Жадынама оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар (Ханафи мәзһабы бойынша) » ZHARAR © 2016 | ораза бұзатын жағдайлар, оразаны бузатын жагдайлар, ораза бузатын амалдар, ораза бұзатын нәрселер, оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар, оразаны бұзбайтын жағдайлар, оразаны бузбайтын жагдайлар, ораза бузбайтын амалдар




  • »

Жадынама оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар (Ханафи мәзһабы бойынша)

Жадынама оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар (Ханафи мәзһабы бойынша) казакша Жадынама оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар (Ханафи мәзһабы бойынша) на казахском языке

Мына іс-әрекеттер оразаны БҰЗБАЙДЫ

1. Ұмытып кетіп, ішіп-жеп қою (бірақ, аузың берік екені есіңе түскен бойда тоқтату қажет!)
2. Құлаққа тамшы тамызу (немесе шомылу кезінде құлаққа судың кіруі)
3. Көзге арналған тамшы немесе контакт линзасы
4. Никотинді пластырь, крем, дезодорант, басқа да косметикалық құралдар мен майларды пайдалану.
5. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне жақындауы немесе сүйісуі
6. Еріксіз шәуеттің шығуы немесе ұмытып кетіп, жыныстық қатынасқа түсу.
7. Мисуәкті немесе тіс пастасын пайдалану, егер пастаны жұтып қою қаупі болмаса.
8. Қан талдамасы немесе хиджама, не болмаса, қан алудың кез келген түрі.
9. Жүніп күйде ауыз бекіту.
10. Денеге инемен дәрі егу, қан құю, бүйрек диализі немесе дәрі тамызғыш арқылы дәрі енгізу
11.Дәріні жұтып қою қаупі болмаса, тісті емдеу немесе жұлу.
12. Лапароскопия/өзге де хирургиялық араласулар
13. Еріксіз немесе әдейілеп ауыз толтырмай құсу.
14. Еріксіз құсық жұту.
15. Еріксіз түтін немесе шаң жұту.
16. Өз сілекейіңді немесе шырышыңды жұту, ол тамаққа түскен жағдайда да.
17. Мұрынға немесе тамаққа су кіргізбей шомылу.
18. Ғайбат немесе өсек айту.
19. Әйел адамның жыныстық мүшесі арқылы дәрі енгізу немесе гинекологқа қаралу (сол мүшелерді өзге де тексерулер).

Мына іс-әрекеттер оразаны БҰЗАДЫ

1. Аузың берік екенін біле тұра ішіп-жеу.
2. Тіс пастасын немесе ауызды шаюға арналған сұйықтықты жұту.
3. Тістің арасында қалып қойған тамақ қалдықтарын жұту (бұршақтың көлеміндей болса да).
4. Өзге адамның сілекейін жұту (мәселен, сүйісу кезінде жұбайыңның сілекейін жұту).
5. Назальды тамшыларды пайдалану (мұрынға дәрі тамызу).
6. Ауыз арқылы дәрі қабылдау.
7. Медициналық ингаляторды пайдалану.
8. Әдейілеп түтін жұту (мәселен, темекі тартқанда).
9. Біле тұра жыныстық қатынасқа түсу.
10. Әдейілеп ұрық шығару (мәселен, мастурбация).
11. Эндоскопиялық зерттеулер (ауыз арқылы немесе тік ішек арқылы зонд енгізу, өйткені, оларға дәрі жағылады).
12. Тік ішек арқылы қандай да бір заттарды енгізу (мәселен, клизма).

Ескертпе: Күні бойына біле тұра ішіп-жеу және жыныстық қатынасқа түсу кәффәраны (60 күн бойы үздіксіз ораза ұстауды) талап етеді.



Санат: KZ портал » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы | | 1 293
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .