Тіл ашар мерекесі Мақсаты: Мектепті алғаш аттаған бүлдіршіндердің алғашқы айдағы жеткен жеңістерін мерекелеу, ата - ана, ұстаздармен қуаныштарын бөлісу. Мұғалім: Армысыздар қымбатты балалар, ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі балаларымыздың мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар. Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі мереке иелерін ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ән-ұраны орындалады.....
Ойын- жалпы адамдық мәдениеттiң ерекше құбылысы, негiзгi бастауы және шыңы. Басқа ешқандай iс-әрекет барысында адам баласы ойындағы сияқты өзiнiң психо-физиологиялық және интелектуалдық мүмкiндiктерiн көрсеткен емес. Сондықтан да ойын оқытады, тәрбиелейдi және дамытады, әлеуметтендiредi. Белгiлi орыс жасушысы Ногибин ойынның маңызы туралы былай дейдi:”Ойын кезінде баланың мiнезi,өмiрге деген көзқарасы айқындалады. Көптеген өмiрлiк күрделi мәселелердi бала ойын процесiнде жеп-жеңiл шешiп отырады. Балалық шақты ойынсыз және ойыннан тыс алып қарауға мүмкiн емес.” Халқымыз бала психологиясының қалыптасуында ойын әрекетiде елеулi рөл атқаратындығын аңғарған, ойынның маңызын жөнiнде мақал-мәтелдердiң түйетiнi мыналарды: Ойында баланың ортамен қарым- қатынасы кеңейiп, таным қабiлетi өседi, мiнез-құлқы қалыптаса түседi. Бала ойынының түрi де мазмұны да сан алуан. Ойын үстiнде бала достыққа, жолдастыққа, тапқырлыққа,ептiлiкке,iскерлiкке,адамгершiлiкке балуында. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысына құмар, ойын балалық шақтың басты ерекшелiгi. Мәселен «Баланың iстегенi бiлiнбес,» «Баламен ойнама, шаршарсың», «Қыз қуыршақ дейдi, ұл құлыншақ дейдi»,«Ойнай бiлмеген, ойлай бiлмейдi», - деген мақал-мәтелдерде баланың ойынға аса құмар екендiгi, ұл мен қыздың ойыны да түрлiше болатындығы ойын арқылы баланың сана-сезiмi ақыл-ойы өсiп жетiлетiндiгi дұрыс көрсетiлген. Баланың дүниетанымында оның психологиясын қалыптасуында оқу бiлiмiнiң ерекше маңыз алатынығыңда мақал-мәтелдерден дұрыс көрсете алған. «Бiлiмнен асар байлық жоқ», «Бiлек сүрiндiре алмағанды, бiлiм сүрiндiредi», «Бiлiмдiден өнер құтылмас» деген мақалдардан осы идеяны жақсы анғаруға болады. Кіші мектеп жасындағы балалар үшiн- сабақ, олар үшiн ойын тәрбиенің маңызды түрi. Ойынды дайын үлгiге айналдырмай, балалардың да бастамасына жол беруде өте маңызды. Ойын процесiнде бала қиындықтарды жеңуге үйренiп, айналадағы дүниенi танып біледі, қиындықтан шығудың жолдарын іздейді. Педагог балалардың инициативасын тежеп, ынта-ықыласын түсінуге, танытуға тиісті емес. Ол бұл жағдайда қауіпті, зиянды сезімдер және тағы да басқа тудыратын ойындарды алмастырып жіберуге ғана тиіс. Ойын жай ермек ғана емес, балалардың рухани жетілуі мен табиғи түсуіне қажетті алғы шарты. Бала денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жолы ойынға тікелей тәуелдi, әрі өте байланысты. «Адам өмірге бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалар еді»,- деп К.Чуковскийдің бала мен ойынды теңестіре жоғары бағалауын да терең шындық үлкен мән жатыр ....
КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе қоғамдағы оқу-ағарту, білім беру салаларындағы гуманитарландыру мен демократияландыру процестері, ең алдымен, білім мазмұнын жаңартуды қазіргі заман талаптарына сәйкес болуын қажет етіп отыр. “Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу обьектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субьектісі құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субьект ретінде көрінуімен бедерленеді”- делінген Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында. Міне, мынадай мақсатқа жету - білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс- тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді. Ұлы ғалым-педагогтар (Әл-Фараби, Я.А.Коменский, И.Г. Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, И.Герберт, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин т.б) оқыту әдістері арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттері мен дербестігін дамытуға баса назар аударғаны тегін емес. Жалпы оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар, оған үлес қосқандар да баршылық. 20-жылдары Ресейлік Б.Е.Райков, К.И.Ягодовский, М.М.Пистрак оқытудың түсіндірме, практикалық, еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін ұсынды. 30-жылдары Ресейлік М.М.Пистрак, П.Н.Щимбириев, И.Т.Огородников оқытудың жаңа әдістерін: әңгіме, әңгімелесу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмысты ұсынды. 50-жылдары Д.О.Лордкипанидзе әдістерді топтастырып үш түрін берді: сөздік, кітаппен жұмыс, оқыту-практикалық. 60-жылдары Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін енгізді: сөздік, көрнекілік, практикалық. И.А.Данилов пен Б.П.Есипов әдістер классификациясын (жіктеп-топтау) жасағанда оқыту процесінде іске асырылатын дидактикалық міндеттерді негіз етіп алды: жаңа білімді меңгеру, білікті, дағдыны қалыптастыру, білімді қолдану, бекіту, шығармашылық іс-әрекетін дамыту. Дидактикаға оның ішінде оқыту әдістеріне үлес қосқандар: С.Т.Шацкий, Н.А.Менчинская, В.В.Краевский, М.И.Паламарчук, С.Г.Шаповаленко, А.Н.Леонтьев, Г.И.Щукина, И.Д.Зверев, М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, И.Ф.Харламов, Р.Г.Лемберг, Н.А.Сорокин т.б. Ал Қазақстанда оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты Р.Г.Лемберг, Т.С.Сабыров, Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев және тағы басқалардың еңбектерін атауға болады. Дидактикалық түрде негізделген оқыту әдістері танымдық қатынастың жолдары арқылы күнделікті танымдық әдістер мен ғылыми танымдық әдістерді байланыстыру арқылы іске асады. 1997-98 оқу жылынан бастап мектептер оқытудың жаңа мазмұнына көше бастады. Осыған орай жалпы мекткпте берілетін білімнің тұжырымдамасы, мемлекеттік стандарты, жаңа типтік оқу жоспары мен бағдарламалары жасалды. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру стандартында көрсетілгендей білімнің мазмұны өзгерумен бірге әр пән бойынша білім мазмұнын оқытудың әдістемесі де түбегейлі өзгеріп отыр. Мектеп тәжірибесінен енгізіліп отырған төл оқулықтардың жаңа толқынында дамыта оқыту технологиясының мүмкін бір нұсқасы берілген. Сол себептен жаңа материалды түсіндіру кезеңдерінде қолданылатын әр алуан әдістерді де жетілдіру қажеттігі байқалады.....
І. Кіріспе Курстық жұмыстың өзектілігі: Білім беруді дамыту тұжырымдамасы бұдан әрі –Тұжырымдама/ мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми –теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады. Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конститутциясына, “Білім туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Ғылыми туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Қазақстан-2030” стратегиясына, “Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына”, “Білім” мемлекеттік бағдарламасына, баланың құқықтары туралы конвенцияға, Техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғарғы білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары білім жөніндегі бүкіл дүниежүзілік конвенцияның декларациясына , Болоньядағы Еуропа елдері білім министрлері кеңесінің, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер білім министрлігінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесінің, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінің жанындағы білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалығы жөніндегі кеңестік конференцияларының ұсынымдарына сәйкес әзірленді.....
Жаңа жылдық ертегі: «Күлте қыздың сауық кешіне баруы» Күлте қыз Ханзада Өгей шешесі Екі сіңілісі Ергежейлілер Фея Жыландар Патша Аяз ата Ақшақар Мысықтар Үш ат Сұлтандар мен сұлтаншалар Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа жыл сіздерге бақыт, табыс ала келсін. Дендеріңіз сау, отбасыларыңызда аманшылық болсын! Бүгінгі «Қош келдің, Жаңа жыл»атты жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ортаға мектеп алды даярлық тобы менен 1 «Д» оқушыларын шақырамыз. Балалар жаңа жылдық киіммен алдында үш ақ ат шана сүйреткен, қоңыраулармен ән әуенімен кіріп билейді. (Балалар беттерінде аттар бетпердесі болады) .....
Мақсаты: Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлармен, олардың ерлігімен таныстыру. Олардың ерен ерліктеріне еліктеушілік сезімдерін туғызу. Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Міндеті: Сөздік қорын молайту, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту. Көрнекілік: Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларының суреттері. Белингвизм: М. Маметова, Ә. Молдағұлова, Б, Момышұлы, Т. Бигелдинов, Қ. Қайсенов, Р. Қошқарбаев.
