Өмір жайлы » ZHARAR © 2016 | сүйкімді, ететін, жүзіңді, сүйкімсіз, Себебі, секілді, шашып, әрбір, Сүйкімді, Өткенге, көңілді, өкінбе, Мұңайма, Көрікті, қылығыңды, сөзіңді, мінез, көріксіз, күлкіңді, жақсы, өмір жайлы, өмір туралы ,




  • »

Өмір жайлы

Өмір жайлы казакша Өмір жайлы на казахском языке

Сүйкімді жүзіңді, сүйкімді күлкіңді, сүйкімді қылығыңды, сүйкімді сөзіңді, сүйкімсіз ететін- сүйкімсіз мінез!
***

Көрікті жүзіңді, көріксіз ететін - ашу-ыза
***

Күн сияқты бол! Күн- жақсы мен жаманға, жануар мен өсімдікке, тіпті, еріп-балқымайтын тасқа да нұрын шашып, мейріміне бөлейді!
Сен күн болсаң да, тас секілді адамдар болады. Олар- жүрегіңді жаралайды, күйе жағып қаралайды. Олардың алдында ақталма! Себебі, күнге күйе жағалмайды!
***

Күлімсіреп жүру, көңілді жүру- өміріңді ұзартады. Сондықтан, әрдайым күлімсіреп, көңілді жүр!
***

Жасаған қателігіңе, басыңа түскен қиындыққа бола, Мұңайма! Себебі, өмір фортепиано пернелері секілді, ақ пен қарадан тұрады. Қап-қара, нұрсыз түннен кейін, шапағын шашып, мейірімін төгіп күн шығатыны секілді, әрбір қиыншылықтан соң, жеңілдік келетінін ұмытпа!
***

Өткенге өкінбе! Себебі, өкінгенмен өткен өзгермейді! Өткенге өкініп, жүйкеңді жұқартып, уақытыңды өлтірме! Керісінше, әрбір күніңді, сағатыңды, минуттыңды пайдалы нәрсеге жұмса! Болашағың жарқын болуы үшін, жақсы мақсат қой. Сол мақсатқа жету үшін, жоспарыңды сыз!

Мұңайма, өткенге өкінбе, жақсылықтан үмітіңді үзбе!!!



Санат: KZ портал | | 1 239
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .