Экономика | Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері

 Экономика | Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері

Мазмұны
I Кіріспе---------------------------------------------------------------------------------------3
1. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
пайда болуы және олардың қатысушылары туралы түсінік-----------------------4
2. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері-------------------------------11
2.1. Акциялар
2.2.Облигациялар
2.3.Мемлекеттік бағалы қағаздар
3. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар
нарығының даму жолдары--------------------------------------------------------------24
II Қорытынды-------------------------------------------------------------------------------25
III Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------------------------26

КІРІСПЕ
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы туралы айтылады. Оның даму жолдары және кез келген қоғамда неге қажет екендігі, оның экономикалық мазмұны жәйлі де жан жақты әңгіме болады. Қазақстан экономикасының дағдарысы жағдайында толыққанды бағалы қағаздар нарығы болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың әл ауқатын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі – Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуының басты шарты.
Екінші бөлімде түгелімен бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлеріне байланысты сауалдарды қамтиды. Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқада да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай - ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді. Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, векселдер, ақша чектері жатады. Иеленушілеріне заттық құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп беретін тауарлай бағалы қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиетхат (өсиетнама), лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының даму жолдары туралы айтылады. Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізлуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша бегілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бғалы қағаздар , мысаы мемлекеттік қысқа мерзімді вексельді шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының дамуы жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер көп.
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі- кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы қатанастарын өзгертуге жеке инвесторлар мен өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүнежүзілік тәжірбие дәлелдегендей банктер бағалы нарығында жеке үстемдік роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. Сондықтан еліміздегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген бағалы қағаздар нарығын құруға негізделегені дұрыс. Отандық бағалы қағаздарнарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берген жөн.
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар
нарығының пайда болуы және олардың қатысушылары туралы түсінік

Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-шы жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған.Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар;
- сұраныс пен ұсыныс;
- делдалдар мен басқа қатысушылар;
- нарықтық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және с.с
- нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытты негізінен құрылып болды.Бұл жөнінде еімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету жолында қабылданған.Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекешелендіру Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешуші роль атқарады.
Дегенмен, Қазақстан экономикасының дағдарысы жағадайында толыққанда бағалы қағаздар нарығыны болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс хаықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі-қазақстанда бағалы қағаздарнарығыдамуының басты шарты.
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы және бағалы қағаздардың өтімдісі қандай Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағанындай бағалы қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты;
Біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті-Қаржы Министрлігі;
Екіншіден, Ұлттық банк-оның қаржы агенті, сонымен бірге мемлекеттік бағалы қағаздардың дилері. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен орады айналымға түсіру шарттраны анықтаушылар.
Жоғарыда баяндалғандардан туындағанындай, бағалы қағаздар нарығы – шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының бөлігі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық үдерістерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді. Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оңын өзінің оған тән онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар нарығы болуы тиіс. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табылады, өйткені бағалы қағаздар – бұл тек меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы тап олардың осы қасиетімен айқындалады және нарық бағалы қағаздарды бір иеленушінің басқа иеленушіге көп жағдайларда еркін және оңай беруімен сипатталады.
1 сызба. Қаржы нарығы мен бағалы
қағаздарының өзара байланысы
Қаржы нарығында сатып алу-сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар – ақша және бағалы (ақшалай) қағаздар болып табылады.
Қаржы нарығында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Ол қор құндылықтарының: корпоративтік бағалы қағаздардың –акциялар мен облигациялардың айналысымен байланысты болатын қор нарығын және мемлекеттің бағалы қағаздар нарығын кіріктіреді. “Қор нарығы” термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты. Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы- бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі.Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық үдерістерді тәртіпке (ретке) келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қаржы құралдарының, ең алдымен бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы – бұл жарғылық капиталды қалыптастыру немесе қарыз қаражатын тарту мақсатымен бағалы қағаздар шығару және орналастыру. Бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды және басқа міндеттемелерді) жекешелердің (акционерлік қоғамның акциялары мен облигацияларын шығару) және мемлекеттің (мемлекеттік қарыздар облигацияларын шығару) шығаруы мүмкін.
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару – эмиссия –бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелеріне – инвесторларға, яғни заңи тұлғаларға және азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:
1) акционерлік қоғам құрған кезде және акцияларды оның құрылтайшылары арасында орналастырған кезде;
2) акциялар шығару жолымен акционерлік қоғамның бастапқы жарғылық капиталының мөлшерін көбейткен кезде;
3) облигациялар және басқа борыштық міндеттемелер шығару жолымен мемлекет , заңи тұлғалар, жергілікті билік органдары қарыз қаражаттарын тартқан кезде жүзеге асырылады.
Эмиссиялық бағалы қағаздар – бұл бір эмиссия шегінде біртекті белгілері мен реквизиттері болатын, осы эмиссия үшін бірыңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар. Олар мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар болып бөлінеді. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті атқарушы орган немесе Ұлттық банк болатын қарыз алуға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз болып табылады. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаз – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссиялық деп танылған, мемлекеттік емес ұйымдар шығаратын акциялар, облигациялар және өзге де бағалы қағаздар.
Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару – эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық объектісі ретінде пайда болуына бағытталған іс - әрекеті, немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуі осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатын белгілі бір бағалы қағаздардың жиынтығы.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды) шығаруды жарияланған жарғылық капиталды құру мен өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында эмитент жүргізеді.
Бұрын айтылғандай, бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы нарығында жүзеге асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру үдерістерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының және, екінші жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағазды шығарудың, оларды тіркеудің, орналастырудың, айналысқа жіберудің және өтеудің талаптары мен тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңдармен реттелініп, белгіленеді. Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтар актісімен белгіленеді.
Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағадар эмиссиясы бағалы қағаздар шығару туралы эмитенттің шешім қабылдануын; уәкілетті органда бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеуді; инвесторлар үшін эмиссия проспектісінде болатын ақпараттарды ашуды; бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды; бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті табыс етуді қамтиды.
Ашық орналастыруды жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың акциялары эмиссияланатын мемлекеттік тіркеудің, сондай - ақ акцияларды шығару және орналастыру қорытындысы туралы есеп беру рәсімі мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Акционерлік қоғамдардың – банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығының әуесқой қатысушыларының, бағалы қағаздар саудасын ұйымдастырушылардың, инвестициялық қорлардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың және Орталық депозитарийдің акцияларының барлық эмиссиялары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
Эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттандырылған (документарлық) және құжатсыздандырылған нысандарда шығарылуы мүмкін. Бағалы қағаздар шығарудың құжаттандырылған нысаны – бағалы қағаздарда мүліктік құқықтар бағалы қағаздар ұстаушылардың тізімінде тіркелетін шығару нысаны. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару нысанын мемлекеттік тіркеуге табыс етілген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізе отырып, эмитенттің жоғарғы басқару органының шешімі бойынша эмитент өзгертуі мүмкін.
Құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар иелерінің құқықтары осы бағалы қағаздарды көрсетуі арқылы расталады. Құжатсыздандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар меншік иелерінің құқықтарын тіркеушілер немесе нақты ұстаушылар растайды. Иелерінің талап етуі бойынша бағалы қағаздарды тіркеуші немесе нақтылы ұстаушы оларға бағалы қағаздарға өздерінің құқықтарын растайтын құжаттар беруге міндетті.
Бағалы қағаздармен мәмілелер ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында – қайталама нарықта жасалады. Бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарты тараптардың бірінің талап етуі бойынша нотариалдық куәландыруға тиіс.
Кәсіби қатысушылар ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында мәмілелерді өз атынан немесе клиенттің атынан, өз есебінен немесе клиенттің есебінен бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату арқылы жасайды. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында жасалатын мәмілелерді инвесторлардың өздері де, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін пайдалана отырып та жүзеге асыруы мүмкін.
Кәсіби қатысушының бағалы қағаздармен мәміле жасауға өкілеттігі оның клиентпен жасасқан мәмілерді жасау және орындау үшін қажетті талаптарды айқындайтын шартымен расталады.
Қазақстан Республикасы резиденттерінің-ұйымдарының, бейрезиденттерінің-ұйымдарының, шығаруын уәкілетті орган тіркеген, резиденттерінің - ұйымдарының шығаруы шет мемлекеттің заңдарына сәйкес тіркелген немесе уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына айналысқа жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдарының шығаруын уәкілетті орган тіркеген немесе уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздары, туынды бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының объектілері болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығының субъектілері (қатысушылары) жеке және институттық инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және өзін - өзі реттейтін ұйымдар болып табылады.
Инвесторлар – өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салуды – инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңи тұлғалар; инвесторлар құрамында бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы субъектілер болып табылатын институционалдық инвесторларға – инвестициялық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына және қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша қаражаттары жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын беріледі.
Мемлекет Ұлттық банк немесе Қаржы министрлігі арқылы бағалы қағаздар нарығында инвестор ретінде іс - қимыл жасайды.
Эмитенттер – қолданылып жүрген заңдарға сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын заңи тұлғалар.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары – өз қызметін акционерлік қоғамның ұйымдық - құқықтық нысанында жүзеге асыратын және бағалы қағаздар нарығында лицензиясы бар заңи тұлғалар.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби өкілдеріне брокерлер, дилерлер, кастодиан, депозитарийлер, андеррайтерлер және басқалар жатады.
Брокер – бағалы қағаздар нарығының клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзгеде қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы. Ол өз клиенттерінің бағалы қағаздарымен жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер клиенттердің бағалы қағаздарының нақты ұстаушысы ретінде болуы мүмкін.
Дилер – бағалы қағаздар нарығының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында баға белгілеуді ұсыну және (немесе) оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.
Кастодиан – бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсіби қатысушы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті заңдарға және шартқа сәйкес кастодиандық қызмет пен сейфтік операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары бұл қызметтің объектілері болып табылады.
Орталық депозитарий – бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеуді, депоненттердің (олардың клиенттерінің) қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу мен растауды, құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдарын материалсыздандару мен сақтауды, оның ішінде депоненттер арасындағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті, сондай - ақ тиісті лицензиясы болған кезде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын кәсіби қатысушы. Ол комерциялық емес ұйым болып табылады және акционерлік қоғам нысанында құрылады. Орталық депозитарийдің акциялары бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және халықаралық қаржы ұйымдары арасында орналастырылады. Бағалы қағаздар нарығының бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар болып табылатын кәсіби қатысушылары, сондай - ақ шетелдік депозитарийлер мен кастодиандар орталық депозитарийдің депоненттері болып табылады. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасы аумағында депозитарлық қызметті жүзеге асыратын бірден - бір ұйым болып табылады.
Андеррайтер – бағалы қағаздар нарығының брокерлік - дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жөнінде қызмет көрсететің кәсіби қатысушы. Компаниялардың басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тіркеуге әзірлік жүргізеді және бағалы қағаздар нарығында оларды жүзеге асыру кезінде эмитенттің мүдделерін білдіреді.
Сауда-саттықты ұйымдастырушы – қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы. Бұл ұйымының акциялары бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылмайтын, бірақ заңнамаға сәйкес бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар заңи тұлғалар арасында орналастырылады. Қор биржасының әрбір акционерінің өзіне тиесілі акциялардың санына қарамастан оның акционерлерінің жалпы жиналысында бір ғана дауысы болады.
Бағалы қағаздар нарығының өзін - өзі реттейтін ұйымы – бағалы қағаздар нарығында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары құрған заңи тұлға. Оның негізгі міндеті өзін - өзі реттейтін ұйым мүшелерінің және олардын клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай - ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асырудың бірыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болап табылады.
Бағалы қағаздар нарығының бірсыпыра қатысушыларын инвестициялық институттар, яғни бұл инвесторлармен делдалдар ретінде болатын заңи тұлғалар, соның ішінде инвестициялық қорлар, инвестициялық компаниялар, коммерциялық банктер, қаржы брокерлері, инвестициялық консультанттар құрайды....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!