Курстық жұмыс: Психология | Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы

Курстық жұмыс: Психология | Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы казакша Курстық жұмыс: Психология | Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы на казахском языке

Мазмұны

1. Темперамент туралы түсінік және оның түрлері 3
2. Т е м п е р а м е н т т у р а л ы і л і м н і ң д а м у ы 4
3. Темперамент типтерінің өзгеруі және адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісі, оларды тәрбиелеу. 6
4.Тәлім-тәрбие ( педогогикалық) психологиясы. 11
5.Психологиялық зерттеудегі нақты әдістер мен тәсілдер. 16
Қорытынды 21

1. Т е м п е р а м е н т т у р а л ы і л і м н і ң д а м у ы.
Қазіргі кезде темпераменттің сангивиник, флегматик, холерик, меланхолик деп аталатын типтері туралы психалогияда ерте замандардан бері қалыптасқан тарихи мәліметтер белгілі бір жүйеге келтірілді. Гиппократтан соң Римнің атақты дәрігер ғалым Гален (129-199) темпераменттің санын көбейтіп, он үшке жеткізді. Ол темперамент түрлерін Гиппоракттан өзгеше, яғни оның физиологиялық ерекшеліктеріне қоса, психологиялық, тіптен адамның адамгершілік қасиеттеріне қатысты сапалармен байланысты деп түсіндірді.
Ал медецина ғылымының ерте замандағы өкілдері темперамент жайындағы ілімді ықшамдап, оның бұрынғы төрт типін сол күйінде қалдырды. XVIII ғасырда атақты неміс философы И. Кант (1724 -1804) 1798 жылы жарық көрген «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түріне сипаттама беріп, оларды тек психологиялық қасиеттер деп анықтады. Темперамент туралы ілім жаңа дәуірге дейін, негізінен, психологиялық қасиет деп саналып келді. Осы көзқарасқа сәйкес енді темперамент типтері жайындағы түсініктердің мазмұн-мәнісі де өзгере бастады. Темперамент түрлерін тек физиологиялық қана емес, психологиялық ерекшеліктері тұрғысынан қарастыруға баса мән берілетін болды. Бұл мәселеге келгенде И.Кант сезім күйінің әрқилы болуымен бірге адам өз іс-әрекетінің белсенділік деңгейі арасындағы қатынастарға тәуелді болып отырады деген пікір айтты. Ал XIX ғасырдың соңынан әйгілі неміс психологы В. Вундт темпераменттер адамның «жан дүние тебіреністерінің» күш-қуаты мен жылдамдығының арақатынастарына тәуелді болады деп есептеді. Мұндай пікірлер темперамент типтеріне түрліше сипаттама беріп олардың түрлерін әркім өзінше анықтауға тырысты. Мәселен, Гален темпераменттің төрт түрінің басқа да бірнеше түрі болады десе, өзге зерттеушілер алты, тіпті сегіз типі болады деген пікірлер айтты. И. Канттан басқа да бірсыпыра оқымыстылар темперамент ерекшеліктерін адамның жеке басына тән мінез-құлық сипаттарынан бөліп қарастыра бастады. Алайда, темперамент пен адамның даралық сипаттарын білдіретін психологиялық өзгешіліктерді анықтап көрсетудің нақтылы тіректері мен өлшемі ұзақ жылдар бойы айқындала қоймайды.
Темперамент туралы ілімнің тарихын сөз еткенде, оның типтерін түсіндіру барысында екі түрлі бағыттың тартысы болғандығын ескерген жөн. Оның бірі – неміс психологы Кречмар мен американ психологы Шелдонның темперамент типтері ішкі секреция бездері қызметтерінің арақатынасына байланысты болады деп санауы, ал екінші бағыты – И. П. Павловтың жүйке жүйесі типтерінің қызметі жайындағы ілімі. Бұл ілім темперамент типтері жайындағы түсінікті ғылыми тұрғыдан дәйектеп, сара жолға салды.
Темперамент жайындағы бұл зерттеулерден басқа неміс анатомы Гейне мен көрнекі орыс педагогі П.Ф. Лесгафтың (1837 – 1909) көзқарастарын да атап өткен жөн. Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыстың антрополог ғалымы Зеланд мұндай әр түрлілік ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты дейді. Ал П.Ф.Лесгафт темпераменттер қан сауыттарының жуандығы мен кендігіне байланысты деген тұжырым айтты.
Темперамент жайында арнайы сөз етіп, оның типтері мен түрлерін, адамның мінез-құлқы мен әр алуан қимыл-әрекетіндегі көріністерін тәлім –тәрбие істерімен ұштастыра отырып іздестірген – қазақ халқының көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов. Ол өзінің 1928 жылы Мәскеуде араб әрпімен басылып шыққан «Жан жүйесі және өнер таңдау» деген еңбегінде тек темперамент түрлерінің ғана емес, жалпы психология ғылымының өзекті мәселелерінің өз кезіндегі ғылымның деңгейінде қарастырып, өте құнды пікірлер айттты.
Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйектеп түсіндірген – академик И.П. Павлов . Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің негізгі үш белгісі – қозу мен тежелудің күші, олардың тепе-теңдігі және қозғалғыштығы жиынтығынан құралады. Жүйке процестерінің күші ми қабығының жұмыс істеу қабілетіне немесе сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Ал жүйке процестерінің тепе-теңдігі қозу мен тежелудің бір-біріне теңдігін көрсетеді. Жүйке процестерінің қозғалғыштығы деп қозу мен тежелудің бір-бірімен аламаса алу қабілетін айтады.
Жүйе жүйесі типтерінің, негізінен, үш түрлі процеске байланысты екендігі жоғарыда айтылып өтті. Енді осы типтердің әрқайсысына қысқаша сипаттама берелік.
Жүйке жүйесінің күші дегеніміз – оның клеткаларындағы физиологиялық заттардың қоры. Клеткада қор мол болса, қозу мен тежелу процестері де күшті, ал қор тапшы болса, әлсіз болады. Процестері теңдес болса, қозу мен тежелу де тепе-тең, ал шамалас болмай, екеуі екі дәрежеде болса, онда бірінен-бірі алшақ, тең емес болады. Ми қабығының бір бөлігіндегі қозуды сол бөліктегі тежелу, керісінше, тежелуді қозу оңай ауыстырып отырса, онда жүйке жүйесі қозғалғыш, ал оңай ауыстырмай, керенаулап қалса, онда жүйке жүйесі енжар болады. Демек, жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу процесі тең емес, бірінен-бірі алшақ. Қозғалғыш болса, оны шыдамсыз тип, ал күшті, теңдес болса, оны сергек тип дейміз. Күшті, теңдес, енжар болса – тыныш тип, егер жүйкесі шыдамсыз, күшсіз болса, әлсіз тип делінеді.
И.П. Павловтың жануарлардың жүйке жүйесінің физиологиялық негіздерін зерттей отырып анықтаған жайттары адамның да жүйке жүйесінің типтеріне негіз бола алады. Енді осы негіздерге сүйене отырып, «Темперамент деген не?» деген сұрауға жауап берейік.
Темперамент – адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме жеке адамның барлық іс-әрекетінен көрініп тұрады. Жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешіліктерін сипаттайды. Жүйек жүйесінің типі шыдамсыз болса – холерик, сергек болса – сангвиник, тыныш болса – флегматик, әлсіз болса – меланхолик болады. Жүйке жүйесінің типтері мен темперамент түрлері салыстырмалы түрде төмендегі кестеде көрсетілген.

Темпераменттер мен жүйке жүйесі типтерінің өзара қатынастары және темпераменттердің ұнамды, ұнамсыз жағы.
Темперамент түрлері (Гиппократ терминалогиясы бойынша) Жүйке жүйесі-нің типтері
(И.П. Павлов терминалогиясы бойынша) Жүйек жүйесінің процестерінің қозу, тежелу қасиет

Ұнамды жақтары

Ұнамсыз жақтары

күшті
тепе-теңдігі қозғалғыштығы

Холерик
Ұнамсыз тип
күшті Тең емес қозуы тежелуінен басым Шапшаң, белсенді Ұстамсыз, күйгелек

Сангвиник
Ширақ тип
күшті Тепе-тең қозғалғыш Пысық, оңтайлы, бейімделгіш Тұрақсыз
Флегматик Баяу тип күшті Баяу қозғалады Ұстамды, сабырлы Баяу, сылбыр
Меланхолик Әлсіз тип әлсіз Сезімтал тұйық
1. Темперамент типтерінің сипаты
Психологияда жүйке жүйесінің белгілі типі адамның қылығынан, іс-әрекеті мен еңбегінен, оқу әрекеті мен ойынынан, сөйлеген сөзі мен спортпен шұғылдану әрекетінен белгі беріп, меншікті дара өзгешелігін көрсетуіне байланысты сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик деп төртке бөліп сипаттаймыз.
Сангвиниктің эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Көңіл-күйі әп - сәтте өзгереді. Ол - әсершіл адам. Ұнатқан, сүйген нәрселеріне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі уақиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі болып келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі, сергек. Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика қимылы көп. Ақ жарқын, ашық. Мұндай адам басқалар мен жылдам жақындасады, бірақ қатынас-байланысында үстірттік болады, қызықтырған іске бейімділігі табылады, талпынуы көп., бірақ оп-оңай солғындап қала береді, бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады. Уәде береді, бірақ оны орындай алмайды. Ойынға қызу қатысады, ойын процесінде рөлін өзгертіп отырады, өкпелеп қалуы оңай, өкпелесе жылап жібереді, алайда ренжігенін лезде ұмытады, көзінің жасы кеппей-ақ күле бастайды.
Холериктің эмоцияға берілуі шапшың. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп, күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ-сарқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, қимыл-қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс-әрекет атқаруға бейімді келеді. Жұмысқа құмарта беріліп, екпінмен істейді, анық, әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомикасынан білініп тұрады.
Холерик бала белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріседі, бастаған іс-әрекетін аяқтап шығады, көп адам қатысқан ойындарға құмар. Өзі де ұйымдастырып, аяғына дейін белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп-сәтте ашуланады және ашуын ұзақ сақтайды.
Меланхоликтік эмоциялық көтерілуі табанды, күшті, тұрақты болады, сыртқы көрінісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады, олар бойын билеп, санасында терең із қалдырады, көңіл-күйлері бір қалыпты ұзақ сақталады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, кейде қайғылы да болады. Сыртқы жағдайдан үрейленіп, сескеніп тұрады, кедергі кездессе, уайымдап қажи түседі, қимыл-қозғалыстары ақырын, баяу болады. Мәнерсіз, ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көрінбейді. Өзі тұйық, жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе, іс-әрекетін толық аяқтап шығады.
Меланхолик бала сыпайы, момақан, жасқаншақ келеді, біреу сұрақ қойса, қысылып, ұялып қалады, көңілденуі де, өкпелеп ренжуі де қиын, ренжіп қалса, көпке дейін ұмытпайды, ойынға бірден қосылып кетпейді, жатырқап тұрады, кешігіп барып қатысады, іске де бірден кіріспейді, бір бастап кетсе, ойынды да, жұмысты да аяқтап шығады.
Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнақты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр керенау қимылдайды, сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды монотонды сөйлейді. Кісімен араласып жақындасуы да мардамсыз, іске ырғалып-жырғалып барып кіріседі. Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады.
Флегматик бала байсалды, баяу, орнықты болады. Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса, есебін тауып жалтырап кетеді, тыныштықты жақсы көреді. Көңіл көтеретін сауыққа да әуес емес, бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді.
Әрбір жеке адамның темпераментінде жалпы адамдарға ортақ, типтік бірсыпыра сипаттар болады. Сол сипаттармен әр кісі темпераменттің белгілі бір типіне қосылады. Жоғарыдағы атап айтылғандай, таза темперамент типтері өмірде сирек кездеседі. Көп адамдарда бір типтің сипаттары басқа типтердің сипаттарына қосылып, араласып жүреді. Мәселен, холерикте меланхолик пен флегматиктің, сангвиникте холеррик пен флегматиктің сипаттары аралас келуі мүмкін. Аралас типте холерик, сангвиник сипаты көп көрінсе, сангвиник дейміз. Алайда, темперамент типтерінің аралас сипаттары түрліше жағдайда белгі береді. Тұрмыс жағдайында бір типтің, іс-әрекет, еңбек процесінде басқа типтердің ерекшелігі сезіледі. Мұндай қылықты спортшылардан көруге болады. Кейбір боксер, футболистер стадионға келгенде, өзгеріп кетеді. Темпераменттің жайшылықта байқалмайтын жаңа сипаттарын көрсетеді.

