География | Жаңажол кенішінде тереңдігі 3900 м пайдалану ұңғымасын бұрғылау

 География | Жаңажол кенішінде тереңдігі 3900 м пайдалану ұңғымасын бұрғылау

Мазмұны

КІРІСПЕ
I ТАРАУ. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1. Жұмыс ауданының климаттық-географиялық жағдайы
1.2. Геолого-физикалық зерттелеуі және кен орнын игеру тарихы
1.3. Литолого-стратиграфиалық сипаттама
1.4. Тектоника
1.5. Мұнайгаздылығы
1.6. Сулылығы
1.7. Ұңғыны қазу кезінде кездесетін қауіпті аймақтар мен қиындықтар
1.8. Өнімді қабаттарды ашу және сынау
1.9. Ұңғыдағы геофизикалық зерттеулер
II ТАРАУ. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1. Бұрғылау тәсілін таңдап алу
2.2. Ұңғы құрылмасын жобалау
2.2.1. Ұңғы құрылмасын жобалауының тәсілдері
2.2.2. Шегендеуші құбырлар мен қашаулардың диаметрін таңдау
2.2.3. Цементтеу аралықтарын таңдау
2.3. Бұрғы тізбегінің құрылымын жобалау, бұрғы
құбырлар тізбегін беріктікке есептеу
2.3.1. Ауырлатылған бұрғылау құбырларын (АБҚ) есептеу
2.3.2. Ауырлатылған бұрғылау құбырларды аралық тізбек астына есептеу
2.3.3. Ауырлатылған бұрғылау құбырларды кондуктор астына есептеу
2.4. Ұңғыны жуу
2.4.1. Жуу сұйығының түрін таңдау және оның параметрлерін әр тереңдік аралықтары үшін тағайындау
2.4.2. Жуу сұйығының барлық түрі үшін саздың, судың химиялық реагенттердің, ауырлатқыштың және тағы басқа материалдардың
шығындарын анықтау
2.4.3. Жуу сұйығын дайындау, химиялық өңдеу үшін және ұңғы сағасына сақылаусыздыққа орналынатын жабдықтарды таңдау
2.4.4. Ұңғыны жуудың гидравликалық есебі
2.5. Бұрғылау мұнарасын таңдап алу
2.6. Бұрғылау тәртібінің параметрлерін жобалау
2.6.1. Өндірістік статистикалық мәліметтер бойынша қашаулар өлшемдері мен моделдерін таңдап алу және олардың жұмыс көрсеткіштерін жобалау
2.6.2. Бұрғылау тәсілдеріне байланысты, әр тереңдік аралықтары үшін жуу сұйығының шығынын жобалау
2.6.3. Қашауға өстік салмақ пен оның айналу жиілігн жобалау
2.6.4. Бұрғылау тәртібінің параметрлерін бақылау
2.7. Ұңғыны бекіту
2.7.1. Шегендеуші құбырлар тізбектерін жобалау және оларды беріктікке есептеу
2.7.2. Аралық және пайдалану құбырлар тізбегінің төменгі құрамалары
2.7.3. Шегендеуші құбырлар тізбегін түсіруге дайындық жұмыстары және оларды түсіру
2.7.4. Цементтеу тәсілін таңдау және тізбектерді цементтеуге есептеу
2.8. Ұңғыларды игеру
III ТАРАУ. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
3.1. Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны бүлдіруден және ластанудан сақтау
3.2. Қауіпсіздік техника шаралары
IV ТАРАУ. АРНАЙЫ БӨЛІМ
4.1. Ұңғыны бекіткенде оның сапасын арттыратын, ұлғаятын цемент қолдану
4.1.1. Ұлғаятын тампонажды материалдарды ашу принципі
4.1.2. Цемент тасының ұлғаюына әсер ететін кейбір факторлар
4.1.3. Базалық тұтқырлық структура құрамының жылдамдығын басқару
V ТАРАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
5.1. Ұңғы құрылысындағы жұмыстарды ұйымдастыру
5.2. Ұңғы құрылыс циклының нормативті ұзақтылығы
5.3. Ұңғыны бекітумен бұрғылаудың қосынды құнын және негізгі техника – экономикалық көрсеткіштерді есептеу
5.4. Жаңа техника және бұрғылау технологиясына экономикалық тиімділікті енгізу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Өндіріс өнімдерінің ішінде мұнай өнімдерін тұтыну мен мұнай және газ өндіру үлкен маңызға ие болады.
