Кей арулар қыс мезгілінде күртенің не тонның қайырылмалы (капюшон) бас киіміне сеніп, телпек кигісі келмейді. Бірі өзіне жарасатынын таба алмай жүргендігін сылтауратса, енді бірі шашымды бүлдіреді деп ақталады. Бірақ, ауырып қалса, сәнге де қарайтын уақыт болмай жатады. Олай болса, сәнді бас киімдерді қалай кию керектігіне назар аударайық.
Сырт келбетке күтім жасау — әр бойжеткеннің міндеті. Ол не үшін керек? Теріңіз мерзімінен ерте қартайып, бұзылмауы және үнемі сұлу, сымбатты болып жүру үшін қажет. Назарларыңызға сұлулық сырларын ұсынамыз.
1. Дәріханадан Е дәруменінің майлы ерітіндісін (капсула түрінде) сатып алыңыз. Оны бетке уқалап жағып, 30 минуттан кейін жұмыртқа сарысын жағыңыз. 30 минуттың ішінде теріге....
Ас содасы талай жылдардан бері ас үйі мен үй шаруасында белсенді қолданылады. Алайда екінің бірі оның косметикалық құрал ретінде қасиеті бар екенін біле бермейді. Ол сырт келбетімізге қандай күтім жасай алады?
Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көшеде өтіп бара жатқан бір жігітті көреді де қасындағылардан: «Мына адам туралы не айтасыңдар?» – деп сұрайды. Олар: «Ол – бай-бақуатты. Егер ол құда түсіп келетін болса.....
Шаңырақтың шаттығы мен берекесі әйелдің қолында дейміз. Дұрыс-ақ. Алайда сол әйелді әйел ететін, қамқоршысы әрі қолдаушысы, өмірлік серігі, жұбайы емес пе? Отбасында әйелмен қатар ер адамға да жүктелген міндеттер аз емес. Кез келген ер жігіт жақсы жар, отағасы, ардақты әке, елге сыйлы азамат болғысы.....
Тұрмысқа шығып, ақ көйлек кию әрбір қыздың арманы екені белгілі. Кез келген қалыңдық үйлену тойына ыждағаттылықпен дайындалып, ерекше сұлу болып, ибалы келін атануды қалайды.
Қыздар сыңарын кездестіргенше қиялындағы ақ боз атты ханзадасын күтеді. Бір көрген жігітті жары ретінде елестетіп, қандай әке болатынын да ой елегінен өткізіп тастайтыны жасырын емес. Кездестірген жігіті талғамына отыз пайыз сәйкес келсе, "қалғанын өзім түзетіп аламын" деп ойлауы мүмкін. Қисығын түзетем деп, сындырып алмау үшін, қалай бар – солай қабылдаған жақсы.
Жүрекке әмір жүрмегенімен, ақылдың да бұйрығына құлақ түріп.....
«Бір-бірлеріңізге сыйлық сыйлаңыздар, сыйлық араларыңызды жақындастырады.» Мұхаммед (с.ғ.с)
Ер –азаматтар бізге сыйлық сыйлағаны секілді, қыз-келіншектер де оларға сыйлық тарту етеді. Бір қарағанда ер-азаматтарға сыйлық алу оңай секілді болып көрінгенмен, таңдап кеп қалғанда кейде тығырыққа тірелетін кездер де болып қалады. Сыйлық сыйлауды ойланғанда алдымен неден қашу керек? Мұнда да бірінші үй жануарларынан, әсіресе мысық сыйлаудан. Ер адамдар үй жұмысын жақтыра.....
Кемшіліктер мен артықшылықтар Өзің кемшілігің деп санап жүргендеріңнің кемшілік екеніне сенімдісің бе? Қарап көрейік. Кейде ірі, толық қыздар өзінің толық денесінен ұялып жатады. Олар өзін түрлі диеталармен, жаттығулармен зорықтырады. Мұның барлығы сенің толық болу жаман деген пікірге сенімді болуыңнан пайда болады. Толық болған жаман деп саған кім айтты? Тек сәнбикелер ғана жұрттың алдында қылдай жіңішке белімен, артық салмағы жоқ сымбатты денесімен жарқ-жұрқ етеді. Ал күнделікті өмірде барлығы бұлайша біртекті емес.
Стильді әрі көңілді томпақ қыздар ең сәнді, ұзын сирақты арық қыздарды жолда қалдыра алады. Сондықтан өзіңе ұнамағанның бәрін кемшілік деп ойлаудан аулақ бол. Асықпасаң уақыт өте келе өзіңді түсініп, бағалауды да үйренесің. Ал әзірге бір-екі кеңесті қабыл ал.
Өзіңнің жетіспейтін тұстарыңды мойында. Бұл сенің табиғи болмысың. Сондықтан өзіңді осы қалпыңда жақсы көруді үйрен. Өзіңнің кемшіліктеріңді жасырып, артықшылық-тарыңды көрсете білуді үйрен. Үйлесімді шаш үлгісі, макияж, киім, аксессуарлар, өзіңді ортада ұстай білуің мен адамдармен қарым-қатынасың - міне өзін сыйлайтын кез-келген қыз білуге тиісті әйел құпиясының сыры осында.
2 - кеңес
Бастысы өзіңді таныта білу
Кейбір қыздар көпшілік көзіне бірден шалынып, өзіне жұрттың назарын аударып тұрады. Ал сол қыздарға зер салып қарасаңыз олардың басқа қыздардан еш айырмашылығы жоқтығын байқай-сыз. Соған қарамастан олар өзіне бірден назар аудартады. Мұның себебі неде? Өйткені олар өзін көрсете.....