Адал еңбек, терең білім – жеткізер биік мұратқа

Адал еңбек, терең білім – жеткізер биік мұратқа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің желілік кестесіне сәйкес, 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай бірыңғай оқу сағатының


Ж О С П А Р Ы

Тақырыбы: «Адал еңбек, терең білім – жеткізер биік мұратқа»

Мақсаты:

  • жас ұрпақты азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметпен қарауға, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға және олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу;
  • Оқушылардың академиялық тазалық және адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру;

 

Қатысушылар: 1.Жастар ұйымы;

  1. 9-11 сынып оқушылары;

Аудитория: химия кабинеті

Уақыты: 5 желтоқсан 2018 жыл, сағат: 1100

Барысы: І. Қатысушыларды топтастыру, тәуелсіз сарапшыларды сайлау

ІІ. Тақырыпты ашу: Ералаш киножурналынан «Источник знаний»

 «Мектептегі академиялық тазалық» дегеніміз не? Бейнеролик көрсете отырып осы сұрақ төңірегінде ой талқыға салу,  ойды жинақтау:

                                                       

             -мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтау;

-мемлекеттің жасап жатырған қамқорлығына құрметпен қарау, оның сұрауы бар екенін мойындау;

-зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын сақтау;

- Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету;

-Ұстаздарды құрметтеу;

-Білімге деген адалдық;

-Техникалық қызметкерлердің еңбегін бағалау;

-Басқаның еңбегін өз жетістігі ретінде пайдаланудан аулақ болу

ІІІ. Жағдаяттық сұрақтар:

І топқа:  Математика сабағы, бақылау жұмысы. Саматты  «бақылауды кімнен көшірсем екен?» деген  ой маза бермеді. Ақыры дайын бақылау жұмысын көшіріп, мұғалімге табыстаған Самат «5» - тік баға алудан дәмелі. Егер мұғалімнің орнында болсаңыз сіз оған қандай баға қояр едіңіз?

ІІ топқа: Айнұр үздік оқушы. Барлық тапсырмаларды ойдағыдай етіп орындайды. Мұғалімдер оны шығармашыл, қатарластарынан ойы жүйрік, сөздік қоры өте жақсы дамыған, ақындық қабілеті бар, жан-жақты  деп ойлайды. Алайда, Айнұр кез-келген тапсырманы орындамас бұрын ғаламтордан барлық ақпараттарды жинап, өзіне қажеттісін іріктеп, кейде кейбір тапсырмаларды дәл сол күйінде көшіріп алады. Бірақ Айнұр мұны дұрыс емес әрекет деп санамайды. Сіздің ойыңыз?

ІV. Топтық тапсырма: «Интернетке тәуелділік»

Екі топқа ортақ «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында сурет салу

І топ – өз шығармашылықтарымен;

ІІ топ – интернет ресурстарын қолдану;

  1. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы: «Графика арқылы бағалау»

Күн – ақпарат толық

Қаламсап – толықтыру керек

Кітап – әлде де іздену керек

Тәуелсіз сарапшылардың пікірлерін тыңдау

VІ. Қорытынды:  

Адалдықпен ғұмыр кешу, өмір сүру – мұратым,

Азаматтық сана-сезім салтанатын құратын.

Арды аттап, жеңіл  жолмен жетістікке жеткенше,

Еңбектеніп, таза жолмен тапқан наным мың артық.

            Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі, дамыған озық елдердің қатарында болу үшін, халық армандаған биік мұраттарға жету үшін  ертеңгі күні еліміздің тізгінін ұстайтын ұрпағымыз адал да арлы, білімді, сауатты болуы тиіс. Сондықтан барлық оқушыларды адал болуға шақыратын мектебіміздің «Ар кодексін» табыстаймын.

“Адал ұрпақ” ар кодексін сақтайды!

  • Оқушы өз бойындағы жеке тұлғалық, шығармашылық қабілеттерін

 дамытып,  Қазақстан Республикасына лайықты азамат болуға ұмтылады;

  • Оқушы салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды  әдеттерден аулақ                          болады           және өзгелерге насихаттайды;
  • Оқушы  білім ордасының   дәстүрлерін        құрметтейді, оның               мүліктерін     қорғап, мектеп-лицейдің тәртібі мен          тазалығын қадағалайды;
  • Оқушы өз мектебінің абырой-беделі мен мәдениетін көтеруге, 

         шығармашылық  белсенділікті дамытуға  бағытталған

        (ғылыми, спорттық, көркемөнер т.с.с.)  барлық қажетті және пайдалы

          іс-әрекеттерді мойындайды және белсенді түрде қатысады;

  • Оқушы сабақтан тыс уақытта, өзінің  жоғары  мектептің  өкілі  екенін  есте

           ұстап,  оның  намысы  мен  жетістіктеріне  дақ  түсірмеуге барлық

            күшін жұмсайды

  • Адал ұрпақ академиялық ықылассыз іс-әрекеттің барлық түрімен күресуді өзінің парызы деп санайды, олардың қатарында:
  • білімді бақылау кезінде басқа адамдардан көшіру және көмек сұрау;
  • көлеміне қарамастан барлық дайын оқу материалдары: мәнжазбалар, бақылаулар және басқа да жұмыстарды, сонымен қатар, өзінің жеке еңбегінің нәтижесі ретінде Интернет-ресурстарын дайындау;
  • жоғары баға  алу үшін өзінің туыстық немесе қызметтік байланыстарын пайдалану;
  • сабақ кезінде серуендеу,сабақтан кешігу және себепсіз оқу сағаттарын босату.

«Адал ұрпақ» болашақта Қазақстанның экономикалық, саяси және басқарушылық элитасына лайық сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуда, жоғарыда айтылған барлық академиялық тазалықты сақтайды!

 

Қатысқандарыңызға рақмет!




 

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің желілік кестесіне сәйкес, 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай бірыңғай оқу сағатының

Ж О С П А Р Ы

 

Тақырыбы:

«Адал еңбек, терең білім – жеткізер биік мұратқа» 

 

 

 

                        Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейі

                                               2018-2019 оқу жылы

 

І топқа:  Математика сабағы, бақылау жұмысы. Саматты  «бақылауды кімнен көшірсем екен?» деген  ой маза бермеді. Ақыры дайын бақылау жұмысын көшіріп, мұғалімге табыстаған Самат «5» - тік баға алудан дәмелі. Егер мұғалімнің орнында болсаңыз сіз оған қандай баға қояр едіңіз?

 

ІІ топқа: Айнұр үздік оқушы. Барлық тапсырмаларды ойдағыдай етіп орындайды. Мұғалімдер оны шығармашыл, қатарластарынан ойы жүйрік, сөздік қоры өте жақсы дамыған, ақындық қабілеті бар, жан-жақты  деп ойлайды. Алайда, Айнұр кез-келген тапсырманы орындамас бұрын ғаламтордан барлық ақпараттарды жинап, өзіне қажеттісін іріктеп, кейде кейбір тапсырмаларды дәл сол күйінде көшіріп алады. Бірақ Айнұр мұны дұрыс емес әрекет деп санамайды. Сіздің ойыңыз?

 

 

І топқа:  Математика сабағы, бақылау жұмысы. Саматты  «бақылауды кімнен көшірсем екен?» деген  ой маза бермеді. Ақыры дайын бақылау жұмысын көшіріп, мұғалімге табыстаған Самат «5» - тік баға алудан дәмелі. Егер мұғалімнің орнында болсаңыз сіз оған қандай баға қояр едіңіз?

 

ІІ топқа: Айнұр үздік оқушы. Барлық тапсырмаларды ойдағыдай етіп орындайды. Мұғалімдер оны шығармашыл, қатарластарынан ойы жүйрік, сөздік қоры өте жақсы дамыған, ақындық қабілеті бар, жан-жақты  деп ойлайды. Алайда, Айнұр кез-келген тапсырманы орындамас бұрын ғаламтордан барлық ақпараттарды жинап, өзіне қажеттісін іріктеп, кейде кейбір тапсырмаларды дәл сол күйінде көшіріп алады. Бірақ Айнұр мұны дұрыс емес әрекет деп санамайды. Сіздің ойыңыз?

 

І топқа:  Математика сабағы, бақылау жұмысы. Саматты  «бақылауды кімнен көшірсем екен?» деген  ой маза бермеді. Ақыры дайын бақылау жұмысын көшіріп, мұғалімге табыстаған Самат «5» - тік баға алудан дәмелі. Егер мұғалімнің орнында болсаңыз сіз оған қандай баға қояр едіңіз?

 

ІІ топқа: Айнұр үздік оқушы. Барлық тапсырмаларды ойдағыдай етіп орындайды. Мұғалімдер оны шығармашыл, қатарластарынан ойы жүйрік, сөздік қоры өте жақсы дамыған, ақындық қабілеті бар, жан-жақты  деп ойлайды. Алайда, Айнұр кез-келген тапсырманы орындамас бұрын ғаламтордан барлық ақпараттарды жинап, өзіне қажеттісін іріктеп, кейде кейбір тапсырмаларды дәл сол күйінде көшіріп алады. Бірақ Айнұр мұны дұрыс емес әрекет деп санамайды. Сіздің ойыңыз?


Жоспардың презентациясын жүктеу

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу