Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: батаның нұсқасын бейне жазба нұсқасымен салыстырып, батаның жанрын анықтайды . Көптеген оқушылар: батаны жатқа біледі Кейбір оқушылар: батаның түрлерін атай алады......
Асанәлі Әшімұлы Әшімов (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. Қазақстанның Еңбек Ері (2017). Қатал соғыс жылдары өткен балалық шағы туралы осылай дейді: - Алғашқы қар жауғанша жалаң аяқ жүрдім. Бір күні сабақ кезінде қалың қар жауған еді. Барлық сыныптастарымды ата-аналары үйлеріне алып кетті. Ал мен суық саз мектепте жалғыз қалдым. Ол кезде тоғыз жаста едім. Түні бойы қатты қорыққаным соншалық, таңертең мектептен он жасқа есейіп шыққандай болдым.....
ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп, барған сайын шикізатты өндіру артты, дүниежүзілік мұхит пен қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді. Ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер етудің ұлан-ғайыр мүмкіндіктері мен құралдары және адам баласының өсіп отырған қажеттіліктері табиғат ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қарымен бара-бар мөлшерде пайдалануға алып келді, ол жер бетінің өзгеру ауқымы, дауылдар, су тасқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға келеді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи түрдегі энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін қауіп тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді алып келетін деңгейге жақындады. Дүние жүзіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе өткен ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі объективтік жағдайлар да осыған себепкер болды.....
Жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес, ауыз су тапшылығы, демография мәселесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру, экология мен қазақстандық білім беру жүйесінің бүгінгі ахуалы Қазақстан-Ресей университеті Атырау бөлімінің ректоры, "АҚ ЖОЛ" КДП Атырау облыстық филиалының басшысы Ғ.Муафих мырзамен өткізілген әңгімеде тілге тиек етілген еді. — Ғалымтай Муафихұлы, ауыл дегенде алдымен оның тұрмыс-тіршілігі тілге оралады. — Табиғи байлықтарды пайдаланудан түскен мемлекет табысының тұрақты бір бөлігін ауылды әлеуметтік-экономикалық, экологиялық дағдарыстан шығару мақсатына бөліп, сол арқылы қордаланып қалған өзекті мәселелерді шешуге жұмсау керек. Ол үшін мемлекеттік құрылымдардың халық мүддесіне сай әрекет етуіне мемлекеттік және қоғамдық бақылау күшейтілуге тиіс. Қылмыс пен бұзақылыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің пәрменді жүргізілуі де аса маңызды. — Ауыл тақырыбына қатысты тағы қандай проблемалар бар? — Ең негізгісі — ауылды газбен қамтамасыз ету. Сонымен қатар ауыз су мәселесін шешу, автокөлік жолдарын жақсарту, дәрігерлік-санитарлық торабын қайта қалпына келтіру, осы орайда салауатты өмір салты мен санитарлық-гигиеналық тәрбиені, ұлттық мәдени және рухани құндылықтарды насихаттау. Кез келген азаматтың дәрігерлік мекеменің тандауы және оларға ең төменгі деңгейде белгіленген ақысыз қызмет көрсету құқығын қамтамасыз ету керек. — Бүгінгі танда елдің әлеуметтік ахуалының тұралауына әкеп соққан басты мәселенің бірі — жұмыссыздық. Сіздіңше, мұны шешудің төте жолдары қандай? — Бұл үшін кәсіп көзі жоқ елді мекендерде мал өнімдерін қабыддайтын және өндейтін шағын кәсіпкерлік нысандарын ұйымдастыру және оларды қолдау мақсатында бюджеттен бөлінетін ұзақ мерзімді, төменгі пайызды несиелер көлемін ұлғайтқан дүрыс. ....
Сөйлеу мәдениеті- адамның жалпы мәдениетінің ажырамайтын және құрама бөлімі. Сөйлеу мәдениеті сипаттамасы, ұғымның теориялық қорытындысын талдау. Мұғалім сөзі –оқыту, тәрбиелеу әдісі. Сөйлеу мәдениетінің тәрбие теориясы біліміненғ, жұмыстағы ептілік, дағды оқу пәнінің және оған шектес пәндер материалдарын игеруге өз бетінше жетілуге үздіксіз талаптануға негізделген мұғалімнің жан-жақты қызметімен байланысты. Жеке адамның сөйлеу мәдениетін көтеруде мұғалімге қойылатын жауапкершілік. Сөйлеу техникасы - көркем сөз оқу өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талап етеді. Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған, дағдыланбаған адам көркем шығарма тексін таңдыушыларына ауызша мәнеріне, мақамына келтіріп жеткізе алмақ емес. Сөйлеу техникасын игеру тәсілі музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты. Егер аспап күйіне келмесе, орындалатын шығарманың әуезділік сапасы төмендейді, тыңдаушылардың, құлағына жағымсыз тиеді. Демек, тексті оқыр алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп, дайындық жұмысын жүргізу қажет. Сөйлеу техникасына: тыныс алу, (ауына ішке жүту, сыртқа шығару), дауыс, дикция (үн реңкі) жатады. Мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін, тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру, сөйлеу техникасы біліп, игеру міндеті қойылады. Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде, дыбыстардың шығу, жасалу орнына айрықша көңіл бөлінеді. Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады. Мектеп жасына дейінгі балдырғандардың дыбыстау мәдениетін тәрбиелеу жөнінде арнайы оқу құралы қазақ тілінде жоқ, сондықтан қазақ тілі дыбыстарының жасалу жолдарын жогары оқу орнына арналған оқулықтан қараңыздар. ....
Бронхоскопия. Бронхыларды тексеріп қарау әрқашанда да кеңірдекті қараумен қатар жүргізіледі, яғни трахеобронхоскопия жасалынады. Егер рентгентелекөріністік және рентгенологиялық бақылаудың қажеттігі байқалса, бронхоскопияны рентген-эндоскопиялық кабинетте жасайды (рентген-бронхологиялық тексеріс). Бронхоскопия жасауға қатты (металл) немесе иілгіш шыны талшықты оптикалы бронхоскоп (фибробронхоскоп) қолданылады. Қатты бронхоскоптың негізі металдан жасалған қуысты тубус болып табылады, оның диаметрі 12 мм-ге дейін; сондай-ақ оның жарық беруге, өкпені жасанды желдетуге, телескопты әртүрлі көру бұрышымен бағыттауға, сонымен қатар үлкейткіш шыныны фотоқондырғыға қосатын тетігі бар. Металды бронхоскоппен бронхоскопия жасағанда науқасты шалқасынан жатқызып, өкпені жасанды желдетіп, наркоз береді. Тубусты ауыз, көмекей және дауыс саңылаулары жолдары арқылы кеңірдекке, содан кейін бронхыларға, сегментарлы бронхтар сағасына дейін жылжытады. Тубус арқылы өтетін оптикалық телескопты қолдану бронхыны тексеріп қарауды жеңілдетеді. Бронхофиброскоптың диаметрі кішкентай (5—6 мм және одан да кіші), ол жақсы иіледі. Оның үш жағындағы иілу бұрышын өзгертуге, реттеп отыруға болады. Фибробронхоскоптың диаметрінің кішілігі және жақсы басқарылуы арқасында негізгі бөлікті, сегментарлы бронхыларды ғана емес, субсегментарлы бронхыларды да тексеріп қарауға болады. Бронхофиброскоптардың барлық үлгісінде бронхы ішіндегі сұйықты сорып алуға, әртүрлі құралдарды, оның ішінде биопсия алатын аспаптарды өткізуге арналған түтіктер болады. Бронхофиброскопты түрлі-түсті эндоскопиялық көріністі телекөрініс экранына беретін қондырғыға қосуға және көріністі бейнепленкаға жазуға болады. Науқасты басына жастықша қоятыны бар ыңғайлы орынтаққа отырғызып, жергілікті жансыздандыру жасағаннан кейін бронхо-фиброскопия жасайды, тыныс жолдарын жансыздандыру үшін лидокаин, тремекаин, дикаин, новокаин ертінділері қолданылады. Бронхофиброскопты теменгі мұрын жолымен кеңірдекке енгізеді. Бронхофиброскопты ауыз қуысы арқылы енгізуге болады, бұл — аса ыңғайсыз тәсіл; оны негізінде мұрын жолдарының патологиясында қолданады. Наркоз жасап тексерген жағдайда бронхофиброскоп интубациялық түтік немесе қатты бронхоскоптың тубусы арқылы енгізіледі (біріктірілген бронхоскопия). Ересек адамдар үшін негізінен бронхофиброскопия әдісін пайдаланған жен. Қатты бронхоскопия жасаудың ерекше көрсеткіштері бар, олар — өкпеден қан кетуді анықтау және оны тоқтату, бөтен заттардың болуын, кеуде қуысы лимфа түйіндерінің туберкулезіндегі бронхолиттерді (бронхы тастарын) анықтау және оны алып тастау, бронхылардағы мол іріңді сорып алу.....
Ішкі жұқпайтын ауру басқа ауруға қарағанда өте көп кең тараған аурулардың бірі, ішкі жұқпайтын аурулардың ерекшеліктері мынада: дәрігерлік көмек көрсетіп жүрген айқын ауру малдан басқа, ақуыз, көмірсу, витамин, минералды заттар алмасу процестері бұзылған көптеген малда да кездеседі. Бұлмалға анық ауру белгілері болмаса да дәрігерлік көмек көрсетілуін талап етеді. Қан тамырлар жүйесі – мал организміндегі ең басты жүйенің бірі. Оның негізгі қызметі – ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және түрлі нәрлі заттармен қамтамасыз еткізіп, зат алмасуынан қалған керексіз заттарды денеден шығару. Малда қан тамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады. Кейде, негізгі ауруды жойғаннан кейін малдың шығынға ұшырауына қан тамырларының қайтадан орнына келмейтіндей болып өзгеруі себепкер болады. Бұл аурулар арнайы бағыттандырылған шаруашылықтар мен өнеркәсіптік кешендерде жиі кездесіп тұрады. Осы бағыттағы өндіріс барысында кездесіп тұратын көп себептер (малдың тығыз орналасуы, үздіксіз жұмыс істеп тұрған тетіктердің шуылдары т.б.) малды ылғи үрейлендіріп, жүйкелерін қажытып, қан тамырлар жүйесінің қызметтерін бұзуларына әсер етілуі. Қан тамырлар қызметінің бәсеңдеуі көбінесе жүрек етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуінен болады. Тыныс алу және басқа да жүйелер мен ағзалардың аурулары әр түрлі дәрежеде жүрек пен қан тамырлары қызметтерінің бәсеңдеуіне себепші болады. Қан – организм тіршілігіне қажетті маңызды функция атқарады. Қанның негізгі функциялары мыналар: қоректендіру, тыныс алдыру, қорғану, жылу реттеу және мүше функцияларының өзара байланыстылығы.....
Жоғары температураның әсерімен мұнайды өңдеуді термиялық өңдеу процестері деп атайды. Оған күрделі көмірсутектерді жоғары температура әсерінен қарапайым көмірсутектерге ыдырату (термиялық крекинг),ауыр мұнай қалдықтарын кокстеу (қортқылау), құрамында қанықпаған көмірсутектер көп болып келетін газдар қоспасын алу үшін жүргізілетін пиролиз процестері жатады. Көмірсутектердің термиялық ыдырауы 380-400 0С-та басталады. Күрделі реакциялардың – термиялық полимерлену мен конденсациялану – нәтижесінде қанықпаған және ароматты көмірсутектерден шикі мұнайдың құрамына кіретін заттар – көмірсутекті газдары, сұйық мұнай өнімдерінің қосымша мөлшері, сонымен бірге мұнай коксы (қатты көмірсутек қалдығы) түзіледі. Мұнай шикізатын термиялық өңдеу жүйелері шарттарға және тағайындалуына байланысты крекинг, кокстеу және пиролиз аталымдарын алды. Шикі мұнайлардың ауыр фракцияларының белгілі температурадан аса қыздырылуы жағдайында қосымша бөліну икемділігі крекинг жүйесін пайдалануда үлкен жетістіктерге әкелді. Мұнайдың жоғары температурада қайнайтын фракцияларының бөліну кезеңінде, С-С байланыстары бұзылады,сутегі көмірсутегі молекуларынан үзіліп, нәтижесінде бастапқы шикі мұнай құрамымен салыстырғанда, түрлі өнімдер спектрі шығарылады. Мысалы, 290-400 0С температура интервалында қайнайтын дистилляттар, крекингтеу нәтижесінде газ, жанармай және ауыр шайірға ұқсас қалдық өнңмдерін шығарады. Крекингтеу жүйесі шикі мұнайдан бастапқы айдау нәтижесінде құрылған аса ауыр дистилляттар мен қалдықтарды деструкциялау жолымен жанармайдың шығарылуын ұлғайтады. Бүгінгі таңда қазіргі қозғалтқыштардың талаптарына сәйкес келмейтіні және шығарылатын өнімнің төменгі сапалылығы үшін (жанармай), термиялық крекинг басқа, мұнайды қайталау өңдеудің қазіргі әдістерімен шегерілген. Бүгінгі таңда термиялық крекингтің жаңа құрылғыларын енді жаңадан орнатпайды, ал әрекеттегі құрылғыларды каталитикалық крекинг және басқа қазіргі жүйелер құрылғыларын қайта жабдықтайды. Ал термиялық крекинг негізінде кокстеу қондырғының дистиллятты шикізатын термодаярлау, оның бір түрі – висбрекинг процесі ретінде іске асады. Висбрекинг – қазандық отынның тұтқырлығын төмендету мақсатында мұнай шикізатын термиялық өңдеу процесі. Кокстеу немесе көмірді жартылай қортқылау және қортқылау процесіне – ауасыз қыздыру арқылы жүретін термиялық деструкция процестерін айтады. Жартылай қорқылау процесін 500-550 0С, ал қортқлау – 1100 0С дейін жүргізеді. Термиялық крекингте қортқы көмірдің түзілуі әрекеттің тереңдеу мүмкіншлігін шектейді.Гудрон немесе мазут крекинггінде ашық түсті өнімдердің қозғалысы 35-40 %-дан аспайды. ....
