Бағдат Сәмидинова (5 ақпан, 1954 жылы туған, Меркі ауданы Ақарал ауылы) – әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1995). Құрмет орденінің иегері (2011). Өмірбаяны Батыр Сыпатай атындағы мектепті бітірген. Алматыдағы эстрада студиясын (халық артисі, профессор Н.Шәріпованың класы бойынша) бітірген (1975) әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1989). 1976 жылдан Қазақконцертте әнші....
Бауыр ауруларын зерттеудегі қысқаша тарихи мағлұмат. Біз қайсыбір медициналық жетістіктерді ғылыми тұрғыдан және оның тарихын зерттегенде біздің дәуірімізге дейінгі VI — V ғасыр арасында өмір сүрген грек ғалымы Гиппократтан бастаймыз. Деректерге қарағанда, Гиппократ бауыр аурулары түрлерін, әсіресе сары ауру мен бауыр шеменін осы бауырдың қызметінің нашарлауына байланысты пайда болатынын байқан білген. Біздің жаңа жыл санауымыздың II ғасырымызда өмір сүрген римдік ғалым Клавдий Гален тарихта тұңғыш рет адам мен жануарлардың бауыр құрылымын зерттеп, жазған. Сонымен қатар бірінші рет ғылыми жолмен өттің бауырдан шығатынын және адамның сарғаюы осы өт жолдарының қабынуына байланысты екенін дәлелдеген де осы Гален болған. XV ғасырда өмір сүрген Италия ғалымы Леонардо да Винчи бауыр анатомиясын зерттей келе тарихта бірінші рет бауыр шеменін көзбен көріп, оның ерекшеліктерін жазған. Кейін бсы елдің ғалымы Андреас Везалий бауырдың қан тамырлары мен өт жолдары гуралы жаза келіп. бауыр шеменінің арақ — шарап ішуге, маскүнемдікке тікелей байланысты екенін дәлелдеп берген. XVII ғасырда өмір сүрген ағылшынның белгілі ғалым — дәрігері ("екінші Гиппократ") Томас Сиденгам сары аурудың жукпалы екенін алғаш рет дәлелдеп жазған. XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейдің белгілі ғалым-терапевті С.П.Боткин осы бауыр қабынуының жұқпалы қатаң түрі кейін оның созылмалы түріне айналуы мүмкін екенін болжаған болатын. Оның қызметіне кейін жұқпалы сары ауруды, яғни бауырдың жұқпалы вирустармен қабынуын "Боткин ауруы" деп атайтын болды. ....
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.
Өмірі
Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде, оның 1883 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған. Былай басталатын өлең жолдары оның сал-серілігінен де хабардар етеді:
Атандым Мұқан палуан, бала жастан. Ішінде күштілердің болдым астам. Талай-талай жерлердің дәмін татып, Өтті дәурен осылай біздің бастан
Сонда сол циркте жеңген палуан, ең соңында жеңген палуан мен Қажымұқан күреске түседі. Оны жыға алмайды, дегенменен халық арасына танылады. Злобин деген цирктің қожасына ұнайды да, бұл жаңағы барлық зерттеулерде жазады ол «Ваня ағай» деген атақты алғашқы кәсіби Санкт-Петербордағы мектепті ашқан атақты Лебедевке хат жазып жібереді. ....
Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын жермен жексен қылды. Адамдардың басым көпшілігі ядролық (атом) бомбаларының барын біледі, олардың жарылыс салдары туралы да естіген болатын. Алайда, ракеталық-ядролық соғысынан көтерілетін экологиялық проблемаларды, шығындардың мөлшерін, жалпы қирау көрінісін нақтылы мәнінде көз алдына елестете алатын тұлғалардың саны шамалы болса керек. Айтарлық, жалпы қырып жоятын қарудың қолданылуы аса шығындарды халық қалың орналасқан аймақтарда келтіреді, ядролық жарылыстардың адамдарға психологиялық жағынан ететін әсерін де есептен шығаруға болмайды. Оның үстіне, қаза тапқандардың, жарақат алғандардың жалпы зардап шеккендердің саны сау қалған адамдардың санынан, мысалы жеке бір қаланы алсақ, молырақ болуы мүмкін. Жарылыс салдарының біраз уақытқа созылатын әсері де жоқ емес. ....
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процестер жатады: • қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқа материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым- қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады; • өндірістік, мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есеп объектілері болады. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі; • өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері; өткізу жөніндегі шығындар (буып- түю, орау, іріктеу, тасымалдау); субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді; Қолда бар құралдарды ұтымды пайдалану, олардың сақталуын бақылауды дұрыс ұйымдастыру жіктеу қажеттілігіне байланысты болады. Кәсіпорынның шаруашылық құралдары құрамы (түрлері), орналасуы, пайда болу көзі мен көзделген мақсаты бойынша жіктеледі. Құралдардың түрлері мен орналасуы бойынша жіктесек, субъектінің құралдары айналымнан тыс және айналымдағы болып екіге бөлінеді. Айналымнан тыс қаржылар өзара үш топқа жіктеледі: негізгі құралдар (ғимараттар, үйлер, машиналар мен жабдық, транспорт құралдары, шаруашылық және өндірістік мүлік т.б. ), материалдық емес активтер (лицензиялар, патенттер, бағдарламамен қамтамасыз ету, т.б. ), ұзақ мерзімдік қаржылар. Ал айналымдағы қаржылар- өндіріс процесінің құралдары (шикізат пен материалдар, отын, жартылай өнімдер, бітпеген өндіріс, дайын өнім) және айналымдағы процесс құралдары (кассадағы, есепшоттағы және банктегі, басқа шоттағы қаражат, қысқа мерзімдік құнды қағаздар) болып екіге бөлінеді. ....
Әрбір организм барлық уақытта өзінің тіршілік ортасында басқа да организмдермен тығыз байланыста, олармен әртурлі қарым-қатынаста болады, анықтап айтқанда сол организмсіз тіршілік қабілеттілігі тоқталады. Сондықтан да сол тіршілік ортасында организмге әртүрлі биотикалық факторлар әсерін тигізеді. Сондықтанда табиғатта бір-бірімен топтар құрып, бірігісіп, бір-бірінін, тіршілік өміріне бейімделіп өмір сүреді. Сонымен биоценоз немесе экологиялық топтар дегеніміз тірі организмдердің (жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер) бір жерде бір-бірімен өзара байланыста тіршілік ету жағдайын айтады. Бұлардың мекендейтін жері орман, көл, теңіз, тоғай, дала, шөл дала, тау т. б. жерлер болуы мүмкін. Биоценоз деген атауды немістің ғалымы Карл Мебиус 1877 жылы Солтүстік теңіз устрицаларын зерттегенде ең бірінші рет ғылымға енгізген еді. Осы атауды тек тірі организмдердің топталып тіршілік ететін түрлеріне, белгілі бір ортаға бейімделуіне, осы ортада көптеген жылдар бойы өмір сүретін осы ортаның абиотикалық факторларына бейімделген түрлердің топтарына қолдануды ұсынған болатын. «Биоценоз» деген атау қазіргі экологиялық әдебиеттерде бір территорияның бөлігіндегі мекендейтін организмдерді айтқанда жиі қолданылып отырады. Мысалы, шырша биоценозы, шөлді жердегі шөптесін биоценозы, бетегелі дала биоценозы немесе егістік биоденозы деп құрлықта бірыңғай орналасқан өсімдіктердің атауына да қолдануға болады. Сонымен бірге біз тек, өскен өсімдіктерді ғана атап отырған жоқпыз, соған қоса осы мекенде тіршілік ететін басқа да тірі организмдерді (жан-жануарларды, микроорганизмді) айтамыз. Осындай атау тіршіліктің мекені су ортасы да аталады, мысалы су жағасындағы құмды немесе батпақты топырақтар биоценозы, абиссать тереңдігі, пелаги биоценозы деп атауға болады. Ал кейбір майда, азғантай бөлікті алып жатқан биоценоздар да болады (мысалы, ағаштың сабағында немесе жапырақтарында, мүктер алып жатқан батпақтарда, індерде, муравейниктерде, шірінді ағаш сабақтарында, түбірінде), оларда басқа атаулар қолданылады «микротоптар», «биоценоздық группалар», «биоценоздық комплекстер» т. б. Бірақ сонда осындай майда биоценоздар көлемі жағынан үлкен, өте күрделі биоценоздың ішіне кіреді. Мысалы, мүктер мен қыналардың ағаштар сабағындағы топтары осы орман биоценозының бір бөлігі деп қарауға болады. ....
Елдің бәсекелестік қабілеті, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігі технологиялық бәсекелеске қабілетімен ұлттық инновациялық мүмкіндіктеріне байланысты. Технологиялық бәсекеге қабілеті екі аспектке тәуелді: біріншісі, технологиялық инновациялармен трансферт болса, екіншісі, түрлі қатынастарда технологияларды қолдану. Бірақ, бүгінгі күнде инновацияны зерттеу, меңгерумен кәсіпорындардың 10%-ы ғана айналысады.Мұның басты себебі-мамандар аздығы. Инновация нарыққа ену үшін инновациялық жобалардың тиімділігін арттыру әдістерін жақсы меңгерген білімді мамандар қажет. Дәл осы себеппен «Инновациялық менеджмент» курсы жас мамандарды дайындау бағдарламасына әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуымен басқарылуы, функциялануының қажеттілігі туралы түсінікті калыптастыру үшін және инновациялық басқару саласындағы білім беруге шақыратын ең маңызыды әрі арнайы үйымдастырылған курс ретінде енгізілген. Ол басқару теориясының, менеджменттің басты жағдайларының бөлщегі әрі жалғасы болып табылады. Ол басқару шешімдерін жасауды, инвестициялық, өндірістік менеджмент сияқты басқа да салаларымен және басқару кезеңдерінің тәртібімен байланысты. ....
Бір бала жасынан мал бағып, отын-су алумен күнелтеді. Жазда бұтына жарғақ шалбар киіп, ылғи жалаңаш жүреді екен. Денесі күнге күйіп, қап-қара болыпты.
Сондықтан ел оны алғаш «Қара бала» деп атапты. Баланың елден ерек бір өзгешелігі - өте қорқақ екен. Күркіреген күннен де, қараңғы түннен де, аң атаулының бәрінен қорқыпты. Тіпті төрт түлік малдан – түйеден де, жылқыдан да, сиырдан да шошыпты. Тек жалғыз досы қой екен. Сонан қойды ғана бағыпты.
Бала бірдеңеден қорықса, қой ішіне қойып кетіп жасырынады екен. Болмаса беті ауған жаққа қашыпты. Сөйтіп ел оны енді «Қара Қашқынбай» деп атап кетіпті.......
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар Сабақтың тақырыбы: Жануарлар арасындағы қарым-қатынас 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.3 табиғаттағы жануарлардың өзара қарым- қатынас түрлерін сипаттау; 3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау. Сабақтың мақсаты: Бәсекелестік, түрішілік бәсекелестік, түраралық бәсекелестік пен бейтарап қарым-қатынас ұғымдарын түсінеді. ......
мұндағы Sтаб- табанының ауданы, H -биіктігі. Толық беті Sт.б=Sб+Sтаб, Sб – бүйір бетінің ауданы , Sтаб– табанының ауданы. Қиық пирамида көлемі
мұндағы S1 , S2 – қиық пирамиданың табанының аудандары, H -биіктігі. . Қиық пирамида толық беті Sт=Sб+S1+S2 ,мұндағы Sб - қиық пирамиданың бүйір бетінің ауданы, S1 , S2 - қиық пирамиданың табанының аудандары. 1.Егер пирамидаға төмендегі екі шарттың бірі орындалса: а) барлық бүйір жақтары табан жазықтығымен бірдей бұрыш жасайды; б) барлық бүйір жақтарының апофемасының ұзындықтары бірдей; Онда пирамиданың төбесінің проекциясы табанына іштей сызылған шеңбердің центрімен беттеседі. 2. Егер пирамидаға төмендегі екі шарттың бірі орындалса: а) барлық бүйір қырлары табан жазықтығымен бірдей бұрыш жасайды; б) барлық бүйір қырлары ұзындықтары бірдей; Онда пирамиданың төбесінің проекциясы табанына сыттай сызылған шеңбердің центрімен беттеседі. 3.Егер үшжақты бұрыштың, екі сүйір жазық бұрышы тең болса, онда олардың ортақ қабырғаларының проекциясы үшінші жазық бұрыштың биссектрисасы болады. 4. Егер пирамиданың табаны тікбұрышты үшбұрыш болса, онда пирамиданың биіктігінің табаны, табанына сырттай сызылған шеңбердің центрімен беттеседі. Мысалдар: 1. Дұрыс төртбұрышты пирамиданың биіктігі 7 см, табан қабырғасы 8см. Бүйір қабырғасын табыңыз. Берілгені: SABCD - дұрыс төртбұрышты пирамида. SO = h = 7 см; AB=BC=CD= =DA=8 см. Табу керек: l=AS=BS=CS=DS....
Өрмекшітәрізділердің қазіргі кезде ғылымға белгілі 60 мыңға жуық түрлері бар. Олардың дене тұрқы 0,1 мм-ден 17 см-ге жетеді. Өрмекшілердің сыртқы пішіні де әр түрлі. Оларға: өрмекшілер, кенелер, құршаяндар, пішеншілер т.б. жатады. Өрмекшітәрізділердің Uloborus және Hyptiotes туысынан басқа барлық өрмекшілерде улы бездері болады. Улы бездері арқылы өрмекшілер жауынан қорғанып, қоректенеді. Көптеген өрмекшілердің уы адам мен сүтқоректілерге әсер етпейді, бірақ насекомдарға әсері жоғары. Өрмекшілердің уы және одан қорғану шаралары туралы Аристотель, Ксенофонт, Сократ, Цельзус, Диокриттің жазбаларында мәліметтер келтірілген. Улы өрмекшілердің таралу аумағы қазіргі таңда Оңтүстік Америка мен Австралияны қамтиды. Біздің елімізде кездесетін барлық өрмекшілердің ішінде қарақұрт пен бүйі ғана адам мен жануарлар үшін қауіпті. Қарақұрт Қазақстанның далалы, шөлді аймақтарында мекендейді, халық арасында оны «қара жесір» деп атап кеткен.....
Сейтімбет Үсіпхан Әбдікерімұлы - актер. 1960 ж. ОҚО Келес ауданы Игілік ауылында дүниеге келді. 1979 ж. Республикалық Эстрада-өнер студиясын бітіріп, Алматы облыстық филармониясына жұмысқа қабылданды. 1983 ж. Т. Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға түсті. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасына қатысып, батырлық пен патриотизм үлгісін көрсетіп, жастар қарсылығын ұйымдастыруда белсенділік көрсеткені үшін 1987ж. екі жылға сотталып, 1989 ж. бостандыққа шықты. Осы жылы институттағы оқуын қайтадан жалғастырып, бітіріп шықты. 1990 ж. Ғ. Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының актерлік құрамына қабылданып, С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде» Абдолла, «Қыз жиырмаға толғанда» драмасында Есімсейіт, Д. Исабековтің «Анасын аңсаған қызында» Смат, т.б. біраз роль орындады.....
Кіріспе Ғасырлар тоғысында, жаңа мың жылдыққа аяқ басу барысында өткен тарихи - мәдени жолды зерделеп, болашақты болжау заңды, ұлттық сана мен тарихи жады үшін өткен кезеңдердің маңызы мен мәні өте зор. Адамзаттың рухани дамуында айрықша орын алатын ежелгі діндердің бірі де бірегейі зороастризм. Діни жүйелер көне халықтар мәдениетінде жүйе құраушы рөл атқарды. Әрине, бұл діни жүйелер бір күнде бірден пайда болмайды. Олардың өзіндік даму тарихы, даму заңдылықтары бар. Ал бұл заңдылықтарды ашу, даму тарихындағы кезеңдерді зерделеу, өз кезегінде сол ерте дәуірдегі адамдардың дүниетанымын, арман-мұраттарын, қарым-қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Сондай - ақ діни жүйелердің қазіргі заманға дейін сақталған көмескі нышандары мәдени бастаулар мен қазіргі мәдениет арасындағы тарихи - мәдени сабақтастықты көрсетеді. Адамзатқа адамгершілік өлшемін ұсынған улы жүйе құрушылар мұрасын қарастырғанда мәдени сабақтастық пен мәдени жасампаздық диалектикасына назар аудару қажет. Міне, осы тұрғыда заратуштра ілімін жан-жақты толық, терең түсіну үшін, оның көзқарастарына әсер еткен ескі наным-сенімдерді, рәсім-рәміздерді зерттеудің маңызы зор болмақ. Зороастризм ілімі және оның пайда болуы....
Литосфера-(грекше – lithos-тас +sphair-шар)- жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3 км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Топырақ. Жер бетінде күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір-бірімен тығыз байланысты. Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйедегі маңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады. Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев XX ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен. Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама берді, ол: топырақ түзілу процесі құнарлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатыныс деп көрсетті. Топырақ ресурстары Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәнінде маңызы мен ролін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен энергетикалық сиыьдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе-теңдікте сақтап тұра алатын өдігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық-түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады. Топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын реттеу, өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.....
Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды.
Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.
Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн, Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін, Тартады аққу көкке, шаян кейін Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.
Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады.
Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас. Әуелі бірлік керек болса жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, — деп елді тұтастық, ынтымақ жалауының астына шақырады.
Елдің азып-тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар:
Қасқырдың зорлық болды еткен ісі. Ойлаймын оны мақтар шықпас кісі Нашарды талай адам талап жеп жүр Бөріден артық дейміз оның ісін.
Алуан-алуан ойға жетелейтін “Қайырымды түлкі”, “Ала қойлар”, “Үлес”, “Қартайған арыстан”, “Өгіз бен бақа”, “Қайыршы мен қыдыр”, “Ат пен есек” мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Аудармашы негізгі түпнұсқа тексіне орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын - әуез қосып отырады. “Қартайған арыстан” мысалына:
Бақ қонса, сыйлар алаш ағайын да, Келе алмас жаман батып маңайыңа. Басыңның бақыт құсы ұшқан күні Құл-құтан басынады, малайың да, —
деген жалғасты түйін жасайды. Бірнеше кісі тіл таба алмай, берекесі кетіп, өртке шалдығып, үлестен құр қалады. Осы “Үлес” өлеңінің түйінінде ақын өз позициясын ашық көрсетіп:
Ойласақ оқиға емес болмайтұғын, Ел қайда өзін жаудан қорғайтұғын. Қазіргі пайдасына бәрі жетік, Адам аз алдын қарап болжайтұғын.
Аңдыған бірін-бірі жаудан жаман Байқасақ ел белгісі оңбайтұғын. Бұл белгі табылып жүр біздің жұрттан Таласып бір-бірінің жүзін жыртқан.
Алданып арқадағы дау-шарына Кәтерден кәпері жоқ, келер сырттан, — деп терең маңызы бар әлеуметтік ой толғайды.....
Нарықты экономика несиеге берілген кез-келген ресурстарға процент түрінде ақы төлеуді қатаң талап етеді. бірақ практикада процент қарыз капиталының бағасы ретінде қарастырылады. Қарыз капиталы капитал – меншік иесі, өзіндік қозғалыс түрі бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына қатыспай-ақ қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену мүмкіндігін береді. Қарыз берушінің қолында қарызға берген капиталы үшін төлем қарыз процент түрін қабылдайды. Қарыз проценті қосымша құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда қызметін істеуші қызмет иесі, қарыз ала отырып, ақша иесіне алынған соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді. Қарыз проценті қосымша құнның бір бөлігі, оның кәсіпкерлер қарыз берушіге беруге міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке бөлінеді: капитал иесінің иемденетін проценті мен қарыз алушы иемденетін кәсіпкерлік табыс. Қарыз процентінің белгілі дәрежесі немесе нормасы бар. Процент нормасы қарыз капиталына алынған жылдық табыс сомасының, қарызға берген капитал сомасына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлем процент нормасы арқылы көрініс алады. Процент нормасы қарыз капиталынан алынған жалдық табыстың бүкіл қарыз капиталына қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген капиталды 100 мың доллар деп ұйғарсақ, ал осыдан жылдық табыс 6 мың доллар болады, онда процент нормасы ----- - 6 процентке тең. Қарыз проценті белгісіз өлшем, оның орта пайда нормасымен байланысты болатыны, соңғысы ең жоғарғы шек, әдетте, қарыз проценті одан асып кете алмайды. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеу тенденциясының орын алуымен, процент нормасы да төмендейді. Процент қалай пайда болады және ие не үшін төленеді ? Жаңа классикалық теорияның пайымдауынша пролцент уақыт үшін төлем. Себебі, игіліктердің бүгінгі бағасы мен ертеңгі бағасында (келешектегі) айырмашылық болады.....
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр . Сол реформалаудың логикалық жалғасы ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді. Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатқа мемлекеттік міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған. ....
Ауыру - урологиялық кеселдердің ең мәнді және неғұрлым жиі болатын нышандарының бірі. Шығу тегі жағынан ауыру шаншып не қақсап ауыратын болуы, тыныш қалыпта не қозғалғанда білінетін болуы мүмкін. Науқастардың медициналық көмек сұрауының ең жиі кездесетін себебінін өзі де осы ауыру сезімі. Ауыру белдің төңірегінде, шап өзегінің сыртқы бөлігінде, шат аралығында, тік ішектің төменгі шегінде, қасаға байламында шоғырлануы мүмкін. Ауыру әдетте ауырған органның орнына сәйкеседі, алайда басқа органнан таралған, иррадиацияланған болуы мүмкін. Мысалы, бүйрек шаншуында (несепағарда, шүмекшеде тас болуы) ауыру төмен шапқа, жыныс органдарына, санға иррадиацияланады. Бүйрек пен жоғарғы несеп жолдарының аномалиялары мен аурулары кезінде неғұрлым жиі болатын симптом (нышан) бүйрек шаншуы. Бүйрек шаншуының ұстамасы әдетте кенеттен, ауыр күш түскеннен кейін пайда болады. Ауыру пышақпен кескендей өткір сипатта болады. Науқастар мазасызданып, төсекте дөңбекши береді. Бүйрек шаншуының ұстауы әдетте қысқа мерзімді болады. Бүйрек шаншуы кезінде несеп оған қан араласқандықтан қызыл түске боялады. Бүйрек шаншуы - бұл жоғарғы несеп жолдарының жылтыр бұлшық еттерінің құрысып қалуының салдары. Кейде белдің маңы қақсап ауырады, әдеттегі иррадиация болмайды, енді бір жағдайларда ауыру реакциясы мүлдем болмайды (уақытша өзі дара қалған бүйрек). Құрсақ – астының, мықын асты маңының тартып ауыруы бүйректердің дистопиясына, таға тәрізді бүйрекке тән. Таға тәрізді бүйрек кезінде ауыру сезімі бүйрек мойыншасынын қолқаға, төменгі қуысты венаға, нерв өрімдеріне батуынан да болады. Бүйректің киста аурулары (поликистоз, мультикистозды бүйрек, мультиокулярлық бүйрек, бүйректің солитарлық кистасы) кезіндегі ауыру сезімі де әдетте тартып ауыратын сипатта болады және ұлғайған кисталардың бүйректің фиброздық капсуласын керуіне байланысты. Аномальдық бүйректер инфекцияның енуіне - пиелонефритке шалдыққыш (82%), ал мұның көп жағдайда бүйректің құрысуына апарып соғатыны мәлім. Жедел пиелонефрит кезінде толып жатқан симптомдар тән: жоғары температура, қабырға астының, белдің шаншып ауруы, несепте лейкоциттердің болуы.....
КІРІСПЕ Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттан тыс, оның ресурстарын қолданбай, өмір сүру мүмеін емес. Табиғат әрқашан адам өмірінің негізгі қайнар көзі бола отырып, физикалық өмір сүруіне және ойдың мүддесіне, өнегелігіне, әлеуметтік және рухани дамуына мүмкіндік жасап отырады. Көптеген жылдар бойы адам табиғатты бағындыруға және оған үстемділік етуге тырыса отырып, азаматтың өзі кенеттен экологиялық апаттың шегінде тұр. Осы драматикалық жағдай, яғни, қоршаған ортамен бірге табиғаттың адам қатынасына, өзгеруіне біздің буын куәгер болып отыр. Жер бетіндегі халықтың елді мекеннің қарқынды өсуі, сол сияқты ғылыми – техникалық дамуы адамның қоршаған ортаға деген мүмкіндігінің нығайуына әсер етіп отыр. Адам жеңіп алған құқықтарын жақын болашаққа пайдалана алмауына нақты қауіп туғызып отыр. Міне, осы себептен де жеке құқық құрамында қазір оған қауіп туғызбайтын өмір сүру құқығы қоршаған орта және еңбек шарты бірінші орынға жылжуда. Қазақстан Республикасы Конституциясының 31 бабында көрсетілгендей, мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Бүгінгі күні қолайлы қоршаған ортада адамның өмір сүру құқығын халықаралықсыз шешу мүмкін емес.....
Мұрат Құсайынұлы Құсайынов (1948 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы Қордай ауданында Шарбақты ауылында туған) – кеңестік және қазақстандық композитор, музыкант. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1993). Дос-Мұқасан ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі негізін қалаушы. Мұрат Құсайынұлы 1948 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы Қордай ауданында Шарбақты ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. 1972 жылы Студент кезінде қатарда оқитын достарымен бірге "Дос-Мұқасан" ансамблін құрды. Шығармашылығы 1972 жылы Студент кезінде қатарда оқитын достарымен бірге "Дос-Мұқасан" ансамблін құрды. Жас кезінен өнерге, ән-күйге құмар Құсайыновтың бұдан былайғы өмірі түгелдей осы ансамбльмен бірге өтеді. Оның өңдеуімен халық әні «Жайдарман», Абайдың «Қараңғы түнде тау қалқып», А. Жұбановтың «Қарлығаш», Ғ.Жұбанованың «Жыр жазамын жүрегімнен», т.б. әндері жаң шырқалды. Соның нәтижесінде ансамбль халыққа жақсы танылып, абыройы өсті. 1969 ж. Венгрияға барып, Будапешт студенттері алдында концерт берді.....
Сондай – ақ, БҰҰ – ның мәліметі бойынша әлемде қазір 40 миллион адамға СПИД кеселі жабысып өмір сүріп келе жатса, дүниежүзінде 2001 жылы ғана 5 миллион адамға жұққан. 2002 жылы бұл дерттен 3 миллион адам қаза болса, соның ішінде 15 жасқа жетпегендердің саны – 580 мың. Мұнымен қатар БҰҰ – ның деректері бойынша 2002 жылға дейін ата – анасы СПИД дертінен қаза болып, 14 миллион бала жетім қалған. 1981 жылы пайда болған СПИД айналасы алты жылдың ішінде, яғни 1987 жылы Қазақстанға жетіп үлгерген. Сол жылы Қазақстанда Теміртау қаласында СПИД – ке шалдыққан бірінші адам тіркелді. 2001 жылы 1 қарашадағы мәліметке сүйенсек, Қазақстанда 3139 адам СПИД дертіне ұшырапты. Алайда, бұл нақты мәлімет емес. Орталық Азия өңірінде бұл кеселге 50 мыңнан астам адам шалдықса, соның жартысы Қазақстанда. Ең соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда бұл дерттен өлген адамның саны дәл қазіргі күнге дейін 100 адамға жетті дейді. ....
Ом заңдары тек қарапайым электр тізбегін есептеу үшін ғана жарамды.Ал күрделі тізбектегі токты аныктау керек болса ,онда жалпыланған заңдылықтар болуы қажет.Сондықтан осындай заңдылықтың түріне заряд пен энергияның сақталу заңының салдары ретінде неміс физигі Кирхгов 1824-1887 ашкан заңдар немесе ережелер жатады. Кирхговтың бірінші ережесі түйіндерге қатысты оған келетін ток пен одан шығатын ток арасындағы байланысты қарастырады.Тармақталған тізбек деп аталатын тізбекте түйіндер үштен кем емес өткізгіштер тоғысатын кез-келген нүктені айтамыз Біз тұрақты токты қарастырғандықтан,түйінге қанша заряд ағып келсе ,сонша ағып кетуі керек.Егер түйінге кіретін токтарды оң,ал шығатын токтардытеріс деп есептесек,онда мынадай ережені айтуға болады,түйінде тоғысатын ток күштерінің алгебралық қосындысы нөлге тең.I+I-I=0 Мұны былайша түсінуге болады.Егер түйіндегі токтардың алгебралық қосындысы нөлден өзгеше болса,түйінде зарядтар көбейіп не азайып кетер еді де,бұл өз кезегінде түйіндегі потенциалдың және тізбектен ағатын токтың өзгеруіне әкеп соғар еді.Кирхговтың екінші ережесін жалпы түрде энергияның сақталу заңына сүйеніп,тармақталған тізбек үшін Ом заңын қорытындылау арқылы түсіндіруге болады.Тұйықталған жүйені құрайтын әрбір қосылғыштар энергияларының өзгерістерінің қосындысы нолге тең.Сондықтан тұйық тізбек үшін қатысы орындалады.Бұдан кернеудің түсуі екенін ескерсек ,Сонымен Кирхговтың бірінші және екінші ережелеріне сәйкес құрылған тәуелсіз теңдеулердің саны тармақталған тізбектерден өтетін әр түрлі токтардың санына тең болады.Сондықтан электр қозғаушы күші және барлық токты есептеуге болады. КЕЗ-КЕЛГЕН ТАРМАҚТАЛҒАН ТІЗБЕК ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН ШЕҢБЕРЛІК ДИАГРАММАЛАР • Егер тармақталған тізбектің бір тармағындағы кедергі,мысалы,екінші тармақтағы кедергі өзгеретін болса,ал басқа тармақтардағы кедергі және қоректендіргіштердің Э.Қ.К-і өзгермесе,онда кез-келген тармақтардағы токтар мен кернеулер бір-бірімен түзу сызықты тәуелділікте болады.Бұл тәуелділік тұрақты токқа да және амплитудасы өзгермейтін Э.Қ.К бар синусоидалы токқа да әділетті болады.....
Пән: Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік Сабақ тақырыбы: Жазықтықтардың параллельдігі 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар: 10.1.2.5 - жазықтықтардың параллельдік белгісін және қасиеттерін білу, оларды есептер шығаруда қолдану; Сабақ мақсаттары: Есептер шешуде параллель жазықтықтардың анықтамасын, қасиеттерін және белгілерін қолданады;.....
Макс Вебер (Max Weber) (1864-1920) - аса көрнекті неміс әлеуметтанушысы, тарихшы, экономист және заңгер. Эрфурт қаласында заңгердің отбасында дүниеге келген. Протестантизм мен саяси либерализм құндылықтарына негізделген тәрбие алған. Гейдельберг, Геттинген және Берлин университет-терінде білім нәрінен сусындады. Оның бастапқы ғылыми зерттеулерінің тақырыбы орта ғасырлар мен антика дәуіріндегі қоғамдардың шаруашылық өмірі болды. 1891-1897 жылдары ол Германияның бірқатар университеттерінде құқық және саяси экономия профессоры болды. Онымен бір мезгілде белсенді ғылыми-зерттеу және публицистикалық қызметпен айналысты. Алайда оның оқытушылық және зерттеу жұмысы сырқаттану салдарынан үзіліп қалды. 1904 жылы М.Вебер Вернер Зомбартпен біріге отырып “Әлеуметтік ғылым және әлеуметтік саясат мұрағаты” атты неміс әлеуметтану журналының редакторы болады, онда оның ең маңызды шығармалары жарияланады. 1907 жылдан бастап мұра алғаннан кейін толығымен ғылымға ден қояды. Бірнеше жыл бойы неміс әлеуметтанушылар қоғамдастығымен белсенді қарым-қатынас жасап, біршама маңызды позицияларға ие болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталысымен мемлекеттік қызметке кіреді. 1919 жылдан бастап Вебер Мюнхен университетінде жұмыс істеді. Ойлағанының бәрін жүзеге асырып үлгермей, 1920 жылы Вебер қайтыс болды. Өлгеннен кейін оның әлеуметтану зерттеулері қорытындыланған іргелі еңбегі “Шаруашылық және қоғам” және сонымен бірге әдіснама, мәдени-тарихи және әлеуметтанушылық зерттеулер логикасы, дін, саясат, музыка әлеуметтануы және т.б. бойынша мақалалар жинағы жарық көрді. ....
Эпидемиялық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздырғыш пен ие арасындағы әрекеттестік неше түрлі сыртқы көрінісімен сипатталады. Оған тікелей ішкі реттелу механизмдерінің ықпалымен қатар әлеуметтік-табиғи факторлардың әсері өте мол болады. Эпидемиялық процестің осы қырына Л.В. Громашевский көп көңіл бөлген. Эпидемиялық процестің көріністерін сипаттайтын әр түрлі терминдер мен түсініктер бар. Олар осы процестің қалай білінуін, оның сандық жағынан таралу ерекшеліктерін (аумақтық, маусымдық, циклділік, халық топтары, жылдық, көп жылдық, т.б.) сипаттау арқылы оның сыртқы реттелу механизмдерін түсінуге көмектесед Осы келтірілген дәстүрлі терминдердің қысқаша анықтамасын былай айтуға болады: эндемиялық сырқаттанушылық деп табиғи және әлеуметтік жағдайға байланысты осы жерде тұрақты қалыптасқан ауруларды айтады. Экзотикалық сыртқаттанушылық деп қоздырғышты басқа жерден әкелгенде, осы жерге тән емес аурудың пайда болуын айтады. Осының салдарынан эндемиялық, ал малдарға тән аурулар әкелінсе, энзоотиялық сырқаттанушылық қалыптасуы ықтимал. Мұндай аурулардың мөлшері және ұзақ түрде болуы қоздырғыштарының жаңа жағдайға (жерге) икемделуімен анықталады. Мысалы, Марбург және Эбола қызбаларының қоздырғыштарын тасушы маса біздің аумақтарда кездеседі, сондықтан осы вирусты аурулардың қыздырғыштары әйтеуір бір жағдайда бізге жеткізілсе, бұл аса қатерлі аурулардың эпидемиясының болуы қауіпі сақталады. Эпидемия спорадиялық, эпидемиялық, пандемиялық сырқаттанушылық түрлерімен сипатталады. Эпидемиялық сырқаттанушылықты кең және тар мағынада пайдалануға болады: кең мағынада осы науқастың жалпы болуын айтады, тар мағынада оның сырқаттанушылықтың белгілі деңгейден артық болуын немесе оның бұрын осы жерде болмай, жаңадан пайда болуын айтады. ....
Қазіргі экономика жағдайында аудиттің өте өзекті бағыты – ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде резервтер мен әр түрлі бұрмалаулар жасырынған. Ақшалай және кассалық-банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік, ведомоствалық және басқа нормативті актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет. Аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық, (методологиялық), қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн. Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістер арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақтылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар шынында жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функционалды аудитінің ерекше тәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады. Ақшалай ағымның төлемі мен қозғалысы циклі функционалды аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі пайыз есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды), және матрицалық тәсілдер, желілік (линейный), желілік емес және өсіңкі (динамикалық) бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабылдау және т.б кеңінен қолданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. ....
Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады. Грамматикалық құрылыс сөзге сүйенеді және сөз арқылы ғана көрініп отырады, сөзді таяныш етпейтін бірде-бір грамматикалық құрылыс болмайды. Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді. Морфология – сөз және олардың формалары туралы ілім. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әрқилы өзгешеліктерге ұшырап, әр алуан қызмет атқарады. Морфология осындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны алып, оларды белгілі топтарға бөліп, сол топтардың әрқайсысына тән жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары айқындалып, сөз таптары ажыратылады, әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады. Сөздің формасы деген ұғымға сөздің негізгі түбірі де, сөздің туынды, біріккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қосылған түрлері де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің формасы деген ұғым – сөзден сөз тудырып, сөз бен сөзді байланыстыратын тәсілдері де, сондай-ақ, сөзге қосымша мағына жамайтын өзге тәсілдерді де қамтиды.....
Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған, мысалы, тарих түңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп, білмегсн, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар - енуі мүмкін. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады. Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелср қиялдың негізгі сипатын құрайды. Әдетте, күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы сөздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындыққа сай келмейтін, практикалық маңыз-мағынаға ие болмағанның бәрін қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекеттің негізі ретінде көркем-өнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенінен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемінің бәрі дерлік қиял мен осы қиялға негізделген шығармашылықтың жемісі. "Әрқандай бейне, мейлі ірі, мейлі кіші болсын, нақты қалыпқа келіп, орнықты шындыққа айналудың алдын ойда түзілген жаңа байланыстар мен қатынастар негізінде жасалған қиял түрінде іске асады" (Рибо). Алайда, қиял қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздік ерекшелігін жоймайды әрі тек өзіне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял бейнелерінің естегі суреттемелерден негізгі айырмашылығы - олардың нақты болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелері-өткен тәжірибенің қайта жаңғыруы, сондықтан да естің, негізгі қызметі өйткені тәжірибе нәтижелерін мүмкіндігінше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесінде қай бейне болмасын, өзгеріске түседі, осынысымен де қиял әрқандай шығармашылық ұмтылыстың міндетті шартын құрайды. Сонымен бірге, қиял арқасында адам өз ісін бастамай тұрып-ақ, болашақ еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжастыра алады. Қиял жәрдемімен болашақ нәтижені күтудің өзі адам еңбегінің жануарлар тума қылығынан түпкілікті өзгешелігін танытады. Қиялдың алдағы іс-әрекет өнімін болжастыруға мүмкіндік ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына, мақсатқа жетудегі ынта-жігеріне қосымша қуат қосады. Кейде фантазия кері ықпал да жасауы мүмкін. Алдағы күтілген жағымсыз жағдайлар немесе қауіп-қатер мен бақытсыздықтар адамды күшті күйзеліске тап қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтін, шектен тыс, орынсыз қимыл-әрекетке келтіреді. Мұның дәлелі - кенеттен болған өрт кезінде кей адамдар көрініп тұрған көмекті шыдаммен күтудің орнына көп қабат үйлердің жоғарғы қабаттарынан өзін тастап, мерт болғаны. Қиялдың зияны халықта "Қорыққанға қос көрінеді" мәтелінде дәл айтылған. Қиялдың бүгінгі өмірден арқан бойы алда болып, болашақта күтілгсн кей оқиғаларды күні бұрын танытуы қиял мен ойлаудың арасында тығаз байланыстың барын білдіреді. Ойлау сияқты қиял да проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсінуінен, қоғамдық сананың даму деңгейіне сай туыңдайды. Мысалы, егер ежелгі дүние адамдары арасында жаратылыстың пайда болуын түсіндіру қажетінен діни бейнелер келіп шықса, бүгінгі күнде бұл үшін космостық келгінділердің фантастикалық көріністері қолданылады. ....