А есебі


Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің есебі
Мұғалімнің ойы Тренердің ескертпелері
Егер сіз бір нәрсені алты жасар балаға түсіндіре алмасаңыз, демек оны өзіңіз де толық түсінбепсіз.
Альберт Эйнштейн
Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін - өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ынталандыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Соның бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сондықтан мен сын тұрғыдан ойлауға үйрету модулін таңдауыма түрткі болған жағдай – мектеп оқушыларының ойлау әркетіндегі тайыздық пен терең ойланбаушылық, жаттандылық, белгілі бір шеңбер бойында ойлануы, сын тұрғысынан ой жүгірте алмаулары. Себебі осы модульді алу мақсатым, өзімді зерттеу, яғни, сыни ойлана аламын ба? - деген сұрақ ойымнан кетпеді және оқушылардың не білгісі келетінін, не білетінін зерттегім келді. Тағы бір себебім, дәстүрлі сабақ кезіндегі бір оқушымның айтқан сөздері: «Мұғалім сіз неге, ол балаға сабақ оқымадыңыз деп, ұрсасыз, егер ол сабақты түсінбесе, ол сізге несін айтады» - деп айтқаны мені үлкен ой салды, бұл жерде сол оқушымның өзі сыни ойланып тұрғанын түсіндім. Себебі ол оқушым маған қарсы пікір білдірді. Сондықтан сыни ойлауды негізгі міндеті – бойымызға сіңіп кеткен дәстүрлі дағдыларды тастап, жаңаша ойлану. Мысалы, біз күнде үйренген жолымызбен үйге барамыз. Егер сол жолды ауыстырып, басқа жолмен барсақ, жол бойы жаңа бір мағлұматтар мен өзгерістерді көріп, білер едік. Сондықтан бұл модульдың стратегияларын сабақ барысында қолдану жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздері байқап, талдауына жағдай жасайды. Яғни, білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізеді. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады. Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады.

Сондықтан мен өз тәжірибемде қолданған осы модульдің қаншалықты тиімді екенін дәлелдеу үшін төрт сабағымның өткізгендегі оқушылардың сын тұрғысынан ойланулары байқалған әрекеттері туралы айтып кеткім келеді.
Сабақты бастамас бұрын оқушыларды үлестірмелі дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы топқа біріктірдім. Сабағымның кіріспе, ұйымдастыру бөлімі «Жылы лебіз» атты психологиялық дайындықтан басталды. Бұл бөлімде балалар бір - біріне жақсы сөз, жылы тілектерін және теңеу сөздерге арнады. Мысалы бір оқушым «Мен Бағдаулет - батырмын, десе, Ерасыл ержігітпін, Айзада - аймын, өйткені әке шешем маған айым, деп еркелетеді», таңқалдырғаны Ә деген оқушымның Әнуар әлді, өйткені ол оқушым сөйлемейтін, ұялшақ болатын деген сөздерінің өзі адам жанына жылы тиері анық деп ойлаймын. Бұл жерде осы теңеу сөздерінің өзі осы балаларды ойландырып, олар өздерінің неге теңеу керек, мен өзі қандаймын деген ойлары, әңгімеге араласуы, сұрақтар қоюы, оның сын тұрғысынан ойлануына әсер еткенін білдіреді. Мұнда мен балаларға жуан - жіңішке сұрақтар қойып тұрдым, ал олар менің сұрағыма жауап берді. Өйткені, оқушы алдымен түсінуге тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді. Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу