Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту казакша Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе.
І тарау. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытудың теориялық негіздері.
1.1. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі пәні арқылы оқу танымдық қызығушылығын арттыру мүмкіндіктері.
ІІ тарау. Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу танымдық қызғушылығын дамытудың әдістемелік негіздері.
2.1. Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері.
2.2. 3-сынып ана тілі пәнін оқыту процесінде оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары.
Қорытынды.

Кіріспе.
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді.
1999 жылы маусымда ҚР-ң Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері айқындалды. Бұл принциптерде барлық азаматтардың тең құқылығы айқындалған. Халықың барлығы бірдей білім алу мүмкіндігі, жеке тұлғаның білім алуын ынталандыру және дарындылықты дамытуды қарастырады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы” Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін дамытуға ерекше көңіл бөлген.
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім бнру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасаланып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әркетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Мектептегі оқу үрдісі оушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың белсенділігін, шығармашылық әрекетін дамыта білу бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту болашақта білімді өз бетінше жинау алу қабілеттерін дамытуда жетекші рол атқарады және оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады.
Қызығу балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына ықпалы зор. Егер балада қызығу болмаса, ол оқу пәндеріне, тәрбие жұмыстарына ешбір қызықпаса, оқудың да, тәрбиенің де жемісі болмас еді.
Қызығу туралы көптеген психологтар мен педагогтар зерттеген. Олардың ең көрнектілері И.О.Гербарт, К.Д.Ушинский, У.Мак Дугал, Э. Трондайк т.б. болды.
Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығушылығының өзіндік мазмұны, ерекшеліктері жөнінде зерттеу бірқатар кеңестік ғалымдардың жұмыстаында қарастырылған. Оларды айтар болсақ: Н. Рыбникова, Л.Гордон, М.Беляева, И.Цветкова, Л.Маневцова, Н.Постникова, К.Романова, Р.Римбург, П.Сирбиладзе.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қызығушылық теориясын дамытуға үлес қосқан педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің тамаша тобы қалыптасты. Олар – А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсыновтың ағартушық педагогикалық мұралары.
Ал қазіргі таңда қызығу теориясын зерттеуді жалғастырушылар Т.Тәжібаев, Қ.Б.Жарықбаев сияқты психологтар.
Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев, О.Байқуатова сияқты педагогтар оқушылардың оқу танымдық қызығушылықтары шын мәнісінде оларда саналы оқу моивтерінің қалыптасуында екенін дәлелдеді. Балалардың оқу танымдық қызғушылығын дамыту мәселелерін шешуде Р.Жолдашқызы, Т.Жұрынова сияқты педагогтар бірнеше әдіс тәсілдер ұсынды.
Қазіргі кезде дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесі оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамытуда алатын орны ерекше. Дегенмен де, бұл мәселе әліде болса, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың жолдарын зертеуді қажет етеді. Сондықтан да біз диплом жұмысының тақырыбын “Бастауыш сыныпта ана тілін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту” деп алуымызға негіз болды.
Зерттеу жұмысының объектісі: Ана тілі пәнін оқыту барасында оқушылардың оқу танымдық қызығушылығын арттыру мәселелері.
Зерттеу пәні: Ана тілі сабағындағы оқу үрдісі.
Зерттеу жұмысының мақаты: Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған теориялық ережелерді зерттеу мен іс-тәжірибелер арқылы іске асыру жолдарын анықтау.
Диплом жұмысының міндеттері:
1. Бастауыш мектепте оқушылардың оқу-танымдық қызығушылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздерін анықтау.
2. Бастауыш мектептің 3 сыныбы бойынша ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылық қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдерін талдап көрсету.
Зерттеудің әдісі: зерттеудің алға қойған мақсат, міндттерін шешу мақсатында педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, теориялық әдебиеттерге шолу жасау, шығармашылық және дидактикалық материалдарды іріктеу, педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау және талдау әдістері қолданылды.
І тарау.
Қазіргі кезде бастауыш мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, одан әрі жетілдіріле түсуге даңғыл жол ашылды.
