет, бұл айырбас кезінде өңделмейді. Осы әрекеттерден соң жүйеаралық алмасу хаттамаларымен (ІР, IPX және т.б.) жұмыс пакеттерінің дұрысталуы (настройка) жүргізіледі. Олардың әр-қайсысы үшін өздерінің басқару хаттамалары қолданылады. PPP хаттамасы арқылы жұмысты аяқтау үшін торап арқылы байланысты басқару хаттамасының жұмысты аяқтау пакеті беріледі.

3.Интернетте қызмет түрлері

Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты таратуға арналғандары: WWW, FTP, Telnet, т.б.; электрондық мәлімет алмасу үшін: E-mail, Usenet, ICQ, IRC, IP-телефония және басқалары.
Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әр түрлі функцияларын атқарады, оның үстіне олардың кейбірі ескіріп жойылса, кейбірі жаңадан туындап келеді. Осылардың қазіргі желілерге жұмыс істейтін негізгілерінің қысқаша сипаттамаларын қарастырып өтейік.
WWW (World Wide Web дүниежүзілік өрмек)-Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оныWeb деп те айта береді. Мәліметтер блогы (Web-парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW-сервер немесе Web-сервер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады. Web-құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы тұтынушы адам олардың бірінен біріне ауыса береді.
WWWмен оның программалық жабдықтары-Желінің ең қуатты, әрі болашағы бар құралдары. WWWнегізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы-HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) арқылы жұмыс істейді, ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (Hyper Text Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады.
WWW мәліметтерімен жұмыс істеу үшін ағылшынша browser (“browse”-қарап шығу, шолу), яғни броузер, навигатор, көрсеткі, шолушы деп аталатын программалар қолданылады. Қазіргі кезде Microsoft Internet Explorer, NetscopeNavigator тәрізді броузерлер жиі қолданылады.
FTP. Қашықта орналасқан машинаның каталогтарымен және файлдармен жұмыс істейтін хаттама (File Transfer Protocol-файлдарды тасымалдау хаттамасы) мен программалар осылай аталады.FTP құралдары сервер каталогтары мен файлдарын көріп, олардың бірінен біріне ауысып, керектілерін көшіріп алуға, жаңартуға мүмкіндік береді.
Telnet. Бұл термин арқылы клиенттің алыстағы сервер-компьютермен қатынасуынқамтамасыз ететін хаттама мен программа белгіленеді. Байланыс орнатылғаннан кейін тұтынушы қашықтағы компьютердің операциялық жүйесіне кіріп, сондағы орнатылған программалар өз программалары тәрізді жұмыс істей алады.
E-mail. Бұл электрондық поштаның ағылшынша аталуы, ол-желі қызметтерінің ішіндегі электрондық мәлімет алмасудың ең негізгісі. Электрондық пошта кқмегімен барлық құрлықта тұратын адамдар бір біріне электрондық хаттар мен файлдар жібере алады.
Usinet жүйесінің бірнеше анықтамалары бар, олар-тармақталған дискуссия клубы, телеконференция, жаңалықтар тобы. Мұның электрондық поштадан айырмашылығы-мәліметті бір адамға ғана емес, бірнеше абоненттер тобына (телеконференциялар) жолдайсыз. Әр түрлі мәселелерді талқылау кезінде конференцияға қатынасушылар тең құқылы болып саналады. Әрбір телеконференция бір тақырыбқа (ғылымда, өнерде, спортта, т.с.с.) арналады және оның өзіндік адресі болады, мұндағы қарастырылатын мәселелер ауқымы әр түрлі бола береді-өте ауқымды тақырыптан (бір сұрақтың барлық жағы) тек бір ғана сұраққа дейін (мысалы, филателия) қамтылады.
ISQ (I seek you-мен сені іздеймін)-желі тұтынушыларына нақты уақыт кезіңінде (масштабында) хат-хабарламалар араласып, бірден чат (chat-әңгіме) құрып, файл жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін қызмет түрі.

3.1Электрондық пошта

Электрондық пошта қашықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы байланусыдың ең ыңғайлы түрі болып саналады да, ол кәдімгі поштаның екінші балама түрі болып есептеледі. Информацияны өте жылдам, әрі толық күйінде оны өзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетіндіктен (қызметінің салыстырмалы бағасы төменгі деңгейде) кәзіргі пошта қызметінің ертеңі электрондық пошта болады деп күтілуде. Компьютерлер көмегімен кез келген ортаны (олар қандай қашықтықта орналасса да) дайын болған әртүрлі құжаттармен, жаңа жобалармен жылдам таныстырып, олардың да осыларға деген пікірін тез жинап алуға болады.
Ескерту:Электронды почта мәліметтерді Internet түйіндері арасында SMTP ( Simple Mail Transport Protocol,Почта жіберетін қарапайым хаттама) хаттамасын қолдану беріледі.Электронды локальды программасы почтаны почталық серверден РОР хаттамасының көмегімен алады. Электрондық пошта кез келген құжатты-ол мейлі қызмет жайлы жалпы мәліметтер бола ма (адресі аты-жөні, тақырыбы) немесе жәй хабар түріндегі мәтін (хаттың өзі) бола ма бәрібір олардың информациялық негізін бірдей түрде нық ұстап, нақты әрі сенімді түрде жеткізе алады.
Электрондық поштаны пайдалану кезінде компьтерде әртүрлі арнаулы программалар қолданылады және олардың қажеттілігіне қарай бірінен біріне жеңіл ауысып отыруға болады. Мұндай программалар мынадай жұмыстарды атқарады:
- алынған хабарларды талдау және жаңа хабарлар дайындау;
- байланыс торабымен жылдам хабар алмасу.
Байланыс желісіндегі ең алғаш программаның жұмысы компьютердегі мәтіндік информациямен жұмыс істеген сияқты болады. Бұл кезеңде белгілі бір редакторлық программа көмегімен мәтінді дайындап, оны артынан қарап шығуға тура келеді. Мәтінді оқу, толықтыру, талдау жұмыстары әдеттегі поштамен жұмыс істегенмен бірдей. Компьютерде әрқашанда жинақталған мәліметтер архиві болуға тиіс, соларды қарап отырып бұрынғыларын тағы қайталап оқып шығып, керек еместерін “қоржынға” тастап, дайын хаттарды жөнелтіп, келген хаттарды қабылдап алу істерін қатар атқарады. Коипьютеріміздің ішіндегі өз “пошта жәшігіміздегі” бұрынғы салынған хаттар түгел тораптық компьютерге жіберіліп, сырттан біздің адресімізге келіп түскен хат-хабарлар ғана “жәшікте” жатады.
Дербес компьтерде жеке өз адрестері бар бірнеше адам жұмыс істейтін болса, тораптық компьтермен байланысқан кезде келіп түскен барлық хат-хабарлар бір жәшікке түспей, адреске сәйкес олар осы компьтердегі өз иелерінің пошта “жәшіктеріне” сұрыпталып салынады, олардың да жіберілуге тиіс хат-хабарлары керекті адрестеріне жөнелтіледі.
Осындай ортақ компьютерде істейтін бір адам пошта администраторы болып тағайындалады. Адрестері не аттары дұрыс керектеріне жауап жазып, кейбірін қайта архивке салып сақтап қоямыз. Ең соңында дайындалған хатты немесе келген хатқа жазылған жауапты “поштп жәшігіне” салып, керекті адреске жөнелтеміз.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Интернет-Internet жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Информатика курстық жұмыстар, Интернет-Internet, курстык Интернет-Internet жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Информатика курстық жұмыста, Курстық жұмыс: Информатика | Интернет-Internet дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін