Информатика | Интерактивтілік интернет технологиясы

 Информатика | Интерактивтілік интернет технологиясы

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................б I. Интерактивтілік интернет технологиясының басты ерекшелігі ретінде...................................................................................................................б
1.1. Интернеттің ақпараттық жүйедегі жаңалығы .....................................б
1.2. Қазақ интернетінің проблемалары.........................................................ж
II. Журналистік шығармашылықтағы интерактивтілік қырлары .....б
2.1. Аудиториямен байланыстағы пәрменді құрал....................................б
2.2. Мемлекеттік тілдегі БАҚ сайттары және олардағы екіжақты байланыстың қолданысы...............................................................................б
Қорытынды........................................................................................................б
Сілтемелер тізімі ..............................................................................................ж
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................ж



I. Интерактивтілік интернет технологиясының басты ерекшелігі ретінде.
ХХ ғасырдың аяғы бізге коммуникация саласынын әртүрлі жаңа аппаратуралар мен жалпылай жүйенің дамуымен бізге әйгілі. Бұл жайлы ғасыр басында тек қияли әңгімелерден естіп білуге болатын. “Уақыт бәріне сыншы” демекші, егемендігіміз елестен шындыққа айналған кезінде интернет жүйесі Қазақстанға да тәй-тәй басып келе бастады. Себебі, қоғамға ең басты қажеттілік ол информация болатын. Жай ғана информатция емес, әрі жылдам, әрі оперативті. Ал, аталмыш, бүкіләлемдік торда осының бәрі бар. Ақпараттық технологиялардың қарқынды даму барысында елімізге интернет жүйесі басында міндеттеліп енгізіліп жатқандығы байқалса, қазіргі таңда мұндай технологияларсыз өз өмірімізді көзге елестету мүмкін болмай қалды. Жаңа ақпараттық технологиялар ұғымына күнделікті қолданыстағы компюьтерден өзге микроэлектрониканы, байланыс және телефония, ұялы қызмет көрсету интернетке қосылудың жолдары, интернеттің ақпараттық қорлары және басқа да байланыс түрлерін жатқызамыз. Мәселен, біз күнделікті компьютер алдында отырып интернетке еніп, жер шарын аралап кетеміз. Оған бұрынғыдай арнайы ұшаққа билет алып, шет елдерге барудың қажеті жоқ. Тек бір сағат интернеттің алдында отырғанның өзінде керек деген мағлұматтарды алуға зор мүмкіндіктер туды.
Интернеттің көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты таратуға арналғандары: WWW, FTP, Telnet, т.б. Ал электронды мәліметтер алмасу үшін: E-mail, Usenet, ICQ, IRC, IP-телефония және басқалары. Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әр түрлі функцияларын атқарады, оның үстіне олардың кейбірі ескіріп жойылса, кейбірі жаңадан туындап жатады. Олардың қазіргі желілерде жұмыс істейтін
негізгілерінің қысқаша сипаттамаларын қарастырып өтейік.
WWW (World Wide Web-дүниежүзілік өрмек) - Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оны Web деп те атай береді. Мәліметтер блоктары
(Web-парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW-сервер немесе Web-сервер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады. Web-құжаттарға енгізілген гипермәтінді сілтемелер арқылы тұтынушы адам олардың бірінен екіншісіне ауыса береді. WWW мен оның бағдарламалық жабдықтары – Желінің ен қуатты, әрі болашағы бар құралдар. WWW негізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы. HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) арқылы жұмыс істейді, ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (Hyper Text Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады.
WWW мәліметтермен жұмыс істеу үшін ағылшынша browsers («browse»-қарап шығу, шолу), яғни броузер навигатор, көрсеткі, шолушы деп аталатын программалар қолданылады. Қазіргі кезде Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator тәрізді броузерлер жиі қолданылып жүр.
FTP. Қашықта орналасқан машинаның каталоктарымен және файлдарымен жұмыс істейтін хаттама. (File TransferProtocol-файлдарды тасымалдау хаттамасы) мен программалар осылай аталады. FTP құралдары сервер каталоктары мен файлдарын көріп, олардың бірінен біріне ауысып, керектілерін көшіріп алуға жаңартуға мүмкіндік береді.
Telnet. Бұл термин арқылы клиенттің алыстағы сервер – компьютер қатынасуын қамтамасыз ететін хаттама мен программа белгіленеді. Байланыс орнатылғаннан кейін тұтынушы қашықтықтағы компьютердің операциялық жүйесіне кіріп, сондағы орнатылған программаларымен өз программалары тәрізді жұмыс істей алады.
E-mail. Бұл электрондық поштаның ағылшынша атауы, ол – желі қызметтерінің ішіндегі электронды мәлімет алмасудың ен негізгісі. Электрондық пошта көмегімен барлық құрылықтарда тұратын адамдар бір біріне электронды хаттар мен файлдар жібере алады.
Usenet жүйесінің бірнеше анықтамалары бар, олар – тармақталған дискуссия клубы, телеконференция, жаңалықтар тобы. Мұның электрондық поштадан айырмашылығы - мәліметті бір адамға ғана емес, бірнеше абоненттер тобына (телеконференциялар) жолдай аласыз. Әр түрлі мәселелерді талқылау кезінде конференцияға қатысушылар тең құқықты болып саналады. Әрбір телеконференция бір тақырыпқа (ғылымда, өнерде, спортта,т.с.с.) арналады және оның өзіндік адресі болады, мұндағы қарастыратын мәселелер аумағы әртүрлі бола береді - өте ауқымды тақырыптан (бір сұрақтын барлық жағы) тек бір ғана сұраққа дейін (мысалы, филателия) қамтылады.
ISQ (I seek you-мен сені іздеймін) — желі тұтынушыларына нақты уақыт кезеңінде (маштабында) хат-хабарлармен алмасып, бірден чат(chat-әңгіме) құрып, файл жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін қызмет түрі.
IRC (Internet Relay Chat) - нақты уақыт кезеңінде телеконференция өткізудің бір түрі, тұтынушылардың бір-бірімен әңгіме-дүкен құруға болатын қызметі. IRC-серверлері мен IRC— клиенттері көмегімен тұтынушылар бір-бірімен «виртуальды» әңгіме етуді перне тақтадағы сөздерді теру арқылы жүргізеді
IP- телефонияк. Интернетте телефондағы дауыс арқылы мәлімет алмасуды өте тиімді деп айтуға болмас, TCP\IP хаттамалары негізінде электрондық мәлімет алмасудың жеке бір түрі ғана. Адамның дауысы цифрлі файлға (аудиофайлдар жасау сияқты) түрлендіріледі де желідегі қарапайым мәліметтер пакеттері тәрізді түрде тасымалданады. Қазақстан Республикасы байланысының ұлттық операторы болып саналатың «Қазақтелеком» ААҚ-ы осы байланыс түрін практикада пайдаланып жүр. \1\ Балапанов Интернеттің осындай қызмет түрлерінің арқасында адамзат баласы бүгінде интерактивті ақпарат көздеріне қол жеткізгені белгілі.
Интернет дегеніміз не? Интернет-бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьтерлік тор. Аталмыш тор хаттама деп аталатын біріңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін, сурет, аудио, бейнематериалдар сияқты өте үлкен ақпарат көздерін сақтайды.
Желіні пайдаланудың негізгі түрлері: Бүкіләлемдік өрмек, электронды пошта, желілік әңгімелесу және дискуссиялық топтар болмақ. Желіге қойылатын ең негізгі талап-байланыс арналары елеулі өзгерістерге ұшырағанмен, кез-келген жағдайда информацияны бір орыннан екінші орынға сенімді түрде жеткізу қажеттілігі болып саналады. Желі тораптарының бірсыпыра бөлігі істен шықса да, қалғандары өз жұмысын атқара алатын қалыпта қалуы тиіс. Информацияны тасымалдау сенімділігі мен оның жеткізілу жылдамдылығын арттыру мақсатында мәліметтерді тасымалдаудың жаңа түрі, пакеттерді коммутациялау технологиясы пайда болды. Оның өзгелерден артықшылығы мәліметтерді тасымалдау жылдамдылығының жоғарылығы, сенімділігі және икемді жұмыс істеуі болып табылады.
Пакеттерді коммуникациялау принципі тасымалданатын мәліметті бірнеше шағын фрагменттерге (паркеттерге) бөлуден тұрады. Мәліметтер жеткізілетін пунктке дейінгі аралықтарда орналасқан түйінді (негізгі) компьютерлер арасында пакеттер бір-бірінен тәуелсіз, тек өзіне тән байланыс арналары арқылы жылдам жеткізіліп тасымалданатындай етіп ұйымдастырылды. Бір мәліметті құрайтын әрбір пакет баратын пунктіне тек өз маршруты бойынша жеткізілетін болды. Қабылдау пунктінде пакеттер қайтадан біртұтас мәліметке біріктіріліп, өз иесіне, яғни арналған адресатына берілуі тиіс болады.
Желіні басқару ісінің өте сенімді жұмыс істеуін жүзеге асыру мақсатында оларды бір орталықтан басқармай, барлық түйінді компьютерлер бірдей тең құқықты болып жасалды. Яғни, әрбір желі торабындағы компьютер мәліметтерді қабылдау, жөнелту істерін атқару мен қатар басқа тораптардан келіп түскен хабарды ары қарай жөнелту кезінде оларды басқаша адрестеу (маршруттау) ісін де жүргізе алатын еді.
Осындай жаңа технологиялар өте жемісті нәтиже беріп, бұл бастама
1969 жылы АҚШ-тағы бірсыпыра әскери, ғылыми және білім орталықтарын біріктірген ARPANET желісінің ұйымдастырылуына себепші болды. Содан көп ұзамай-ақ интернет (желі аралықтары) - желілерді біріктіру термині пайда болды.
Сонымен, Интернет-барлық жүйелері хаттама деп аталған бірыңғай стандартпен, яғни ережемен жұмыс істейтін біртұтас ауқымды (глобальды) компьютерлік желі. \2\ Балапанов.
Диалогқа шақыратын корпоративті сайт.
Қазіргі кезде интернет көптеген мүмкіндіктерімен қызықтырады. Интернеттегі PR – белсенділіктің негізгі формасы ақпараттық тасқын корпоративті сайттардың дамуын және промоушн жасау, яғни желідегі компаниялардың өкілдігіне арнаған беттер болып табылады. Әрбір сайттың ерекшелігі жасаушылар мен әкімшіліктердің алдында тұрған мәселе. Дегенмен, аудиторияның қалауындағы мәселені құрастыру керек. Сол сияқты жарнаманы орналастыру кезінде де мән берілу керек. Кейбір корпоративті сайттардың мақсаты тұтынушыға тек компания жайлы мәлімет, тарихы, қаржылық есебі жөнінде және оқиғалар мен жаңалықтар ұсынады. Бірақ, сайттың негізгі қызметі үлкен мәтін көлемін сыйғызу емес. Сайт ең бірінші шынайы өмір кестесіндегі коммуникация. Стандартты корпоративті сайт ереже бойынша мынандай ақпарат блоктарынан тұрады:
- компания тарихы;
- компанияның жетекшілігі мен құрылымы;
- тұтынушыларға компанияның бірінші басшының атынан жолдау;
- компанияның қызметі мен өнімі;
- жылдық есеп және компанияның қаржылық көрсеткіштері;
- компания жаңалығы, баспасөз парақтары; БАҚ-тың компания туралы жарияланымы;
- жиі қойылатын сұрақтар және оларға жауап;
- кері байланыс;

Әсіресе, соңғы блокты коммуникацияның интерактивтілігі жайында айтқанда негізгі блок ретінде қарастыруға болады. Кері байланыстың мүмкіндіктерін кеңейту үшін кейбір корпаративті сайттар қосымша ресурстарды пайдаланады:
- тұынушы үшін конференция;
- компания өкіліне немесе эксперттерге сұрақ (басшыға да қойылуы мүмкін);
- чаттар;
- видеоконференциялар;
- рейтингтер және сауалдар.
Осылар арқылы интернет күшті ресурсты көрсетеді. Қоғамды ақпарттандыруда, соның ішінде компанияның имиджін, кері байланысын қалыптастыруда PR мамандары осы ресурстарды қолдануы мүмкін. Сонымен бірге интернет компаниялардың халыққа әсер етуіне ғана емес, қоғамның компания саясатына әсерін қамтамсыз етеді. Бұған интернет арқылы газет-журналдарда белгілі болған Дэвид Фелтонды айтуға болады. 25 жасар мұғалім таңертең интернет – кафеге кіреді. Үлкен жарнамадан “Сіздің қалауыңыздағы кофені бізден ғана іше аласыз”- деген сөзді оқиды, алайда, оның өзінің ойлаған кофесі болмай шығады. Кейін өзінің сайтында барлығын сын-ескертпе айтуға шақырады. Басында сайтқа 5-10 адам кіреді, кейін өзінің сайтын “Yahoo!” атты іздейтін жүйеге орналастырған да, күн сайын 1000 адам өз пікірін білдіретін болды. Осы бір мысалдан ғана интернеттің қоғамдық пікір қалыптастыратынын білуге болады. PR мамандары желіні өздерінің жаңа технологиясын іске асыру үшін қолданатыны белгілі. Кез-келген ақпаратты іздегенде тауып алатындай баспасөз парақтарын тарату және электронды пошта арқылы басқа ақпарттарды ICQ арқылы тұтынушылар мен журналистермен тілдесу жаһандық желінің мүмкіндігін PR мамандардың жұмысын тездетіп, уақытын үнемдейді. Интернет кеңістігі бизнестегі және коммуникация жүйесінде қолданудың басым әдіс.
Microsoft сарапшыларының пікірінше ақпарат жұмысы индустриалды дамыған елдерде ішкі өнімнің 50-60% құрайды екен. Бұл ақпарат жұмысының негізінде жатқан мәселе компьютерлік технорлогиялар арқылы көрсету. Желідегі мүмкіншіліктер мен шығармашылық симбиозы “электрондық жүйке жүйесін” туғызады. Осыған Билл Гейтс “Ой жылдамдығы мен бірдей бизнес” (Бизнес со скоростью мысли) атты кітабын жазды. “Электрондық жүйке жүйесінің” негізінде кез-келген бизнес-құрылымның қызметі жатады. Билл Гейтс “веб-стильге” көшуге шақырады. Оның ойынша ХХI ғасырда бизнестің іргелі заңына сәйкес интернет барша нәрсені өзгертеді. Бұл жерде e-commerce, яғни жаһандық әлеуметтік өзгерістер туралы айтылады. Электрондық жүйке жүйесі желідегі бірнеше жүйелерге бөлінеді:
- базалық операцияны қамтамасыз ету;
- тұтынушымен өзара қарым-қатынас процесін іске асыру;
- іскерлік рефлекстердің өміршеңдігін қолдау;
- компанияның миссиясын орындайтын стратегиямен жүру.
Бір ұйымның электрондық жүйке жүйесінің шекарасы ашық болса, виртуалды шекара және басқа құрылымдардың “жүйке жүйесімен” қиылысады. Intranet-Extranet-Internet баспалдақтары бойынша белсенді коммуникациялар өз кезегінде желідегі қауымдастықтағы жаңа сапа-виртуалды құрылымдарды туғызады. Веб - хабарламалардың негізгі белгілері төмендегідей:
- желі ресурсындағы аудитория құрамының тұрақты қатысушылары. Осының айналасында қауымдастық құрылады;
- ресурстың интерактивті мүмкіндігіне сәйкес кері байланыстың болуы;
- өзіндік субмәдениетті барлық атрибуттарымен жасау: көшбасшылар, аутсайдерлер, этикалық және тәртіп нормалары, online-offline іс-шараларының қатысуымен болатын рөлдік ойындар.

Желіде белсенді түрде жұмыс істейтін Веб - бірлестіктердің бірнеше түрі бар:
- корпоративті порталдар және веб-парақшалардың маңайында қалыптасқан бизнес-қауымдастықтар (серіктестер, жеткізушілер, тұтынушылар, БАҚ өкілдері, берілген сала бойынша қызығушылық танытушылар, ұйым қызметкерлері);
- сала бойынша немесе нақты бір ұйымның кәсіби қауымдастық, интернет-маркетинг нарық жаңалығының құрылымы (нарық ойыншалары, қатысушы алаң рейтингі, сала бойынша конференция және семинарлар) сонымен қатар кәсіби қауымдастық ішінде үлкен танымалдыққа ие;
- БАҚ online оқырман аудиториясы;
- Оқушылардың ғылыми қауымдастығы;
- Белсенділер және қоғамшылдар, сенушілер, жанкүйерлер;
- Мемлекеттік, саяси және билік құрылымдары........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі