Дене шынықтыру | Мектептегі денсаулығы әлсіз оқушыларға дене тәрбиесі сабағын жүргізу

  Дене шынықтыру | Мектептегі денсаулығы әлсіз оқушыларға дене тәрбиесі сабағын жүргізу

Зерттеудің көкейтестілігі. Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты - өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері қарастырылған 1. Сондай-ақ, Елбасымыздың «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» атты халыққа жолдауындағы еліміздің «2020 – Саламатты Қазақстан» даму бағдарламасында да аталмыш мәселелер онан ары нақтылана түсті 2.
Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ болса, денсаулығы зор, білім нәрімен терең сусындаған жастар келешегінен қоғамымыз зор үміт күтеді. Міне осындай болашағынан үміт күттірген талантты да дарынды жас ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап білімді, денсаулығы мықты әрі жан-жақтылы етіп тәрбиелеу кезек күттірмес мәселе екені бәрімізге аян. Ал, осындай жауапты, ауыр міндетті арқалауда дене тәрбиесінің алатын орны ерекше екені бәрімізге де түсінікті. Дене тәрбиесін жүйелі де ғылыми өткізу арқылы дені сау оқушылардың денсаулығын онан ары нығайтумен қатар, денсаулығы әлсіз балалардың ауру азабынан ертерек құтылуына, ағзасының, дене мүшелерінің уақытша жоғалтқан немесе әлсіреген қызметтік мүмкіншіліктерін қалпына тезірек келіп, басқа балалармен бірдей асыр салып ойнауына көмегін тигізе алатын тамаша мүмкіндікті қолдан шығармау керек.
Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы заңының 1- тарау, 9-бабының 1-тармақшасында: «Денсаулығы нашар оқушылар дене тәрбиесімен арнаулы медициналық топтар мен емдік дене шынықтыру топтарында шұғылданады» - деп айқын көрсетілген болатын 3. Ал, еліміздегі көптеген мектептерде денсаулығы әлсіз оқушыларға арналған арнайы дәрігерлік топтар толық ұйымдастырылмайды немесе немесе мүлдемге жоқ. Бұлай болуының басты себептері: арнайы қаржының бөлінбеуі, материалдық- техникалық базалардың жеткіліксіздігі, сабақ өткізетін арнайы әдістемелік
құралдар мен бағдарламалардың жоқтығы, кейбір мектептердегі денсаулығы әлсіз балалар санының өте аз болуы т.б. жатады. Алайда, осыған қарамастан дене тәрбиесі мұғалімдері мен мектеп басшыларының арнайы дәрігерлік топтар ашып, дене тәрбиесі сабағын өткізуге құлықты болып отыр. Сондықтанда осы мәселенің көкейтестілігі бүгінгі таңда ерекше маңызға ие деп айтуға болады.
Ал, елімізде аталмыш меселе төңірегіндегі зерттеулер өте аз, тіпті мүлдемге жоқ деуге де болады. Сол себепті де денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбиесін өткізге қажетті ғылыми әдістемелік құралдар мен арнайы әзірленген бағдарламаларды дайындау кезек күттірмейтін, үлкен маңызға ие мәселе болып отыр.
Міне осындай ел келешегіне елеулі әсер етер мәселені арқау еткен бұл диссертациялық жұмыстың дене мәдениеті мен спорттың жанашырларының, аталмыш салаларда қызымет етіп жүрген жас мамандармен ізденушілердың түсініктерін онан ары тереңдете түсулеріне аз да болса көмегі болар деген ойдамын.
Зерттеудің мақсаты: мектептегі денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбиесін ұйымдастырудың жолдары мен еліміздегі қазіргі жәй-күйіне талдау жасау, анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1) Денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбиесін ұйымдастыру тимді жолдары мен әдістемелерін анықтау.
2) Теориялық ақпарат көздерін оқу, талдау, зерттеу арқылы денсаулығы әлсіз оқушылармен жүргізілген жұмыстармен танысыу, анықтау.
3) Еліміздегі жалпы білім беретін мектептердегі арнайы дәрігерлік топтардың жұмыс жасау жағдайларын талдай отырып, аталмыш топ жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың жолдарын айқындау.
Зерттеу нысаны: мектептегі денсаулығы әлсіз оқушыларға дене тәрбиесі сабағын жүргізу үрдісі.
Зерттеу пәні: мектептегі арнайы медициналық топқа жататын
денсаулығы әлсіз оқушылар.
Зерттеу болжамы:
 егер мектеп оқушыларын үнемі дәрігерлік-педагогикалық сынақтардан үнемі өткізіп тұрса;
 егер денсаулығы әлсіз оқушылардың ауру сипатын терең түсініп, ертерек лайықты денсаулық топтарына қатыстыртып, дене тәрбиесі сабағын жүйелі әрі ғылыми түрде жүргізсе;
 егер денсаулығы әлсіз оқушылар арасында арнайы дәрігерлік топ жұмысын ғылыми түрде жүргізуге, жас мамандардың аталмыш саладағы түсіктерін онан ары тереңдетуге негіз болатын арнайы бағдарламалар мен оқу құралдары жасалынса;
 егер мектептерде арнайы дәрігерлік топ жұмысына мектеп басшылары, ата-аналар, басқа пән мұғалімдері, сондай-ақ оқушылардың өздері белсене ат салысып, қолдау көрсетсе;
 егер денсаулығы әлсіз оқушылар арасында көпшілік сауықтыру шараларын үнемі өткізіп, жақсы нәтиже көрсеткендерді мадақтап, өзгелерін ынталандырып, олардың қызығушылықтарын жоғарылатып, қосымша психикалық жақтардан да түрліше көмектер көрсетілсетіліп, оларды көтермелеп отырса;
 егер арнайы және жоғары оқу орындарында дене мәдениеті және спорт мамандарын даярлау кезінде болашақ жас мамандардың денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбиесі туралы ғылыми түсінік қалыптастыруына жағдайлар жасап, аталмыш саладағы мамандарды даярлау мәселесі дұрыс жолға қойылса.
Мектептердегі денсаулығы әлсіз оқушылардың денсаулығын тезірек қалпына келтіріп, жан-жақтылы жетілген, ел дамуына өз үлесін қоса алатын озық ойлы, сау денелі азаматтарды тәрбиелеп шығуға әбден болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: денсаулығы әлсіз оқушыларға дене тәрбиесі сабағын өткізудің әдіснамалары мен тимді жолдары жаңа қырынан қарастырылып, оның маңызы, оқу үрдісіндегі ұймдастырылу жолдары мен ерекшеліктері, денсаулықтарының қалпына келу деңгейлері анықталды. Сонымен қатар, денсаулығы әлсіз оқушылардың дене тәрбиесін өткізудің тимді жолдары мен ерекшеліктері анықталып, әдіснамасы нақтыланды әрі ғылыми және іс-тәжірибелік зерттеулер арқылы дұрыстығы дәлелденіп, жаңадан ұсыныстар берілді.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы: мектептегі денсаулығы әлсіз оқушылар арасында дене тәрбиесі сабағын өткізудің тимді жолдарын табу мақсатымен жүргізілген ғылыми іс-тәжірибелік зерттеудің нәтижелерін денсаулығы әлсіз оқушылар дене тәрбиесі сабағы барысында қолданғанда олардың денсаулықтарының қалпына келу мүмкіндіктері жоғарылай түсті. Осы әдістемелерді мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту мақсатында іс жүзінде қолдануға болады.
Зерттеу әдістері. Ғылыми жұмысты орындау кезінде негізгі міндеттер мынандай ғылыми-зерттеу жұмыстары көмегімен іске асырылды: ретроспективті ақпарат алу әдістері: әдебиеттерді оқу, талдау, құжаттарды оқу, талдау, сұрақ, сауалнама, әңгіме-интервью алу; ағымдық ақпараттарды жинау әдістері: педагогикалық талдау, бағалау, сұрақ, сауалнама, әңгіме, интервью жүргізу, ағымдық құжат¬тарды талдау әдістері, педагогикалық эксперимент, алынған мәліметтерді математика-статистикалық өңдеу әдістері.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қоры¬тындыдан, авторлардың еңбектері пайдаланылған 86 әдебиеттер тізімінен, 2 сурет, 26 кестеден тұрады. Жұмыстың соңында қосымшалар берілген.

1 ДЕНСАУЛЫҒЫ ӘЛСІЗ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің мәні мен маңызы

Бүкіл адамзат баласына ең қымбатты нәрсе – өмір сүру. Ал, осы өмір сапарындағы ең тамаша әрі өмірге тұлға ретінде қадам басудың алғашқы мезгілі – мектеп қабырғасында білім алған мезгілі болып табылады. Бұл мезгіл балдырған балалық шақ пен қайраты тасыған, жалынды жастық шақты қамтып, «тарыдай боп кірген баланы, таудай етіп шығарытын» уақыт кезеңі болып саналмақ. Балалықтан ересек адамға айналатын осындай алтын мезгілде мектеп оқушысы физиологиялық, психологиялық жақтардан үздіксіз өсіп жетіліп, моральдық көзқарастары мен өмірге деген көзқарастары қалыптасады. Қабылдау қабілеті ең күшті, еліктеушілігі мен бейімделгіштігі ең жоғары деңгейде болатын осы мезгіл аралығында мектеп жасындағы балалар түрлі әрекет дағдыларын тез меңгеріп, оңай қалыптастырып алады. Сондықтанда осы мезгілдерде оқушы бойында тамаша мінез-құлық пен қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, өмірге қажетті қозғалыс шеберлігін меңгерту әрбір дене мәдениеті және спорт саласындағы мамандардың алдына қойған мақсаты болып табылады. Егер осы кездерде оқушылар өз бойларында жағымды іс-әрекет дағдыларын қалыптастырып, денсаулығы мықты, жан-жақтылы болып жетіліп шықса, мұның игілігін өмір бойы көретін болады. Керісінше, бойында жаман әдеттер мен икемсіз қозғалысқа дағдыланған, денсаулығы әлсіз, дене қуаты төмен болса, мұның зардабын өмір бойы арқалап өтетін болады.
Көптеген ғалымдардың дәлелдеулері мен өмір тәжірибесі адамдардың өсе келе денсаулық жағында немесе күнделікті жүріс-тұрыстарында байқалған ақаулардың, көбінесе, олардың мектеп қабырғасында алған білімдерінің жеткіліксіздігінен немесе тәрбиеленуінің дұрыс болмауынан болатындығын ұғындырды. Сондықтан да, мектептегі оқыту және тәрбие беру үрдісінде еш қателіктер кетпеуі тиіс 4. Бұл тұрғыда балаға берілетін еңбек, ақыл-ой,
эстетика, өнегелілік тәрбиелері мен қатар дене тәрбиесінің де жүйелі әрі
ғылыми жүргізілуін қадағалап отыру керек 5.
Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің мәні өте тереңде. Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы өте әлсіз болып туылады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмытқадан жарлысымен жүгіріп кетеді. Ал, адам баласы туғанда іңгалаған айғайы мол бір кесек ет. Ақыл-есі жоқ, денесі тым әлсіз, өсіп-жетілуі өте баяу болады. Сондықтанда оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпек, яғни оған тәрбие бермеуге мүлдем болмайды 6. Тәрбие барысында тәрбиеші ата-ана немесе педагог маман дене тәрбиесіне өте көңіл бөлу керек. Көбінесе, тәрбиеленуші оқушының рухани жақтан жетілуіне, қабілетін арттыруға көп көңіл бөліп, оқушының денесін тәрбиелеуді соңына қалдырып, тек баланың жанын тәрбиелеуге ғана мән беретін көзқарас мүлдем дұрыс емес деп саналады. Себебі, дене – жанның қабы. Қап берік болса, ішіндегі затта берік болмақ. Дене – жанның құралы. Құралы мықты болса есі де мықты болады. Осыған орай «Сау жан сау денеде ғана болады» деген халық даналығының философиялық мәні өте терең екенін аңғару қиын емес 7.
Бір адамның бүкіл ғұмырындағы денінің сау, дене қуаты дайындығының жоғары, күнделікті өмірге қажетті қимыл-қозғалыс шеберлігі мен дағдылары жоғары деңгейде қалыптастыруына мектеп қабырғасындағы дене тәрбиесі сабағына жүйелі қатысып, үнемі спортпен айналысу, салауатты өмір салтын сақтау тікелей әсерін тигізеді. Деседе, нарық экономикасы кезіндегі бүгінгі таңда мектеп қабырғасында білім алып жатқан бір-бір үйдің еркелері мен серкелерінің немесе «отбасындағы бала патшалардың», дене тәрбиесі мен спорттық жаттығулардың аталған маңыздылығын мойындағысы келмейді. Компюьтер мен ойын автоматтарының алдына жайлана жайғасқан жалқаулардың ойнағысы, терелегісі келмейді. Бұған қоса кейбір ата-аналардың да балаларының дене тәрбиесі мен емес, компюьтер мен шетел тілін т.б. пәндерді меңгеруін қалайтынын қайтерсіз. Дегенмен, бұған бола дене тәрбиесі мен спорт өз маңыздылығын жоғалытпайды. Керісінше, аталмыш сала бойынша түрлі зерттеулер жүргізіліп, зерттеу қорытындылары мен жаңалықтары туралы гәзет-журналдарда, баспа беттерінде үздіксіз жарық көруде.
Қысқасы, мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі сауықтыру, білім беру және тәрбие беру міндеттерін арқалай отырып, оқушы ағзасының толық әрі дұрыс өсіп-жетілуіне, денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануына, денсаулыққа зиянды әдеттерден аулақ болуына үлкен әсерін тигізіп, тек оқушылар үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін де терең мәнге, зор маңызға ие, денсаулықтың көпірі болып табылады.

1.2 Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы және дене қуаты дайындықтары

Мектеп қабырғасында білім алып жатқан оқушылар жас мөлшері бойынша 6-7 – 17-18 жас аралығындағы, яғни, балалықтың соңғы мезгілі мен жасөспірімдік мезгілді қамтиды. Бұл кез өсіп-жетілудің ең қарқынды мезгілі болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдердің денесінің дамуы, өсіп-жетілуі барысында қоректену, ұстанған өмір салты, орта, дене тәрбиесі және спортпен айналысу, науқастану, тұқым қуалау факторлары әсерінен, дене келбеті, қабілет, жыныстық жақтан пісіп жетілу сияқты жақтарында дене даму көрсеткіштерінде айырмашылықтар пайда болады. Бұл қалыпты құбылыс және ортақ заңдылық болып табылады 8.
Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуын анықтайтын 3 негізгі өлшем бар. Олар: бой биіктігі, дене салмағы және көкірек қуысының кеңдігі 9.
Бой биіктігі – адам денесінің төбе нүктесінен бастап, жер бетіне дейінгі тік аралық. Бойдың биіктігін арнайы өлшеу аспабымен өлшейді. Ол негізгі ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!