Қаржы | Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және мемлекеттің бюджеттік қызметі

 Қаржы | Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және мемлекеттің бюджеттік қызметі

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………..3
1. Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және мемлекеттің бюджеттік қызметі
1.1. Бюджеттің және бюджеттік қаржылардың түсінігі………………………5
1.2. Бюджет жүйесі…………………………………………………………….13
2. Бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
2.1. Бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу …………………………….23
2.2.Бюджеттік процесс бюджеттің қаржылық жоспары ретінде. Бюджетті атқару (орындау).............................................................................................................30
Қорытынды………………………………………………………………49
Пайдаланылған әдебиеттер, нормативтік құқықтық актілер тізімі….50

Бүгінде қоғамымызда жан-жақты жүргізіліп жатқан реформалар мемлекеттік бюджетті реттеу аясында айтарлықтай ықпалын тигізуде.
Бюджет қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Бюджет саласындағы мемлекеттік реттеу маңызы өте зор екендігі белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді.
Қаржылар қоғам және жекелген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді.
Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистің құрамына жатады. Атқарушы билік мемлекеттік бюджеттің кіріс - шығысын жүзеге асыру қызметін өзі орындап отыр.
Демек, мемлекеттік бюджетті реттеу атқарушы биліктің құзыретінде қалып отыр. Осыған орай жоғарыдағы мемлекеттік реттеу жөніндегі көзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз:
- Біріншіден, мемлекет бұрын да қазіргі кезеңде де өзінің табиғи құрылымына байланысты экономикалық және әлеуметтік-мәдени саясатты қаржылардың көмегімен жүзеге асыруға ат салысады. Бұл жерде әр алуан қоғам мүдделіктерін көздейтіндіктен осы аялардағы мемлекеттік реттеуді жоққа шығаруға болмайды;
- Екіншіден, мемлекеттің экономика, қаржылар және әлеуметтік-мәдени салалардағы дәрежесі ұзақ жылдар бойындағы тарихи тәжірибелерімен белгіленген. Әсіресе қазіргідей, қысылтаяң реформа кезеңінде мемлекеттің, бюджетті мемлекеттік реттеудің рөлі күшейе бермек;
- Үшіншіден, мемлекет ешқашан да нарықтық экономикаға қарсы тұрмайды, қайта біз оның қолында нарықтық қатынастардың тиімді дамуы мен жандануына себін тигізетін зор мүмкіншілік бар екенін ұмытпағанымыз жөн;
- Төртіншіден, нарықтық өзіндік реттеу стихиялық процестер туындатады және ол процестер нарықтық бір қыры ретінде ауыздықталмаған қара күштермен сипатталады. Оны тежеу, реттеу тек мемлекеттің ғана қолынан келеді.
- Бесіншіден, жоғарыда айтқанымыздай нарықтық өзіндік реттеу анархия мен хаосқа әкеліп соғатынын байқадық. Сондықтан нарықтық өзіндік реттеу мен мемлекеттік реттеуді теңдестіру қажет. Ал бұл процестер өзінен-өзі жүзеге асырылмайды, олар тек мемлекеттің тікелей қатысуымен қатынастар оның аясында, мемлекет аумағында өте қатал экономикалық билікті туындатады. Осы билікті шектеу ісі де мемлекет құзырында болады; жетіншіден, мемлекет көлік, байланыс, энергетика салаларының монополист субьектілерінің халыққа қажетті режимді белгілейді, сондай-ақ ішкі рынок пен ұлттық мүддені сыртқы ықпалдардан қорғаудың кепілі болып табылады. Мемлекеттік ретеу әкімшілік заңдардаң негізінде жүзеге асырылатыны белгілі.
Бұл жерде айта кететін бір жайт, бюджетті мемлекеттік реттеу ілімі, осы жайындағы әкімшілік-құқықтық ғылым айтарлықтай жетістіктерге жеткенімен, көптеген мәселелер оның ішінде қаржылар саласындағы бюджетті мемлекеттік реттеу жеткілікті деңгейдегі өз шішімін тапқан жоқ.
Қазіргі кезеңде осыған байланысты сонымен бірге өтпелі кезең, мемлекет, ғылым талаптарына сай болатындай аса ұтымды мемлекеттік реттеу жолдарын қалыптастыру мәселелері мына шараларды қажет етіп отыр: бюджет саласындағы реттеуді, экономика аясындағы түрлендірулерді және меншік нысандарының теңдігін ескеріп, сондай-ақ меншік құқығымен өзара байланыстырып талдау; есептеу және ұйымдастыру техникасының, қаржы жүйесін тиімді реттеуге мүмкіндік беретін экономикалық және әкімшілік әдістердің жиынтығын, яғни қаржыларды реттеудің автоматтандырылған жүйесін жетілдіру; нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан бюджеттік қызметтің мемлекеттің қаржылық қызметтің бір түрі екенін және оның құқықтық негіздері әкімшілік және қаржылық заңдар болып табылатынын теориялық тұрғыдан негіздеу; мемлекеттік реттеу және атқарушы билік органдарының қызметтері нарық талаптарына сай заңдар негізде, жаңаша бағытта жүзеге асырылатыны жөнінде теориялық негіздеме бере отырып осы аяға ықпал ететін факторларды зерттеп, талдау, бюджет саласындағы мемлекеттік реттеу, бюджеттік қызметті жүзеге асыру процестерінің ерекшеліктерін, айрықшылықтарын зерделеп зерттеу және мемлекеттік реттеудің мемлекеттік басқару функциясы ретінде жүзеге асырылу маңызы мен мәнін және механизмін жалпы мемлекеттік бюджеттік реттеуді атқарушы органдар жүйесімен байланыстырып, ұйымдастырып көрсету; мемлекеттің бюджет және салық жүйесіне, олардың нарықтық қатынастар жағдайындағы құқықтық режиміне назар аудару және олардың экономикалық табиғаты мен құқықтық маңызын қарастырып зерттеу арқылы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан -2030” стратегиялық бағдарламасында айқындалған мемлекеттік реттеуші атқарушы билік жүйесін орталық жергілікті атқарушы билік органдарын қайта құру жөніндегі қағидаттар мен ережелерді және осыған байланысты мемлекеттің қаржылық фискальдық саясатының жетілдірілуін көздейтін жолдарды басшылыққа ала отырып, құқықтық тұрғыдан негіздеу.[1] Президентіміздің Қазақстан халқына атты Жолдауында 2010 жылы Қазақстанда, егер тұтастай экономика бойынша қарайтын болсақ, бір қызмет¬ кер жылына 17 мың доллардың өнімін өндіреді екен. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың доллардан асып түседі.Қорытынды өте түсінікті – бізге жағдайды түзету – өнімділікті артырып, инновацияларды ендіру керек.
Басқарудың барлық деңгейінің жұ¬мысына баға беру мен жаңағы өлшемдер бойынша қаржылай қолдау көрсету және бақылау Үкіметтің басты міндеті болады.[2]
1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және мемлекеттің бюджеттік қызметі.

1.1. Бюджеттің және бюджеттік қаржылардың түсінігі.

Мемлекеттік бюджеттің қаржыларының қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны, олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атқартын рөлі өте зор екені әркімге белгілі. Бюджеттік қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізгі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Бюджеттік құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді, пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде, тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функция білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн өлшеу, айналым, айырбас және т.б. құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын көрсетеді.
Ал бюджеттік қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген функцияларды орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып саналады, сондай-ақ сатып-алу, сату, айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшалардың пайдалану А-Т және Т-А процесінде, тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса, ал мемлекеттік бюджеттік қаржыларды жұмсау – бөлу нысанында жүзеге асырылып, тікелей пайда табу көзделмейді. Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттары мен қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша қаражаттарының қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің өте кең мағынада болатынын байқаймыз.
Өркениетті, нарықтық мемлекеттердің өзінде де мемлекеттік қаржыларға айрықша көңіл бөлінеді. Себебі, осы дамыған елдердің бюджет жүйесі арқылы ұлттық табысты қайта бөлу көрсеткіші елу проценттен асып отыр. Осыған байланысты, олардың мемлекеттік бюджеттерінің көлемі де күрт өсіп отырады.
Сонымен, бюджеттік қаржылардың көп қырлы ұғым екенін байқадық. Сондықтан, оның мәнін ашып көрсету мақсатында оны бірыңғай термин ретінде қарастырсақ онда негізгі үш қырынан көрініс табатынын көреміз.
Біріншіден, бюджеттік қаржылар деп өндіріс және тұтынуда экономикалық ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды және ақша қаражаттарын айтуға болады. Осы өндіріс пен тұтынудың ақшалай нысанындағы ресурстары, жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық ресурстар болып есептелінеді. Олар мемлекетте немесе шаруашылық субьектілерінің қарамғында әртүрлі ақша түріндегі табыстардың, аударымдар мен түсімдердің есебінен қалыптастырылып, қоғамның әлеуметтік және басқа да мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, жұмыскерлерді материалдық жағынан ынталандыруға, өндірісті ұлғайтып, жетілдіруге пайдаланылады.
Екіншіден, бюджеттік қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде қаржыландыру терминімен байланысты болады. Сондықтан болар, бұл жерде қаржы термині мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді, аумақтарды, әлеуметтік-экономикалық т.б. бағдарламаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудің қайнар көзін, көлемін, түрлерін және тәсілін білдіреді.
Үшіншіден, арнайы және дербес экономикалық категория ретінде бюджеттік қаржылар бөлу қатынастарын көрсетеді.[3] Нақты бағыттарға арналып ақша бөлу түрінде жүзеге асырылатын қаржыландырудың өзі бөлу болып табылады. Бюджеттік қаржылардың арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлімдерінде және шарушылықтың әрбір деңгейінде қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлу процестері жүзеге асырылады. Жасалған ұлттық табыстың құнын бөлу ақшалай табысты мемлекеттік деңгейде, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет деңгейінде бөліктерге бөлу арқылы жүргізіледі және осы жағдайларда туындайтын көптеген қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Сонымен қаржылардың ақшалармен өте тығыз байланыста болатынан және ақшалардың қаржылар болмысының міндетті көрінісі ретінде сипатталатынын білдік. Ақшалардың тауар айырбасында, өзіндік айналымда болуы, қолдан-қолға өтуі ақшалай қатынастар түрінде айрықша нысандағы процестермен көрсетіледі.
Осы айрықша нысандағы экономикалық қатынастар қаржылар болып саналады. Сонымен, қорыта келіп айтсақ, экономикалық категория ретіндегі бюджеттік қаржылардың өте маңызды белгілері бюджеттік қатынастардың бөлу сипатында болуы, ақша нысаннындағы құнның тек біржақты қозғалысын білдіруі. Өйткені шаруашылық субьектілерінің ақшалай табыстары мен экономикалық өнімді жасау және оны өткізу нәтижесінде құралады. Сонымен бірге, қаржылар сол өндіріс аясының өзіне қызмет көрсетеді, яғни өндірістің ұлғайтуына, дамуына және құрылымдық өзгертулеріне жағдай жасайды. Бюджеттік қаржылардың арқасында мемлекеттің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, әртүрлі меншік нысанына негізделген шаруашылықты дамытуға, аумақтар арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға қажетті ақша қаражаттарын мемлекет қарамағына жұмылыдрады. Бюджеттік қаржылардың негізінде, олардың көмегімен шаруашылық қызметтерді нәтижелерін тексеру және бақылау жүзеге асырылады.
Енді осы бюджеттік қаржылар жөнінде оқымысты ғалымдардың көзқарастарына көз жүгіре отырып, салыстырып көрейік. Қаржылық құқық саласының көрнекті ғалымы Худяков А.И. “қаржы” термині латынның “финанс”, яғни қандай да істің бітуі, ақыры немесе төлемінің жалақының төлену мерзімі деген сөзінен туындаған дейді. Орта ғасырлық латын тілінде finatio, financio деген сөздер міндетті ақшалай төлем деген мағынада айтылған болатын. Он сегізінші ғасырда француздар financе, яғни финанс деп мемлекеттің кіріс және шығысын, мемлекет мүліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шарушылықты айтатын болған.[4]
Қазіргі кезде “финанс” – қаржы терминінің мағынасы ақшалармен тығыз байланысқан. Соныдықтан болар, көптеген жағдайларда азаматтар қаржыларды қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақшалар деп түсінеді. Ал экономистер азаматтардың қаржылары, мемлекеттің қаржылары, заңды тұлғалардың қаржылары деп бөледі. Кейбіреулер тар мағынада қаржылар тек мемлекет пен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп түсіндіреді.
Осы терминнің тағы бір сирек айтылатын мағынасы “мемлекеттік ақшалар” түсінігімен сәйкес келеді.
А.И. Худяковтың айтуынша қаржы термині қандай да болмасын мағынада түсіндірілсе де, ең дұрысы мемлекет қарамағында ақша қаражаттары деген тұжырым.
Егер арнайы мағынада қаржыларды-мемлекеттік бюджеттік қаржылар десек, яғни белгілі бір қорларға бөлінетін, мақсатты бағыты болатынын, пайдаланылу тәртібі белгіленетін және оларды қалыптастырып, бөлетін органдардың бар екенін байқаймыз деп жалғастырады, өз ойын А.И. Худяков. Осы қорларға жиыстырылған ақша қаражаттары әрдайым мемлекеттік меншік нысанында болады. Сондықтан, материалдық мағынада қаржылар деп, мемлекет меншік ақша қаражаттарының жиынтығын айтамыз.
Бюджеттік қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық мағынада бюджеттік қаржылар деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек айтсақ, экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Бюджеттік қаржыларға байланысты тағы бір көңілге қонбайтын, санаға симайтын нәрсе олардың құрамында ақша қорларын пайдалану жөніндегі қатынастардың енгізілуі.
Бұл жерде былайша түсіндіруге болады: ақшалардың өзіндік тұтынушылық құны жоқ болғандықтан оларды пайдалану тек айырбастау қатынастарында немесе экономистер айтқандай, “А - Т”, “Т - А” қатынастарында жүзеге асырылады.[5] Алайда бұл қатынастар тауар – ақша қатынастары болғандықтан, қатысушы екі жақтың заң жүзіндегі тең құқықтылығына негізделеді. Ал бюджеттік – экономикалық қатынастардың бір жағында оның тұрақты субьектісі ретінде әрдайым мемлекеттік біртұтас өзі мемлекет уәкілдік берген мемлекет өклетті органы тұрады және осы қатынастар бюджеттік құқықтық нормалармен реттеледі. Сонымен қатар, бюджеттік – экономикалық қатынастардың бір жағында әрқашанда билікші субьект тұрғандықтан екі жақтың тең құқықтылығы жөніндегі сөз қозғалмайды. Ал тауар – ақша қатынастары, яғни сату – сатып алу қатынастары азаматтық құқық еңбек құқығы және тағы да басқа құқық салаларының нормаларымен реттеледі. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекет қаржыларды пайдаланудан өзін аулақ ұстағанымен олардың жұмсалу процестеріне ат үсті қарай алмайды. Өйткені бюджеттік қаржылар өзінің ақша қаражаттары болғандықтан, олардың талан-таражға түспей, заңды негізде, мақсатты бағытта, ұтымды және тиімді түрде пайдаланылуын ұйымдастырады. Бюджеттік қаржылар мемлекеттің өсіп-дамуының материалдық негізі болып табылады деп жоғарыда айтып өткенбіз. Сондықтан бюджеттік қаржылардың атсалысатын басты бағыт – қажеттілігі мемлекетті және қоғамды ақшалай қамтамасыз ету.
В.И. Белинский бюджеттік қаржыларды экономикалық категория ретінде және қаржылық ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады. Осы автор бюджеттік қаржыларды ақша құжаттары қорларын құру және оларды ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!