Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам Сабақ тақырыбы: Жердегі тіршілік Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.4.1 Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстыру Сабақ мақсаттары: Оқушы: • Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды біледі; • Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстырады;.....
Мәселенің өзектілігі. 30-шы жылдардан бастап Гэллап ұйымы мемлекет үшін қандай мәселе күрделі екендігі туралы қоғамдық пікірді білу мақсатында сұрақ-жауап жүргізе бастаған болатын. Экономикамен шектелмей қалған жауаптар қатарында нашақорлық, қылмыстылық, қоршаған ортаның ластануы және ядролық соғыстар болды. Ал 1981 жылы құнсызданудың өсуіне көпшілік оны мемлекет алдында тұрған маңызды мәселе деп есептеді. Арадан екі жыл өткеннен кейін жұмыссыздық көрсеткіші өсіп, көпшілік жұмыссыздықты маңызды мәселеге айналдырды. Адамдарға көптеген себептерге байланысты жұмыссыз қалулары мүмкін. Мұндай себептер қатарына олардың алғаш рет жұмыс іздеуі, адамдардың жағдайы жақсы жұмыс табу мақсатында бұрынғы жұмыс орындарын тастап кетулері, уақытша жұмыстан босағандық және де фирмалардың жабылып қалуларына байланысты жұмыстан босаулар жатады. Жұмыссыздықтың осы соңғы түрі мәжбүри жұмыссыздық деп аталады.....
Аудит - кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктердің және акционерлік қоғмдардың қаржылық шаруашылық қызметтеріне білікті талдау жасау. Аудит негізінде кәсіпорын басшыларының не болмаса қатарлас және аралас кәсіпорындардың, контрагенттердің мемлекеттік басқару органдарының сұраныс бойынша жүргізледі. Оның негізі кәсіпорынның қаржы-қаражат жағдайын анықтау және оны жақсарту туралы менеджмен және салық ісі мәселелері бойынша кеңес беру қызметін көрсетеді. Аудитор – акционерлік бірлестіктердің, фирмалар мен кәсіпорындародың қаражатын, шаруашылық іс-әрекетін басшылармен келісе отырып, жасалған шарт арқылы тексеретін заңды тұлға немесе фирма болып табылады. Аудитордың негізгі мақсаты тексерілген бірлестіктердің кәсіпорындар мен фирмалардың қаражаттары мен іс-әрекеттеріне, шаруашылық қызметтеріне әділ әрі нақты баға беріп жылдық есептің кіріс-шығысын жариялау. Аудиторлық фирмалар тексеру міндеттерімен қатар кеңес беру қызметтерінде атқарады. Аудиторлық қызметтер коммерциялық негізде жүргізіледі. Аудиттің объектісі болып нарықтық экономикада қызмет ететін шаруашылық субъектілері табылады. Қазақстан Республикасының экономика ғылымдарының докторы, профессор К.Ж. Дүйсенбаев аудиттің мазмұнына келесідей анықтама береді: «Аудит – бұл ұйымдардың қаржылық есеп беруін және басқада экономикалық ақпараттарын тәуелсіз сараптау және талдау, ішкі бақылаудың жағдайын және бухгалтерлік есептің Республикада заңдылықтарымен тексеру, сонымен қатар клиенттердің сұрақтары бойынша қызметтер көрсету». Қазақстан Республикасы 2000 жылы 5 наурызда аудиторлар конференциясында Аудиторлардың Халықаралық Стандарттарын ұлттық деп тануына шешім қабылдады және халықаралық деңгейге көтерілуіне үлкен қадам жасап отыр. Қазіргі кезде елімізде 1999 жылы Халықаралық Бухгалтерлік Федерациясында құрылған Аудиторлардың Халықаралық Стандарттарына сай өз қызметтерін жүзеге асыруда.....
«Отан» ордені «Отан» ордені 1993 жылы тағайындалған. Аталған орденмен мемлекеттік және қоғамдық қызметінде экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, мемлекеттік құқық қорғау және әскери қызметтегі демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға айрықша еңбек сіңірген азаматтар марапатталады.
І-ші дәрежелі «Барыс» орденінің жұлдызы «Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы мәдени–қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. «Барыс» ордені үш дәрежеден тұрады. Орденнің 1-ші дәрежесі жұлдызша мен аспалы жолақтан тұрады.
І-ші дәрежелі «Барыс» ордені «Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы ғылыми, мәдени-қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. І-ші дәрежелі «Барыс» ордені жұлдызша және аспалы жолақтан тұрады.
ІІ-ші дәрежелі «Барыс» ордені «Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы ғылыми, мәдени–қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. ІІ- ші дәрежелі «Барыс» ордені жұлдызша және аспалы жолақтан тұрады. ....
Ертеде Қарабай деген батыр болыпты. Өзі атқан оғы жерге түспейтін мерген де сияқты. Қысы-жазы жапан кезіп, аң аулаумен болады екен. Бір күні аңнан қайтып, үйіне таяп қалғанда, сол жердегі бір құдықтың маңынан екі көзі тостағандай, екі құлағы тебінгідей бір қара дию кезігіп, екеуі алыса кетіпті. Неше күн, неше түн алысып, әрең дегенде Қарабай диюды жеңіп, құдыққа тастайды да, қақпағын жауып, қазандай таспен бастырып тастапты. Қарабайдың үйінде шешесі мен қарындасы ғана бар екен. Қарабай оларға «Мен жоқта анау құдықтың қасына барушы болмаңдар»—деп тапсырыпты да тағы да аңға кетіпті. Шешесі мен қарындасы құдықтың маңына бармауға уәде берсе де көңілдерінде «Соның ішінде не бар екен, бір көрсек?» деген ынтық түсіпті. Сонымен Қарабай аттанып кеткен соң барып қазандай тақтайды аударып, қақпақты ашса, құдықтың ішіндегі дию: «Мені шығарып алыңдар! Байы жоққа бай боламын, байы барға ашына боламын», – деп жалбарыныпты. Жапан даладағы жалғыз үйде іші пысып жүрген қыз бен қатын мұны естіп қуанып кетеді де диюды арқан тастап шығарып алып, көңіл қосып, мауқын басып жүріпті. Бір күні дию: «Бүйтіп бұғып өткізген өмірден мезі болдым. Абзалы Қарабайды өлтіріңдер. Сонан соң емін-еркін күн өткізейін»,—депті.
«Батыр-ау, сіздің шамаңыз жетпегенде біз қайтіп өлтіреміз?»,—депті қыз бен қатын сасқалақтап.....
Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар. Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері. Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін. Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан. Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін. ....
Бїгінгі кїнде ауыз су жјне жалпы тўщы су мјселесі – дїние жїзіндегі еѕ ґзекті мјселелердіѕ бірі. Адамзаттыѕ бестен бірі ауыз суына зјру. Ќазаќстан су ресурстарыныѕ їлкен жетіспеушілігі елдерініѕ санатына жатады. Ќазіргі уаќытта су объектілері тау кен ґндіру, металлургия жјне химия ґнеркјсібі кјсіпорындарыныѕ, ќалалардыѕ коммуналдыќ ќызметтерініѕ жедел ластауына ўшырауда жјне наќты экологиялыќ ќатер тґндіреді. Ертіс, Нўра, Сырдария, Іле ґзендері, Балќаш кґлі неєўрлым ластанєан. Халыќты ауыз сумен ќамтамасыз етудіѕ негізгі кґзі болып табылатын жер асты сулары да ластануєа ўшыраєан. 2005-2010 жылдар аралыєында ішінде ґзен экожїйелеріне жїктемені азайту маќсатында жјне олардыѕ ластануы мен ќоќыстануыныѕ алдын алу їшін су ќорєау аймаќтарыныѕ жобалары жјне барлыќ пайдаланылатын су объектілерініѕ жолаєы јзірленетін болады. 2005-2006 жылдары су объектілеріне ластаушы заттардыѕ тґгінділерін таѕбалыдан жиынтыќ нормалауєа кезеѕ кезеѕмен кґшіруге мїмкіндік беретін зиянды заттардыѕ мїмкін болатын шекті нормативтерін жјне судыѕ жай-кїйініѕ маќсатты кґрсеткіштерін јзірлеу жґніндегі єылыми-ќолданбалы зерттеулердіѕ кешені жїргізілетін болады. Бўныѕ бјрі аєынды суларды тазарту жґніндегі єимараттарды салу жјне ќайта жґндеу кезіндегі жаѕа технологияларды енгізуді жеделдетеді. Су жетіспеушілігін бастан кешіп жатќан ґѕірлердегі бар су ресурстарыныѕ санын ўлєайту жјне сапасын жаќсарту їшін ґзен аєынын реттеу жґніндегі, оныѕ ішінде бассейн аралыќ ќайта болу жґніндегі, сондай-аќ жер асты ауыз суларын пайдалануды жеделдету жґніндегі жўмыстарды жалєастыру ќажет....
Қуаңшылық дәуірден көлдің деңгейі төмендеп отырған. Ежелгі Балқаштың айдыны жекелеген иірімдерге бөлініп кететін және көл шұңқыры тұтастай дерлік құрғап қалуы мүмкін еді. Климаттың қайталай ылғалдануы ежелгі Алатау мен Тарбағатай тауларынан ағып түсетін және көлге жаңа мекендеушілер алып келетін өзен сулары ойыстың суға толыуан алып келетін. Осы себеп көлдің ихтиофаунасының қайталанбауы мер түрлік құрамының кедейлігіне түсінік береді. ХІХ ғасырдың соңында Балқаш пен Алакөлдің көлдерінде балықтың бар жоғы 4 немес 6 түрі (ихтиологтар балықтың қайсысы жеке түр екіендігі жөнінде әзірше бір шешімге келген жоқ) кездесетін. Бәрінен аздау туғызатын айтарлықтай «жас» көлдің «кәрі» мекендеушісі балқаш алабұғасы болатын. Ол кезінде Балқаш алабына тұтас таралған болатын. Алабұғаның пелагиялық (көлдік) нысананың ірі экземплярларының тұрқы (ұз) 50 см-ге және салмағы 1,0-1,5 кг-ға жететін. Алабұғаның (солтүстікке таман таралған тұқымдастардың өкілі) қалай және қашан Балқаш алабына тап болғаны осы күнге шейін белгісіз. Мүмкін, ерте замандарда Ертіс пен Солтүстік Балқаш өңірінен шекаралық өзендері салдарынан біресе осы, біресе өзге алапқа жалғасып бағытын өзгертеуі мүмкін. Балқаш алабұғасының жұмбағы балықтың, Сырдария алабындағы подкаменщик және Байкал непрасының жұмбақтарымен үндес. Балқаштың және оның салаларының «аборигендері» не тұқы тұқымдастарына (шармай, көкбас, көкталма), вьюн (жалаңаштар) тұқымдастарына жатады. Олар таулар арқылы мезгіл-мезгіл бағытын өзгертетін өзендермен жеткен деп есептелінеді. Көлемі аса зор болған ежелгі Балқаштың негізінен балықтардың өзендік түрлерімен толтырылуын осылай түсіндіреді. Және неліктен олар әдетте көлге тән түрлермен балқаш үшін болған ұрыста тез жеңіліске душар болғанын пайымдайды. ....
Арғынбай Жұмажанұлы - Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Тұлба көлінің жағасында туған. Қазақ орта мектебін, 1954 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. моңғолия қазақ баспасында корректор, орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің бастығы, «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы, ғылыми қызметкер сияқты жұмыстар атқарған.....
Өмірбаяны Бауыржан Байбек 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Әке-шешесі зейнеткер. Байбек Қыдырғали Мұқаметәмірұлы "Алматы қаласы бойынша жолаушыларды тасымалдау" КМК бастығының орынбасары болған. Ал анасы Алтынай Құнғалиқызы "Қазтамақөнеркәсіп" бөлімінің бастығы - бас маманы қызметін атқарған. Әкесі Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бір сыныпта оқыған. Білімі Бауыржан Байбек Күләш Байсейітова атындағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатты тәмамдаған. 1994 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Германияға оқуға кетеді, онда бір жылдай Бремен қаласындағы Гете институтында неміс тілін оқиды. Одан соң Любек қаласындағы Жоғары музыкалық мектепте үш жыл оқиды. 2002 жылы Орталық Азия университетінің халықаралық экономист мамандығы бойынша диплом алады. Саясат ғылымдарының кандидаты. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген.....
Қазір қазақ халқының рухани дамуы бір жолайрықта тұрған сияқты. Руханиятымызға батыс мәдениетін үлгі етеміз бе? Жоқ дәстүрлі ұлттық мәдениетімізді негіз етіп алып, соны одан ары дамытамыз ба? Ғаламдасу бағытына бүтіндей бейімделіп, оның ауыр да, рахымсыз талаптарына шартсыз тізе бүгеміз бе? Жоқ ұлттық болмысызды сақтай отырып, әлемдік қауымдастықтың құрамында дербес рухани құндылығы бар ұлт ретінде өмір сүреміз бе? Осының бәрі бүгінгі күннің алдындағы аса жауапты міндеттер. Осындай шешімін таппаған мәселелердің қатарында алфавит таңдау проблемасы да тұр. Бұл өзі шешімін тапқан, таңдауы біткен мәселе секілді. Басқа түркі текті халықтармен бірге латын алфавитіне көшеміз деген пікір жұрт арасында орнығып үлгерген. Түркия бұрыннан латын алфавитін қолданып келеді, басқа туысқан жұрттар да ептеп көшіп жатыр. Көптен бөлінбеу, көштен қалмаудың қамын ойлағанда бұл да дұрыс таңдау болып тұрғандай. «Барар жерді мақтай бер, қалар жерді таптай бер» дегендей латын алфавитінің ерекшелігін айтқанда таңдайымыз таңдайымызға жұқпайтын шешен болып алдық. Жұрттың көбі латын графикасын алу тиімді дегенге шынымен сенеді, оның артықшылығын дәл бір өзі зерттеп біліп отырғандай тамсана отырып айтады. Олардың тұжырымдары бойынша түркі халықтарының біразы латын графикасына көшіп жатыр. Түркілік қауымдастықтан бөлініп қалмас үшін бізде латын графикасына көшуіміз керек. Онан қалса бұл алфавит экономикалық жақтан тиімді, техникалық жақтан артықшылықтарға ие. Озық ғылыми техникаға жеткізетін жол. Көз алдағы жағдайларды ескергенде және мәселеге бір ғана экономикалық тұрғыдан қарағанда, бұл пікірлердің орынды жағы да жоқ емес. Дегенмен, біз қандай алфавитті таңдаймыз, оның болашақ үшін қандай тиімділігі бар деген сауалдың төңірегінде әлі де асықпай ойланып келелі шешім қабылдауымыз қажет әрі оған мүмкінідігіміз бар. Бірінші алфавит халықтың рухани болмысын қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі, ол бір топтың, жекелеген қайраткерлердің еркімен немесе басқалардың ықпалымен шешілетін мәселе емес. Екінші алфавит болашақ үшін де тарих үшін де қызмет ететін болу керек. Латын алфавитіне көшу түркі халықтары ортақ тұжырымға келіп барып қабылданған шешім деп көңілімізді алдарқатамыз. Солай бола тұрса да біздің ойымызша латын графикасын қабылдауда алфавит таңдаудың алғы шарттары мен себебі толық ғылыми негізде қарастырылып отырған жоқ. Алфавит таңдауда үш түрлі басты шарт болуы керек: бірінші – тарихи шарт, екінші – ғылыми шарт, үшінші – саяси шарт. Тарихи шарт – қабылданатын алфавит руханияттың тарихи тамырын тануға қызмет ететін, төлтума алфавит болу керек. Сол алфавитті қолдану халықтың тарихи жадын сақтауға негіз болуы лазым. Ғылыми шарт – қабылданатын алфавит сол ұлттың дыбыс жүйесіне сәйкес келетін және дыбыстың даму мүмкіндігіне кедергі болмайтын алфавит болу керек. ....
Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда – бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді. Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі – тек қана үш факторлардың – адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К.Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Бірінші фактор жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі - өндіріс процесінің заттық факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып, К.Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын – жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі оның факторы болып қалады». Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек. Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар. Өндіргіш күштер – бұл өндіріс құрал жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндретін адамдар. Өндіріс процесінде адамдар бір-бірімен қатынаста болады. Бірақ бұл қатынастар әртүрлі болады. Бір жағынан, бұл қатынастар: ұйымдастырушы, адамдарды орналастыру – техникалық-өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші жағынан, бұл қоғамдық-өндірістік, яғни экономикалық қатынастар. Олар меншік сипатымен, меншік қатынастарымен анықталады. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың білігі өндіріс әдісін құрайды. Әрбір өндіріс әдісіне өзінің экономикалық (өндірістік) қатынастары сай келеді. ....
Мына әлемде мазасыздық ұлғайған Сен де тулап жатырсың ба түрлі ойдан? Қаратауды түсірдің ғой есіме, Қара теңіз, есіміңді кім қойған? Шаншыласың көкке суды жарып тік, Шамырқанып шашырайсың, жарықтық! Екеуіңе қара деген сөз ортақ, Ортақ сосын сұстылық пен алыптық.......
2013 жылы туа бітті жүрегі жарық балаларға 400 ота жасады және ассистент ретінде 800-ден аса отаға қатысты. Туа бітті жүрегі жарық балаларға ота жасайтын ең жас балалар кардиохирургі. Салмағы бір келіге жетпей шала туған балалардың жүрегіне ашық ота жасаған. Ресейлік, италиялық, оңтүстіккореялақы, швейцариялық әріптестерімен бірлесіп Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында операциялар жасады. ....
Қайрат Майтеков «Туған жерге тағзым» акциясы аясында туған жеріндегі әлеуметтік нысандарды жөндеп, матриалдық базасын нығайта түсуге көмектесіп жатқан түлектердің бірі, ірі көлемде қаржылай қолдау көрсетіп, мектептің жоғын түгендеп берген кәсіпкер. Одан өзге сыныптасы Әлімбек Сейдуллаевпен білесіп өздері білім алған Ақтөбе қаласындағы №3 мектепте әлемдегі ең тиімді бағдарламалардың бірі — «Britannica» технологиясы бойынша 33 тілді оқытатын тіл зертханасын ашып берген.
Қайрат Майтеков 1974 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1991 Қазақ Мемлекеттік аграротехникалық университетіне "экономист-менеджер" мамандығы бойынша оқуға түсіп, сәтті аяқтап шығады. Еңбек жолын 1992 жылы Ақтөбе қаласында «Казпроммаркет» ЖШС бастап, іскерлігі мен еңбекқорлығының арқасында қызметтік жолында үлкен жетістіктерге жетеді. Қазір «МАКСИМУС» ЖШС директоры. Үлкен қызметте жүрсе де ешқашан туған ауылын ұмытпаған азаматтардың бірі осы Қайрат Амангелдіұлы. Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектептің 1991 жылғы түлегі жақында 150 миллион теңгеге өз мектебіне күрделі жөндеу жүргізіп берді.....
Адамның психикалық дамуының әлеуметтік сабақтастығын түсіну, даму процесін тек білім мен дағдыларды жай жинақтауға әкеліп саюға болады дегенді білдірмейді. Адамның психикалық дамуының әлеуметтік табиғатын ескеру бұл процестің күрделілігі мен сан қырлылығын түсінуге мүмкіндік береді, өйткені осылай қарастырғанда ғана даму қайсыбір жекеленген функциялардың жетілуі немесе сан жағынан көбеюі түрінде емес, адамның бүтіндей дамуы, яғни жеке адамның дамуы ретінде көрінеді. Оқыту мазмұны және психикалық, даму. Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді іс-әрекет әдістерін күрделендіруден тұрады.Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер, ең алдымен совет психологтары, оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі езгертуге бола-тынын дәлелдеп берді. Көптеген зерттеулерде (Л, А. Венгер, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов) оқыту мазмұнына арнайы құралдарды (сенсорлық дамудағы форма, түс эталондары, математиканы оқытудағы түрлі үлгілер мен схемалар өлшемі) енгізу ақыл-ой дамуының мүлдем өзгермейтін және абсолюттік деп есептелген сатыларында принципті өзгеріс туғызатынын көрсететін деректер алынды. Мысалы, Швейцария психологы Ж. Пиаже өзі жүргізген зерттеулер негізінде жеті-сегіз жасқа дейінгі балалар есеп амалдарын толық, мағынасында қолдана алмайды деді. Пиаже сипаттаған «санның сақталынбауы» деген феномен көпке мәлім. Оны мынадай тәжірибеден көруге болады. Біркелкі екі ыдысқа тең мөлшерде су құяды. Одан кейін бала бір ыдыстағы судың басқа жіңішке биік ыдысқа ауыстырылып құйылғанын көреді. Судың көтерілу деңгейіне қарай болжамдап бала су көбейді дейді. Алайда совет психологтарының зерттеулері көрсеткендей өлшем амалдарын пайдалануды үйреткен жағдайда мұндай феномен бес жасар балалар арасында да болмайды екен. Пиаженің есебі бойынша 11 —12 жасқа қарай ғана дамиды деген логикалык операциялардың, егер оларды орындаудың арнаулы құралдарын енгізсе, мектепке дейінгі жаста да мүмкін екендігі анықталды. Мысалы, алты-жеті жасар балаларға заттарды арнаулы белгілері бойынша біріктіру үшін эталон-үлгі қолдануды үйреткен жағдайда, бұл балалардың жіктеу операциясының механизмі мен даму сатыларын елеулі өзгеріске түсірді. Зерттеулерден алынған деректер төменгі класс, тіпті кейде мектеп жасына дейінгі балалардың оқу пәндерінің ғылыми мазмұнын меңгере алатынын дәлелдеп отыр. ....
Біздің студенттер жыл сайын 14 ақпанда Елбасы Н.Ә.Назар¬баевтың “Болашақ” бағдарлама¬сы¬мен Ұлыбританияның Кар¬дифф университетінде білім алып, тәкаппар Англияны білімімен, ағылшын тілін шебер білгендігімен таңқалдырған, 2005 жылы әуе апа¬тынан қаза болған магистранттар – Болат Кәрентаев пен Айнұр Сүлей¬манованы еске алу күнін ұйым¬дас¬тырып келеді. Болат ізденуші ре¬тінде ғылыми жұмыс¬тар¬¬мен ай¬на¬лысып, кандидаттық диссертация¬сын қорғауға дайында¬лып жүрген еді. Айнұр Лондонда тележүр¬гізу¬шілер конкурсында жеңіп шығып, “Би-би-си” телеар¬на¬сының эфи¬рі¬не шығуға жан-жақты дайындық үстінде болған. Болаттың арманы Ақтауда Ұлы¬британияның мұнай ас¬танасы – Абердине қаласын¬да¬ғыдай халық¬ара¬лық порт салуға өз үлесін қосу, Ай-нұрдың арманы Астанада ағылшын тілінде мектеп ашып, ауыл бала¬ла¬рын оқыту еді... Біз Болаттың Кеңес Одағының Ба¬тыры Ағәділ Сухан¬баевтың ұрпағы, Айнұрдың Әлия Молдағұлованың жиені екендігінен хабардармыз. Үстіміздегі жылдан бастап, кол¬лед¬ж¬де Болат Кәрентаев пен Айнұр Сүлейманова атындағы екі атаулы стипендия тағайын¬далып, беріле бастады. “Нұр Отан” ХДП-ның “Жас Отан” жастар қанатының бірінші съе¬зінде күш-жігері тасыған жас¬тардың бас қосып, ұлы істерге ұмтылыс танытуын – аға ұрпақтың игі істерінің жалғасы деп білеміз. Ал осы съезге облысымыздағы 14 делегаттың бірі болып колледж оқытушысы, “Жасыл ел” аймақтық бағдарламасының аудан бойынша төрағасы М.Жарқынбековтің баруы атамыз атындағы колледждің мәртебесі мен мерейін тағы бір көтеріп тастағандай. Студенттерді мемлекеттік қыз¬мет¬ке жас кезінен бейімдеу үшін әр топта старосталар емес, топ әкімдері сайланып отырады. ....
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен. Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті. КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады. ....
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмасада, өз ұрпағыы бесікте жатқан кезінен бастап-ақ, өлен-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмеседе, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есіту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшілде, құралайды көзге атып түсіретін мерген де болған. Мақсаты - бүгінгі тәрбие мен білім берудің көптеген көкейкесті мәселелерін халықтың педагогикалық творчествалықпен дамыту негізінде шешуге болатындығы жайлы студенттердің, мектеп мұғалімдерінің түсінігін қалыптастыру, халықтың педагогикалық тәжірибесіне мұғалімдер маманды-ғына дайындаудың аса қажетті мазмұндық компонент ретіндегі көзкарасының қалыптасуына ықпал ету. Халық педагогикасында баланың дамуына ықпал ететін тәрбие факторлары мыналар: 1. Табиғат. Оның әрбір бөлігі-тәрбиенің көзі. Ол адамға көрінетін, көрінбейтін әсерлер арқылы беріледі. Халық табиғаттың тәрбиелік әсерін поэзия тілімен бейнелеген. Табиғат - халықтық тәрбиенің қозғаушы күштері, жетілген адам тұлғасы жайлы түсінікті туғызушы факторлардың бірі болып табылады. Табиғаттың ықпалы педагогикалық процеске саналылық элементін енгізді, жетілу жайлы ойды кеңейтті, нәтижесінде кемелдену ұғымы туды. Табиғатпен объективті үйлесімділіктің субъективті де жағы бар: Біріншіден, денсаулықтың нығаюына көмектеседі; Екіншіден, балалардың ақыл-ойы дамуына игі әсер етеді. Табиғатпен және оның аясында өтіп жатқан өмірмен жанасу арқылы оны жақсы үйретуші, ұстаз деп таниды. Мұндағы қандайда бір құбылысты бақылауға беріледі және қоршаған дүние жайлы қызғылықты мәліметтер алады. ....
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәункелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде “тәуекелдік” деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын. Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады. Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар. Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады. Шығындар. Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.....
Қазіргі кездегі оқиғалар, Шешен соғысы және АҚШ-тың оған қатысы, Ирактағы соғыс және оған Ресейдің қатысы, бәріде осы екі ұлы державалар АҚШ пен Ресей дің халықаралық аренадағы карсылықтарын көрсетеді. Бұл қарсылықтың айқын мысалы 1962 жылдағы “Кариб дағдарысы” бола алады. Дағдарыстың пайда болу себептерін қарастыру әлі күнге дейін өзекті, бұның басты себебідағдарыстың тарихы саяси және идеологиялық себептерге байланысты ХХХ. Сондықтан бүгінгі уақытта біз әлемдік тарихтың маңызды мәселесін қарастыруға мүмкіншілік алып отырмыз. Тарихнама.Тарихқа көз жүгіртсек, бүкіл дүниежүзін дүр сілкіндірген елеулі оқиғалардың бірі-Кариб дағдарысы. Бұл дағдарыс « Қырға қабақ соғысының» шиеленісуінің нәтижесінде, яғни 1962 ж қазан айының 2-ші жартысында пайда болды. Не бары 13 күннің ішінде бүкіл әлемді Ядролық апатқа әкеле жаздады. Әлемнің алып державалары: АҚШ, КСРО және Куба үкіметтері алғаш рет «Ядролық тұйыкка» тірелді, бірақ уақытында дағдарыс жағдайды жоюға барлық күштерін салып, халқаралық мәселелерді әскери емес, дипломатиялық жолмен шешу керек екеніне көздері жетті. Сонымен қатар, дағдарыс сабқтарынан әлемдегі оқиғаларға деген ыңғайларына жаңа, маңызды үлес қосып, сабақ болды десек , асырып кетпейміз. Сонымен қатар, 1962 ж материалдар халықтан мұқиятты түрде жасырылған, тек қайта құру кезеңінен кейін біртіндеп ашыла бастады, бірақ бұл жағдайдың өзі, толығымен көзімізді ашқан жоқ та, бүкіл ақиқатты түсінүге мүмкіндік бере алмайды, өйткені бүгінге шейін негізгі документалдық фактілер мүлде құпиялы түрде жатыр, және осы дағдарыс жайындағы әдебиет толықи емес. Дегенмен, осы тақырыпка қызығушылықтың, ізденістің арқасында біз, сол кездегі АҚШ пен КСРО-ң ұстанған саясаттарын түсінуге мүмкіндік алдық.. Осы жүмыстың мақсаты: АҚШ пен КСРО арасындағы дағдарыстың басты себептерін көрсету. Олардың әскери-саяси қарсыластары миллиондаған күнәсіз адамдардың өміріне қауіп төндіргеніне елді сендіру және осы екі державаның жасаған қателіктерін басқа елдер жасау үшін, сабақ ретінде түсіндіру.....
Оразғалиева Сая Магзумбекқызы - актриса, әнші. 1988 жылы 7 сәуірде Ұлан ауданының Ақ тауында дүниеге келген. Алматы Қазақ-түрік, гуманитарлық технологиялық колледжін бітірген, аудармашы-референт (2009); «Тұран» университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген (2012). «Shine» тобының вокалисті (2010-2012). Сая «ВУЗеры» телехикаясынан кейін танымалдылыққа ие болды. Кинодағы рөлдері:....
Рафикова Хадичахан Сабиржановна – PhD, Қ.И. Сәтбаев атындағы (ҚазҰТУ) Қазақ ұлттық зерттеу ғылыми-зерттеу университеті мен Қазақ-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) аға оқытушысы
Мұнай үшін бірегей родий-иридий катализаторын әзірледі. Бұл жұмыс жасыл технологиялар категориясына кіретін мұнай өңдеуге арналған бәсекеге қабілетті технологияларды құрудың негізі болып табылады.
2011 жылы Қазақ-Британ Техникалық Университетінде докторантураға түсуден маңызды ғылыми мансабын бастады. Оның мақсаты тек академиялық атаққа ие болуға ғана емес, ең алдымен Қазақстанда ғылымның дамуына үлес қосу. Сонымен қатар, ол ғылыми процестің әрбір кезеңінде (идеяны өзінен, эксперимент арқылы заттардың іріктелуінен бастап, соңғы өнімді алуға дейін) қоршаған ортаға зиян келмес үшін жұмысының «жасыл» химия талаптарына жауап беретінін бірден анықтады.....
Никита Амоскин – акробат, халықаралық класстағы спорт шебері, екі дүркін Азия чемпионы, спорттық акробатикадан әлемчемпионы.
Ол 1999 жылы Қарағанды облысында туған. Қазір Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 2 курс студенті. Никита бала кезінен спорттық акробатикамен айналысып, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы турнирлерінде жүлделі орындар алды. Ол спорттық акробатикадан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері. Никитаның 60-тан аса марапаты бар.
2015 жылы серіктесі Анастасиямен бірге Азия чемпионатында жеке есепте 1 орын алды. 2016 жылы Қытайда әлем Чемпионатында қола жүлдегері атанды, ал Польшада әлем кубогында алтын жүлдеге ие болды.
