Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері 2-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

 Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері 2-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақтың тақырыбы: Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін, қасиеттерін білу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Трапецияны басқа төртбұрыштардан ажырата алады;
• Трапецияның қасиеттері мен белгілерін қарастырады;
• Есептерді шешуде трапецияның қасиеттерін қолдана алады.

1. Материалды қайталау оқушылардың білімін белсендіру мақсатында жүрігізіліп, тақтада дайын сызбалармен ауызша жұмыс жүргізіледі. Әрбір топ 8.1.1.7 Фалес теоремасын білу және қолдану оқыту мақсаты бойынша алған білімдерін көрсетеді.
Бағалау критерийлері:
1. Төртбұрыштың белгісіз бұрыштары дұрыс табылған.
2. Екі параллель түзуді үшінші түзумен қиғанда пайда болатын бұрыштардың қасиеттері дұрыс қолданылған.
Мұғалім төртбұрыштардың жалпы ұқсастықтарына назар аударып, орындалған тапсырмаларға кері байланыс жасайды.
2. Белсендендіру .
Оқушылар сыни ойлауды дамытатын тапсырмаларды орындайды. Мұғалім әртүрлі төртбұрышттардың сызбаларын ұсынады: параллелограмм, шаршы, тіктөртбұрыш, ромб, трапеция. Оқушыларға суреттерді екі топқа бөлуге және бұл таңдауды түсіндіруге беріледі. Мұғалім кері байланыс жүргізіп, «параллелограмм» және «трапеция» терминдерінің пайда болуын түсіндіреді.
3.Мақсат қою. Оқушылармен бірігіп сабақтың мақсаты анықталады:
• трапецияны басқа төртбұрыштардан ажырату;
• трапецияның қасиеттері мен белгілерін қарастыру;
• есептерді шығаруда трапецияның қасиеттерін қолдану қарастыру.
4. Трапецияны анықтамасын мұғалімнің түсіндіруі. Ақпаратты меңгеру процессі, оқушылар оны кесте түрінде талдап, синтездейді.
Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрышты трапеция деп атаймыз. Трапецияның параллель қабырғалары оның табандары , ал қалған екі жағы бүйір қабырғалары деп аталады.

Бір бұрышы тік болған трапеция, тікбұрышты трапеция деп аталады.

Екі бүйір қабырғасы тең трапеция, тең бүйірлі трапеция деп аталады.

5. Бекіту.
Оқушылар трапецияның элементтері мен түрлерін айқындайды.

Бағалау критерийлері :
1. Трапецияның элементтері дұрыс табылған.
2. Трапецияның түрі дұрыс анықталған.

Қабілеттері жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі. Оқушылар трапецияның түрлері мен элементтерін өздері атап шығады.

Теңбүйірлі трапецияның қасиеттерін зерттеу.
Сыныпты шағын топтарға бөліп, төмендегідей тапсырмалар беру керек:
1. Теңбүйірлі трапецияның бұрыштарын зерттеу.
2. Теңбүйірлі трапецияның диагоналдарын зерттеу.
Зерттеу нәтижелерін тыңдау, пікірталасу, тақтаға, дәптерге жазу.
Тең бүйірлі трапецияның қасиеттері
1. Теңбүйірлі трапецияда табан бұрыштары тең.
2. Теңбүйірлі трапецияның диагоналдары тең.
Теңбүйірлі трапецияның белгілерін қарастыру
Тапсырма:
- Теңбүйірлі трапецияның қасиеттеріне қарама қайшы анықтаманы тұжырымдап, оның шынайылығын анықтаңыз.
Теңбүйірлі трапецияның белгілері:
1. Егер трапецияның табанындағы бұрыштары тең болса, ол тең бүйірлі трапеция.
2. Егер трапецияның диагоналдары тең болса, она ол теңбүйірлі трапеция......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 491



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі