» » » Реферат: Органикалық заттар медицинада

Реферат: Органикалық заттар медицинада

Реферат: Органикалық заттар медицинада казакша Реферат: Органикалық заттар медицинада на казахском языке
Биологиялық полимерлер – белоктар.

Белоктардың клеткадағы қызметі алуан түрлі. Ең бір маңыздысы — пластикалық (құрылыс) қызметі: белоктар барлық клеткалық мембраналар мен клетка органоидтары-ньщ, сондай-ақ клетка аралық қүрылымдардың түзілуіне қатысады.
Белоктардың өте мащлзды қызметінің бірі — катализаторлық кіызметі. Барлық биологиялық ферменттер — белок текті заттар, олар клеткада жүретін химиялық реакцияларды он, жүз, тіпті мың есе жылдамдатады.
Белоктың бүл маңызды қызметіне тереңірек тоқталайық. "Катализ " термині биохимияда, катализаторлар кеңінен қолданатын химиялық өнеркәсіптегідей жиі қолданылды. Бүл термин сөзбе-сөз "шешу", "босау" деген мағынаны білдіреді. Катализаторларға жататын химиялық заттар химиялық реакцияларды жылдамдатады, ал катализаторлардың қүрамы реакциядан кейін де өзгеріссіз қалады. Катализаторлар қатысатын реакция түрлерінің алуан түрлілігіне қарамастан, катализаторлық реак-цияның мәні — бастапқы заттар-дың катализатормен бірге аралық қосылыстарды түзуінде. Бастапкьі заттар салыстырмалы түрде соңғы өнімдерге тез айналады, ал ката-лизатор реакцияға дейінгі күйін қалпына келтіреді. Ферменттер де катализаторлар болып табылады. Оларға катализдің барлық қасиет-тері тән. Бірақ, ферменттер белок текті болғандықтан олар ерекше қасиеттерге де ие. Сонымен, ферменттер мен бейорганикалық хи-миядан белгілі катализаторлар, (мысалы, платина, ванадий тотығы) реакциялардың басқа да бейорганикалық жылдамдатқыштары ара-сында қандай үқсастықтары және айырмашылықтары бар? Бір ғана бейорганикалық катализатордың өзі өндірістің көптеген салаларын-да пайдаланылады. Ал фермент болса бір ғана реакцияны немесе реакцияның тек бір түрін жылдамдатады, яғни ол бейорганикалық затқа қарағанда ерекше, тек белгілі бір реакцияға ғана пайдаланы-лады(З.З-сурет).
Температура әрқашанда химиялық реакциялардың жылдамды-ғына әсер етеді. Бейорганикалық катализаторлар қатысында реак-циялардың көпшілігі өте жоғары температура жағдайында өтеді. Температура көтерілгенде реакция жылдамдығы әдетте жоғарылай-ды. Ферментативті реакциялар үшін температура тек белгілі бір дең-гейге дейінгі аралықта ғана көтеріле алады. Бүл температура аралығын оптималды температура деп атайды. (3.4-сурет). Темпера-тураның онан әрі жоғарылауы фермент молекуласының қүрылысы-ның өзгеруіне алып келеді, (белок денатурациясын қара), фермент молекуласының активтілігі алдымен төмендейді, кейін мүлде тоқтай-ды. Дегенмен, табиғи ыстық суларда тіршілік ететін микроорганизм-дердің кейбір ферменттері судың қайнау тепературасына жақын температураға шыдап қана қоймай, белсенділігін де жоғары дәреже-
де сақтайды.
Алайда, бүл микроорганизмдер үшін тіршілік ететін орта жағ-дайына сай температураның қолайлы шекті аралығы болады. Көптеген ферменттер үшін оптималды температура 35—40°С ара-лығы болып саналады.
Ферменттердің активтілігі клетка, орган және мүшелер қалып-ты тіршілік ете алатындай жағдайда ғана сақталады.
Бейорганикалық катализаторлар қатысымен өтетін реакциялар әдетте жоғары қысым жағдайында жүреді, ал ферменттер қатысында жүретін реакциялар қалыпты (атмосфералық) вд>ісым жағдайында өтеді. Ферменттердің басқа катализаторлардан басты айырмапы-лығы — ферменттердің қатысында өтетін реакциялар жылдамдығы бейорганикалық катализаторлар қатысында өтетін реакциялар жыл-дамдығынан он мың, кейде миллион есе жоғары жылдамдықта жүретіндігінде.
Барлығымызға белгілі түрмыста ағартқыш және дезинфекция-лайтын зат ретінде қолданылатын сутегінің асқын тотығы, катализа-торларсыз өте баяу ыдырайды.
Н2О2 Н2О + О


Ал, бейорганикалық катализатордың (темір түзы) қатысуымен реакция біршама тезірек жүреді. Барлық клетка қүрамында болатын каталаза ферменті осы реакцияны, яғни сутегінің асқын тотығын таңқаларлық жылдамдықпен ыдыратады: каталазаның молекуласы 1 минут ішінде 5 млн Н2О2 ыдыратады.
Катализатордың әр түрлі реакциялардағы жылдамдатқыш әсері активтену энергиясына байланысты. Ал бүл реакцияның жүруіне қажетті молекулалардың өзара әрекетесуі кезінде түзілетін энергиясыз реакцияның жүруі мүмкін емес. Міне сондықтан, актив-тену энергиясы шамаларының жоғары болуына байланысты ағаш, қағаз, керосин және басқа да жанғыш заттар бөлме температурасын-да өзінен-өзі жанбайды. Егер оларды оттекті ортада қыздырса, яғни өзіндік активтену энер- гиясынан жоғары энергия бергенде ғана олардың жану мүмкіндігі артады. Қоршаған орта температурасы не-ғүрлым жоғары болған сайын жанғыш заттардың жануына қажетті қосымша энергияның мөлшері соғүрлым төмен болады, яғни актив-тену энергиясы төмен болады.
Биологиялық катализаторлар осьшдай "жылытқыштық" рөлін атқарады, олардың көмегімен көптеген молекулалар ешбір кедергісіз әрекеттесе алады.
Тірі организмдердің қозгалыс фунщиясын арнайы жиы-рылғыш белоктар қамтамасыз етеді. Бүл белоктар клеткалар мен организмдер жасауға қабілетті қозғалыстың барлық түрлеріне қатысады: қарапайымдылардағы — кірпікшелердің және талшық-тардың қозғалуы, көп клеткалы жануарлардағы еттердің жиы-рылуы, өсімдіктердегі өсімдік жапырағының қозғалуы және т.б.
Белоктардыц тасымалдық цызметі — химиялық элемент-терді (мысалы,гемоглобиннің оттегін тасуы) немесе биологиялық активті заттарды (гормондарды) өздеріне қосуы және оларды дене-нің әр түрі үлпалары мен мүшелеріне жеткізу. Арнайы транспорттық белоктар клетка ядросында синтезделген РНК-ны цитоплазмаға көшіреді. Клетканың сыртқы мембранасында транспорттық бе-локтар көп болады. Олар қоршаған ортадан цитоплазмаға әр түрлі заттарды тасымалдайды.
Организмге бөгде белоктар немесе микроорганизмдер түсе қалған жағдайда қанның ақ түйіршіктері — лейкоциттер антидене деп аталатын арнайы белокты заттарды түзеді. Олар организмдегі бөгде заттарды (антигендерді) молекулалардың кеңістік конфигура цияларының сәйкестік принципі бойынша ("кілт-құлып" принципі бойынша) қосып алады. Осы процесс нәтижесінде организмге зиян-сыз, усыз "антиген-антидене" комплесі түзіледі, кейін бүл комплекс фагоцитоз процесі нәтижесінде лейкоциттердің басқа түрлерімен жойылады, бүл — белоктардың кррганыштыц цызметі.
Белоктар клеткада энергия көздерінің бірі бола алады, яғни уііергетикальщ цызмет атқара алады. 1 грамм белок соңғы өнімдерге дейін толық ыдырауы кезінде 17,6 кДж энергия бөлінеді. Бірақ бе-локтар мүндай қажеттілікке сирек пайдаланылады. Белок молекула-ларының ыдырауы кезінде босап шығатын амин кщшкщлдары жаңа белоктарды қүруға қажетті пластикалық алмасу реакцияларына қатысады.
Органикалық молекулалар – көмірсулар.

Көмірсулар немесе сахаридтер — органикалық қосылыстар, олардың жалпы формуласы Сп (Н2О)щ. Көмірсулардың көбісінде су молекулаларының саны көміртегі атомдарының санына сәйкес келеді. Сондықтан да бұл заттар көмірсулар деп аталады.
Жануар клеткасында көмірсулар 1—2 кейде 5%-дан аспай-тын мелшерде кездеседі. Көмірсулар өсімдік клеткаларында өте көп мөлшерде болады. Кейбір жағдайда олар өсімдіктің құрғақ массасының 90%-ын құрайды. (картоп түйнегі, түқым, т.б.) Көмірсулар қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді.
Қарапайым кемірсулар моносахаридтер деп аталады. Молекула қүрамындағы көміртегі атомдарының санына байла-нысты моносахаридтер триоза — 3 атом, тетраза — 4 атом, пен-тоза — 5 атомды, қүрамында көміртегінің 6 атомы болса гексоза деп аталады. Алты көміртегі атомы бар моносахаридтер — гексо-залардың ішінде маңыздылары — глюкоза, фруктоза және галактоза. Глюкоза қанның қүрамында (0,08—0,12%) болады, пен-тозалар — рибоза мен дезоксирибоза — нуклеин кщшкылдары мен АТФ-тің қүрамына кіреді.
Егер бір молекулада екі моносахарид бірігетін болса, мүндай қосылыс дисахарид деп аталады. Дисахаридтерге қант іфізылшасы мен қант қүрағынан алынатын ас қанты — сахароза жа-тады, ол глюкозаның бір молекуласынан және фруктозаның бір моле-куласынан түрады. Дисахаридтерге сондай-ақ сүт қанты жатады, ол глюкоза мен галактоза молекулаларынан түзіледі.
Күрделі көмірсулар. Көп моносахаридтердің бірігуінен түзілген қосылыс — полисахаридтер деп аталады. Крахмал, гли-коген және целлюлоза сияқты полисахаридтердің мономерлері — глюкоза болып табылады.
Көмірсулар негізгі екі қызмет түрін атқарады: құрылыстық және энергетикалық. Мысалы, целлюлоза өсімдік клеткаларының қабырғаларын түзеді, ал күрделі полисахарид хитин — буынаяқты-лардың сыртқы қаңқасының негізгі қүрылымдық компоненті. Хитин саньірауқүлақтар денесінде де қүрылыс материалы болып табылады. Көмірсулар — клеткадағы энергияның негізгі көзі: 1 грамм көмірсу тотыққанда 17,6 кДж энергия бөлініп шығады. ....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 373 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Географиядан сабақ жоспары: Табиғат пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау №1 (10 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Табиғат пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау №1 (10 сынып, I тоқсан)
Реферат: Ферменттердің активтілігі мен мөлшерінің өлшем бірлігі
Рефераттар жинағы
Реферат: Ферменттердің активтілігі мен мөлшерінің өлшем бірлігі
Реферат: Биология | Клетканың химиялық құрамы
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Клетканың химиялық құрамы
Реферат: Құқық | Зат алмасудың жалпы заңдылығы
Рефераттар жинағы
Реферат: Құқық | Зат алмасудың жалпы заңдылығы
Реферат: Химия | Аминқышқылдары
Рефераттар жинағы
Реферат: Химия | Аминқышқылдары
Реферат: Химия | Белоктар химиясына сипаттама
Рефераттар жинағы
Реферат: Химия | Белоктар химиясына сипаттама
Дипломдық жұмыс: Биохимия | Бие сүтінің ферменттік өнімінен сүт қышқылды бактерияларын бөліп алу және қасиеттерін анықтау
Дипломдық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Дипломдық жұмыс: Биохимия | Бие сүтінің ферменттік өнімінен сүт қышқылды бактерияларын бөліп алу және қасиеттерін анықтау
Курстық жұмыс: Химия | БЕЛОКТАРДЫҢ   ЖАЛПЫ   СИПАТТАМАСЫ, ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Химия | БЕЛОКТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ, ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Курстық жұмыс: Химия | Белоктар  химиясына  сипаттама
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Химия | Белоктар химиясына сипаттама
Курстық жұмыс: Биология | Белоктардың жалпы сипаттамасы
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Биология | Белоктардың жалпы сипаттамасы
Курстық жұмыс: Биология | Ақуыз синтезі және оның табиғаттағы маңызы
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Биология | Ақуыз синтезі және оның табиғаттағы маңызы
Реферат:  Биология | Аксо-аксондық жанасым
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Аксо-аксондық жанасым
Реферат:  Биология | Тағам өнімдерін өндірудегі биотехнология
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Тағам өнімдерін өндірудегі биотехнология
Қалыптастырушы бағалау (ФО): Химия (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО) жинағы
Қалыптастырушы бағалау (ФО): Химия (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Химия (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР) жинағы
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Химия (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)
Қазақша реферат: Сүттің химиялық құрамы
Рефераттар жинағы
Қазақша реферат: Сүттің химиялық құрамы

KZ / Рефераттар жинағы, реферат Органикалық заттар медицинада туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Органикалық заттар медицинада на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Медицина жоспарымен, казакша реферат жоспар, Органикалық заттар медицинада, реферат Органикалық заттар медицинада туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Органикалық заттар медицинада на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Медицина жоспарымен казакша реферат жоспар Органикал, Реферат: Органикалық заттар медицинада реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы