Өтеген батыр Өтеғұлұлы

Өтеген батыр Өтеғұлұлы (Мүйізді Өтеген) (1699-1773) – XVIII ғасырдың І жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен батыр.
Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, қазақ елінің түстігін, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірді. Түркістан, Ташкент маңындағы кескілескен ұрыстарға, Аңырақай шайқасына қатысты. Осы ұрыстарда қалмақтың Бөтхишар, Сабан Тайшық секілді аты шулы батырларын жекпе-жекте жеңіп, қазақ әскерінің даңқты қолбасшыларының біріне айналды. Төле бидің, Абылай ханның серігі болды.
Батырдың ерлігі аңызға айналып, Күсен, Майкөт, Сүйінбай, Жамбыл, Тілеміс секілді ақындардың жыр-дастандарына арқау болды. Бұлардың ішінде бізге жеткені – Жамбылдың «Өтеген батыр» дастаны. Өтеген батыр туралы дерек-аңыздарды әдебиетшілер Е.Ысмайылов, Қ.Тұрғанбаев, Н.Смирнова, С.Бегалин зерттеді. Кейбір зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, батыр Бұқара, Самарқанд, Кабул, Исфахан, Тегеран, Ыстамбұл сияқты қалаларда болып, білім алған. Өтеген батырдың соңында атағы ғана емес, Қосағал, Қосдәулет, Асау, Ылау, Бердіс, Тарпақ, Базарбай, Аюса, Жақұлы, Төке, Тоқтарбай есімді балаларынан тараған үрім-бұтағы да қалды. Атақты Байсерке күйші, Тілеміс шешен Өтеген батырдың ұрпағы.
Батыр әуелі Іле өзенінің бойына (қазіргі Қапшағай су қоймасының табаны) жерленген. Кейін оның сүйегін ұрпақтары Қордай ауданына апарып, қайта жерлеген. Жерленген жері Өтеген ауылы деп аталады. Алматы облысындағы бірсыпыра жер батыр есімімен аталады. ....
Рефераттар
Толық

Өтпелі кезеңдегі психикалық процестердің даму сатылары

Өтпелі кезеңде жорғары психикалық функциялардың дамуы жүйке жүйесі мен мінез-құлық дамуының процестерін анық және нақты сипаттайтын негізгі заңдылықтарды анықтайды.
Жүйке жүйесі мен мінез құлық дамуының негізгі заңдылықтарының бірі-жоғары орталықтар немесе жоғары құрылымдар дамыған сайын, төменгі орталықтар немесе төменгі құрылымдар өзінің маңызды қызметтерінің біраз бөлігін жоғары құрылымға алмастырып, осы функцияларды жоғарыға береді, дамудың неғұрлым төменгі сатыларында, төменгі орталықтар немесе төменгі функциялармен жүзеге асырылатын бейімделу міндеттері жоғары сатыда жоғары функциялармен оррындала бастайды. Соның ішіндегі қабылдауға тоқталамыз.
Қабылдау функциясы баланың психикалық даму тарихында ең ежелгісі деп қарастырылады. Бала зейін қойып, есте сақтап, ойлаудан бұрын қабылдай бастайды. Сондықтан бұ л өте ерте функция қарапайым функция ретінде қарастырылады, оның эволюциялық процес тері, әдетте, тікелей бақылаудан жасырын қалады. Сонымен бірге жаңа психологияда қабылдау мүлдем дамымайды, ол басынан бастап нәрестенің өзінде ересек адамдағыдай қызмет етеді, барлық психикалық функциялардың жалпылай өзгеру процесінде қабылдау дамымайды, өзгермейді, өз бетінше қалу артықшылығына ие деген аңыз бірте-бірте жойылуда. Шын мәнінде естің немесе ойлаудың дамудың осы екі сатысында ұқсастығы қалай за болса, нәрестенің қабылдауымен ересек адамның қабылдауының да ұқсастығы сондай аз болады.
В. Элясберк пен басқалардың арнайы зерттеулері баланың нәресте кезінде байланыстар, тәуелділіктер мен қатынастарлың бірқатарын жасауға қабілетті екендігін көрсетті. Бала ойлауындағы синкретизмді зерттеуде элементтердің бытыраңқылығы емес, ойлардың мағынасыз байланыстылығы , әсерлердің шумақ тәріздес тұтасу, құрамы жағынан күрделі синкретті бейнелері баланың нәресте кезіндегі ойлаун сипаттайтындығын көрсетті. Осының барлығы дәстүрлі психологияда бекітілген бала қабылдауының даму барысы ақиқатқа сәйкес келетініне күмән туғызады. ....
Рефераттар
Толық

Оба ауруы

Оба — ауыр түрде уланып, без түйіндері, өкпе және басқа мүшелері ерекше зақымданғаны білінетін жедел жұқпалы ауру.
Ағымы ауыр, жоғарғы өлімді ауру, көп жерге таралу мақсатымен аса қауіпті аурулар тобына кіреді.
Тарихы. Оба адамзатқа ерте заманнан қаһарлығымен белгілі, көп көлемді жерлерді ойрандатушылығымен танымал. Көп жерлерге таралуына байланысты миллиондаған адамдардың өмірлерін алып кетті. Тарихта 3 белгілі обаның пандемиясы (көп құрлықтарға тараған ауруды осылай атайды) болып өтті. Бірінші тарихқа "юстинианов обасы" (531-580 ж.ж.) деп аталды. Ол Египетте басталып Жақын Шығысқа, Африканың Солтүстігіне және Европа елдеріне енеді. Осы пандемияда 100 млн.ға жақын адам өлген. Екінші пандемия XIV ғасырда "қара өлім" аталды, 1334 жылы Қытайда басталып, кейіннен Индияны, Африканы және Европа елдерін қамтыған. Екінші пандемияда 50 млн.нан астам адамдар өлген. Сонда оба ауруы Ресейдің солтүстік - батысына, орталық және оңтүстік - шығыс облыстарына кірген.
Обаның үшінші пандемиясының басталуы 1894 жылға жатады. Кантоне және Гонконгте басталып 100 мыңнан астам адамдар өлген Соңғы 10 жылдары оба ауруы 87 порттағы қалаларға негізгі пароходтар жүретін барлық құрлықтарға тараған. Ең адамы көп өлген Индия болыпты, өлген адамдары 12 млн-нан асқан. Оба ауруы Ресейдің Одесса қаласында 1901, 1902 және 1910 жылдары болғаны байқалған. Обаның үшінші пандемиясы зерттеген ғалымдардың өте үлкен жаңалық ашқандарымен танылды: қоздырғылық тапты, егеуқұйрықтың (крыса) жұқпалы ауруды үзбей жалғастырып отыратын маңызы дәлелденген. Орыс ғалымдары Д.С.Самойлович, Г.И.Минх, Н.Ф.Гамалея, Д.К.Заболотный, И.И.Мечников, Н.Н.Клодницкий, В.А.Хавкин и Д.А.Деминский оба ауруын зерттеп мың жылдық адамзаттың жауымен күресіп, батырлық еңбектерін тарихтың бетінде қалдырды.....
Рефераттар
Толық

Ойлау процесі

Ойлау психикалық процестердің ішіндегі ең күрделісі.
Ойлау дегеніміз – заттардың құбылыстардың арасындағы шындық, реалдық заттарды жалпылап, сөз арқылы сыртқа жаңғырту болып келеді.
Ойлау барлық психикалық процестер қабылдау, түйсік , ес, қиял мен тығыз байланысты. Солармен қосылып, жұмыс атқарады. Адам өз ойын әрқашан сөз арқылы білдіреді. Адамның ойлауы қоршаған обьективтік шындыққа байланысты болады. Ойлау арқылы адам заттардың ішкі қасиеттерін ажыратуға, тануға тырысады.
Ой операциялары арқылы адамда түрлі түсініктер қалыптасады. Операциялар белгілі амалдар, жолдар, тәсілдер болып келеді. Ой операцияларының бірнеше түрлері бар.
1. Анализ. Анализ дегеніміз – түрлі құбылыстарды жеке қасиеттерге бөлшектеу.
2. Синтез. Синтез дегеніміз – бірнеше процестердің барлық дара қасиеттерінің біріктірілуі.
3. Нақтылау. Нақтылау дегеніміз – заттардың және құбылыстардың өзіндік нақты қасиеттерін ашып көрсету.
4. Салыстыру. Салыстыру дегеніміз – заттардың ұқсастығын, айырмашылығын, қарама – қарсылығын салыстыруды айтамыз.
5. Абстракция. Абстракция дегеніміз – шындық заттармен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін ойша бөліп алу.
6. Жалпылау. Жалпылау дегеніміз – біртекті заттардың , құбылыстардың ортақ қасиеттерін ойша біріктіру.

Адамның ойлау әрекетінде шындықтағы заттар мен құбылыстардың негізігі қасиеттеріне ерекше белгілеріне, мәніне түсіне білудің маңызы зор. Түсінудің басы заттар немесе құбылыстармен танысу, көріп білу. Ой операцияларымен қоса ой формалары да ойлауды қамтамассыз етеді. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептелінеді.
Ұғым дегеніміз – заттар мен құбылыстар туралы ой. Екінші формасы пікір. Бұл зат туралы мақалдай немесе бекерге шығаруда көрінетін формасы. Ойлаудың күрделі формасы ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз – бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығарудың тәсілі. Қорытынды үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз керек. ....
Рефераттар
Толық

Ойлау туралы түсінік

Ойлау ой операцинларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Үғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. (Мәселен, мектеп, оқушы, мұғалім
т. б. ор текті ұғымдар). Ұғымдар арқылы адам танымының ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады. "Адамның ұғымдары қозғалмайды емес, қайта мәңгі қозғалып тұрады, бірі екіншісіне құйылып отырады, мұнысыз олар нағыз өмірді көрсетпейтін болады".
Ұғымдар дара және жалпы больш бөлінеді. Мәселен, "Шымкент қаласы", "Ғ. Мұратбаев" дара ұғым болса, "кітап", "адам", "жұлдыз" т. б. жалпы ұғым болады. Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін. Мәселен, "жиналыс" (студенттер жиналысы), "кітапхана" (балалар кітапханасы) т. б. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет. Мәселен, "Ана тілі" сабағында мұғалім үй жануарлары мен жабайы ацдар түралы түсіндіргенде, олардың бір-бірінің негізгі өзгешеліктерін көрсетумен қатар, ұқсастықтарына баса назар аудартады. Осының нәтижесінде балада "жабайы аңдар", "үй жануарлары" дейтін бөлек ұғым пайда болады. Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру — науқандық жұмыс емес. Ол орбір сабақ үстінде, мектептегі барлық тәлім-тәрбие процесінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі де қатты ескеріледі. Мәселен, екінші сынып оқушыларына сөз таптарын түсіндіргенде, мұғалім зат есімдердің септелуін, олардың классификациясын, математика сабағында "бөлінгіш", "бөлгіш" сияқты үғьшдарды бірінен-бірі олардың өзіндік белгілеріне қарай ажыратқызса, бала үғымының қалыптасуы ойдағыдай жүріп отырады. Кез келген үғым — жалпылай алудың нотижесі. Бастауыш сынып оқушылары қүбылыстардың сырттай үқсастыкдарына көфірек мән беретіндіктен, жалпылау көбінесе олардың сыртқы белгілеріне жасалады. Мәселен, оқушыларға "күн", "өсімдік", "жануар" үғымдарынтүсіндіргенде, "күн жарқырайды" немесе "жылытады", "өсімдік өседі", "шөпті мал жейді", "сиыр — үй жануары", "ол сүт береді", "қүс үшады, сайрайды" т. б. деп келеді де аталған нәрселердің тек сыртқы белгілерін келтіріп, оның ішкі мәніне бармайды. ....
Рефераттар
Толық

Ойлау сөйлеу

(Жантану ғылымында ойлау - бұл тұлғаның шындыңты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық әрекеті. Сонымен, ойлау қоршаған дүниенің мәнін жалпылай түсінуге, болмысты заңдылықты байланыстар мен қатынастар негізінде тануға мүмкіндік береді.
Заттар арасындағы байланыстар мён қатынастарды ашу - ойлаудың басты міндеті, осыдан-ақ ойлаудың болмысты тереңдей тануға бағытталған ерекше сипаты көрінеді. Ойлау қатынастар мен байланыстарды гана емес, сонымен бірге қасиеттер мен мәнді белгілейді; бірақ қатынастар тек ойлаумен ғана көрініп қоймайды.
Қажетті әрі мәнді байланыстарды аша отырып, назарға әлгандардан кездейсоқтарын бөлумвн ойлау жалқы-дан жалпыға өтеді.
Теориялық таным әрекеті ретінде ойлау ықпалды қимылмөн тығыз байланысқан. Ойлау процесінде қандай да бір мәселе қайталай, жаңадан ашыла бермейді, онда жалпы-ланған түрде мәселө шешімдерінің принциптері айқын-далып, практшаның болашақта кезігетін міндеттерінің орын-далу жолдары болжастырылады, яғни ойлау арқылы жос-пар түзіледі. Ойлау жөніндегі алғашқы материалистік багыт классикалық сенсуализм тұжырымын негізге алып, алғаш сезімдік та-нымда болмаған дүние санада бейнеленуі мүмкін емес деген шешімді уағыздады. Қарама-қарсы багыгпты үстанган идеалист фило-софтар ойлауды адам рухының айрықша, қарапайым бөлшектерге жіктелмейтін процесс формасы деп таныды. Ойлау - психикалық іс-әрекеттің ерек-ше түрі деп психологияда алғашқы жария еткен Вюрцбургтық гылыми мектеп болды.
Адамның ойлау қызметі үшін сезімдік танымға қарағанда, сөйлеу мен тіл әлдеқайда маңызды. Ойлаудың ең жоғарғы формасы - сізді-логикалы ой (вербаль-но-логическое мышление). Тек қана осы ой формасында адам тілдік таңбаларды (коды) қолданумен күрделі бай-ланыстар мен қатынастарды бейнелейді, түсініктер қа-лыптастырып, қорытынды жасаумен күрделі теориялық мәселелерді шешеді адамның ойлау қызметі, қандай да формада орындалмәсын, тіл қатысынсыз жүзеге келмейді. Ғылыми психология үшін сөз тек тілдесу қажетін орындап қана қоймастан, негізгі ойлау құралы да болып есептеледі.....
Рефераттар
Толық

ОЙЛАУ

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой - әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір – біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды. ....
Рефераттар
Толық

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту педагогикалық технология

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. ....
Рефераттар
Толық

Оқушыларға патриоттық интернационалдық тәрбие беру

Бүгінінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің үлттық патриотизыі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ад көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады.
Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына қарамастан, ездерінің Отаны Қазақстан деп есептейді.
Бұл құптарлық жай, өйткені қазақстандық патриотизм азаматтың, қоғамның, мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір сүріп жатқан барша адамның міндеті болмақ.
Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады. Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімең сол аймаққа тән дәстүрлерімен тығыз байланысты.
Ал интернационализмді әрбір адамның өзін сол мемлекет халқының бір бөлігі ретінде сезінуінен түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен көруге болады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында барлық үлттардың ортақ сана-сезімін қамтитын интернационализм идеясы мен ұлттық патриотизм идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы - Қазақстанды осындағы барлық ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ.
Жалпы қазақстандық патриотизм дегеніміз - өзіңді республика халқының ажырамас бөлігі, ортәқ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін қорғайтын борышты сезіну болып табылады.
Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты құрметтеу тұрғысынән қарау керек.....
Рефераттар
Толық

Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің ерекшеліктері

Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болды. «Экология сөзін Естественная история происхождения» (Natural History of Creation) атты өзінін кітабында ен бірінші қолданған неміс биологы Эрнст Геккель (1968). Экология «oйкөс» деген грек сөзі, «үй баспана» ұғымын білдіреді.
Э. Геккелдің айтуы бойынша экология зоологияның бір тармағы, ол барлық жанды мақұлдықтар және оларды қоршаған органикалық және апорганикалық ортамен өзара қатынасты зерттейді.
Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды. Экологияны жасаған органикалық эволюция туралы оқудың негізін салушы англия ғалымы Чарльз Дарвин.
Ч. Дарвиннің анықтауы бойынша «тіршілік үшін күресу» ұғымы тірі жәндіктердің өзара қатынасы және олардың әлі табиғатқа қатысын көп заттардың байланысын түйінделуі деп негізделеді.
Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақлұқтардың ортаға қатынасы, олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы.
Сонымен, экология — тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.
Kөптеген ғалымдар біздің планетамызға әр алуан жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасымен өзара байланысын ашу жөнінде айтарлықтай үлес қосты.
Экологиялық зерттеу XX ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа көзқарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты оның байлығын көп уақыттан бері аяусыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер бетінде өсімдіктер, жануарлар, өзен-көлдер, теңіздер адамның жабайы, рахымсыз іс-әрекетінің нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, сапасын жойып апатқа ұшырауда. Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптері (хи¬мия, мұнай, көмір, АЭС т. б) және цемент заводтары өндіретін пайдалы заттардан бөлінетін түрлі газдар, бұлар, жергілікті өндіріс орындары шығаратын заттардың, өнімнің, яғни азык-түлік, ет-сүт тағамдарының қалдық-қоқыстары іріп-шіріп бұзылуынан түрлі бактериялардың пайда болуы тұрғындардың дейнсаулықтарына зиян келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға бас¬тайды. ....
Рефераттар
Толық

Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік педагогикалық технологиясы

Адамдар мен қоғамның салауаттылығы - бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен.
«Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімділігі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық көп мөлшерде күш-қайратқа негізделеді»( П.С.Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінен жоғары нәтижелі болуы – өзін-өзі жақсы сезінуі, дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалармен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады.Бұл, тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайына нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру – тәрбиешілер мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша мән береміз.
Олай болса «Салауатты өмір салты» деп нені айтамыз?
Ол үшін «салауаттылық» пен «өмір салты» деген ұғымдардың мәнісін анықтап алған жөн.
«Салауаттылық», яғни «деннің саулығы» –Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. «Дененің саулығы» – адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.
«Өмір салты» – адамның денелік, интеллектуалдық және еңбек әрекетін; тұрмыстық өзара қарым-қатынасын дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, «өмір салты» – деннің саулылығына нәтижелі ықпал ететін «салауатты өмір сүру» ұғымын білдіреді.
Қазіргі ғылым «салауатты өмір салтын»:
-ең жақсы үйлесімді тәртіп;
-иммунитетті және денені шынықтыру;
-дұрыс тамақтану;
-орнықты өмір сүру әдеті ;
-зиянды әдеттің болмауы («ауру қалса да - әдет қалмайды»);
-жоғары дәрігерлік белсенділік – деп түсіндіреді.
Баланың денсаулығының басты негізі оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке қарым-қатынастары және рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады. Жан саулығы- бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, жанымыздың саулығы. Жан саулығы - ойлау жүйесімен, қоршаған ортаны танумен және оған бейімделуді қамтамасыз етеді, бұл арқылы біз қоршаған ортаға, затқа, білім саласына, ұстанымға
қатысты өз орнымызды анықтаймыз немесе сезінеміз. ....
Рефераттар
Толық

Оқушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау проблемалары

Отбасы – ерекше педогогикалық жүйе. Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық ағзаның бөлігі, әлеуметтік – тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық салада орын алған өзгерістері міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Отбасы моральдық, психологиялық жаңаруы барысында созылмалы, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да, отбасында жаңа қатынастар, жаңа моральдық ұғымдар орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені отбасын болжамдаудың қиындығы қайта құруларға, негізгі әлеуметтік - экономикалық факторлармен бірге биологиялық, психологиялық және демографиялық факторларға байланысты.
Отбасылық өмір байланыстары жан-жақтылығымен сипатталады. Олар әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық – экономикалық адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңдері оның қызметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен байланысты. Ол қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар:
- ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметі;
- білім, шеберлік рухани құндылықтарды кейінгі ұрпақтарға жеткізетін тәрбиелік қызмет;
- өндірістік – шаруашылық қызмет;
- жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі;
Ата-ананың қызметі - отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамасыз етеді.
Тұрмысты ұйымдастыру қызметі отбасы тұрмысы психологиялық тұрғыдан алғанда ең жайлы тұрмыс болып есептелінеді.
Отбасының қызметін, оның көп түрлілігімен байланыстыратынын ескеріп, қазіргі отбасы қауымының бағыттарымен бір қатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іске асыруына көмектеседі.
Ауылдық және қалалық отбасы қауымындағы ерекшеліктер олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екінші жағынан мұндай әлеуметтік бақылау шектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі жасауы мүмкін.
Ал қалаларда мұндай бақылауға шектеу көп кездесе бермейді.
Ата –аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы, ата-аналардың білімі жағары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Дегенмен, мұндай ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбіне қадағалаусыз да болып жатады. ....
Рефераттар
Толық

ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ЭТНОПСИХОЛОГИЯ МЕН ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Этнопсихология мен этнопедагогика мәселелерінің көтерілуі кештеу болса да, уақыттың талабына сай пісіп жетілген, дұрыс шешуін іздеген мәселелер болып отыр.
Жан дүниесі алып-ұшып тұрған жастарымыздың арасында өзіміздің ұлттық ерекшелігімізге тән — үлкенді сыйлау, құрметтеу, ата/ананы пір тұту, жігіттердің қыздарға қарындасындай, болашақ жарындай, ертеңгі анадай қарай алмауы жиі кездеседі, Олардың жігіттік сөз, жігіттік қасиет сияқты мағынаны терең ұғынбауы елімізде болып жатқан қоғамдық өзгерістер мен құбылыстардың әсері, әлде алыс-жақын елдерден келіп жатқан сан алуан хабарларды дұрыс қабылдай алмауы салдарынан шығар деп ойлаймыз. Бұл жерде біз барлық кінә жастарда деуден аулақпыз. Сол жастардың қиналған, дағдарыс кездерінде дұрыс бағыт пен ұлттық тәлім-тәрбие бере білу — алдыңғы буын біздердің міндетіміз.
Жастармен жұмыс істейтін мұғалімдер мен оқытушылар оларға ұлттық тәлім-тәрбие беруде тек берілген тақырыпта жұмыс істеумен шектеліп қоймай, болмаса жылда өткізілетін „Наурыз" мерекесінде көрсетілетін салт-дәстүрімізді бетке ұстап, осымен біраз жұмыс істелді деген ойдан арылу керек. Жастарға айтылатын әрбір ой, салиқалы пікір, тәлім-тәрбйе күнделікті болып жатқан оқиғалардан, келтірілген мысалдардан, халқымыздың салт-дәстүрімен, ұлттық ерекшелігімен ұштасып жатуы керек.
Соңғы кезде жиі айтылып жүрген мәселенің бірі — экология мәселесін сөз еткенде, халқымыздың бұрыннан айтып келе жатқан төмендегідей ойларын мысал ретінде келтірсе дейміз: „Гүлді жұлма, гүлдей соласың", „Суға түкірме, сусыз қаласың", „Гүлді аяқ астына тастама, басқан адам ауру болады", „Судың да сурауы бар", „Құсты ұстап қинама, обалына қаласың". Осылай тәлім сөздерді -тәрбие құралы етсек, бұл қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты қорғауға иненің жасуындай болса да пайда тигізбей ме? ....
Рефераттар
Толық

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми білімін қаруландыру. Бұған мектепте оқылған барлық пәндердің қатынасы бар.
Мектепте оқылатын жаратылыстану математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі бір ұғым жүйесін жасайды.
Ботаника. Жалпы биология курстарын оқу, тәрбие учаскелерінде, оқушылардың өндірістік биргадасында шәкірттер жұмыс істеп жүріп, өсімдік меңгереді.
Физика. Химия пәндері бойынша дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы, астрология сабақтар бойынша табиғаттың тылсым сырын біледі.
Гуманитарлық пәндердің де рөлі ерекше. Тарих пәні бойынша қоғамның даму заңдарын түсінуге тырысады.
Әдебиет - адам арасындағы қарым қатынасқа, жаңа өмірге, еңбекке табанды көзқарасқа тәрбиелейді.
Қоғам өмірінде болып жатқан әртүрлі саяси -экономикалық, әлеуметтік мәселелерге дер кезінде жауап беріп отыру, яғни мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, халықтар арасында жүргізіп отырған экономикалық және әлеуметтік шараларын бағдарлап түсінуге, соған орай оқушылардың іс -әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі оларды қоғамдық - саяси азаматтық тәрбие беру, сабақтан тыс кездерінде саяси тақырыптарға арналған кештер байқаулар, пікірталас, хабарлама жұмыстарын ұйымдастырудың да маңызы ерекше.
Дүниетанымның қалынтасып дамуына әсер ететін факторлар:
1. Адамның материалдық жағдайы;
2. Әлеуметтік орта, тәрбие ақпарат құралдары
3. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы.
Бұлар жас ұрпақтың қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-пікірін кеңейтеді олардың еңбекке, мамандық таңдауға көзқарасын қалыптастырады.....
Рефераттар
Толық

Оқушылардың жұмысын зерттеу

Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми - зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістері қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан – жақты да мұны және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап жургізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы тарбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т. б.) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғыдыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына яғни келтірмейтіндей және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техиикасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізінде шығар-машылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтнжелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.....
Рефераттар
Толық

Оқушылардың қазақша тілін дамыту

Барлық ғалымдар сияқты лингвистика ғылымының негізін оның ұғымдар жүйесі қалайды. Сондықтан тіл дамыту сол тілдік ұғымдардың қалыптасуына байланысты. Оқыту үрдісіне ұғымдардың пайда болуы мен құрылысы, олардың материалдық дүниесінің заттарымен, құбылыстармен байланыстарын ашу – мұғалімнің бірден-бір міндеті. Тіл білімінигертудің мақсатын оқу бағдарламасында "...тіл ұстарту, тіл дамыту, тіл ширату, логикалық ойды кеңейту, дамыту жұмыстарында тілден алған теориялық материалды дұрыс пайдаланады", - деп атап көрсетеді. Қандай да болмасын білімді игеру, тынымын кеңейту, соның ішінде лингвистикалық білімді игеру, іскерлік пен дағдыны қалыптастырып, тілін дамыту ойлау амалдары негізінде қалыптасады. Сол себепті тілді оқып үйрену грамматикалық ұғымды қалыптастыру мен оны терең танымдық дәрежеге жеткізуден, тіл заңдарын, анықтама, тұжырым, нормаларды түсініп, дәлелдей білуге үйретуден және оны нақтылы іс-әрекетке, жаттығу, орындауға қолдана білуден тұрады. Оқушы айнала қоршаған шындықты сөз ұғымы арқылы бейнелейді. Ұғымды қалыптастыру арқылы ой әрекетін жүргізеді де, оны тіл арқылы жеткізеді. Олай болса, баланың тілін дамыту үшін, ең алдымен, тілдік ұғымдар қалаптастырылады.
Табиғатты кез-келген зат, құбылыс, заңдылық болсын ол оқушыға дұрыс жетуі және түсіндірілуі үшін мұғалімнің өзі олармен жете таныс әрі оның қасиеттерінен жан-жақты хабардар болуы керек. Сонда ғана шындық дүниенің заттары мен құбылыстары туралы бала дұрыс түсініктер алып, ол туралы ой түзеді. Мұның өзі бала ойының жетілуі мен тілінің дамуына игі әсер етіп, алған таным білімдерін әрі қарай толықтырып, ұштап жол ашады.
Әр-бір оқу пәні бір-бірімен өзара байланысты ғылыми ұғымдар жүйесін қамтиды. Оқушылыардың жалпы сан бойынша білімдерінің сапасы олардың ұғымдар жүйесін меңгертуіне байланысты. Ал тілдік ұғымдар жүйесін меңгеру – тілдік қарым-қатынас құралы ретінде игерудің негізі.
Ұғым деп қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың қасиеттері мен маңызды белгілерінің жалпыланған логикалық сипаттамасын түсінеміз. Н.И.Кондаковтығ "Логикалық сөздігіне" ұғымды былай анықтайды. "Ұғым зерттелінетін нысанның жалпы, сонымен бірге, мәнді белгілері, негізгі игі түйіні болатынбарлық айрықша сипаттары туралы түсінік, мәліметтердің тұтастай жиынтығы туралы пайымдар"
Ұғымдарды меңгермейінше заңдар мен теорияларды саналы түрде білу мүмкін емес, өйткені олардың өзі ұғымдар арасындағы байланыстарды білдіреді. Сондықтан ұғым–материалдық шындықты бейнелейтін ойлау нұсқаларының бірі болып табылады. Сөйлеу ұғымдар негізінде жүзеге асады. Дәлірек айтқанда ұғымдар жүйесі сөйлеудің материалы болып табылады. Сондықтан сөйлеуді дамыту дегеніміз ұғымдар жүйесін меңгерту болып шығады.....
Рефераттар
Толық

Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтаудың әдістерін пайдаланып сыныптағы оқушылар ұжымының тәрбиелік деңгейін анықта

ХХ1 ғасыр – Қазақстан үшін әлемдік қауымдастықтың салмақты орынды иелену және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жас ұрпақ санасында отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор.
Тәрбие жұмысының ең негізгісі- ұжымда жеке адамды тәрбиелеу, сондықтан да оқушыларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған міндеттерінің бірі.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік кызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен катынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап кала алмайды. Даму, ілгері қозғалу—ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себсбін, дамудың мүм-кіндігінің сырын ашып алған жөн.
Мұндай психологиялық күш — болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өміргс үміт артуы, адам мсн ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Болашақ үміт дүииесінде адам қажеттігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. А, С. Макаренко болашақ үміт дүниесінің псдагогикалық маңызды ерекшсліктерінің бірі — баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігімен еліктіреді, өзінің және ұжымның болашағын құруға катынасу ынтасын, қуанышты көңіл күйі мен ілгері ұмтылуын туғызады дсп есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді қанағаттандыруға ұмтылу окушының іс-әрекетін әлеуметтік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Жалпы ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып келді.
А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізіг жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс.
Н.К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына үлкен мән берді.
А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму даму процесі....
Рефераттар
Толық

Оқушының психологиялық- педагогикалық статусы

Психологиялық-педагогикалық статус туралы түсінік.Оқушының статусын анықтау үшін психодиагностикалық минимум жүргізу.Статус көрсеткіштерін анықтау.
Психолог өз жұмысын сол ортада қалыптасқан әлеуметтік психологиялық жағдайда жүргізеді.Психологиялық қызметті ұйымдастыру формалары және қолданылатын әдіс-тәсілдер осы ортаның ерекшеліктеріне және талаптарына сай жүргізілуі мүмкін.Оқушылар мектепте білім алып, сонымен қатар өздерінің жекелік қасиеттерін жетілдіру проблемаларын шешу барысында әлеуметтік ортада омір сүруге икемделеді. Мектеп оқу-тәрбие жұмысы арқылы оқушының осы қажеттілігін қанағаттандыруға барлық жағдайларды жасайды. Мектеп психологы оқушылардың және оқу-тәрбие процесінің осалдық көрсеткен жерлерін түзетуге өз үлесін қосып, балалардың жан-жақты дамуына психологиялық тұрғыдан жағдай жасайды.
Оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуді тиімді ұйымдастырылуына кепіл болатын бір жәйт- оны жүйелі түрде жүргізу. Оқушылардың барлығын психологиялық зерттеуден өткізіп, олардың жекелік қасиеттерін, таным процестерін бағалап шығу өте қиын.Бұл жұмыс психологиялық зерттеулерді жүйеге келтіріп жүргізгенде ғана өз функциясын толық орындайды.
Осы жүйелілікті қамтамасыз етуге негіз болатын ұйымдастыру формасын психодиагностикалық минимум деп атауды Н.Р. Битянова ұсынған. Оның ұсынысы бойынша психодиагностикалық зерттеуді жаппай, горизанталдық кескін бойынша өткізу арқылы қысқа мерзім ішінде бір параллельде оқитын қасиеттерін балаларды толық қамтып,олардың барлық психологиялық қасиеттерін бағалап шығуға мүмкіндік туады. Біздің ойымызша, осы форманы мектеп ерекшеліктеріне икемделіп қолдану арқылы қысқа мерзімде барлық оқушылардың статусын анықтап шығу қажет.
Оқушының психологиялық- педагогикалық статусы дегеніміз баланың барлық психологиялық қасиеттерін, күй-жағдайын, таным процестерін, қарым-қатынасын мәдениетін , мінез-құлқын, оқуға деген ынтасын бағалау арқылы жасалған мінездемесі. Бұл мінездемені жасау үшін барлық оқушылар жан-жақты психодиагностикалық зерттеуден өткізіледі.
Оқушы статусына қойылатын талаптарды бес блокқа бөліп зерттеу арқылы жиналған материалдарды әр балаға арнайы жасалған карточкаларды түсіруге ыңғайлы етіп жинақтауға мүмкіндік береді. Барлық зерттелінетін көрсеткіштерді блоктарға келесі бөлуге болады :
1-блок- бала өмір сүретін әлеуметтік орта ерекшеліктері;
2-блок- оқушы таным прцестерінің және жалпы интеллектуалдық дамуының ерекшеліктері;
3-блок- мотивациялық- жекелік сферасын бағалау;
4-блок- баланың өзіне және қоршаған дүниеге қатынасы;
5-блок- мектепішілік қарым-қатынас барысындағы оқушының мінез-құлқы.
Осы блоктар бойынша оқушылар қасиеттерін зерттеу және бағалау әдіс-тәсілдері жинақталады. Әр блок бойынша қолданылатын әдістемелерді жеке-жеке папкаларға топтастырылса, оны қажетті кезінде қолдану керек. ....
Рефераттар
Толық

Оқушының ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы.
Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн.
Қазақ мәдениеті -ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс –тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы –халықтың мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.
Ал, ұлттық тәрбие мәселесі- адамзат тарихынан өнбойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және тағы басқа қасиеттерді жатқызамыз.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қалың елім Қазағым" атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазады: " Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылыдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзентті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды…
Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарыда қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз ....
Рефераттар
Толық

Олжас Сүлейменов

СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас Омар-ұлы (18.5.1936 ж. т., Алматы) — ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы (1992). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ, 1959), Мәскеудегі М.Горький атынд. Әдебиет ин- тын бітірген. 1962 — 84 ж. "Казахстанская правда" газетінде, "Простор" журналында бөлім меңгерушісі, "Қазақфильм" киностудиясыңда сценарийлік-редакциялық алқаның бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы баскармасының хатшысы, ҚР Кинематография жөніндегі мемл. к-т төрағасы қызметтерін атқарған. 1972 жылдан Азия мен Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі к-ттің, 1989 — 95 ж. Халықар. "Невада — Семей" қозғалысының төрағасы болды. 1995 жылдан Қазақстанның Венгриядағы, кейін Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі. Түңғыш өлендер жинағы "Арғымақтар" 1961 ж. жарық көрді. Олжас С. шығарм-ның алғашқы кезеңі (1961 — 65) жалынды рухқа толы болды, ол тұстағы шығармалар мазмұнынан қоғамдық дағдарыс пен руханият мәселесін, жаман мен жақсының тайталасын, қоршаған орта мен адам табиғатының сырын ашуға, үлт тарихының тереңнен тартқан тамырын тануға деген ұмтылысты байқауға болады. Оның алғашқы поэтик. туындылары қоғамда үлкен резонанс туындатты. "Адамға табын, Жер, енді" поэмасы (1961, Қазақстан Ленин Комсомолы сыйл., 1964) ғарышкер Ю.Гагариннің ғарышқа ұшу «өтіне арналған, онда аспан кеңістігін бағындырған адамзат санасының салтанат кұруы марапатталған. 60-жылдардың орта тұсынан бастап Олжас С. шығарм-нда жаңа түр ізденістері, эпик. суреттеулер, шығармаларының сан түрлі жанрды қамтуы, сөз бен оның дыбысталуына ерекше мән беру, сөз өнері мәселелерінің түптамырын көне дәуірдегі тарихи кезеңдерден іздеу мәселелері орын алды. Осы тұста акынның "Қыш кітап" (1969), "Кактус", "Өлмейтін құмырсқа" поэмалары дүниеге келді. 70-жылдардың ортасынан ақын шыгарм-ндағы басты тұжырым, негізгі бағыттар дами түсті, оның поэзиясы бейнелілігімен, филос. тереңдігімен, астарлы ирониясымен ерекшеленді. Бұл кезеңнің басты шығармасы — "Көгершін кітап" еңбегінде алдыңғы туындыларында бой көрсеткен ұлттық сана жайындағы талдаулар жарасымды жалғасын тауып, әлемдік мәдениетпен үйлесімде синтездедді. Архив дереккөздеріне сүйене отырып, бірнеше тіл сөздерінің этимол. құрылымына жасалған талдаулар "Аз и Я" (1975), "Язык письма" (2000) атты филол. зерттеу еңбектерде көрініс тапқан. О.С. поэзиясының көркемдік әлемін тануда қаламгер шығарм-на тән екі түрлі дүниенің бір арнада тоғыса нақты көрініс табу ерекшелігін атап айтуға болады. Ол — орыс тілінде жазатын қазақ ақыны, екі бірдей эстет.-философ дүниетанымдық жүйеден сусындаған: туған халқының фольклорлық дәстүрінде, рухани-адамгершілік ұстанымдар үрдісінде тәрбиеленген, сондай-ақ орыс мәдениетінің рухани мұрасынан тәлім алган. Кейбір зерттеушілер оны "дуализмді" біріктірген билинг (қостілді) санап, орыс тіліндегі мәнерлі тіл айшықтары негізінде кең-байтақ даласының тарихын таныды деп бағалайды. Оның тілі "екі бірдей жалпыұлттық дүниетаным мен екі түрлі кұрылымдық тілдік жүйенің әрекеттесуі" негізінде көрініс тапқан дейді. Екінші бір зерттеушілер оны монолинг санап, орыс жазушысы деп те атайды (М.Д. Жүсіпов, А.Ж. Сәрсембаева). Сүлейменовтің поэтик. тіліне паронимик. аттракция құбылысы, афоризмдер, бейнелілік, халықтық поэтик. тілдің этимологиясын тануға деген ұмтылыс тән. Қазақ және орыс тіл дерінің поэтик. ....
Рефераттар
Толық

Омарова Жамал

Омарова Жамал (1912-1976) - әнші (контральто). Қазақстанның халық артисі. Өзбек ССР-нің Янгиюль қаласында туған. Ташкент педагогикалық училищесінде оқу бітірген. Ж. Омарова қазақ ұлттық операсымен ән мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосты. Ол 1934-1936 жж. музыкалық драмалық спектакльдерден Мақпал (Б. Майлиннің “Шұғасы”), Қамқа (Ғ. Мүсіреповтың “Қыз Жібегі”), Айман (М. Әуезовтің “Айман-Шолпан”) образдарын жасады. 1937-1976 жж.- Қазақконцерт пен қазақ филармониясының солисі. Оның репертуарында “Бипыл”, “Қараторғай”, “Ертіс”, “Ләтипа”, “Шынарай” сияқты қазақтың халық әндері, Ш. Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным”, А. Телғозиевтің “Менің елім” және т. б. әндері бар. Ж. Омарованың орындауында қазақтың халық шығармашылығына ұлттық сипаттар, оның әуезділігі, фольклорлық жанрдағы патетика тән.

Қазақ ССР-ның халық әртісі Жамал Омарова (1912 –1976) көзінің тірісінде-ақ бүкіл елдің зор сүйіспеншілігімен құрметіне бөленген шын мәнінде нағыз халықтың әншісі. Жамал Омарованың өмірі мен шығармашылығы кеңес дәуіріндегі қазақ музыка тарихының жарқын беттерінің бірі, оны мәңгіге жазып қалдырған жарық жұлдызы. Әншінің ешкімге ұқсамайтын қайталанбас ғажап дауысы күн сайын радиодан шырқалып, республиканың барлық облыстарын аралаған гастрольдік сапарларында елге кең жайылып таралып жатты. Жамал Омарова Қазақстанды, қазақ өнерін жауапты концерттерде, одақ көлеміндегі декадаларда паш етіп көпұлтты кеңестік өнердің мақтанышы бола білді! Жамал Омарованың өмірі мен шығармашылық тағдыры сол кездегі кеңес дәуірінің халық музыканттарына және жалпы халыққа деген ресми үстемдігін, ақ-қара беттерін айна қатесіз көрсетеді. Жамал Омарова Ташкент облысының Янгиюль ауданында бай қазақ отбасында дүниеге келген. Коллективтендіру кезінде қатты қуғындалып, әкесі репрессияға ұшыраған. ....
Рефераттар
Толық

Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Гондвана жекелеген материктерге бөлінгеннен кейін Оңтүстік Америка ұзақ уақыт басқа континенттерден оқшау қалды. Сондықтан мұнда тек Оңтүстік Америкаға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың түрлері пайда болды. Африка мен Австралияда өсетін өсімдіктермен, мысалы, пальма, қараған, бөтелке ағашымен бірге Оңтүстік Американың өз түрлері — каучукты гевея, какао ағашы, хина ағашы бар. Хина ағашының ңабығынан дәрі жасалады. Оңтүстік Америка — көптеген екпе өсімдіктердің отаны (117-суретті қараңдар).
Жануарлар дүниесінің де өзіндік ерекшелігі бар. Кейбір жануарлар (құмырсқа жегіштер, сауыттылар, пума) бүкіл материкте кездеседі.
Экваторлың ормандар зонасы. Бұл зона, Африкадағыдай, экватордың екі жағында орналасқан. Оңтүстік Америкада оны сельва деп атайды, бұл португал тілінен аударғанда «орман» дегенді білдіреді. Оңтүстік Америкада бұл зона Африкадағыдан гөрі едәуір көлемді жерді алып жатыр. Сельва Африкадағы ормандарға қарағанда ылғалдылау, өсімдіктер мен жануарлар түрі де көбірек. Мұнда биіктігі 80 м-ге жететін сейба ағашы өседі, пальманың алуан түрлері, қауын ағашы, какао, гевея өседі. Орманның ірі өсімдіктерін лианалар шырмаған. Ағаштардың діңінде әдемі гүлдейтін орхидейлер көп. Көптеген өсімдіктерден бағалы ағаш сүрегі ғана емес, сонымен бірге жемістер, шырын, техника мен медицинада қолданылатын қабық алынады.
Орман шетіндегі топырақ — қызыл-сары ферралитті, ол Африка ормандарындағыдай түзіледі.
Сельваның жануарлар дүниесі ерекше бай. Мұнда ағаштың басында тіршілік етуге бейімделген жануарлар: ілмек құйрықты маймылдар, жалңауаң мекендейді. Тіпті, бақалар мен кесірткелер де ағаштың басында тіршілік етеді. Өзендер мен батпақты жерлерде тұяқты жануарлар — тапир мең Жер бетіндегі ең ірі кеміруші су шошқасы — капибара мекендейді. Оның салмағы 50 кг-ға дейін жетеді. Жыртқыштар аз, олардың ішіндегі көбірек белгілісі — ягуар.....
Рефераттар
Толық

Оңтүстік Қазақстан акционрелік қоғамы

2006 жылдың алғашқы айлары республиканың зейнетақы жүйесінің жұмысына бірқатар өзгерістер әкелді. Ең алдымен, бұл өзгерістер қолданыстағы зейнетақы төлеу жүйесін қамтыды, дегенмен олардың бір бөлігі зейнетақы қорлары салымшыларының мүдделеріне тікелей немесе жанама болса да, негізінен жағымды жағынан қатысты болып отыр. Атап айтар болсақ, оның ең негізгісі: бұдан әрі жұмыс беруші де, не басқа тұлға да зейнетақы қорының салымшысының таңдауына ықпал ете алмайды.
Зейнетақы қорларының жұмысындағы осы соңғы өзгерістер жайында “Ұлар Үміт” жинақтаушы зейнетақы қорының” президенті Дабыр Тұрсынғазыұлы Медетбеков әңгімелеп береді.
Салым¬шының зейнетақы қорын өз еркімен таңдауы жөнінде әңгіме, сонау бір жыл¬дары, елімізде зейнетақы рефор¬ма¬лары басталған тұста, яғни “Қа¬зақ¬стан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заң қабыл¬данбас бұрын-ақ айтылған болатын. Заң шығарушылардың арада сегіз жыл өткеннен кейін осы мәселеге қайта оралуына не себеп болды?
МД: Өткенді еске түсіретін бол¬сақ, Елбасы “Қазақстан Республика-сындағы зейнетақымен қамсыздан¬дыру туралы” Заңға қол қойып, Қазақстанның зейнетақы жүйесі тұңғыш рет кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте зейнетақымен қам¬тамасыз етудің жылдар бойы қалыптасқан мемлекеттік ынты¬мақтастық жүйесі оның барлық олқылық-кемшілік¬тері-мен жинақтаушы жүйеге өте бастаған сәттен бері сегіз жыл өтті.
Осы жылдардың ішінде жинақ¬тау¬шы зейнетақы жүйе¬сінде 5 миллиард¬қа жуық АҚШ доллары жинақталып, на¬рықта 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп келеді.
Жуырда Қазақстан қаржыгерлері¬нің V конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Қазақстанның қаржы секторы бү¬гін¬де кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте жалғыз-дара болып отырған жинақтаушы зейнетақы жүйесімен мақтана алады деп атап көрсетті.
Дегенмен, бұл жерде Қазақстан¬ның зейнетақы саласын қайта құру үдерісі аз уақыт ішінде тез жүріп өт¬кен¬дігін де ұмытпауымыз керек. Сон-дықтан 90-шы жылдардың аяғында қабылданып, өзінің маңыздылығын жоғалтқан бірқатар ережелер мен нормалардың түрлі өзгерістерге ұшырауына таңданудың қажеті жоқ.
Бұған зейнетақы туралы заң¬дар¬да¬ғы салымшылардың жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау еркін қам¬титын нормаларды жетілдіру қажеттігі мысал бола алады. Өкінішке орай, соңғы жылдарға дейін бұл қағидат үстірт түрде орындалып келді, шынын айтқанда – тіптен орындалмай келді: көп жағдайда жұмысшының зейнет¬ақы қорын таңдауы жұмыс берушінің еркіне байланысты болды.
Алайда, 2006 жылдың 1 қаң¬тары¬нан бастап Қазақстан Республика-сының 2005 жылғы 16 маусымдағы “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” №58-ІІІ ҚРЗ-на сәйкес жағдай жақсы жағына өзгеруі тиіс. ....
Рефераттар
Толық

Операциялық жүйе

Операциялық жүйелердің даму бағыттары. Операциялық жуйенің функциялары және міндеттері.
Бір жағынан компьютердің аппаратурасы мен пайдаланушының есептері арасындағы интерфейс болып табылатын, ал екінші жағынан есептеуіш жүйесінің қорын тиімді қолдану және сенімділік есептеу ұйымдастыруына арналған басқарушы және өндеу программаларының комплексін операциялық жүйе дейміз.
Әрбір программалық жасау құрауыштары операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс жасайды.
ЭЕМ аппаратурасына операциялық жүйеден басқа программалық жасау құрауыштарының еш қайсысы қатыспайды.
Пайдаланушының өз программаларымен әрекеттестігі операциялық жүйенің интерфейсі арқылы өтеді. Олардың әрбір командалары қолданбалы программаларға өту үшін операциялық жүйеден өтеді.
Операциялық жүйенің орындайтын негізгі функциялары.
1. пайдаланушыдан қабылдайтын командалар және олардың өңдеуі.
2. басқа программаларды іске қосу, тоқтату, кідіру үшін қабылданатын және орындалатын программалық сұраныс;
3. орындалатын программаларды оперативті жадыға жүктеу;
4. программаның инициациясы (передача ей упр-я в рез-те пр-р исп-т прогр-му)
5. барлық программалар мен деректердің идентификациясы,
6. деректер базасын басқару жуйесінің жұмысын жасау, программалық жасаудың тиімділігін көтереді;
7. мультипрограммалау режимін жасау (екі және одан да көп программалардың бір процессорда орындалуы);
8. барлық енгізу-шығару операцияларын ұйымдастыру және басқару функцияларын жасау;
9. жадыны үлестіру;
10. берілген стратегиялар және қызмет көрсету пән бойынша есептердің жоспарлауы мен диспетчерлеуі;
11. орындалатын программалар арасындағы деректер мен хабарлардың алмасу кетігін ұйымдастыру;
12. деректердің сақтауын жасау; бір программаны баска программаның қатерінен сақтау;
13. жүйенің бөліктік жаңылысу кезінде берілетін қызмет;
14. программалау жүйесінің жұмысын жасау арқылы пайдаланушылар өз программаларын дайындайды;
Операциялық жүйенің міндеттері:дербес компьютерлердің аппараттық бөлігінің қосымшасы.Ол мәселелік программаларды сыртқы құрылғылармен байланыстыруды қамтамасыз етеді. Ал пайдаланушыға команда арқылы дербес компьютерлердің жұмысын басқаруға мүмкіндік береді.

Операциялық жүйемен қатынасу қызметін алу үшін программаларға қажет интерфейсті операциялық орта дейміз (енгізу-шығару операциясын орындау, жадының участкесін алу немесе босату).
Әр бір программалау жүйесі өзіне сәйкес операциялық жүйеде жұмыс жасайды. Операциялық жүйені қызметтеу үшін арнайы жүйелік программалар утилит дейміз.
Операциялық жүйені жіктеу. Операциялық жүйелер біріншіден жалпы және арнайы тағайындалады. Есептерді өңдеу режимінде операциялық жүйе бір программалы және мультипрограммалы режимдерге бөлінеді.
Бірсанашықтық есептеу жүйесінде бірнеше программаның бір уақытта орындалып жатқандай көріністі біз мультипрограммалық есептеуді ұйымастыру тәсілі деп атаймыз.
Операциялық жүйе- дербес компьютерлердің ақпараттық бөлігін және мәселелік программаларды басқаруды қамтамасыз ететін және пайдаланушы мен өзара байланысты қамтамасыз ететін программалық құралдардың жиынтығы.....
Рефераттар
Толық

Операциялық жүйелер мен олардың атқаратын қызметі

Операциялық жүйе ДЭЕМ-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екінші бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасатудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің немесе системаның (ОС) алатын орны ерекше болып есептеледі.
ОС-тың екі негізгі қызметін атап айту қажет, олар:
1) Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын оларды бір-бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;
2) Әрбір адамға ЭЕМ-нің жалпы басқару мүмкіншілігін беру.
ОС-тың негізгі жұмысына программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен байланыса отырып әрекет етуін қамтамасыз ету, оған керекті ЭЕМ-нің жадын бөлу, программаларды және жұмыс нәтижесін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру функциялар жатады. ОС-тың негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ-нің жадында болады. Машинаны басқару ОС-тың командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, кез келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режимін орнату сияқты әртүрлі әрекеттерден тұрады.
Сонымен, ОС – адам мен ЭЕМ аппараттарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе біріктірілген программалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер – жұмысты жеңілдететін программалар және тағы басқалар кіреді. ....
Рефераттар
Толық

Организм ішікі ортасы

Организмнің ішкі ортасына қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы жатады.ішкі ортанын салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы организмнің жасушалары салыстырмалы өзгермейтін жағдайларда тіршілік етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды.
Ұлпа сұйықтығы
Ұлпа сұйықтығы түссі, мөлдір түсті, қанның сұйықтық бөлімінен – плазмадан пайда болады, ол қан тамырлардың қабырғалары арқылы жасушааралық кеңістікке өтеді және жасушаға түсетін зат алмасу өнімдерінен пайда болады. Ұлпаның сұйықтығы организмдегі ұлпаларының барлық жасушаларын қоршап тұрады, олар одан қоректі заттарды, оттегін сіңіріп алады және көміртек диоксидің су және басқа тіршілік өнімдерін оған бөліп шығарады. Ұлпа сұйықтық пен қан (оның плазмасы) аралығында зат алмасу процесі капиллярлардың қабырғалары арқылы диффузия жолмен өтіп жатады.
Лимфа
Лимфа – жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөліп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен венларға құйылады.
Қан
Қан – ашық қызыл түсті сұйықтық, ол тұйық тамырлар жүйесінде айналады және дәнекер ұлпасының бір түрі болады. Органихмде 5 л қан болады.
Қан құрамы
Қан плазмадан (55%) – жасуша аралық заттың сұйықтығы мен форменді элементтерден (45%) – эротроцит, лейкоцит және қан (тромбоцит) пластинкаларынан тұрады.
Қан плазмасы
Қан плазмасы – қанның сұйықтық бөлімі, белоктар коллоидты ертіндісі. Оның құрамына (90-92%) органикалық және анорганикалық заттар(8-10%) кіреді. Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі белоктар (орта есеппен 7-8%) – албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның сары суы деп атайды).Одан басқа, қан плазмасы құрамында глюкоза, май, майтекті заттар, аминқышқылдар, мочевина, зәр және сүт қышқылы, ферменттер,гормондар т.б. болады. Анорганикалық заттар қан плазманың 0,9-1,0% бөлімін құрайды. Бұл негізінен натрий, калий, кальций, магний т.б тұздары. Тұздардың сұйықтықтың құрамы физиологиялық сұйықтық деп атайды, оның құрамы қан плазмасының тұздар құрамына сай келеді. Медицинада физиологиялық сұйықтық организмге сұйықтық жеткізу үшін пайдланады.
Қан плазмасында ерітілген белоктар, минералды тұздар және басқа заттар арнайы осмостық қысымын белгілейді, ол ұлпамен қан арасындағы судың алмасуында үлкен рөль атқарады. Белоктар плазмаға тұтқырлық (вякость) қасиетін береді де қан ұю процесінде де маңызды рөль атқарады.....
Рефераттар
Толық

ОРГАНИКАЛЫҚ ДҮНИЕНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Ғалымдар жердің жасы 4,5—7 млрд жыл деп есептейді. Жер тарихы мынадай 5 заманға бөлінеді: архей, протерозой, палеозой, мезозой және кайнозой. Өте ертедегі түзілғен жер қыртыстарынан табылған қазба қалдықтарға сүйене отырып, органикалық дүниенің даму тарихын анықтап білуге болады. Жер бетіндегі тіршіліктің даму әрекеті геохронологиялық кестеде көрсетілген.
Архей заманы — жер қыртысының тарихындағы көне заман, Архей заманының тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ағзалардың — бактериялардың және көк-жасыл балдырлардың (прокариоттар) қалдықтары табылған. Олардың теңіздерде ғана тіршілік етіп қоймай, құрлыққа шыққандығы көрінеді. Өйткені құрлықтағы бейорганикалық заттар органикалық заттарға айналып, соның нәтижесінде топырақ түзілген. Атмосферадағы метанның, амиактың, судың мөлшері азайып, көміртегі (VI) оксиді мен оттегінің мөлшері артқан. Архей заманында жер бетіндегі тіршіліктің одан әрі қарқынды дамуына жол ашқан аса маңызды үш ароморфоз атап көрсетіледі.
Олар;
1. Ағзалардың жынысты көбеюге қабілеттілігі пайда болды, гендердің алмасуы, комбинативтік өзгергіштіктің жүруі, табиғи сұрыпталу әрекетінің мүмкіндігі күшейе түсті.
2. Фотосинтездің пайда болуы қоректену және зат алмасу әдістері бойынша барлық тірі ағзаларды екіге: автотрофтылар (жасыл өсімдіктер) және гетеротрофтыларға (жануарлар) бөлуге бастама берді.
3. Көп жасушалықтың түзілуіне байланысты ағзалардың құрылысы күрделенді, ортаның жана жағдайларын игере отырып, оған бейімделушіліктер қалыптасты.....
Рефераттар
Толық

Органикалық заттар медицинада

Жалпы органикалық заттардың медицинада қолданылуы деген яғни адам ағзасында органикалық заттардың кездесуі. Олар қажет мөлшерде болмауы адам ауруына алып баруы ғажап емес. Сондықтан да олар туралы айтып өту керек. Адам ағзасы органикалық заттардан құралған таңғажайып құрылыс.
Тірі организмдердщ химиялық құрамының ерекшеліп осыған дейін қарастырылды. Тірі организмді құрайтын заттар құрамында химиялық элементтердің қандай мөлшерде болатындығына байла-нысты атомдардың бірнеше топтарын бөлу қабылданған. Бірінші топты (шамамен клетка массасының 98 %-ы) төрт элемент құрай-ды: сутегі, оттегі, көміртегі және азот. Оларды макроэлементтер деп атайды. Олар барлық органикалық қосылыстардың негізгі компо-ненттері болып табылады. Екінші топқа екі элемент кіреді — күкірт және фосфор. Олар биологиялық полимерлер (грек тілінен — роіуз — көп, тегоз — бөлік) молекулаларының — белоктар мен нуклеин қышқылдарының қажетті қүрамдас бөлігі болып табылады. Атал-ған екі топ элементтерін биоэмменттер деп атайды.
Орта есеппен тірі организм клеткасы массасының 20—30%-ын органикалық заттар күрайды. Оларға биологиялық полимерлер — белоктар, нуклеин қышқылдары және көмірсулар, сондай-ақ майлар мен бірқатар кіші молекулалар — гормондар, пигмент-тер, АТФ және т.б. жатады. Әр түрлі клеткалар қүрамындағы органикалық заттардың мөлшері бірдей емес. Өсімдік клеткаларында күрделі көмірсулар — полисахаридтер, ал жануар клеткаларында бе-локтар мен майлар басым болады. Дегенмен, органикалық заттардың әр тобы клетканың кез-келген түрінде үқсас функцияларды атқара-ды ....
Рефераттар
Толық

Органикалық химия және оның даму тарихы

XIX ғасырдың ортасына дейін органикалық химияны өсімдіктер мен жануарлар организмінде түзілетін заттарды зерттейтін ғылым деп келді. "Организм" деген сөзге сәйкес органикалық химия деген атау пайда бодды. Ғылымның дамуына сәйкес, бұл атаудың мағынасы түбірлі өзгеріске ұшырады, солай бола тұрса да, осы тарихи атау сақталып, бүгінге дейін жетіп отыр.
Қазіргі кезде органикалық химия деп, көміртек қосылыстарын және олардың туындыларын зерттейтін ғылымды, ал органикалық заттар деп, құрамында көміртек элементі бар заттарды айтады.
Өте ерте кезден-ақ адам баласы кейбір органикалық заттарды ала білген және оларды өздерінің тұрмыстық қажетіне пайдаланған. Мысалы, қантты заттарды ашыту арқылы шарап ішіщцктерін дайындаған. Индияда қант қамысынан қант ала білген, ертедегі Римде өсімдік текті бояулар-индиго, ализарин және т.б. тұрмыста пайдаланған. Сол кезде-ақ жағымды иісті эфир майлары, сірке суы және т.б. органикалық заттар белгілі болған.
Орта ғасырда жаңадан дамып келе жатқан химия ғылымы алхимиктер еңбектерінің арқасында біршама ілгері жылжыды. Мысалы, айдау әдісін тауып, оны жетіддіру нәтижесінде, араб алхимиктері 900 жылдарда таза шарап спиртін алды.
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында М.В.Ломоносов пен А.Лавуазье материя сақталу заңын ашып, химиядағы зерттеулердің сандық-мөлшерлік әдісіне жол салды. Химияда осы кезден бастап химиялық анализ, яғни заттың сандық және сапалық құрамын анықтау пайда болды. Химиялық анализ саласының дамуы химиялық заттарды тазарту әдістерін жетілдіруге ықпалын тигізді. Соның нәтижесінде, ХҮІІІ ғасырда бірқатар органикалық заттар (мочевина, шарап, лимон, алма, галл қышқылдары және т.б.) бөлініп алынды.
Химия ғылымының алғашқы даму кезеңдерінде ғалымдар органикалық және бейорганикалық заттардың арасындағы айырмашылықтарды байқамады. Тірі және өлі табиғаттан алынатын заттардың түзілу жолдарының әр түрлілігі және қасиеттерінің өзгешелігі химияны органикалық жөне бейорганикалық деп екіге бөлуге негіз болды.
Сонымен, XIX ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктер организмінде түзілетін заттарды зерттейтін "органикалық химия" деген алғашқы ұғым қалыптасты. Бұл кезең виталистік көзқарастың кең тараған кезеңі еді. Көптеген ғалымдар, соның ішіңце, әйгілі швед ғалымы Берцелиус те, "органикалық заттар тек тірі организмде ерекше бір "тіршілік күшінің" әсерінен түзіледі" деген пікірде болды. Органикалық заттардың пайда болуы туралы бұл көзқарасты витализм деп атады (Vita латынша тіршілік). ....
Рефераттар
Толық

Ордендер мен Медальдар пайда болуы

ОРДЕН (нем. orden, лат. оrdo — қатар, дәреже)—ерекшелік белгісі, ерекше еңбек сіңіргені үшін берілетін құрметті наград. Ерекшелік белгісі ретінде Орден Бат. Европада 12 ғ-дан өмір сүрген рухани-рыцарьлық Олдендерге (қауымдармен) байланысты пайда болды. Бұл қауымдардың мүшелері өзгеден ерекше киім кпіп, оның омырауына белгіленген түрлі түстегі крестер тағып жүрген. 14—16 ғ-да монархтар дворяндарды көтермелеу үшін белгіленген сарайлық. Орден кеңінен тарады. Бұл қауымдардың қауымдық әшекейлі костюмдері, қауымдық ерекше белгілері болды, бұл белгілер кейініректе наград ретінде берілетін болды мыс, Англияда Аспалы Орден 1348 ж. немесе 1350 ж. белгіленген, Бани Ордені (1399), Австрия мен Испаниядағы Алтын бөрте Ордені (1429), француздың қасиетті Рух Ордені (1579) т. б. Наградтық 0. Азияның кейбір елдерінде, соның ішінде бұрын Орден болмаған елдерде 18—19 ғ-да көптеп шығарыла бастады. Мыс, Түркияда Жарты ай Орден (1799), Иранда Арыстан мен Күн Ордені (1808), Жапонияда Күн шапағы Ордені (1875), Қытайда Қос Айдаһар Ордені (1882). 0. әдетте лентаға немесе шынжырға тағылатын белгілерден (крестер, жұлдыздар т. б.) арнаулы түстегі иыққа асатын жалпақ лентадан (жоғары дәрежелі Ордендер үшін) тұрады. Орденнің бір немесе бірнеше дәрежелісі болады. Кейде Орденнен наградтау ұрпағына немесе жеке өзіне дворяндық атақ алу правосын т. с. с. артықшылықтар бөрді. Россияда алғашқы Орденді Петр I белгіледі, олар: жоғары наград болып саналатын қасиетті апостол Андрей Первозванный Ордені (1698), қасиетті Екатерина Ордені (1714). Кейініректе әскери қызметте үздік шыққан офицерлер мен генералдарды наградтау үшін қасиетті Александр Невский (1725), қасиетті Георгий (1769) Ордені т. б. белгіленді. 1 1917 ж. Окт. соц. революциясынан кейін Бүкіл росс. Орт. Атқару комитеті мен Халкомсов 1917 ж. 10(23) ноябрьде «Сословиені және азаматтық шендерді жою туралы» декрет қабылдап, патша Ордені жойылды.....
Рефераттар
Толық