2016 жылы Никита еңбегіне лайық халықаралық класстағы спорт шебері атағын алды. Алайда жас спортшының басты жетістігі 2018 жылдың сәуірінде Бельгияның Антверпен қаласында жастар арасында аралас жұптар категориясындағы спорттық акробатикадан өткен Әлем Чемпионатының алтыны болып табылады. Өз қаласы мен елінің мақтанышы болып жүрген ол әрі қарай да халықаралық спорт әлемінде Қазақстан Республикасының мерейін үстем еткісі келеді. ....
Уақытпен жарысқан заманда күн жылжыған сайын, тарихта қалар таңбалы оқиғалар орын алып жатыр елімде. Әрине, азаттықтың көк туын желбіреткен Алаш елінде тек ғаламат оқиғалардың орын алуы қуантарлық жайт. Бұл – біздің түп-тамырымыз ата-бабаларымыздың арқасы. Ал, тарихтың бетін кейін қарай парақтап, 1941 жылға тоқталсақ... 1941 жыл, 22-маусым. Бар қазаққа белгілі қасіретті оқиға болған бұл жылы. Естігенде құлаққа түрпідей тиетін, жүрекке үрей, көңілге кірбің, жанарға мұң ұялататын «соғысты» алып келген жыл еді. Бала атаулыны «әкелетіп», ана атаулыны «ұлым», «жалғызым», «жарым» деп зарлатқан жыл болды. . ..Күңіренген дала...Қоштасу...Жылау...Қимау...Сағыну...Күту...Үмітін үзбеу... Осы бір қасіреттің барлығын әрбір қазақ баласы дәмін татқан еді. Жүректі жаралаған, көңілге күдік пен сағынышты қатар алып келген сұм соғыс әр шаңыраққа өз қатігездігін танытты. Алаңсыз тірлікте қым-қуыт тіршіліктің тып-тыныш күйін кешіп жатқан халық тағдырдың тепкісіне ұшырап, ауыртпалық қамытын киді. Әлемді дүр сілкіндірген соғысты көріп сабылған халық қайда барып қорғанарын білмеді. Бұл соғыс бар қазақстандықтың басына қасірет әкелді. Жанары жәудіреп, біреуден аяушылық күткендей жанашыры әкесін қимай-қимай алысқа аттандырған қаршадай қазақ баласының басына қасірет алып келді. Қамқоршы һәм ақылшысы, отбасының ұйытқысы болып отырған отағасынан айырылған аяулылардың басына қайғы әкелді. Әкеден қалған жалғыз тұяқ ұлынан айырылған ана жүрегіне өшпес жара салды сұм соғыс. Талай ұл-қыз осы соғыстан соң жетімдіктің салмағын арқалады. Жүрегін үрей мен үміт тұншықтырып тұрса да, елін қорғау үшін, болашақтың жарқын болуы үшін бір мақсатты арқалап майданға аттанған елімнің қайсар ұл-қыздары-ай... Олар енді оралмасын, туған жерге қайтып табан тіремесін сезсе де елі үшін алға қадам басты.......
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдык өнімнің нақтылы қозғалысы сан мындаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардын, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылыгғның экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің "қан айналымы" жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы козғалысында рынок маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршендігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен рыноктардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Жалпы рынок мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориалық айтыстар толастамай келеді. Экономикалык әдебиеттер мен зерттеулерде "рынок" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла койған жоқ. Көпшілігі рыноктық катынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы рынокты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет "дәрі" деп те, немесе осы салада орын алып отырған олкылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтің керемет "күш" деп те дәріптеуде. ....
Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы – тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені, ол қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы – қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылық пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет идеясын құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұлтартпас мысалы – тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты – ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. ХХ ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі – тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек. Алаш зиялыларының қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» – деп көрсеткен болатын.....
Пән: Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электромагниттік индукция Сабақ тақырыбы: Механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестік. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.5.3 - механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу; Сабақ мақсаттары: - механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу.......
Меңтай Смағұлұлы Өтепбергенов (7 тамыз 1946, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылы - 5 қаңтар 2016 жыл, Алматы) — киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1996). Өмірбаяны Мәскеу цирк училищесінің Алматыдағы филиалылының клоунада және пантомима бөлімін (1968) Бүкілодақтық кинематография институттын бітірген (1974). 1969 -70 ж. Гүлдер" ансамблінде өнер көрсетті. 1974 жылдан" Қазақфильм" киностудиясының актері. Шығармашылығы Ол 40-тан астам киноға түскен. "Біз - ересектер" (1980), "Жаушы" (1980), "Ақ шаман" (1983), "Жеңімпаз" (1984), "Интердевочка" (1991), "Шанхай" (1996), т.б. фильмдерінде ойнаған....