Дербес компьютер- бұл информациялық технологияның негізгі техникалық базасы.Компьютер саласынан тыс жерде жұмыс істейтін мамандар өздерін компьютердің аппараттық бөлігін білуде оның толық жиынын , тіпті болмағанда оның негізгі техникалық сипаттамасын тікелей құрастырушымыз деп есептейді.Компьютерлік техниканың осы заманғы нарығы әрқилы болғандықтан қажетті сипаттамадағы дербес компьютердің конфигурациясын анықтау қиын. Дербес компьютер- бұл электрондық аспаппен орындалатын , программамен басқару арқылы информацияны автоматты түрде түрлендіруге арналған құрылғы. Компьютердің синонимі – есептеуіш машина, электрондық есептеу машинасының (ЭЕМ) бұйымы. Дербес компьютердің негізгі элементтері мен олардың арасындағы байланыс. Дербес компьютерлер тұрмыстық,оқу жүйесіне арналған және кәсіби деп аталатын үш түрге бөлінеді.Тұрмыстық компьютерлер- компьютерлердің қарапайым түрлері(70-жылдары дайындалған, қазіргі кезде өндірістен алып тасталған БК-0010,Ириша,Apple II,т.б).Олардың жадтарының сыйымдылығы үлкен емес,орындайтын іс-әрекеттері де шамалы болатын. 70 жылдардың дамуы ЭВМ-ның сұранысын және мини ЭВМ-ның сұранысын төмендетті.Бұл IBM фирмасының қатты уайым құралы болды. IBM(International Bussines Machines Corporation)-бұл үлкен ЭВМ машинасын шығару компаниясы 1979жылы IBM фирмасы өзінің күшін дербес компьютер нарығында сынап көргісі келді. Бірақ фирманың басқарушысы нарықтың болашағын бағаламады және компьютердің құрылуын кішкентай экспремент түрінде көрді.Ол дегеніміз фирма жұмысының жаңа құралдарының құрылуының оннан бірі деген сөз.Фирма басқарушысы үшін бұл экспрементке көп ақша жұмсамас үшін берілген проектке жауапты бөлімдерге бөлді.Көбіне оған дербес компьютер дербес компьютер 0-ден құрастыру етуге рұқсат етілді ,басқа фирмалар дайындаған блокты қолданды.Бұл бөлім берілген мүмкіндікті толығымен қолданды.Бәрінен бұрын компьютердің ең негізгі микропроцессоры болып жаңа 16-разрядты Intel 8088 болып таңдалды.Оны пайдалану компьютердің потенциалды ұлғаю мүмкіндігін анағұрлым үлкейтті, сондай-ақ компьютер 1 мбайттық жадымен жұмыс істтеуге мүмкіндік берді, ал барлық компьютерлер 64 байттық жадымен шектелген болатын. 80-жылдардың бас кезінен бастап 90-жылдардың бас кзіне дейін оқу орындарында информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін щқып-үйрену үшін жад көлемі 64,128Кбайт шамасындағы Корвет,Укнц,ямаха MSX-2,т.б оқулық компьютерлер пайдаланып келді. 1981 жылы тамыз айында IBM PC атты компьютер қолданушыларға арнайы таныстырылды.Осыдан кейін дербес компьютерлер қолданушылар арасында өте танымал болды.Бір,екі жылдан кейін IBM PC компьютер нарықта алдыңғы орынды алды.Ол 8 биттік компьютер IBM PC стандартты дербес компьютер болды. Халық шаруашылық түрлі салаларында пайдалануға болатын, қазіргі кезде оқу орындары толық қамтамасыз етілген,жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары және әрекет жылдамдығыүлкен дербес компьютерлер әмбебап немесе кәсіби дербес компьютерлер деп аталады.Мұндай машиналарды және олардың негізгі құрылғысы- процессорларды шығаруды алғаш рет дүние жүзінде Apple,IBM,Intel,т.б фирмалар айналысқан болатын.ДК-де процессор үшін YUC,AYUC пайдалатындықтан,оны микропрцессор деп атайды.Бұл жұмыста,әсіресе, IBM,Intel фирмаларының еңбегі көп. Intel фирмаларының жасап шығарған түрлі үлгілі микропрцессорларын пайдаланып, IBM фирмасы компьютердің түрлі сапалы түрлерін дүниеге келтірді. Фирманың компьютерлеріне,типтеріне қарай,ретімен IBM PC,IBM PC XT, IBM PC AT,IBM PS/2,Pentium(пентиум),т.б аттар берілген . Pentium сияқты жаңа жетілдірілген нұсқалары пайдалануда. ....
Қазақ халқының қалыптасуы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақытты қамтиды. Оның алғашқы кезенің сонау арийлер мен турлар заманынан бастаған дұрыс сияқты, Себебі, тарих сабақтастығында байланысты тайпалардың пайда болып, оның біртіндеп дамуына , тайпалық одаққа, одан халыққа дейінгі дәрежеге жеткендігі белгілі. Дамуды жүйелей келе андрондық кезеңнен бастап сақ сармат дәуірі аралығын алған жағдайдың өзіңде бұл аралықта қыруар өзгерістердің болғаны байқалады. Тайпалардың орналасуы, олардың жайылымдық аймақ үшін соғыстары, олардың орнының ауысуына әкелді. Бірақ ол ауысу сол белгілі аймақта өтті. Ежелгі қазақ даласындағы қоғамдық маңызы бар оқиғалар ол тайпаларды нәсілдік, әрі антропологиялық өзгеріске түсірді. Арийлер мен тур тайпаларынан, одан былай қалыптасқан сақ тайпалық одағынан кейбр зерттеуші ғалымдар нәсілі жағынан европоидтарға, ал тілін үнді ирандық топқа жатқызады. Келесі кезенді ғұндардың қоныс аударып, әсіресе, халықтардың ұлы қоныс аудару кезенінде пайда болған ежелгі мемлекеттердің түзілуімен байланыстыруға болады. Енді жерде тайпалар нәсілі жағынан моңғол тектес, тілдік құрамы түркі тілдеске көшті. Жаңа келген түркі тайпалары ертеректегі түркі дәуіріедегі өмір кешкен сақ сармат тайпаларын антропологиялық жағынан да өзгеріске ұшыратты. Ғұндардың келуімен күшейе түскен түркілену біртіндеп кең етек жаяды. Түркі, Батыс Түркі, Түркеш қағандықтар тұсындағы өмір сүрген тайпаларда бұл аймақта этникалық қауымдастықтың қалыптасуына зор үлес қосты. Шыңғыс ұрпақтарының мемлекеттері құрылуына дейінгі аралықта қазақ даласында орын алған Батыс Түрік қағандығына дейінгі мемлекеттер түркіленуді бұрынғыданда күшейтті. Тек түркілену ғана емес, бұ кезеңде мұсылмандануда қабат жүрді. Ерте феодалдық ортағасырлық мемлекеттерде өмір кешкен тайпалар бұл процестің шапшаң жүруіне үлес қосты. Қазақ халқының қалыптасуына қомақты үлес қосқан қыпшақ кезеңі екендігін айтқан жөн. III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр түрлі бес жағдайында Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақ даласында қазақ халқының қалыптасуының аяұталу кезеңіне дейінгі аралықты қамтыды. Қыпшақ халқының бір тұтас болып, кең аймақта қалыптасуында кедергі болған моңғол шапқыншылығы. Кейбір ғалымдар , тіпті, моңғол шапқыншылығы болмағанда, қазір біраз халықтар ортақ атаумен қыпшақ халқы болып аталар еді деген пікірлер айтады. ....
Кіріспе. Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі массасын, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы қақтығыстар, нәсілдік және діни тіресулер. Батыс зерттеушілерінің жұмысында халықаралық құқықтағы босқындар жағдайы мәртебе ретінде анықталады. Осы терминді кең мағынада қолдану мүмкіндігін ұйғара отырып, оны құқықтық біліктілік тұрғысынан қолданылуының негізделуіне шүбә келтіру керек. Құқықтық мәртебе – бұл халықаралық құқық субъектілерінің, жеке территориялардың, әр түрлі халықаралық және мемлекеттік органдардың, тұлғалардың және мүліктердің жеке категорияларының халықаралық құқық нормаларымен орнықтырылған жағдайы. Мысалы, тұлғалардың жеке категорияларының құқықтық мәртебесі туралы сөз болғанда, онда, бәрінен бұрын, дипломатиялық қызметкерлер мен халықаралық қызметшілердің құқықтық жағдайлары ұйғарылады, яғни қызметтері, кейбір ескертпелермен халықаралық сипатта болатын және олардың басқа мемлекеттің территориясында уақытша болуы өзіндік ерекшелікпен шартталған жеке тұлғалар категориясы.....
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие және ол әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым – қатынастарды қамтиды.Мұнда құқықтық, психологиялық,тарихи сәттер көрініс алады. Кәсіпкерлік: мәні,мазмұны. Буржуазиялық -экономикалық теорияда «кәсіпкер» ұғымы 18 ғасырда қолданыла бастады.А.Смиттің ойы бойынша,кәсіпкер– сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады.Ол өндірісті өзі жоспарлайды,ұйымдастырады және соның нәтижесіне оған өзі иелік жасайды. Ж.Б.Сэйдің анықтамасы бойынша,бұл - өндіріс факторларының қисынын келтіріп ұштастыратын,экономикалық қызмет атқаратын адам. Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор деп,иелігіндегі қажетті құралдарды (өзінікі немесе қарызға алған) бар пайдалы жұмысты (істі) ұйымдастырушы адамды айтады.Бұлардың қатарына жататындар – шағын кәсіпорындардың иесі,акционерлік қоғамның басқарушысы,кооперативтің жетекшісі, шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері (жалдамалы басшысы) бүгінгі таңдағы капиталистік елдердегі экономикалық жүйенің өсіңкілеу дамуына икемділігін қамтамассыз ететін құралдарға,жұмыскерлерінің қалың топтарының творчестволық және ұйымдастыру қабілетін жүзеге асыратын формаларға тығыз байланысты. ....
Ши тоқу өнері көшпелі және жартылай отырықшылықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып келеді. Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де қолданған. Тоқылған шиді киіз үйдің есігіне ұстау үшін пайдаланған. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніш ретінде киіз астына төсеген. Тоқылған шиді қазақтар сияқты көшпелі басқа шығыс халықтары да кеңінен пайдаланған. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан – ақ қолданған. Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқан. Ши өңдеу, тоқу өнермен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбінесе әйелдер айналысқан. Ақ шиден өзіне керекті күнделікті күнделікті тұрмыста пайдаланатын затты әрбір әйел өздері тоқып алған. Шиді күзге қарай дайындаған. Ши тоқу үшін ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ортаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым қондырғы пайдаланған. Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатқан. Қазақ халқының қолөнер саласына ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, ою салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық өнер болып табылады. Ши бұйымдары жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши деп үш топқа бөлінеді. Мұндай ши түрлері қазақ арасында өз орнымен әр түрлі мақсатта пайдаланған. Мысалы, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе құрт, ірімшік, т,б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгі жасау үшін, үйдің төбесін біртегіс сылауға ыңғайлы болу үшін қолданған. Түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһаздарын әшекейлеуге пайдаланылған. Ал оның бойы тұтас оралмай, әр жерінен оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды.....
Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне көру жүйесі жатады. Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру талдағышының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады. Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Құрлысы бойынша көру талдағышының сезгіщ бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады. 1. Көздің қосымша құрылымдары 2. Жарық өткізгіш және жарық сындырғыш құрылымдары 3. Жарық қабылдағыш құрылымдар Қошымша құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Көз жасының безі мөлдір сұйық- көз жасын түзейді. Тік және қиғаш орналасқан көз еттері көз алмасын қозғауға қатысады, солар арқылы көз бірнеше бағытта қозғала алады. Жоғарғыдан төмен және төменнен жоғары, жоғарыдан төмен ішіне қарай, жоғарғыдан төмен сыртына қарай, алдынан артына қарай. Көздің сыртын тығыз ақ қабық қоршаған. Ол көз алмасының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қасаң қабыққа айналады. Көз алмасының алдыңғы жағында тамырлы қабат нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың алдыңғы дәл ортасында тесік болады. Оны көздің қарашығы деп атайды. Қасаң қабақтың арт жағында көздің сұйық екі камерасы және көз бұршағы орналасқан. Көз алмасының ішіндегі қалған кеңістік қоймалжың, іркілдеген мөлдір шыны тәрізді денеге толы болады. Көздің сұйық камералары мөлдір сұйыққа толы болады. Ішкі торлы қабығының құрлысы өте күрделі. Негізінен алғанда, ол жарық сәулелеріне сезімтал фоторецептор деп аталатын таяқша және сауытша тәрізді клеткаларынан тұрады. Торлы қабақтың ортасында Сары дақ бар. Көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді денесі-негізгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациялық қызмет атқарады. Көздің шыны тәрізді денесі жарық сындырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Таяқша клеткаларда родопсин, сауытша клеткаларда иодопсин деп аталатын заттар болады. Жарық сәулелерінің әсерінен родопсин ретинен мен опсинге ыдырап, пайда болған заттар жарық толқындарының үзындығына лайық көру нервінің ұштарына қозу тудырады. Ретинен А витаминінің туындысы, қарңғыда А витамині ретиненге айналады. Сондықтан бұл витамин организмге жеткіліксіз мөлшерде болғанда ондай адамның ымыртта, қараңғыда көру қабілеті төмендеп жойылаы. ....
Ірі өнеркәсіп орындарының ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз негізделуі және өндірістік қуаттың көп жылдар бойы қарқынды өсуі қоршаған орта тазалығын төтенше ауыр жағдайға алып келді. Осыған байланысты қоршаған ортаның ластануы мен өндірістегі қалдықтардың өсімдіктерге, жануарларға және адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу күрделі де маңызды мәселеге айналып отыр. Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәлімметтер бойынша Республика жерінің 180 мли га немесе 60%-і шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлерді, 185 млн га жайылым және 34 млн га таулы аймақтарды алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн га құнарлы жерлердің 180 млн га жер жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн га топырақ эрозиясына үшырап, 60 млн га топырақ түзданып, 10 млп га жерлер химиялык және радиоактивті заттармен ластанған. Республиканың 30 млн га жерлерін өнеркәсіп орьгадары, транспорттьтқ жолдар, байланыс, елді мекендер алып жатыр. Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерінде қамтып отыр. Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтармен ластану, ауыр металдардың жинақталуы, радиоактивті. элементтердің және ракета-ғарыштық қоқыстармен (Бетпақ далада) ластану кең таралуда. Кейбір аймақтарда топырақтардын тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы, сонымен қатар Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендеріиің су бассейнінің азаюы, Арал теңізІнің тартылуымен тікелей байлаынысты болып отыр. Мәселен Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағыньң экологиялық жағдайына байланысты 2 млн га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3 мың га қара сексеул орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химиялық улы заттармсн және радионуклидтермен ластануы жылдам жүруде. Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол жерлер республика бойынша 26610,7 мың га алып жатыр. Соңғы жылдары байкалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі Қазақстанның шөл-шөлейтті белдемдеріне әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі, шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестецидтерді қолданбаудан арамшөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендетті. Мәселен, 1996 жылы еғістіктерге 1 млн.т. минералдық және 33,2 млн т органикалық тыңайтқыш берілсе, бүл көрсеткіштер 1998 жылы 16 мың т қысқарған. Топырақтану институтының мәліметі бойынша Қазақстанның құнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19-22 % жоғалтқан. Мұның өзі болашақта жер ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады. Топырақтың ауыр металдармен және радионуклеидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кең орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс-өндірістік қалдықтарды сақтау зоналарында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 млрд т жетсе, ал 529 объектіде радиоактивті қалдықтар сақталған. Өнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 млн т жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғаджар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле. Алатауы жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, бор, мыс, пестицидтер және нитраттармен ластанған. ....
Этил спиртінің құрылысы Бұл класс қосылыстарының құрылыс ерекшеліектерін олардың өкілі-этил мысалы бойынша анықтаймыз. Этил спирті С2Н6О -өзіне тән иісі бар, түссіз сұйықтық, судан жеңіл 78,3° С температурада қайнайды, суда жақси ериді және өзі көптеген бейорганикалық және органикалық заттарға еріткіш бола алады. -Этил спиртінің молекулалық формуласын және оның құрамындағы элементтердің валенттіліктерін біле отырып, спирттің құрылысын бейнелеп көрейік. Оның екі түрлі құрылымдық формуласын жазуға болады:
Н Н Н Н Н-С-О-С-Н (1) Н-С-С-О-Н (2) Н Н Н Н Осы екі формуланың қайсысы этил спирті молекуласының құрылысына сай келеді? Формуланы салыстыра келіп, егер бұлардың біріншісін дұрыс көміртегі атомдарымен қосылысып, қасиеттері жағынан бірдей болатынын байқаған болар едік. Егер екінші формула дұрыс десек, онда молекуладағы сутегінің бір атомы көміртегі атомына оттегі арқылы қосылып, бұл сутегі атомының қасиеті басқаларынан өзгеше болатынын тәжірибе арқылы тексеруге де болады екен. Спирт құйылған пробиркаға бір түйір натрии салайық. Газ бөліп шығара жүретін реакция бірден басталады. Бұдан бөлініп шығып жатқан газдың сутегі екенін анықтау қиын емес. Тағы бір қиынырақ тәжірибе жәрдемімен спирттің әр молекуласынан сутегінің неше атомы бөлініп шығатынын анықтауға болады. Ішінде натриидің ұсақ түйірі бар колбаға воронкадан тамшылатып белгілі мөлшерде, мысалы, 0,1 (4,6)
спирт құяйық. Спирттен бөлініп шыққан сутегі екі мойынды шөлмектегі суды цилиндрге ығыстырып шығарады. Цилиндрге ығысып шыққан судың көлеміне сәйкес келеді.....
Үндістан мен Қытай елдері өз тәуелсіздігін алғаннан кейін және халықаралық аренаға жеке субьект ретінде шығуына байналысты, экономикалық, әскери және ғылыми-техникалық потенциалды қайта құруды және мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына түзетулер енгізе отырып, сыртқы саясатта белсенділік көрсетіп, халықаралық қатынастарда өз елінің беделін жоғары көтеру мақсатында әлемдегі дамып келе жатқан мемлекеттермен саяси, экономикалық байланыстар орнатуды көздеді. Сонымен қатар, Үндістан мен Қытай өзара екіжақты қарым-қатынастардың орнауына да ат салысып, екі ел арасындағы байланыстардың даму барысында пайда болған бірқатар күрделі мәселелерге шешім табуға тырысты. Алпауыт елдер арасындағы қатынастар достық қарым-қатынас пен жауласу кезеңдерін өткеріп, қазіргі заманғы серіктестікке бағыт алды. Қазіргі уақытта да Үндістан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың жалпы дамуындағы өзгерістер тек Азия құрылығына ғана емес, бүкіләлемдік стратегиялық саясатқа да өзіндік ықпалын тигізуде. Сондықтан да осы екі алпауыт елдер арасындағы қарым-қатынастардың даму үрдісін зерттеу заман талабына сай өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны даусыз.....
Қазақстанның алтын дауысы атанған әртіс қазір әншілер халыққа көмек көрсететін жағдайда емес екенін, өзі қаңтар айынан бері жұмыссыз отырғанын айтты
29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанған әнші Роза Рымбаева сахнада жүргеніне 45 жыл толуына орай күзде жеке концерт береді. Өнер иесі елдегі жағдайға байланысты бірнеше айдан бері жұмыссыз, балаларын зейнетақымен асырап отыр. Дегенмен карантин кезінде шығармашылығын тоқтатып қоймаған. Бұл туралы ол Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.
Каратэ тарихының тамыры жекпе-жек өнерінің жүйесі ретінде тереңде жатыр. Ұрыс өнерінің жетекші эксперттері қоян-қолтық ұрыс жүйесінің отанын ежелгі Үндістан деп есептейді. Б.д.д. шамамен VI-ғасырда Будда монахы қалың сақалды Бодхидхарма (жапонша Да Мо) "Сақалды варвар" Қытайға келеді. Ұзақ уақыт ел аралағаннан кейін Хенань провинциясындағы Шаолинь монастырына тоқтайды, онда ол әрбір тірі жанның кеудесінде Будда табиғатының оянуы туралы өзінің білімін үйретеді. Бодхидхарма Будда әрбір адамда, кез-келген затта болады, оны тек өмірге ояту керек деп тұжырымдайды. Бірақ монахтар негізінен сутра мен киелі кітапты оқуға жүгінді, шындықтан әрі кете берді және жаңа білімге ұмтылмады. Ары қарай аңызда Бодхидхарманың 9 жыл бойы қабырғамен ойласып және өзін-өзі жетілдіру үстінде үңгірде өмір сүргендігі баяндалады. Да Мо ұзақ уақыт қимылсыз отырғаннан қозғалу қабілетінен айрылады, бірақ ол кешенді дене жаттығуларын жасай отырып, жоғалтқанын қалпына келтіреді.....
Монополия (грек – moons –жалғыз, polio – сатамын) жеке өндіруші тауар рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда болады. Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін ,ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғ дейін монополиялар шектелген сфераларда болған. Кейін монополиялану процестері заңдылықа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырулық бастаманың күшейуімен байланысты болды. ....
Көтерілістің ең басты көсемі, деревняның қолөнершісі, үй төбесін жабушы Уот Тайлер болды және әдетте көтерілістің бәрі де соның атымен аталғанды. Ол соғыс ісімен әбден жете таныс, шебер ұйымдастырушы және ке-терілісшілердің арасында үлкен беделді адам болды. Эссекс пен Кенттің үлкен екі отрядтарымен шаруалар Лондонға таяп келіп жетті. Олардың мақеаты II Ричардпен кездесіп одан шаруалардың хал-жайын жеңілдетуді өтіну болған еді. Шаруалардың басым көпшілігі «Қайырымды корольге» сеніп, өздерінің бастарына түскен бәле-жаланың бәрін де оның ақымақ советниктерінен көретін еді. Мэрдің берген жарлығына қарамастан қала кедейлері көтерілісшілердің алдындағы қақпаларды жаптыртпады. Лондонға кіргеннен кейін шаруалар халықтың ең жексұрын дұшпандары — корольдің советниктерінің үйлерін өртеп қиратты және түрмелерді талқандап, тұтқындарды босатып жіберді. Лондон шаруалардың билігіне алынып, іс жүзінде ко-роль олардың тұтқыны болып шықты. Шаруалар халықтың ете-мөте жек көретін вельмождарын, соның ішінде ағылшын шіркеуінің бастығы және сонымен қатар Англияның канцлері архиепископ Кентерберийский Садбериді «опасыздар» ретіңде елім жазасына тартты. Шаруалар корольмен алғаш рет Майл-Эндте кездесті. Олар корольге «Майл-Энд программасы» деп атақ алған талаптар қойды. Олар корольдің алдына крепостнойлықты және барщиналықты жойып, біркелкі төмендеу ақшалы рента (акрадан 4 пенс) орнатып Англияның барлық қалалары мен селолық жерлерінде сауда бостандығын беру және бүкіл кетерілісшілерге кешірім жариялау талаптарын қойды. ....
КІРІСПЕ Әл – Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған . Ол данышпан философ, энциклопедист – ғалым , әдебиетші – ақын , математик . Әл – Фараби 870 ж. Арыс өзенің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар қаласында дүниеге келген, Ол ең алғаш білімді қыпшақ тілінде Отырар қаласында алған , өсе келе сол замандағы ғылым мен мәдениет орталығы атанған Бағдад , Дамаск , Каир т.б. қалаларда білім алады. Өзінің түркі тілімен қатар араб , араб , латын , санскрип тілдерін жетік білген . Әл – Фарабидің ғұлама ғалым ретінде зерттеу жүргізбеген , ат салыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады . Сондықтан Әл – Фарабиді отандық және шет елдік шығыстанушы зерттеушілер таяу және Орта шығыстың ең алғашқы әлеуметтік саяси ғылымының негізін қалаушы ретінде таниды . Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау , ғылым мұраларын мұқият өте үлкен маңызды жұмыс . Сондықтан дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын 1000 жыл бойы тынбастан зерттеп келеді. Таяу және Орта шығыс елдерінде кітап басып шығарудың басталуымен шығыс халықтарының тарихын , әдебиет , философия , философиялық шығармаларын , мәдениеті мен ескерткіштерінің қолжазбаларын басып шығару үшін көп жағдай жасалды . ХХ ғасырдан бастап бұрыңғы өткен ойшылдарымен оқымыстылардың шығармаларымен бірге Әбунасыр Әл – Фарабидінде трактаттары басылып шыға бастады . Ең алғаш 1905 жылы белгісіз каирлік кітап шығарушы Фарабидің ең үлкен және негізгі « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаты » деген еңбегін басып шығарды . Кітаптың алғы сөзінде ескі әдебиеттерге сүйеніп берілген Фарабидің өмірі мен ғылым еңбектері туралы бірқатар мәліметтер берілді . 1907 жылы Каирде Фараби трактаттарының философиялық жинағы / Мажмуат фалсафа ли ибн Наф аль – Фараби / 8 шағын философиялық шығармаларынан тұратын еңбегі басылып шықты . Каирде 1909 , 1910 , 1916 , 1926 , 1948 жылдарда Фараби еңбектерін басып шығарды . Фараби мұраларын зерттеуде дүние жүзінің көптеген оқымыстылары еңбек етті . Олардың ішінде араб – парсы тілдерінде жазған ибн әлнадим / 995 / , Әл – Байхоки / 1169 / , Ибн - әл Венике / 1484 / , Кам Сартон / 1927 / , түрік тілнде А. Сайылы мен П. Үлкен / 1950 / жазған . Елімізде , шығыстану ғылымында фарабитанушы зерттеу 1924 жылы атақты әдебиетші А. Саадиден басталған . С. Н. Григорян / 1958 / еңбектерінде : / VII – XVI ғ. Орта Азия мен Иран философиясының тарихынан » , « Таяу және Орта шығыс халықтарының ортағасырлық философиясы » / Фарабидің әлеуметтік – саяси көзқарасы қаралған . М. М. Хайруллаев өзбек тілінде / 1963 / жазған өзінің « Фарабидің Философия тарихындағы көзқарасымен оның маңызы » және « Фараби :дәуірмен уақыт » атты еңбектерінде оны өз дәуіріндегі ұлы гуманист деп бағалайды . Ал қазақстандық философтар А. Х. Қасымжанов және С. К. Сатыбекова өздерінің еңбектерінде Әл – Фараби гуманист , ұлы ағартушы , ойшыл деп суреттейді . Шетелдік зерттеушілерден Әл – Фарабидің жалпы философиялық шығармаларына арналған И. Мадкура , Р. Вальцер , А. Эхаванидің еңбектері жатады . Неміс ғалымы Г. Леидің зерттеулерінде Фарабидің саяси - әәлеуметтік көзқарастары қысқаша талдау жасаған . Ал тәжік ғалымы Фарабитанушы А. Д. Жахиддің еңбектерінде мемлекеттің теориясы Фарабидің толығымен ашылған . Атақты шығыстанушы – зерттеушілер И. Гольлцмер , М. Штайншипайдер , Дж. Сартон , Карра де Во , Н. Штайнер , Ф. Диетерицин , А. Мец , А. Массэ , А. О. Лери , Дж . Хоурони және де басқа ғылымдар Араб халифатының идеялық өмірі туралы , ондаған ой еркіндігі мен гуманизм туралы өз еңбектерінде көп жазған.....
Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы. 1883 ж. сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге келген. Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады. Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен.
Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды. 1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б. Қаратаев, М. Бақыткереевтермен бірге сайланды. 1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды....
Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагошкалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз кеіеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және-дербес педагогикалық тәжірбиесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсснді позиция ұстанып, оның дербес тәжірбиесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірбиемен бірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса мүғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады. ....
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi ....
Жүкпалы аурулардың алдын алу, эпидемияны болдырмау шараларының ішінде арнаулы вакциналарды қолданудың маңызы зор. Вакцина - өлген немесс әлсіреген қоздырғыштардан алынған өнім. Вакцинация нәтижесі оның сапасына және егудің дұрыстығына байланысты. Вакцинаның әсер ету ұзақтығы ауру көзі болып табылатын микроорганизмнің қасиеттеріне байланысты. Мысалға, оба, туляремия, сары. безгек, полиомиелитке қарсы тұрақты иммунитет болады. Тұмаудың вирусына вакцина арқылы тұрақты иммунитет жасау мүмкін емес, дегенмен тұмау вирусы тез өзгергіш келеді. Вакцина инфекциялық ауруларды емдеуде қолданылады, мысалға, іріңді инфекция, сарып (бруцеллез), соз (гонорея) және т.б. ЕГУ, алдын-ала егу, бұл арқылы адамдардың организмінде кейбір инфекциялық ауруларды қабылдамайтын иммунитет пайда болады. Еккенде организмге вакцина немесе сыворотка жіберіледі. Вакцинаның құрамында тірі (әлсіздендірілген) немесе өлі (жансыздандырылған) ауру қоздырғыштар — бактериялар мен вирустар, яки бактерияның -экстрактылары мен олардың залалсыздандырылған улары (анатоксиндер) болады. Организмге вакцина жібергенде қорғаныс заттары — антитела мен антитоксиндер пайда болады да, соның нәтижесінде организм беігілі бір уақытта вакцинадағы микроорганизмдер тудыратын инфекциялық ауруларды қабылдамайды. Әр вакцинаның дозасы мен оны организмге жіберу әдісі белгіленген. Кейбір инфекциялық ауруларға қарсы вакцинаны екі немесе үш рет жасайды, мысалы, полиомелит пен көкжөтелге, дифтерия мен сіреспеге қарсы арасына 1,5 ай өткізіп, 3 рет егеді. Уақыт өткенде егудің көмегімен организмге ендірілген иммунитет әлсіреуі мүмкін. сондықтан белгілі бір мерзімнен кейін егуді қайталап отырады (ревакцинация). ....
Халық шаруашылығындағы маңызы. Сұлы - тағамдық және малазықтық мақсатта қолданылады. Оның дәнін жарма, геркулес, талқан, галет (қатырма нан), кофе суррагатын өндіруге пайдаланады. Бұл өнімдер жақсы сіңімділігінің арқасында диеталық және балалар тағамы ретінде маңызы зор. Сұлы жармасы - ақуызында адам ағзасы үшін қажетті амин қыш-қылдары (аргинин, гистадин, лизин және триптофан) көптігімен ерекшеленеді. Сұлы дәні сонымен қатар В, дәруменіне (тиамин) жөне темір, калыдий, фосфор қосылыстарына бай. Сұлы дәні жылқы мен басқа да жануарлар төлі үшін таптырмайтын концентратты малазық. Ол барлық ққрама жем түрлерінің құрамдас бөлігі. 100 кг сұлы 100 малазықтық бірлікке сәйкес. Сұлының сабаны мен топанының малазықтық құндылығы, басқа дәнді дақылдардікінен әлдеқайда жоғары. Өсірілетін аудандары мен жағдайларға байланысты дақылдың көк балаусасында 22-26 % қүрғақ зат; 2,7-3,8 - протеин; 0,7-0,9 - май; 5,5-7,1 - жасунық; 11,6-11,7 - АЭЗ; 1,4-2,3 % күл, 40-45 мг/кг каротин болса, сүрлемінде олар сәйкес - 26,2; 2; 1,8; 7,1; 13,1; 1,9; 12. Дәнінің 100кг құрғақ затында плазмала азықтық өлшем, 8,9 кг қорытылатын протеин; шөбінде олар сәйкес 73 және 6,9; сүрлемінде - 67 және 3,3-3,7 болады. Біржылдық бұршақ дақылдаримен (сиыржоңышқа, асбұршақ, ноғатық) араластырылып егілген сұлыны пішен, көказық және сүрлем ретінде жиі пайдаланады. Бұршақпен араластырып еккен сұлы егісі екпе сүрі жер орнына пайдаланылады. Бидайдың тамыр шірігі ауруы болатын аудандарда, сұлы сауықтырушы дақыл болып есептелінеді. Сұлы ескі дақылдар қатарынажатады. Ертеректе ол бидай мен арпаның ластауышы ретінде олардың егісінде кездесетін. Бидай мен арпаның өсірілетін аумақтары солтүстікке жоне тауға қарай жылжыған сайын, сұлы олардан төзімдірек болуынан бидай мен арпаны ығыстырып мәдени дақыл болып енді. Еуропада сұлы б.э.д. 1,5-1,7 мың жыл бүрын белгілі. Ресейдің территориясында 7 ғасырдан өсіріледі. ....
Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды. XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді: «Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады». Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді. Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды. Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады.....
Рахит — жедел өсіп келе жатқан организмніқ ауруы, онымен балалар көбінесе алғашқы 2 жасында ауырады, ол гиповитаминоздың салдарынан пайда болады. Рахит зат алмасуы, көбінесе кальций және фосфор алмасуьг бұзылып, остеогенездің (сүйек түзілуінің) және баісқЭі да мүшелер мен жүйелер функцияларының едәуір бүлі-нуіне байланысты жалпы ауру болып табылады. і Біздің елімізде жүргізілген рахитқа қарсы күрес жө-ніндегі кең көлемді шаралар онымен ауырудың едәуір азаюына жәрдемдесті, рахиттың ауыр формалары жойыл-ды. Алайда аурудын, жеңіл формалары жас балалар арасында қазіргі кезде әлі де басым болған күйінде қалып отыр. Рахит бала организміне қолайсыз ықпал жасайды. Тіпті жеңіл формаларының өзінде бала орга-низмінде елеулі алмасу ауытқулары болып, оньщ реак-тивтілігі күйін езгертеді. Организмнің қарсыласуы те-мендейді, рахитпен ауыратындар басқа да бірқатар, өтуі мен нәтижесі едәуір ауыр ауруларға үшырайды. Рахит-қа қарсы күрес — педиатрияның маңызды міңдеті. Этиология. Рахиттын. бел алуына негіз болатын Д гиповитаминозы тамақпен бірге кальциферолдың (Д ви-тамині) жеткіліксіз түсуі салдарынан немесе онрң ор-ганизмде түзілуінің бұзылуы нәітижесінде пайда бола-ды. Емшек еметін балалар рахитпен сирегірек ауырады. Аралас және әсіресе қолдан тамақтандырылған жағдай-да балалардың онымен ауыруы едәуір көп. Бұған кальций мен фосфор тұздарын сіңірудегі айырмашылық себеп болуы мүмкін.,Емшек сүтінде кальций мен фос-фордьщ арақатынасы бұл заттардың сіңірілуі үшін мей-лінше қолайлы болады. Оның сиыр сүтінен белогының, майының құрамы мен сапасы, ретинолдың, аскорбиң қышқылы мен В тобы витаминдерінің мелшері жөнінеи де айырмашылығы бар, мұнық да маңызы аз емес. Ем-шек емген жағдайда бала кальциферолды көп қажет ете қоймайды. І Құрамында кальциферол бар өнімдер көп емес, ол бауырда, жұмыртқаның сары уызында, балық майында, уылдырықта болады. Осы өнімдерді қосып, қосымша тамақтандырудың мезгілінде енгізілуі бала-организмін-де кальциферолды молайтады^ Қолдан тамақтандырғанда жиі байқалатын ас қорытудың бүзылуы рахиттың бел алуына себепші болады, бұған углеводтарға бай тамақ та жәрдемдеседілБалалардың ауада қысқа уақыт, жет-кіліксіз болуы да рахиттың бел алу себептерінің бірі болуы мүмкін. Әсірекүлгін сәуленің немесе кварц шам-ньщ ықпалымен теріде холекальциферол (Д3 витамині) түзіледі. ^ Рахиттын, этиологиясында жоғарыда, көрсетілген экзогендік факторлармен қоса, зндогендік факторлар да роль атқарады. Шала туған балалардың рахитпен көбірек ауыратъшы аңғарылады, мүнын, өзі организмде кальциферолдың белсенді формаларының түзіуіне катысатын ферменттік және транспорттық жүйелер бел-сенділігінің жеткіліксіздіігімем байланысты болуы мүм-кін. Негізгі қышқылдық жағдайыяың ацидоз жағына қарай ойысуы байқалатын бірқатар аурулар да рахит-тың бел алуына жәрдемдеседі. Олар пневмония мен ты-ныс жолдарыньщ вируфық жұқпалы аурулары. >Б/ала;-лардың рахитқа шалдығуына ішінің жиі өтуі, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық жағдайлардын, нашарлығы да себепші болады. ....
Қазақстан Республикасының саяси тәуелсіздігі оның алдына экономикалық дербестік міндетін қойып отыр.Қазір әлемде мулдем дебес экономика жоқ. Қазір дамыған өндірістік күштер тұсында түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізудегі қандай да бір дербестігі шартты түрде. Жапония немесе АҚШ сияқты елдердің өздері ең болмағанда шикізат немесе капитал нарығына тәуелді. Аталып өткендерді ескерсек, әңгіме негізгі тауарлар елдің өз ішінде өндіріліп, мемлекеттің экономикалық дамуы басқа ел басшыларының еркі мен құлқына тәуелді болмайтын дербестік жайында.Қазақстанның мұндай дербес экономикалық көтерілуі қайта жаңғырту мен елдің әрі қарай даму жолына терең теориялық негіздеу арқылы ғана іске ауы мумкін. Даму жолдарын теориялық жағынан терең негіздеу, өткен оқиғаларды ой елегінен дұрыс өткізгенде ғана мүмкін болады. Бұл тұрғыда зерттеу методологиясын айқындау қажет. Жоғарыда айтылғандар, аралас экономиканы қалыптастыру проблемасын айқындаған қоғамдық өндіріс формаларының ауысуындағы жаңа көзқарас пен диалектиканы белгілеу проблемасын бірінші кезекке қойды. Соңғысы, ғылыми әдебиеттермен күнделікті өмірде түрліше пайымдалып жур, бұл еңбек бөлінісі, өндіріс күштерінің және қоғамдық өндіріс түрлерінің даму формаларын сораптау негізінде аралас экономиканың бекуіне генетикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігін туындатты. ....