Жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар Ана деп бас иеді күллі халық. Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көктем мерекесі қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. «Шуағын шашқан - аялы алақан"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! .....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмірі Сабақтың тақырыбы: «Мектеп өмірі» тақырыбында эссе жазу Оқу бағдарламасына сілтеме:Ж2. Эссе жазу Сабақтың мақсаттары:Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу....
Мақсаты: 1. Киіз үй жабдықтарымен таныстыру. Киіз үйді ауа райының қандай жағдайда да пайдалануға болатындығын, киіз үй жабдықтары туралы айтып, балалардың есте сақтай білу қабілеттерін дамыту. 3. Атадан – балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға баулу. Сөздік жұмыс: абажа, кебеже, әбдіре, асадал, т. б. Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап. Көрнекіліктер: Киіз үйдің суреттері, нақыл сөздер, т. б.
Тәрбиешінің іс - әрекеті І ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс - әрекетіміз ерекше өтпекші, себебі бізге қонақтар келіп отыр. Қанекей балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, қонақтарымызбен сәлемдесейік. Мейрімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен,.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмір Сабақтың тақырыбы:Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:Т2. Назарын шоғырландырып тыңдау Сабақтың мақсаттары:Барлық оқушылар орындай алады: Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты анықтайды. Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді; қажетті ақпараттарды анықтай алады. Диалогтік қарым-қатынасқа түсе алады; сөз мәнері мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана алады....
1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріндер • Батырлар туралы жырларда не туралы бейнелейді? • Қобыланды батырдың әкесі кім? • Қобыландының анасының аты кім? • Қобыландының қарындасы? 2. Мына қанатты сөздердің жалғасын жаз. • Ат –ердің ........ • Батыл болмай ,батыр-....... • Ат-құлынан,батыр -........ • Жеті қазынаның бірі-жүйрік ............
Дүйсенбі «Әлеуметтік орта» 1. Мүсіндеу Ермексаз әлемі 2. Орыс тілі Я – это кто? 3. Дене шынықтыру Спорт залымен, ҰОҚ - дағы қауіпсіздік техникасымен танысу 4. Музыка Менің музыкалық әлемім 5. Өзін - өзі тану «Өзін - өзі тану әлеміне» саяхат
Сейсенбі 05. 09 «Денсаулық» 1. Математика Танысу. Не қайда орналасқан? 2. Дене шынықтыру Денсаулықтың құпиясы 3. Орыс тілі Мой автопортрет 4. Сурет салу Мен сурет саламын! 5. Ойлан, тап! Винни Пух. .....
Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз ана тілін, әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтауды бойына дарыту. 1986 жылы желтоқсанда ел азаттығы жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктерін еске алу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу. Отанын, елін, жерін, сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері. Желтоқсан құрбандары.
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар,балалар! Бүгінгі сабағымыз дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына арналады. « Тәуелсіздік – ел тірегі» атты ашық сабағымызды бастаймыз......
Экологиялық тәрбиенің мақсат-міндеті жас ұрпақты өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін сезінуге тазалығын сақтауға қоршаған ортаға мейірімділікпен жанашырылықпен қамқор болуға тәрбиелеу. Осы бағдарлама аясында мектептебімізде «Жасыл мектеп» бағдарламасы арқылы мектеп іші мен ауласын көгалдандыру, гүл мәдениетін дамыту арқылы оқушыларды табиғатты аялап, қастерлеуге үйрету, жауапкершілікті қалыптастыру міндеті қойылған.......
Шырша жанында әдемі гүлдер, саңырауқұлақтар өсіп тұрады. Шегіртке, көбелектер ән салып би билеп жүреді. Балалар қол ұстасып, дождиктерін ұстап залға кіріп, шырша жанына тұрады. Тәрбиеші: Ау көбелектер сендерге не болған ән салып би билейміз деп жүріп қыс келгенін де байқамай қалғансыңдар ма? Шегіртке: Біз шынымен қыс келгенін байқамай қалыппыз. Тәрбиеші: Ала жаздай билепсіңдер, Қыс келгенін білмепсіңдер. Еңбек етпей ұшып қонып жүре беруге болама екен, балалар айтыңдаршы? Балалар: Жоқ болмайды. (Сол уақытта боран соғып, қар жауады.) .....
Кіріспе Балабақшалар да балалардың өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру негізі ересек топтарда қаланады, яғни ересек топ балалары оқу барысында ойлау дағдысына төселіп, істі творчестволықпен, ұтымды орындауға үйренеді. Ал ойлау не арқылы іске асады? десек, әрине, алдымен тіл арқылы. Ойлаудың негізгі басты құралы - тіл болып саналады. К. Маркстің айтуынша, «Тіл дегеніміз ойдың тікелей шындығы». Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздер және сөз тіркесі арқылы айтылады да, материалдық формаға енеді. Ал ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәл-дене түседі. Тіл шындықтағы заттар мен құбылыстардың, олардың сан алуан белгілері мен адамдардың өз-ара қарым-қатынасының санадағы бейнелері болып табылатын ойлау формаларын белгілейтін материалдық құрал ретінде қызмет атқарады. Зерттеудің мақсаттары: - Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістерімен таныстыру арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетінің икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу. Сондай-ақ мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалар білімін дамыту әдістемесін жасау. Зерттеудің міндеттері: -Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетін дамытудың ғылыми теориялық негіздерін анықтау;....
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысын қалыптастыру, оның егемендігін нығайтып, ұлттық сана мен тәрбиемізді қалпына келтіру және өркениетті елдер қатарынан орын алу ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты шарттардың бірі. Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке тұлғаның потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлға қабілетін, оның басқалармен қарым-қатынасы, жан-жақты, дербес шешім қабылдауға бейім маманды тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда, әсіресе, жалпы білім беру саласының дамуында жағымды өзгерістер мен оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, кәсіби мамандардың қабілетін, оның басқалармен қарым-қатынасқа қалай түсетіні жайлы терең үңіле бермейді. Сондықтан біздің зерттеуіміздің негізі тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту мәселесі болып отыр. ....
Ертеңгіліктің мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау. Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу. Күлкі естіледі. Шырша: Бұл кім? Ұлпа қарлар Бұл біздер Ұлпа қарлар. (аяқтарында ролик киіп шыршаны айналып ән айтады. Шырша көңілсіз тыңдап тұрады. Ұлпа қарлар. Шырша, шырша қыс келді, ауа райы ақ жамылды сен неге көңілсіз тұрсын. Шырша: - Қыс пен бірге жаңа жылда келеді. Ал мен болсам әнделген жоқпын, Тұрысым мынау. Қар жамылып. Сыпыртқы ұстап, аққалалар кіреді .....
Қорытынды оқу іс - әрекеті. Мақсаты: Балалардың жыл бойғы алған білімдерін тиянақтау. Дидактикалық ойындар барысында есте сақтау, көру, ой - қиялын, сезіну қабылдау жүйелі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыра отырып, алған білімдерін тиянақтау. Әдісі: Дидактикалық ойындар «Кім тапқыр», «Кім тапқыр», «Кім білгіш», «Жоғалған әріптер», «Буынға буын қос», сергіту сәті, әліппе әні, көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап. Көрнекілігі: Слайд, ребус, карточкалар. Түрі: Сайыс сабақ.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті: Мотивациялық қозғаушы Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің оқу іс - әрекетімізге қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. .....
K I P I С П Е Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасымен барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы туралы Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігіне арттыру қажет деп атап көрсетілген. Сондықтан қазіргі кездс математика негіздерін меңгерту жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің негізі болып табылатындығы туралы Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көңіл аударылған. Көптеген елдерде математикадан жүйелі де сапалы білім беруге аса назар аударылып отырғаны белгілі. Бұл жөнінде дүниежүзілік тәжірибеде үш тенденция байқалады: барлық оқушыларға математикадан бір дәрежеде білім берудің қажеттілігі және оған сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарды кеңінен жүргізу; математиканы негізгі курс ретінде жалпы білім беретін мектептердің барлық сатысының оқу жоспарларына енгізу; ....
Пән:қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім Сабақ тақырыбы: Менің мектебім. Мектепте кімдер жұмыс істейді? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді: Кейбір сөздерді түсінеді. Оқушылардың көпшілігі: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. Кейбір оқушылар: Сөздердің орын тәртібін сақтап айтады ...
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім Сабақтың тақырыбы: Мектеп туралы әңгімелер жазу. Сс дыбысы мен әрпі Осы сабақта қол жеткізілетін мақсаттары: (ОБ сілтеме)1.2.6.1мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату 1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну 1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру 1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды) Сабақ мақсаттары: Бірін-бірі тыңдап, сұрақтарға толық жауап береді. Өз үйлерін сипаттап әңгімелеп береді.....
1. Ұжымдық шығармашылық іс - әрекеттің мәні. Диалектиканың қарма – қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез – келген нәрсені,құбылыс,процесс қарма – қарсы,бірін – бірі жоққа шығару және бір мезгілде өзара қарым – қатынаста болатын қарама – қарсы жақтардың қарама – қайшылықтың бірлігі болып табылады.Оқушылардың танымдық іс - әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама – қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама – қайшылықтарымен сипатталады.Әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы,олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу – тәрбие процесінде жүзеге асырылады.Микро жүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама – қайшылықтарында кездесіп отырады.Оқу – тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама – қайшылықтарын оқушыларды оқу – танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды,кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбыларымен қарым – қатынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен,ал оқушылар бір – бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. ....
1 - жүргізуші: - Қымбатты балалар және біздің құрметті қонақтарымыз. Міне, біздің ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, анамызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен қымбатты аналар. 8 наурыз мейрамы құтты болсын. 2 - жүргізуші: Бұл күнді тойлап жатыр барша халық. Әйелдер күні бүгін халықаралық Жарыққа бізді әкелген аналарды. Бүгінгі мерекемен құттықтайық Ұйытқысы жанұяның берекеміз Аналар құтты болсын мерекеңіз Әрқашан аналарымыз аман болсын Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз Залға музыка әуенімен ұл балалар келеді. .....
Әлеуметтік желілерде қатырмадан жасалған полицейдің жол бойында тұрған видеосы тарап кеткен. Пікір қалдырушылар бұл жағдайдың Шымкентте болғанына сенімді.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: Биік. Аласа. Кең. Тар. Үлкен. Кіші. Ұзын. Қысқа Мақсат - міндеттері: Балаларды заттар мен шамаларды салыстыра білуге үйрету. Биік - аласа, кең - тар, үлкен - кіші, ұзын - қысқа ұғымдарымен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір - бірінен ажыратуға баулу. Ойын - тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Құралдар: әліппе - дәптер, салыстыруға арналған құралдар
Мұғалімнің іс - әрекеті Ұйымдастыру Балалардың назарын сабаққа аудару. а) Балаларды қарапайым математикалық түсінік беру пәнімен таныстыру; ә) Пәнді оқытудың мақсаты — міндеттерін ұғындыру. Негізгі а) Жаңа материалды түсіндірмес бұрын сынып бөлмесінен, он дағы заттарды таныстырып, салыстыру жұмыстары жүргізіледі. Сыныптың бөлмесі қандай? (Кең). Терезелері қандай? (Үлкен). Мектептің дәлізі қандай? (Кең, ұзын). Мектеп үйі ше? (Биік, үлкен), т. с. с. ә) Оқулықпен жұмыс. .....
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар, дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Әр адам келер жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын! Қош келіпсің, құрметті ата - аналар! Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарында жауқазындай құлпырған. Балғын шақты біз бақытты балалар! .....
Мақсаты: Білімділік: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл - күй ортасын ұйымдастыру. Дамытушылық: Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Тәрбиелеу: Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
Балалар көңілді әуен ырғағымен әсем безендірілген залға келіп кіреді. Жүргізуші: - Құрметті ата - аналар, балалар және әріптестер! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл сіздерге табыс, молшылық, жақсылық, қуаныш әкелсін! Тәрбиелеп өсіріп отырған ұл - қыздарыңыздың дені сау, үлкен азамат болып өсе беруіне тілектеспіз. .....
Кiрiспе Халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады. Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: өзiнiң биылғы Қазақстан халқына жолдауында “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе-білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру блып табылады”, - деп атап көрсетті. Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттігі туындауда. Бұл бір жағынан, екінші жағынан, бүгінгі өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын, құрылысын және нысандарын одан ары жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Үшіншіден әрбір қоғамда болып тұратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді. Бұл мәселенің шешімін табу, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты жан-жақты жетіліп, үйлесімді дамыған адамгершілік қадір-қасиеттері мол жеке тұлға етіп тәрбиелеуде берік тұғырлық негіз қалайды. Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істер жасауына жағдай туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді.....
Шырша жанында әдемі гүлдер, саңырауқұлақтар өсіп тұрады. Шегіртке, көбелектер ән салып би билеп жүреді. Балалар қол ұстасып, дождиктерін ұстап залға кіріп, шырша жанына тұрады. Тәрбиеші: Ау көбелектер сендерге не болған ән салып би билейміз деп жүріп қыс келгенін де байқамай қалғансыңдар ма? Шегіртке: Біз шынымен қыс келгенін байқамай қалыппыз. Тәрбиеші: Ала жаздай билепсіңдер, Қыс келгенін білмепсіңдер. Еңбек етпей ұшып қонып жүре беруге болама екен, балалар айтыңдаршы? Балалар: Жоқ болмайды. (Сол уақытта боран соғып, қар жауады.) .....
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады. Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі; жаздық сауықтыру лагерлері; еңбек сауықтыру лагерлері; стадиондар; дене мәдениеті сауықтыру кешендері; спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкішіліктерін кеңейтеді. Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері: 1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға окушыларды көбірек тарту. 2) Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындыгын жоғарылатуға көмектесу, уакыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру. 3) Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қальштастыру. 4) Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру. Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінін. жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді. Бастауыш сыныпта сауықтыру және шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады. Мектепте дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері: 1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға оқушыларды көбірек тарту. 2) Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындығын жоғарылатуға көмектесу, уақыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру. 3) Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қалыптастыру. 4) Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру. Бастауыш сыныпта сауықтыру және шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінін. жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді. ....
Шығармашылық жаңа мүмкіндіктерді ашу, өз бетінше жұмыс жүргізу, өте жоғары психикалық белсенділік. Шығармашылыққа деген сұраныс кез келген бағытта дамиды. Шығармашылықтың деңгейі әр түрлі болады. Бірақ барлығы да жаңа нәрсенің тууына ашуылуына тікелей байланысты. Шығармашылық арқылы ғылым мен өнер тіпті адам өмірінің негізі қалыптсақан. Дамыту шығармашылық бұл кездейсоқтық емес. Ол шынайы толыққанды адами.......
1. ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1. Қоғамдағы педагог-психолог қызметінің мәні Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында жеке тұлғаның уақыт талабына сәйкес дамуы: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» (Астана, 19 наурыз, 2004 жыл) деп нақты тоқталып өткен [13]. Жаңа формацияда білім беру саласындағы барлық процесте, пән оқушылары мен топ тәлімгерлеріне кәсіби дайындықтарын өзгертіп, толықтыру онда білімдердің жекелік ерекшелігін ескеру, қабілетіне және тұлғалық бағыттылық ықпалына қарай жағдай туғызуды қажет етеді. Осындай психологиялық міндеттерді шешуде теориялық және пратикалық негізде педагогикалық-психолгиялық қызмет көрсету қажеттілігі туындады. Педагогика-психология мамандығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелеріне педагог-психолог мамандығын енгізу туралы нұсқау хаты негізінде, еңбекақы қорынан жалақысы бекітілген, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің бұйрықтары мен қаулыларына сүйеніп жұмыс атқарады. Қазақстанда тоғыз мыңнан аса мектепте үш миллиондай оқушы бар десек, ол саладағы педагог-психолог мамандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі. Келешекте Қазақстанның әр ұлттық мектебiнде педагог-психолог маманы болуға тиiстi. Әзірге тоғыз мыңдай педагог-психологты қажет ететін, елімізде оның үштен біріндей ғана болатын маман бар.....
Сабақтың мақсаты: жалпы өлшеуішер туралы бағдар беру. Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру. Уақытты бағдарлай біліп қалыптастыру. Әдіс - тәсілдер:: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу Көрнекіліктер:: суреттер, әліппе - дәптер, жұмбақтар, элек. сұрақтар. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. - Балалармен амандасу - Балалардың сабаққа қажетті оқу құралдарын даярлату. - Балалар бірінші сабағымыз қарапайым математика түсініктері......
Зерттеудің көкейтестілігі. Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты - өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері қарастырылған 1. Сондай-ақ, Елбасымыздың «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» атты халыққа жолдауындағы еліміздің «2020 – Саламатты Қазақстан» даму бағдарламасында да аталмыш мәселелер онан ары нақтылана түсті 2. Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ болса, денсаулығы зор, білім нәрімен терең сусындаған жастар келешегінен қоғамымыз зор үміт күтеді. Міне осындай болашағынан үміт күттірген талантты да дарынды жас ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап білімді, денсаулығы мықты әрі жан-жақтылы етіп тәрбиелеу кезек күттірмес мәселе екені бәрімізге аян. Ал, осындай жауапты, ауыр міндетті арқалауда дене тәрбиесінің алатын орны ерекше екені бәрімізге де түсінікті. Дене тәрбиесін жүйелі де ғылыми өткізу арқылы дені сау оқушылардың денсаулығын онан ары нығайтумен қатар, денсаулығы әлсіз балалардың ауру азабынан ертерек құтылуына, ағзасының, дене мүшелерінің уақытша жоғалтқан немесе әлсіреген қызметтік мүмкіншіліктерін қалпына тезірек келіп, басқа балалармен бірдей асыр салып ойнауына көмегін тигізе алатын тамаша мүмкіндікті қолдан шығармау керек.....