Қандай жолдас еді, ол, қандай жолдас еді,— деген сөз оның ділінде де, тілінде де тұрды. Сол бір сөзді қайта-қайта қайталап қойып. ұзақ-ұзақ даққа кетеді. Еріндері күбірлей береді. Оның еріні күбірлеген сайын жанында отырған жұбайы оның өзінше сөйлеп отырғанын байқамай «м-м» деп қала береді. Ол жасаураған бота көздерін Гүлбаршынға бір тастап қайта ойымен болады. Сәлден кейін күбірлейді. Бұл күбірлеген сайын Гүлбаршынның іші қорқа түседі. Бірақ үндемейді. Қазақ ойға кеткенде ойын бұзбай, үндемеуге Гүлбаршын үйреніп кеткен. Сол әдебін-әдетін бүгін де сақтап отыр. Әншейіндегісі бір жөн екен, бүгінгісі әлейім болды. Үндемейді, алайып жасаураған қос шырағы жасқа толып, қанталап кеткен. Шамасы ол сыртта, үйге келгенше де жылаған болса керек.
«Волга» Күнгей Алатауды бөктерлеп Ыстықкөлдің солтүстік жағалауымен жүйткіп келеді. Тасты, кедір-бұдырлы жолды жолаушылар елең қылып отырған жоқ. Тек анда-санда баранка ұстап отырған бала — Қарақ машинасын тоқтатып, артқы қақпағын ашып, ү'ш аяғын буып салған көрсен құйрықты көрқызыл қазақы қойды байлап келеді де, қайта жүріп кетеді.
Машинаның артында екі адам Қазақ пен Гүлбаршын қасқыр ішікке оранып қатар отыр. Күнгей Алатаудың күнгей жағы болса да, қар қалың. Жолдан кішкентай ауытқуға болмайды. Оның үстіне Қарақтың, машина жүргізгені жаңа болмаса да заводтан жаңа шыққан және ілкі келе бастаған ГАЗ—24 сырын алып болмаған машина. Кеш алдында келген суық хабардан кейін-ақ бұлар көз ілген жоқ. Содан соң Қазақ анда-санда жол жабдығын, сөздің мәнін, жауабын айтқаны болмаса артық үн шығаруды қойды. «Қандай жолдас еді, ол?»— деп күбірлей береді, кейде ойы сыртқа шығып кетіп те отыр......
Бұрынғы өткен заманда бір үлкен бай болыпты. Оның әйелі болыпты, бір қарындасы болыпты. Міне, осы бай байлықпен бір дәуір бойы өмір сүріп тұрады. Сөйтіп жүргенде әйелі мен қарындасы өштесіп ұрыса беріпті. Әйелі күйеуіне арыз түсіргенді де қоймапты. Оны бай тыңдамай жүре береді. Күндерде бір күн бай ұзақ жерге бір шаһарға жиынға кетеді. Осы сапардан ол бай оралып үйіне келер қарсаңында, әйелі үй ішіндегі бар дүниесін жыртып, сайманын сындырып, үйдің ортасына үйіп қойыпты......
Құқықтық мемлекетті құру және қоғамдық өмірдің демократиялық бастамаларының дамуы жалпы адамзаттық басымдылықты болжайды, бәрінен бұрын, жеке адамның өмірі, денсаулығы, бостандығы, қадір-қасиеті, құқықтары және мүдделері. Біздің еліміздің Конституциясының 1-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары». Осыған байланысты, адам құқықтары мемлекет тарапынан сенімді қорғалуы тиіс. Сондықтан, қоғамда түбегейлі өзгерістер болғанда оның бірінші іс-әрекеті – адамның құқықтары, бәрінен бұрын оның өмірге және бостандыққа құқығын қорғайтын шешімдер қабылдауы кездейсоқ емес.....
Менің дипломдық жұмысым тақырыбы «Өндірістегі материалдар есебін жетілдіру және талдау» деп аталады. Бұл тақырыпты таңдаудағы себебім; шикізаттан дайын дейін өтетін процестердің бухгалтерлік есепте жүргізілуі және талдауы мен аудитін тереңірек зерттеуім нәтижесінде қызығушылық пайда болды. Қазіргі жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты талдап, оны дұрыс жолға қоймайынша сонымен қоса сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Бүгінгі таңда экономиканың барлық саласындағы жеке немесе заңды кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары материалдар мен шикізаттарды үнемді жұмсауға, нарықтық бәсекеге сай өнім өндіруге және өнімнің сапасын жоғарылатып өзіндік құнын төмендетуге сонымен қоса айналаға зиян келтірмеуге тырысуы тиіс. Бухгалтерлік есеп қаржылық есептілік туралы 8-і №234-III ҚРЗ) заң қабылданды. Бұл заңда бухгалтерлік есептің ХБЕС-на сай жүргізілуін керектігі жазылған. Жаңа заңға көптеген өзгерту енгізіліп бухгалтерлік есептің дұрыс, әділ, дұрыс ұйымдастыру реті қарастырған. Кәсіпорынның ең маңызды пайда көзі бұл өнімді өндіру мен сату жағдайы болғандықтан аса зор роль атқарады. Кез-келген кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорларды, ақша қаражаттарды және басқа да ресурстарды заңсыз немесе тиімсіз жұмсауға жол бермеуіміз керек. Осы қателіктерді болдырмауға бухгалтерлік есептің маңызы зор, өйткені кәсіпорынның шығындары жоғарылап тауар бағасы артатын болса онда ол кез-келген адамға немесе мемлекетке әсер етуі мүмкін. Сол себептен бухгалтерлік есеп материалдың сақталуы, шығындар нормасының төмендеуі, материалдарды тиімді қолдануы туралы мәліметтерді жинақтайды. Өнім сапасы халықаралық талаптарға сай болуы немесе ИСО 9000: 2001 сапа сертификатына сай өнім шығару. Өндірістегі материалдар есебін дұрыс жүргізілуі кәсіпорынның таза табыс табу мүмкіндігіне осы тұстан басталғандықтан жауапкершілік, ұқыптылық, ізденпаздық және басқару қабілетін өте жоғары талап етеді. ....
КІРІСПЕ Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттан тыс, оның ресурстарын қолданбай, өмір сүру мүмеін емес. Табиғат әрқашан адам өмірінің негізгі қайнар көзі бола отырып, физикалық өмір сүруіне және ойдың мүддесіне, өнегелігіне, әлеуметтік және рухани дамуына мүмкіндік жасап отырады. Көптеген жылдар бойы адам табиғатты бағындыруға және оған үстемділік етуге тырыса отырып, азаматтың өзі кенеттен экологиялық апаттың шегінде тұр. Осы драматикалық жағдай, яғни, қоршаған ортамен бірге табиғаттың адам қатынасына, өзгеруіне біздің буын куәгер болып отыр. Жер бетіндегі халықтың елді мекеннің қарқынды өсуі, сол сияқты ғылыми – техникалық дамуы адамның қоршаған ортаға деген мүмкіндігінің нығайуына әсер етіп отыр. Адам жеңіп алған құқықтарын жақын болашаққа пайдалана алмауына нақты қауіп туғызып отыр. Міне, осы себептен де жеке құқық құрамында қазір оған қауіп туғызбайтын өмір сүру құқығы қоршаған орта және еңбек шарты бірінші орынға жылжуда. Қазақстан Республикасы Конституциясының 31 бабында көрсетілгендей, мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Бүгінгі күні қолайлы қоршаған ортада адамның өмір сүру құқығын халықаралықсыз шешу мүмкін емес.....
Жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді. Дүниежүзілік мұхит бөлек – бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір – біріне жалғасып жатыр. Дүниежүзілік мұхит төрт бөліктен тұрады. Тынық мұхит - жер шарындағы ең үлкен (180 млн км2) әрі ең терең мұхит. Көлемі жағынан қалған үш мұхитқа пара-пар. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүниежүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған “Тынық мұхит” деген ат берді. Тынық мұхитта бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Мариан шұңғымасы бар, оның тереңдігі 11022 м. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жаға-лауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр. Атлант мұхиты Тынық мұхиттан екі есе кіші (92 млн км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады. Атлант мұхиты арқылы Батыс және Шығыс жартышарда орналасқан елдері бір – бірімен жалғастыратын аса маңызды кеме жолдары өтеді. Мұхиттың өн бойы кеме қатынасына игерілген. Үнді мұхиты Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр (75 млн км2). Бұл - ең жылы мұхит. ....
Кіріспе Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Бухгалтерлік есеп- ақпарат беру үшін, және бұл ақпарат пайдаланушылар үшін қызықты болуы үшін, анық, сенімге ие болатын, қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Қаржылық есеп есептік ақпарат дайындау процесі болып табылады, бұл процесті кез- келген заңды және жеке тұлғалар, сонымен бірге кәсіпорыннан тыс: Менеджерлер, инвесторлар, кредиторлар, қаожылық органдар т.б пайдалана алады. Біздің республикамызда жұмыс істеп тұрған бухгалтерлік есептің халықаралық бухгалтерлік стандарттқа сай келеді. Есептік мәліметтер шаруашылық субъектілер және олардың структуралық бөлімдерін оперативті басқару, мемлекеттік қаржылық есеп беру, экономикалық болжамдар және ағымдағы жоспар, және де мемлекетіміздің экономикалық дамуын зерттеу үшін пайдаланады. 1.1 Меншік капиталының экономикалық мәні Экономикалық көзқарас бойынша бухгалтерлік есеп, кәсіпорын ақпарат беру процесі ретінде қарастырылады. Ол кәсіпорындарда бар ресурстарды тиімді пайдалануды, басқару шешімдерін дұрыс қабылдауға ықпалды әсерін тигізеді. Кез-келген заңды және жеке тұлғалар өздерінде бар ресурстарды қаржылық есеп беруіне қарап, белгілі бір бизнес саласына сала алады.....
Инсулиннің бездік немесе безден тыс жеткіліксіздіктерінде қантты диабет (грек. diabetes - шыжың) дамиды. Ол организмде инсулиннің толық немесе салыстырмалы жеткіліксіздіктерінен дамитын зат алмасуларының бұзылыстарымен, қан тамырларының, жүйкелердің және әртүрлі ағзалар мен тіндердің дерттік өзгерістерімен сипатталатын ауру. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) жіктеуі (1981 ж.) бойынша қантты диабеттің ең кең тараған екі түрі бар: инсулинге тәуелді (І-түрі) және инсулинге тәуелсіз (ІІ-түрі). І-түрі — 25 жасқа дейінгі жастарда және балаларда кездесетін диабет инсулиннің бездік жеткіліксіздігінен оның толық болмауынан дамиды. Ол сырқат адамның қатты арып-азуымен ауыр түрде өтеді және инсулинмен емдемесе тез кетоацидоз дамуына, адамның өліміне әкеледі. ІІ-түрі — ұлғайған адамдарда кездесетін диабет және ол инсулиннің салыстырмалы жеткіліксіздігінен дамиды. Бұл түрі диабеттің барлық түрлерінің 70%-на жуығы. Қанда инсулиннің мөлшері аздап қана төмендеген немесе тіпті қалыпты деңгейде болады. Бұл диабетпен ауыратын сырқаттардың арасында дененің толып кетуі жиі байқалады және әдетте кетоацидоз дамымайды. Көпшілік жағдайда бұндай ауруларды тіпті дұрыс емдәммен емдеу жеткілікті болады. Этиологиясы. Қантты диабеттің себебі болып, тұқым қуатын және жүре пайда болған ықпалдар есептеледі. Диабетке тұқым қуалайтын қабілеттілік бәсеңкі түрде бір немесе бірнеше гендермен беріледі. Бірақ аурудың пайда болуы қоршаған ортаның қосымша ықпалдарының әсерлеріне байланысты. Жорамал бойынша диабеттің гендері халықтардың арасында 25%-ға жуық адамдарда болуы мүмкін, бірақ олардың 2-3% ғана ғана диабетпен ауырады. Инсулинге тәуелді диабет кезінде тектік ерекшеліктің маңызы өте үлкен. Диабеттің гені тін үйлесімділік НLА-кешенінің локусында иммундық реактивтіліктің генімен бірге орналасқан. Сонымен бірге бұл диабеттің дамуында вирустық жұқпалар (ңызамық, паротит вирустары т. б.) маңызды орын алады. Олар, ұйқы безінің бета-жасушаларын тікелей бүліндіруімен қатар, жасушаларға қарсы аутоантиденелер түзілуі мен сезімталдығы көтерілген лимфоциттер өндірілуіне әкеледі. Инсулинге тәуелсіз диабет кезінде тұқым қуалаушылыққа бейімділік көптеген гендермен ұрпақтан ұрпаққа ауысуы ықтимал. Бұл диабетті көп факторлық ауруларға жатңызады. Оның дамуына қолайлы ықпалдар болып, жеңіл қорытылатын көмірсулары көп тағамды артық пайдалану және қимыл-қозғалыстың азаюы, гиподинамия есептеледі. Бұл екі жағдай да организмнің семіруіне әкеледі, ал диабеттің бұл түрімен ауыратын науқастардың көпшілігі тым толық болып келеді. Семіру кезінде организмнің инсулинге мұқтаждығы көтеріледі. Өйткені май жасушаларының сырттарындағы инсулинді қабылдайтын рецепторлар азайып, бір-бірінен алшақтап кетеді. Қазіргі күні май жасушалары кахексин — деп аталатын зат өндіретіні белгілі. Бұл зат организмнің инсулинге деген төзімділігін арттырады. ....
Кіріспе Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан соң, ауыл шаруашылығына үлкен назар аударыла бастады. Республикамыз Президенті 2003-2005 жылдарды «Ауыл жылы» деп жариялағаны, ауыл шаруашылық жұмыстарының өркендеуіне өте салмақты үлес қосты. Құс шаруашылығы – бағалы құс еті және жұмыртқамен, қауырсынмен қамтамасыз ететін шаруашылық саласы. Құстың өнімділігі мен беретін өнімдерінің сапасы оны азықтандыруына байланысты. Құстың тез-өсіп жетілгіштігі және жоғары өнімділігі олардың организмінде зат алмасуының жедел өтуіне негізделеді. Биохимиялық және физиологиялық зерттеулер жетілуінің арқасында көптеген витаминдер, амин қышқылдары, минералды заттар ашылып, олардың және де көмірсулардың, май қышқылдарының қоректендірудегі орны анықталды. Құс азығын қажетті барлық қосындылармен толықтыру арқылы денсаулығын нығайтып, өнімділігін өсіріп, өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Солардың ішіне жануар тектес азықтар да кіреді.....
Ертеде өмірі өкінішпен, өксікпен өтіп жатқан Айдарбек атты кедей болыпты. Кедей болғанда да байғұстың өмір бойы табағы майланбаған. Тақымы атқа тимей, нағыз сіңірі шыққан кедей болса керек. Жан дегенде жалғыз жары Қатшадан басқа оның қараша үйіне кіріп-шығып, сырласып мұңдасатын да ешкімі болмаған екен. Қыстың ұзақ, жаздың қысқа түндерінде: «Құдай бізді өмірден баз кешіп, ұрпақсыз......
Кіріспе Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» . Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде...”, деп айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор......
Жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және ғылми әдебиеттерден тұрады. Жұмыстың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының қазақ терминологиясын қалыптастырудағы орнын анықтау. Жұмыс мақсаты мынадай міндеттерді шешуге негізделеді: - А.Байтұрсынұлының терминологиялық мұраларының зеттеу жайына шолу жасау; - А.Байтұрсынұлының қазақ терминологиясын қалыптастыушы ғалым екенін дәләлдеу; - А.Байтұрсынұлы жасаған тарминдардің тілдік сипаты мен жасалу жолдарын көрсету. Жұмыстың мазмұны: Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде А.Байтүрсынұлы терминжасамдық мұрасын зеттеуге арналған мақалалар мен көлемді еңбектерге шолу жасалды (Р.Сыздықова, О.Айтбаев, Ш.Қүманбайұлы, Ш.Жалмаханов, Ж.Смағұлов т.б). Екінші бөлімде ғалым жасаған терминдер мен олардыың жасалу жолдарына тоқталдық (зат есім, сын есім, бастауыш, баяндауыш, дыбыс, буын, жұрнақ, жалғау, көсемше, есімше, қаратпа сөз, қыстырма сөз, жай сөйлем т.б.). Зерттеудің әдістері: Жұмысты зерттеу барысында сипаттамалы, ғылми зерттеу әдісі басшылыққа алынды. Тірек сөздер: қазақ терминологиясы, терминдер, термин жасаудағы негізгі принциптері, терминдердің тәсілдік сипаттары, т.б.
КІРІСПЕ
Қазақ тілі білімінің, соның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, ұлағат алар ұлыларымыздың қатарына кіретін ұлтымыздың ең ардақты ұлдарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлының есімін аттап өте алмаймыз. Солай болуға тиісті де. Оның себебі- ұлттың ғылыми терминологияны қалыптастырудың еңбектерінен басталатындығы. Осы тұста бірден басын ашып айта кететін мәселе бар. Ол- тіліміздегі жекелеген сөздердің терминдік мәнде қолданыла бастауы мен терминологиялық жүйенің қалыптасуын шатастыруға балмайтындығы. Жекелеген сөздердің терминдік мәнде жұмсала бастауын Абайдың қара сөздерінен, XIX ғасырдың екінші жартысында шыққан кітаптар мен осы кезде басылып тұрған «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттердің беттерінен кездестіруге болады. Ал салалық терминологияның қалыптасуы- белгілі бір арнаулы саланы құрайтын ұғымдар жүйесінің тілде таңбалануы болып табылады. Өз алдына дербес терминологиялық өріс құрайтын арнаулы салалардың атаулар жүйесінен бөлініп шығуы үстіміздегі ғасырдың оныншы жылдарына дейін болды десек, шындыққа онша жанаспаған болар еді. Нақты бір ғылым салалары бойынша терминологияның қалыптасуы алғашқы ғылыми еңбектердің, оқулықтардың, терминологиялық сөздіктердің жарық көруімен ,олардың өзге тілдерден аударылуымен тығыз байланысты. Бізде қазақ тілінде жазылған ондай еңбектердің жарық көруі- аяқталып келе жатқан ғасырдың бірінші он жылдығынан басталады. Яғни, бұл дегеніміз- қазақтың ғылыми терминологиясының туындауы да дәл осы кезден басталуға тиіс деген сөз. Бұл істің басында кімдер тұрды дегенге келер болсақ, осы кезде қазақ тілінде алғашқы оқулықтар мен түрлі деңгейдегі ғылыми және ғылыми- көпшілік еңбектер жазған Ахмет Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамметұлы, Ж.Күдерин, Е.Омарұлы, С.Қожанұлы,М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, Ғ.Қараш, К.Жәленов сияқты қазақ зиялыларының есімдері аталуға тиіс. Осы аталған авторлардың әрқайсысының салалық терминологияның қалыптасуына өзіндік үлестерін қосқандығы дау тудырмайды. Оған аттатары аталған зиялылардың еңбектерінде кездесетін ғылыми атаулар куә бола алады. Соған қарамастан олардың арасынан А.Байтұрсынұлының есімін ерекше атап жүргеніміз белгілі. Әрине, өте дұрыс. Алайда оның қазақ терминологиясының негізін қалаушы ғалам- ретінде қараудың себептерін әлі де нақтырақ көрсету, ғылыми тұрғыдан дәлелдеудің мәні зор. Біз төменде осы мәселе төңірегінде ой өрбітпекшіміз. Кезінде М. Әуезов, Е. Омарұлы, С. Сәдуақасұлы, М. Дулатұлы, С. Сейфуллин, Т. Шонанов сияқты қазақ зиялылары негізін қалаған ахметтану ілімі араға алпыс жылдан астам уақыт салып барып жалғасын тауып отыр. Ахмет Байтұрсынұлы ақталғаннан бергі он жылдай уақыт ішінде ұлы тұлғаның соңына қалдырған еңбектері әр түрлі қырынан зерттеле бастады. Бұл істен тілші ғалымдар да шет қалмай өз үлестерін қосуда, Р. Сыздықова, Ә. Қайдаров, Ө. Айтбев, М. Жүсіпов, т.б. ғалымдардың жарияланған еңбектері соның дәлелі бола алады. Бір басынан мамандық табылатын халқымыздың «рухани көсемі», «ұлт мәдениетінің хантәңірі» атанып жүрген алып тұлғалы тереңірек таныған сайын ұлтымыздың рухы биіктеп, тарихи, ғылыми санамызда өсе түспек. Сондықтан ғалымның әдеби –ғылыми мұрасын жан –жақты зерттеудің маңызы айырықша. А. Байтұрсынұлы ресми ақталғаннан бері он жылға жуық уақыт ішінде ахметтануға ерекше атсалысып жүрген тілші-ғалым Р.Сыздықова ғалымның тіл білімі, әдебиеттану ғылымдарының, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушы және жаңашыл ағартушы, ірі публицист, дарынды ақын екендігін айта келіп былай дейді: « Әрине, біздің сипатымыз- өте жалпы айтылып,қысқа қайырылған түйін. А. Байтұрсынұлының ағартушылық, ғылыми еңбектерімен қатар, поэтикалық творчествосын, саяси-әлеуметтік қөзқарастарын нақтылы, арнайы және терең зерттеу-алдағы міндет, әр сала мамандарының жұмысы [1,28].....
Қазіргі экономика жағдайында аудиттің өте өзекті бағыты – ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде резервтер мен әр түрлі бұрмалаулар жасырынған. Ақшалай және кассалық-банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік, ведомоствалық және басқа нормативті актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет. Аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық, (методологиялық), қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн. Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістер арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақтылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар шынында жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функционалды аудитінің ерекше тәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады. Ақшалай ағымның төлемі мен қозғалысы циклі функционалды аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі пайыз есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды), және матрицалық тәсілдер, желілік (линейный), желілік емес және өсіңкі (динамикалық) бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабылдау және т.б кеңінен қолданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. ....
Мақсаты: Балаларға өсімдіктер әлемі жайында түсінік беру. Бау – бақшада өсетін жеміс – жидектерге тоқталу, жылдың қай мезгілінде өсетінін балаларға түсіндіру. Балалардың көргендерін өз бетінше айтуға үйрету. І кезең Дәлелдеу - ояту Жылулық шеңбері: Қуыр, қуыр қуырмаш, Балапанға бидай шаш, Бас бармақ, Сен тұр - қозыңа бар! Балалы үйрек, Сен тұр - лағыңа бар! Ортан терек, Сен тұр - құлыныңа бар! Шылдыр шүмек, Сен тұр - бұзауыңа бар! Кішкене бөбек, Сен тұр - ботаңа бар! Балалар бір - біріне қарама - қарсы тұрып саусақ ойынын ойнайды.
II кезең Іздену, ұйымдастырушы Өсімдіктер қайда өсетіні жайлы әңгімелесу. Жемістермен көкөністердің қайда өсетінін айту. Тәрбиеші: Балаларға бау - бақшада, ағашта өсетін өсімдіктердің қай мезгілде отырғызып, қай мезгілде пісіп, қай мезгілде жинап алынатынын көру үшін «өсімдіктер әлеміне» саяхатқа баратынын хабарлайды. Саяхатқа барғанда балалар кедергілерден: судан, көпірден, ұзын - қысқа ирек жолдардан өтеді. Көктем, жаз, күз мезгілдеріне кездеседі. .....
Балаларды түрлі есеп шығара білуге үйрету, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Танымдық, шығармашылық, белсенділіктерін арттыру. Балаларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері Арайлап таң атты. Шашып бізге шапағын Тілейміз біз ақ таңның Қуанышын шаттығын. Қайырлы таң, Қайырлы түн. Қуанышты күн бүгін. Сәлеметсіздер ме. Қош келдіңіздер! .....
Барымыз да, нарымыз да, ең құнды асылымыз бала-шағамыз. Бала дүниеге келген соң бұрындары маңызды деп қараған көп нәрсе, екінші орынға түсіп қалады. Әр қадамдарымызды солар үшін басып, олар үшін біршама нәрселерден бастартамыз. «Біз аш қалсақ та осылар аш қалмасын, біз көрмесек те осылар көрсін» деп жатамыз. Ал осы көздің қарашығындай қорғаштап, әлпештеп жүрген балапандарымызды жақсы жетілдіре алудамыз ба?! Әрине әрбір ата-ана баласы үшін барлық нәрсенің ең жақсысын қалайды. Алайда ең жақсы деп жүріп қателікке бой алдырып жататынымыз тағы бар. Өйткені баламызды қорғаймыз деп жүріп, олардың келешекте әлсіз, өзіне сенімсіз, білгенін шығара алмайтын, басатын әр қадамында ата-анасының мақұлдауын күтетін, нәтижеде жетістіксіз, бақытсыз тұлға ретінде қалыптасуына себепкер болуымыз мүмкін. Ал қалай етсек олардың жетістікті болуына ықпал ете аламыз? Мұның жауабы балаға қарай, отбасыға қарай өзгерсе де, жалпылама ортақ тұстары бар. .....
Қыз бала — ұлт ұйытқысы, болашақ ана, аяулы жар. Бұл ұғым “қазақ” атауы дүниеге келгеннен күні бүгінге дейін аманат есебінде қалыптасып келеді. Дегенмен, осы арулар шын мəнінде саналы ұрпақ қалыптастырып, бір қазақ үйінің «отымен кіріп, күлімен шығып отыр ма?» деген сауал туындайды. Осы тұрғыда қыздарымыздың өзге ұлт азаматының етегіне жармасып, өзге ел табалдырығын аттауы жиілеп барады. Қаракөздеріміздің шетел азаматтарымен шаңырақ көтеруі өзекті мəселе десек, қателеспейміз.
Қазіргі таңда еліміздегі əр 100% некенің 20%-ы аралас неке болып табылады. Бұған не себеп? Ең бірінші ойға келетіні — қомақты қаражат, «бақ» қонған заңғар үй. Иə, көбінесе қыздардың басым көпшілігі байлықтың көзіне құмартқандықтан, осы əрекетке барады. «Бұл топқа көбінесе тұрмысы төмен отбасыдан шыққан қыздар жатады»,-дейді психолог мамандар. Екіншіден, өзге елдің тілін біліп, «Болашақпен» білім шыңына қол жеткізуді мақсат тұтқан «тыңдаушылар»(студенттер) Алғашқыда олар алпауыт елге арман қуалап кетсе де, кейіннен жаңа ортаға бейімделген соң, мəңгілік сол елді тұрақ етуді көздейді(бір себеп: онда айлық табыс біздікінен 10 есе жоғары). Үшіншіден, қазақ жігітінен қатты көңілі қалған бойжеткендер. Олар жігіт атаулыға «кек» қайтаруды көздеп, тұрмыс құрады. Бұл санаттағылардың легі 18-ді өткеріп, оң-солын бес саусақтай таныған қыз-келіншектер. Бірақ, бақ қуалап кеткендердің барлығы дерлік көздегендеріне жете бермейді. Өзгенің қара қасқа иттері “қорғансыздың күйін” кештіріп, қайтып келген қыздардың да саны жетерлік. Бұл дегеніміз, бір қыз шетелге күйеуге шықса, мың қыз түс көргенмен тең (көпке топырақ шашқаным емес)… .....
…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.
Н.Назарбаев
Тарих толқынында қазақ елі, азап шектірген жылдар, ауыртпалық кезеңдер басынан өткергені баршаға мәлім. Бірақ біз қаймықпадық ата-бабаларымыз біз үшін жанын да қанында аямай, бізге жерімізді аманттап қалдырды. Әлихан Бөкейханов «Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпесе болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар»,-деген. Біз осы болашақ ұрпақ алдындағы борышымызды өтеп кете аламызба жоқпа ол әрине бізге байланысты.
Кіріспе Жұмыстың өзектілігі. ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік - экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Сол себепті қазақ тіл білімі саласында жаңа терминдер еніп, қалыптасуда. Соңғы он жыл көлемінде ғана парцелляция құбылысы зерттеле бастады. Жас зерттеуші филологтардың ғылыми жұмыстарының тың тақырыптарына айналып сөз болып жүр. Алайда, бөлшектеуге көнетін грамматикалық құрылымдар бөлшектелген компоненттердің өзара байланысы, негізгі сөйлемнің шекарасынан тысқары бөлшектеліп шығарылған парцелляттың, яғни қосалқының грамматикалық, стилистикалық және коммуникативтік қызметі әлі анықталып ашылмаған. Р.Сыздықтың «Бұл құбылыс туралы үзілді-кесілді тұжырымдар айту үшін, оны мол материал жинап ғылыми тұрғыдан зертеу керек»- деуі де бұл мәселенің өзектілігін, маңыздылығын дәлелдейді. Жұмыстың нысаны. Диплом жұмысы көркем мәтін тіліндегі парцелляция құбылысының өзіндік ерекшелігін, стильдік және тілдік сипатын, парцелляцияның түрлері және оларды топтастыру проблемасын қарастыруға арналған. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты көркем мәтін тіліндегі парцелляция құбылысын әдеби тілдің жеке бір тармағы ретінде қарай отырып, оның өзіндік тілдік, стильдік, типтік үлгілік табиғатын ашу. Жұмыста осы көрсетілген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді. - парцелляция, оның сильдік қызметі жөнінде түсінік бере отырып өзіндік сипаттамасын, ерекшелігін айқындау. - тіліміздегі парцелляция құбылысын сөз ете отырып, оған қойылатын талаптар мен шарттарды айқындау. - қазіргі парцелляция құбылысында орын алып жүрген кейбір олқылықтар мен кемшілік мәселелерге тоқталып өз көзқарасымызды таныту. Жұмыстың дерек көздері. Аталған мақсат пен міндеттерге жетуде А.Байтұрсынов, М.Балақаев, С.Сауранбаев, Р.Сыздықова, т.б. ғалымдардың әдеби тіл, оның стильдік тармақтары жөніндегі теориялық еңбектерін; орыс тілінің синтаксисін зерттеушілер Ф.И.Буслаевтан бастап Пешковский, Белашапкова еңбектерін және оқытушы ұстаздардың теориялық және практикалық еңбектері мен ой-тұжырымдарын, ұсыныстарын қолданып, басты назарға алынды. Осылармен қоса мектеп оқулықтарындағы, баспасөз беттеріндегі үлгілер талдау материалы ретінде пайдаланылды. Жұмыстың әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай әртүрлі әдістер қолданылды. Олар: сипаттау, талдау, жинақтау, топтау, салыстырудың құрылымдық-типологиялық әдістері. Тілдік фактілерді талдау, мәтіндік бақылау және салыстыру әдістері арқылы жүргізілді. Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Тіл – тарихи құбылыс. Белгілі бір тарихи кезең үшін өз терминдері қалыптасады. Міне, бұрын А.Байтұрсынов «іргелес сөйлем» деп атаған ұғым қазір басқа қырынан зерттеліп «парцелляция» күрделі синтаксистік тұтастық деген ұғымдар туып, тілдік термин ретінде орнықты. Жалпы тіл біліміне «парцелляция» термині француз тіліндегі «parceller» сөзінен енген. Бұл ұғым қазақша ұсақ бөлшектерге бөлу дегенді білдіреді. Сондықтан да бөлшектелген сөйлем деп алғанды жөн көрдік. - бөлшектелген сөйлем әдеби тілге ауызекі сөйлеу тілінің әсерімен енген құбылыс. - бөлшектеу барысында негізгі сөйлем мен қосалқы арасындағы байланыс үзілмейді; толымды және толымсыз құрылым бірігіп, қосалқылардың санына қарай екі немес бірнеше фазаларда жеткізілетін біртұтас-айтылыс түзеді. - сөйлемнің бөлшектелуінің алғы шарты – жай сөйлем мүшелері, құрмалас сөйлем бөліктері арасындағы синтаксистік жағынан ғана емес, ішкі –семантикалық жағынан да тым күрделілігі, шұбаланқылығы. - парцеллят сөз тіркестері, жай сөйлемдер (сөйлем мүшелері) құрмалас сөйлем компоненттері түрінде келеді. Жұмыстың практикалық маңызы. Диплом жұмысында талдауға түскен мәселелер, ол бойынша сараланған нәтижелер орта мектепте қазақ тілі пәнінен сабақ беру барысында кеңірек мәлімет беру, меңгертуде мұғалімдерге пайдалы болмақ. Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. 1. Парцелляция – қазақ әдеби тілінің бір бөлшегі. Оның өзіндік тарихы, даму жолы, қалыптасу кезеңдері бар. 2. Парцелляция өзіндік қалыптасқан сөз, термин, синтаксистік құрылымы бар біртұтас жүйе. Оны қалыптастыру, орнықтыру – тіліміздің кемелденіп дамуының кепілі. 3. Парцелляция – жазу, дағдылану арқылы жүзеге асырылады. Жұмыстың құрылысы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.....
Америка Құрама Штаттарында әлеуметтік – саяси тарихында қоғамдық – саяси құрылым және құқық мәселелері бойынша идеялық пікір таластардың өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталатын екі кезеңді аңғаруға болады. Оның алғашқы кезеңі ХVІІІ ғасырдың басынан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейін созылған отар қоныстардың метрополияға бағыныштылығымен сипатталса, екінші кезеңі тәуелсіздік үшін күреспен айқындалып, ХІХ ғасырдың екінші жартысын қамтиды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында өздерін штаттар (яеғни мемлекеттер) деп атаған колониялар мен метрополиялар арасындағы шиеленіс салық салу мәселесіне байланысты күшейе түсті. Көптеген публицистер (Д.Адамс, Т. Джефферсон, А. Гамильтон және тағыда басқалары) өздерінің саяси памфлеттерінде барлық отар иеліктеріндегі қоныстанушылар заң шығарушы жиналыста өз өкілдерінің болуы керектігін, өзін-өзі басқару принципін ұстану қажеттігін айтып, отаршылардың саяси талаптарын табиғи-құқықтық негізбен байланыстырды. Азаматтардың табиғи құқығы мен бостандығы туралы бұл ой тек публицистикада (көсемсөзде) ғана емес саяси және конституциялық құжаттарда да мойындалды: Виргиния штаты құқықтарының Деклорациясы (Дж. Мейсон және Дж. Мэдисон, 12 маусым 1776 жыл) және Тәуелсіздік Деклорациясы (Т. Джефферсон, Б. Франклин, Дж. Адамс, 4 шілде 1776 жыл). Тәуелсіздік Деклорациясын 13 штат бірауыздан қабылдады. Табиғи құқық теориясының идеяларын талдау барысында халықтың саяси таңдауы мен дербес өмір сүру құқығының және халық егеменділігінің конституциялық принциптері жарияланды. Теориялық жаңашылдықтың тағы бір маңызды нәтижесі биліктің бөлінісі принципін нақтылау болды. Тәуелсіздік үшін күрес тұсында (1775-1783) штаттардың Конфедерациясы құрылды. Алайда соғыс аяқталысымен штаттардың одағын нығайту және тиімді федералды үкімет құру қажеттілігі туындады. Осы міндетті атқару үшін 1787 жылдың мамыр айында конституциялық Конвент құрылды. Ол барлық сословиелік артықшылықтар мен дворяндық титулдарды жойып, республикалық құрылысты бекітетін, ажыратылған үш билік жүйесін енгізетін федералдық Конституцияның жобасын дайындап щығарды. 1803 жылы Жоғарғы сот өзінің конституциялық бақылау құқығын бекіткеннен кейін американдық революцияның барлық негізгі кезеңдері (тәуелсіздік үшін күрес, жаңа мелекеттік құрылымды қалыптастыру және оны өмірге енгізу) толығымен аяқталды....
Кіріспе 35-53°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының батыс оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты шұғыл континентілігін;келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің,температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішініндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды. Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.....
КІРІСПЕ Жанұя баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Жанұя психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады. Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген. «Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр.....
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін,сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі. Қазіргі таңда барлық кәсіпрындар өз табысын өсіру мақсатында жаңа технологияларды қолдануға асығады. Сондықтан да банктерден несие алу барлық кәсіпорын үшін өте маңызды. Сондай-ақ несие негізгі міндеттемелерінің бірі болып табылады. Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады.....
Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан – 2030" жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын [1]. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құжаттарында: Қазақстан Республика Ата заңы, "Білім туралы" Заңында, "Білім" атты мемлекеттік бағдарламада жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша белсенді іс-шаралардың қажеттігі мен мемлекеттік маңызды басымдылық ретінде көрсетілетіндігі жайдан емес. Көптеген ғалымдар денсаулық тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуының шарты болып табылады, ол баланың жас кезінен бастап қаншалықты денсаулығын сақтауға бейімделген және салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастырғанына байланысты деп қарастырады. Ал Г.С.Акиева, Г.Д.Алимжанова, А.В.Ахаев, Е.Д.Даленов, А.С.Иманғалиев, Ж.О.Жилбаев, т.б. бұл мәселені тұлғаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сәттілігіне байланысты қарастырады [2-5].....
Николаевск темір жол вокзалында екі дос кездесе кетті: бірі жуан, бірі жіңішке. Жуан жаңа ғана вокзалдан тамақтанып шыққан еді, сондықтан оның май тиген еріндері піскен шиедей жылтырап тұрған. Одан херес пен флердоранж иісі шығады. Жіңішке жаңа ғана вагоннан шыққандықтан үстіне шамадандар, түйіншектер, қатырма қағаздар арқалап алған еді. Одан ветчина мен кофе тұнбасының иісі шығады. Жіңішкенің сыртынан ашаң жүзді әйелі мен ұзын бойлы, көзі сығырайған гимназист баласы қарап тұр. Жуан жіңішкені көріп:
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендікке ие болып, өз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап оның мемлекеттік саясатында халық денсаулығы басты назарда болып келеді. Қазіргі таңдағы ерекше бір қуантатын мәселе: жастардың бойына білім мен озық тәрбиені берумен қатар, салауатты өмір салтын бойларына сіңіру болып табылады. Жүсіп Баласағұн: «Болса тәртіп, бала өседі сомдалып Қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып»,- дейді. Сонда баланың денесі сымбатты шынықан болатын болса, ол әрі тәртіпті де, өнегелі ел азаматы болады деген сөз. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияланудырудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Міне, осы қиын да, жауапты міндетті атқару үшін, бәсекеге қабілетті елдер санатына ену үшін, елдің әрбір азаматы (ол жас, не кәрі болсын) дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын болса ғана, нұр үстіне нұр жауар еді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген. ....
- Он бірінші сыныбыңа мұқият бол, - деді мектепке енді келген бұған ағайы. - Оқулыққа сенбей-ақ қой. Қазір өтпелі кезең. Ендігі жерде кеңестік әдебиетке бұрынғы көзқараспен қарай алмайсың. Ал оқулық бұрынғы ізбен жазылған. Сондықтан, мүмкіндігі келгенше, балаларға өзің дәріс оқы.
Ұстаздың айтқаны дұрыс. Кеңестік әдебиет - әдебиет тарихындағы өте бір күрделі кезең. Ал мектептің он бірінші сыныбы нақ осы кезеңге келіп тірелетін.
Бір кезде өзіне де әдебиеттен сабақ берген байырғы әдебиет пәнінің мұғалімі бұл ақыл-кеңесін зейнет демалысына шығып бара жатқанда айтқан еді. Жоқ, бұл кісі зейнет демалысына бұдан бұрын шыққан болатын. Өткенде ғана ұстаздар күні мерекесінде осы кісінің зейнет демалысына шығуына байланысты құрмет көрсетілді емес пе. Аудандық білім бөлімінен адам келіп қатысты. Бірақ бұл кісінің әдебиет пәнінің маманы ретіндегі бай тәжірибесін мектеп басшылығы әлі де пайдалана беруге қарсы емес еді. Дегенмен ұстаздың өзі екі тоқсан сабақ бергеннен кейін, мектеп .....
Саттар мен Тоқтар - әскерде бірге болған жігіттер. Саттар үйленді. Үйленгеніне де аса көп уақыт бола қоймаған еді, бір күні Саттардың үйіне жанында Әбу деген жолдасы бар Тоқтардың кіріп келгені. Әскерде бірге болған екі жігіт лезде құшақтары айқасып, бірін-бірі арқадан қағысты да қалды. Тоқтар жанындағы Әбуді Саттарға таныстырды. Саттар онымен де емен-жарқын амандасып, танысып қойды. Енді Саттар өзінің келіншегіне Тоқтардың кім екендігін, өзінің өмірінде қандай орны бар екендігін айтып жатты. Қонақ жігіттердің келуімен бірге үйдің ішіне бір көңілді дабыр орнады.
Саттардың келіншегі пысық-ақ жан еді. Күйеуінің жолдастары келіп қалғасын, бір бөлмеге жылдамдатып дастарқанын дайындай қойды, ас та әзірленіп келді, дастарқанның шетінен самаурын да орын алды. Сол-ақ екен, әңгіме қызып сала берсін. Әңгіме әуелі екі адамның арасында - әскерде бірге болған Саттар мен Тоқтардың арасында басталды да, сәлден кейін олардың әңгімесіне Саттардың келіншегі де емен-жарқын пейілмен араласып кетті. Ал Әбу көбіне тыңдаушы болып, жігіттердің әңгімесіне оқта-текте бір атсалысып отырды. Осылай басталып кеткен әңгіме отқа тамызық тастағандай лаулай түспесе, бір бәсеңдеген жоқ. Біраздан соң шай да өз мәресіне жете бастады. Әңгіменің тізгіні осы кезде барып қана сәл-пәл тартыла бастаған еді. Енді Саттардың келіншегі үй иесіне тән қонақжайлылық пейілмен: .....
«Қазақ» атауының төркіні туралы Бір ұлттың атының «этнонимінің» шығу тегі, мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе, қай қашанда тарихнамада талай пікір туғызып, айтыстар көтереті, сан алуан жорамал-жоруларды жарыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Бейне сол сияқты, «қазақ» атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселеде талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жорулар мен дәлел-деректер, келелі пікірлер айтылып келе жатқан кәделі мәселе. Бірақ әлі күнге дейін бұл мәселе ғылымда дәл, тоқ етер жауап жоқ. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құралу, қалыптасу тарихы мен уақытынын «қазақ» атауының деректемелерде жарыққа шығуынан ажырата білу керек. Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының тарихи деректемелерде жарыққа шығуы үнемі бір уақытта бола бермейді, ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселелерінің бірі.Сондықтан қазақ тарихын баяндаудан бұрын, «қазақ» атауы туралы бұрынды-соңды айтылған болжал-пікірлер мен дәлел-деректердің басты-бастыларына тоқталудытиімді көрдік.....
Кіріспе Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражатары банктерде олардың қызмет сипатына сәйкес ағымдағы және есеп айырысу шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет үрдісінде субъектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болады, оларды реттеу үшін төлем жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ал оның соңғы кезеңі – есеп айырысу. Отандық банктер есеп айырысу операцияларын ұйымдастырушылар болып табылады. Есеп айырысу міндеті болып қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда төлем айналысына қызмет ету табылады. Кәсіпорындар және ұйымдар арасындағы төлем айналысы негізінен екінші деңгейлі банктерде ашылған бнктік шоттар жүйесі арқылы қолма-қолсыз ақша түрінде жүзеге асырылады. Курстық жұмыстың мақсаты болып банктерде болатын негізгі есеп айырысу операцияларын қарастырып және олардың есебі туралы жалпы түсініктеме беру, сонымен қатар тақырыптың мазмұнын ашуға тырысу табылады. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу операциялары мынандай түрлерге бөлінеді: - банктік шоттар ашу;....