Бала өмірінде 6 жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп оқушысына айналады. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігі өсіп жетілуіндегі елеулі өзгерістермен сипатталады. Баланың мектеп жасына өтуі оның іс-әрекетінің, қарым-қатынасының, басқа адамдармен қатынасының, өзгеруімен байланысты түсіндіріледі. Негізгі іс-әрекет түрі оқу болады, өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтардан бүкіл оқу-тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді.
Оқу басқа іс-әрекетке қарағанда оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарастарын бірте-бірте қалыптастырады.
Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау) дамиды.
Таным-ойдың білмеуден білуге қарай ұмтылдыратын ой-өрісінің күрделі үрдісі. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушылардың білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі қиындықтар мен қайшылықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады.
Бастауыш мектеп оқушысының қабылдау тұрақсыз және ұйымдаспауымен ерекшеленеді. Сонымен қатар оларда “білуге құмарлық, әуестік те байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.
Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсық болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі негізінен, зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі баладан ерікті зейінін жаттықтыруды талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды.
Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, Оантазияға берілгіш келеді. Балалардың қиялына мүмкіндік берсее оларды қандай да болсын бір іске оп-оңай-ақ тартуға жеңіл. Сонда балалар қиын істерді де құштарлықпен орындайды.
Адамның бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүріп жатыр. Психологиялық-педагогикалық бағыттағы әдебиеттерге сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі 3 Факторға сай жүзеге асады. 1) Биологиялық Фактор. 2) Әлеуметтік орта немесе қоршаған орта. 3) Тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6-7 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсені үңіле қарайтын, көп нәрсе оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтардың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.
Егер мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуы ойын іс-әрекетімен байланысты болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Кеңестік психологтар зерттеулері бойынша жеті жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (мұғалім, сыныптағы оқушылар), жаңа орын(мектеп, сынып), іс-әрекеттің жаңа түрі (оқу) т.б. /1;48/
Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, құбылмалы. Бұл оқушылар әлі өз зейінін басқаруды игермеген. Сондықтан да оқу процесінің әр сәтінде олардың сезім мүшелерін тиісті объектіге бағыттап, зейінін үздіксіз тұрақтандыруға ерекше көңіл бөлу қажет болады. Психологтар зейінді танымдық әрекетті ұйымдастырудың негізгі түрі деп есептейді.
Зейін дегеніміз – сананы белгілі бір объектіге шоғырландырып, ол объектінің біздің санамызда бейнеленуін қамтамасыз ететін психикалық процесс.
Егер балада зейін қою қабілеті болмаса, оқу, ұғыну жөнінде айтудың қажеті болмас та еді.
Зейіннің танымдық ролі жөнінде К.Д.Ушинский:”…зейін сыртқы танымдық дүниенің санға енетін адам жан дүниесінің бірден-бір есігі, олай болса, ешбір білімдік ұғым бұл есікті аттап өте алмайды, онсыз ешбір ұғым баланың жан дүниесіне жете алмайды”-деген еді.
Ал ß.А.Каменский зейінді заттар ен құбылыстардың адам санасында бейнеленуіне мүмкіндік беретін “ақылдық сәулесі” деп атаған еді. Ол:”өз оқушысының қызығушылығын және зейінділігін ойламаған оқытушы білім бере алмайды. Оқушылар үшін мұғалімнің уысы ғылымның арнасы ағатын қайнар бұлақ тәрізді, оқушылар осы қайнардың ағытылу сәтін дер кезінде сезініп, зейіннің түтіктерін тоса қоюға дағдылануы керек және бұл үшін олардың әр нәрсеге деген қызығушылығы мен зейінін оята алу қажет”,-деді.
Зейін белсенділігіне қарай – ырықсыз, ырықты, үйреншікті деп үш түрге бөлінетіні белгілі. Оқу жұмысын ұйымдастыруда бұлардың әрқайсысының өзіндік орны, мәні, мағынасы бар.
Ырықсыз зейін дегеніміз- сананың объектіге еріксіз бағытталуы. Мұнда адам осыны көрейін, білейін деп арнайы мақсат қоймайды. Айрықша әсерлі сөз, әдемі зат немесе көрініс, бұрын көріп естімеген жаңалық, хош иіс адам сансын еріксіз баурайды, ырықсыз зейін тудырады.
Бастауыш сынып оқушыларында ырықты зейіннен гөрі ырықсыз зейін басым болады. Сондықтан да сабақ процесінде оқушыны таңдандыратын қызықты, әдемі, көрнекі заттар, шығармаларды пайдаланып, олардың ырықсыз зейініне сүйене отырып, сол зейінді тұрақтандыруға, біртіндеп ырықты зеіннің қалыптасуына көңіл бөлу қажет. Бұл үшін оқу материалының нақтылығы, мазмұндылығы, тартымдылығы, ол сабақтың жандылығы, Эмоциялық сезімге толылығы, қызықты болуы қажет.
Ырық ты зейін дегеніміз – тиісті объектіге саналы түрде көңіл аудару. Мұнда адам тиісті объектіге мақсатты түрде, сол объектіні танып, білу қажеттілігін мойындай отырып, өзін-өзі іштей баыттап, ерік-жігерін ұйымдастыра отырып зейінін қояды.
Мектептегі ақыл-ой, оқу әрекеті әрдайым тартымды, қызықты бола бермейді. Бала үшін қызық емес, тіпті оларды жалықтыратын, бірақ білуге тиіс, қажет материалдар болады. Бұл үшін бастауыш сыныпта оқушының даму аясына сай мақсатты, тартымды оқу әрекеті ұйымдастырылады. Оқу әрекеті түрлендіріп, бір түрден екінші түрге ауыстырып отырады. Әрекеттің жаңа түрі оқушының ырықты зейінін оятып, тұрақтандырып отырады.
Алғашқы оқу жұмысына үйретуде белгілі бір оқып-үйреніп отырған пәнде баланың зейінін ерекше шоғырландыру керек. Ол үшін баладан сабаққа дайындалуда іштей оқуды талап ету, баланы зейінін ұзақ уақыт сақтай білуге, тұрақтандыруға үйрету қажет.
Үйреншікті зейін дегініміз – сананы адамның өзі үшін маңызды, қажетті объектіге шоғырландыруы. Үйреншікті зейін адам өзінің белгілі мақсатқа ұмтылуы, ынталануы, қажеттігін қанағаттандыру негізінде пайда болады және белгілі бір іс-әрекетті қажеттілік ретінде мойындайды. Мұнда еріжігер қажеттігі азаяды.
Зейіннің бұл үш түрі бір-бірімен тығыз сабақтас, тәжірибелік іс-әрекет барысында бірін-бірі байытып, бір түрден екінші түрге ауысып отырады. /4;14/
Бастауыш мектеп оқушыларының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен ерекшеленетіні белгілі.
Қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттың я құбылыстардың адам санасында толық бейнеленуі.
Сабақтардың бала қабылдауын дамытудағы ерекше ролін ескере келіп, әрбір мұғалім мына шарттарды орындар отыруы тиіс:
1) Көрнекі құралдарды (модульдерді, суреттер, коллекциялар) пайдалануда балардың жасерекшелігін мұқият ескеру жөн.
2) Оқушы байқаудың, қабылдаудың мақсатын айқын ұғынып, қабылданатын заттар мен құбылыстардың мәнісіне қалай да түсінгені мақұл. Мәселен, бала әдебиеттегі көркем шығырманы қабылдағанда оның мазмұны мен бірге бастыкейіпкерлердің мінез-құлқына, мазмұндаудың тәртібіне, түсіне білмейінше, оны мағыналы түрде қабылдай алмайды.
3) Қабылтататын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа материалды оқушылардың бұрынғы білімдерімен үнемі байланыстырып отыруға, әр түрлі объектілердің жеке жақтары мен ұқсастықтарын ажыратуға көзделген басты мақсат пен жеке мәселелерді түсініп, айыра алуына қатты зер салу қажет.
4) Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда оқу материалының түрі, көлемі, ауыр-қиындығы еске алыынып, бұларды қабылдауының сапалы болуы мұғалімнің дұрыс нұсқау бере білуіне де байланысты.
5) Қабылданатын нәрселердің мән-мазмұнын, түр сипатынөздеріне қайталап айтқызу. Бұлдыр еместігін анықтап, толықтырып отыру.
6) Оқушылардың байқағыштық қасиеттерін жетілдіріп отыру ауызекі сөзі мен көргендеріне бағыт беру дұрыс қабылдауға әдеттендіру.
Қабылдау процесін дамытып, қалыптастырып отыру басқа да психикалық процестермен, яғни, ойлану, сөйлеу, есте сақтау, сезім-Эмоциясымен тығыз ұЩтастырылып, жалпы, баланың дүниетаным шеңберін кеңейтіп отыруды талап етеді. Қабылдау адамның дүниені танып білу саласындағы тікелей таным процесіне жатады.
Бланың дүниетанымын дамытып, оны үнемі өрістетіп отыру әрбір пән мұғалімі мен тәрбиешілердің, ата-аналардың жалықпай жұмыс істеп, ұстаздық ісін барынша шыңдай берулерін қажет етеді. Оқу әрекет балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Ал ес процесінде бұрын қабылдаған заттар, құбылыстар адам санасында бейнеленеді. Тиісті оқуматериалының мазмұнына оқушы мақсатты түрде зейін қойып, санылы ұғынып қабылдағанда еске сақтау саналы да ұзақ болады.
Төменгі сынып оқушылары материалды, көбінесе, сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материалды есіне қалдырғанша оқи береді. Бұлайша есте қалдыруға материалдың қысқалығы әрі жинақтылығы себеп болады. Балалардың сөздік қорының аздығы да өз сөзімен айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан мұғалім бір жағынан, материалды өз бетінше айта білуге үйрету қажет. Баланың оқыған нәрсесінің мәнін түсіне алуы - оның материалды өз сөзімен айта білуі болып табылады. Осылайша есте қалдыру үшін және жақсы түсіну үшін оқитын материалды бірнеше мағыналы бөліктерге бөлу, оның жоспарын жасау қажет. Төменгі сынып оқушылары бұл жағына өте шорқақ екенінде, психологиялық зерттеулер көрсетіп ртыр. ´йткені бала мәтінге талдау жасауды білмейді, мәтінді жеке бөліктерге бөлгенмен оның негізгі жерін айыра алмайды. Осы орайда тірек сызбалардың берері мол.
Шығарманың мәніне қарай бөліктерге бөлуге төменгі сынып оқушыларының көпшілігінің қабілеті жетеді. Бірақ мұнда оқылатын мәтіннің сипаты және баланың жас ерекшелігі ескерілуі тиіс. Шығарманың ең негізгі идеясын табу, оған өз бетінше тақырыпша беру, үшінші сынып оқушыларында жақсы дамитындығы байқалады. Оқушыларды жаңа шығарманы өткен шығармамен байланыстыра білуге машықтандыру, оқуматериалдарын неғұрлым ұзақ мерзімге есте қалдыруға бағыт беру – мағыналы есті дамытудың басты әдістерінің бірі.
Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу қоршаған ортаға дұрыс кзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.
Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.
Қабілет – оқушылардың жекелік айырмашылықтары. Қабілеттер әр адамда әр түрлі дәрежеде болады. Бала бойындағы қабілеттердің алғы шарты нышан болып табылады. Қабілет әрекетте байқалып, қалыптасып, дамып отырады. ßғни, қабілет туа біткен қасиет емес, олар өмір сүру барысында қалыптасып, дамып отырады.
Қабілет- әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігіне немесе мақсатқа бағытталған бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуінен байқалады.
Оқыту барысында оқушының оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырып, дамыту ерекше орынадады. Олардың қызығушылығы арқан сайын қабылдау қыбілеттері жетіле түседі. Сондықтан қызығу оқу процесінде өте маңызды орын алады. Осы мәселе жөнінде ерте кездерде көптеген психологтар мен педагогтар зерттеген. Олардың тұжырымдарына тоқталар болсақ белгілі психолог У.Мак Дугал (1871-1938) баланың қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді. Баланың қызығулары ерте бастан нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстингтер ретінде ата-анасынан көшіп отырады. Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды, ол әсер етуші заттармен, сыртқы дүниемен байланыспайды дейді. Э.Торндайктың (1874-1948) айтуынша, балының қызығулары сыртқы дүниенің, қоғамның әсерінен жүре пайда болады. Бұлар дағдылану мен әрекеттенудің нәтижесі ретінде ғана пайда болып, бұл екеуінсіз ешбір қызығу пайда болмайды дейді. Бірінші теория қызығуды биологиялық тұрғыдан түсіндірсе, екіншісі-механистік бихиоризм (қылықпсихологиясы) принципімен орйластырады...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қазақ әдебиеті жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проект, Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін