ПМНО | Бастауыш мектепте бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру

 ПМНО | Бастауыш мектепте бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру

Мазмұны

Кіріспе

І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларында көркемдік-эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың теориялық негіздері.
1.1. Бастауыш мектепте оқушыларға білім берудегі эстетикалық тәрбие беру мәселелері.
1.2. Кіші мектеп жасындағы балаларда бейнелеу өнерін оқыту арқылы эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың ерекшеліктері.

ІІ тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері арқылы көркемдік-эстетикалық тәрбие берудің әдістемелік негіздері.
2.1. Бейнелеу өнері пәні – балаларға көркемдік эстетикалық тәрбие беру көздерінің бірі.
2.2. Бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие берудің жолдары.
2.3. Сабақ жоспарларының үлгілері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша

қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың творчествосымен, сурет және мүсін өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектаклдерімен, мультфильмдерімен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді.
Совет жазушылары – В.Маяковский, С.Маршак, К.Чуковский, С.Михалков, А.Барто, композиторлары – Д.Шостакович, С.Прокофьев, АН.Александров, Д.Кобалевский, М.Красев, М.Раухвергер, Е.Тиличеева, Т.Потапенко, суретшілері – Н.Жуков, А.Пластов, А.Каневский, Е.Чарушин балаларға арналған көптеген тамаша шығармалар тудырды.
Эстетикалық тәрбие педагогиканың оқшауланған саласы емес, оның барлық жақтарымен өзара әрекеттес.
Ақыл-ой және дене жағынан толық даму, моральдік пәктік және өмір мен өнерге деген белсенді қарым-қатынас адамгершілік жағынан жетілуі көбінесе эстетикалық тәрбиеге тәуелді болып келетін кесек тұлғалы, жан-жақты дамыған адамның жеке басын сипаттайды.
Сәбилік шақтағы көркем әсерлер күшті және есте ұзақ уақытқа, кейде бүкіл өмір бойына сақталады. Баланың көркемдік дамуының ойдағыдай болуы үшін педагог оның жасына сай балалар іс-әрекеттері мен көңіл көтерулерінің түрліше формалары мен түрлерін пайдалану қажет.
Эстетикалық тәрбие заманамен тығыз байланысты, көбіне сонымен анықталады. Болмысты эстетикалық жағынан игеру өмірмен етене болуды, қоршаған дүниені, қоғамды, табиғатты, заттық ортаны жасампаздықпен өзгертуге талпынтады.
Сондықтан тақырыптың өзгешелігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектепте бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Зерттеудің міндеттері:
- Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық сезімін, қиялын дамыту арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу;
- Оқушының өмірге, қоғамға көзқарасының қалыптасуының негізі – оның дүниетанымы жайлы түсінік беру және эстетикалық талғамын дамытуда жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің объектісі: 2-сыныпта бейнелеу өнері пәнін оқыту барысында эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.
Зерттеу пәні: 2-сынып бейнелеу өнері.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, өзіндік жұмыстың түрлерін ұсынып, нәтижесін көрсету.
Диплом жұмысы: кіріспеден, екі бөлім, қортынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларында көркемдік-эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың теориялық негіздері.

1.1. Бастауыш мектепте оқушыларға білім берудегі эстетикалық тәрбие беру мәселелері.

Эстетикалық тәрбие өмірге деген көзқарас белсенділігінің тууына әсерін тигізетіні қабылдаудың, қиялдаудың, естің қалыптасуына және ынтаның, сезімнің, бейімділік пен қабілеттің дамуына бағытталған.
Эстетикалық тәрбие – күрделі процесс. Сондықтан біз кейде "балаларды эмоциялы қабылдауға үйрету", "рахаттана білу", "сүю және ұмтылу", "қабілеттілік көрсету" деген сияқты тұжырымды сөздерді жадымызда ұстаймыз да оның қалай көрініс беретінін нақтылап отырамыз.
Эстетикалық тәрбие жалпы педагогикалық процестен оқшауланып алынбайды. Бала өмірінің көп жақтарына бойлай енумен бірге ол балалардың адамгершілік, ақыл-ой дене дамуымен тығыз байланысты және олардың іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі формаларында, ойын сабақ, тұрмыс, еңбек, мерекелер және көңіл көтерулер үстінде жүзеге асырылады. Эстетикалық қылықтардың табиғи үйлесімділігі еңбекке қоғамдық өмірге деген қарым-қатынаста әсіресе көрнекі байқалады.
Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға мәнерлеп оқуға және айтуға үйретеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға қиялын дамытуға игі әсер етеді.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін талғамын қажеттігін білдіреді.
Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз керек.
Жеке оқушының сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда: бет, киім, жан, ой - бәрі сұлу болу керек.
Сонымен бастауыш мектеп оқушылыраның эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудің басты сүйеніші мұғалімдер мен ата-аналар. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, формаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп іске асырады.
Эстетикалық тәрбиенің жеке жақтары арасындағы байланыстар зерттелінді және теориялық негізде негізделеді. Өнер және өмірдегі әсемділікті түсінуді үйрену үшін қарапайым эстетикалық әсерлердің, көру мен есту түйсіктерін жинақтаудың ұзақ жолынан өту қажет. Эмоциялық және танымдық процестердің белгілі бір шамада даму қажет.
Ұсынылып отырған осы процестің өзіндік ерекшелігін – эстетикалық тәрбиенің тәрбиелеудің басқа жақтарымен тығыз бірлікте екендігін, баланың жеке адам ретіндегі адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуының динамикасын ашып көрсетеді.
Эстетикалық тәрбие заманамен тығыз байланысты, көбіне сонымен анықталады. Болмысты эстетикалық жағынан игеру өмірмен етене болуды, қоршаған дүниені, қоғамды, табиғатты, заттық ортаны жасампаздықпен өзгертуге талпынады.
Эмоция, қиял сезінуге жанасты шешілмеген проблемалар әлі де көп болғанымен эстетикалық әсерлену түрінде қоршаған дүние өзіндік реакцияның материалдық негізі болуы сөзсіз. Әр баланың қабілеттерінің дамуына әсерін тигізетін өзінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері бар. Орыс педагогтары өз жұмысында академик И.П.Павловтың нерв жүйесінің икемділігі туралы іліміне сүйене отырып, табиғи қасиеттердің бағытталған қалыптасу мүмкіндігін қолдайды.
Дүниежүзілік педагогикада осы проблема жөнінде пікір таластары жүріп жатыр. Көптеген шетел психологтары мен педагогтары мақсатты бағытталған жетекшілік стандарттық дамуға қайшы келеді деп есептеді.
Баланың жеке тәжірибесі өз заңы бойынша мұғалімнің ықпалына тәуелді емес бағытта қалыптасатын сияқты. Әрине тікелей әсер ету барлық балаларды біркелкі дамытады деп ойлау аңғалдық болар еді.
Адамның жеке басының даралығы әр балаға өз қабілеттелегін неғұрлым толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көркем творчествода көрінеді. Алайда егер барлық балалар үшін жақсы жағдай жасаса онда, олардың әрқайсысы әлі келерлік эстетикалық іс-әрекет тәжірибесін ойдағыдай өзгертеді. Сондақ-ақ жалпы педагогика, технология, физиология қайраткерлері де С.Шацкий, П.Блонский, Е.Аркин, К.Корнилов, В.Гориневский өздерінің сөйлеген сөздерінде жаңа жүйенің бағалы тәжірибесін және творчестволық ізденулерунің бетін ашты.
Бұрынғы педагогикалық теориялардың негізсіздігі дәлелденді. Бірақ тәрбиенің нақты формаларында, әсіресе көркем тәрбиеде олардың әсерлерінің зардабынан туған кедергіден өту оңай болған жоқ. Жекелеп айтқанда, баланың эстетикалық әсерленуі басқарылатын және қалыптасатын құбылыс дейтін оймен келісу қиын болды.
Ғылыми зерттеулер мен озат тәжірибені қорыту негізінде мектептегі балаларға эстетикалық тәрбие беру жүйесі қалыптасып бітті, тәрбиенің барлық процесін баланың дүниеге келген алғашқы айларынан жеті жастан кейінгі психикалық және дене дамуының бірлігін көрсетуге, бала әрекетін ойын кезінде және сабақта, тұрмыста, еңбекте, әр түрлі қабілеттері байқала бастады.
Педагогика эстетикалық тәрбиені өмірдегі және өнердегі әсемдікті қабылдау, сезіну, түйсіну қабілеттерін дамыту ретінде әсемдің заңы бойынша қоршаған дүниені жасандыруға өзі қатысуға ұмтылуын тәрбиелеу іс-әрекетке араласу және творчестволық қабілеттерді дамыту ретінде анықтап береді.
Баланы қарым-қатынастағы жақсылық пен зұлымдықты ажырата білуге, формалар, сызықтар, үндер, бояулар әдемілігін қабылдауға үйрету дегеніміз – оның жанын жақсартып, тазартып, мазмұндандыра түсу деген сөз.
Психологтар мен педагогикалық бірлесіп атқаратын зерттеулері соңғы жылдары балалардың ақыл-ой және эстетикалық іс-әрекетінің, адамгершілік ерік қасиеттерінің деңгейі неғұрлым жоғарыланғанын көрсетті. Бұл сәби кезден – ақ байқала бастайды.
Эстетикалық тәрбие жөніндегі баяндамалардың қызметі жалпы методикалық ізденістермен шектелмеген, мамандар жасады. Көбісі өнер табиғатынтамаша білетін және балалармен жұмыс жүргізу тәжірибесі бар адамдар еді: Г.Гошаль, В.Шацкая, М.Гумер, Н.Преображенский, Н.Даламонова және басқалар.
Бала бармақтайынан-ақ айналадғы әсемдікке әсерлене қызығады. Талғау мен таңдауына дұрыс бағыт-бағдар бері алсақ онда оның талғамы да жоғары болып қалыптасады. Сезіну, түйсіну, қабылдау, дағдылану сияқты психологиялық процестер арқылы оның дарыны дамып жетіледі.
Әсіресе, баланың табиғатқа қызыға құштарлануын қуаттап, эстетикалық бағдар бере білсек бала игілікті еңбек арқылы қалаған мақсатына жете алады.
"Өнерді түсінбейтін инженер-жаман инженер, қиялдауды білмейтін конструктор, конструктор емес, музыканы сезбейтін және поэзияның көркемдігін түсінбейтін ғалым дүниеден бос қалған адам. Сен кім болсаң да сенің өмірің рухани бай болуға тиіс, сен тамашаны көруге және оған сүйсіне білуге тиіссің".
Әдемілікті сезіне жасай білуге – адам өмірін маңызды, бай және жарқын етеді. Жақсы кітаптарды, музыканы, сурет, көркемөнер, шығармаларын оқып шығуға, естуге, көруге қол жетті, апталар, айлар, жылдар бойы қуаныштарына бөлейді.
Табиғаттың тамашаларына, тұрмыста адамдар арасындағы қарым-қатынасқа тырысу – зор пейілді, жақсы талғамды адамға тән творчестволық еңбектің әдемілігін түсіну. Асқан сұлулық тек қана ләззаттындырып, қуантып, әбден шаттындырып қоймайды. Ол адамның адамгершілік қасиетін арттырады және оны жоғарғы сезім мен ойларға және зор іске батылдыққа шабыттандырады. Тамаша әріптер мен бояулар дүниесі, поэзияның әсерлігі табиғаттың сұлудығы адам мінезі мен ісәнәң әдемілігі кімнің талабы, білімге деген құмарлығы, ақылы мен өткір сезімі бар, кім көп оқиды, байқайды, ойлайды, шыдамды – осы балалардың алдында жайнап тұрады.
Алғашқы балалық кезден бастап әдемілікті сезіне, түсіне және бағалай білуі дамиды. "Әрбір адамның болашағы көп жағдайда балалық кезедгі есте қалғандарымен анықталады. Бұл біздің ең біркелкі және жандандыратын сусын бар табақ. Балалық шақтың елестері, сондай-ақ оқу жылдарындағы елестер – санылы өмірдің фундаменті, ол осы таза және жарқын күндер жөніндегі есте қалғандар - ұмытылмайтын барлық нәрселер сақталатын қойма сияқты", - дейді. Өзінің "Слово о молодым" деген кітабында асқан орыс мүсіншісі С.Т.Коненков. Өзінің балалық шағы жөнінде әңгімелей отырып: "Мен ешуақытта көркемөнер жолана түспес едім, егер бала кезде музыканы сүймесем", деп атап айтады. Баланың алғашқы кездестіретін адамы – оның анасы. Оның мейірімділігі мен жылы шырайлылығы, аналық жарқын сезімі, сыртқы ұқыптылығы мен жинақтылығы, оның бесік жыры адам сұлулығының ұмтылмайтын әсері қалдырады.
Әрбір оқушының өзіне тән қасиеттерін қалыптастыру мен дербес ерекшеліктерін дамытады, жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Тәрбие баланың дамуына ғана ықпал жасап қана қоймай, ол үшін даму дәрежесіне сүйенеді. Тәрбиенің міндеті "ең таяу даму зонасы" жасап, оның келешекте "көкейтесті даму зонасына" айналуын қамтамасыз ету. Балалардың жеке ерекшеліктерін типтік сипатын мінез-құлқына сәйкес жете білуі психологиялық негізде ұйымдастырып іс жүзінде іске асыру мүмкін емес.
Қазіргі педагогикалық және психологиялық зерттеулерде, эстетикалық білім беру мен оны дамытудың әдіснамалық принципі оқу-танымдық әрекетті басымдықта игере отырып, тек соның негізінде ғана ғылыми білімдер жүйесін меңгеруі деп дәлелденеді. Оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыруда таныту, білгізу, оқыту, өмірдің өзі сияқты толассыз, тоқтаусыз құбылыс және солай болуға тиіс те. Өйткені мәселеге шыдап, бүгінгі интеллектуалды оқушының көзімен қарасақ, олардың ұлттық көркемдік түсінігін тәрбиелеумен өсірудің бірден-бір құралы.
Оқушының рухани тілектеріне жауап табады, нәр алады, эстетикалық талабы мен талғамын есейтеді, өмір мен өнердің үйлесу, үндесу үлгісін тауып, тағылым сабақ алады.
"Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек" деген белгілі педагог К.Д.Ушинский көрегендігі педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық, эстетикалық талғамын тығыз қарым - қатынасты екендігі дәлелді.
Жеке оқушыға жан-жақты тәрбие берудегі маңызды салының бірі эстетикалық тәрбие, мектептің эксперимент жұмысының негізгі міндеті, эстетикалық тәрбие оқушының рухани бейнесін қалыптастырады.

1.2. Кіші мектеп жасындағы балаларда бейнелеу өнерін оқыту арқылы эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасында балаларға тәрбие беруге көп назар аударуда. Соның ішінде эстетикалық тәрбие оқушылардың көркемдік талғамдарын, алуан түрлі творчествалық қабілеттерін жетілдіруге себепкер болады. Балалар эстетикалық тәрбие процесніде табиғат пен өнердегі әсемдікті ғана емес, адамдардың әркет қылықтарындағы, өзара қарым-қатынастардағы әсемдікті ұғына білуге үйренеді. Эстетикалық тәрбие адам өмірінде үлкен рол атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады. Эстетикалық көзқарасты дамыту, тәрбиелеу күн санап өсіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар эстетикалық көзқарас адамның шындыққа қатынасын бейнелейді. Эстетикалық тәрбиенің барысында оқушының икемділік, іскерлігі артады. Өмірге талпынысы, көзқарасы өзгереді. Сонымен бірге балаға эстетикалық тәрбиенің берері мол. Оқушы қоғамды, үйде, мектепте өзін-өзі ұстауға эстетикаға үйнренеді. Оқушы бойында жаңа бір үрдіс пайда болады. Бала өзін жаңаша сезінеді, өмірге деген көзқарасы өзгереді.
Бастауыш мектептің қойған басты мақсаты балаларға эстетикалық тәрбие беру. Болашақ ұрпақтың саналы болып өсуіне әрбір педагог үлес қосқаны абзал. Мектептегі оқушыларды эстетикаға тәрбиелеу әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастыру басты мақсатта іске асырылады. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру барысында іскерлікпен, икемділікті қалыптастыру жолында көптеген шаралар қолданып, оқушыларды эстетикалық талғамға тәрбиелеу мұғалімнің басты мақсаты. Қандай да бір адам жұмысқа кіріспес бұрын бір міндетті көздейді. Болашақ педагогтың міндеті жас өскелең саналы, іскерлі, эстетикалық талғамы бар ұрпақ тәрбиелеу. Бастауыш сыныпта эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері.
Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқытудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді, практика жүзінде мұғалім түсіндіруге міндетті. Сонымен қатар болашақ педагог жастарға эстетикалық тәрбие беру барысында сабақты қызықты өтікізуге міндетті. Оқушы қоғамда, үйде, мектепте өзін-өзі қалай ұстауға, саналы эстетикалық талғамға толы ұрпақтың өсуіне мұғалім әсер етуге міндетті.
Педагогика ғылымында оқушыны тәрбиелеуде көптеген әдіс-тәсілдер қолдануға болады. Бұл әдістердің арқасында сабақ қызықты болып өтеді. Мұғалім сабақты жүргізе отырып балаларға эстетикалық тәрбие береді. Эстетикалық тәрбие тек мектепте ғана емес үйде, қандай да бір қоғамда яғни тірі жан бар жерде эстетика керек. Өйткені эстетикасыз адам болашығы жоқ. Эстетикалық көзқарасы, талғамы, сана-сезімі жоқ адам болашағын елестету мүмкін емес. Ал оған мұғалімдер яғни педагогтардың тікелей әсері бар. Бала психикасы мектепке жаңа келісімен ояна бастайды. Ал оған тек қана, ең алғаш болып мұғалім эстетикалық талғамға, тән сұлулығына, сезіміне әсер етеді. Бұдан кіші мектеп жасындағы бала психикасының эстетикалық талғамы қалыптаса бастайды. Әрбір педагогикалық әдісті практикада жүзеге асыру үшін ең алғаш бағыт-бағдар беретін біз болашақ мұғалімдер.
Эстетикалық тәрбиенің арқасында саналы, болашақ Қазақстан Республикасының эстетикалық талғамға толы азаматының ең басты қадамы осы кіші мектеп жасында қалыптасады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес, сондықтан "тәрбиені жалпы және мәңгілік категория", - деп дәлелдеген. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болды, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды.
Қазіргі педагогика ғылымында эстетикалық тәрбиенің алатын орны зор.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті, жексұрындықты, сәулеттілікті және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу – тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнер де емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.
Балаларға қазіргі таңда эстетикалық тәрбие беру көзқарасы мектепте тәрбие жұмысымен тығыз байланысты. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңінен бастап, әсемдікке ұмтылу тән нәрсен. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар - құрбыларына, ересектерге еліктіреді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толасып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.
Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемдігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге, әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі тұтынылу жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуында белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы сана өте күшті әсер ету жүзеге асады.
Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуі дамыған әсемдік сана мен талғамда, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыларды жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесіндегі ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарысының дамуы, білім алуы, қалыптасу құралына айналдырады.
Кең өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнын сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем, сөз сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекеттерінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы еекше көрсетіледі. Құқықтың іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы , дамуындағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!