Экономика | Қазақстан республикасы аграрлық секторының даму мәселелері және шешу жолдары
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Аграрлық сектор мәні, сипаттамасы
1.2 Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың экономикалық механизмдері
1.3 Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ
2.1 ҚР-сының агроөнеркәсіп кешенінің даму тенденциялары
2.2 ОҚО ауылшаруашылық экономикасының қазіргі кезеңіндегі жағдайын талдау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау шаралары
3.2 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы ерекше маңызды сала болғандықтан аграрлық салаға байланысты мәселе мемлекет саясатының стратегиялық маңызы бар бағыты болып табылады. Мемлекеттің аграрлық саясаты біріншіден республиканың байырғы тұрғындары – қазақ халқының тағдырына, өсіп - өркендеу және әлемдік өркениетке қосылу мәселелеріне қатысты шешуші роль атқарады. Мемлекет жергілікті халықтың әлеуметтік экономикалық даму деңгейін қамтамасыз ету үшін, оның дәстүрлі, қалыптасқан ата кәсібі – мал және егін шаруашылықтарын, жалпы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға экономиканың басқа салаларына қарағанда артықшылық беруі қажет. Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.
Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық-әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршамызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздің қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады.
Елбасының 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағытты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында Үкіметке мал шаруашылығының басқа салаларын, оның ішінде қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасауды қамтамасыз етуді тапсырған болатын [1].
Ауыл шаруашылығындағы экономиканың қалыптасуы, агрокәсіпкерлік құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін беретіні, нарықтық жағдайға сай құрылған агроқұрылымдар өндірістік тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен ауыл шаруашылығының экономикасын жақсаруына, аграрлық саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады. Ауылдық жерді дамыту тек қана ауыл шаруашылығын дамытуды емес, одан әлдеқайда кең ұғымды, яғни ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуын көздейді. Ауылдың тұрмыс жағдайын жақсарту олардың мықты өндірістік және әлеуметтік сала мен қоршаған ортадағы жетістіктерін жақсарту арқылы мүмкін болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты ауыл шаруашылығы өндірісінің даму жағдайына талдау жасау негізінде, саланы мемлекеттік қолдауды экономикалық тұрғыдан негіздеу және қолдауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеті қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі басымдықтарды шешуді көздейді:
- аграрлық өндірісті дамытуды және экономикалық механизм тұрақтылығының теориялық және әдіснамалық негізін дамыту;
- Қазақстанның аграрлық секторын реттеудегі шет мемлекеттердің жұмыс істеу ерекшеліктерін пайдалану мүмкіншіліктерін анықтау;
- экономикалық механизм тұрақтылығы мен аграрлық өндірістің дамуын анықтау;
- Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқарамасының жалпы сипаттамасы және экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
- аграрлық секторды несиелеу тиімділігін анықтау әдісі.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы және Атырау облысының ауыл шаруашылығы өндірісі алынды.
Зерттеу пәні болып ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдауды экономикалық негіздеу барысында туындайтын проблемалар саналады.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы:
- ауылшаруашылық өндірістің дамуы мен тұрақтылығының теориялық концепциясы кешенді қарастырылған;
- экономикалық механизмнің тұрақтылығы мен дамуына кеңейтілген түсініктеме берілген.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі аграрлық сектордың экономикалық дамуы мен экономикалық механизм тұрақтылығына мемлекеттік үйлесімнің әсер етуі болып отыр.
Жұмыстың құрылымы: диплом кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде ауыл шаруашылығының дамуын мемлекеттік қолдаудың теориялық негіздері қарастырылды. Осы мақсатта аграрлық саясаттың негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын экономикалық механизмнің мәні жетік қарастырылып өтілді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесіне сипаттама берілді.
Екінші бөлімде Қазақстанның, сонымен қатар Атырау облысының ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жай-күйіне талдау жасалынып, соның негізінде ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау экономикалық тұрғыдан негізделді.
Үшінші бөлімде алдыңғы тараулар нәтижесін саралай келіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуын мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары ұсынылды.
Жұмыстың қорытынды бөлімінде дипломдық жұмысты жазу барысында алынған ұсыныстар мен тұжырымдар баяндалды.
1 Аграрлық сектордың теориялық аспектілері
1.1 Аграрлық сектор мәні, сипаттамасы
Ауыл шаруашылығы – адамзат тіршілігінің, кез келген қоғам экономикасының, яғни барлық өндірістің негізі, материалдық өндірістің ерекше саласы. Кез-келген мемлекеттің дамуы - өркениетке қол жеткізуі оның өз халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету қабілетімен анықталады.
Аграрлық сектор (АӨК) - бұл халық шаруашылығын төмендегідей үш элементтің экологиялық (рационалдылық) ұтымдылық, экономикалық мақсаттылық және әлеуметтік тиімділігін (байланысы негізінде қарастыруды) қажет ететінсферасы.
Агроөнеркәсіпті дамыту дегеніміз – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген сөз. Азық-түлік қауіпсіздігі – экономикалық және саяси тұрақтылықтың басты тетігі.
Ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу отандық ғылымда Агроөнеркәсіптік кешені (АӨК) атауының пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қолданысына енуіне түрткі болды. Бізге оның үш тармағы белгілі. Бірінші тармағы өндіріс қорларын өндіру, бұған ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге арналған технология жасау, қолданысқа беру жатады. Екіншісіне тікелей ауыл шаруашылығының өзі, ал үшінші тармағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар жиынтығы екені белгілі.
Егер агроөнеркәсіп кешенінің мақсаттылық функциясын қарастырсақ оны екі үлкен ішкі жүйеге бөлуге болады:
1. Азық - түлік комплексі;
2. Ауыл шаруашылығы шикізатынан басқа да тұтыну заттарын өндіру комплексі.
Ал оның мәні мен қызметі тұрғындарды азықтар мен ауыл шаруашылығы шикізатынан дайындалған азық - түлік емес тұтыну заттарымен қамтамасыз етудің негізінде анық байқалады. Сонымен қатар өзінің экономикалық мазмұны жағынан агроөнеркәсіп кешені динамикалық жүйені көрсетеді, мұндағы барлық элементтер өзара байланысты, өзара тәуелді және ақырғы ортақ мақсаттар жетістіктері бағытында өзара бірлесіп іс атқарады. Агроөнеркәсіп кешеніндегі ортақ мақсаттар дегеніміз, тұрғындарды азық - түлікпен және ауыл шаруашылығы шикізаттарынан дайындалған басқа да тұтыну заттарымен қамтамасыз ету.
Осы заманғы нарықтық экономикада мемлекет неғұрлым реттейтiн және қолдайтын секторлардың бiрi аграрлық сектор болып табылады.
Аграрлық-өнеркәсіптік кешен (Аграрнопромышленный комплекс; лат. 'agrarius', және complexus — байланыс, үйлестіру):
1. Іс-әрекеті өзара тікелей немесе жанама байланысты, халықтың азық-түлік қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған салалардың (кәсіпорындардың) жиынтығы. Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің мынадай негізгі үш саласы бар:
- ауыл шаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне және ішінара жеңіл өнеркәсіпке қызмет көрсетуге және күрделі құрылысқа арналған өндіріс құралдарын өндіру;
- ауыл шаруашылығының өзі;
- бауыл шаруашылығы өнімдерін даярлау, тасу, сақтау, ұқсату және тұтынушыларға жеткізу салалары;
1 Егіншілік және мал шаруашылығы өнімдерін сол өнімдерді ұқсатумен үйлестіріп, шаруашылықты жүргізуді қамтамасыз ететін салалармен (мысалы, минерал тыңайтқыштар өндірісі) бірлесе қызмет атқаратын шаруашылық бірлестігі (көсіпорындар тобы).
Кәсіпорын қалдықтары ауыл шаруашылығының дамуына, ал ауыл шаруашылығы қалыптаса бастаған кешен шегіндегі кәсіпорындардың дамуына жәрдемін тигізетін болғандықтан, жаңа байланыс - ресурстық-энергетикалық байланыстың пайда болуы аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің маңызын арттыра түсті.
Биотехникалық революция қоғамдық өндірістегі құрылымдық өзгерістермен және қоғамдағы жаңа әлеуметтік құбылыстармен байланысты жүріп отырады. Осылардың арасында себепті-салдарлы байланыс болады: бір процесс келесінің дамуын ынталандырады және керісінше, осы байланыстағы ең маңызды жағдай - азық-түлік өндірісінде жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуы.
Ұзақ мерзім бойы азық-түлікпен қамтамасыз ету аграрлық еңбектің қызметі болып келген еді. Ал бүгінгі заманда осы қызметті өнеркәсіптік еңбек атқарады.
Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi - әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi.Аграрлық сектордағы өрлеу - экономиканың сабақтас салаларда өсуiнiң тетiгi.Тұтас алғанда, аграрлық сектордың дамуы мемлекет үшiн экономикалық және ең бастысы әлеуметтiк аспектiде стратегиялық жағынан маңызды.
Ауыл шаруашылығының ерекшелігі - ондағы экономикалық қатынастар жер иесі мен оны пайдаланушылар арасында жүзеге асатындығы. Жер иелену - жерге меншік иесі құқығын білдіреді. Ал меншік мәселесі ерте заманнан бүгінгі күнге дейін аса күрделі экономикалық, құқықтық категория болып есептелінеді [1].
Ауыл шаруашылық шикізаттарынан азық және басқа тауарлар өндірісінің жаңа жүйесі бойынша біріншілік өнім өндіруі тек аграрлық өндіріс қызметіне жататын болды. Ал осы өнімнің аз бөлшегі (1/4) тұтынушыға таза түрде жетеді, көбі (3/4)-техникалық өңдеуден өтеді. Ауыл шаруашылық өндірісі оңашаланған өзін-өзі ұдайы өндіретін жүйеден жаңа ұдайы өндірістік жүйенің буынына айналады. Сонымен, жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің арқасында, аграрлық өндіріс қоғамдық, капиталдың ұдайы өндірісінің жалпы жүйесіне кіреді және ол осы жүйенің даму заңдарына сәйкес дамитын болады.
Осымен қатар, аграрлық өндіріс, көбінесе тұтыну заттарын өндіретін саладан, көбінесе, өндіріс құралдарын (шикізат өндейтін өнеркәсіп үшін) өндіретін салаға айналады.
Ауыл шаруашылығы кез-келегн мемлекеттің экономикалық өркендеуіне себеп болатын буындарының бірі.
Азық және ауыл шаруашылық шикізатынан тауарлардың бірнеше түрін өндіретін салалардың жиынтығы жататын ұлттық өндіріс аумағында экономиканың ерекше сферасы қалыптасады. Ол аграрлық-өнеркәсіптік кешен (АӨК) деп аталды. АӨК-нің құрылымын құратындар:
- біріншілік және түпкі өнім өндіретін сфера (өсімдік өсірушілік,мал өсірушілік және осылардың өнімдерін өндейтін өнеркәсіп салалары);
- ресурс құратын сфера (АӨК-ің барлық сферасына еңбекқұралдарын жасайтын өнеркәсіп салалары және кадрлар дайындайтын жүйе);
- АӨК-тің өндірістік инфрақұрылымы, тауар және ақша айналымы және информациялық қамту жүйесі;
- АӨК жабық өзін-өзі ұдайы өндіретін жүйе болып қызмет етеді.
Азық-түлік шаруашылығын, немесе, азық-түлік кешенін жеке бөліп қараған жөн. Осыған АӨК-ің азық-түлік бөлімі және балық, орман шаруашылығы, минералдық су өндірісі, ішетін су дайындау және тұрғындарды сумен қамту, тамақ тұзы өндірісі және т.б. жатады.
Ауыл шаруашылық өндірістің машиналық стадияға ауысуымен байланысты, аграрлық еңбек аграрлық-өнеркәсіптік еңбекке айналады, ал аграрлық өндірістің өзі аграрлық-өнеркәсіптік өндіріске айналады. Осыны бүгін жаңа типті жиынтық жұмыскер жүргізеді.
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады.Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.
Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайлары қоңыржай жылы белдікте барлық дерлік дақылдарды өсіруге және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Қазақстан ауыл шаруашылығының өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар:
- ауыл шарушылық өндірісі, оның ішінде мал шаруашылығы – жергілікті халықтың ата кәсібі, бұл ерекшелік елдің халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлін анықтауы тиіс. А.Смиттің абсолюттік артықшылық теориясына негізделген еңбек бөлінісінің, маманданудың тиімділігін басты назарға алар болсақ Қазақстан әлемдік нарыққа «қонақ» ретінде қосылмай ауыл шаруашылығы өндірісін бағыттануына толық мүмкіндік бар;
- тарихи тұрғыдан алғанда Қазақстанда жер жеке меншік пен сату – сатып алу объектісі болған емес. Бір жағынан алғанда бұл экономиканың ең басты саласы ретінде жартылай көшпелі мал шаруашылығын жүргізу үшін қажетті алғышарт болды. Екіншіден, бұл түрі жыл мезгілдерінде мал жайылымдарын қолайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіріп, тиімді қолдануға мүмкіндік береді;
- ауыл шаруашылығы саласында негізгі өндіріс құралы – жер болып табылады;
- ауыл шаруашылығы өндірісі маусымдық сипатқа ие, яғни өндіріс процесі экономиканың басқа секторларындағы тәрізді үздіксіз жүрмейді, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірісі климаттық жағдайларға тікелей тәуелді болып табылады;
- Республикамызда шаруашылық жүргізу тәсілдері Үкіметтің жоғарыдан күштеп ұжымдастыру және жаппай жекешелендіру саясаттары арқылы қалыптасты [2].
Аграрлық-өнеркәсіптік өндірістің өзіне тән жаңа біріншілік буыны болады. Сапа жағынан қарағанда оның биологиялық, материалдық-техникалық және ғылыми базасы бөтен болады. Ал ірі және ұсақ өндіріс үшін осы базаның дәрежесі бірдей болады. Бұл жағдаймен фермерлік шаруашылық құрғанда есептесу керек.
Жаңа жағдайларда ұтылмау үшін, тапсырма беруші ірі фирмалардың қажеттігімен есептесе отырып, шаруалар өз шаруашылығын мамандандыруға мәжбүр болады. Ал осы қадам оның еркіндігін шектетеді, ол экономикалық, технологиялық және ғылыми тәуелсіздігінен айрылады. Өндірілетін өнімге, пайдаланған тұқымға, гербицидке, тыңайтқыштарға, жанармайға, арендаға алынған техникаға, техникалық, агрономиялық, ветеринарлық және басқа түрлі қызметтерге бағаны тапсырма беруші белгілейді. Бірсыпыра елдерде, шаруалар өздерінің мүдделерін қорғайтын кооперативтер құрып отыр. Осыған қарамастан, шаруалар мекен-жайының аграрлық өндірістің біріншілік буыны болуы жоққа шығып келеді.
АӨК қалыптасуы және егіншіліктің өнеркәсіптік агрономияға айналуы, капиталдың ауыл шаруашылығына тартылуына жол ашып отыр, ірі капитал АӨК-ің барлық төрт сферасын қамтыған агробизнес жүйесі қалыптасып отыр. Мұнда басты рөлді қаржы өнеркәсіп топтары атқарады. Агробизнес жүйесі арқылы, капиталдың жалпы айналысына, еңбектік жеке меншікке негізделген шаруашылық қожалықтары тартылып отыр.
Фермерліктің мәселелері шиеленісіп келеді. Шаруашылық қожалықтарынан өзгеше, фермерлік ауыл шарушылықтар жалдамалы еңбек қолдануға негізделеді. Бұлар ауыл шаруашылығының капитализациялануының бірінші кезеңінде пайда болған.
Еңбек бөлінісі, өндірістің мамандануы, аграрлық өндірістің аграрлық өнеркәсіптікке айналуы, қатал бәсекелестік, бәсекелестік қабілеті бар шаруашылықтың көлемінің өсуі-осының барлығы фермерлік шаруашылықтардың шұғыл дифференциялануын тудырады. Бұлардың көбі жалдамалы еңбекті қолданудан бас тартып, шаруашылық қожалықтарымен қосылды, немесе, мүлде жойылды.
Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін, өткен тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз тәжірибелерінен үйрене отырып алға басқанымыз жөн - деп түсінеміз. Сондықтан да, социализм тұсындағы аграрлық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезеңі, нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың, олардың ішкі құрылымының ерекшеліктерін, аграрлық қатынастардың негізі болып табылатын жер қатынастарының қалыптасу заңдылықтарын, аграрлық өндірістегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, азық-түлік қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық прогресс және оның ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктерін, кооперация мен жекешелендіру процесінің нәтижелерін, орталықсыздандыру саясатының ауылдық аймақтарға жасаған ықпалы және ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері зерттеу тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдың өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.
Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі мақсаты – халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.
АӨК құрамында үш негізгі буын бар: АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды ауыл шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері.
Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады.
Жұмыскерлердің саны жөнінен (2,4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады. Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің 1/10 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артығын құрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай және ұн Қазақстанның маңызды экспорттық тауары.
Ауыл шаруашылығы – АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, ел экономикасының дәстүрлік саласы.
Ауыл шаруашылығында жер – негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан жерді дұрыс пайдалану, құнарлылығын сақтау – қоғамның маңызды міндеті......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?