Ел танытудың негізі туризм бола алады ма?


Адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруын туризм деп атауға болады. Бүгінгі күні туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауы болмайтын саласы,себебі экономиканы дамыту көздерінің бірі болып саналады. Ал менің ойымша, туризм ол экономиканы дамытудын жолы ғана емес, ел танытудың негізі де бола алады. 

Өзге ел тұрғыны, яғни саяхаттап келген турист барып келген жері туралы ақпарат таратып, оны танытуға өз үлесін қосады. Шынымен де, егер біз Еуропаның романтикалы Франциясына барсақ, саяхат жайлы күллі туыс-достарымызға айтпаймыз ба, суреттерін көрсетіп, қаланың көрікті жерлері туралы әңгімелеуге кірісеміз. Ал бұл өзгені қызықтырып, сол жерге баруының ықтималдылығын жоғарлатады. Қазақстанның әсем табиғатына, көрікті жерлеріне, архитектурасына тамсанып келген турист жасаған суреттерін  әлеуметтік желіге жүктеудің өзі жеткілікті, ел арасында таралып, өзгенің де назары аударылады. 2014 жылғы есептеулер бойынша, Франция әлемдегі ең көп турист қабылдайтын ел атанды. Бұл елге халықты тартатын әйгілі Эйфель мұнарасының елді танытудағы үлесі жоғары. Себебі мұнараның алдында түскен халық суреттері әр жерде бар, біз оларды үнемі көріп, тамсанамыз, қызығушылық танытамыз, осыдан кейін Парижге неге бармасқа? Менің ойымша, халық назары көбінесе әсемдікке, кереметке аударылады. Индиядағы Тадж-Махал мешітін, Миландағы Пиза мұнарасын, Малайзиядағы Егіздер мұнараларын, Америкалағы Таймс Сквер олардың барлығына біз ғаламтор желісінен, теледидардан, газет-журналдардан көрген суреттер арқасында танимыз. Сол сияқты егер Италияндық турист ғажайып тарихы мен табиғаты бар Бурабай өлкесіндегі Оқжетпес, Кемпір тас алдында суретке түсіп оны жарияласа, немесе сувенир, магнит алып қайтса басқа Италияндықтарды ды қызықтырады. Осылайша еліміз туризм арқасында әлемге танылады. 

Туристтер келушілер саны үлкен елге сенімділікпен қарап, көбірек аяқ басады. Яғни туризм неғұлды дамыған болса, ел соғұрлы таныла береді. Мысалы, мен саяхаттауға ел іздесем, туристтер көп баратын жерді іздестіремін, себебі бұл жер тексерілген, ешкімнің назарылығын туғыздырмағандығына көзімді жеткізгім келеді. Демек, егер Алматыға турист көп келетін болса, ол стастиска арқылы сәйкесінше көрсетіледі, ал сол пайыз саны өзгені қызықтырады. Бұл әрине туристтерді өзіне қарататын басты мәселе емес, дегенмен елді танытудағы үлесі бар. Мысалы Йемен мемлекеті Түркия сияқты танымал емес. Бір себебі оны танытатын туризм дамыған емес. Ол жылына 39,8 млн туристты құжақ жая қарсы алады. Әлемнің әр жерлерінен халықтары келіп тамашалаған ел әрқашанда танымал болады. 

Қорытындылай келе, Қазақстанды танытудын негізі туризм бола алатындығына мен толықтай келісемін. Ұлы Жібек жолынан бастау алған ел туризмінің деңгейін 1997 жылы 2030 жылға дейінгі дамыту стратегиясы жасалды. Бұл саланы дамытудың арқасында мемлекетіміз тек экономикалық тұрғыдан ғана табыс таппай, әлемге танымал болудын жолын ашады. Күллі әлем халқы қазақтың шұрайлы жері мен көркем сәулет өнеріне, қонақжайлы, кеңпейілді халқына тамсанатын болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!