Қуаныш Жұмабек

 Қуаныш Жұмабек

Қуаныш Жұмабек - ғалым, аудармашы, полиглот, докторант.

Жұмабеков Қуаныш Жұмабекұлы 1988 жылы бұрынғы Семей облысында дүниеге келген. 2000-2005 жылдар аралығында Е.Рахмадиев атындағы 5 жылдық Үржар балалар музыка мектебін «домбыра-тенор» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы ШҚО Үржар ауданы, Үржар ауылында М. Горький атындағы орта мектепті тәмамдаған. 2006 жылы ШҚО бойынша өткен облыстық «М.О.Әуезов және әлемдік мәдениет» шығармашылық сайысында 100 үміткер ішінен М.Әуезовтың 20 томын жатқа айтқаны үшін Мұхтар Әуезов атындағы Семей университетінің грантын жеңіп алған. Аталмыш жылы ҰБТ арқылы да мемлекеттік оқу грантын жеңіп алып Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған. Білімін толықтыру мақсатында 2010-2011жылдар аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы UCTİ университетінде ағылшын тілін оқыған. Осылайша, 2010-2012 жылдар аралығында Қайнар университетін «шет тілі: екі шет тілі (ағылшын-түрік)» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2012-2014 жылдар аралығында Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде «шет тілі: екі шет тілі (ағылшын-түрік)» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алған. 2016-2018 жылдар аралығында Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі таңда Түркия Республикасы, Өмер Халисдемир университетінің докторанты. Ал жетістіктеріне келсек, 2006 жылы Семейде өткен көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы IX қалалық байқауының III орын иегері, 2007 жылдары Семейде өткен көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы X қалалық байқауының II орын иегері және Павлодар қаласында өткен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 150 жылдығына арналған Республикалық студенттік жас ақындар мүшәйрасының III орын иегері, 2008 жылы Өскемен қаласында өткен Мәшһүр Жүсіп Көпеевке арналған Республикалық термешілер сайысының «Арнайы жүлде» иегері атанған.

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгерген Қуаныштың 2015 жылы Анкарадағы «Bizim Büro» баспасынан ағылшын тілінде «Let’s Learn to Speak English» атты кітабы жарық көрген. 3 бөлімнен тұратын кітаптың сенсациялық жаңалығы – ағылшын грамматикасын тек қазақ тілінде түсіндіретін алғашқы оқу құралы және қазақ ертегілерінің ағылшын тілінде ұсынылуы. Сонымен қатар, кітапта американдық ағылшын тілінің сөздігі де берілген. Ал 2017 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері, ақын Ержан Жұмабектің «Шексіздік Шұғыласы» атты кітабын түрік тіліне аударған. Аталмыш кітап Түркия Республикасы «Medeniyetin Burçları» ұйымының қолдауымен «Sonsuzluk Şûlesi» деген атпен Ыстамбұл қаласы, «Ezgi» баспасында басылып шыққан. Аударма саласына қосқан тағы бір үлесі ақын, жазушы Құл-Керім Елеместің «Шырағым-ай» кітабын ағылшын тіліне аударған. Кітап «Өнер» баспасынан алдағы уақытта жарық көреді. 2017 ж. түрік драматургі Нежіп Фазыл Кысакүректің «Рейс мырза» атты кітабын қазақ тіліне аударған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?