Ғылыми жұмыс: Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті

Ғылыми жұмыс: Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Алоэ өсімдігінің сипаттамасы
2.2. Алоэ өсімігін практика жүзінде қолдана отырып, емдік қасиеттерін анықтау.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
«Алоэ өсімдігінің емдік шипасы» деген қағиданы ұстана отырып алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бүгінгі таңда қорғағалы тұрған тақырыбын «Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері» бұл тақырыпты таңдауыма жетекшім және атам ықпал етті. Өзім бала күнімнен бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтіп, баптауды ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған - түйгенімнің арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастады. Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтіре алмас. Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.
Өсімдіктердің емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді. Колледж және аудан кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген мәліметтер, деректер жинақтадым. Көп ізденіп, көп оқыдым. Өз колледж дәрігерім, Айгүл апаймен кездесіп, емдік өсімдіктердің түрлерін, қолданылуын білдім. Көп ізденіп зерттеу барысында өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады. Атап айтсам, бөлме өсімдіктерінен емдік мақсатта алой (алоэ), орыс халқы оны «столетник» (жүзжылдық) деп те атайды, герань, фикус, кактус т. б. өсіремін. Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері көбейіп отырған жайы бар. Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді. Өкінішке орай аяғымыздың астында өсіп тұрған емдік қасиеті жоғары өсімдікті тани бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты Қазақстан азаматы, азаматшасы өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып, қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмас па еді. Олай дейтінім ерінбей бар затты пайдалану керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме атам қазақ.
Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін.
Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ,сол мәселені шешу жолдарын іздестіру қазіргі таңда әр адамның саналы қорғанысында.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті.
Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты алоэ өсімдігінің түрлерін, олардың биологилық ерекшеліктерін зерттеу. Тіршілік процесіндегі өсімділігін және әдемілігін сонымен бірге өсімдіктің шипалығын анықтау.Алоэның табиғатта – ауаны тазарту, шаң мен улы газдарды өзіне сіңіруі, емдік, сәндік қасиеті жайлы толық мағлұмат алу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады.
- ғылыми әдебиеттерге шолу, мәлімет жинақтау
- алоэ өсімдігінің биологиясын және морфологиясын анықтау.
- алоэ өсімдігінің өсуінің ерекшеліктерін анықтау.
- алоэ өсімдігінің табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасын анықтау жолдары.
-алоэ өсімдігінің адам ағзасы үшін емдік қасиетін анықтап, емдік шипа ретінде қолдану.
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Guldana Esbolaeva
    Guldana Esbolaeva 30.11.2014 12:32
    0 + 0 -
    ғылыми жумыс тауып бериниздерш осы сайытта бари бар едиғо биология немесе экологиядан