Анекдоттар мен әзілдер

Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар.
Анекдоттар мен Әзіл-қалжың оқи отырайық.

Бір әйел мас күйеуін шошытпақ болады...

Бір әйел мас күйеуін шошытпақ болады да, ақ матаға оранып, қолшамын жағып барып, күйеуін жұлқылай бастайды. Күйеуі әлдезаманда ыңыранып бұрылып: -Не болды? Сен кімсің?-дейді. -Мен – албастымын! -Онда танысайық, сен осы үйдегі албастының апайысың ба, сіңлісісің бе? 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Курорттан келген күйеу мен әйел

Әйелі мен күйеуі курортқа бір-бірінен бөлек барып, қайта оралыпты. Түн іші. Әйелі орнынан ұшып тұрып ұйқылы-ояу: «Ойбай, күйеуім келіп қалды!» - дейді. Күйеуінің зәресі ұшып: «Қайда? Қайда?» - деп. Кереуеттің астына кіріп кетті.

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Әр-түрлі әзілдер

"Әр әзілдің түбінде бір шындық бар" демекші, күліп тұрып-ақ арғы ойын жеткізе білетіндер бар. Күлдіремін деп күлкіге қалатындар да бар. Бір сөзбен айтқанда, "күлдіре білу - өнер, күлкіге қалу - өлім". Назарларыңызға әзілдер топтамасын ұсынамыз.

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Студент

− Студент Алпысбаев, сіз неге мені тыңдамай отырсыз? − дейді профессор:

− Мен сізді тыңдап отырмын профессор − дейді студент.

− Олай болса менің соңғы айтқандарымды қайталаңыз.

− "Студент Алпысбаев, сіз неге мені тыңдамай отырсыз"

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Аюбай аға, алты ұл немесе "ұялам"

-Осы күні жезөкше қыз деген қыз шығыпты,-деді Аюбай аға темекісін шырт еткізіп тұтатып жатып,-кірпік қақпай қарайды тіпті,қымсынып тұрған жоқ.Осыны айтқанда Аюбай ағаның көздерінде сұп-суық жарқыл білінді,сонан-соң темекісін сорғыштап,есіне әлдене түскендей үнсіз отырып қалды,сәлден кейін әңгімесін жалғастырды:
-Баяғыда кеш батса,холодильниктің есігін сыртынан бекітіп жатушы ек.
-Ау,ол неге? Тамақтарыңызды біреу үптеп кете ме?
-Қайдағы?-Аюбай аға қолын сілтеді.Ит басына....

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Жындылар

Баяғыда үш жынды болыпты сөйтіп сол үш жынды псих болницадан қашыпты кашып келе жатып бр шұңқыр га түсіп кетеді былай секіреді былай секіреді шыға алмайды сосын ішіндегі бір жынды болды ең соңғы рет бір рет секыремыз шыға алмасак үйге кайтамыз депті ? 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Жаңа жыл туралы анекдоттар мен аяз ата туралы әзілдер

Бір кісі Жаңа Жыл қарсаңында ескі досына хабарласып жатыр:

- Досым, ол жақта қалай өмір сүріп жатырсыңдар?

- Не болды?

- Сұмдық суық емес пе?

- Қатты суық емес, - 20.

- Теледидардан «- 50» деп жатырғой?

- Аааа, ол сырттағы температурағой ...




- Жаным, Жаңа Жылға қандай сыйлық алғың келеді?

- Ой, білмеймін, тіпті ...

- Жақсы, онда саған ойлануға тағы бір жыл уақыт беремін.

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Жігіт пен қыз туралы

- Кеше бірінші рет сүйген қызымды футболға ертіп бардым.
- Нәтижесі қалай?
- Бірінші таймда тәп-тәуір жүргенімен, екінші таймда шаршап қалды.




Бір қыз агент арқылы суретші жігітпен сөйлесіп отыр:
- Ой, мына жібергеніңіз қандай қызық смайлик. Ешқашан бұндай смайлик көрмеп едім.
- Кешіріңіз, қарындас, бұл менің суретім ғой. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Киім

Егер еркек киетінім болмай тұр десе, онда оның таза киімдерінің біткені.
Егер әйел киетінім болмай тұр десе, онда оның жаңа киімдерінің болмағаны. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

8 наурыз

Еркектер 8 - ші наурызда әйелдер үшін барын салып-ақ бағады. Мәселен, шалбарын үтіктейді, бәтеңкесін тазалайды, моншаға барып келіп сықия киінеді, бет-аузында қылтанақ қалдырмай қырынып та алады. Сөйтіп, жөнге келіп қосағының денсаулығы үшін алып та қояды.

 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық