Үкіметтің тұтас микроэкономикалық саясаты жоқ. Үкіметтің ұсынған бағытындағы басты қателік - мемлекет иелігінен алу мен жекешелендруге иек артуы, тауар өндірушілерден, тұтыну рыногын тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен тікелей қамтамасыз ететін меншік иелерінің ауқымды тобының пайда болуы үшін, экономикалық реформаларды жеделдету үшін халықтың өзін, әсіресе ауыл халқын қозғалысқа түсіретін нақты негіз қалыптастырудан өздігінен сырт қалғаны. Бұрынғы және жаңадан құрылған салалық министрліктер осы уақытқа дейін өнеркәсіп саясатын жасамады. Айталық, энергетика және оның ресурстары министрлігі мен Мұнай-газ министрлігі өздерін мемлекеттік монополиялық энергокомпанияға және монополиялық көмір, мұнай, газ және «ЖЖМ» холдингтеріне біріктіріп жіберді. Мұндай ведомстволарға өздерінің өнімдеріне нарықка қарсы ішкі бағаларды өсіру, дайын өнімдерді емес, шикізатты сыртқа шығаруды арттыру тимді. Мұндай монополияшы-ведомстволар құрылымының өзі нарық идеологиясына және реформаның тереңдеуіне қарсы жұмыс істейді. ....
Қазақстан Республикасы Қазына комитетінің жиынтық есептілігі және бас кітап басқармасының бастығы Г.Досқалиева Норвегия еліндегі мұнай қоры нәтижесінде құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша бірқатар мәліметтерді жариялап, баспасөз-мәслихатын өткізді. 2007 жылдың 1 қаңтарында, Г.Досқалиеваның айтуына қарағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттың қорының жалпы жинағы 14 миллиард АҚШ долларынан асып түскен. Яғни биылғы жылы Қазақстанның Ұлттық қоры теңгеге шаққанда 1 триллион 788 миллиардқа жетті деген сөз. Оның 1 388 миллиарды мұнай сатудан түскен қаражат болса, 7,5 миллиарды соңғы бес жарым жыл ішіндегі жерді сатудан түскен. Жалпы, бүгінгі таңда әлемде біздің Ұлттық қор секілді 30-ға тарта қорлар мен мемлекеттік қазына жиынтықтары бар. Мемлекеттік мүддеге сәйкес түрлі мақсаттарға құрылған бұл қорлардың қалыптасу және пайдаланылу жолдары да әр түрлі. 2001 жылдың мамыр айында ашылған Қазақстанның Ұлттық қоры бұрнағы жылдары негізінен, салықтан түскен қаражаттың 10 пайызын аударып отыру арқылы ұсталған болса, бүгінде мұнайдан түсетін қаржы, тау-кен өндіру кәсіпорындарынан түсетін қаржы, жер телімдерін сату мен инвестициялық кіріс секілді төрт бағыттан келіп түсетін қаражат негізінде қалыптасып отыр. «Ұлттық қордың қызметін жетілдіру мақсатында Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы қабылданған. Соған сәйкес 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап Ұлттық қорды жиынтықталған бюджет түрінде құру әдісі іске асырыла бастады. Бұл жалпы, мемлекетті мұнай қаржысына тәуелсіз ету мақсатында қолға алынған», – дейді Г.Досқалиева. Сонымен, өткен 2006 жылы Ұлттық қор 699 миллиард теңгеге көбейді. Оның 197-сі мұнайсыз жиналған ақша болса, тұжырымдама жүзеге асырыла бастаған 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап мұнайдың табысы мемлекеттік бюджеттен бөлініп, Ұлттық қор 502 миллиард теңгеге көбейтіліпті. Әйтсе де, бұл болашақ ұрпақтардың мүддесіне сақталып отырған қор бүгінгі ұрпақтың тамағынан жырылып отыр деген сөз емес. Бұл тұрғыда, «Әр жылы республикалық бюджетке Ұлттық қордан кепілдемелі трансферт жұмылдырылатын болады», – дейді Г.Досқалиева. 2006 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке 76,6 миллиард теңге сомасында кепілдемелі трансферт бөлінген. Алайда бюджеттік жоспардың толық жүзеге аспай, 100 миллион теңге игерілмей қалуы салдарынан бюджеттің кіріс бөлігі жоспарды 109,8 пайызға асыра орындалып, ол ақша мемлекеттің бүгінгі тіршілігіне жұмсалған жоқ. 76,6 миллиард теңге Ұлттық қорда қалды. Жалпы, бұл жай мамандардың айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шын мәнінде, мұнайға тәуелсіз бола бастағанын көрсетеді. Елімізде мұнай саласында жұмыс істейтін 55 кәсіпорын болса, енді соның бәрі баяғы бюджеттік кірісін Ұлттық қорға аударып отырады. Демек, Ұлттық қор жыл сайын бұрынғыдан гөрі еселеп өсе түсуі мүмкін. ....
Елдос Баялышбаев - «Асар» мүгедектерді реабилитациялау орталығының директоры
Балышбаев Елдос Қайыркенұлы жол апатынан қатты жарақат алып, соның салдарынан басын көтере алмай, бір жыл төсек тартып жатып қалады. Массаж бен кешенді тренажерлік жаттығулардың арқасында Елдос аяққа тұрып, ақырындап арнайы құрылғының көмегімен жүре бастады.
Елдос Баялышбаев еңбек жолын 2013 жылы Талдықорған қаласының «Ерлік» мүгедектер қоғамында бағдарламашы болып бастады. 2014 жылы Елдос қозғалуы қиындық тудыратын адамдарға қолдау көрсетем деп шешеді. Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен «Мүгедектерді спортпен оңалту орталығы» АҚ ашып, қазірге дейін соны басқарып келеді.....
Өтпелі кезеңде жорғары психикалық функциялардың дамуы жүйке жүйесі мен мінез-құлық дамуының процестерін анық және нақты сипаттайтын негізгі заңдылықтарды анықтайды. Жүйке жүйесі мен мінез құлық дамуының негізгі заңдылықтарының бірі-жоғары орталықтар немесе жоғары құрылымдар дамыған сайын, төменгі орталықтар немесе төменгі құрылымдар өзінің маңызды қызметтерінің біраз бөлігін жоғары құрылымға алмастырып, осы функцияларды жоғарыға береді, дамудың неғұрлым төменгі сатыларында, төменгі орталықтар немесе төменгі функциялармен жүзеге асырылатын бейімделу міндеттері жоғары сатыда жоғары функциялармен оррындала бастайды. Соның ішіндегі қабылдауға тоқталамыз. Қабылдау функциясы баланың психикалық даму тарихында ең ежелгісі деп қарастырылады. Бала зейін қойып, есте сақтап, ойлаудан бұрын қабылдай бастайды. Сондықтан бұ л өте ерте функция қарапайым функция ретінде қарастырылады, оның эволюциялық процес тері, әдетте, тікелей бақылаудан жасырын қалады. Сонымен бірге жаңа психологияда қабылдау мүлдем дамымайды, ол басынан бастап нәрестенің өзінде ересек адамдағыдай қызмет етеді, барлық психикалық функциялардың жалпылай өзгеру процесінде қабылдау дамымайды, өзгермейді, өз бетінше қалу артықшылығына ие деген аңыз бірте-бірте жойылуда. Шын мәнінде естің немесе ойлаудың дамудың осы екі сатысында ұқсастығы қалай за болса, нәрестенің қабылдауымен ересек адамның қабылдауының да ұқсастығы сондай аз болады. В. Элясберк пен басқалардың арнайы зерттеулері баланың нәресте кезінде байланыстар, тәуелділіктер мен қатынастарлың бірқатарын жасауға қабілетті екендігін көрсетті. Бала ойлауындағы синкретизмді зерттеуде элементтердің бытыраңқылығы емес, ойлардың мағынасыз байланыстылығы , әсерлердің шумақ тәріздес тұтасу, құрамы жағынан күрделі синкретті бейнелері баланың нәресте кезіндегі ойлаун сипаттайтындығын көрсетті. Осының барлығы дәстүрлі психологияда бекітілген бала қабылдауының даму барысы ақиқатқа сәйкес келетініне күмән туғызады. ....
Бұл тақырыптың негізгі бөлімінде біз қаржылардың жалпы түсінігін қарастырамыз,яғни қаржылар дегеніміз не және ол қандай қызмет атқарады? Бұл сұрақтарға қысқаша тоқталатын болсақ, қаржылар бұл мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі ,сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық мағынада қаржылар деп ,мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру пайдалану жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек айтсақ, экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Және тағы бір қарастыратын мәселе құқықтық салада қаржы құқығының рөлі, яғни қаржылық құқық дегеніміз не? Қаржылық құқық дегеніміз – мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз. Сонымен қатар негізгі қарастыратын мәселеміз,қаржы құқығының пәніне тоқталатын боламыз. Қаржы құқығының пәні ретінде мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру,бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар қарастырылады. Және де бұл, мемлекеттің алға қойған мақсатын жүзеге асыруға қажетті ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар құқықтық реттеуді қажет ететіндігі туралы сөз болады. Тақырыптың аяққы бөлімінде қаржы құқығының құқықтық реттеу әдістеріне тоқталамыз. Яғни, бұл жерде әдісі дегеніміз-бұл мемлекеттің қаржылық қатынастарға қатысушыларының,олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу барысында қолданылатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы болып табылады.Және де олар екі түрге бөлінеді: 1. императивті әдіс; 2. диспозитивті әдіс.....
Кіріспе Ақпарат – латынның “informatio” деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әректі туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны. Ақпарат жүйесі – қандай да бір обьектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау,сақтау,жаңарту,өңдеу,іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық обьектілердің бірігуін қамтитын қандай да бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді. Ақпарат жүйесіне қатысты ақпарат құрылымын қарастырсақ, оны ақпараттық бірліктерге: реквизиттер, көрсеткіштер, құжат, массив, ақпарат ағыны және ақпарат жүйесі деп бөлуге болады. Мұндағы ақпараттың әрі қарай бөлінуге жатпайтын ең кіші өлшем бірлігі – реквизит десек, оның екі түрі бар екені белгілі: реквизит-негіз және реквизит-белгі. Әрбір реквизит әріптер мен сандар жиынтығынан тұрады және мән-мағынаның сандық қасиетін сипаттайды. Бұл жағдайда ол реквизит-негіз деп аталады. Ал ол мән-мағынаның сапалық қасиетін білдірсе, ол – реквизит-белгі деп аталады. Ақпарат жүйесін тұрғызу мақсаты – Фирманың негізгі қорларының есебінің ақпараттық жүйесін талдау және автоматтандыру. Ақпараттық жүйені тұрғызудағы мақсат – ақпарат қорларының өзара тиімді әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.....
Вундтың идеяларын Америка еліне жеткізген. АҚШ этнопсихологияның бастауын қалаушы Ф.Боас болды. Колумбия университетінде көптеген америка этнологтары Боастан білім алыд, бірақ оның шәкіртерінің еңбектерінде Вундт идеяларынан қаланғаны тек адамның ішкі жан дүниесімен мәдениетін байланыстарып тұратын талаптар айқындалады. Олар психологиялық концепциядан бас тартпастан өз зерттеулерін жүргізе отырып Фрейдтің класиикалық психоанализміне және К.Юнг, Э. Фрамма, К.Хорни, А.маслау идеяларында аса көңіл бөледі. Нәтижесінде «Мәдениет және жеке тұлға» теориясы мен психологияның арасында орын алды. Совет этнографы С.А.Токаревпен келісе отырып, оның «Мәденит және жеке тұлға» теориясының кейбір негізгі ерекшеліктерін көрсетті. А) жеке бас психологиясына оралу; Б) жеке тұлға түсінігі туралы түсінікті толықтыра түсу; В) жеке тұлғаның дамуы барысында болатын процестерге аса қызығушылықпен қарау; Г) сексуалды сфераға ерекше назар аудару. «Мәдениет және жеке тұлға» теориясы 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басында дами бастады. 1932 ж боастың шәкірті Р.Бенедикттің атақты «Мәдениет конфигурациясы» мақаласы жарық көреді, мұнда да ол өзінің жаңашылдық идеясын ұсына отырып, мәдениеттер арасында негізгі айырмашылықтар бар және де әр мәдениет өзінің даминанттылығымен ерекшеленеді. Мәдениеттердің типологиясын құрастырғанда Бенедикт Ф.Ницшенің аполлоникалық және дионисикалық түрлі мәдениет идеяларын қолданады.Үндістердің пуэмбло тексерулерінің нәтижесінде олардың мәдениетіне, апалионикалық түріне қисынды, бір жақты, парасатты, сырттай қарауға мүмкіндік берді. Ол мәдениеттің мінездемелік өкілінің негізгі тірегі шеттен шығу деп санады. Пуэбило ұстамдылық пен баланс жасауды бәрінен жасауды бәрінен де артық бағалайды, және олардың армандары, ортақ жолдары – ұстамдылық, ыза мен қызғаншақтыққа қарсылық білдіру. Олар өзара даралық қарым-қатынасты бүлдіруден, күштеу мен озбырлық көрсетуден құтылуға тырысады.....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік. Сабақтың тақырыбы: Электр тогы қалай ойлап табылды? Оқу мақсаты: 3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау; 3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу Сабақтың мақсаты: Электр тогының ашылуымен танысады және электрленудің не екенін түсінеді.......
Қоңырбайұлы Ағыбай (1802-1885) – қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы. Қазақ ханы Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы жүргізілген көтеріліс басшыларының бірі. Туып өскен жері Қарағанды облысындағы Балқаш, Бетпақдала алабымен жапсарласып жатқан Арқаның Қызылтау, Ортау, Ақтау, Ұлытау деп аталатын сілемді таулары. Топырақ бұйырған жері - Ағадыр елді мекенінің оңтүстігінде 80-90 шақырымдай жерде ағып жатқан Қаратал өзенінің бойы, Тайатқан, Шұнақ тауларының алқабы. Ағыбай батырдың шыққан тегі Орта жүз Арғын, оның ішінде Шұбыртпалы руынан өрбиді. Нағашы жұрты Орта жүздің ноқтағасы Тарақты елі. Абылай ханның сенімді серігі, әрі ту ұстаушы батыры Наймантайұлы Байғозының Қойсана есімді қызы Ағыбай батырдың анасы. Тарихтан белгілі Абылайханнан тараған ұрпақтың ішінде Қарақалпақ қызы Сайман ханымнан туған Уәлихан бастаған балалары амалсыздан Ресей отаршылдығына мойын ұсынды да қалмақ қызы Топыш ханымнан туған Қасым бастаған балалары Ресей отаршылдарына қарсы бітіспес күрес жүргізіп өтті. Қасым сұлтан өз тұсында Көкшетау өңірінде орыс әскерінен қысым көріп, Арқаның бетпақ даламен жапсарлас өңірін қоныс ететін Қаракесек, Шұбыртпалы, Тарақты руларының жеріне ығысуға мәжбүр болған. Ағыбай батырдың да азаттық күресіне ертерек араласуы осы Қасым сұлтанмен, оның баласы Кенесары ханмен етене аралас, мүдделес болуынан басталады. ....
Инвестиция - пайда табу, дивиденд алу не болмаса басқандай кіріс кіргізу мақсатыменкәсіпорындарға, құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылық өндірістеріне ұзақ мерзімдік күрделі қаржы, немесе құнды қағаз жұмсау. Күрделі қаржыны жұмсау орнына байланысты инвестиция: • ішкі (өз елінде пайдаланатын), сыртқы (шет елге шығарылатын) болып бөлінеді. Ішкі инвестициялар нақтылы және қаржылы болып бөлінеді; • сыртқы инвестиция тікелей және портфельді (қаржынды) болып бөлінеді. Инвестицияны акционерлік және сақтандыру ұйымдары, сауда банктері, инвестициялық трестер және жеке кәсіпкерлер бере алады№ Негізгі капиталды (қорды) кеңейтуге не орнын толтыруға, мүлік-заттық - өндірістік қорды молайтуға жұмсалған ішкі инвестиция нақтылы деп аталса, ал құнды қағаздар (акциялар, облигациялар т.б.) сатып алуға жұмсалған ішкі инвестиция қаржылы деп аталады.....
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады. Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”. Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады. Сондай-ақ қоғам дамуының әр түрлi формациясында , сол уақыттың талабына сай ақшаның бiрнеше теориясы дамыды. Олар ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теориялары болып табылады. Олардың экономикалық қызметтi жүзеге асыруда алатын орны өте зор. Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын “Ақша теориясының дамуы” деп алдым. Өйткенi ақша экономикада ең маңызды категорияның бiрi. Оны мына теңдестiрулерден көруге болады: “ Ақша – жалпыға бiрдей эквивалент ” , “ Ақша – ерекше тауар ” , “ Ақша зат емес, ол қоғамдық қатынас ” , “ Ақша – еңбек өлшемi ” , “ Ақша бастапқы капитал ” деп аталуы тегiннен – тегiн болмаса керек. ....
Диагносткалау негізінде суретті тесттерді қолданбайтын маман жоқ болар, с»рә, әсіресе, егер ол баламен жұмыс (істейтін) жасайтын мамандар болса шын мәнінде, бұл клиенттің ішкі желі туралы үлкен көлемді ақпарат алуға талана мүмкіндік. Онымен бірге балалар сурет салу сияқты тапсырманы (қуана,) шын көңілмен орындайды – бұл іс - әрекеттің дағдылы және түсінікті түрі. «Адамның суреті», «Үй ағаш, адам», «белгісіз жануардың суреті», «жанұя суреті» және т.б әдістемесі неғұрлым жиі қолданылады. Студенттерді оқытқан кезде суреттің деталын, бағалау параметрлерін толық қарастырды, жұмысты талдау жасалады. Тәжірибеде тәжірибесі бар маман көбінесе алдымен (болжам) жорамал жасайды, ал сосын, оларды тексереді. Суретті тесттің қайсысының клиенттің ішкі дүниесі туралы, оның эмоциялық жағдайы туралы қайсысы көбірек ақпарат беретінін біз әріптестермен талқылағанбыз. Бір мезгілде беретінін біз әріптестермен талқылағанбыз. Бір мезгілде «Үй – ағаш - адам» және «белгісіз жануар суретін» ұсыну керекпе немесе бір жұмысты орындау жеткілікті ме? Бұл әдістемелер бірін – бірі толықтыра ма? Мен осы әдістемелерді салыстыруға әрекет жасадым. Әр – түрлі авторлар нақтылап талдаудың әртүрлі деңгейдегі талдау жасауға арналған параметрін бөліп шығарды. Егер бұл жұмысты жалғастырғысы келгендер табылса мен қуанамын. Әдебиеттер тізімінде Е. С. Романованың , О. Ф. Потенкинаның «Психологиялық диагностикадағы графикалық әдістер» атты атақты монографиясына нұсқау жоқ, онда тек «Үй – ағаш - адам» көрсетілген, бірақ, «белгісіз жануар» жоқ. Айтпақшы соңғы әдістемені суреттің материалдар өте аз болып шықт....
Су мен адам арасында байланыс көне заманнан бері карай қалыптасып келе жатқан жағдай.Әйтсе де, сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде бір мемлекет жоқ.. Тіпті, теңіз суын қорғау зиянды заттарды шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келісім жасалған. Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл, мәселе халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр.Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мыңдаған километр алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер шарының алыс түпкірлеріне қауіп тудырады. Кейінгі жылдарда ластайтын қалдықтардың кәдімгі түрлеріне жерді радиоактивті заттардың улау қаупі қосылды. Ал оның зиянды әсерлері жердің тек белгілі аймағымен шектелмейді. Судың ластануына әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті. Қалдықтардың химиялық құрамының әр түрлі болуына сәйкес, олардың тигізер әсеріде қауіпті. Мысалы, Мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуы қиындатады. Үи тұрмысында және өнеркәсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас. Сондай ақ ол судың оттек бойына сіңіру қабілетін төмендетеді және органикалық заттары ыдырататын бактериаларды құртып,балықтарды улайды. Өңдеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш,мыс,қорғасынның әр түрлі тұраздары мен көмірді кокстеу кезінде пайда болатын фенол, цианидтер нағыз ретінде әсер етеді. Енді біреулері (қышқылдар мен негіздер) судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды микроорганизмдердің ара қатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болса да суда бұрын болмаған (немесе аз мөлшерде ғана кездесетін ) бейтаныс қосындылар. Сондықтан да олардың ыдырауы суда өмір сүретін организмдерге қауіпті. ....
. Мектептегі тәрбие берудің барлық міндеттері тәрбиелеп оқыту және оқушылпрмен сабақтан тыс уақытта дүргізілетін арнаулы тәрбие жұмысы процесінде шешіледі. Іс жүзінде оқыту және тәрбиелеу процестерін бір-бірімен ажыратуға болмайды және олар тығыз бірлікте жүзеге асырылады, бірақ бұлардың әрқайсысының өз спецификасы мен ерекшеліктері бар. Тәрбиелеу педагогиканың кең мағынасында, басқаша айтқанда оқушылардың бойында комунистік саналылықты, қоршаған ортаға қарым-қатынасты, өмірге көзқарасты және соған сай мінез-құлықты мақсаттылықпен қарастыру мәселелерін де, адамның эстетикалық және басқа сезімдерін дамытуды және тұтас алғанда адамның мінезі, істеген істері, өзге адамға, Отанға қарым-қатынасы арқылы көрінетін бүкіл рухани бейнесін қалыптастыруды қамтиды. 2. Тәрбие процесі барынша күрделі диалектикалық процес болып табылады. Мекткептің белгілі мақсатты көздейтін тәрбиелік ықпалы балаларға әлеуметтік ортаның, үйдегі оларды қоршаған және өмірде кездесетін әртүрлі адамдардың тигізетін ықпалдарымен тығыз байланыса өріліп, бір-біріне ерекше әсер етіп отырады. Оқытуда іс-жүзінде, мұғалімнің оқыту қызметіне тікелей қарсы бағытталған сырт ықпалдар жоқ: ол сондықтан жетекші және анықтаушы күшке ие, ал тәрбиеге келсек, мұғалім тәрбиешіге кей жағдайларда қарсы әсер ететін жаңағы сырт ықпалдарды зерттеп білуге көп уақытын жіберуге тура келеді, бұл оларға балалардың мінез-құлық тенденциясын пайымдау, сырт ықпалдардың соншалықты смрек кездеспейтін мұғалім тәрбиесіне қарсы мотифтерін білу үшін қажет. Оқушыға әлдекім үйде немесе көшеде химиялық реакция мектепте үйреткендегіден басқаша өтеді немесе көбейтуді мұғалім айтқандай етіп орындауға болмайды, деп дәлелдеп жатқанын көзге елестету қиын. Ал тәрбие саласында мектептен сырт жерде мұндай қайта оқыту жиі байқалады. Алайда, біздегі жақсы әлеуметтік ортаның және баланы қоршаған өмірдің күшті ықпалы жекелеген мектептердің тәрбие жұмысындағы кемшіліктер мен ақауларды да, кей жанұядағы үй ішіндегі теріс әсерлерді де көп ретте түзетіп отыратынын есептеуге болмайды. 3. Тәрбиеші өсу және даму үстіндегі баламен жұмыс істейді. Бұдан бұрын айтылғандай, сыртқы барлық әсерлер үйдегі қоршаған жағдайды және балалардың өздері жинаған әлеуметтік тәжірибені көрсететін, балалардың бойындағы өзгелерден қабылдаған және қалыптасқан, өмірден алынған барлық қасиеттердің тұтас жиынтығымен анықталыпішкі дүниесі арқылы өтіп, өзіндік көрініс табады. ....
Еңбек стажы – бұл зейнетақы төлеу кезінде есепке алынатын жұмыс пен өзге де қызмет кезеңдерінің қосынды ұзақтығы. Алайда, еңбек стажы тек ұзақтығымен ғана емес, сонымен қатар жұмыстың сипатымен және еңбек қызметі өткен жағдайлармен де (зияндылық, қауіптілік және т.б.) сипатталады. Еңбек қызметінің ұзақтылығына және сипатына қарай еңбек стажы жалпы, арнайы және үздіксіз болуы мүмкін. Еңбек стажын бұлайша түрлерге бөлу зейнетақының әртүрлі түрлерін тағайындауға сай келеді. Әрине, қазіргі заманғы жағдайларда үздіксіз стаж өзініңбұрыеғы мәнін жоғалтты, бірақ, жалпы және арнайы еңбек стажының рөлі өсті, себебі жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақыны тағайындау кезінде жалпы еңбек стажы талап етіледі, ал жеңілдікті жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін арнайы еңбек стажы талап етіледі. Жалпы еңбек стажы – бұл жұмыс орнына, уақытына және орын алған үзілістерге қарамастан адамның бүкіл өміріндегі еңбек қызметінің жалпы (жиынтық) ұзақтығы. Жалпы еңбек стажының маңызы өте зор. Ол әрбір қызметкерді зейнетақылық қамсыздандырудағы басты жағдай болып табылады. Тағайындалатын зейнетақылардың мөлшері оның ұзақтығына тәуелді болады. Арнайы еңбек стажы – бұлбелгілі бір жағдайлардағы (ауыр, зиянды, қауіпті және т.б.), белгілі бір лауазымдардғы, белгілі бір табиғи-климаттық жағдайлардағы, радиоактивтік ластауға ұшырағанаумақтардағы және жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылармен жеңілдетілген қамсыздандыруға жататын кезеңдердегі жұмыстың ұзақтығы. Арнайы еңбек стажы жұмыстың жалпы стажынан ажыратылады. Арнайы еңбек стажының жеңілдетілген жағдайларда, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар тағайындауда маңызы зор. Зейнетақыға шығудың мейлінше жеңілдікті жағдайлары жер астында, зиянды еңбек жағдайларында, ыстық цехтарда жұмыс істеген тұлғалар үшін белгіленеді.....
Әбілқайыр хан (Әбілқайыр Мұхамбет Ғази Баһадүр хан; 1693—1748) — 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды. Жошының он үшінші ұлы Тоқа Темірден тарайтын — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы, Шыңғыс ханның он бесінші ұрпағы. 1710 ж. Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды. 18 ғ. қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 ж. үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 ж. оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді: Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 ж. қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді. Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 ж. көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды. Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен Кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады. Күллі қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғана бастады. Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалды. Тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Ресейдің қоластына еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1730 ж. күзінде елші жібереді. ....
Адамзат баласына рух берген Құдай азар беруден алшақ тұрса, адамзат баласы қалайша адамға азар берсін. Мұны адамзат игілігін көздеген барша руханият қолдап, уағыздап келеді. Соның ішінде сопылық қауымдастықтар бұған үлкен мән береді. Сопылық жолындағы тақуаларды ізгі ниеттілікпен жаратылған адамзат жанының азапталуы ресми түрде ойландырды. Адамзаттың есен-амандығын тілеген тақуалар Аллахтан өзіне азар беруді сұранады. Сондықтан да жетілу жолындағы муридтерде азап беруден гөрі азап тарту басымырақ. Аллахтың жүзіне ғашық болған муридтерге азап тарту ғашықтық өтеуіне айналған сынақ тәрізді. Ахмет Иассауи де пайғамбар хадистеріне сүйене отырып, бұл тұрғыда:
Жалған атақтан арылып сәби болдым, Алла атын айта-айта ашық болдым. Аллаға бар жаныммен адал болдым, “Фанафи Алла” мақамына салдым, міне.
Сүндет емес кәпірге де берсе азар, Көңілі қатты, діл азардан құдай безер. Ондай құлға Алланың азабы даяр, Даналардан бұл сөзді естіп айттым, міне [1.20].
Мутасаууфтардың “Қайырымды ісіңе жоғары қайырымдылық аласың, зұлымдық істесең жазырын тартарсың”-деп тереңнен толғаған сөздерінен аңғаратынымыз да адам баласына азар бермеу. Ахмет Иассауи де бұл дәстүрден алшақ кетпеген. Хикметтерінде көңілі қатты, тоң мінезді жандардан Алла да безініп, оларға қахарын төгумен қатар азап та бергендігі айтылады. Жетілу жолындағы муридтер жан тазалығын сақтаған. Оның жүрегінде мұндай дертке орын жоқ. Ахмет Иассауи муридтерінің әрбір істеген ісі мен сөйлеген сөзінен ақиқаттық сарын байқалып, ол оның мәртебесін асқақтатқан. Бірақ ол өзінің беделінің өскенін, халықтың құрмет тұтып қарағанын еш уақыт елемей, өз бойындағы қасиеттердің барлығын Алладан берілген деп санайды. Халқының қамын ойлап, солар үшін Аллаға басын исе, Алланың назарын өзіне аударғандай хәл кешкен.....
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады. Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі. Ақпараттың қарқынды дамуымен қатар оған сұраныс пен ұсыныс та жедел дамуда. Сұраныс көбеие түскенде ақпараттың заңсыз алынуы, ұрлануы және жария етуіңе қауіп төнеді. Ақпараттық қорғау бұл жерде міндетті түрде қажет болады. Бұл сала ақпараттық дамудың ажырамас бөлігі болып табылады. Кәсіпорындардың негізгі табысы олардың пайдаланылған технологиясына және басқада факторларына байланысты. Егер ол ақпарат қорғалмаса кәсіпорындардың құпия қағаздары ұрланып, табысы азайып кәсіпорын жабылуы мүмкін. Пайдалануға ЭЕМ шыққанда ақпаратты електронды түрде сақтауды жөн көріп барлық ақпарат ЭЕМ-ге енгізілді. Ол ЭЕМ-нің жақсы жақтары ақпаратты тез табуға, анықтылығына, аз орын алуына және пайдаланушыға ынғайлылыққа кепілдік берді. Бірақ қауіптің ЭЕМ-де де бар екендігін ешкім ойлаған жоқ. Кейін ақпарат ұрлана бастағаннан кейін қауіпсіздіктің бірінші қадамы ЭЕМ-ге тек бір адамды жолату болды. Бірақ бұл қауіпсіздікті 100 пайызбен қамтамасыз етпеді. Сол жұмыс істеген адамдардың өздері ақпаратты сатып, жария етуге мүмкіндіктері болғандықтан. Қауіпсіздіктің келесі қадамы ЭЕМ-ге парольдік қорғаныс қойыла бастады. Ол ЭЕМ-ге тек сол парольды білетін адамдарға кіруге мүмкіндік берді. Бірақ олда толығымен қауіпсіз болмады. ....
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы. Кейбіреулері оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды және т.б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Негізінде, банктің мазмұнын түсіну үшін, алдымен оның халық шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшаулану-шылығын көрсететін қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек. Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде, осы заманның белгілі экономисі, Ресей Академигі О.И.Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты: «Банк ақшалай, несиелік және қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз, есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырған ақша шаруашы-лығының даму сатысы. Банк, басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығкаратын айрықша кәсіпорын. Ол тек тауар емес, ерекше тауар-ақша және есеп айрысудың құралдарын шығарады». Қорытындылай келіп, О.И.Лаврушин: «Сонымен, банк-ақша, несие институты, барлық қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын төлем айналымының реттеушісі»- дейді (1) Сонымен 70 жыл бойы КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері кеңірек орын алды. Сол уақыттардан қалыптасып келген ақша-несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді. Сөйтіп, утопиялық, идеологиялық тұжырым негізінде монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені өзіне бағындырып және бәсекелестік элементтерін өзіреттеп отырады. 1989 жылдан бастап елімізде алғашқы коммерциялық банктер, кооперативтік және жеке банктер қатары жұмыс істеді. ....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. КСРО-ның ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ыдырауы нәтижесінде әлі жалғасып жатқан әлемнің геосаяси бейнесіндегі өзгерістер, құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан бар Орталық Азиядағы геосаяси ахуал түбірімен жаңаруына алып келді. Қазіргі таңда Орталық Азияның перифириялық аймақтан (бұрын геосаяси тенденциялар мүлдем байқалмаған) ірі державалар мүдделері мен халықаралық өмірдің басқа секторларының мүдделері қақтығысатын аймаққа трансформациялану үрдісінің жанданған кезеңі. Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында атап кеткендей: «Қазақстан алдында үлкен міндеттер тұрды. Бұл мемлекеттілікті қалыптастыру, ... демократияландыру үрдісін дамыту, ... сыртқы саяси курсты жандандыру ...» ....
Бағалы қағаз жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді. Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол тараптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпар беріп тұруға міндетті. Үкімет облигацияларын шығаратын Қаржы министрлігі, болмаса ресми мекемелердің бірі, ал корпорацияның облигациялары инвесторлары қолма-қол немесе коммерциялық банктердің брокері арқылы тартылады. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындары акционерлік қоғамға айналып жатыр. Өздерінің купонын инвестициялық жекешелендіру қорына өткізу арқылы азаматтар олардың акцияларын алуына болады. Инвестициялық жекешелендіру қоры — акционерлік қоғам мен азаматтар арасындағы дәнекер десек те, делдал десек те болады. 1. Бағалы қағаздар туралы жалпы түсініктеме Бағалы қағаздарға жататындар: компаниялардың акциялары және адамдардың облигациялары, мемлекеттік облигациялар, банктердің сертификаттары, казначейлік вексельдер. Құнды кағаздар ортақ қазанға ақша төленген соң, пайдаға ортақтасуға және корпарация капиталын бөлісуге қақалақ беретін куәлік. Олар әуелде ақша қорын жасау мақсатымен мемлекеттік және жеке-дара мекемелер арқылы сатылады. Сондай-ақ құнды қағазды шығарушылардың да, инвесторлардың да (пайда табу үшін құнды қағазга ақша құйған жеке адамдар) сатуына болады. Оның нарықтық бағасын анықтайтын соны шығарған кәсіпорындар мен инвесторлар, ал ол қағаздың болошақ өтілуіне байланысты. Бағалы қағаздың бағасы қымбаттауы кәсіпорындардың экономикалық, жетістігіне тәуелді, мәселен, зауыт пайданы неғұрлым көп түсірсе инвестордың алатын үлесі де өсе түспек. Егер эмитент (құнды қағаз шығарушылар) шығынға оотырып қалса, оның акциясының құны да арзандап, акцияны сатып алған жұрттың да пайдадан құр алақан қалуы мүмкін. Сондықтан акцияны шығарған кәсіпорындардың экономикалық өндірістік жағдайы жолында әрқашан хабардар болып акционерлердің қалт жібермейтін тірлігінің бір саласы. Облигация - сатып алған жеке адамдардың инвестордың эмитентке берген карызы іспетті. Инвестор облигацияны сатып алу арқылы қарызға ақша құяды, ал эмитент алдағы уақытта оның қарызын өсімімен қайтарады деген сөз. Үкімет орындары да облигация шығарып, кәдімгі салықтан түсетін табыс сияқты оны да мемлекеттік маштабындағы мәселелерді шешіп отырған, ұйымдардың мұқжатына жұмсайды. Сонымен, бағалы қағаз жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді. Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. ....
Әлеуметтік тұрғыдан тілді зерттеуші белгілі ғалым Б.Хасанов шетелдерде шоғырланған қазақтардың тілін, өмірін зерттеу қазақ тіл білімі үшін ғана емес, дүниежүзі әлеуметтік лингвистикасы үшін мені зор екенін атай келе, былай дейді: "Жер жаһанның 40 елінде қоныс тепкен қазақтың "қазақ" болып қалуынын бірден-бір куәсі - оның сақталған тілі. Бұған дәлел сол — оның ана тілінің көптеген елдерде қазақ өмірінің төрт негізгі саласында, атап айтқанда, тұрмыста, қоғамдық өмір мен көркем шығармашылық, ауыз әдебиеті саласында тиянақты қолданылуы" /4, 250-б./. Белгілі бір тарихи себептерге байланысты елден бөлініп, жырақтап қалған осы бір саны бүгінгі күнде милионнан асқан қандастарымыздың тілі қандай дәрежеде, қандай сипатта екенін зерттеу, оны жалпы халықтық мемлекеттік қазақ тілі деңгейінің аясында қарастыру — тіл білімінің бүгінгі таңдағы басты мақсаттарының бірі екені даусыз. "Совершенно не исследованы диалектные особенности казахов, проживающих за пределами Казахстана. ...Казахи живут в северных округах Синьцзян Китайской Народной Республики, а также в юго-западных аймахах Монгольской Народной Республики. Все эти районы пока остаютя не изученными"/5,63-б./. Одан беріде Қазақстан территориясынан тыс аймақтардың ішінде Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан, Ресей қазақтарының тілі зерттеліп, монографиялық еңбектер жарық көрді. Ал шетелде тұратын диаспораның тілін зерттеуде тек Монғолиядағы қазақтардың тілі мен Ауған, Иран қазақтарының тілі ғана зерттеліп, ғылыми нысанаға айналды. Ал Қытайда түратын қазақтардың тілі тек жекелеген мақалалар түрінде ғана көрініп келеді. Ол жайында Ш.Сарыбаевтың, Ж.Болатовтың және Б.А.Бафиннің бірқатар мақалаларында сөз болған. Бұл мәселе қытай тілші ғалымдарының да назарынан тыс қалмаған. Бұл мәселенің зерттелуі жаңа Жоңго (КНР) құрылғаннан кейін, XX ғасырдың 50-ші жылдарында Қазақстанда өріс алған қазақ тіл білімінің диалектология саласының ғылым ретінде қалыптасуымен тікелей байланысты дамыды. Кейіннен Қытайдың өзінің ішкі саяси өміріндегі өзгерістерге қатысты кеп жылдар бойы үзіліп барып, 80-ші жылдардан кейін қайта жалғасын тапты.....
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. “Меншік” белгілі бір затты жеке мүлік адамның иеленуінен шыққан. Меншік қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап, оны қорғайды. Меншікті екі мағынада қарастыруға болады: құқықтық мағынада және экономикалық категория ретінде. Меншік құқықтық мағынада мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол қолындағы мүліктерге: иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілеттігін алады. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді. Ендігі басты мәселе – меншіктің мәні туралы. Жалпы меншік дегеніміз не? Міне, осы сұраққа жауап іздеп көрелік. ....
А дам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережесіне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланылады. Адам баласының сана – сезімнің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты. Сөйлеу адам сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық -әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамның тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналасуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі. Тіл сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. әйтпесе ол көздеген мақсатына жете алмайды. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшесінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл, сондай-ақ, адам сана-сезімінің, оның психологиялық көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі. Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, «мұғалім келді» деген сөйлемде мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мұғалім келді ме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп аталады. Сөйлеу-пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибесін меңгеруге де мүмкіндігін алады. Ойдың т ілі - сөз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалысында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді.....
Әкімшілдік-әміршілдік экономика; экономиканың нарықтык моделі, экономиканың аралас моделі, нарықтық механизм, биржа, аукцион, баланстанған нарық, ұлттық нарық, монополиялық және олигополиялық нарық, аймақтық нарық, салалық нарық, ресми нарық, көлеңкелі нарық, қызмет атқаратын нарық, сатушы нарығы, сатып алушылар нарығы, еңбек нарығы, тұрғын-үй нарығы, өндіріс кұрал-жабдығы нарығы, қаржы нарығы, қарыз капиталының нарығы, бағалы қағаздар нарығы, патентгік, лицензиялық, ойлап-тапқыштық нарыктары, акпараттық нарық, нарық қызметтері, нарықтық экономиканың субъектілері, нарыктық экономиканың инфрақұрылымы. 1. ЭКОНОМИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НАРЫҚТЫҚ СИПАТЫ «Меншік теориясы мен экономикалық жүйе моделдері» такырыбында адамның коғамда өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың үш моделі қалыптасқандығын айтқанбыз. Олар: а) жоспарлы-нұсқаулы; ә) нарықтық; б) аралас болып келеді. Жоспарлы-нұскаулы экономика жағдайында шаруашылықты үйымдастырудын әкімшілдік-әміршілдік механизмі ендіруші үстемдігіне негізделген. Мұндай жағдайда нарықтық инструмент кажет емес. Тауар өндіруші мен түлъшушылардьщ арасындағы шаруашылык байланысы орталық орган арқылы жоспардың кемегімен жүзеге асады. Әміршшаік модельде барлығы ертерек есептелініп, бар позиция бойынша алдын-ала баланс жасалады. Орталықгың жоспарлаушы органдары нұсқау түрде төменгі үйымға нені өндіруді және кімге, қандай бағамен өндіруді анықтап береді. Мұндай модельдің негізгі принципі: «Қолымыздан не келеді, соны өндіреміз; қолда не бар, соны алыңыз». Орталықтан бекітілген қор бойынша материалдық ресурстарды жоспарлы бөлу — экономиканың осындай моделінің негізі болып табылады. ....
Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тапир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523-1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан "қазақтар мен қырғыздардың патшасы" деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар туды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын Россияға бағындырды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс үдей түсті, бұл қырқыстар халық бұқарасын қатты күйзелтіп, жаппай наразылық тудырды, Ноғай одағы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі және халық өмірінің оңалуы, Ноғай ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты. Ноғай одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі қаңлылар, қыпшақтар тағы басқалар Қазақ хандығына келіп қосылып жатты. ....
Қаржы деревативаның нарықтық өндірісі – бұл жедел контракт нарығы. Тіркелген валюталық бағамның түзетулерінен кейін және пайыздық ставкаларды бақылаудан кейін ол әлемдік қаржылық нарықтың динамикалық сегменті болды. Деревативтер қаржы қаражаттарын өндірумен көрсетеді. Яғни, базистік активте негізделген, демек оларды ұсынатын. Өндіріс деревативтерінің белгілері, активтің базистің баға негізінде баға осы құралдардың анықталуы болып табылады. Қаржылық базистік актив ретінде валюталар, құнды қағаздар, несиелер, сондай-ақ басқа өндіріс құралдары шығады. Келісім шарт негізінде жатқан активті жүзеге асыру үшін белгіленген мерзім болған кезде немесе ағымдық нарықтық баға бойынша құқықтарды міндеттемелерді өтеу үшін мүмкіншілік береді. Халықаралық валюта қорын анықтау бойынша, деривативтер – бұл қаржылық келісімшарттар, құны олардың тауардың баға негізінде жатқан немесе құнды қағаздармен, пайыздық деңгейімен, валюталық бағаммен анықталады. Деривативаларды құралдар бойынша, жабылатын тәуекелдер бойынша, әдіс бойынша және сату орны сатып алу бойынша жіктеуге болады. Тәуекелділік бойынша қаржылық деривативалар ортасында пайыздық деривативалар (interest rate derivatives), валюталық деривативалар (currency drivatives), акция индексіндегі деривативалар (stock market index derivatives) (кемімелі бойынша) неғұрлым көп тарату алды. Несие дериватива нарығы қарқынды дамуда, яғни өзінің негізінде корпоративтік және коммерциялық заемдары, сондай-ақ облигациялары бар. Нақтылық деривативалар әдісі бойынша еркін саудалы деривативаларға және (exchange – traded derivatives OTC) бөлінеді. Еркін саудалы деривативалар стандартталған өнімдерді, ұйымдастырылған биржада сатылатын өнімдерді шығарады. Сатып алу кезінде сату кезінде осындай келісімшарттарды сенімді депозиттерде немесе кепілге (margin) талап етіледі.....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік. Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегін қалай көрсетуге болады? Оқу мақсаты:3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау; 3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну; 3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу. Сабақтың мақсаты: Қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинап, электр тізбегі элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну......
Отандық лизингтің қалыптасуының 15 жылдық тарихы бар. Ол 1989 жылдың екінші жартысынан басталды жэне осы күнге дейін дамуын «бес» кезенге бөліп, қарастыруға болады. Бірінші кезең (1989-1992 ж.ж). Бүл кезеңде республикамызда лизинг бизнесі тек қана жандана бастады, яғни, жаңа лизингтік компаниялар қүрылып, өз қызметін бастады. Екінші кезең (1992-1994 ж.ж). Бұл кезеңде қолайсыцз эканомикалық жағдайлардың нэтижесінде лизинг бизнісі бэсеңдеп кетті. Осы жерде қолайсыз эканомикалық жағдайлар деп отырғанымыз жаппай ырықтандыру, 1992 жылғы эсіре инфляцияның (гиперинфляция) эсерінен бағаның түсіп кету, банктің просенттік ставкасының өсуінің нэтижесінде көптеген лизингтік компаниялар өзінің қызметін тоқтатып, кейбіреулері делдалдық жэне сауда қызметімен айналысты. Үшінші кезең( 1994-2000 ж.ж). Аграрлық жэне жандану кезеңі.Бұл кезеңде мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, Қазақстанның лизинг бизнісінің ынталандырылу кезеңі. Дэл осы кезеңде Мемлекеттік Лизинг Қоры қүрылып, лизингтік операцияларды жүзеге асыру жағдайлары қарастырылып, реттеуші нормативтік-қүқықтық актілер эзірленді. Осы кезең нэтижесінде қүралдардың жаппай қайтарылуына байланысты Мемлекеттік Лизингтік Қор қайта қалыптастырылып, оның қызметі мемлекеттік Қаржы-Лизинг компаниясы «ҚазАгроФинанс» ЖАҚ-на көшті. Төртінші кезең(2000 тамыз-2003 ж.ж). Бүл «банктік» кезең.ҚР-да комерциялық бактер лизингтік операцияларды жүргізу үшін заңдылықты база қүрылған, яғни, «ҚР-дағы банктер жэне банктік қызмет туралы» ҚР-ның Президентінің 1995 жылғы 31 -ші тамыздағы заңдық күші бар жарлығына сэйкес банктердің ҚР-ның ҮБ-сінің арнайы лисензиясы негізінде лизингтік операцияларды жүргізуге қүқықтары бар. Соған байланысты біз «бактік мекемелер лизингтік қызметке қатысу үшін білікті деңгейі неғүрлым жоғары үйым болып табылады» деген пікірге толығымен қосыламыз. Себебі кез келген заңды түлғалар үшін лизингтік қызметті жүргізу кезіндегі қаржылық тэуекелдіктің деңгейі өте жоғары екендігі белгілі.....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен – зерттеушімін. Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен зерттеушілердің рөлі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 3.1.1.1 - маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу Сабақ мақсаттары: • Ғылыми жаңалықтар мен олардың адам өміріне әсері туралы әңгімелей алады......