Өзіне сенімді баланы қалай тәрбиелеуге болады? » ZHARAR © 2017 | бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, бала тәрбиесі туралы, бала тәрбиесі туралы мақала, бала тәрбиесі туралы баяндама, бала тәрбиесі туралы кеңестер, баяндама бала тәрбиесі жайлы, бала тарбиеси туралы баяндама, воспитание детей на казахском языке, сенімді бала тәрбие




  • »

Өзіне сенімді баланы қалай тәрбиелеуге болады?

Өзіне сенімді баланы қалай тәрбиелеуге болады? казакша Өзіне сенімді баланы қалай тәрбиелеуге болады? на казахском языке

Өзіне сенімділік бұл – жақсы тәрбиенің жемісі деуге болады. Тәрбие барлығына белгілі бала құрсақта пайда болғаннан басталады. Сондықтан сәби кездегі тәрбие ананың ақ сүтімен беріледі. Үлкейген соң баламды тәрбиелеп алу өте қиын. Тәрбиені сөзбен емес істеп мысалмен көрсету керек. Ал енді бірнеше кеңестерді ұсынамыз:

Бала құрсақта пайда бола салысымен аналар қатты ашуланбай жақсы көңіл күйде жүру керек. Жақсы әдеби кітаптарды оқу керек. Кітап бұл бүтін бір оқиға үлттық тәрбие көзі. Жақсы сөздер айтып пайсыз істен аулақ болған жөн.

Бала дүние есігін ашқан сәттен бастап сәбиді жас нәресте емес, саналы болашақ елге қызмет ететін азамат, азаматша ретінде тәрбиелеген дұрыс.

Кез-келген сәби анасының жылуын аңсайды. Сондықтан алғашқы күндерден бастап балаңызға өз құшағыңызды ашып жылулық беру керек. Баланың жалғыз еместігін білдіріп мейірімге бөлеңіз.

Балаңыз бір затты бұзып қойған күннің өзінде оған ұрыспай жылы сөйлеңіз. Балаға бұзған күннің өзінде оны жақсы көретініңізді айтып, тек бұл жағдайдың ұнамағанын айту керек. Жылы сөз жүректі жібітеді. Балаңыз сізге деген сенімі артып тәрбиелі болып өсері анық.

Балаңызды әрқашан тыңдай біліңіз.

Бала үш күннен соң жылап өз ойын білдіре бастайды. Сондықтан ата-анасы баланың неге жылағанын біліп ойын ұғыну керек. Бала өсе бастаған соң өзінің ойын ымдап жеткізеді. Жас баланың ымдауын түсініп оның ойымен санасу керек. Баланы есту керек. Сосын тілі шығып сөйлей бастайды. Үлкендер жас баламен сөйлесіп оның ойымен санасу маңызды. Тіпті бұл сырт көзге ыңғайсыз болып көрінсе де балаңызды тыңдай біліңіз. Оны ешқашан елемей кетіп қалуға болмайды. Тек сіздің баламен ақылдасып сөйлессеңіз ғана ол бала тұлға ретінде қалыптаса бастайды. Сонда ғана ол өзіне деген сенімдігі артып болашаққа нық қадам жасай алады. Баланың қиын кезеңдерінде оған демеу болу қажет. Ол кездер

Үш жастағы кезі
Алғашқы мектеп
Жыныстық жетілу
Мектеп бітіріп, жоғарғы оқу орнына түсу
Жоғарғы оқу орнын бітіріп өмірлік жолына түсу
Осы кезеңдердің бірінде ең алғашқы достық, ең алғашқы махабат, ең алғашқы өкініш пен өз өміріне көңілі толмау сезімдерін өткізеді. Әрқашан, балаңызды осындай сәттерде қолдап жалғыз еместігін естірту керек.

Балаңызды уақытында мақтай біліңіз:
Балаңыз өзінің еңбегінің бекер еместігін сезіну үшін оны мақтай біліңіз. Әрине өз шегі бойынша. Мақтаншақ бала ешкімге ұнамасы анық. Сондықтан ретімен мақтау керек. Жылы сөздер бәрінен артық.

Балаңызды басқа балалармен салыстыруға болмайды.

Әрине кей кезде баланың жаман қылықтарын көріп қатты ұрысатын кездер де болады. Сонда да, әр сөзіңізге байқағаныңыз жөн. Ешқашанда қандай жағдай болмасын балаңызды басқа балалармен салыстыруға болмайды. Балалар өзінің басқалармен салыстырғанын сезінген кезден бастап бала өзгелермен ара қатынасы нашарлап, барлығын тастап кетуі мүмкін, немесе одан да жаманы барлығын керісінше істеуі мүмкін. Көптеген жаман әдеттер осыдан шыға бастайды.

Есіңізде болсын, алдыңызда сіздің балаңыз сіздің ұрпағыңыз сіздің тәрбиеңіздің жемісі. Оның тәрбиесі сіздің арқаңызда пайда болды. Және өзіңіздің жас кезіңізбен де салыстыруға болмайды. Әр кезеңнің өз артықшылықтары мен жағдайлары бар.

Сын айтқанда сақ болыңыз.

Кейде балаға сын айту керек болады. Кез-келген тәрбие сынсыз болмайды. Сонда да қатты сынаудың қажеті жоқ, тек түсінетін дәрежеде айтсаңыз да жеткілікті. Сынаудың орнына тура жолды көрсету керек. Сонда да сын айтамын десеңіз мына ережелерді сақтаңыз:

Сын сайтарда сіз өзіңіз сол нәрседен таза болуыңыз керек. Егер сіз істей алмасаңыз балаға айтудың қажеті жоқ, үлкейе келе бала сізге қарсы сөйлейтін болады.
Сынды жаман сөздерсіз және дауысты көтермей айту керек.
Айтқан сөздеріңіз ақылға қонымды салмақты болуы шарт
Осы айтылғандар бала тәрбиесінің негізгі талаптары. Осыған қоса көптеген кеңестерді айтуға болады. Мысалы мақтау, үлгі болу, бастамасын қолдау және т. б.

Балаңызға жақсы дос, көмекші, жақсы ата-ана болуға тырысыңыз. Сонда ғана өзіне сенімді бала тәрбиелей аласыз.


Санат: Қазақша Әкелерге пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Аналарға пайдалы кеңес жинағы | | 289
Рейтинг:
(голосов: 0)

Қазақша Әкелерге пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Аналарға пайдалы кеңес жинағы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, бала тәрбиесі туралы, бала тәрбиесі туралы мақала, бала көркем сөйлеу, Балаңыз көркем сөйлеп шешен болсын десеңіз, баланы оқуға үйрету, баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, баланы дұрыс сөйлеуге үйрету, балаға көркемдік тәрбие беру, бала тәрбиесі туралы баяндама, бала тәрбиесі туралы кеңестер, баяндама бала тәрбиесі жайлы, бала тарбиеси туралы баяндама, воспитание детей на казахском языке, сенімді бала тәрбие, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, бала тәрбиесі туралы, бала тәрбиесі туралы мақала, бала тәрбиесі туралы баяндама, бала тәрбиесі туралы кеңестер, баяндама бала тәрбиесі жайлы, бала тарбиеси туралы баяндама, воспитание детей на казахском языке, сенімді, Өзіне сенімді баланы қалай тәрбиелеуге болады? пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .