Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам. Сабақтың тақырыбы: Халық географиясы 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 6.2.7.1 халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау 6.2.7.2 халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға беру Сабақ мақсаттары: Оқушылар: Физикалық және тығыздық карталарын талдау арқылы, халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтайды; Халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға бере алады......
Орталық банктер бүкіл елдің кредит жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады. Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие, «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы кредит беруші» ролін атқарады, ақша-кредиттік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-кредит саясатын жүзеге асыру және елдің кредиттік жүйесін басқару болып табылады. Әлемдік тәжірбие көрсеткендей, мемлекеттің орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді. Орталық банк тарапынан ақша-кредиттік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлейуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компаненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша-кредиттік сипат алғандықтан, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің кредит-депозиттік қызметіне байланысты пайда болғандықтан, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрлымын және деңгейін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі Сабақ тақырыбы: Деректерді талдау 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.5.1 алынған деректерді графикалық түрде көрсету Сабақ мақсаттары: Оқушылар: • Деректерді графикалық түрде ұсыну ұғымын тұжырымдайды; • Алынған деректерді графикалық түрде көрсетеді; • Қорытындыны түрлі нұсқада ұсынады......
Сымбат Нұртазақызы – ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы мультфильмдер құрастырған жас маман. Аудармашы, психолог.
Сымбат 2008 жылы парсы тілі бойынша Орта Азиялық олимпиадада І-орын алған. «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналының редакция алқасының мүшесі. Сымбат тілінде мүкістігі бар балаларға арналған бірнеше мультфильмдердің авторы. Мәселен, «Дыбыстарды машықтандыру», «Көңілді түстер» деп аталса, «Логоритмика» әдістемелік құралы сондай-ақ «Компьютерлік психодиагностика» атты жасөспірімдер арасындағы психологиялық өзгерістерді анықтауға арналған жобаның авторы. «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) жобасының координаторы.....
Инфляция (лат «желбуаз»), ақшаның құнсыздануы-ақша айналысы арналарының тауар айналымы қасиеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Инфляцияның экономикалық жэне әлеуметтік зардаптары сан алуан. Инфляция қарқынының артуына қарай өндірістің дамуына нақты кедергі жасайды, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленісті ұшықтырыды. Инфляция өндірісті қожыратып, елеулі экономикалық зиян келтіреді, экономикалық саясаттың жүргізілуін қиындатады. Курстық жұмысымды 3 бөлімге бөлдім. Бірінші бөлімде инфляцияның мәнін, себептерін түрлерін қарастырдым, яғни инфляция теориясына коңіл аудардым. Екінші бөлімде, инфляцияның экономикалық, әлеуметтік салдары, альтернативті көздері, тежеу шаралары мен әдістері, жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі деген қорытындыға келген филлипс қисығы туралы қарастырдым. Соңғы бөлімде, инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат туралы, инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктеріне анықтама беріп, мысалдарымен түсіндірдім.....
Темперамент - 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызық-тырған мәселелердщ бірі. Оған деген қызьнушылыктың төркіні - адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның кайталан-бастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологаялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметпк ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамньщ биологиялық сипатынан көрінеді Адамдар арасындағы көптеген психика-лық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, түрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бэрі осы темпера-мент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қыр-лары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарас-тардың көптігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындай-гыны: темперамент - жеке адамның әлеуметгік тұлға ретінде қалыптасуыньщ биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Тем-яерамент кобіне адамға тума берілген әрекет-қылығының үдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда түрактанған, өзгеріске келе бермейді Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераментгің әрқилы қасиеттері бір-бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізіяде түрлі темпераментгің бежілі қүрылымын түзедг Сонымен, темперамент - адамның психикалык. әрекеті-нің накты динамикасын айкындайтын психиканың дара касиет-теріяің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске туспей, езара байланыста темперамент кейпін өрнектейді Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондық-тан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс әрекетге оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орны-мен пайдаланудың жолдарын табуға бағытгалғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналык бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан тем-перамент типтері деп атаған. Темпераменттердің бүл бірігімдік (типологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағ-дайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның бола-шақ әрекет-қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады. ....
Иван Крепак – мобильдік бағдарламаларды құрып, ойлап табушы және компьютерлік қауіпсіздік саласында маман. Ол бала кезінен экономикамен және IT-мен қызықты. Алғашқы табысын 7 жасында «КазКоммерцБанк» тың өнімінің жарнамалық дизайнын құрастырғаны үшін тапты.
2014 жылы Иван Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Физика-Математикалық бағытына оқуға түсті. Сол жерде биологияны тереңдетіп оқуға қызығушылығы оянды. Екі жылға жуық ол биология пәні бойынша олимпиадаларға белсенді түрде қатысып, жеңімпаз атанды. Осыдан кейін South Kent School (АҚШ, Коннектикут) мемлекетінде табиғи ресурстары және табиғи қолдануды мемлекеттік грант негізінде тегін оқуға мүмкіндік алды. Қазақстанға оралған соң, биологиямен айналысуды жалғастырды.
«Мектепте алғаш рет құрастырушы техник үйірмесі ашылғанда, менін бірінші дәрежелі қызығушылығым роботтехника және бағдарламалаудың тілі болды. Құрастырушы техник үйірмесіне өту үшін, іріктеу байқауынан өту керек болды. Бұл іріктеу байқауында әр үміткерге маған таныс емес Python бағдарламасының тілінде бағдармалық құпия сөз жазып, шешетін тапсырма берілді. Мен 4 минут ішінде тапсырманы орындап, осы үйірмеге өткен алғашқылардың бірі болдым. Негізгі оқуымнан кейін, роботтехникалық зертханасына барып, микробасқарушылықты бағдарламалауды, hardware-жобаларын құруды, компьютерлік лазерлік станкпен және 3D басып шығарғышты қолдануды үйрендім.....
Әр заманның өз мінезі, өз талабы бар. Қазіргі болашаққа ұмтылған қадамды – білім эко¬номикасына ұмтылған қадам деу¬ге болады. Бүгінгі дамудың жалғыз жолы – инновациялық жол. Ол – Қазақстан¬ның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру жолы деген сөз. Бұл дегеніміз – Қазақстан эконо¬ми¬касының ғылыми білімге, инновациялық технологияларға, жоғары білікті өндіргіш күшке негізделуі тиіс дегендік. Атап айтқанда, табиғи ресурстарды жаңаша иге¬руге, оларды мүмкіндігінше респуб¬ли¬када өңдеуге, мүмкіндігінше қосымша құн жасауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ғылыми ауқымды технологияларды барын¬ша аз енгізуге негізделген, тұлғаның шығармашылық қабілеттілігі мен бел¬сен-ділігін қажет етпейтін шикізаттық эко¬но¬ми¬кадан “өңдеуші және өндіруші” эконо¬ми¬каға өту деген сөз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсет¬кендей, “технологиялар индексі” деп аталатын бәсекеге қабілеттілік индексінің бір бөлшегі, әрине, қоғамның иннова¬циялық даму деңгейін, технологиялар трансфертін, ақпараттық және коммуни¬ка¬циялық технологиялардың дамуын, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге са¬лынатын инвестициялар көлемін және де осы саладағы университеттер мен биз¬нес¬тің ынтымақтастығын бағалаудан құралады деуге болады. “Шикізаттық” экономи¬каның халық тұрмысының “жоқтан бар” ғана болуының факторы екеніне, соны¬мен қатар ұлттың санаткерлік және адам¬гершілік әлеуетінің дамуына да кедергі келтіретініне қарсылық білдіру қиын. Демек, мұндай экономика тұтас қоғамдық менталитетке де кері әсерін тигізеді. ....
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек. Менің бақылау жұмысымның басты мақсаты – жобалық талдаудың концептуалды негіздерін ғылыми теориялық тұрғыдан зерделеу. ....
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорындарда күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерін есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады. Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылатын қызметің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалатынын дәлелдеуге болады. Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Бухгалтерлік құжат кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде беретін жазбаша куәлік. Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды. Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстардың әр түрлі болу себебінен бастапқы құжаттардың нысаны бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы құжатта орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және беллгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді. Міндетті деректемеге ( реквизитке) жататындар: Құжаттың аты, нысанының коды; Құжаттың толтырылған уақыты ( күні, айы және жылы ); Құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты жөні; Шаруашылық операцияның мазмұны; Шаруашылық операцияның өлшемі ( натуралдық немесе ақшлай ); Шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты- жөні; Жауапты атқарушының қолы; Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік нөмері, шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және тағы басқалары. ....
Қазақстан Республикасы Конституциясында мемлекет жан-жақты қарастырылады. Конституцияның 1-бабында былай делінген: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары". Қазақстан — демократиялық мемлекет. Қазақстанның демократия-лық мемлекет ретінде сипаттамасы Қазақстан Республикасы Конституцияның мазмұнынан және мемлекеттік органдардың қызметінен туындайды. Демократизм формальды түрде, яғни құқықтық нормаларда бекітілген болуы мүмкін. Демократизм формальды түрде ғана емес, нақтылы түрде де, яғни неше түрлі кепілдіктермен қамтамасыз етілген болуы да мүмкін. Қазақстан мемлекетінің демократиялық сипаты конституциялық принциптерде анықталады. Мемлекеттің ұйымдастырылуының ең негізгі принциптерінің бірі — мемлекет басшысының, Парламент депутаттарының, жергілікті өкілетті органдардың сайланып қойылатындығы болып табылады. Мемлекет қызметінің басқа бір негізгі принципі — мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мәселелерінің демократшылық әдістермен шешілетіндігі. Атап айтқанда, референдум өткізілуі, Парламенттегі дауыс беру рәсімдері осыған жатады. Қазақстан мемлекетінің демократиялылығы мынадан да көрінеді: Конституцня азаматтардың өкілетті органдарға жалпы алғанда халықтың мүдделерін, әлеуметтік және ұлттық азшылықтың мүдделерін, жеке азаматтардың заңды мүдделерін білдіретін және сол мүдделерді қорғауға тілектес әрі соған қабілетті өз өкілдерін ұсынуға және сайлауға мүмкіндік туғызатын демократиялық нормаларды белгілейді ....
Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті. Бұның бәрі өндіріс үдерімін және жұмыскерлер ұжымын басқару ісін ұйымдастыруға қатысты көзқарастың өзгеруіне әкелді. Басқарудың және жұмыскерлер құрамын еңбектің өнімділігіне ынталандырудың жаңа нысаны мен түрлері пайда болды. Басқару сферасымен айналысқан қызметкерлерге енді кәсіпорындардың іс-жұмысының нәтижесіне ықпалын тікелей немесе жанама түрде тигізетін жаңа сыртқа және сыртқы факторлардың пайда болғанын ескеріп қана қоймай, есепке алып отырулары керек. ....
Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр алқап- көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бергі ірге тепкен ата қоныс, алтын бесігі. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата-бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Бәрінен бұрын жан- жағын жолбарыстай жайпаған Жонғар шапқыншылығы қазақ елі үшін үлкен нәубет болды. XV-XVII ғасырларда қазақ хандығы бірде өсіп- өркендеп, тұрақтылығы бекіп, берік болса, бірде бірлігі бұзылып, босаң тартқан, кейде жеке-жеке хандықтар болып ыдырап кеткен кездері болды. Көрші елдермен негізінен бейбіт қарым-қатынастар, шаруашылық және мәдени байланыстар жүргізіп отырды. Олармен кейде шағын шайқастар, шұбалаңқы соғыстар болып тұратын. Бұл жорықтар негізінен пайда табу, тонау, соның арқасында баю үшін жүргізілген тонаушылық шапқыншылықтар еді. Марқайып, мерей толтырарлық жеңістер де, көңіл күйзертерлік ащы жеңілістер де болатын. Солардың ішінде ең ауыры да, ең ұзағы да қалмақтармен соғыс еді. Орыс тарихшысы- шығыстанушы В.В. Вельяминов-Зерновтың жазуына қарағанда қазақ-ойрат қарым-қатынастары XVI ғасырдың бірінші ширегіне дейін бейбіт түрде болса керек. Осы ғасырдың 30 жылдарынан жағдай өзгеріп, күрес басталған. XVI ғасырдың аяғында, XVII ғасырдың бас кезінде, әсіресе Есімханнның ел билеуі (1598-1628) кезінде Қазақ хандығы біршама күшті еді. Ол бытыраңқы ойрат тайпаларымен салыстырғанда басым түсетін. Есімхан билік құрған жылдарда ойраттардың бір бөлігі Жәңгір сұлтанға тәуелді болды. ....
ҚОЛХАТ, СЕНІМХАТ, КЕПІЛХАТ – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады.
ҚОЛХАТ - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.
Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі: - құжаттың аты; - қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); - қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); - алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі); - қайтарылатын нақты уақыты; - қайтара алмаған жағдайдағы шарты; - қолхат жазылған күн; - тараптардың қолы; - мекеме мөрі.
Үлгі: Қолхат Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде оқу залынан уақытша пайдалану ушін «Қазақстан» энциклопедиясын (бағасы 1000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік нөмірі ... 15 ақпан ,2003ж. (қолы)
Расписка Я, студент группы ИИТ-02-17 Малик Нуршаулы, взял в читальном зале «Қазак тілі» для временного пользования энциклопедию «Казахстан» (стоимостью 1000 теңге). Обязуюсь вернуть книгу в течении недели. Номер удостоверения личности. 15 февраля, 2003 г. (подпись)....
Бүгінгі ақпараттың, ғылым мен техниканың, технологияның қарқындап жатқан дәуірінде инновация - дамудың орталық мәселесіне айналып отыр. 2003 жылы ел Президентінің жарлығымен қабылданған дамудың инновациялық жолын таңдау туралы бағдарламаға сәйкес инновациялық іс-әрекетті қалыптастыруда қаржының мәні зор екендігі белгілі. Жалпы, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, дұрыс таңдалған инновация кез келген салада өз жемісін береді. Мысалы білім беру, денсаулық сақтау, банк жүйесі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы. Алайда кез-келген инновациялық процесс сәтті аяқтала бермейді. Ал Қазақстанның жағдайында инновацияның қажеттігі экономиканың кез келген саласының өңдеу жүйесінен көрініп отыр. Өйткені экономикамызда біраз жылдар бойы үстемдік еткен дамудың шикізаттық бағыты соңғы жылдары өзінің тиімсіздігін, болашағының жоқтығын, жақын арада экономиканың дағдарысқа ұшырау ықтималдығын, ресурстардың шектеулі екендігін еске түсірді. Ғалымдардың пікірінше, дәл қазіргі темппен пайдаланылып отырған шикізат ресурстары алдағы 25-30 жылға ғана жетеді екен. Осы орайда 2003 жылы 30 мамырда “Инновациялық қызмет туралы”Қ.Р. Үкіметінің қаулысы, сондай-ақ 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық Даму Стратегиясы қабылданды. Стратегияда көзделген басты мақсат – елде инновациялық белсенділікті дамыту, жаңашылдық аясындағы мүдделі тұлғаларға жағдай жасау, осылайша дамудың шикізаттық бағытынан біртіндеп бас тарту. Қаулы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған, 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен “Ұлттық инновациялық қор” акционерлік қоғамы құрылды. Инновациялық қор – басты даму институты болып табылады және коммерциялық пайда табу мақсатын көздемейді. Қордың акционері Қ.Р. Үкіметі болып табылады. ....
Пән: Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атомда электрондардың орналасуы Сабақ тақырыбы: Атомда электрондардың таралуы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: - атомда электрондар ядродан арақашықтықтың өсуі ретімен электрон қабаты бойынша біртіндеп орналасуын түсіну. Сабақ мақсаттары: -ұсынылған атомдар үлгілерінің сызбаларын дұрыс салады және дұрыс көрсету; -атом құрылысын біледі және электрондар санын дұрыс көрсету; -периодтық кестемен жұмыс жасау......
Шыңғыс Айтматовтың: “Адам тұлға ретінде траге¬дия¬лық қобалжулар арқылы ашы¬ла¬ды” — деп айтқаны бар. Шын¬дығында, өмір тану мен адам тану дегеніміз – осы екеуі¬нің трагедиялық кезең¬дер¬ге неге тап бола беретіндігінің сырын ашу. Алдан Смайылдың “Фо¬лиант” баспасынан жарық көрген “Тамұқтан келген адам” романының басты құндылығы да осында. Жазушы аталған шығармасында адам трагедия¬сының ең бір үрейлі кезеңі — өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы сұрапылын таңдап алған. Дәл осы шақ – репрес¬сия мен геноцид, тұтас ха¬лықтарды ессіз идеологияның көзсіз құлына айналдыру, ұлттық тамырдан үзілу қатеріне алаңдамайтын санасыздық, шектен шыққан қаталдық, жойқын қырғындар адам жаратылысының құпияларына бойлауға шақырып тұрғандай. Романның көп қырлы филосфиялық астарларынан сауып айтсақ, аталған тұста “Өмір де, өлім де жасанды еді. Одан кейінгі өмірлер мен өлімдердің табиғи бола аларына ешкім кепілдік бере алмайтын. Өйт¬кені, кеше жер басқандар мен бүгінде жер басып жүргендер құдай сыйлаған өмірді екі¬жүздендіріп әуре. Ал дәуірлер бойында көз жұмғандардың ішінде ақ өліммен өлгендер мен адам қолынан о дүниелік бол¬ғандардың қайсысы көп екен¬дігін ойласаң, сірә соңғылары шығар деп шошисың”. Сырт қарағанда тосын ой¬лар секілденер, алайда адамзат¬тың өткені мен қазіргі күн¬дерінің трагедияларына үңіл¬сең, дәл осылай бас қатырарың анық. Өркениеттің көгіне кө¬терілдік деген бүгінгі заманда да адам тіршілігінде мәз бо¬ларлық не бар? Сол баяғы атыс-шабыс, сол баяғы үрей, ал¬дау мен сату, қатыгездік, эфир¬¬лерден күн сайын ести¬тінің жарылыстар мен қақты¬ғыстар. Сонда мына жалған адам мен адамды неге шабыстыра бе¬реді? Бұған роман кейіп¬кер¬лерінің пайымы әркелкі. “Ғұмыр бойы қарасы өшкір өшпенділіктің құлы болдым ғой, — деп күңіренеді елге шыққан жазалаушы жасақтың қаныпезер басшысы. — Ол мені қатыгездендіріп алып өмірі барларға қайрап салды да отырды”. Көзін тырнап ашқаннан осылай, әуелі өмірге өлек¬селеніп келген өзіне, содан соң айуанданып кеткен анасына өшікті, удай мас болып құлап жатқанда талай рет үнін өшіре сал¬ғысы келген. Ессізденіп алып ойына келгенін істейтін сұмырай өз ажалынан өлсе, оған тек мұның біржола қор¬қау¬лана қоймағандығы кінәлі еді. Кейін көзіне көрінгеннің бәріне өшігетін болды, олардың өзі секілді бұралқы иттей бұра¬тылып жүрмегендігі үшін, кү¬ңіренбей күлгені үшін, жетім¬сіремей жетіскені үшін... “Қарғыс айтып қыңсылап жүргендер өшін ала алмай өлек¬-селенгендер ғой, олар қашан да өкініп өледі. Өші кетіп өшкендердің күйзелісінен сақтасын. Өзегі өртеніп тұрса да өшіге білмейтіндер баяғыда өліп біткендер, — деп тістенеді ол. – Мұңсызбын деп жүрген-дердің бәрі өздерінен өш ала алмайтынын сезеді. Қай¬ғылының бәрі алынбаған өші¬нің соңында ғұмыр бойы сал¬пақтайды. Өмір өшіктіру мен өш алудан тұратынын ұқпаған¬дар өшін қуғандарды қайдан түсінсін. Тәңірдің өзі бұларды тозақтан бетер жұмыр жерге өмір¬ден өш алу үшін жамыратып жіберген жоқ па?!” ....
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезінің Тосын болысында туған. Алғаш ауыл молдасынан хат таниды. Он үш жасар Ахметті елдегі ағайындары әке аманатымен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне оқуға береді. Халықтың сана-сезімін оятып, бойына ізгілік дарыту, оны жағымсыз қылықтардан арылту мақсатына қызмет етер деген ниетпен И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, 1909 жылы Петербургте өзінің алғашқы жинағын «Қырық мысал» деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Ыбырай шығармаларының ең басты мақсаты – қараңғылық пен саяси құқықсыздықта мүшкілдік күн кешкен халық бұқарасын жақсы болашақ жолындағы күресте бірлікке шақыру, өнер-білімге, мәдениетке, прогреске үндеу болып табылады.....
Батысевропа экономистерінің түсінігі бойынша дағдарысты басқару менеджменті кәсіпорынның өмір сүруіне аса қажет қызмет. Бұл қызмет «кәсіпорындағы келеңсіз жағдайды жақсарту үшін, әр түрлі әдістер мен құралдарды қолданумен» түсіндіріледі. Хаберландтың ойынша, бұл арада көңілдің барлығы нақты уақыттағы, қысқа мерзімді келеңсіз жағдайларға ауады. Кей авторлардың ойынша, бұл жағдайдың оңжақтары бар, яғни кәсіпорын қызмет бабына басқа өзгерістер еңгізуге тырысады. Нәтижесінде бұрыңғысынан да зор жетістіктерге жетеді. Дағдарысқа қарсы басқару уақыттық сипатқа ие. Біріншіден, жобаны құрастыру үшін кіретін барлық іс-шаралар және дағдарысты болу кезінде, бәсеңдететін, тоқтататын шараларды жүргізу және т.с.с. Екіншіден, Коппаның айтуы бойынша дағдарыстың профилактикасы мен терапиясын жүргізу қажет. Бұл дағдарысты басқарудың ауқымды, кең мәні. Бұл ойды Янике келесі дағдарыстық басқару түрлерімен толықтырады. Яғни, олар «дағдарыстық жедел менеджмент», «превентивті (ескертпелі) дағдарыстық менджмент» немесе «антиципативті дағдарыстық менеджмент». «Дағдарысқа қарсы менеджмент» анықтамасы, бұл кәсіпорында-ғы базалық өзгермелі шамаларды сақтау үшін жоспарлар мен жүргізі-летін шаралар. Өтімділік, табыс немесе айналым құралдары сияқты, базистық өзгермелі шамаларды сақтау үшін «дағдарысты жедел басқару» шарасы жедел қысқа уақыт ішінде нақты, анық мақсаттар қояды. Мысалға, нақты уақытта өтімділікті немесе табыстылықты мақсат еткен деңгейге жеткізу. Бұл басқаруда, уақыт аз болу себепті тиімді концепция ойлап табу қиындық тудырады. Ал «антиципативтік» әдіс, керісінше жалпы мақсаттармен жұмыс істейді. Антицепативтік қатынастар ұзақ мерзімді менеджмент, ол саланың барлық жағын қамтуы мүмкін. Бұл дағдарыстық кезеңді өту үшін өткен уақыт экономистері өз әдіс, тәсілдерін қолданысқа еңгізген. Бұл Сонымен, дағдарысты қабылдаудың екі концепциясы бар: 1. сақтауға бағытталған – дағдарыстық қатынас. Бұл арада дағдарыс кедергі және қауіп ретінде қарастырылады. Бұл дағдарыс, жауапты тұлғалардың дағдарыстық жағдайды қауіп ретінде қабылдамаудан пайда болады. 2. жаңаға бағытталған – дағдарыстық қатынас. Бұл арада дағдарыс, өндіріс орындарында жаңартпаның қажет екенін көрсетеді. Дағдарыс дұрыс қойылмаған бағыттардан, ережелерден босатады. Соңында, дағдарысқа апарған, жағдайдың өзгеруіне әсер еткен шарттар позитивті шарт болып танылады. Бұнда дағдарыспен күресудің негізінде, кәсіпорынның құрылымын жаңа бағытта өзгертуді көздейді. Бұл концепцияларды таңдау барысында, дағдарысты басқарушы нақты алдына, өз қабілетіне және өндіріс деңгейіне сай жолды таңдауы қажет. Себебі, бұл дағдарыстың оң не теріс болуына негізі әсер етеді. Дағдарыстық жағдай тек кәсіпорынның төлем қабілетсіздігімен ғана емес, сонымен бірге несие беруші мен иегерлердің мүдделерін ескермеумен сипатталады. • инвестициялық құралдарды меншік капиталға салу тиімділігін анықтағанда альтернативалық мүмкіндіктерді ұмытпау керек; • реструктуризация концепциясы, қаржылық жүзеге асу және тәуекелді ескере отырып жүргізілуі қажет. Нарықтық экономикада дағдарыстық жағдайлар бүкіл жүйеде, кейде тек жекелеген субъектілерде болады. Көп жағдайларда жүйе ретке келтіретін механизімдерді өздігінен шығарады. Ондай механизмдердің біріне корпоративтік реструктуризация жатады. Жалпы қабылданған теорияға сай, оған өндірістегі кез – келген өзгерістер жатады. ....
Бүгінгі студент болашақ - ертеңгі маман. Техникалық жоғарғы оқу орнының білім беру үрдісінің болашағын жоспарлау- ло эканомикалық, әлуметтік, саяси, рухани жұмыстардың қоғамдағы дамуына байланысты шешілетін мәселе. Болжаудың ең басты мақсаты: ғылыми тұрғыдан болашақты көре білу. Соған байланысты студенттерді тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқарудың негізінде басқарудың педагогикалық шарттарын орындау керек. Болашақты ғылыми негізде болжаудың бірнеше шарттары бар: олар мыналарға жіктеледі: 1) басқару негізінде; 2) қайта құру бағытында; 3) теориялық; 4) әдісманалық негізінде; 5) жүйелі турде өзгерілуі; 6) дұрыс қарым - қатынас орнату негізінде, т.б Басқарудағы болжау жасау жалпы ортаға байланысты. Басқарудағы болжам жасау орта мен сол мекеме басшысының ой өрісіне, сезімталдығына әкеліп тіреледі. Техникалық институтта оқыту үрдісін басқарудың мазмұны мұғалімнің құндылықтың, танымдық, шығармашылық және рухани дамуын қамтиды педагогикалық қатынастың дамуын өзгертеді, жаңа әдістемелерді қолдану арқылы студенттердің белсенділігін ұйымдастыру арқылы шешідеді. Білім беру студент қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, сондықтан оны басқарудың мазмұны студенттің ой өрісінің дамуы, өз өмірінің нысаны болу үшін жағдай туғызуға негізделеді. Басқару қызметінің негізгі бағыттары мыналар: құрметтеу, сенім, студент пен оқушының өзара жақсы қарым-қатынасы, білім беру үрдісіне қатысушыларды табысқа жерелейтін жағдайлар туғызу, басқару, бақылау жұмысының біртұтас жалпы жүйесі, оның жеке бөліктері үшін үйлесілімдік пен студенттің ынталылығын қамтамасыз ету, өзара қарым-қатынаста түрлі шешімдер қабылдау және т.б. Педагог ғалымдардың енбектеріиде В. Сластелин, М. Галагузова, Н. Шуркова, т.б. мұғалімнің психологиялық дайындығы, теориялық білімді меңгеру, жалпы мәдениеттілік деңгейі, студентпен жұмыс ісреуге мұғалімнің жаңа технологияны игеру, өзінің жауапкершілігі, коммунативтік қабілеті, эстетикалық талғамы, т.б. педагогикалық ділгірліктер талданады. Мұғалімнің жұмысқа дайындығын төмендегіше формуламен анықтауға болады; Г- мұғалімнің жұмысқа дайындылығы; Л-психологиялық дайындығы; Т- теориялық дайындылығы; Д- технологияны меңгеру бағытында. Педагогикалық әдебиеттерді талдау және өзат тәжірбиелермен танысу мынандай жағдайларды аңғартады. Техникалық институттағы білім берудің мониторингісі кешенді - жүйелік тұрғыдан үлгілеумен тығыс байланысты болады. ....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам. Сабақтың тақырыбы: Материктер мен мұхиттар 2-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 6.2.6.1 жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау Сабақ мақсаттары: Оқушылар: материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтай алады; материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін жоспар бойынша сипаттай алады.....
К І Р І С П Е Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл азаматтарымыз бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге танылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби. Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына,яғни Әл-Фараби мұрасына қатысты екені ақиқат.Сондықтан да оның қазіргі кездегі мұрасы сан-салалы гуманитарлық –педагогикалық арналары бойынша қазақ ғалымдарының зерттеуімен Әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы айқындалып,ол біздің еліміздің рухани игілігіне айналуда. Фарабидің өмірі жөнінде бізге жеткен мағлұматтар үзік-үзік,аңыз-шыны аралас болып келеді. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты -жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. ....
Кіріспе Бүгінде Қазақстан мемлекеті нарықтық экономикаға өтіп, ел экономикасы көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Экономиканың нарықтық қатынастарында банктер және олардың жүргізетін операциялары, өте жоғары орынды иеленді. Қазіргі таңда, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банк мекемелірінің тиісті шоттарында сақтап, осы мекемелер арқылы өздерінің қаржылық операцияларын жүзеге асырады. Банк мекемелерінің жүргізетін операцияларының ішінде валюталық шот арқылы жүргізілетін валюталақ операциялар өте маңызды болып табылады. Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Банктердегі валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, есебі» деп аталады. Осы курстық жұмыста валюта жүйесі, валюта бағамы және валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін қарастырдым. Жұмыс екі бөлімнен тұрады: «Валюталық шоттағы ақшаларды есепке алу» және «Валюта жүйесі, валюта бағамы, олардың құқықтық реттеу». «Валюталық шоттағы ақшалар қозғаласының есебі» деп аталатын бірінші бөлімде валюталық операцияларға түсініктеме беріп, олардың жүзеге асыру тәртібін қамтып, валюта шоттарындағы ақша қозғаласын бақылауды қарастырдым. ....
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке меншікке иелігіне өтті. Экономикадағы өзгерістердің оң нәтижелерімен қатар кері нәтижелері де болып отырды. Яғни ұлттық экономиканың құрылымдарындағы ірі диспропорциялар, шаруашылық байланыстардың тоқтауы, инфляция, “көлеңкелі экономика” масштабының өсуі т. б. Қазіргі экономисттердің көпшілігі ақша - несие саясатын үкіметтің шамадан тыс үстеміне және дербес индивидумдардың шаруашылық дербестігінің азаюына тудырмайтын демократиялық қоғамдағы ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу құралы деп қарайды. Ақша - несие саясатының ең ақырғы мақсаты бағалардың тұрақтылығын, толық жұмыс бастылықты және ВНП-ның нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Ақша - несие саясатының негізінде жалпы экономиканың хал-ахуалына ақшалардың және ақша - несие саясатының әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатады. Монетарлық саясаттың бағыттары мен тактикалық мақсаттары ұлттық экономиканың күй-жағдайымен анықталады. Тәуелсіздік алуынан кейін Қазақстан Республикасы өзіне инфляциясы өсіп бара жатқан, құлдыраған экономиканы мұраға алды. Бұдан былай бұл процестер тек әрі қарай күшейді. Қазіргі кезде Ұлттық банктің жігерінің арқасында, сауатты ақша-несие саясатын жүргізуінің арқасында жағдай тұрақтандырылған болатын. Біздің өмірімізге, Қазақстанның жаңа тарихына қарап біз ақша-несие саясатын зерттеудің өзектілігіне көзімізді жеткізе аламыз. Қазақстанның ақша-несие саясаты, табиғи америкалық, ағылшын немесе қандай болмасын басқа да монетарлық саясатын жүргізуші нарықтық экономикасы дамыған елдердегідей болуы мүмкін емес, демек бұл тақырып тағы ұзақ зерттеуді талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясы жеткілікті толық өңделген, бірақ ол қазақстандық экономика реалияларына бейімделуге мұқтаж екені анық. Осы өзектілік себептен, біз осы тақырыпты таңдадық. Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ақша-несие саясаты тақырыбын толық ашып көрсету болып табылады. Негізгі мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді ашып көрсету алға қойылған: - ақша-несие саясатының теориялық ілімдерінің негізін қарастыру; - ақша-несие саясатының мәнін, механизмдерін, элементтерін қарастыру; - ақша-несие саясатын қолданғанда пайдаланатын құралдарды қарастыру; - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері ақша-несие саясатын талдау; - қазіргі уақыттағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі прблемаларды қарастыру; - Қазақстан Ұлттық Банкінің алға қойылған бағыттарын қарастыру; ....
2006 жылдың алғашқы айлары республиканың зейнетақы жүйесінің жұмысына бірқатар өзгерістер әкелді. Ең алдымен, бұл өзгерістер қолданыстағы зейнетақы төлеу жүйесін қамтыды, дегенмен олардың бір бөлігі зейнетақы қорлары салымшыларының мүдделеріне тікелей немесе жанама болса да, негізінен жағымды жағынан қатысты болып отыр. Атап айтар болсақ, оның ең негізгісі: бұдан әрі жұмыс беруші де, не басқа тұлға да зейнетақы қорының салымшысының таңдауына ықпал ете алмайды. Зейнетақы қорларының жұмысындағы осы соңғы өзгерістер жайында “Ұлар Үміт” жинақтаушы зейнетақы қорының” президенті Дабыр Тұрсынғазыұлы Медетбеков әңгімелеп береді. Салым¬шының зейнетақы қорын өз еркімен таңдауы жөнінде әңгіме, сонау бір жыл¬дары, елімізде зейнетақы рефор¬ма¬лары басталған тұста, яғни “Қа¬зақ¬стан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заң қабыл¬данбас бұрын-ақ айтылған болатын. Заң шығарушылардың арада сегіз жыл өткеннен кейін осы мәселеге қайта оралуына не себеп болды? МД: Өткенді еске түсіретін бол¬сақ, Елбасы “Қазақстан Республика-сындағы зейнетақымен қамсыздан¬дыру туралы” Заңға қол қойып, Қазақстанның зейнетақы жүйесі тұңғыш рет кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте зейнетақымен қам¬тамасыз етудің жылдар бойы қалыптасқан мемлекеттік ынты¬мақтастық жүйесі оның барлық олқылық-кемшілік¬тері-мен жинақтаушы жүйеге өте бастаған сәттен бері сегіз жыл өтті. Осы жылдардың ішінде жинақ¬тау¬шы зейнетақы жүйе¬сінде 5 миллиард¬қа жуық АҚШ доллары жинақталып, на¬рықта 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп келеді. Жуырда Қазақстан қаржыгерлері¬нің V конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Қазақстанның қаржы секторы бү¬гін¬де кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте жалғыз-дара болып отырған жинақтаушы зейнетақы жүйесімен мақтана алады деп атап көрсетті. Дегенмен, бұл жерде Қазақстан¬ның зейнетақы саласын қайта құру үдерісі аз уақыт ішінде тез жүріп өт¬кен¬дігін де ұмытпауымыз керек. Сон-дықтан 90-шы жылдардың аяғында қабылданып, өзінің маңыздылығын жоғалтқан бірқатар ережелер мен нормалардың түрлі өзгерістерге ұшырауына таңданудың қажеті жоқ. Бұған зейнетақы туралы заң¬дар¬да¬ғы салымшылардың жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау еркін қам¬титын нормаларды жетілдіру қажеттігі мысал бола алады. Өкінішке орай, соңғы жылдарға дейін бұл қағидат үстірт түрде орындалып келді, шынын айтқанда – тіптен орындалмай келді: көп жағдайда жұмысшының зейнет¬ақы қорын таңдауы жұмыс берушінің еркіне байланысты болды. Алайда, 2006 жылдың 1 қаң¬тары¬нан бастап Қазақстан Республика-сының 2005 жылғы 16 маусымдағы “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” №58-ІІІ ҚРЗ-на сәйкес жағдай жақсы жағына өзгеруі тиіс. ....
Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы. Валюта саясаты мәселесі, ұлттық валютаның айырбас бағамын қалыптастыру және әлемдік валюта нарығында оның тұрақты жұмыс істеу проблемалары тәрізді валюталық қатынастарға Қазақстандағы нарық реформаларының байланыстылығы оның ерекшелігі болып саналады. Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу пікірталастар ұдайы жалғасуда.....
Адамзат тіршілігіндегі әрбір жаңа кезеңнің өзіне тән жетістігі мен мұқтажы болады. Өркениет деңгейіне қарай өсе түскен өмірлік қажеттілік өндіру мен тұтыну арасындағы оралымдылыққа қол жеткізуді алға тартады. Осы талапты жүзеге асыру өмірге маркетингті алып келіп отыр. Біздегі өтпелі дәуір деп аталып жүрген нарықтық экономикаға көшу кезеңі маркетингке үлкен жаңалық енгізеді деген сенім бар. Өйткені ғасырлар бойы жинақталған нарықтық экономика саласындағы тәжірибеге, қуатты экономикалық әлеуметке, жоғары дәрежедегі бизнестік білім мен психологиялық дайындыққа сүйенген маркетингті біздің жағдайымызға бейімдеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Ал менің курстық жұмысыма арқау болып отырған халықаралық маркетинг туралы айта кету қажет. Халықаралық маркетинг дегеніміз – фирма мен ұйымдардың сыртқы немес әлемдік нарықтағы қызмет. Халықаралық маркетингтің ерекше формасы ретінде трансұлттық компаниялардың кез келеген бір елдің нарығына ену қызметіне мегамаркетинг әрекет етеді. Міне тәуелсіздік алғанымызға он бес жылдай уақыт болды. Қазақстан Президентінің биылғы жылғы Жолдауында біздің мемлекетіміздің қандай өнеркәсіп салаларын дамыта отырып ДСҰ-ға (дүниежізілік сауда ұйымына) кіретініміз және халықаралық экономикалық қатынастарда маркетингтің алатын рөлі біздер үшін ұлғая түспек. Осы тұрғыдан алғанда бұл тақырыпты терең түсініп, оны пайымдап келешекте қолдануға біздер дайын болуымыз керек. Мысалы, Жапония екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қауырт өсу жолына түскен кезде Министрлер кабинеті арнайы 25-жылдық жоспар жасап шетелдердегі нарықтарды жіті бақылап және соған жауап қата отырып әлемдегі экономикалық күш – қуаты жөнінен АҚШ-тан кейінгі ірі державаға айналды. Осындай кезеңді ГФР-да бастан кешірді. Яғни, халықаралық маркетингті ұғынудың маңызызор екні осы мысалдардан – ақ байқалып отыр емес пе? Біздер мән беріп отырған халықаралық маркетинг тақырыбы біздің еңсесін жаңа тіктеп, қанатын енді жайып келе жатқан еліміз үшін өте өзекті мәселе. Біздердің құрдастарымыз жапон, корей, елдеріндегі студенттер де осы салаға зор мән беріп келешекте біздің сауда – экономикалық бәсекелестеріміз болады. Сондықтан осынау өскелең заманда еліміздегі саяси тұрақтылықты баянды ете отырып, еліміздің экономикалық ахуалын өркендету жолында біздер ешкімнен ұтылмауға мейлінше күш сала отырып осындай маңызды экономикалық білім көздеріне ден қоюымыз қажет ....
Бейлисс пен Старлинг енгізген. Бұрын гормондар ағзалар қызыметін күшейтедідеп қана есептеген. Бірақ кейінгі зеріттеулерге қарағанда, олай болмай шықты. Адам және жоғарғы сатыдағы жануарлардың гормондарын , химиялық құрлым ұқсастығын ,физика –химиялық, биологиялық қасиеттерінің орталығын негізге ала отырып, 3 класқа бөледі. 1. Белоктық-пептидті қосылымдар (инсулин, глекогон,соматотропин т.б.); 2. Стереоидтар (бүйреккүсті безі қабынғаның және жыныс бездері гормондары); 3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер- адренали, норадренали ). Гормондардың биосинтезі арнайы эндокриндік клеткалардың генетикалық аппараттарында жоспарланған, сондықтан ішкі сөлініс бездерінің әрқайсысы тек белгілі бір гормондардың белгілі бір гормандарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бос қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктармен қосылған күйде болады. Мысалы, транскортизон альбумин және а – глобулинмен бірігеді, бұдан активтігі төмен байланысқан гормон формасы пайда болады. Гормондардың құрлымы салыстырмалы күрделі келеді және жеке бөліктері (фрагменттері) әртүрлі қызымет атқарады . Актондар – гормонның клеткаға арнайы әсерін қамтамасыз ететін бөлігі; гаптомерлар – гормонның әсер етуі жерін , нысана клеткаларын іздейтін бөлік. Гормон құрлымының үшінші бөлігі активтілік дәрежесін және гормон молекуласының басқа қасиеттерін реттейді .Ағзалармен тканьдер, негізінен бауыр мен бүйрек клеткалары гормондардың сіңіру, күйзелту және шығару жылдамдығын реттейді. Гормондардың алмасу жылдамдығын олардың жартылай ыдырауына кететін уақытпен (Т ½) болжайды, яғни қанға енгізілген радиоактивті гормондар мөлшерінің концентратциясы екі есе азаятын уақыт. Дені сау адамда әртүрлі гормондардың жартылай ыдырау уақыты түрліше болады (катехоламиндер-0,5-2,5 мин., инсулин-8-12 мин., альдесторондар -30-50 мин.,кортизондар-70-90 мин., тироксин 4 тәулікте ыдырайды).....
Мен бұл банктік депозитті сақтандыру: шетелдік және отандық тәжірибе деген курстық жұмысты алу себебім, ол өзекті тақырыптардың бірі. Өйткені Қазақстан қазіргі кезде экономика мен қаржы саласында кейбір қиындықтарды бастан өткізуде.Сондықтан да Қазақстан Республикасының президенті халықтың банкке деген сенімін арттыру үшін депозитті сақтандыру шаралары қолданған болатын. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржы ұғымы мен мәнін түсіндірілген. Онда депозиттің теориялық анықтаммасы, құрылу жолдары, оның функциялары туралы айтылған. Жалпы түрде депозитті сақтандыру ұйымдастыру мен қолдану әдістері, негізгі концепциялары берілген. Екінші бөлімінде депозитті сақтандыру формалары, депозитті ұйымдастыру жолдары мен әдістері, оның негізгі мақсатарын қарастырамын. Басқару мәні ашылған, мемлекеттің депозитті басқарудағы атқаратын рөлі, шетел тәжірибесі қарастырылған,олардың депозит жүйесінің ерекшеліктері. Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайда проблемалары және жетілдіру жолдары ерекшеліктері мен принциптері, оның проблемалары мен қиындықтары мен әдістері қарастырамын. Қазақстанның депозиттерді сақтандыруды дамыту тенденциялары мен алдағы мақсаттары және заңдарды қарастырамын жазылады. Бүгінгі күндері депозиттерді сақтандырудың рөлінің жоғары екенін түсінген үкімет Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қорын құрды. Бұл қордың тәжірибесі бүкіл дүние жүзі елдеріндегі нәтижелі қызмет көрсетіп жатқан осындай қорлардың тәжірибесінен таңдап іріктеліп алынып жатыр. Мұндай озық тәжірибелер қорлар АҚШ, Германия, Франция, Англия, Жапония және т.б елдерде бар. Бұған қоса әлемдік және отандық тарихта жалпы сипатқа және ауыр салдарларға ие болған көптеген банктоттық жағдайларын ескере түсіреді. Әлемнің дамыған елдері әр уақыт кезеңінде банктің салымшыларын қорғау мәселелерімен жолықты. Бұл мәселені шешу біздің елімізде де үлкен қиындық туғызады. Отандық банк жүйесі енді ғана тұрақтана бастады, бірақ әліде болса проблемалар бар, кәсібиліктің тапшылығымен және тағы басқа кемшіліктермен сипатталады. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдендіру) қажеттігі көп жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі болатын. Мұндай мәселенің туындауы Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне және халықтың банктердегі көптеген жылдар бойы жинаған ақша қорларының, яғни жинақтарының 1990 жылдардың басында инфлияция әсерінен банктердің жабылуы салдарынан жоғалып кетуімен байланысты болып отыр.Бірақ жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдендіру) қорын құру оңай мәселе болмады. Халықтың коммерциялық банктердегі салымдарын сақтандырудың біріншіден, халық қолындағы айналысқа түспей отырған ақшалай қаражаттарын экономикаға тарту,екіншіден ақша иелерінің табыстарын өсіру, үшіншіден, банк жүйесін ақша ресурстарымен қамтамасыз ету, төртіншіден, экономиканың нақты секторларына жұмсалынатын несие ресурстарын көбейту, бесіншіден, өндірістерге ішкі инвестицияны тарту және тағы басқа да көптеген пайдалы тұстары бар. Бұл жүйенің қызметін мемлекеттің реттеуінсіз нәтижелі ұйымдастыру мүмкін емес. ....
Адамзат популяцасы деп ұзақ уақыт бір аумақты мекендейтін және еркін некелесетін адамдар жиынтығын айтады. Ол эколгиялық (демрграфиялық) және генетикалық тұрғыда сипатталады. Популяцияның экологиялық сипаттамаларына оның сан мөлшері ,жас мөлшерінің ара қатынасы,жыныстық құрамы ,мекендейтін аумақ және т.б. жатады. Адамзат популяциясы жеке адамдардан құралады,сондықтан олардың сан мөлшерін білудін манызы зор.Кез келген популяциясы сан мөлшері особьтардың туу және өлу жилігіне байланысты.өз ққұрлымын сақтау үшін популяцадағы туудың жилігі әрбір некедегі әйелге 2,5-3 баладан келуі керек. Бірақ сонғы кезде туу жиілігі әлдеқайда төмен,мысалы,Еуропада ,АҚШ және Канадада-1,9;Қазақстандағы нәрестелер туужилігі3,0,бірақ сонғы жылдары төмендеуде .Басқа ТМД елдерінде Украина мен Молдавияда -2,5,Армения мен Ресейде -2,5-нан төмен,Тәжікстан,Түркменстан,Өзбекстанда -5,0 .Өлім жилігіне келетін болсақ :медицинаның (микробиологияның, иммуналогияның) жетістіктеріне және әлеуметтік позитивтік өзгерістерге байланысты,аса қауыпты инфекциялық аурулардан адамның өлуі жилігі күрт төмендеді .Ол аурулар эпидемияларының кздесуі азайды ,мүлдем жоқ деуге де болады.Адамзат өмірінің ұзақтығы дамыған ел популяциясында орта шамамен 20жасқа ұзарады.(Кваша,1980 ж) ,ТМД елдерінде әрбір 10 мың адамның -12,3-і 90 жастан және 0,8-і 100жастан асқан қарттар. Туылуы жилігі азайғанымен ,өлім жилігінің азаюына және өмір сүру ұзақтығына байланысты эконоикалық дамыған елдер популяциясының сан мөлшері тұрақты сақталуда . Адамзат популяциясы құлымының сақталу құрамындағы особьтардың жас мөлшеріне де байланысты. Сондықтан популяцадағы адамдарды репродуктивтік кезенге дейінгі ,репродукттивтік кезендегі және пострепродуктивтік кезендегілер деп топтайды. Болашақ популяцианың құрамын анықтауда репродуктивтік кезендегі особьтар үлкен рөл атқарады .Олар 18-20 жастан 40-45-ке деінгі адамдар . Пререпродуктивтік және пострепродуктивтік кезендегілер популяцияның жалпы санына енгенімен келесі ұрпақтың фенотиптік және генотиптік құрлымын анықтай алмайды.....