Тәрбиешінің іс - әрекеті Тілек шеңберін ұйымдастырады. Күн сәуле шашқаны үшін рахмет! Бұлт жаңбыр сепкенің үшін рахмет! .....
Тақырыбы: Қызықты математика. (математикадан қорытынды сабақ) Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту. Дамытушылығы: логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Тәрбиелігі: Ойындар арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету. Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу Сабақтың көрнекілігі: сандар, әртүрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.
Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері: Армысың, мейірімді Аспан - Ата Армысың, қайырымды Жер - Ана Армысың, шұғылалы Алтын – Күн Армысың, балабақша, дос - жаран.. Жылулық шеңбер. - Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма? Кәне, бізде қайырлы таң тілейік. - Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!! - Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!! - Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!! Көздерін, құлақтарын уқалайды, қолдарын шапалақтайды. - Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық. - Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу – іс-әрекеті......
Мақсаты: Күз туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Шар, қанатты сөздер, сарғайған жапырақты ағаштар, жапырақтар, құстардың суреттері, техникалық құрал.
Жүрісі: Залдың іші шарлармен, қанатты сөздермен, жерде жатырған жапырақтармен, ағаштармен, суреттермен безендірілген. Әдемі әуен ойналып, балалар орындықтарға жайғасады. Тәрбиеші: - Құрметті ұстаздар, ата – аналар! Бүгінгі мектепалды даярлық сынып балалары дайындаған «Алтын күз» атты күзгі мерекелік ертеңгілікке қош келдіңіздер! .....
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар, Басталады Жаңажылдық карнавал, Маска да бар, би де бар, асығыңдар, Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды, Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (Балалар билеп залға шығады)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде Джунглидің барлық аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке? Балалар: Жаңа жыл! .....
Мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Көліктер түрлерін атап, оларды сипаттауға үйрету. Көрнекіліктер: Көліктер бейнеленген плакат. Билингвиалдық компонент: A car - көлік an airplane - ұшақ A bus – автобус a bicycle - велосипед A ship – кеме A train – пойыз
Мотивациялық қозғаушы Жылулық шеңбері Шеңберге тұрып, жүректі бір - бірінің қолына беріп болашаққа кім болғың келетінін айтыңдар. - Good morning, children! - How are you? .....
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі: Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, «Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып, оған заман талабына сай форма беру қажет» - делінген Қазақстан Республикасының Преизденті Н. Ә. Назарбаевты «Қазақстан 2030» бағдарламасында мектепалды даярлық тұжырымдамасының ІІІ – блогының «Мектеп жасына дейінгі балалардың психология» бөлімінде, «Балаларды мектепке психологиялық дайындау» - талаптары қойылған. Қазіргі кезеңде балабақшаларда оқыту мен дамытуы үшін 3-4 сабақты, 4-8 минутты, 10-12 сағатты арнайды. Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін дамыту. Зерттеудің міндеті: Мектепке дейінгі балалардың таным процестерінің даму ерекшеліктерін анықтау. - Мектепке дейінгі балалардың таным процестерінің зерттелу жайы; - Мектепке дейінгі баланың сөйлеуінің қалыптасуы; - Мектепке дейінгі баланың ойлауының дамуы; - Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін зерттеу; - Ландольт сақиналары әдістемесі зейіннің тұрақтылық және өнімділік қасиетін анықтау;....
Балалар әдебиеті – руханият еліміздің көркем шежіресі. Балалар әдебиеті – келешек әдебиеті. Белгілі академик-жазушы М.Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген екен. «Бесік түзетудің бір жолы – бесік жырын түзеу». Бесік жыры – балалар әдебиеті. Бүгінгі балалар әдебиеті - өркесі иік, өрісі кең, жанры алуан, мәдениеті үлкен әдебиет. Бала оқылған шығармаларын немесе мәтінді тыңдап қана қөоймайды, солард ұғуға талпынады. Соның негізінде біртіндеп ол жайында ұғым қалыптастыруға талпынады. Оның н ойынтез түсіінп, өз ойын да жүйелі.......
Оқытудың жаңа технологияларын бастауыш мектепте қолдану Бүгінгі таңда адамның қоғамдағы орны, оның әлеуметтік және рухани көзқарасы жаңа талаптарға сай жеке тұлғаны қоғамға жаңаша даярлауда, оның жалпы білімдік және кәсіпке даярлығын дұрыс жолға қоя білуінде. Осыған орай білім берудің тұтас жүйесін құру негізгі мәселелердің бірі болып, үздіксіз тәлім тәрбиеден, яғни от басынан бастап, қоғам саранысын өтей алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Ал оқушылардың бойындағы білім негіздері бастауыш мектептен бастау алатыны түсінікті. Соңғы жылдарда білім беру туралы, әсіресе, үздіксіз білім беру туралы көбірек сөз қозғалып жүр. Сондықтан мәселені бұл тұрғыдан алғанда, бастауыш мектепте сапалы білім беру шешуші рөлдердің бірін атқаратыны даусыз. Бастауыш мектепте оқитын балалардың жасы төмен болғанына қарап, оларға білім беру де жеңіл болады деген түсініктен аулақ болу керек. ....
Мектеп жасына дейінгі балалардың еске сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар. Игры и упражнение для развития памяти у детей дошкольного возраста
Кіріспе Қазіргі уақытта оқу - ағарту саласында мектепке дейінгі мекемелерде баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда. Адамның тал бойындағы барлық қабілет - мүмкіндіктерінің арасындағы ең бірегейі — оның еске сақтау қабілеті. Алайда бүгінгі технология ғасырындағы басты індеттің бірі – жастың да, жасамыстың да күннен - күнге еске сақтау қабілетінің нашарлауы. Бұл тек жасы егде тартқан жандар үшін ғана емес, сонымен қатар балалардың арасында да белең алып бара жатыр. Қазіргі жаңа заман уақытында ІТ технологиялардың дамуы баланың жеке қасиеттеріне, қабілеттеріне, психологиялық үдерістеріне кері әсер еткізіп жатыр. Балалардың еске сақтау қабілеті жылдан – жылға төмендеп бара жатыр, олардың барлық назары интернет, смартфон, гаджеттар мен планшеттерде. Берілген материалды еске сақтауының төмендеуі, баланың, ес үдерісінің жоғалуына әкеліп тұр. Мұның өзі мектепке дейінгі жаңа .....
Мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға – Ана туралы түсіндіру. Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту. Аналарын сыйлауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер, плакат, техникалық құрал.
Жүрісі: Тәрбиеші: - Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана біздің күніміз» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар......
Қазақ халқының өмірінде ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі - Наурыз. Бұл жыл сайын наурыз айының 22 - жұлдызында мерекеленеді, яғни күн мен түн теңеліп, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем айы. Сондықтан ертедегі адамдар наурыз күнін жаңа жыл басы - ұлыстың ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек, зор қуаныш пен қарсы алған, жұрт ел аралап, наурыз көже ішіп, палуан күресіп, ойын саулықпен өткізген. Сол себепті біз бүгін ертеңгілігіміз “Қош келдің Наурыз!”- деп атап отырмыз. Наурыз келсе, құт келгені халайық Есік ашып, шашу шашып, Ел болып қарсы алайық. (шашу шашылады) .....
Білімділігі: Балаларға К дыбысы мен әрпін таныстыру. Сөздерді буынға бөлуге және буындарды оқи білуге үйрету. Дамытушылығы: Балалардың білімге деген қызығушылығын дамыту. Тәрбиелілігі: Ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Сабақ түрі: жаңа сабақ. Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, суретпен жұмыс, топтастыру стратегиясы. Көрнекілігі: кесенің, күшіктің, кенгурудің, бүркіттің суреті.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылығын ояту. Амандасу. Шаттық шеңберіне тұру. Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік! .....
Қазіргі кезде елімізде 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жан-жақты талқыдан өтуде.Ондағы басты ұстаным - тұлғаның жеке дамуына негізделген, құқықтық білім мен тәрбиені жан-жақты зерделеп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын анықтау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын іске асыру. 12 жылдық білім беру сатысына көшу-қоғамдағы елеулі жаңалықтар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарқынды дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздейді және мақсат етеді. Әлемдік білім жүйесіндегі оқытудың озық технологияларын қамтумен қатар, оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беру мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс. 12 жылдық оқытудағы басты мақсаты төмендегідей: • жылдам дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілеттілігі; • жеке тұлға өзін-өзі дамытуы, шыңдалуы;....
1.Қазақстанмен оңтүстігінде шектесетін елдер: A) Ресей, Қытай, Қырғызстан B) Әзербайжан, Түркменстан, Иран C) Түркменстан, Өзбекстан D) Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан E) Ресей, Иран
2.Қазақстан тәуелсіздік алған жылы:
A) 02.03.1992 ж. B) 16.12.1991 ж. C) 29.12.1992 ж. D) 26.08.1936 ж. E) 10.12.1993 ж.
3.Қазақстан орналасқан материк А) Солтүстік Америка В) Еуразия .....
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді. "Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті. Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдау, ғылыми негіздерін белгілеу. Және де мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту әрекетін дамыту әдістемесін жасау. Зерттеудің міндеті:....
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді. "Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті. Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдау, ғылыми негіздерін белгілеу. Және де мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту әрекетін дамыту әдістемесін жасау. Зерттеудің міндеті: ....
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта Бөлім: Тіл дамыту Тақырыбы: Зообаққа саяхат Мақсаты: 1) Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау. 2) Зообақтағы аңдарды бақылау арқылы балалардың байқағыштық қабілеттерін, ойлау және тілдік қорларын дамыту. 3) Жан - жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, бақылау, ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын ойнау. Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, тақырыптық суреттер, дидактикалық материалдар, слайд, бейнетаспа. Жаңа сөздер: төлдері, қонжық, бөлтірік, көжек, күшік.....
Сабақ мақсаты: Білімділігі: Нанның адам үшін маңыздылығы, нанның бидайдан жасалатынын, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетіні, бидайдың өсуі, нан пісіру кезеңдері, бидайдың құндылығы туралы түсінік беру. Тәрбиелілігі: Нанды қадірлеуге, қастерлеуге, нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін, диқандар еңбегін бағалай білуге, еңбекке деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу. Дамытушылығы: Бақылағыштығын, қиялын, есте сақтау, желілі рөлді ойынға, кейіптендіруге арналған атрибуттарды дайындау іскерліктерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін, ересектер басшылығымен әрекет ете білуге іскерліктерін жетілдіру, шығармашылық ой қиялын дамыту. Әдіс - тәсілі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап, жандандыру. Сабақ түрі: Бекіту, саяхат сабақ. Көрнекілігі: Суреттер, жұмбақ, сергіту сәті, тиым сөздер, мақал мәтелдер, буклет, ертегі атрибуттары. .....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын» Сабақ тақырыбы: Мектеп асханасы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.9.1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді мұғалімнің айтуы бойынша жазу 1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу Сабақ мақсаттары: Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ тағам және сусынға қатысты сөздермен танысамыз. Тамақтану мәдениеті жайлы әңгімелесеміз және жазамыз......
Сабақтың қысқаша мазмұны: Ақпараттық оқу сауаттылығы түсінігіне тоқталу. Танысу сәті «HELLO» әдісі, «Кітапты тап» ойыны. Сыныпты 2 топқа бөлу. «Кітапты тап» ойынының тапсырмасы: Тақтаға кітаптардың мұқабасын іліп, оқушыларға сол кітапты кітапхана ішінен өздері тауып алып келу. Оқушылардың бойында оқу сауаттылығын даумыту.....
Бөлімдері: Бейнелеу өнері Тақырыбы: Ғарыш қонақтары Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы түсінік беріп, қызығушылықтарын арттыру. Балалардың шығармашылық ойлауын, қиялын дамыту. Өз еріктерімен ғажайып сурет салғызу.
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс - әрекеті Шаттық шеңбері - Қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілінде қандай табиғи құбылыстарды байқадыңдар? - Көктем мезгілінде неше ай бар? - Сәуір айында қандай мейрам бар? .....
Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микро саясатының басты басымдылығы. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай: 1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту. 2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметті нәр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту. 3. Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру. 4. Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып табылатын коммуникативтілікті дамыту. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда шыққан Жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сиақы төлеу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті. ....
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр. Қазақстан Республикасының Презедиенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде. Өндірістік орындары қайта түлеп, жаңа әлемдік технолгиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр. Демек, бүгінгі күні балабақшаларда айналамен танысу сабағын оқытуда балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында баланың дүниетанымын тәжірибе үлескісінде еңбекті ұйымдастыру арқылы болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде көп үлесін қосуда. Зерттеудің мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру.....
Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз ана тілін, әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтауды бойына дарыту. 1986 жылы желтоқсанда ел азаттығы жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктерін еске алу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу. Отанын, елін, жерін, сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері. Желтоқсан құрбандары.
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар,балалар! Бүгінгі сабағымыз дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына арналады. « Тәуелсіздік – ел тірегі» атты ашық сабағымызды бастаймыз.
Амандасу. Армысыз қайырымды Аспан – ата! Армысыз, мейірімді Жер - ана! Армысыз, шұғылалы нұрлы күн! Сәлеметсіздер ме, апайлар! .....