3.Темперамент типтерінің өзгеруі және адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісі, оларды тәрбиелеу.
Жүйке жүйесінің типтері өзгеріп, дамиды. Бұл жайтты И.П. Павлов өз еңбектерінде ерекше атап айтқан болатын. Жүйке жүйесі іс- әрекетінің дамуы мен өзгеруі тек оның табиғи типтерін ғана билеумен шектеліп қоймай, организм тіршілігі өзгерістерінің бәріне дерлік әсер етеді. Жоғары жүйке қызметінде адамның шексіз-шетсіз жаңа байланыстар жасауға күшті қабілеті және пластикалық төзімді қасиеті болады.
Адам өмірінде жасалған уақытша байланыстардың тұрақты жүйесі онық қылығына, іс-әрекетіне күрделі өзгерістер енгізеді. Кісінің қоғамдық -әлеуметтік көзқарастарының ұнамды қасиеттрін жетілдіріп дамытуына әсер етеді. Жеке адамның даралық өзгешелігі болып саналатын мінезі уақытша байланыстар жүйесі бойынша қалыптасады. Осы орайда, темпераменттің жүйке жүйесінің туа пайда болатын типтік қасиеті, ал мінездің адам бойында жүре пайда болатын психологиялық ерекшелігі екеніне көз жеткіземіз. Балалар мен шәкірттердің психикалық дамуында олардың мінез қырлары жетіліп, темперамент мінез құрамына қосылады.
Темперамент типтерін жақсы, жаман деп ажырату дұрыс емес. Өйткені, әрбір темпераменттің жарамды, жарамсыз және ұнамды, ұнамсыз сипаттары болатындығына көз жеткіздік. Мәселен, ұстамсыз тип холерикті шапшаң қимылдап, істі жігерлі атқаруға баулау флегматиктен оңай. Ал флегматикті салмақты, сабырлы болуға үйрету холерикті үйретуден жеңіл. Сангвиниктің сергек, қайырымды қасиеттері, флегматиктің асықпайтын салмақтылығы, холериктің жігерлігі, меланхоликтің ұзақ сақталатын терең сезімі темперамент типтерінің аса бағалы сипаттары болып саналады.
Темперамент ерекшеліктерінің ұнамды қасиеттерін баланың бойына сіңіру үшін оларды жастайынан тәрбиелеп, мінез –құлықтарының жағымды қырларын қалыптастырып отыру – ата-аналардың, ұстаздар мен тәрбиешілердің борышы және қоғам алдындағы жауапты міндеті. Сондай –ақ, тәлім –тәрбие істерінде балалар мен шәкірттердің бойындағы темперамент типтеріне хабардар болып, олардың даралық ерекшеліктерін ескеріп отырудың да маңызы зор.
Баланың типтік сипатын жақсы білу үшін флегматикті жұмыстың, сабақ кезеңдерінің басында қадағалаған жөн. Дер кезінде ескерілмей, назардан тыс қалған бала темпераментінің ұнамсыз жақтары кімге болса да опық жегізуі мүмкін. Мысалы, сангвиникті ісін бастаған кезінде бақылауға алу керек. Олай етпеген жағдайда ол ауытқып кетуі мүмкін. Бала сабақ үстінде, үзіліс кезінде тәртіпсіз қылық көрсететін болса, оның өзіндік даралық ерекшелігіне орай әралуан әдіс-тәсілдермен ықпал ету тиімді болмақ. Меланхоликке мұндай жағдайда ұстаздың суық қабақпен бір қарағаны да жеткілікті. Ал холерикке байсалды үн мен қатаң ескерту жасау, қажет болғанда оны қайталау да керек. Тәлім-тәрбие істерінің басты мақсаты – шәкірттердің темперамент типтерімен жете танысып, олардың ұнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру.
Тәлім-тәрбие, өмір тәжірибесі темперамент типтеріндегі кейбір қылықтарды дамытып, жағымсыз жақтарын тежеп отыруды талап етеді. Мысалы, холериктің күйгелек, ашуланғыш, құбылмалы оқыс қылықтарын, мазасыздығын, менмендік сипаттарын тежей отырып, оның алғырлығын оқу материалын ұғына білуге бағыттаған абзал. Сангвиниктің жеңілтек, тиянақсыз, үстірт қылықтарын тәрбие арқылы өзгертіп, ұнамды сипатқа айналдыру керек. Флегматиктің керенау, жалқау, салқын қылықтарын жүрек тебірентерлік өткір сезімге айналдыруға, сергімейтін мінезін және күнделікті тіршілігі мен ғана шұғылданатын әрекетін өзгертіп, оны қоғамдық өрелі іспен айналысуға баулуға болады. Болмашы нәрсені көңілге ауыр алатын кінәмшіл, уайымшыл, тұйық қылықты меланхоликтің де қажырсыз, селқос мінезін өзгертіп, басқа типке жақындастыруға болады.
Сонымен, темпераменттің адам психикасындағы мәнін жоғары бағалай отырып, оның адам бойындағы табиғи қасиет – жүйке жүйесінің типтерімен байланысты екеніне көз жеткіздік. Дегенмен, темперамент адам психологиясынның бүкіл дерлік мазмұн – мәнін құрай алмайды. өмір- тіршілігінде адамның темперамент сипаттары өзгеріп, жаңа сапаларға ие болып отырады. Әрбір адамның темпераменті оның психикалық әрекетінің сыртқы көрінісінде із қалдырғанымен, ақыл-ойынын, дүниетанымының әдістеріне елеулі әсер ете алмайды. Өйткені, темперамент – адамның дара психологиясының өзіндік бір сипаты ғана.
Психология, психика деген түсініктер гректің «псюхэ»-жан деген сөзден шыққан. «Логия»-ілім . Бұл ғылымның өзіндік таңбасы (псю деп атлатын грек әріпі). Сонымен, психология – жан туралы ілім. Ол құбылыстарды жүйелі түрде топтарстырып, болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді. Қабылдау, ес, ой-лау, ерік, сезім деп аталатын тағы басқа психикалық процестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиетінің, күллі жан дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады. Осы орайда, біз психологияның жантану жайындағы ғылым екеніне көз жеткіземіз. Психологияның осындай анықтамасына қосымша ретінде оның үш түрліь ерекшелігі бар. Бірінші ерекшелігі – психология адамтану жайындағы ғылымдар арасында жетекші орынға ие. Мұндай ерекшелік қазіргі кезде қарқынды дамып отырған ғылыми пәннің өрісі мен алдына қойған мақсат-мүддесімен байланысты. Екінші адамның психологиясыдара өзггшеліктерін, психикалық процестердің анық-тынығын айқындау үшін ХІХ ғасырдың кезінен бергі тәжірбиелік зерттеулердің кеңінен қолданылуы. Осы ретте, психология эксприменттік ғылым деп те алады. Үшіншісі – психологияны өзге сабақтас ғылыми пәндерден ерекшелеп тұратын жайыт – бұл пәннің дербестігі. Пәннің дербестігі адам жан дүниесінің сырларын зерттеуде ең алдымен оның заңдылықтарын жете білуді, әрбір адамның жеке басына тән ерекшеліктері мен сыр-сипаттарын даралап іздестіруді қажететеді. Әрбір адам - өзінше бір адра дүние. Оның жан сарайына үңіліп, жүрек сырына терең бойлау, ондағы құпия жайыттарды ұғыну – пән дербестігінің бір қыры.
Адамдар күнделікті өзара қарым –қатынас нәтижесінде бірін –бірі бақылап, бір-бірінің мінез-құлқын, істеген ісін, қылығын, еңбек әрекетін біледі, ішкі сырларын аңғарады. Олардың сыртқы құбылыстарға бейімделуі, түрлі әсерлерге тітіркеніп, реакциялануын байқайды. Сөйтіп, бір-бірінің мінез-құлқын ерекшеліктерінің өзіндік сипаттарын түсінеді. Адам психикасының сан қырлы сырларын ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың арасындағы айырма сипаттарын, бір-біріне тигізер ықпылын, қасиет-сапаларын, жан-күйін өмір тәжірбиесіне сүйене отырыпажыратады. Мұндай ерекшеліктер ұрпақтан-ұрпаққатіл, халықтың өнер туындылары, жасаған заттық бұйымдары арқылы мұра ретінде беріліп отырады. Халық аузындағы «Сан рет естігеннен бір рет көрген артық», «Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешенболады», «Көз жеткізбегенді, сөз жеткізеді» деген мақал-мәтелдердің бәрі де адамның әрқилы психикалық процестері мен жан жүйесінің қызметі, сыры жайында айтылған.
Адамның өмірден көріп-білгені, естігені, өз тәжірбиесінен жинақтағаны ғылымға дейінгі психологиялық білімін, түсінігін жасады. Мұндай түсініктер адамдардың табиғатпен қатынасында, айналасындағы нәрселерді танып, пайымдап, бағдарлай білуінде ерекше маңызды. Дегенмен, басатапқы түсініктер ж.үйесіз әрі тайыз болғандықтан, оралға сүйене отырып, адамдар арасында белгілі жүйеде тәләім-тәрбие, емдеу, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу жеткіліксіз еді. Өйткені, оларадамның психикасы мен жан дүниесі туралы тұрақты әрі дәйекті ғылыми мәліметтер бере алмайдыц. Ал ғылыми білім, заттар мен құбылыстар жайындағы ақиқатты танып білу, олардың сыр-сипатын түсіну мәселелері себеп-салдар принциптерін ашып көрсету нәтижесінде ғана жүзеге аспақ
Жалпы психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен пармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі.Сондықтан бұл пәнді ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Психология курстық жұмыстар, Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы, курстык Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын ку, Курстық жұмыс: Психология | Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін