Жұқпалы аурулар

Жұқпалы аурулар

Сондай – ақ, БҰҰ – ның мәліметі бойынша әлемде қазір 40 миллион адамға СПИД кеселі жабысып өмір сүріп келе жатса, дүниежүзінде 2001 жылы ғана 5 миллион адамға жұққан. 2002 жылы бұл дерттен 3 миллион адам қаза болса, соның ішінде 15 жасқа жетпегендердің саны – 580 мың. Мұнымен қатар БҰҰ – ның деректері бойынша 2002 жылға дейін ата – анасы СПИД дертінен қаза болып, 14 миллион бала жетім қалған.
1981 жылы пайда болған СПИД айналасы алты жылдың ішінде, яғни 1987 жылы Қазақстанға жетіп үлгерген. Сол жылы Қазақстанда Теміртау қаласында СПИД – ке шалдыққан бірінші адам тіркелді. 2001 жылы 1 қарашадағы мәліметке сүйенсек, Қазақстанда 3139 адам СПИД дертіне ұшырапты. Алайда, бұл нақты мәлімет емес. Орталық Азия өңірінде бұл кеселге 50 мыңнан астам адам шалдықса, соның жартысы Қазақстанда. Ең соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда бұл дерттен өлген адамның саны дәл қазіргі күнге дейін 100 адамға жетті дейді.
2002 жылы Алматыда өткен «Орта Азия мемлекеттері мен Қазақстандағы СПИД дертінің алдын алудың нәтижесі мен тиімділігі» деген тақырыптағы халықаралық конференцияда Қазақстанда 3139 адамның, Қырғызстанда 339 адамның, Тәжікстанда 75, Өзбекстанда 1650 адамның СПИД дертіне шалдыққаны мәлім етілді. Жуықта ғана, 25 қарашада Өзбекстанда таратылған ресми мәлімет бойынша СПИД – ке шалдыққандар саны аталған елде 1745 – ке жетті. Қазақстанда 01.01.2001 жылы алынған есеп бойынша аталмышты дерттің қоздырғышын жұқтырғандар саны 1347 болса, қазіргі кезде 2 есеге артқан. Республиканың барлық облыстарынан кездесетін бұл дертпен ауыратындардың 73 % Қарағанды облысын мекендеген.















«СПИД – XXI ғасыр ауруы»

СПИД жынысқа, жасқа қарамайтын жұқпалы дерт. Әзірге бұл кеселден құлан таза айықтырып жіберетіндей дәрі табылған жоқ. Бүкілдүние жүзі денсаулық сақтау ұйымдарының деректері бойынша, жер шарында бүгінге дейін 30 миллион адам осы ауруды жұқтырғандығы тіркелген. СПИД көбінесе 20 – 49 жас аралығында жиі кездеседі.
СПИД деген сөз – орысша Синдром Приобретенного Иммунодефецита деген сөздердің қысқарған түрі. Көбінесе бұл дертті орысша СПИД / ВИЧ деп атайды. ВИЧ деген – Вирус Иммуннодефецита Человека деген сөздердің қысқарған түрі. СПИД сөзін қазақ басылымдары Жұқтырылған Қорғаныш Тыныштығының Белгісі деп аударып жүрсе, ВИЧ сөзін Адамның Қорғаныш Тыныштығының Қоздырғышы деп аударыпты. Әрине, мұндай сөздерден қазақ жұрты ешқандай нәрсені бағамдай қоймайды ғой. Бұл дерттің мәнісін қазақша түсіндірсек, адам ағзасындағы ауруға қарсы тұратын заттардың бүлінуі немесе жойылуы болмақ екен. Ал, шын мәнінде бұл дерт адам қанындағы ақ түйіршіктердің бүлініп жойылуы. Соңғы кезде Семей полигоны зардабынан пайда болған рак ауруы осы дертке ұқсас деуге болады. Мұны көбінесе дәрігерлер - ақ қан ауруы деп халыққа түсіндіретін болды. Міне, СПИД - те осы секілді. Бұл да сол секілді ақ қан түйіршіктердің жойылуы. Қанда ақ түйіршік жойылған соң адам ағзасы ешқандай дертке қарсы тұра алмайды. Тіпті, жеңіл – желпі тұмаудың өзі асқынып өміріне қауіп төндіреді.
Рак ауруынан СПИД – тің айырмашылығы: ол – жұқпалы. Міне, оның қатері де сонда. Бұл дерт алғаш рет 1981 жылы Африка құрлығының оңтүстігінде маймылдарға тәжірибе жасап жүрген кезде маймылдан адамға жұғып пайда болған деген деректер кездеседі. 2001 жылы, СПИД дертінің пайда болғанына 20 жыл толды. Осынау 20 жылда бұл дерт сан миллиондаған адамның өмірін үзіп үлгерген. Қазір бүкіл әлем бойынша жаман дерт жұқтырған адамдардың жалпы саны 40 миллионнан асып барады. БҰҰ – ның 2003 жылдың соңындағы СПИД – тің таралуы жөніндегі төмендегі дерегі бар:

Африка құрлығының Сахараның оңтүстік жағында
28 500 000
Африка құрлығының солтүстік жағы Таяу Шығыспен қоса есептегенде 500 000
Латын Америкасы 1 500 000
Кариб бассейні аумағында 420 000
Солтүстік Америка 950 000
Батыс Европа 550 000
Шығыс Европа мен Орталық Азияда 1 000 000
Шығыс Азия мен Тынық мұхит өңірінде
1 000 000
Оңтүстік және Оңтүстік -Шығыс Азияда
5 600 000
Австралия мен Жаңа Зеландия 15 000

Әсіресе, 2000 жылдан бері Қазақстан мен Орталық Азия өңірінде СПИД қарқынды таралып келе жатыр. Ал бұл дертті жұқтырып алғаннан соң ұзақ уақытқа дейін медицина орындарында оны анықтау мүмкін емес екені ескеріліп, конференцияға қатысушы мамандар Орталық Азия елдерінде бұл дерттің таралуы Ресей мен Украинадағы ахуалға ұқсап қайталануы мүмкін деген болжам жасады. Ресей мен Украинада қазір 1 миллионнан астам адам осы дертке шалдыққан деген жорамал халықаралық конференцияда нақты деректермен дәлелденді. Демек, Қазақстанның айналасын қоршаған елдердің қай – қайсысында да СПИД «өрті» өрши түсуде. Тек Түркіменстанда ғана бұл дерттің пайда болуы туралы еш хабар жоқ.
СПИД дерті бірден байқалмайды. Оның алғашқы белгілері аурудың қоздырғышы тәнге енгеннен 5 – 10 жылдан кейін байқалады. Бұл жылдар ішінде ол адамның ауруын бірнеше 10, 100 адамға жұқтыруы әбден мүмкін.
Мамандар мұның үш түрлі жолын анықтап отыр. Біріншісі, жыныстық қарым – қатынас арқылы, екіншісі, парентералдық деп аталады. Мұнда тері қабатының бүлінуі арқылы жұғады, яғни ине, шприц, пышақ өзге де өткір құралдармен тері зақымданғанда қан арқылы жұғады. Ал үшіншісі, ана босанған кезде және ана сүтінен балаға жұғады.
СПИД – пен ауыратын әйел бала көтерген жағдайда, оның вирусы сәбиге құрсақта жатқан кезде – ақ жұғып үлгереді.
СПИД вирусы қанда, зәрде, ұрықта, ана сүтінде сол секілді сілекейде болады. СПИД кеселін ауру адаммен жыныстық қатынас жасаған кезде, тазаланбаған ине егу кезінде, дертті адамға қан құйған сәтте жұқтыруы мүмкін.
Мұның ең жиі ұшырасатыны есірткіні шприцпен қолданушылар екен. Қазақстанда дертке ұшыраған адамдардың 84,3 пайызы нашақорлар болып отыр. Ал жыныстық жолмен жұқтырғандар 8,8 пайыз болып келеді. Сондықтанда халықаралық конференцияда , Сонымен қатар БҰҰ – ның баяндамаларында да бұл дертке қарсы күрес нашақорлыққа қарсы күреспен тығыз байланысты.
Аурудың алғашқы белгілері:
 себепсіз салмақ жоғалту;
 терлегіштік;
 тез шаршау;
 әлсіздік;
 қолтық, тамақ астындағы лимфа бездерінің ісінуі;
 дене қызуы көтерілуі;
 іш өтеді;
 бөртпелер пайда болады.
Сырқат адамның еңбекке қабілеті төмендеп, асқа тәбеті болмайды. Ауыздағы сілекей қабығы жемделіп кетеді.
Халықаралық дәрежедегі зерттеулерге қарағанда СПИД, әсіресе, туберкулез бен өзге де жұқпалы аурулармен ауырғандар арасында ерекше шапшаң таралады екен. Ал Қазақстанда туберкулездің меңдеп асқынып тұрғанын ескерсек, сондай – ақ, тұрмыс – тіршіліктің ауыртпалығын халықтың басым бөлігі тартып отырғанын ойласақ, СПИД біздің елімізде қурап тұрған шөпке от қойғандай шапшаң өршуі мүмкін деген қауіп бар.
Ресми мәліметке үңілсек, бұл дертті жұқтыратындардың басым бөлігіне қыз – келіншектердің жеңіл жүрісі себепші десек, Қазақстанда бүгінгі таңда 20 мыңнан астам жезөкші ресми тіркелген. Оның ішінде 5 мыңнан астамы Алматы қаласында (Саин, Сейфуллин, Рысқұлов көшелерінің бойында). Осы қыз – келіншектердің 75 пайызы есірткені ине арқылы қолданады екен.
СПИД дертімен адамның ағзасы небәрі 5 – 8 жыл ғана күресе алады. Демек, бүгінгі күні бұл дертке шалдыққандар айналасы он жылдың ішінде өмірмен қоштасады. сонымен қатар БҰҰ – ның зерттеулеріне қарағанда СПИД дертімен ауырған бір адамнан 7000 адамға жұғатыны айқындалды. Яғни, бұл дерттің алдын алмаса, онда оның өршуі арифметикалық прогрессиямен де геометриялық прогрессиямен де етек алуы мүмкін. СПИД – ке қарсы күрес орталығының мәліметіне қарағанда бүгінгі таңда Қазақстанда әрбір 400 адамның біреуі бұл дертке шалдықса, енді 4 – 5 жылдың ішінде – ақ 200 адамның біреуі, 15 жылдан кейін 50 адамның, онан әрі бүкіл халық жаппай осы дертке шалдығып, жойылып кетуі әбден мүмкін.
Тарихта мұндай құбылыс аз болмаған. Оба, сүзек, шешек секілді індеттерден бүтіндей қалалар, бүкіл өңірлер, тіпті, бүкіл ел халқы жойылып кеткен оқиғалар болған. Мұндай індеттің емі табылғанша адамдар миллиондап қырылатыны түсінікті.
Өкінішке қарай, БҰҰ – ның 20 жыл бойы бұл дертке қарсы күресі аса нәтижелі болмай тұр. Егер Африка құрлығының оңтүстігінде СПИД алғаш пайда болған кезде онымен ауыратын адамдарды бірден аластап, арнайы орынға «қамап» емдегенде, бәлкім, ол кеңінен тарала қоймас еді. Ал қазір халықаралық құжаттар мұндай шараға жол бермейді. Нақты айтқанда, Адам құқы жөніндегі Декларацияның 25 – бабында, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқық туралы халықаралық фактінің 12 – бабында Әйелдерді кемсітушілікті жою жөніндегі Конвецияның 12 – бабында, Балалардың құқы жөніндегі Конвенцияның 24 – бабында және өзге де көптеген халықаралық дертке шалдыққандарға ауруды таратпау жөніндегі үгіт – түсінік жұмыстары жүргізіліп, дәрі – дәрмекпен ем қолдану жолдары ғана мықтап қарастырылған. СПИД – ке шалдыққан адамдарды кемсітуге, оларды оқшаулауға, қудалауға, қысымшылыққа ұшыратуға болмайтыны, керісінше, оларға барынша қамқорлық, насихат, үгіт – түсінік жұмыстарын жүргізумен ғана шектелу жиі айтылған.
Бұл дертке қарсы күрестің ең оңтайлы тәсілінің бірі деп жыныс қатынасында медициналық қорғаныс шараларын қолдану дегенге ғана саяды. Сондай – ақ нашақорлыққа қарсы, өзге жұқпалы ауруларға қарсы күрес жүргізу, қайыршылыққа, жоқшылыққа қарсы шаралар жасау жолдары жиі сөз болады.
Қазіргі уақытта бұл дертті жазатын нақты дәрі – дәрмек табылған жоқ. Бүгінгі таңға дейін ғалымдар бұл ауруға қарсы вакцина жасаумен шұғылданып келеді. Әзірге бұл сырқатқа қарсы азидотимидин және гибровирин деген екі препарат қолданылып жүр. Бұл дәрілер сырқатты сауықтырып жібермегенмен, вирустың көбею процесін уақытша болса да тежеу мүмкіндігіне ие.
СПИД адамзат алдында тұрған үлкен кеселдердің бірі. Қазір ол жүзден астам елден табылып отыр. СПИД барлық халыққа, бар нәсілге зардабы тиетін дерт. Мұның өзі мидициналық қана емес, әлеуметтік проблема. СПИД – ке қарсы күрес тек дәрігерлердің ғана жұмысы емес. Оған ішкі істер органдары да, үкімет пен парламент, басқа да ұйымдар ат салысуы керек.
Нашақорлыққа қарсы күресті дұрыс жолға қою керек. Әсіресе, жас жеткеншектер арасында СПИД ауруы жөнінде сабақтар жүргізіп, білімдерін көтеріп, олардың осы тақырыпта деректі фильмдер көру мүмкіндіктерін жетілдіру жөн.
1988 жылдан бері 1 – желтоқсан күні СПИД дертіне қарсы күрес күні деп есептеледі.

Елдердегі 2002 жылдың соңына дейінгі СПИД – ке шалдыққан деп болжанып есептелген адамдардың саны. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?