Сондықтан біздің Республикамызда мұнай өндірісінің дамуына зор мән береді. Ғылыми-техникалық процестің жедел даму міндеттерін шешу үшін жаңа кен көздерін ашып іске қосумен бірге, бұрғылаудың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін еңбек өнімділігін және еңбекті ұйымдасты-руды жақсарта отырып шұғыл түрде бұрғылау жұмыстарының көлемін арттыру. Бұрғылау өндірісін жаңа техникалармен және технологиялармен жабдықтау.
Негізгі назар өндірісті кеңейту, қашаудың бұрғылау мен шегендеу құбыр-ларының сапаларын арттыруға аударылады. Ұңғы бұрғылаудың техникалық процестер жүйесін басқаруды автоматтандыру, дамытуға үлкен көңіл бөлінуі тиіс.
Қазіргі кезде бұрғылау әр түрлі бұрғы қондырғыларымен іске асырылады.
Ұңғы құрылысының толық циклі төмендегі негізгі элементтерден тұрады:
1. Мұнара құрылымының құрылысын салу және тұрғызу.
2. Ұңғыны бұрғылау жұмысына дайындау.
3. Бұрғылау процессі.
4. Жер қыртысын ашу.
5. Бұрғылау мұнарасы мен жабдықтарын бұзып жинау.
Қазіргі кезде еңбекті және ортаны қорғауға үлкен көңіл бөлінеді. Ұңғы құрылысы бөлінген жерді пайдаланған кезде, оған қолданылатын жуу сұйық-тарында, әртүрлі физико-химиялық қасиеттеріне, химиялық реагенттердің улылығына, бұрғыланған жыныстардың құрамына және басқа да факторларға байланысты.
Жоба оқу кезіндегі алынған білімімді көрсету мақсатында жасалынады.
Әрбір бөлімді дайындап әзірлеуге үлкен көңіл бөлінеді. Ұңғы құрылысын салғанда, қоршаған ортаға зиян өте аз мөлшерде зор ықлас бөлінуі керек.
I ТАРАУ. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1. Жұмыс ауданының климаттық-географиялық жағдайы
Жаңажол кен орны Мұғаджар тауы мен Ембі өзенінің алқабының ортасында орналысқан Оралманы платосы шамасында жатыр. Әкімшілік жағынан Ақтөбе облысы Мұғаджар ауданы құрамына кіреді. Облыс орталығы Ақтөбе қаласы қарастырып жатқан кен орнынан солтүстік жағында 240 км жерде орналасқан.
Осы алқаптың рельефі аздап тауланған жазық, дараланған арқалықтан және жыралардан тұрады және плюс 125- тен плюс 270 м-ге дейінгі белгілермен мінезделеді. Төменгі мәндері Ембі өзеніне қарай тартылған. Өзендегі су минералдалған және ол техникалық қажеттіліке ғана қолданылады. Ал тұрмыстық мақсатқа су құдықтан алынады. Құдықтағы және Ембі өзеніндегі судың мөлшері 2 м және одан астам.
Ауданның ауа райы құрғақ, тез өзгергіш, температураның жылдық және тәуліктік ауытқуы тез және ылғалдылығы өте төмен температура қыста минус 40 С –ға дейін түседі, ал жазда плюс 40С –қа дейін көтеріледі. Қантар мен ақпан айлары ең суық болып табылады. Алғашқы қардың жатыу қарашаның ортасында басталады және ол наурыздың соңына дейін сақталады.
Атмосфералық жауын- шашынның жылдық орташа мөлшері көп емес, ол жылына 120-140 мм- ге жетеді. Ең ыстық ай болып шілде мен тамыз табылады.
Аудан аз қонысталған, ең жақын елдімекен болып Жаңажол совхозы табылады.Ол солтүстік-шығыс жағында 15 км жерде орналасқан. Және солтүстік- батыс жағында 35 км жерде Кеңкияқ мұнай кәсіпшілігі орналасқан. Атырау- Орск мұнайқұбыры 100 км қашықтықта өтеді.
Кен орнын Октябрьск және Жақсымай өндірісті- техникалық қызмет көрсету және құрылғыларды комплектациялау базалары материалды- техникалық құрал- жабдықтармен қамтамасыз етеді.
1.2. Геолого-физикалық зерттелеуі және кен орнын игеру тарихы.
Ауданың геологиялық құрылымы туралы мәліметтер алғаш С.К.Ковалевский және А.П. Гаригросс жұмыстарында басылып шығарылған. Олар 1940 жылы Ат-жақсы, Темір, Ембі өзендері маңайын зерттелген.
Аймақты жете және жопарлы зерттеу 1944 жылдан бастады. 1944-1946 жылдарда Г.И. Водорезов жетекшілігімен масштаб бойынша М40 геологиялық түсірім өткізілді. Бұл жұмыстар нәтижесінде аймақтың стратиграфиялық және тектоникалық сұрақтары жарықталған геологиялық карта құрылған. Картаға түсініктемелік хаттама жазылған.
1949 жылы В. И. Самадуров пен И.В.Иванов Жаңажол кіретін М-40-ХХХIV мекенін 1: 200000 масштабпен геологиялық түсіру өткізді. Авторлар аймақтың геологиялық кұрылым сипаттамаларың дәл ұсынады. 1952 жылы аудан дәл сондай масштабты гравиметрикалық түсіріммен жабылған.
1952-1954 жылдарда бұл ауданда 1:50000 масштабты геологиялық түсіру өткізілген (А.С. Зингер).
Жаңажолды көтеру (салу) 1960 жылы басталды. Және 1961 бұрғылауға дайындау жұмыстары жүргізілді. 1976 жылдан бастап Ақтөбе мұнайбарлау экспедициясымен іздеу жұмыстары жүргізілді. 1978 жылда « Қазмұнайгаз геологиясы» бірлестігі Кеңкияқ мұнайбарлау экспедициясын жүргізді. Кен орнында алғаш рет өнеркәсіптік мұнай 1978 жылы №4 ұңғыдан алынды.1981 жылдан бастап кен орнында « Ақтөбе мұнайгаз геологиясы» бірлестігі іздеу және барлау жұмыстарын жүргізді.
1981 жылдың ақпанында Жаңажол кен орнында жоғарғы карбонатты қабатындағы мұнайгазконденсатты кенішінде барлау жұмыстары аяқталды. Ал төменгі карбонатты қабатында барлау жұмыстары жалғасып жатты.
1982 жылдың 23- маусымда кен орнының мұнай, газ және конденсат қоры ГКЗСССР бекітілген (№9015 және №9016 протоколдары). Олар С – бірінші категория ( жоғарғы) карбонатты қабат (КТ-I) және С –екінші категория (төменгі) карбонатты қабат (КТ-II) бойынша негізделген.
Кен орнын игеру бірінші карбонатты қабаттың объектілерін бұрғылаудан басталды.
1989 жылдан бастап ЦКР СССР қаулысына сәйкес негізгі бұрғылау объекттілерін екінші карбонатты қабатқа тасымалдау жүзеге асырылды. Бұл үлкен объектілерді жедел игеруге септігін тигізді.
1.3.Литолого-стратиграфиалық сипаттама
Жаңажол кен орнының айқын далған және зерттелген шөгінді қабаттың қимасы таскөмір жүйесінің ( төменгі, ортаңғы және жоғарғы бөлімдері), Пермь жүйесінің ( төменгі және жоғарғы бөлімдері), триастық, юралық, бор жүйелерін және де төрттік антропогендік жүйелердің шөгінділерінен құралған.
- Палиозой тобы, Р2
- Таскөмір жүйесі,С
- Төменгі бөлім, С1
Жаңажол аумағында ашылған ең ежелгі қабат болып ортавизейялық жастағы С терригенді жыныстар табылады.
Қиманың жоғарғы жағы терригенді жыныстар карбонатты қабаттармен ауысады.Бұл жыныстар жоғарғы визейялық серпухов жасында жатыр. Құрамында әктас, доломит және сирек жұқа қабатты қарасұры аргиллиттер кездеседі. Бұл қабаттын қалыңдығы 140-150 м.
Кен орнындағы төменгі карбон қабатының ашылған қалындығы 308 м.
-Ортанғы карбон, С2
Ол екі қабаттан тұрады:
-Башкир ярусы, С2В
-Мәскеу ярусы, С2Т
Башкир ярусының қалындығы 224 м (3892-3668). Ол доломиттелген, сұры, ақшыл-сұры, органогенді, кесек-кесек әктастардан, сирек жұқа қабатты аргиллиттерден тұрады.
Ал мәскеу ярусы екі бөлімшелерден тұрады: төменгі мәскеулік және жоғарғы мәскеулік.
Төменгі мәскеулік ярус верейлік және каширлік горизонттармен ұсынылған. Оның қалыңдығы 108-156 м. Ол карбонатты жыныстар мен бірлі жарым аргиллит қабатшаларынан тұрады.
650 м қалыңдықтағы жоғарғы және визейялық- төменгі мәскеулік карбонатты қабат кешені « Төменгі карбонатты қабат» дейтін жыныстар қа-батынқұрады. Оның индексі КТ-II деп белгіленеді.
Жоғарғы мәскеулік ярус подолдік және мячковтік горизонттардан тұрады.
Подольдік горизонттың төменгі бөлігі органогенді- опырылғыш, ұсақ түйіршікті әктастардан тұрады. Бұл горизонттың қалыңдығы 144-220м.
Ал мячковтік горизонт органогенді, органогенді- опырылғыш, ұсақ түйіршікті әктастар мен доломиттерден тұрады.
Оның қалыңдығы 115-164 м аралығында.
-Жоғарғы бөлім, С3
Ол екі қабаттардан тұрады:
-Касимдік ярус, С3К
-Гжелдік ярус, С3G
Касимдік ярус литологиялық құрамы жағынан әктастар мен доломиттерден тұрады. Солтүстік- Шығыс жағына қарай доломиттер мен әктастар ангидриттелген. Ангидриттелу дәрежесі төменнен жоғары қарай жүреді. Бұл ярустың қалыңдығы 50-97 м аралығында.
Гжелдік ярус оңтүстік-батыс жағында 65-85% балдырлар мен фауна қалдықтарынан тұратын органогенді әктастар орын алып жатыр. Солтүстік- шығыс жағы толық ангидритке ауысқанша ангидриттелу күшейеді.
-Пермь жүйесі, Р
-Төменгі бөлім, Р1
Төменгі Пермь қимасы ассель және кунгур ярусымен қарастырылады.
-Ассель ярусы, Р1AS
Оның қалыңдығы 230-250 м аралығында.
-Кунгур ярусы, Р1K
Көптеген зерттеулер арқылы кунгур ярусының орналасуын үш байламға (пачка) жіктедік:
А) төменгісін-сульфатты-терригенді;
Б) ортаңғысын-галлогенді;
В) жоғарғысын-терригенді.
Кунгур қабатының қалыңдығы 1700-1600 метрді құрайды.
-Жоғарғы бөлім, Р2
Жоғарғы Пермь қалыңдығы 633 м-ден 1808 м-ге дейінгі аралықта өзгереді.
-Триас жүйесі, Т
-Төменгі бөлім, Т1
Триастық қабат төменгі және жоғарғы бөлімдік жыныстардан тұратыны анықталған.
Төменгі триастық қабат кеңінен таралған. Бұл қабатта остракод фаунасы анықтамасы бойынша ветлуждық және бескуншак сериялары бар.
Ветлуждық серия құмды-сазды жыныстардан тұрады. Ол төменгі триастың төменгі жағында орналасқан.
Жоғарғы жақтағы Бескуншак сериясы қанық қызыл кірпіш түстес саздан тұрады.
-Ортаңғы бөлім, Т2
Ортатриастық қабаттың литологиялық құрылымы құм, саз, аргиллит және құмтастардың қабатшаларының қабаттасып орналасуынан тұрады. Ортатриастық қабаттың қалыңдығы 1000м және одан да көп.
Осы аймақта жоғарғы триастық қабат толығымен зерттелмеген.
-Юра жүйесі, J
Бұл жүйеде үш бөлім айқындалған.
Төменгі және ортаңғы қабат континентті-лагуналық шөгінділері мен көрсетілген. Ал, жоғарғы бөлік теңіздік шөгінділерімен көрсетілген.
-Төменгі Юра, J1
Бұл қабатта ашық-сұры және сұрғыш-ақ құмдардың ақ және ақшыл-сұры
сазбен араласып орналасқан.
- Ортаңғы бөлім, J2
Бұл уақыттың жыныстары оңтүстік-шығыс жағында кеңінен орналасқан. Және ол саздардың, құмдардың, құмтастардың және құбакөмірлердің қабатшаларының араласып орналасуынан тұрады. Яғни, бұл Байос және Бат ярустарында жатыр.
-Жоғарғы бөлім, J3
Жоғарғы юралық қабат негізгі сазбен аздап құмның және құмтастың араласуынан тұрады. Жоғарғы юралық қабаттың қалыңдығы 0-210 м аралығында аутқиды.
-Бор жүйесі, К
-Жоғарғы бөлім, К2
Жоғарғы бор қабаты тегіс төрттік қабатпен жабылып жатыр. Аздаған қалыңдықтағы (2-3 м) саздақтардан және құмайттардан тұрады.
1.4. Тектоника
Жаңажол кен орны тектоникалық жағдайы жөнінде Каспий маңы ойпатының Шығыс қыраты бөлігінің Орал геосинклиналдың аймағынан бөлінген Ащысай мен солтүстік-коллектиндік жарығында орналасқан.
Геологиялық дамудың негізгі мінездемесі аймақтың интенсивті түсуімен тұнба чехолының 7-10 км қуатты түзілуімен сипатталады.
Бұл қуаттың негізгі бөлігін докембрийлік фундамент пен кунгур қабатының галоген тұнбасының ұлтанының арасына орналасқан тұз асты қалдықтар комплексі құрайды.
Моноклинальды тұздық қалдықтардың беті Ащысай жарығынан батысқа 2,0-2,5 км және беттеу күмбезінің меркаданынан 5,5-6,0 км еніп орналасқан. Көрсетілген моноклиналь шегінде бірнеше қатарланған баспалдақтар ерекше бөлінген. Бұл негізінде төменгі жазықтықта толық көрініп, бірте-бірте ойпаттың орталық бөлігіне қарай енеді.
Шығыстан батысқа қарай Жаңажол, Кеңқияқ, Қожасай және Шұбарқұдық асты баспалдақ жүйесінде ерекшеленіп, тұз қалдықтары 3-3,5 км, 3-4 км, 4-5 км, 5 км төмен тереңдікте орналасқан. Жаңажол баспалдақтары қуатты карбонатты массивтердің дамуымен ерекшеленіп, үлкен дүмпуімен күрделенеді.
Кеңқияқтан солтүстікке қарай Остансүк иіні ерекшеленеді, ол Талдысүк, остансүк, солтүстік остансүк және Байжаршынның батыс шекарасының өнебойына қарай бұзылып шектеледі. Ол солтүстікке қарай Ақтөбе перкли-нальдық иіні ұласады.
Тектоникалық баспалдақтар негізінен жарылып бүлінуімен күрделенеді. Жаңажол баспалдақтарының ерекшеліктерінің бірі карбонатты массивтердің қуатты дамуы ол келесі кезекте брахиантиклинальдық дүмпумен күрделенеді.
Жаңажол кен орны подольско-гжель дәуіріндегі жыныстан құралған кең-көлемдегі карбонатты массивінің үстіңгі бөлігімен сабақтас. Газдылығының ауданы 39825 мың м3, мұнайлылығының ауданы 71715 мың м2.
Ұңғы қимасын салыстыру арқылы үстіңгі карбонатты қабаттардың үш өнді-рістік коллектор қорабы анықтайды. Олар А, Б, В деген индексация, “В” өндіріс қорабы үш коллектордан тұрады. Олардың қалыңдығы 2 м және одан жоғары қыртыстарға бөлінген. Жемісті қабат 4,8 м –ден 41 метрге дейінгі аралықта. Орта есеппен газдылығы мен мұнайлылығы бай қабат 11 м және 18 метр болып табылады. Мұнайлылығы жоғары қорабқа, газдылығы аз қорабқа сәйкес келеді......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 733



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады