» » » Реферат: Экономика | Қазақстан мемлекеті

Реферат: Экономика | Қазақстан мемлекеті

Реферат: Экономика | Қазақстан мемлекеті казакша Реферат: Экономика | Қазақстан мемлекеті на казахском языке
Қазақстан мемлекеті

Қазақстан Республикасы Конституциясында мемлекет жан-жақты қарастырылады. Конституцияның 1-бабында былай делінген: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары".
Қазақстан — демократиялық мемлекет. Қазақстанның демократия-лық мемлекет ретінде сипаттамасы Қазақстан Республикасы Конституцияның мазмұнынан және мемлекеттік органдардың қызметінен туындайды. Демократизм формальды түрде, яғни құқықтық нормаларда бекітілген болуы мүмкін. Демократизм формальды түрде ғана емес, нақтылы түрде де, яғни неше түрлі кепілдіктермен қамтамасыз етілген болуы да мүмкін. Қазақстан мемлекетінің демократиялық сипаты конституциялық принциптерде анықталады. Мемлекеттің ұйымдастырылуының ең негізгі принциптерінің бірі — мемлекет басшысының, Парламент депутаттарының, жергілікті өкілетті органдардың сайланып қойылатындығы болып табылады. Мемлекет қызметінің басқа бір негізгі принципі — мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мәселелерінің демократшылық әдістермен шешілетіндігі. Атап айтқанда, референдум өткізілуі, Парламенттегі дауыс беру рәсімдері осыған жатады.
Қазақстан мемлекетінің демократиялылығы мынадан да көрінеді: Конституцня азаматтардың өкілетті органдарға жалпы алғанда халықтың мүдделерін, әлеуметтік және ұлттық азшылықтың мүдделерін, жеке азаматтардың заңды мүдделерін білдіретін және сол мүдделерді қорғауға тілектес әрі соған қабілетті өз өкілдерін ұсынуға және сайлауға мүмкіндік туғызатын демократиялық нормаларды белгілейді.
Қазақстан мемлекетінің демократиялылығы референдум өткізудің демократнялық тәсілдерінен де көрінеді. Референдум мынадай принциптерге негізделеді: 1) азаматтардың референдумға қатынасуға және онда өзінің еркін білдіруге ықтиярлылығы: 2) азаматтардың референдумға жасырын дауыс беру жағдайында баршаның тең және тікелей қатысуға құқықтылығы; 3) жариялылығы. Референдумға Конституцияны, констнтуциялық заңдарды, жай заңдарды қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қойылуы мүмкін. Референдумға Республиканың мемлекеттік өмірінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелерін шешуге байланысты сұрақтар да шығарылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының демократизмі азаматтардың, олардың бірлестіктерінің мемлекеттік органдардың басқарушылық шешімдерінің мазмұнына және оларды жүзеге асыру процесіне өз мүдделерін көздеп ықпал етуге мүмкіндігі болуынан да көрінеді. Ол үшін Конституцияда белгілі бір шарттар көзделген. Солардың ішіндегі ең маңыздысы демократиялық саяси режим болып табылады.
Саяси режим дегеніміз қоғамдағы саяси билікті жүзеге асыру әдістерінің, тәсілдерінің, түрлерінің жүйесі. Саяси режим мемлекеттің мәнін, түрін, оның қоғаммен, жеке адаммен арадағы реттелген, ең әуелі конституциялық құқық нормалары арқылы реттелген қарым-қатынасын білдіреді. Саяси режим конституциялық нормалардың нақты іс жүзінде қызмет ету дәрежесін айқындап көрсетеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы демократиялық саяси режим болуын көздейді. Біріншіден, демократиялық саяси режим өкілетті және тікелей демократия институттарының орнатылуынан көрінеді. Мәселе, әлбетте, осы институттарды заң жүзінде баянды етуде ғана емес, сонымен бірге олар мемлекеттік органдарды жасақтау, мемлекеттің саясатын анықтау, оларды жүзеге асыру ісіне азаматтардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында әрекет жасай алатын болуында. Екіншіден, демократиялық саяси режим кең көлемді азаматтық құқықтар мен бостандықтардың баянды етілуінен және оларды жүзеге асыру кепілдігінің қамтамасыз етілуінен көрінеді Мысалы, Конституция кәсіпкерлік қызметтің бостандығын қарастырып қана қоймайды, сонымен бірге, бір жағынан, оған құқықтық негіз жасайды, ал екінші жағынан, кәсіпкерді лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен қорғайды. Басқа азаматтық құқықтар туралы да осыны айтуға болады. Үшіншіден, Конституция тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының жасақталуына кең жол ашады. Тоталятарлық режимнің қуатты құралы болған саяси цензура (тыйым :салу, бақылауға алу) келмеске кетті. Цензураның болмауы – демократиялық саяси режимнің өмір сүруінің айқын көрінісі. Бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігін қамтамзсыз ету мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктерді, лауазымды тұлғалардың заңды бұзу фактілерін жариялап отыруға көмектесіп, заңдылықты нығайтады. Төріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясында танылған саяси плюрализм (пікір алуандығы), саяси қозғалыстардың сан алуандығы әр түрлі ұйымдардың, олардың ішінде мемлекеттік органдардың іс-қимылын сынайтын оппозициялық ұйымдардың да қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Ал мұның өзі — сөз жоқ, қоғамды басқарудың демократиялық ідістерінен ауытқу ықтималдығына жол бермейтін кепілдіктердің бірі.
Мемлекетті демократиялық жолмен ұйымдастырудың аса маңызды принциптерінің бірі - биліктің бөліну принципі. Қазақстан Республикасының Конституциясында билікті бөлу принципі белгілемген: Республикада мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылатыны айқын көрсетілген.
Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі мемлекет органдарының өз өкілдерін жүзеге асырған кезде оларды бұзғаны үшін басқа органдардың өкілдігіне қол сұққандығы үшін жазасыз кетпеуіне бағытталған.
Мемлекет демократизмінің негізгі бір көрінісі ұлттық және халықтық егемендіктің орнықтырылуы болып табылады. Ұлттық тәуелсіздік ұлттың өз тағдырына өзі ие болып, мемлекеттік, экономикалық және рухани салада өзін-өзі билеу мүмкіндігінен көрінеді. Қазіргі Қазақстан жағдайында ұлттық тәуелсіздіктің өз ерекшеліктері бар. Бұдан туатын тағы да бір қорытынды: қазақ ұлты мемлекеттік салада өзін-өзі билеуге, яғни өзінің ұлттық мемдекеттілігін құруға құқылы болуы. Осыны танып, мойындау Қазақстаң Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңда да, сондай-ақ 1993 жылғы Конституцияда да жария етілген еді.
Қазақстанда құқықтық мемлекеттің құрылуы. Құқықтық мемлекет ұзақ тарихи даму процесінде қалыптасады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында: еліміз құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолына түсті деп жазылған.
Құқықтық мемлекеттің бірінші көрсеткіші — заңның жоғары тұратындығы, оның қоғамдық өмірде үстемдік ететіндігі. Қоғамдық өмірдің неғұрлым маңызды жақтары заңдар арқылы реттеліп отыруға тиіс, Конституция заң шығарушы органды осы жағдайға қарай нұсқайды. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті "аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, … жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына … мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға" т.б. хақылы.
Заң шығару өкілдіктерінің Президентке берілуі, сөйтіп ол заңдық күші бар жарлықтар шығаруы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда халық конституциялық және жай заңдық күші бар актілерді референдум арқылы қабылдауы мүмкін.
Заң қабылдау құқығы бар субъектілер шеңберінің кеңеюі мемлекеттің құқықтық нысанға ие болу ниетін көрсетеді.
Құқықтық мемлекеттің тағы бір маңызды принципі — барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғаларға заң талаптарының міндеттілігі. Заңдар негізінде мемлекеттен, оның органдарынан шығады. Демек, заң талаптарын орындауға міндеттемені ең алдымен мемлекеттің өзі алады.
Барлық жағдайларға да заңдарды жүзеге асыру мемлекетке, оның органдарына барып тіреледі. Не мемлекеттік органдар заңдардың жүзеге асырылуын қадағалап отырады, немесе заңдарды олардың өздері қолданады; не олар заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді, немесе заңды бұзушыларға ықпал ету шараларын қолданады т.т. Демек заңдарды қабылдай отырып, мемлекет сол заңдардын талаптарын орындау жөнінде өзіне міндеттеме алып қана қоймайды, сонымен бірге барлық субъектілердің заң ережелерін орындауының бүкіл барысын қадағалап отырады. Мемлекеттік және оның органдары, қызмет дәрежелері мен жағдайлары әр түрлі қызметшілердің барлығы субъектілер қатарына жатады. Сонымен бірге мемлекеттің, оның барлық органдары мен лауазымды тұлғаларының заң ережелерін орындауы құқықтық мемлекеттің қалыптасуында ерекше маңызды екенін танытады.
"Құқықтық мемлекет" дегеніміз құқық қалыптасып, көптеген заңдар қабылданып жатқан ғана мемлекет емес. Құқықтық мемлекет дегеніміз бұл мемлекеттік органдары мен мекемелерінің қызметі түп-түгел қабылданған заңдарға негізделіп жүргізілетін мемлекет. Лауазымды тұлғалар, мемлекеттік органдар, әсіреее тұтас алғанда мемлекетте қолданылып жүрген заңдарды бұзатын болса, мемлекеттің өзі үшін мұның ауыр зардаптары болады. Жақсы-жақсы заңдар қаншалықты көп болғанның өзінде де мемлекеттік органдар, оларды бұзатын болса, бір жағынан, бұл құқықтық мемлекет құру процесін кейін шегеріп тастайды, ал екінші жағынан, халықтың үкіметке деген сенімсіздігін туғызады. Мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғалардың заңдарды бұзуы әр уақытта болып келген, әді де ұзақ уақыт орын алмақ. Мұндай жолсыздықтар "құқықтық" деп айтуға боларлық ең дамыған мемлекеттердеде кездесіп жүр. Бірақ бұл жерде әңгіме, біріншіден, сол заңды бұзушылықтың көлемі жөнінде, ал екіншіден, мемлекеттің сол жолсыздықтармен үнемі, үздіксіз күрес жүргізуге бекемдігі жайында болып отыр. Егер заң бүзатыи жолсыздақтар жалпылама сипат алып кетсе, ал мемлекет онымен күресуге дәрменсіз болса, немесе оларды "байқамағансып" отыра беретін болса, ондай жағдайда құқықтық мемлекет орнату туралы сөз қозғау қиын. Мұндай жолсыздықтар әсіресе өтпелі және дағдарысты кезеңдерде кең түрде жайылып кетуі мүмкін. ....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 88 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Рефераттар жинағы, реферат Қазақстан мемлекеті туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Қазақстан мемлекеті на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қазақстан мемлекеті, реферат Қазақстан мемлекеті туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Қазақстан мемлекеті на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Экономика жоспарымен казакша реферат жоспар Қазақстан мемлекеті, Реферат: Экономика | Қазақстан мемлекеті реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы