Курстық жұмыс: Халықаралық құқық | БОСҚЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІНІҢ НЕГІЗГІ

Курстық жұмыс: Халықаралық құқық | БОСҚЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІНІҢ НЕГІЗГІ казакша Курстық жұмыс: Халықаралық құқық | БОСҚЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІНІҢ НЕГІЗГІ на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе.
I ТАРАУ. БОСҚЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1 Халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы.
1.2 Босқындар режимін беру қағидалары.
1.3 Халықаралық – құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері
II ТАРАУ. БОСҚЫНДАР МӘРТЕБЕСІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ.
2.1 Босқындардың құқықтық жағдайларын бекітетін халықаралық-құқықтық нормалар.
2.2 Мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа ұйымдармен босқындар мәселелері бойынша әріптестігі.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі массасын, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы қақтығыстар, нәсілдік және діни тіресулер.
Батыс зерттеушілерінің жұмысында халықаралық құқықтағы босқындар жағдайы мәртебе ретінде анықталады. Осы терминді кең мағынада қолдану мүмкіндігін ұйғара отырып, оны құқықтық біліктілік тұрғысынан қолданылуының негізделуіне шүбә келтіру керек.
Құқықтық мәртебе – бұл халықаралық құқық субъектілерінің, жеке территориялардың, әр түрлі халықаралық және мемлекеттік органдардың, тұлғалардың және мүліктердің жеке категорияларының халықаралық құқық нормаларымен орнықтырылған жағдайы. Мысалы, тұлғалардың жеке категорияларының құқықтық мәртебесі туралы сөз болғанда, онда, бәрінен бұрын, дипломатиялық қызметкерлер мен халықаралық қызметшілердің құқықтық жағдайлары ұйғарылады, яғни қызметтері, кейбір ескертпелермен халықаралық сипатта болатын және олардың басқа мемлекеттің территориясында уақытша болуы өзіндік ерекшелікпен шартталған жеке тұлғалар категориясы. Босқындар жағдайы оған тән барлық күрделіліктер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан уақытша сипатта болады. Сондықтан, халықаралық құқықта босқындар жағдайы туралы айтқанда, оны мәртебе деп емес, режим деп атаған дұрыс болар еді. Сол арқылы проблеманың уақытша сипаттамасы ғана көрсетілмейді (соғыс тұтқыны мен жараланғандар режимінің ұқсастығы бойынша), сонымен қатар, босқындар жағдайының халықаралық құқықтағы басқа категориядағы тұлғалардың жағдайынан негізгі айырмашылықтары анықталады.
Босқындар проблемасы көкейтесті проблемалардың бірі болып табылады, оның айналасында көптеген жылдардан бері мемлекеттердің саяси, экономикалық, ұлттық және басқа мүдделерімен байланысты шиеленіскен және сөнбейтін күрес жүруде. Босқындар проблемасын шеше отырып, құқықпен анықталған қорғау құралдарын орнықтыра отырып, мемлекет, бәрінен бұрын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажеттігін жетешілікке алады.
Адам құқығын қадірлеу қағидасы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Адам құқығы ол тұратын елдің заңдарымен қарастырылған экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық және мәдени құқықтарымен және бостандықтарымен анықталады. Бұл құқықтар мен еркіндіктердің сипаты оның көлемі сияқты сол мемлекеттің
және оның заңдарының қоғамдық – саяси және әлеуметтік – экономикалық құрылысымен анықталады.
Адам құқығын қорғау саласында барынша маңызды өзгерістер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда қабылданған БҰҰ жарғысына келесі ереже енгізілді: Біріккен Ұлттар Ұйымының ұстанатын мақсаты «экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастықты және адам құқығын қадірлеуді дамыту және қолдау, нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне қарамай, барлығы үшін негізгі бостандықты жүзеге асыру». Бұл ереженің босқындар проблемасына тікелей қатысы бар. Босқындар құбылысы бүгінгі күні объективті сипатта, өйткені дүниежүзіндегі көптеген катаклизмалармен шартталады. Көбейіп кеткен соғыстар, дүлей апаттар, өмір сүрудегі экономикалық жағдайлардың қиындауы және басқа көптеген құбылыстар қауіпсіз және жалпы адамдық қажеттілік пен өмір жағдайына жауап беретін тұрғылықты жер іздеуші адамдар – босқындар ағымы пайда болатын жағдайды туғызады.
Босқындар сияқты мұндай категориядағы адамдардың болуы мемлекеттер үшін құқықтық салдар тудырып қана қоймай, сонымен қатар оларды қорғау бойынша құқық пен жауапкершілікті де қосады. Қазіргі кезде бұл міндет халықаралық қауымдастықтың өкілі болып табылатын босқындар істері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссары Басқармасына жүктелген (БЖКБ БҰҰ), бірақ мемлекет те босқындарды қорғау бойынша қызметті орындай алады, бұл барлық уақытта олардың материалдық мүдделерімен байланысты емес, әдетте, олар бұл проблемаға құлшына кіріспейді.
Босқындарға қатысты құқықтық нормаларды зерттей отырып, босқындарды қабылдаумен және кіргеннен соңғы оларға қалай қарайтынымен байланысты мемлекеттер міндеттемесіне ғана емес, сонымен қатар әрекеттері немесе керісінше әрекетсіздігі халықтың босуына әкелетін мемлекеттің потенциалды халықаралық-құқықтық жауапкершілігіне де көңіл аудару қажет. Мемлекеттің жауапкершілігі, өз кезегінде, оның территорияны және халықты бақылау фактісінен шығады. Жеке тұлғалар мен топтар, халықаралық мәні бар және өздері қоғамдық фактілермен немесе соған қатысымен байланысатын территорияда адам құқығын еркін жүзеге асыруға мүмкіндігі болуы қажет; өздігінен ақиқатты, мұндай жағдай сырттан тықпалау, күштеу кезінде емес, ал ұлттық демократиялық және өкілдік басқару, азаматтық қоғам мен құқықтық тәртіп басым болатын жерде барынша ықтималды болады.
I БӨЛІМ. БОСҚЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1 Халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы.
Үлкен монографиялық ғылыми еңбектің авторлары Гай С., Гудвин –Гилл айтқандай «босқын» термині қатаң термин болып табылады, яғни оның мазмұны жалпы халықаралық құқық қағидаларына сәйкес анықталады. Күнделікті қолданыста ол мейлінше кең және барынша шектелген, ол өзі шыдауға мүмкін емес деп тапқан табиғи немесе жеке сипаттағы жағдайлардан қорғануға ұмтылып қашатындардың бәрін белгілейтін термин. Адам қайда қашып барады — маңызды емес: әңгіме еріксіздіктен және қауіптен қашу туралы. Қашудың себептері де өте көп болуы мүмкін: бұл құлдық, еркіндік пен өмірге қауіптің төнуі, қуғындалу, кедейшілік, соғыс немесе азаматтық қақтығыстар, табиғи апаттар, жер сілкінісі, су тасқыны, құрғақшылық, аштық және т.б. «Босқын» сөзінің қорытындыланған мәні мүдделі тұлғаға көмек көрсету мүмкін және керек, қажет болған жағдайда қашуды тудырған себептен және оның салдарынын қорғау. Сондықтан босқындар категориясынан көбінесе әділ соттан қашқан «қашқындар» алып тасталады — жалпы, саяси аспектісіз заңды бұзғаны үшін қылмыстық қудалаудан сақтанушы тұлға.
«Босқын» ұғымының салалық (халықаралық-құқықтық) мазмұны одан да көбірек шектелген. Мысалы, оған «экономикалық босқындар» (бұл терминнің өзі әдетте қолданылмайды) енгізілмейді. Олардың проблемаларының шешімі, мүмкін, халақаралық көмек пен даму аясына жатады және басқа мемлекет территориясында шектеусіз уақыт ішінде қорғану баспана институтымен байланысты емес.
«Босқын» ұғымының шекарасын анықтау ауыр жағдайға душар болған адамдардың қажетсінуін тез қамтамасыз етуге кедергі келтіретін казуистика мен семантикадағы лайықсыз жаттығу сияқты көрінеді. Соған қарамастан, мемлекет босқын мәртебесі мен баспананы немесе сол жерде қорғануды кімнің қолдана алатынын айқындау кезінде барынша шектейтін критерийлерге көндіреді. Дүлей апат құрбандарына қатысты ерекше қажеттіліктің болу фактісі жеткілікті негіз бола алады, бірақ адамнан келген жағдайлар мен апаттар құрбандарына қатысты қосымша факторлардың болуы талап етіледі. Сонымен, босқындар категориясының кез – келген анықтамалары мен сипаттамаларын құрудың мақсаты — көмек пен қорғау көрсетуді жеңілдету мен негіздеу; одан өзге, егер тұлғаның жағдайы қажетті критерийлерге сәйкес келетін болса, онда оның сәйкес құқықтар мен жеңілдіктерге үміткер бола алатындығын куәландырады. Сондықтан, халықаралық құқыққа сәйкес босқындар категориясының сипаттамасын анықтай отырып, дәстүрлі бөлінетін қайнар көздерді – шарттар мен мемлекеттер тәжірибесін – талдау керек, сонымен қатар босқындар проблемаларын шешу үшін халықаралық қауымдастықпен құрылған әр түрлі ұйымдардың процедуралары мен тәжірибелеріне де көңіл аудару қажет.
«Босқын» ұғымының анықтамасы халықаралық құқықта екі негізгі құжаттарда бар: 1951 жылғы БҰҰ «Босқындар мәртебесі туралы» конвенциясында және соның босқындар мәртебесіне қатысты 1967 жылғы Хаттамасында .
Бұл актілердің арасында бірнеше айырмашылықтар бар, жекелеп айтқанда, 1951 жылғы БҰҰ Конвенциясы уақыт бойынша және географиялық шектеулерді қарастырады, яғни ол Еуропада орналасқан елдерге қатысты қолданылады және 1951 жылдың 1 қаңтарына дейін өткен уақиғалар нәтижесінде босқынға айналғандарға қатысты болады. Ал 1967 жылдың Хаттамасына келетін болсақ, ол жоғарыда айтылған шектеулерді жояды және онсыз-ақ мемлекеттерге қатысты және нәтижесінде босқындар проблемасы пайда болған немесе пайда болатын кез – келген жағдайға, мейлі ол бұрын болсын немесе келешекте болатын болса да қолданылады.
Осыған байланысты мемлекеттердің жоғарыда көрсетілген құжаттарға қатысуын ескеру қажет. Қазақстан Республикасы екі құжаттың да қатысушысы болғандықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясының 4 бабының 3 т. сәйкес бұл актілер Республика территориясында тікелей әрекет етеді және ішкі заңдар оған қарама қайшы болса, онда ішкі заңдардың нормалары емес халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
«Босқындарға» анықтама беру әрекеті Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылмай тұрғанда да жасалынған, атап айтсақ, Ұлттар Лигасы қамқорлығымен жасалған шарттар мен келісімдер. Онда атаулы «топтық тәсілдеме» қолданылды. Бұл кездегі қажетті шарттар келесідей болды:
а) тұлға өзі туылған жерден тыста болуы керек
б) осы мемелекеттің қорғанысын пайдаланбауы керек
Мысалы, «орыс босқындары» 1926 жылы «Советтік Социалистік Одақтар Республикалары үкіметінің қорғанын пайдаланбайтын немесе енді пайдаланбайтын және басқадай азаматтық алмаған, орыс ата-текті кез-келген адам» ретінде анықталды. «Армян босқындары» ұғымының да мазмұны тура осыған ұқсас болды. Көрсетілген анықтамалар орыс және армян босқындарының жеке басының куәлігін беруге қатысты 1926 жылдың 12 мамырындағы Келісімде болды. Бұл жағдайда тұлғаның туған жерінен тыс жерде болуы тікелей талап етілген жоқ, бірақ ол ұйғарылған еді, өйткені келісімнің мақсаты жүруді және көшіп-қонуды қамтамасыз ету үшін жеке басының куәлігін беру болды. Егер жеке басының куәлігін алған адам өзінің ата-тегіне оралатын болса, онда Жеке басының куәлігі өзінің күшін жояды. Нәтижесінде мұндай тәсілдеме Германиядан қашқан адамдар туралы 1936 жылғы келісімдерде қолданылды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң «босқын» ұғымының анықтамасының мейлінше айқын критерийлері тұжырымдалды. Бұл туралы Босқындар істері бойынша Халықаралық Ұйымның (БХҰ) жарғысы және кейінірек қабылданған Босқындар істері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссарының Жарғысы (БЖКБ БҰҰ) және БҰҰ 1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы Конвенциясы көрнекі куәландырады.
БХҰ Жарғысы көмек көрсетілуі қажет адамдар категориясын көрсете отырып, алдыңғы құжаттардың ережелерін көрсетті. Мысалы, «босқындар» қатарына ұлтшылдық, фашистік немесе квислингтік режимдердің құрбандары; еврейлік ата-текті кейбір тұлғалар; ұлтшыл қуғыншылықтың құрбаны болған шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар жатқызылды; сонымен қатар, нәсілі, діні, ұлты немесе саяси көзқарасы белгілері бойынша екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейінгі босқындар деп танылған тұлғалар жатқызылды. Одан өзге, БХҰ Жарғысы босқындар қатарына бұрын азаматы болған және тұрған мемлекеттің қорғанысын қолдана алмайтын немесе қолданғысы келмейтін тұлғаларды да кіргізді.
Босқындар істері бойынша БҰҰ Жоғарғы Комиссарының Басқармасын босқындармен айналысатын негізгі мекеме рөлінде БХҰ алмастырды. Осы кезеңнен бастап халықаралық-құқықтық тәсілдеме негіздерінде «босқындар» ұғымы БҰҰ, БЖКБ Жарғысы және мемлекетаралық шарттар құжаттарында бекітіле бастады.
Жарғы алғаш рет ертерек бекітілген әр түрлі шарттар мен келісімдерге сәйкес босқын болып табылатындарды БЖКБ құзыретіне бағындырды. Одан өзге, ол 1951 жылдың 1 қаңтарына дейін болған жағдайлар нәтижесінде өзінің ата-тегінен сыртта жүрген (босқын азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтығы болмаған жағдайда – оның бұрынғы тұрақты тұрғылықты жерінің елі) және «қудалау құрбаны болудың толық негізделген қаупіне байланысты» оның қорғауын қолдана алмайтын немесе қолданғысы келмейтін босқын болып қалғандарға көрсетеді. Оларға кезінде босқындар мәртебесін беруге негіз болған жағдайлардың енді жоқ екеніне қарамастан, қуғындалуға бұрын ұшыраған, қайта алмайтын тұлғалар да жатады. Жарғы саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін екендігінің негізделген қаупі төнуі себепті өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауіп салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан өзінің бұрынғы кәдуілгі тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдарға да таралады.
Бұл анықтама қолданылу аясы бойынша әмбебап, өйткені қандай да бір уақыт бойынша немесе географиялық шектеулер жоқ. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының қорғауына және көмегіне кімнің құқығы бар екенін анықтау кезінде маңызды тірек нүктесі болып табылады, өйткені өзінің мемлекеті тарапынан қорғау болмаған жағдай босқындарды кәдімгі шетелдіктерден айрықшалайды.
Айтылғандардан көріп отырғанымыздай, Жарғы «босқын» ұғымының анықтамасына екі жақты тәсілдеме болжайды. Бір жағынан, ол босқындардың топтары мен категорияларына таралады (жоғарыда айтылып кеткен, «топтық тәсілдеме»), екінші жағынан – жеке тұлғаларға (жеке тәсілдеме), әрбір нақты жағдайдағы субъективті және объективті кезеңдердің бағалануы керек болған кезде.
Осы анықтама 1951 жылғы БҰҰ – ның босқындар мәртебесі туралы Конвенциясында және босқындар мәртебесіне қатысты 1967 жылғы Хаттамада айтылды.
Конвенцияның 1 бабында «босқын» терминіне жалпы анықтама берілген: бұлар «1951 жылдың 1 қаңтарына дейін болған жағдайлар нәтижесінде және саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін екендігінің негізделген қаупі төнуі себепті өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауіп салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан өзінің бұрынғы кәдуілгі тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ тұлға».
Конвенция ережелерін 1951 жылдың 1 қаңтарына дейін орын алған уақиғалар нәтижесінде босқындарға айналған тұлғалар ғана пайдалана алады. Дегенмен одан ары босқындар тек қана екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесі емес, оның салдарлары да болып табылды.
Осыған байланысты көрсетілген шектеулерді болдырмайтын қосымша құжаттарды қабылдау қажеттігі туындады. Осындай құжат болып босқындар мәртебесіне қатысты қабылданған 1967 жылғы Хаттама табылды. Хаттама Конвенция әрекетін «жаңа босқындарға» таратты, яғни Конвенциядағы анықтамаға сәйкес келе отырып, 1951 жылдың 1 қаңтарынан кейін болған уақиғалар нәтижесінде босқынға айналған тұлғаларға да таратты.
БЖКБ мандатына жататын және халықаралық қауымдастықтың қорғауы мен көмегіне құқығы бар босқындар қатарына тек қана белгілі бір мотивтер бойынша қудалаудан толық негізді қауіптенетін жеке тәртіпте анықтауға болатындар ғана емес («Жарғыға сәйкес босқындар»), сонымен қатар өзінің ата-тегі мемлекетінің қорғауынсыз қалғанын анықтауға немесе болжауға болатын тұлғалардың үлкен топтары да жатады (оларды қазір «жер аударған» тұлғалар немесе БЖКБ «уәкілдігі шеңберіне кіретіндер» деп те атайды). Әрбір жағдайдағы өте маңызды мәселе әңгіме болып отырған тұлғалардың мемлекетаралық шекаралардан өтуі және осы топтың қашуын осы елдегі қақтығыстармен немесе радикалды саяси, әлеуметтік немесе экономикалық өзгерістермен байланыстыруға болатындай болуы керек. Адамның негізгі құқығы қатерде қалған жағдайда онда өзекті фактор болып зорлық немесе тәуекел, немесе зорлық қаупі табылады, бірақ тек қана белгілі бір жағдайларда; таза экономикалық мотивпен орын ауыстырушылар, өзінің пайдасы үшін немесе қылмыстық ниетпен жер ауыстырушылар БЖКБ мандатының қорғауына түспейді.
Одан өзге, БЖКБ өз елінің ішінде орын ауыстырушы тұлғаларға да көмек көрсете алады және қайтқан босқындар мен «ел сыртына орын ауыстырған тұлғалардың» ақталуына және қайта бірігуіне ықпал ете алады. Кейбір жағдайларда БЖКБ ел ішінде орын ауыстырғандарды қорғай алатынын, бірақ мұндай қызмет үшін құқықтық база соншалықты айқын анықталмағанын соңғы уақыттардың тәжірибесі көрсетеді. Бұрын ел ішінде орын ауыстырған тұлғаларды қорғау мен көмек көрсету ерекше жағдайларда болатын, бірақ қазір мұндай операциялар бірте – бірте көбірек жүргізілуде. Мұндай әрекеттердің БЖКБ-ның рөлі мен міндетін анықтау үшін және ресурстарды бөлуде үлкен маңызы бар, бірақ олар босқындардың халықаралық – құқықтық мәртебесі туралы сұрақтарға нақты жауап беруде шектеулі мәнге ие болады.
Осы аядағы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тәжірибесі «босқын» ұғымының мағызын жалпы халықаралық құқықта толықтырады және байытады. Дегенмен бұл жерде кемшіліктер де бар. «Өзінің шыққан мемлекетінің қорғауын ала алмаған немесе оны пайдалану қабілеті жоқтар» категориясына жататын тұлғалар жағдайы көп сұрақтар туғызады.
Одан басқа, «босқын» терминінің анық емес мазмұны тура осыған ұқсас бірдей емес құқықтық салдарға әкелуі мүмкін, осыдан мемлекеттердің келесідей сұрақтарға қатысты міндеттемелері қандай да бір нақты категорияның мәртебесіне тәуелді болады: жер аударудан бас тарту (non-refoulement), шекара арқылы өткізу, уақытша баспана беру және мемлекетке кіргеннен кейінгі арыз берушілерге мемлекеттің қатынасы. Көптеген мемлекеттерде Жарғымен қарастырылған БЖКБ міндеттемесі мемлекеттердің 1951 жылғы Конвенциямен немесе 1967 жылғы Хаттамаға немесе регионалдық келісімдерге сәйкес міндеттемелерімен толықтырылады. Дегенмен бұл механизм тиімділігі жеткіліксіз, өйткені мемлекеттер міндеттемелері мен БЖКБ міндеттемелері арасында келіспеушілік бар.
«Босқын» анықтамасы, сонымен қатар, 1996 жылғы 11 қыркүйектегі N С-1/14-9611 ТМД-ның Экономикалық Сотының шешімінде де бар, оған сәйкес тұлға босқын деп таныла алады, егер келесі критерийлерді қанағаттандыратын болса:
1) тұлға, баспана берген елдің азаматы болып табылмайды (қабылдаушы мемлекеттің);
2) тұлға басқа мемлекет территориясында орналасқан өзінің тұрақты тұрғылықты жерін тастауға мәжбүрлі (жөнелтуші мемлекет);
3) тұлғаның мемлекетті тастауға мәжбүрлі болу себебі ─ жасалынған зорлық немесе басқа нысандағы қудалау немесе тұлғаның өзіне ғана емес сонымен қатар оның жанұясының мүшелеріне де қатысты нәсілдік немесе ұлттық жағдайына, діни нанымына, тіліне, саяси көзқарасына және белгілі бір әлеуметтік топқа жатуына байланысты қудалау.
4) зорлық пен қудалаушылық жасаудың арасында байланыс бар, өйткені қарулы және ұлтаралық қақтығыстарға ілінудің нақты қаупі бар.
Бейбітшілікке, адамзатқа қарсы немесе басқа да қасақана қылмыстық әрекеттер жасаған тұлға босқын деп мойындалмайды.
Сонымен, халықаралық регламенттеуді қорытындылай отырып, өзінің елін төменде көрсетілген себептер бойынша тастап кеткен тұлғаларды босқындар деп атай аламыз:
а) сыртқы басқыншылық, оккупация, шетелдік үстемдіктің басқа да нысандары;
б) олардың өмір сүруінің материалдық негізіне зиян келтіретін табиғи апатты құбылыстар;
в) қандай да бір әлеуметтік топқа жатқаны, саяси және діни көзқарасы болғаны үшін қуғын – сүргінге ұшырауының негізделген қатері.
Өздерінің құқықтары бойынша босқындар елде тұрақты тұратын шетелдіктермен теңестіріледі. Одан өзге, босқындар өздері тұратын мемлекеттің азаматтарымен теңдей еңбектері үшін сыйақыны алуға құқығы бар. Босқындарға олардың мемлекеттік шекараны кесіп өтуіне мүмкіндік беретін құжаттар беріле алады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс БОСҚЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІНІҢ НЕГІЗГІ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар халықаралық құқық жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс БОСҚЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІНІҢ НЕГІЗГІ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар халықаралық құқы, Курстық жұмыс: Халықаралық құқық | БОСҚЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІНІҢ НЕГІЗГІ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін