Отан туралы мақал мәтелдер  

Отан туралы мақал мәтелдер  

Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат,
Аймалайтын — анаң қымбат,
Асқар тауың — әкең қымбат

(Қазыбек би).


Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.


Пайдалы сілтемелер:


Жауда қалған бұлбұлдан Отанға кайтқан ит артық.

Орағың өткір болса, қарың талмайды,
Отаның берік болса, жауың алмайды.

Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.

Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.

Отан от басынан басталады.



Отан оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Отансыздың оты жанбайды.

Отан үшін еңбек етсең
халқыңның сүйген ұлы боласың.

Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

Отан үшін отқа түс — күймейсің,
Арың үшін алыссаң — өлмейсің.




Қажетті сілтемелер:



Отанын сатқан оңбас.

Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды.

Отаның тыныш — сен тыныш.

Отан — елдің анасы
Ел - ердің анасы

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

Отанды сүю — от басынан басталады.

Отан оттан да ыстық.

Ел іші — алтын бесік.

Пәлен жерде алтын бар,
Өз жеріңдей кайда бар.

Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен де жақсы.

Туған жердің жуасы да тәтті.

Әркімнің өз жері — жұмақ.

Ер елінде, гүл жерінде.

Өз елінде көртышқан да батыр.

Өз елінің иті де қадірлі.

Ауыл итінің құйрығы қайқы.

Отан ұшін күрес —
Ерге тиген үлес.

Кұртақандай торғай да,
Өз ұясын қорғайды.

Орағын өткір болса,
Қарың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.

Пәлен жерде алтын бар,
Іздеп барсам мыс та жоқ.

Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің.

Үйде оңбаған,
Түзде де оңбайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 11
  1. Қазына
    Қазына 19.10.2022 21:31
    14 + 6 -
    Бұл өте күшті мақал-мәтелдер маған ұнады
  2. Алинур Оразхан
    Алинур Оразхан 11.04.2019 16:27
    11 + 11 -
    дұрыс айтасын ютуб
  3. Райымжан Бердикулов
    12 + 7 -
    Алла жар болсын Сіздер мен Осы сайтқа.
  4. YOUTUBE
    YOUTUBE 02.12.2015 13:01
    14 + 6 -
    Осы сайт кушти!!Аркашан одна малиметтер,макалдар,караймын!!!!Оте жаксы комектеседи))
  5. Нурсаулет Ануаров
    9 + 4 -
    Отбасы туралы барма?
  6. Сымбат Аманбаева
    5 + 5 -
    мен есімшенің түрлеуімен мақал мәтел таппай жатырмын көмекберіңіздерші
  7. Сымбат Аманбаева
    3 + 6 -
    мен есімшеніңт түрленуімен мақал мәтел таппай жатрмын көмек беріңіздерші
  8. Гость Амина
    Гость Амина 03.11.2020 13:55
    5 + 6 -
    Амина витаминка
  9. Гость Кенже
    Гость Кенже 27.10.2020 04:58
    6 + 2 -
    Унады отан отан туралы мақал-мәтелдер
  10. Жанка
    Жанка 19.10.2020 12:20
    8 + 6 -
    Срочно нужно 7 класс Казахстан Тарих бжб
  11. Рахат
    Рахат 19.10.2020 05:30
    13 + 4 -
    Күшті мақал мәтелдер

Ілмектер: макал мателдер отан туралы, 10 макал мателдер отан туралы, 10 макал мател отан туралы, Қазақша Мақал - Мәтел: Отан, Қазақша Мақал - Мәтел, Отан казакша мака мател, родина пословицы на казахском языке, Қазақша Мақал - Мәтел: Отан казакша макал, Мақал-мәтелдер Отан туралы, (Пословицы на казахском языке)(О Родине), отан туралы мақал мәтелдер, отан туралы мақал-мәтелдер қазақша, отан жер туралы мақал мәтелдер, отан туралы макал мателдер, пословицы на казахском о родине, отан, мақал, туған жер, мақал мәтелдер